5 в 050121 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


№2 Дәрістің тақырыбы: Аударма және оның тарихы, теориясы мен тәжірибесі жайында жазылған ғылыми жұмыстарға шолу



бет2/5
Дата28.01.2018
өлшемі0,84 Mb.
#35275
1   2   3   4   5

2 Дәрістің тақырыбы: Аударма және оның тарихы, теориясы мен тәжірибесі жайында жазылған ғылыми жұмыстарға шолу.

1. Аударма және оның тарихы, теориясы мен тәжірибесі жайында жазылған ғылыми жұмыстарға шолу.

2. Көркем аударманың өзекті мәселелері.
Әдеби аударматану — аударманың қалыптасуы мен өркендеуіне, зерттелуіне, әдеби амалдардың қолданысына, түпнұсқаны өзге тілге аудару поэтикасына назар салады. Соңғы жылдары аударма және оның тарихы, теориясы мен тәжірибесі жайында көптеген ғылыми жұмыстар қорғалды. Мәселен, ағылшын тілді әдебиеттен аударылған әңгімелер алғаш рет

Г. Түсіпованың кандидаттық диссертациясында М. Твен, О. Генри, С. Моэм, Дж. Лондон секілді авторлардың стильдік ерекшеліктері түпнұсқадан талданып, оларды қазақ тіліне аударудағы әдіс тәсілдер толыққанды көрсетілді. Ал, Е. Солтанаеваның «ХХ ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақ-орыс әдеби байланыстары» атты диссертациялық жұмысында қазақ-орыс әдеби байланыстарының жекелеген факторлары қарастыра келе, оны жеке тұлғаның, жекелеген зерттеушілердің шығармашылығында ғана емес, жалпы ХХ ғасырдың соңғы ширегіндегі мәдени, әдеби, көркем аударма мәселелері төңірегінде кеңінен қамтылған.


Д. Дүйсебаевтың «М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының парсы тіліне аударылуы» атты кандидаттық диссертациясында М. Әуезов қаламынан туған құнарлы, орамды ойлардың парсы тіліне аударылу тәсілдеріне сараптама жасалынған. Рас, қазақ аударматану ғылымының тәжірибесінде көркем аударманы аударудағы аудармашы шеберлігі туралы зерттеу еңбектердің біршама бар екендігі мәлім, бірақ, аударма сыншыларының еңбектері туралы кешенді талдаулардың аздығы көңіл құлазытады. Десек те, көркем аударма теориясына қатысты болып өткен аталмыш конференцияларда, көтерілген мәселелер біздің еліміздегі белгілі ғалымдарымызбен қаламгерлерімізді бей-жай қалдырмас.
Дәрісті қорытындылау:

1. Соңғы жылдары аударма және оның тарихы, теориясы мен тәжірибесі жайында көптеген ғылыми жұмыстар қорғалды.

2. Ағылшын тілді әдебиеттен аударылған әңгімелер алғаш рет

Г. Түсіпованың кандидаттық диссертациясында М. Твен, О. Генри секілді авторлардың стильдік ерекшеліктері түпнұсқадан талданды.

3. Д. Дүйсебаевтың «М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының парсы тіліне аударылуы» атты кандидаттық диссертациясында М. Әуезов қаламынан туған құнарлы ойлардың парсы тіліне аударылу тәсілдеріне сараптама жасалынған.

Бақылау сұрақтары:

1 Ағылшын тілді әдебиеттен аударылған әңгімелер алғаш рет кімнің ғылыми еңбегінде сөз болды?

2. Қазақ-орыс әдеби байланыстарының жекелеген факторлары қарастырылған қандай ғылыми еңбектер бар?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2. Комиссаров В.Н. Слово о переводе. –М.,1973. –216 с.
3. Сәмитұлы Ж. Аударма теориясы және практикасы. А., 2005.

№3 дәріс тақырыбы: Аударма – аударматанудың өзегі.

1.Аударма – ұғымы туралы түсінік.

2. Аударма іс-әрекетінің өмір сүруі.

3. Қазіргі аударма ісінің даму заңдылықтары.
“Аударма” – көпмағыналы сөз. Ол, біріншіден, бір тілді екінші бір тілде сөйлету үрдісін білдірсе, екіншіден, осы тілде айтылғанның/жазылғанның келесі тілге қалай жеткенін, яғни іс-әрекеттің нәтижесін, өнімін білдіреді. Ғылыми әдебиеттерде аударманың аталмыш бұл екі сипатын бөліп қарау бар. Бұл, біздің ойымызша, дұрыс емес сияқты, өйткені, ең алдымен, бұл екі ұғым (үрдіс пен оның өнімі) әрдайым өзара тығыз қатыста, ажыратуы қиын байланыста болады: үрдісі десек,оның нәтижесі алдын-ала өзінен-өзі ұйғарылып отырады.

Қай халық болмасын дүниежүзілік өркениеттен оқшау өмір сүре алмайды. Бұл – халықтың халық болып, ұлт болып өмір сүруі үшін бірден-бір керекті шарт. Оның үстіне бүгінгі ғаламдану, жаhандану жағдайында аударма ісінің маңызы одан да арта түспек. Аударманы, оның даму заңдылықтарын зерттеудің қажеттілігін осы тұрғыдан қарастырған жөн.

Аударма деген жалпылама ұғым ауқымында жатқан барлық құбылыстар (ауызша аударма, жазбаша аударма, еркін баяндау, әңгіме ету және т.т.) адамзат мәдениетімен, адамның мағыналық қызметімен, рәмізділік аясымен тығыз байланысты құбылыстар. Қазіргі кезде аударманың қоладнылмайтын саласы жоқ. Телеграф агенттіктерінің хабарларын, газет-журнал материалдарын, техника мен ғылым мағлұматтарын, компьютер мен ғаламтор жаңалықтарын көпшілікке таратудың ең тиімді жолы – аударма.

Дәрісті қорытындылау:

1. Аударма - күрделі көп қырлы құбылыс. “Аударма” – көпмағыналы сөз.

2. Бүгінгі ғаламдану, жаhандану жағдайында аударма ісінің маңызы одан да арта түспек. Аударманы, оның даму заңдылықтарын зерттеудің қажеттілігін осы тұрғыдан қарастырған жөн.

3. Барлық құбылыстар (ауызша аударма, жазбаша аударма, еркін баяндау, әңгіме ету және т.т.) адамзат мәдениетімен, адамның мағыналық қызметімен, рәмізділік аясымен тығыз байланысты құбылыстар.



Бақылау сұрақтары:

  1. Неге аударма-күрделі көп қырлы құбылыс дейміз?

  2. “Аударма” – көпмағыналы сөз дегеніміз не?

  3. Аударма іс-әрекетінің өмір сүруі дегеніміз не?

  4. 2. Қазіргі аударма ісінің даму заңдылықтарына не жатады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері . Алматы, 2012. - 296 б.

2 модуль. Аударма теориясының негізгі салалары және оның басқа филологиялық пәндермен арақатысы, өзіндік ерекшелігі.


№4 Дәрістің тақырыбы: Аударма теориясының аспектілері.

1.Аударма аспектілері, түрлері, өзара байланыстылығы.


2.Аударманың тілдік аспектісі туралы пікірлер.
3. Аударма туралы әдебиеттанушылардың ұстанымы.

Аударма - әдебиеттің көне мұрасы, белгілі өнер саласы. Оның проблемалары да әрі ескі, әрі жаңа болып түлене береді. Оны зерттеу аспекті де сан алуан болып келеді. Соның бірі – «лингвистикалық бағыт». Ол, негізінен, аудармада грамматикалық категорияларды тірек етеді. Осы лингвистикалық бағыт көркем аудармағада да ерекше болды. Аударма өнері, көркемдік дәлділік, аудармадағы талант, эрудиция дегендер-аударманың қадым заманнан бері келе жатқан проблемалары . Осыған орай, көркем аударма аударманың мақсаттары мен түпнұсқасының типін ескере отырып, оның жалпы стратегиясын белгілеуге көмектеседі. Аударма әдеби шығарма арқылы бір халықтың өмірін келесі бір халыққа таныстыру арқылы екі ел арасында рухани көпір орнатуға ат салысады. Жалпы аударманың негізгі екі концепциясы бар: лингвистикалық және әдебиеттану ғылымы. Аударма және аударматану бойынша негізгі екі мәселелер шеңбері бар.Бірінші мәселелер шеңбері – бұл аудару шекараларының мәселелері, яғни, мәтінді аудару мүмкіндігімен байланысты мәселелер.Екінші мәселелер шеңбері, біріншісімен арақатынасын белгілейтін және ерекше сипаттамасы бар аудару барабарлығымен байланысты мәселелер. Осы екі мәселелер шеңбері және олардың шешімі аударудың нормативті негізін белгілейді.


Г. Гачечиладзенің пікірінше, аударма мәселесі маңызды және терең зерттеу негізінде, көркемдік жағынан толық емес және толық, бірақ та түпнұсқадан алыс, еркін аударма. Аударманың лингвистикалық қағидасы түпнұсқаның формалды құрылымын қайта жасау.Тіл жағынан ол нақты болар, ал көркемдік жағынан өте әлсіз аударма болуы мүмкін.

Дәрісті қорытындылау:

1. Аударма - әдебиеттің көне мұрасы, белгілі өнер саласы.

2. «Лингвистикалық бағыт» негізінен, аудармада грамматикалық категорияларды тірек етеді.

3. Соңғы жылдары аударма мәселесі психолингвистика, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, контрастивті лингвистика,мәдениаралық коммуникация тәрізді лингвистикалық қырларынан қарастырылуда.



Бақылау сұрақтары:

1. «Лингвистикалық бағыт» аудармада қай грамматикалық категорияларды тірек етеді?

2. Аударма туралы әдебиеттанушылардың ұстанымы қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.
3. Комиссаров В.Н. Слово о переводе. –М.,1973. –216 с.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет