5B051000- мемлекеттік және жергілікті басқару



Дата08.09.2017
өлшемі178,1 Kb.
#31419

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



МСЖ құжат 3 деңгейлі



ӘН 042-18.2.1.022/01-2016


«Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу» пәні бойынша әдістемелік нұсқау


Баспа №1, 2016жыл


Факультет Экономика және құқық

Кафедра Менеджмент

«Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу» пәні бойынша өздік жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау



___________________5B051000-_Мемлекеттік және жергілікті басқару_

(шифр, мамандық атауы)



Семей

2016

Алғы сөз
1 ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырушы _______ «____» _______201__ ж. _____________________

«__29__ »_08__ 2016 ж., Жұмашбекова Самал Қабдрахмановна, аға оқытушы, «Менеджмент» кафедрасы

__________________________________________________________

5B051000-"Мемлекеттік және жергілікті басқару"мамандығы студенттері үшін «Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу» пәні бойынша білім алушының өздік жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау.
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Менеджмент » кафедрасының отырысында.


«__29__ »__08____ 2016ж. №_1___Хаттама

Кафедра меңгерушісі ___________ А. Койчубаев

______________________________________________________,

Әдістемелік нұсқаулар Экономика және құқық факультетінің Оқу- әдістемелік Бюросының отырысында оқу үрдісінде қолдануға ұсынылды .


«_07__ »____09____ 2016 ж. № _1_ Хаттама
ОӘБ төрайымы____________________ Н. Газизова

МАЗМҰНЫ


  1. Кіріспе

2. Өздік жұмыстар тақырыбының тізімі

3. Өздік жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік

нұсқаулар

4. Өздік жұмыстарды рәсімдеу бойынша талаптар

5. Ұсынылған әдебиеттер тізімі

6. Қосымша



Кіріспе

Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу пәнін оқу барысында пәннің логикасы мен құрылымын жетекшілік ету керек. Мысалы, инновация түсініктерін игермей инновациялық саясат түсінігі, инновациялық қызметті мемлекеттік ресурстық қолдау; өнеркəсіпті технологиялық жаңғыртуды жүргізу жəне экспортқа бағытталған ғылымды қажетсінетін өндірістерді құру; ғылыми – инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру; шығын кəсіпкерлік субъектілерін инновациялық қызметке тарту; салалық жəне аймақтық инновациялық бағдарламаларды қалыптастыру жəне іске асыру; инновациялық қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық базаны қалаптастыру; неғұрлым перспективалы ғылыми бағыттарды сақтау жəне дамыту; инновациялық кəсіпорындар үшін мамандарды даярлау; халықарлық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту туралы оқу күрделірек болады. Өздігімен дайындалу үшін экономикалық жоғарғы оқу орындарына, факультеттерге немесе экономикалық мамандықтағы студенттерге арналған Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу пәні бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды қолдану ұсынылады. Бір тақырыптың белгілі бір оқулықта басқа әдебиеттерге қарағанда толық, тереңірек қарастырылатынын ескеру қажет.

Терминологиядағы кейбір сұрақтарды экономикалық сөздіктермен толықтыруға болады.

Барлығымыз сіздермен өркениетті нарықтық қатынастар қалыптасу процесін бастан кешіріп жатқан жағдайда өзекті болып теорияны практикамен, дағдарыстың нақты процестерімен және әлеуметтік-экономикалық реформалармен байланысы табылады. Сондықтан пәнді зерттеу кезінде бұқаралық ақпарат құралдары мен мерзімді басылым материалдарын қолдану маңызды. Сонымен қатар, кафедрада оқу процесінің кітаппен қамтамасыз етілуі бойынша мәліметтер бар. Оларды пайдалана отырып, өздігімен дайындалу үшін басты қайнар көз болып дәріс, семинарлық сабақ жазбалары табылатынын ұмытпағаныңыз жөн.



Курстың мақсаты:

Білім алушыларға елдегі әлеуметтік-экономикалық, инновациялық Олардың экономикадағы мемлекеттің ролін анықтайтын негізгі көрсеткіштерімен таныстыру, экономикалық үлгілер құрып, талдау жасауға, шешімдер қабылдауға үйрету, көптеген шешімдер арасынан ең ұтымдысын таңдауда бағдар беру болып табылады. Сондай-ақ, студенттің инновациялық қызметті мемлекеттік реттеуды зерттеуде экономикалық ойлау, талдау қабілетін арттыру.



Жоспарланған жұмыстарды орындағаннан кейін білім алушыдан күтілетін нәтижелер:

Білімі:

  • мемлекеттің нарық негізінде қалыптасатын экономикалық қатынастарға белсенді қатысушылардың бірі ретінде іс-әрекетіне көзқарастарды қалыптастыруды;

  • негізгі мәселелер мәнін анықтап және оларды шешуде әртүрлі бағыттарға бағдар жасай алуды;

  • мемлекеттің инновациялық саясатының мәні, әдістері және принциптерін біледі.

Шеберлігі:

  • шетелдік және отандық мемлекеттік реттеу мен жергілікті өзін-өзі басқару жүйелерін салыстырмалы талдауды жүзеге асырады;

  • оқыған әдістемелер негізінде жаһандық және өңірлік өлшемдер бойынша саяси жүйелер мен үрдістердің ағымдық талдауын жүргізеді;

Дағдысы:

  • мемлекеттік жүйе өзгерісі және саяси курсқа байланысты болжамдық бағалауларды құрастырады;

  • инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу облысындаәртүрлі жағдаяттарды талдау және зерттеу әдістерін таңдай алады.

«Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу» пәні бірқатар әлеуметтік-басқарушылық пәндермен тығыз байланысты. Оларға алдымен : әлеуметтануды; экономиканы мемлекеттік реттеу; инновациялық менеджмент пәндері жатады. Жалпы кәсіби мен арнайы пәндерден басқа курсты зерттеу үшін әр елдердің саяси- басқарушылық үлгілерін жан- жақты талдауға мүмкіндік беретін қазақ және шетелдер тарихын білу қажетті.

2. Өздік жұмыстар тақырыбының тізімі
Эссе тақырыптары
1. Инновация – бұл...

2. Инновациялықт экономика үшін инновациялық білім.



3. Инновациялық қызметті басқарудағы кедергілер және ынталандырушы факторлар

4. Инновациялық қызметті реттеу және қолдау: ұқсастықтар мен айырмашылықтар.

5.Мемлекеттің инновациялық саясаты

6. Жаңашылдық нарығын ұйымдастыру мен қызмет етуі мәселелері.

7. Заманауи әлемдегі инновациялық бизнес.

8. Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті басқару.



Реферат тақырыптары
1.Инновациялық қызмет нысандарын берудің негізгі түрлері

2.Мемлекеттің инновациялық қызметі.

3.Өнеркәсібі дамыған елдерде инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың басты үлгілері

4.Қазақстанда инновациялық қызметті қолдаудың негізгі бюджеттен тыс формалары.

5. Инновациялық саясатты жүргізетін Қазақстанның мемлекеттік органдары.

6.Қазақстан Респуликасының инновациялық саясатының бағыттары.

7. Инновациялық қызмет , ұйымда оны қаржыландыру көздері.

8. Өнеркәсіптегі инновациялық қызмет.

9.Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңы Қазақстанда ғылыми

-зерттеу қызметінің дамуын құқықтық қамтамасыз ету құжаты ретінде.

10. МЖС механизмін қолданумен кәсіпорындардың инновациялық қызметі.

11. МЖС механизмін қолданумен кәсіпорынның инновациялық жобалары.

12.Реттеуші инновациялық қызмет мәні.

13.Мемлекеттік инновациялық саясаттың басымдықтары.

14.Мемлекеттік мақсатты бағдарламалар. Технологиялық даму бағдарламалары.

15. Арнайы экономикалық зоналарды ұйымдастыру негізі, мағынасы мен тиімділігі.

16. Инновациялық инфрақұрылымды ұйымдастыру: Инновациялық және венчурлық қорлар, инвестициялық қор, технопарктер, бизнес инкубаторлары.

17. Инновациялық қызметті басқару реттеуші инновациялық қызметтің жоғарғы формасы ретінде.

18. Инновациялық кәсіпорындардың ғылыми -зерттеу ұйымдары және университеттермен ынтымақтасуы жолымен инновациялық қызметті белсендіру.

19. ҚР Ұлттық инновациялық жүйесін құру және дамыту.

20. ҚР инновациялық саласы және ғылыми-техникалық қазіргі жағдайы.

21. ҚР дамытудың инновациялық жолы. Модернизациялау проблемасы, инновациялық технологияны енгізу және өндірістің материалдық-техникалық базасын жаңарту.

22. ЖОО инновациялық қызметті жүзеге асырудағы кәсіпорындардың стратегиялық серіктесі ретінде.

23.«Ғылым Қоры» АҚ басымдық инициативті, тәуекелді зерттеулер мен

тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарды дамытуға ықпал етуші институт ретінде.

24.«Астана Innovations» АҚ Астана қаласында инновация енгізу үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз ету институты ретінде.

25.Қазақстан Республикасының 2015-2019жж.арналған индустриалды-

инновациялық даму стратегиясы аясында жүзеге асырылатын жобалар.

26.Ғаламдық жапон компанияларындағы ҒЗТКЖ ұйымдастыру тәжірибесі.

27. «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ ҒЗТКЖ жөніндегі

есептерді мемлекеттік тіркеу және орталықтандырылған мемлекеттік қорларды қолдауды жүзеге асырушы ұйым ретінде.
Өздігімен дайындалуға арналған сұрақтары
1. Инновация және ғылыми-техникалық прогресс түсінігіне анықтама беріңдер. Осы екі түсінік қалайша бір-бірімен байланысты?

2. Инновацияның басқару объектісі ретінде ерекшелігі не?

3. Инновацияны жоспарлау кезінде қандай қағидалар ұстанады?

Ғылыми-техникалық прогресс формаларын сипаттаңдар.

4. Ұлттық инновациялық жүйе дегеніміз не?

5. Фирманың инновациялық дамуының тиімділігін қалай анықтауға болады? Мұнда мемлекет қандай роль атқарады?

6. Ұйымның инновациялық стратегиясын қалыптастыру негізінде қандай мақсаттар жатыр?

7. Нақты мысалда инновацияны басқарудың механизмін қарастырыңдар, тура және кері байланыстарын көрсет.

8. Инновациялық қызмет басымдықтарын қамтамасыз ету.

9. Инновацияларды басқарудағы жүйелі бағыт.

10. Инновациялық қызметті басқарудағы мемлекеттік органдардың ролі.

11. Инновациялық қызметті басқарудың экономикалық, салалық және жергілікті органдары.



3. Өздік жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
« Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу» пәнін оқу кезінде әрбір студент БӨЖ орындау керек. Бұл шығармашылық тапсырма, оның бір түрі –эссе болып табылады.

Эссе берілген тақырыпқа «прозалық этюд» түрінде болады. Эссенің тақырыбын оқытушы ұсынады, немесе студент ұсынылған тақырыптардан таңдап алады. Оны жазудың мақсаты таңдалынған тақырыпты барынша толық қысқа түрде ашып көрсету. Эссені дайындау үшін білім алушыдан оқу курсы шеңберінде алынған білімді ғана емес, сонымен қатар, арнайы сұрақтарды зерттеу, статистикалық материалдармен жұмыс істеуді, білім беруде қызмет ету мәселелері бойынша пікірталастардың материалдарын зерттеуді, нарық пен білім беру жүйесінің өзара байланысы мен қатынасын, сондай-ақ, осы қарастырылатын тақырыпқа байланысты жалпы мәселелерді түсінуді талап ететін сұрақтар беріледі.

Білім алушы эссені дайындау барысында барлық мүмкін ақпараттық қайнар көздерін, оның ішінде ИНТЕРНЕТ жүйесіндегі мәліметтерді қолдана алады, бірақ сәйкес сілтеме жасайды. Егер ұсынылған мәселе бойынша әртүрлі көзқарастар болса, оның бәрі қарастырылып, сәйкесінше аргументтелуі тиіс.

Егер ұсынылған тақырып сандық мәліметтерді қажет етсе ( нарықтың параметрлері, қатысушылар саны, сегменттер саны және т.б) , онда барынша жаңа сандар, қайнар көздері көрсетіліп келтіріледі

Кейбір тақырыптарды ашу үшін экономикалық және қаржылық талдау жүргізу қажет, бұл жағдайда эсседе талдаудың қортындылары мен осы қортындылар жасалған маңызды элементтер ғана беріледі.



Қорыта айтқанда, эссе білім алушының өз бетінше орындайтын ғылыми-зерттеу жұмысы ретінде қарастырылатындығын ескертеміз. Сондықтан студент өзі таңдап алған тақырып бойынша мәселелерді қарастырған кезде осы мәселе бойынша басқа авторлардың, ғалымдардың, экономистердің ой-пікірлеріне өзінің көзқарасын жан-жақты білдіргені, көрсеткені дұрыс. Бұл студенттің қаншалықты деңгейде қажетті әдебиеттермен танысқандығының және тақырыпты толық игергендігінің көрінісі болып табылады.

Пәнді оқу кезінде кредиттік жүйеде оқитын әрбір студент реферат түрінде БӨЖ орындайды. БӨЖ орындауға кірісер алдында студент, өзінің рефератының тақырыбын зерттеуі қажет.

Реферат оқытылатын пәннің қандай да бір ірі мәселелерін студенттермен дербес анықтауға, белгілі бір мәселеге қатысты түрлі концепциялар мен ғылыми көзқарастармен танысуға арналған.

Реферат міндетті түрде бірнеше әдеби қайнар көздердің негізінде дайындалады. Онда мәселенің негізгі концепциясы, мамандардың пікірлері, қайнар көздерге сілтемелер, қолданылған ғылыми әдебиет тізімі көрсетіледі.

Тақырып тандағаннан кейін және пән оқытушысымен кенескеннен кейін, студент тақырып бойынша кітаптардың, ғылыми мақалардың және анықтамалық құралдардың тізімін жасайды. Міндетті түрде тақырыпқа қатысты нормативті құқықтық актілердің, құқық қолданушылық және өзге құжаттардың бары анықталады.

Реферат жоспары ашылатын тақырыптың ішкі тұтастығын көрсетуге тиісті. Реферат құрылымы қысқаша кіріспеден, негізгі бөлімнің 2-3 парақтарынан, қорытындыдан және қолданылған қайнар көздердің тізімінен тұрады.

Кіріспеде (1 бет) тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеті негізделеді.

Негізгі бөлімде мәселе жағдайы, оның тенденциялары, ғылыми концепциялары мен көзқарастар, құжатта қайнар көздер мен практика материалдары анализденеді, негізгі ұғымдар мен жағдайлар көрсетіледі.

Қорытындыда рефераттың мақсаты мен міндетіне сай, тақырыпты зерттеудің негізгі қорытындылары, авторлық тұжырымдар мен практикалық нұсқамалары көрсетіледі. Реферат көлемі 12-15 беттен аспайды.

Реферат аяғында қосымшалар келтіріледі, олар рефераттың мәтіні болып саналмайды, бірақ белгілі бір қызығушылық танытуы мүмкін (графиктер, схемалар, алғашқы статистикалық мәліметтер , таблицалар)



Әдебиеттерді оқып, зерттеулер жүргізу барысында нақты материалдар мен статистикалық мәліметтерге басты назар аудару керек, өйткені оларға талдау жасау және дұрыс пайдалану теория мен практиканың тікелей байланыстылығының маңызды көрінісі болып табылады. Студенттің мүмкіндігінше (әрине тақырыптың өзіндік зерттеу объектісіне байланысты) қоғам өмірінде орын алып отырған қазіргі әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды нақты, ғылыми негізде бағалауға мүмкіндік беретін неғұрлым жаңа материалдарды пайдаланғаны дұрыс. Жұмысты жазуға кіріспестен бұрын ең алдымен қарастырылуға тиісті мәселелерге байланысты әдебиетгерді, монографияларды, кітапшалармен газет-журналдар мақалаларымен кеңінен танысып алу керек. Оқулықтар мен арнайы әдебиеттерді алдын-ала оқып, танысу студенттердің болашақта емтихандарға дайындалуына және оларды ойдағыдай тапсыруына да зор мүмкіндік жасайды.
4. Өздік жұмыстарды рәсімдеу бойынша талаптар

Эссенің мәтінін компьютерде теріп өткізуге болады. Эссе А4 ақ қағаздың стандартты бетінің бір жағында рәсімделеді. Эссе орындағанда беттің шеттерінің келесі параметрлері қатаң сақталуы керек: сол жағы-25-30 мм, оң жағы-10 мм, төменгі және жоғарғы мөлшері-20 мм болады. Қазал жол бес белгіге немесе 15 -17 мм тең болуы керек. Тақырыпшалар мәтінен жоғарға және төменгі жағынан бір жолмен бөлінеді.

Компьютерде тергенде эссе Microsoft Word мәтіндік редакторында теріледі , шрифт Times New Roman, размер 14, жол арасындағы алшақтық бірлік. Компьютерлік мәтіндегі эссенің көлемі 4-5 бет. Беттерді оң жақтағы жоғарғы бұрышта номерлеу керек..

Эссе қысқаша мазмұннан немесе жоспардан басталуы керек. Эссе берілген тақырып бойынша әдебиеттерге шолумен аяқталады.Бұл тізімде оқулықар, оқу құралдары, мерзімдік баспа материалдары барлық мәліметері көрсетіліп жазылады.

Реферат А4 ақ қағаздың стандартты бетінің бір жағында рәсімделеді. Қолжазба түрінде болады және компьютермен теріледі.. Компьютерде тергенде реферат Microsoft Word мәтіндік редакторында теріледі , шрифт Times New Roman, размер 14, жол арасындағы алшақтық бірлік

Реферат орындағанда беттің шеттерінің келесі параметрлері қатаң сақталуы керек: сол жағы-25-30 мм, оң жағы-10 мм, төменгі және жоғарғы мөлшері-20 мм болады. Қызыл жол бес белгіге немесе 15 -17 мм тең болуы керек. Тақырыпшалар мәтінен жоғарға және төменгі жағынан бір жолмен бөлінеді.

Рефераттың жалпы көлемі қосымшаларды қоспағанда 6 беттен кем болмауы тиіс. Жұмыстың бетерінде ешқандай шимайлар болмауы тиіс, жол арасында қосымша жазылған сөздер, сызылған сөздер, түзетулер рұқсат етілмейді. Сонымен қатар жалпы қабылданаған сөздерден басқа сөздерді, сөз тіркестерін қысқартуға болмайды.

Сілтеме жасауға қойылатын талаптар:  Реферат қол жазбалық болса да, компьютерлік терілім болса да, сілтемеге қойылатын талаптар келесідей: белгілі бір қайнар көзден цитата түрінде немесе қандай да бір автордың ой-пікірі ретінде алынап отырылған сөйлемнің не абзацтың соңында тік бұрышты жақша ашылып, оның ішіне сілтеме жасалып отырылған қайнар көздің рефераттың соңындағы қолданылған әдебиеттер тізіміне тіркелген нөмірі мен нақты беті көрсетіледі. Ал қолданылған әдебиет тізіміне қайнар көздер рефераттың мәтінінде кездесу ретіне қарай орналастырылады.
ҮЛГІ

ЖОСПАР



Кіріспе

1-бөлім. Мемлекеттік экологиялық саясаты

2-бөлім.

3-бөлім.


Қорытынды

Әдебиеттер тізімі








Үлгі

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Экономика және құқық факультеті
Менеджмент кафедрасы

Білім алушының өздік жұмысы
Тақырыбы:
Орындаған: студент Ахметов А.А. ЭК-224 тобы

Жетекші: .

Семей 2016

5. Ұсынылған әдебиеттер тізімі

5.1. Негізгі :


5.1.1 ҚР «Индустриялдық - инновациялық қызметінің мемлекеттік

қолдауы» туралы Заңы, Астана, 2012

5.1.2 Қазақстан экономикасындағы мемлекеттік басқару: оқу құралы / Төрекулова Д.М., Бейсенғалиев Б.т., Жұманова Б.Қ., Құрманов Н.А.- Алматы: Эверо, 2015.- 263 б.

5.1.3 Еспаев С.С. Инновационная экономика Казахстана и Китая: опты и

перспективы. – Алматы: Экслюзив, 2008 г.

5.1.4 Сулейменов Е.3., Васильева Н.В., Государственное регулирование инновационной деятельности в Казахстане, 2008 г.

5.1.5. Сабден О. Конкурентоспособная экономика и инновации:

[ монография ]/О. Сабден.-Алматы:Эксклюзив,2009.-151 с.

5.1.6 Рахимова С.А. Инновациялық менеджмент. Дәріс кешені, Павлодар,

2012
5.2. Қосымша әдебиеттер:


5.2.1. Сабден О. Инновационная экономика. – Алматы: Эксклюзив, 2008 г

5.2.2. Нуртазина, Р.А. Внутренняя и внешняя политика Республики Казахстан: [учеб.пособие] / Р.А. Нуртазина.- Алматы: Бастау, 2015.- 294с.

5.2.3. Төреғожина А. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Лекциялар курсы.-Экономика-2008

5.2.4. Утебаева А.Б. Инновациялық менеджмент. Оқу құралы, Павлодар,



2009

5.2.5. Шемякина Т.Ю. Система управления инновационной деятельностью



предприятия. – М.: Флинта, 2011 г.

6 . Қосымшалар
Емтиханға дайындалу үшін сұрақтар

  1. Инновациялық үдеріс және инновациялық қызмет.

  2. Технология және инновация типтері.

  3. Инновациялық қызметтің түрлері.

  4. Инновациялық қызметтің ұйымдастырушылық формалары

  5. Инновациялық қызметтің құқықтық аспектілері

  6. Инновациялық қызметтің көрсеткіштерін халықаралық салыстыру

  7. Инновациялық қызметтің мемлекеттік реттеу механизмі

  8. Инновациялық қызметтің мемлекеттік реттеудің ұлттық жүйесі

  9. Жаһандану кезеңіндегі инновацияның рөлі.

  10. Инновация бәсекені қозғаушы күш ретінде.

  11. Ғаламдық инновациялық қызмет дамуының негізгі

тенденциялары.

  1. Шетел мемлекеттерінің инновациялық саясаты және тәжірибесі.

  2. Ғылыми-техникалық жобаларды іріктеу және бағалау.

  3. Қазақстан Республикасының «Индустриалды-инновациялық қызметті

мемлекеттік қолдау туралы» Заңы Қазақстанда инновацияның дамуын құқықтық қамтамасыз ету құжаты ретінде.

  1. Инновациялық қызметтегі тәуекел және белгісіздік мәселелері.

  2. Инновация және фирма теориясы.

  3. Өндірісті технологиялық және ұйымдық дайындау.

  4. Өндірісті ғылыми-техникалық және конструкторлық дайындау.

  5. Лизингілік қаржыландыру және оның ерекшеліктері

  6. Ұйымның инновациялық саясатының ерекшеліктері, оның негізгі кезеңдері.

  7. Инновациялық процестерді мемлекеттік реттеу әдістері мен формалары, олардың сипаттамасы.

  8. Инновациялық қызметті қаржыландыру.

  9. Инновацияны ұйымдастыру ерекшеліктері.

  10. Интеллектуалды меншік мәні және объектілері.

  11. Интеллектуалды меншік объектілерін қорғаудың құқықтық механизмі.

  12. Интеллектуалды меншік объектілерін беру формалары, лицензионды келісімдер.

  13. Білім фирманың стратегиялық ресурсы ретінде. Білім сипаттамасы бәсекедегі құрал ретінде.

Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет