5B051000- мемлекеттік және жергілікті басқару



Дата10.06.2017
өлшемі235,24 Kb.
#18622

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



МСЖ құжат 3 деңгейлі



ПОӘК 042-18.2.1.009/01-2016


«Мемлекеттіксаясатжәнебасқару»пәні бойынша оқубағдарламасы


Баспа №1, 2016жыл


Факультет Экономика және құқық

Кафедра Менеджмент

« Мемлекеттік басқарудағы стратегиялық жоспарлау және бюджеттік процесс» пәні бойынша практикалық сабаққа әдістемелік нұсқау



___________________5B051000-_Мемлекеттік және жергілікті басқару_

(шифр, мамандық атауы)



Семей

2016

Алғы сөз
1 ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырушы _______ «____» _______201__ ж. _____________________

«__29__ »_08__ 2016 ж., Жұмашбекова Самал Қабдрахмановна, аға оқытушы, «Менеджмент» кафедрасы

__________________________________________________________

5B051000-"Мемлекеттік және жергілікті басқару"мамандығы студенттері үшін «Мемлекеттік басқарудағы стратегиялық жоспарлау және бюджеттік процесс» пәні бойынша практикалық сабаққа әдістемелік нұсқау.
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Менеджмент » кафедрасының отырысында.


«__29__ »__08____ 2016ж. №_1___Хаттама

Кафедра меңгерушісі ___________ А. Койчубаев

______________________________________________________,

Әдістемелік нұсқаулар Экономика және құқық факультетінің Оқу- әдістемелік Бюросының отырысында оқу үрдісінде қолдануға ұсынылды


«_07__ »____09____ 2016 ж. № _1_ Хаттама
ОӘБ төрайымы____________________ Н. Газизова

МАЗМҰНЫ


  1. Кіріспе

2. Пәннің негізгі бөлімдері

3. Семинар сабақтардың тақырыбының тізімі

4. Ұсынылғанәдебиеттертізімі

Кіріспе

«Мемлекеттік басқарудағы стратегиялық жоспарлау және бюджеттік процестер» нарықтық қатынастардың тиімді қалыптасуын қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық процесстерге әсер етудің әдістері мен тетіктерінің көмегімен мемлекеттің елдің экономикалық өміріне қатысуының формаларын зерттейтін ғылыми экономикалық пән болып саналады. Тек бір қарағанда ғана бюджет қатардағы азаматтардың күнделікті әрекеттері мен жұмысынан алыс бірдеңе болып көрінеді. Ал шындығында, бюджет біздің әрқайсымыздың тіршілігімізге және жалпы азаматтық қоғамның өміріне тікелей әсерін тигізеді. Бюджеттік ақпаратты алу және тарату құқығынан басқа, бюджет заңнамасында үкіметтік емес ұйымдардың бюджеттік бағдарламаларды бағалау кезеңінде бюджеттік процеске қатысу мүмкіндігі көзделген.

Пән бюджеттік заңнама, бюджеттік процесс және оның құрамдастары туралы зерттейді және бүкіл республикада бюджеттік процеске қалай әсер ете алатыны туралы түсінік береді.


Өздігімен дайындалу үшін экономикалық жоғарғы оқу орындарына, факультеттерге немесе экономикалық мамандықтағы студенттерге арналған мемлекеттік саясат және басқару пәні бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды қолдану ұсынылады. Бір тақырыптың белгілі бір оқулықта басқа әдебиеттерге қарағанда толық, тереңірек қарастырылатынын ескеру қажет.

Терминологиядағы кейбір сұрақтарды экономикалық сөздіктермен толықтыруға болады.

Барлығымыз сіздермен өркениетті нарықтық қатынастар қалыптасу процесін бастан кешіріп жатқан жағдайда өзекті болып теорияны практикамен, дағдарыстың нақты процестерімен және әлеуметтік-экономикалық реформалармен байланысы табылады. Сондықтан пәнді зерттеу кезінде бұқаралық ақпарат құралдары мен мерзімді басылым материалдарын қолдану маңызды. Сонымен қатар, кафедрада оқу процесінің кітаппен қамтамасыз етілуі бойынша мәліметтер бар. Оларды пайдалана отырып, өздігімен дайындалу үшін басты қайнар көз болып дәріс, семинарлық сабақ жазбалары табылатынын ұмытпағаныңыз жөн.

Курстың мақсаты:

Студенттерге елдегі әлеуметтік-экономикалық процестерді мемлекеттік басқарудың механизмі туралы тұтас мағлұматтар беру. Олардың экономикадағы мемлекеттік стратегиялық жоспарлау ролін анықтайтын негізгі көрсеткіштерімен таныстыру, экономикалық үлгілер құрып, талдау жасауға, шешімдер қабылдауға үйрету, көптеген шешімдер арасынан ең ұтымдысын таңдауда бағдар беру болып табылады. Сондай-ақ, студенттің мемлекеттік басқарудағы стратегиялық жоспарлау және бюджеттік процестерді зерттеуде экономикалық ойлау, талдау қабілетін арттыру.



Жоспарланған жұмыстарды орындағаннан кейін білім алушыдан күтілетін нәтижелер:

  • Білуі қажет:

  • Мемлекеттік стратегиялық жоспарлау мәні, әдістері және принциптерін біледі;

  • мемлекеттің бюджет саясатының мәні, әдістері және принциптерін біледі.

  • Орындай алу:

  • мемлекеттің нарық негізінде қалыптасатын экономикалық қатынастарға белсенді қатысушылардың бірі ретінде іс-әрекетіне көзқарастарды қалыптастырады;

  • негізгі мәселелер мәнін анықтап және оларды шешуде әртүрлі бағыттарға бағдар жасай алады.

  • оқыған әдістемелер негізінде жаһандық және өңірлік өлшемдер бойынша мемлекеттік бюджет пен стратегиялық жоспарлаудың ағымдық талдауын жүргізеді.

  • Дағдысының болуы:

  • мемлекеттік бюджет өзгерісі және айырбас курсқа байланысты болжамдық бағалауларды құрастырады;

  • мемлекеттік басқару облысында әртүрлі жағдаяттарды талдау және зерттеу әдістерін таңдай алады;

«Мемлекеттік басқарудағы стратегиялық жоспарлау және бюджеттік процесс» пәні бірқатарәлеуметтік-басқарушылықпәндермен тығыз байланысты. Оларға алдымен : әлеуметтануды; мемлекеттік басқару теориясы; мемлекеттік қызметті ұйымдастыру, мемлекеттік саясат және басқару пәндері жатады. Жалпыкәсіби мен арнайы пәндерден басқа курсты зерттеу үшін әр елдердің саяси- басқарушылық үлгілерін жан- жақты талдауға мүмкіндік беретін қазақ және шетелдер тарихын білу қажетті.
2. Пәннің негізгі бөлімдері

Берілген пәнді жемісті оқудың басты шарты практикалық-сарамандық сабақтарды өткізу. Дәрістерді жазып отыру қажет (минимум – негізгі жағдайларды). Олар түбегейлі сұрақтар мен түсініктердің байланысын игеруге, теориялық сұрақтардың жауаптарын табу жолына, жаттығуларды орындауға, жаттығулар мен есептерді шешуге бағдар алуға негізгі мәселені айқындауға маңызды сұрақтар мен түсініктерді бөліп қарауға көмек болады. Студенттің практикалық сабаққа белсенді қатысуы жағдаяттық тапсырмалар мен тестік жаттығуларды шешуге, графиктерді құруға, экономикалық жұмбақтар мен тапсырмаларды орындауға, пікір-сайыстарға қатысуға және экономикалық тілдің қалыптасуы мен дамуына ықпал етеді.

Курстың барысы: 12 тақырып « Мемлекеттік басқарудағы стратегиялық жоспарлау және бюджеттік процесс» курсының барлық тақырыбын жинақтап, қамтиды.

Оқу жоспары бойынша пәнді оқу үшін 135 дәрісханалық сағат, оның ішінде 30дәріске арналған сағаттар, 15 практикалық-сарамандық және 90 БӨЖ сағаттар қарастырылған.



Практикалық және зертханалық сабақтар – оқу сабақтарының бір формасы, ол оқушының өз бетімен дамуына, дағдылар қалыптастыруына бағытталған. Пән бойынша практикалық сабақтар сарамандық сабақ түрінде өтеді, бұл студенттердің ғылыми әдебиеттермен өз бетімен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын қалыптастыруға және көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін алуға мүмкіндік береді.

Практикалық (сарамандық) сабақтар жоспар бойынша жүргізіледі, студенттердің сабаққа жүйелі дайындалуын, олардың жауаптарын тыңдауды, теориялық білімдерді есептер мен ситуацияларды шешу арқылы бекітуді талап етеді.

Практикалық сабақтар пәннің барынша күрделі сұрақтарын тереңдете оқуға ықпал етіп, білім алушылардың өздік жұмыстарын қортындылаудың негізгі формасы болып табылады. Осы сабақтар кезінде мәселелерді сауатты анықтап, өздерінің ойлары мен тұжырымдарын еркін білдіруді үйренеді, кәсіпқой біліктілікке үйрететін ситуацияларды қарастырады. Осының бәрі қазіргі заманғы маманға қажетті дағдылар мен білімдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жұмыстарды орындаған уақытта келесі ережелерді сақтау керек:



  • Жұмыстардың сұрақтары әдістемелік материалдарда көрсетіледі;

  • Жұмыстың басында мазмұнын немесе жоспарын көрсетеді.

  • Жұмыстың аяғында жұмысты орындаған кезде қолданылған әдебиеттерді көрсету қажет.

Коллоквиум- оқытушы және білім алушы арасында сұрақ және жауап түрінде өткізіледі. Әр студентке 10 сұрақтан қойылады, студент қойылған сұщраққа уақыт ұтуы үшін тез жауап беруі керек. 1 сұраққа 1 мин уақыт беріледі.

«Ассоциация» стратегиясы:«Ассоциация» стратегиясын әдетте студенттер жаңа ұғымды меңгеру кезінде қолданады. Бұл арқылы олар осы ұғым бойынша бұрыннан білетін түсініктерін топ болып ортаға салады.

ББҮ стратегиясы: «ББҮ» - білемін, білгім келеді, үйрендім сөздерінен қысқартылып алынған. Студент бұл стратегияны да көптеген жағдайларда еркін қолдана алады. Мысалы, сабақ басталған кезде студент сол ұғым немесе тақырып бойынша не білетіндігін, білгісі және үйренгісі келетіндігін өз кестесіне түсіреді. Бұл кестені тақтаға сызып, оған топтың ойларын да жазып қоюға болады. Сабақа соңында сол материалды игере отырып, кестені толтыруға тырысады. Немесе студент оқу жылының басында белгілі пән бойынша осы кестені толтыра отырып, өз білімінің толығуын бақылап отыра алады. Оқытушы да бұл кестені жағдайға қарай өзгертіп қолдануына болады

«Ойға шабуыл» әдісі – бұл жаңа идеяларды шығару үшін кеңінен қолданылатын әдіс, қойылған мәселелердің спонтанды түрде шешілуі. Мұнда:1) Міндеттерді анықтау; 2) 5-8 адамнан тұратын шығармашылық топты құру. Шығармашылық топ 2 топтан тұрады. (ұдайы және уақытша қатысушылар). Ұдайы топқа топ жетекшісі кіреді. Уақытша қатысушы ретінде шешілетін мәселенің құрамына қарай анықтайды: а) Өту уақыты 1-2 сағат. шақыруды 2-3 күн бұрын алады. б) Идеялардың санына көп көңіл бөлінеді. Олар қысқа, әрі нақты болуы тиіс.в) Ойын барысында сын айту жіберілмейді. Сынның болмауы жақсы микроклимат тудырады. г) Микроклимат тудыруға қалжың, әзіл өз көмегін тигізеді. «Миға шабуылдың » нағыз сеансы адамдардың ерекше психологиялық көңіл-күйі. д) Жүргізушінің міндеті бейтарап жағдаят тудыру, жаңа адамдарды таныстыру, әзілмен әңгімелеу. Ақыл ой шабуылы - бір проблема жайында ұйымдастырылған пікірлесу, жоба туралы толық, ашық, еркіндікте әңгімелесу.

Ойындар:



  1. Рөлдік ойындар: көшбасшылық ойындар.

  2. Іскерлік ойындар: саяхат, блиц-ойындар, өндірістік ойындар.

  3. Имитациялық ойындар.

Тренингтер - қысқа мерзім ішінде практикалық қолданыста қажетті әрі тиімді біліктер мен дағдыларды игеруге бағытталған оқу сабақтары. Тренингтердің мақсатыүйренудің ең тиімді жолдарын игеру. Мұнда үйренушілер өз әрекеттерін қалайша тиімді түрде ұйымдастырып, жұмыста оң нәтижеге қалайша жету керектігі мәселесімен айналысады.

Тест студенттердің оқу жетістіктерін, олардың білім, білік, дағдыларының жиынтығын обьективті түрде өлшеу мүмкіндіктерін береді. Тесттерді әдетте ашық және жабық деп екіге бөледі. Жабық тест дегеніміз – келтіріліген жауаптардың ішінде біреуі дұрыс болатын тапсырма, студенттер бұл жауапты таңдап көрсетуі тиіс. Ашық тесттер дайын күйде берілген бір немесе бірнеше дұрыс жауаптарды іздестірмей, шығармашылық тұрғыдан шешім келтіруді талап етіп,келесідей тапсырмалардан тұрады: өзіндік түсінікті келтіру, мәсеелні шешу, ой-өрістерін дамытуға бағытталған шығрмашылық жұмыстары.
3. Семинар сабақтардың тақырыбының тізімі
Модуль 1. Мемлекеттік бюджеттік саясат және стратегиялық жоспарлаудың теориялық аспектілері

Тақырып 1. Стратегия түсінігі. Стратегиялық жоспарлау қалыптасуы және даму тарихы.

Сабақтың мақсаты мен міндеті:

Мемлекет, стратегия, жоспарлау, басқару түсініктеріне анықтама беру. Стратегиялық жоспарлау және мемлекеттік басқарудың негізгі ұғымдарын игеруге көмектесу және қалыптастыру



Сарамандық сабақ сұрақтары

1. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі стратегия.

2. Стратегиялық жоспарлаудың әдістемелік негіздері.

3. Қоғамның әлеуметтік дамуының стратегиялық жоспарлау.


Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Ұлттық экономиканың кұрылымын, пропорцияларын және қарқынын стратегиялық жоспарлау?

2.Неліктен көптеген елдердің үкіметі бәсекелестікті қорғайды?

3. Мемлекеттік басқарудың иерархиялық деңгейлері қандай?


Баяндама мен реферат тақырыптары.

1. Стратегиялық жоспарлаудың тиімділігін анықтаудың әдістемелік

негіздері.

2. Саясаткерлер мен мемлекеттік қызметшілердің өзара арақатынасы үлгілері.

3. Азаматтық қоғам институттарымен мемлекеттік қызметтің өзара арақатынасы.
Тақырып 2. Мемлекеттік бюджеттік саясат: оның мәні және түрлері.
Сабақтың мақсаты мен міндеті:

Макроэкономикалық тұрақсыздықтың негізгі белгілерін болдырмауға байланысты экономикадағы мемлекеттің бюджет-салық саясатының жүргізілуінің қажеттілігін түсініп, оның мемлекеттік басқарудағы рөлін, түрлерін, жалпы механизмдері мен ерекшеліктерін жан-жақты талдау және олардың тиімділіктерін анықтау.



Сарамандық сабақ сұрақтары

1. Мемлекеттік бюджет жүйесінің негізгі түсініктері және құрамы.

2. Бюджеттік құрылым және оның түрлері.

3. Бюджеттік процесс, және оның кезеңдері.


Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық табиғаты неде?

2. Бюджеттік қатынастардың ерекшелігі неде?

3. Қоғамдың өндірістегі мемлекеттік бюджеттің рөлі неде?

4. ҚР мемлекеттік бюджетінің шығындар және кірістер құрылымын және

құрамын сипаттаңыз.


Баяндама мен реферат тақырыптары.

1. Мемлекеттік бюджет, және оның қызметтері .

2. Бюджетаралық қатынастар, оларды жетілдірудің бағыттары.

3. Мемлекеттік бюджет: мәні және міндеті.


Тақырып 3. Қазақстан Республикасында нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттендіру жүйесінің мәні.

Сабақтың мақсаты мен міндеті:

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қазіргі заманғы жай-күйін кешенді талдау , сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырудың мақсаттары мен міндеттерін айқындау.



Сарамандық сабақ сұрақтары

1. НББ-де пайдаланылатын көрсеткіштердің жалпы ұғымы, және олардың сыныптамасы.

2. НББ көрсеткіштері жүйесіне қойылатын талаптар.

3. Бюджеттік процесс, және оның кезеңдері.


Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Бюджеттік процесті жетілдірудің негізгі бағыттарын атаңыз?

2.Неліктен көптеген елдердің үкіметі бәсекелестікті қорғайды?

3. Жергілікті қаржы мәнін ашыңыз?


Баяндама мен реферат тақырыптары.

1. .НББ көрсеткіштері жүйесін қалыптастыру әдістемесі.

2. Бюджетаралық қатынастар, оларды жетілдірудің бағыттары.

3. Мемлекеттік бюджет: мәні және міндеті.



Тақырып 4. Бюджет жобасын жоспарлау және жетілдіру

Сабақтың мақсаты мен міндеті:

Мемлекеттік бюджет, жоба, басқару түсініктеріне анықтама беру. Мемлекеттік бюджетті жоспарлау процесіндегі шешілетін негізгі мақсаттарды талдау.



Сарамандық сабақ сұрақтары

1. Бюджетті жоспарлау принциптері. Жоспарлауда қолданатын норма мен нормативтердің рөлі және мәні.

2. Қазақстан Республикасындағы бюджеттік жоспарлаудың құқықтық негіздері.

3. Мемлекеттік басқару және жоспарлау жүйесін жетілдіру.


Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Бюджеттік сыныптаманың маңызы неде?

2. Жаңа бюджеттік сыныптаманың ерекшеліктері неде.

3. Бюджетаралық қатынастар дегеніміз не және олар қандай тәсілдермен

реттеледі?

4. Бюджеттің балансы және соған байланысты бюджеттің жағдайы деген

не?

Баяндама мен реферат тақырыптары.

1. Қандай факторлар бюджеттік тапшылықты тудырады?

2. Бюджетік дефицитті жабудың әдістері .

3. ҚР бюджетаралық қатынастардың мәнін, қағидаларын және әдістерін

сипаттап беріңіз.

4. ҚР бюджетаралық қатынастарды жетілдірудің негізгі бағыттары .




Модуль 2.

Тақырып 5. Нәтижеге бағдарланған бюджетке пайдаланылатын көрсеткіштердің жалпы ұғымы

Сабақтың мақсаты мен міндеті:

Нәтижеге бағдарланған бюджетке пайдаланылатын көрсеткіштердің негізгі ұғымдарын игеруге көмектесу және қалыптастыру. Қызметтер көрсету деңгейінің нысаналы көр­сеткіштерімен бірге мемлекеттік қызметтер көрсету жұмысын қар­жыландыруды байланыс­тыратын тетікті қалыптасуын түсіндіру.




Сарамандық сабақ сұрақтары

1. Бюджет үдерісін реформа­лау­дың стратегиялық мақсаты көрсетілген басымдықтары

2. Бюджет шығындарының нәтиже­лілігі мен тиімділігін жоғарылату .

3. Мемлекеттік басқару және жоспарлау жүйесін жетілдіру.


Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Бюджеттік процесті жетілдірудің негізгі бағыттарын атаңыз?

2.Неліктен көптеген елдердің үкіметі бәсекелестікті қорғайды?

3. Мемлекеттік жоспарлау жүйесін реформалауға сипаттама беріңіз.


Баяндама мен реферат тақырыптары.

1. Әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарлауы бюджеттік жоспарлаудың негізі ретінде.

2. Бюджетті жоспарлау модулі мен оны орындау мониторингін енгізу.

3. Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудағы орта мерзімді жоспарлаудың рөлі.




Тақырып 6. Мемлекеттік органдар көрсететін қызметтерді, қызметтер көрсеткіштерін (индикаторларын) және ұғымдарын анықтау.
Сабақтың мақсаты мен міндеті:
Мемлекет, саясат, басқару түсініктеріне анықтама беру. Мемлекеттік саясат және басқарудың негізгі ұғымдарын игеруге көмектесу және қалыптастыру

Сарамандық сабақ сұрақтары

1. Қызметтердің жалпы ұғымдары және олардың сыныптамасы.

2. Мемлекеттік қызметтер және мемлекеттік қызметтер тізбесіне қойылатын талаптар
Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың әлемдік тәжірибесі

2. Қызметтердің құнын анықтау.

3. Мемлекеттік жоспарлау жүйесін реформалау


Баяндама мен реферат тақырыптары.

1. Жоспарлау мен болжамдаудың кезеңдері, әдіс пен тәсілдері.

2. Бюджетті жоспарлау модулі мен оны орындау мониторингін енгізу.

3. Экономиканың жеке салаларын қаржыландыруға шығындар .






Тақырып 7. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қалыптастыруы және пайдалануы

Сабақтың мақсаты мен міндеті:
Ұлттық қор , басқару түсініктеріне анықтама беру. Стратегиялық жоспарлау және бюджеттік процесс негізгі ұғымдарын игеруге көмектесу және қалыптастыру

Сарамандық сабақ сұрақтары

1. Қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуындағы бюджеттен тыс қорлардың рөлі.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры.

3. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры.


Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Бюджеттен тыс қорлардың әлеуметтік-экономикалық мәні неде?

2. Бюджеттен тыс қорлардың қызмет атқаруы қандай қайта бөлушілік

процестерге әкеліп соғады?

3. Бюджеттен тыс қорлар қалай сыныпталады?

4. ҚР Ұлттық қорының рөлі және мақсаты қандай?

5. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының мақсаты қандай?

6. «Самұрық-Қазына» қорының функцияларын атаңыз.

7. Ұлттық инновациялық қордың негізгі мақсаттары.

8. Ұлттық инновациялық қордың негізгі даму бағыттары.

9. БЗЖҚ құру және қолдану тәртібін атаңыз.
Баяндама мен реферат тақырыптары.

1. ҚР Ұлттық инновациялық қоры.

2. Бірыңғай жинақтық зейнетақы қоры.



Тақырып 8. Стратегиялық жоспарлардың іске асырылуына бағалау жүргізу жөніндегі халықаралық тәжірибенің талдауы.

Сабақтың мақсаты мен міндеті:
Стратегиялық жоспарлау және бюджеттік процесс негізгі ұғымдарын игеруге көмектесу және қалыптастыру

Сарамандық сабақ сұрақтары

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының стратегиялық жоспарына ұқсас құжаттарды дайындау мен пайдалану бойынша әлемдік тәжірибеге шолу:

2. Ұлыбритания,Австралия.

3. Нидерланды, Исландия, Ресей Федерациясы .


Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің проблемалы мәселелері мәні неде?

2. Стратегиялық жоспарлаудың негізгі мақсаттары.

3. Стратегиялық жоспар құру және қолдану тәртібін атаңыз.




Баяндама мен реферат тақырыптары.

1. Қызмет нәтижелері көрсеткіштерін іске асырудың сыртқы бағалауының шетелдік тәжірибесі.



Тақырып 9. Стратегиялық жоспарлауды ұйымдастыру және жоспарлаудағы мемлекеттік ұйымдардың қызметі

Сабақтың мақсаты мен міндеті:
Стратегиялық жоспарлау және бюджеттік процесс негізгі ұғымдарын игеруге көмектесу және қалыптастыру

Сарамандық сабақ сұрақтары

1. Стратегиялық жоспарлау субъект ұйымы және құқық негізі ҚР халық шаруашылығын басқару құрылымының жаңа жүйесі.

2. Стратегиялық жоспарлардың жүзеге асырылудағы ҚР Үкіметінің негізгі бағыт-қызметтері.

3. Жоспарлау сұрақтары бойынша орталық қаржылық құрылымдардың министрлікпен қарым-қатынасы.



Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің проблемалы мәселелері мәні неде?

2. Стратегиялық жоспарлаудың негізгі мақсаттары.

3. Стратегиялық жоспар құру және қолдану тәртібін атаңыз.




Баяндама мен реферат тақырыптары.

1. Ұлттық экономика министрлігі және бюджеттік жоспарлау: негізгі функционалдық міндеттер және жоспарлау бойынша ұйым қызметі.



Тақырып 10. Қазақстан Республикасында Стратегиялық жоспарларды іске асыруды бағалауды ұйымдастыру тәсілдері.
Сабақтың мақсаты мен міндеті:

Стратегиялық жоспарлау және бюджеттік процесс негізгі ұғымдарын игеруге көмектесу және қалыптастыру


Сарамандық сабақ сұрақтары

1. Стратегиялық жоспарлау субъект ұйымы және құқық негізі ҚР халық шаруашылығын басқару құрылымының жаңа жүйесі.

2. Стратегиялық жоспарлардың жүзеге асырылудағы ҚР Үкіметінің негізгі бағыт-қызметтері.

3. Жоспарлау сұрақтары бойынша орталық қаржылық құрылымдардың министрлікпен қарым-қатынасы.



Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің проблемалы мәселелері мәні неде?

2. Стратегиялық жоспарлаудың негізгі мақсаттары.

3. Стратегиялық жоспар құру және қолдану тәртібін атаңыз.



Баяндама мен реферат тақырыптары.

1. Ұлттық экономика министрлігі және бюджеттік жоспарлау: негізгі функционалдық міндеттер және жоспарлау бойынша ұйым қызметі.



Тақырып 11. Стратегиялық жоспарлау жүйесіндегі шұғыл жоспарлаудың орны мен атқаратын қызметі

Сабақтың мақсаты мен міндеті:
Стратегиялық жоспарлау және бюджеттік процесс негізгі ұғымдарын игеруге көмектесу және қалыптастыру

Сарамандық сабақ сұрақтары
1. Мемлекеттік органдар қызметіне шұғыл жоспарлаудың қажеттілігі.

2. Шетелдік тәжірибеде шұғыл жоспарлау мониторингін жүргізу.




Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің проблемалы мәселелері мәні неде?

2. Стратегиялық жоспарлаудың негізгі мақсаттары.

3. Стратегиялық жоспар құру және қолдану тәртібін атаңыз.




Баяндама мен реферат тақырыптары.

1. Мемлекеттік органдардың стратегиялық және операциялық жоспарларының мониторингісінің кейбір аспектілері.



Тақырып 12.Мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарды әзірлеуі жөніндегі Ережелер жобасы
Сабақтың мақсаты мен міндеті:
Стратегиялық жоспарлау және бюджеттік процесс негізгі ұғымдарын игеруге көмектесу және қалыптастыру

Сарамандық сабақ сұрақтары

1. Бағдарламалар әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарлардың құрамдас бөлігі ретінде.

2. Бағдарламалардың әзірлеу, бекіту, іске асыру, мониторингті жасау және бағалау тәртібі .

Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Мемлекеттік бағдараламалау және болжамдаудың мәселелері неде?

2. Бағдарламалаудың негізгі мақсаттары.

3. Мемлекеттік бағдарлдама құру және қолдану тәртібін атаңыз.




Баяндама мен реферат тақырыптары.

1. Ұлттық экономика министрлігі және бюджеттік жоспарлау: негізгі функционалдық міндеттер және жоспарлау бойынша ұйым қызметі.


Тақырып 13.Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарындағы қаржы менеджментінің деңгейін бағалау

Сабақтың мақсаты мен міндеті:
Стратегиялық жоспарлау және бюджеттік процесс негізгі ұғымдарын игеруге көмектесу және қалыптастыру

Сарамандық сабақ сұрақтары

1. Мемлекеттік органдардағы қаржы менеджменті .

2. Мемлекеттік орталық органдарында басқарушылық есепті енгізудің ерекшеліктері және негізгі кезеңдері.

3. Жоспарлау сұрақтары бойынша орталық қаржылық құрылымдардың министрлікпен қарым-қатынасы.



Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Қаржылық құқықтың негізгі мазмұнын және түсінігін атаңыз.

2. Қаржылық саясатты регламенттейтін негізгі бағдарламалық

құжаттарды атаңыз.

3. Қаржылық бақылаудың объективті қажеттілігі және субъективті

мүмкіндігі қалайша көрінеді?


Баяндама мен реферат тақырыптары.

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарындағы қаржы менеджментінің деңгейін бағалау



4. Ұсынылған әдебиеттер тізімі

4.1. Негізгі :


4.1.1. Кузык, Б.Н. Прогнозирование, стратегическое планирование и национальное программирование: Учебник / Б.Н. Кузык, В.И. Кушлин, Ю.В. Яковец. - М.: Экономика, 2011. - 604 c.

4.1.2. Меркулова, Ю.В. Ситуационно - стратегическое планирование в экономике. В 2 т. Т. 2. Моделирование оптимальных стратегий и программ. 2-е изд., доп / Ю.В. Меркулова. - М.: Экономика, 2015. - 464 c.

4.1.3. Омирбаев, С.М. Бюджетная система Республики Казахстан: учебник / С.М. Омирбаев.- Астана: Сарыарка, 2007.- 487с.

4.1.4. ҚазақстанРеспубликасыныңБюджеттіккодексі

4 желтоқсан 2008 жыл № 95-IV

4.1.5. "Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 тамыздағы № 765 қаулысы


4.1.6. Найденков, В.И. ВПС: Стратегическое планирование. Конспект лекций / В.И. Найденков. - М.: Приор, 2004. - 128 c.
4.2. Қосымша әдебиеттер:

4.2.1. Абдулдаев А. Қазақстанның қазіргі кездегі қаржы жүйесіндегі рөлі мен маңыздылығы/А. Абдулдаев // экономика негіздері.-2010.№4-5.-Б.21-22.

4.2.2. Мырзалиев Б. Мемлекеттік реттеудің қаржылық механизмдерін қалыптастыру және дамыту // Ізденіс-поиск Гуманитарлық ғылымдар сериясы.-2010.-№3.-Б. 8-12.

4.2.3. Прокопчук, Л.О. Стратегическое планирование: конспект лекций / Л.О. Прокопчук; А.А.Козырев.- СПб.: Изд-во Михайлова В.А., 2000.- 60с.- (Высшее профессиональное образование).

4.2.4. Жауарова А. Қаржылық активтерді басқару // Экономика негіздері. – 2011.-№ 1.-Б.31-32.

4.2.5. Нысанбек Ү. Қаржы-несиелік саясатты дамытуды шетелдік тәжірибесі // Қоғам және дәуір.-2009.-№2.-Б.51-60.

4.2.6. Е. Мағлұмов. Қаржылық саясат - экономикалық мемлекеттік қаржылық реттеу құралы // Экономика негіздері.-2010.-№4-5. Б.38-40.
4.3. Интернет-ресурстар

4.3.1. kyzmet.gov.kz/ru



4.3.2. https://www.zakon.kz/

4.3.3. www.government.kz/

4.3.4.www.kapital.kz/

6.3.5. minfin.gov.kz



6.3.6. economy.gov.kz
Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет