5В 050121- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған



бет4/13
Дата05.11.2016
өлшемі2,86 Mb.
#741
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Шамғали Сарыбаев – ХХ ғасырдың 20 жылдарында А.Байтұрсынұлы бастаған қазақ тіл білімі корифейлерінің ізін баса келген ғалымдардың бірі.

Ш.Х: Сарыбаев 1893 жылы, наурыз айының 11-күні Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарасты Қарашағыл деген мекенде дүниеге келген. Жастайынан еңбекке араласады. 1913 жылы Шамғали Орынборда мұғалімдер даярлайтын құсайния татар мектебіне оқуға қабылданады. Сонда өздігінен орыс тілін үйреніп, татар әдебиетін біліп шығады. Мектепті 1916 жылы бітіріп, Қазалы қаласына келіп бала оқытумен айналысады.

1918 жылы Шымкентте уездік халық ағарту мекемесіне басшылық жасайды. Кеңес өкіметі орнаған жылдары Ташкенттегі Педагогика институтында қазақ тілі пәнінен оқытушылық қызметте болады. Өз заманының зиялы азаматы ретінде Ш.Х. Сарыбаев өзінің мұғалімдік тәжірибелерінен түйген келелі ойларын сол кездегі «Жаңамектеп», «Еңбекші қазақ », « Еңбек» т.б. сияқты баспасөз беттерінде жариялап отырады. Оның «Сауатсыздықпен күресу жолдары», «Тіл құралды оқытудағы тәжірибелер», «Қазақ мектептеріндегі орыс тілін оқыту жайы» тәрізді мақалалары жарияланады.

Ұстаз-ғалым елді сауаттандыру үшін қазақ тілінің қадірін арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударады.

Шамғали Сарыбаев 1923-34 жылдары Ташкентте Орта Азия коммунистік университетінде ұстаздық қызмет атқарады. Ал 1934 жылы Қазақстанға қайтыр оралып, Алматыдағы сол кездегі Журналистика институтында 1937 жылға дейін дәріс береді. Жоғары оқу орындарында қызмет еткен жылдары оның қаламынан қазақ тілі мен оның оқыту әдістемесінің әртүрлі мәселелеріне байланысты ғылыми мақалалары жазылып, жарияланады. Ғалым кейін 1954 жылға дейін Абай атындағы КазПИ-де қызмет істейді.

Ш. Сарыбаевтың алғашқы еңбектерінің бірі Е.Қожантаев пен Ғ.Табынбаевпен бірігіп жазған «Үлкендер үшін әліппе» 1921 жылы Ташкент қаласында жарыққа шығады. ХХ ғасырдың 20 жылдарындағы сауат ашу науқаны басталған тұста бұл әліппенің қазақ жастарының сауатын ашудағы маңызы ерекше болған. Кейін 1931 жылы Ташкент қаласында қазақтың мақал-мәтелдерін жинап бастыруда үлкен еңбек еткен ақын Ө. Тұрманжановпен бірге «Бірінші басқыш мектепке арналған әліппе кітабы », 1932 жылы Қ.Оспанұлымен бірге «Екпінді күш 1 –класс үшін әліппе кітабы», 1933 жылы А.Әлібайұлы, М.Долайұлымен бірге жазған «Ана тілі /бастауыш политехника мектептерінің 3-4 кластары үшін / » атты оқу құралдары басылады.

Осылайша мектепке оқулық жазу сияқты жауапты да күрделі істерді істеу қажеттілігі туып тұрған заманда, соның үдесінен шығуды көздеп , ғылымдағы негізгі тырнақ алды туындыларын арнаған ғалым кейін іргелі ғылыми мәселелермен де айналысады.

Қазақстанға келгеннен кейін ғалым қаламынан туған «Түоліше жазылатын бір мәнді сөздер туралы», «Емле жүйелері», «Сызықшаның бастауыш пен басқа мүшелер арасында жазылатын орындары», «Грамматикалық мағына деген не?», «Табыс жалғауының тасалануы», т.б. сияқты тіл білімінің өз кезеңіндегі өзекті мәселелеріне арналған ғылыми мақалалары жарыққа шыға бастайды.

А.Байтұрсынұлының « Тіл танытқышынан » сусындап өскен бұл кездегі ғалымдар түркі тіл білімі үшін ең маңызды саналатын күрделі теориялық мәселелерді көтере алғандығымен де ерекшеленсе керек. Айталық, автор қаламынан шыққан «Грамматикалық мағына деген не? » « Төрт етістік (отыр, тұр, жатыр,жүр)», «Қосылып жазылмайтын сөздер» атты мақалалардың көтерген жүгі жеңіл емес еді.

1920-190 жылдар мектеп ісі үшін, жалпы ағарту саласы үшін аса ауыр жылдр болғанын атап өту парыз. Бұл заман салған ауыртпалықтармен қатар, жазу таңбасының қайта-қайта өзгеруімен де байланысты болды. Ахмет Байтұрсынұлының реформаланған әліппесімен сауатын ашып қалған қазақ жастарына аз жылдың ішінде латын қаріпін, одан да көп ұзамай Кирилл жазуын меңгеру қажеттілігі туындады. Осы ретте мектепке арнап оқулық , оқу құралдарын жазу, емлені реттеу, оның негізгі принциптерін белгілеу сияқты күрделңі мәселелер ғалымдар алдында тұрған келелі міндеттер болды. Ш.Х. Сарыбаев та мұндай күрделі мәселелерден шет қала алмады. «Емле жүйелері», «Ы,і-нің жазылуы туралы», «Қосымшалардың өзгеруіндегі қайшылық» т.б сияқты мақалаларын ғылым осы мәселеге арнаған.

Ғалым 1944 жылы «Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту методикасы» атты тақырыпта кандидаттық дисертация қорғайды. Бұл жұмыс қазақ тілін оқыту әдістемесінен арнайы қорғалған тұңғыш ғылыми жұмыс еді. Кейіннен «Жоғары мектептер программаларын»( Т. Қордабаевпен бірге), «Қазақ тілі методикасының программасын » жазады.

Жоғары оқу орындарында қызмет етіп жүрген жылдарда әдістемелік негіздегі өзінің негізгі туындылары жазады. «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері» атты еңбегі соның куәсі.

1956 жылы Ш.Сарыбаевтың «Қазақ тілі әдістемесінің кейбір мәселелері» деген кітабы шықты. Бұл еңбектің қазақ тілінің әдістемесін дамытуда өзіндік үлесі болғаны анық.

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:



  1. Сейіл Жиенбаевтің қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі

  2. Сейіл Жиенбаевтің психологиялық аспектілері

3. С. Жиенбаевтің қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты жазған еңбектері

4.Ш. Сарыбаевтың алғашқы еңбектері

5. Ш.Сарыбаевтың «Қазақ тілі әдістемесінің кейбір мәселелері» деген кітабы қай жылы шықты?
Әдебиеттер:

1.. Ш.Сарыбаев. Қазақтілі методикасының кейбір мәселелері. 1956

2. Қ.Т.Қабиева. Сөйлемдегі сөздердің байланысы жөнінде-Алматы

8 Дәріс: Ғали Бегалиевтің әдістемелік тәжірибесі 


Ғали Бегалиевтің ғылыми-теориялық еңбектері

Иманбек Ұйықбаевтың әдістемелік іс-тәжірибесі. Иманбек Ұйықбаев қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаушылардың бірі.



Мақсаты: Ғали Бегалиевтің әдістемелік тәжірибесімен танысу
Ғали Бегалиевтіңтің қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі жайлы түсініктерін қалыптастыру. Иманбек Ұйықбаевтің қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Жоспар:

  1. Ғали Бегалиев - әдістеме ғылымының дамуына өзіндік үлес қосқан ғалымдардың бірі

  2. Ғали Бегалиевтің әдістеме жөніндегі алғашқы мақалалары

  3. И.Ұйықбаевтың қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихына қосқан үлесі

  4. 2. И.Ұйықбаев құрастырған «Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші» атты еңбегі

Әдістеме ғылымының дамуына өзіндік үлес қосқан ғалымдардың бірі – Ғали Бегалиев.

Ғали Бегалиев 1887 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданында дүниеге келген. 1907 жылы Қазандағы Мухамедия медресесінде оқиды. 1907-1909 жылдары Торғай облысында мұғалімдік қызметте болады. 1910-1912 жылдары Орынборда орысша курсты бітіріп, Батыс Қазақстан облысының Ақбұлақ стансасындағы қазақ мектебінде мұғалім болып жұмыс істейді. 1918 жылы Орал қаласында бірыңғай еңбек мектептерінде мұғалімдер даярлайтын курс ұйымдастыруға қатысып, онда негізгі пәндерден дәрістер оқиды.1922-1924 жылдары Орда қаласындағы педагогикалық техникумда мұғалімдік қызметте болады. Ал 1924-1930 жылдары Орал қаласындағы «Қызыл Ту» газетінде, Алматыдағы «Еңбекші қазақ» газеттерінде істейді. Осы жылдары КазПИ-де қазақ тілінен және қазақ тілінің оқыту әдістемесі пәндерінен сабақ береді. Қазақ ССР оқу министрлігінде инспектор болып жұмыс та істейді. 1931-1933 жылдары ол Мәскеудің әдіскер – тілшілер даярлайтын педагогикалық ғылыми зерттеу институтының аспирантурасында оқып, филология ғылымының кандидаты атағын алады.

Ғали Бегалиевтің әдістеме жөніндегі алғашқы мақалалары 1930 жылдары жарық көреді де, онда негізінен өзі жақсы меңгерген бастауыш мектептердегі қазақ тілін оқытудың қыр сырын ашуға талаптанады. Ауыл мектептерінде сабақ беріп жүрген мұғалім-ұстаздарға көмек болатын әдістемелік кеңестер жазады. Әдіскер-ғалымның «Бастауыш мектептегі қазақ тілінің методикасы»(1940), «Әріп, дыбыс, буын», «Бастауыш мектепке бірнеше класты бір уақытта оқыту туралы»(1950), «Грамматика таблицалаларына нұсқау», «Қазақ мктептерінің 4 класы үшін мұғалімдерге көмекші құрал» (1959) сияқты әдістемелік еңбектерінің өз кезеңінде қазақ тілін оқыту жүйесі үшін маңызы зор болғанын атап өту қажет.

Өзге де замандас қаламдастары сияқты Ғ.Бегалиев қазақ мектептерінде орыс тілін оқыту мәселесіне, алфавиттік жүйе мен байланысты өз пікірін білдіріп отырған. Әдіскер ғалымның «Бастауыш мектепте қазақ тілінің методикасының мәселелері» мен «Бастауыш мектепте бірнеше класты бір уақытта оқыту туралы» деген еңбектері 1950 жылы жарық көреді. Бастауыш мектеп пен орта мектептерде қазақ тілі сабағын оқытудың тиімді жолдарын ұсынып, құнды ойлар айтады. Бастауыш мектептерде қазақ тілі бойынша өтілетін әр сабақтың әдістемесін жасап, әрбір тақырыпты қалай оқыту, әдіс тәсілді қалай дұрыс қолданудың өзі дұрыс деп таныған жолдары мен тәсілдерін ұсынады. Сабақтың өту процесін терең меңгерген ғалым тақырыпты оқыту барысында мұғалімнің алдынан шығатын қиындықтарды алдын-ала шамалап, одан шығудың жолдарын да көрсетіп береді.

Әдістемелік еңбектерінде бастауыш сыныпта өтілетін негізгі тақырыптарды қарапайым да тетең талдай отырып, мұғалім ұстануға тиісті негізгі тәсілдерді белгілеп береді. Грамматикалық жеке тақырыптарды оқытудың әдістемесін жасайды. Әрбір жеке тақырыптың әдістемесін жазудағы мақсатын ғылымның өзі былайша түсіндіреді: «Бұлайша жазуымыздың себебі мектеп мұғалімдері тілден өткізетін сабақтарға оқулық бойынша әзірленгенде, сол сабақты оқыту методикасына да қоса әзірленсін дегендік. Тіл мұғалімі әрі грамматиаклық тақырыпты, әрі оны оқытудың методикасын бір уақытта әзірлесе, оқыту жұмысы сапалы болып шықпақ» (Бегалиев Ғ. «Бастауыш мектепте қазақ тілінің методикасы, Алматы 1940, 57 –бет.»)

Ғ. Бегалиев есімі қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің дамуына, әсіресе бастауыш мектептердегі қазақ тілін оқытудың сапалы өтуіне өз үлесін қосқан әдіскер ғалым ретінде танылады.

Ғ. Бегалиевтің негізгі ғылыми - әдістемелік еңбектері:

Бастауыш мектепте қазақ тілінің методикасы. Алматы, 1940.

Құрмалас сөйлем. Алматы, 1941.

Қазақ тілінің грамматикасы. Педучилище оқушылары мен бастауыш мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу құралы. Алматы, 1944.

Әріп, дыбыс, буын.Алматы, 1935.

Қазақ тілі граматикасы . ІІ бөлім. Синтаксис. Орта мектептің 6-7 кластарына арналған оқу құралы. Алматы, 1948.

Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері. Алматы,1950.

Қазақ тілі. Орыс мектептерінің 5-7 кластарында оқитын қазақ оқушыларына арналған оқулық. Алматы, 1957.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының әдістемесі ғылымының негізін салушылар А.Байтұрсынұлы, С.Жиенбаев, Ш.Х Сарыбаев, Ғ.Бегалиев, Х.Басымовтардың ізімен оқыту ісінің қыр – сырын терең меңгеріп, енді оның тек жалпы бағыттарын ғана емес, тіл білімінің белгілі саласы бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдыны беру мақсатында зерттеулерін жазған ғалымдар легі жалғасын тапты. Әдістеме ғылымының пән ретінде дамуына үлес қосқвн И.Ұйықбаев, Х.Арғынов, Ы.Маманов, Ж.Шакенов, Б.Кәтембаева т.б. сынды ғылымдар әдістеме ғылымын теориялық тұрғыдан байытты.

Ұйықбаев Иманбай Қабышұлы 1922 жылы Павлодар облысы, Қашыр ауданында туған. 1948 жылы КазПИ – ді бітіріп, 1952 жылы аспирантураны тәмамдайды. 1952-1954 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. 1954 жылы «Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктердің көріністері» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Автордың «Мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері», «Қазақ тілі методикасының очерктері» әдістемелік еңбектері мен орта мектептің 8,9 сыныптарына арналған оқулықтары бар.

Әдіскер ғалымның еңбектерінде әр сөздің ұғымы мен мағынасын оқушыларға түсіндірудің қыры мен сыры ашылады. Мектеп грамматикаларында сөздердің мағыналары олардың лексика-семантикалық сипаты арқылы емес, грамматикалық жүйедегі қай сөз табына жататынына байланысты анықталады. И.Ұйқыбаевтың еңбектерінде де негізгі мәселелер осы құрылымдық бағытта жазылды.Сондықтан да автор былай деп ой түйіндейді: «Сөз таптарының морфологиялық белгісі - әр сөз табының сөз тудыру тәсілі мен түрленуіне, ол формалардың грамматикалық ерекшелігіне қатысты» (Мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері,Алматы, 1957).

Автор мектеп мұғалімдерінің бағдарламаны қалай жасауға болатынын, оны пйдаланудың жолдарын саралап көрсетеді, 3,4,5 сыныптарда сөз табына қатысты мәселені балаға жеткізудің жолдарын анықтайды. Есім және етістік сөз таптарын мектепте қалай өтуге болатынын жіктеп талдайды. Әрбір сабақтың өзіндік ерекшелігіне, теориялық білімді меңгертуде жаттығудың маңызды орын бар екеніне жақсы тоқталады. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту барысында түсіндірмелі диктанттар мен бақылау диктанттарын жиі алып отыру қажеттігін ескертеді.

Әдіскер – ғалым бастауыш мектептерде грамматикалық талдау жұмыстарын жүргізуге де ерекше көңіл бөледі. Мұның өзі балалардың сауттылығын күшейтуге көмектеседі деп ой түйіндейді.

Грамматикалық талдау грамматика мен емлені меңгеруге көмекші құрал болатындықтан, оны өтілген тақырыпқа сәйкес үнемі жүргізіп отыру қажет. Грамматикалық талдау үшін алынған сөйлемдер жеңіл, түсінікті болуы керек деп жазады.

Лексика саласын оқыту да оқушылардың тілін дамытуға мол мүмкіндік барын айта келіп, автор синоним, антоним, омоним, термин сөзде, көнерген сөздерді т.б. оқытуда иек артуға болатын негізгі тәсілдер мен жолдарды көрсетіп береді.

И.Ұйықбаев диктанттың түсіндірмелі, терме, өздік, шығармашылық, сөздік және бақылау сияқты түрлерін ұсынған.

И.Ұйықбаев құрастырған « Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші» атты еңбектің де әдістеме ғылымы үшін берері мол. Құрастырушы бұл шағын кітапшада Қ.Басымов, С.Жиенбаев, Ш:Х.Сарыбаевтардың өмірі мен шығармашылық жолы туралы құнды деректер бере отырып, олардың шығарған, жазған зерттеу жұмыстарының тізбесін берген. Автордың көрсетілген үш ғалым жөнінде айтқан пікірлері аса құнды.

Мұның өзінің кейінгі ғылыми ізденіспен жүрген ізденушілерге тигізер пайдасы орасан.

Сонымен қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихында И.Ұйықбаев есімінің де өзіндік орны бар. Автордың қаламынан шыққан қазақ тілін оқыту жүйесіне байланысты еңбектердің маңызы күні бүгін де жойылған жоқ.

И.Ұйықбаевтың негізгі ғылыми - әдістемелік еңбектері:

Категория глагольного вида в современном казахском языке. АКД,Алматы, 1954.

Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің көріністері.Алматы, 1958.

Қазақ тілі методикасының очерктері.Алматы, 1962.

Тіл мәдениетінің кейбір мәселелері. Алматы,1969.

Қазіргі қазақ тіліндегі сөз варианттарының проблемасы.Алматы, 1976.

Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші. Алматы, 1961.

Қазақ тілі.8 сыныпқа арналған оқулық.1997.

Қазақ тілі, 9-сыныпқа арналған оқулық.1997.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:


  1. Ғали Бегалиевтің әдістеме жөніндегі алғашқы мақалалары қай жылы жарық көрді?

  2. Әдіскер ғалымның 1950 жылы қай еңбегі жарық көрді

  3. И.Ұйықбаев құрастырған « Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші» атты еңбегі жайлы не білесің?

Әдебиеттер:

  1. Ұйықбаев И. Зат есімді оқыту // Қазақ тілі методикасының мәселелері. – алматы, 1969. – 228 б.

  2. Х.Арғынов. Қазак тілі методикасы. А.,1974

  3. З.Бейсембайқызы. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, 2002

  4. З.Бейсембайқызы. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А., 2001

  5. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы /Қазақстан жоғары мектебі №1, 2004. 5-20-66.

  6. Қазақ тілін оқыту методикасы. Жалпы редакциясын басқарған Б.Құлмағамбетова -Ал.:«Мектеп», 1988

  7. С.Қазыбайұлы.Мектепте қазақ тілін оқыту тәсілдері.-Алматы 1997

  8. Д.Әлімжанов, Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы- А., 1965

9 Дәріс: Хасен Арғынов - әдіскер ғалым.


Хасен Арғыновтың ұсынған әдіс-тәсілдерінің мазмұндық сипаты

Қажым Аманғалиұлы Басымов - мәдениет қайраткері, қажырлы педагог, профессор. Қ.Басымов еңбектерінің маңызы



Мақсаты: Хасен Арғыновтің қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Қажым Басымовтың ғылыми-педагогикалық шығармашылығы туралы түсінік беру.



Жоспар:

1. Хасен Қуандықұлы Арғынов - әдіскер ғалым.

2. Әдіскер ғалымның «Қазақ тілі методикасы. Синтаксис. Пунктуация» атты еңбегі жайлы мағлұмат

3.Қажым Аманғалиұлы Басымов - мәдениет қайраткері, қажырлы педагог, профессор

4.Қажым Аманғалиұлының ғылыми еңбектері жайлы мағлұмат
Әдістеме ғылымының теориялық тереңдікке бой ұрып, оның жеке сала бойынша өркендеп дамуына үлес қосқан ғалымдарының бірі - Хасен Қуандықұлы Арғынов.

Арғынов Х.Қ. – 1926 жылы Павлодар облысы, Бесқарағай ауданында туған.1951 жылы Семей Педагогикалық институтын бітіріп, біраз жыл мектептерде оқытушылық қызметте болды. 1961-1963 жылдар аралығында «Қазақ тілі мен әдебиеті» , « Қазақстан мектебі» басылымдарында қызметкер болады да, Абай атындағы КазПИ-ге аспирантураға қабылданады. Аспирантурада негізінен қазақ тілін оқыту әдістемесімен, оның негізгі теориялық мәселелерімен айналысады. Бірнеше ғылыми мақалалар жариялап, кейін «Қазақ тілінің күрделі сөйлем синтасисін оқыту методикасы» атты кндидаттық диссертациясын қорғайды. 1971 жылы «Қазақ тілінің синтаксисі мен пунктуациясы әдістемесінің негіздері» деген тақырыпта докторлық диссертациясын жазып бітіреді.

Ғалым еңбегі негізінен қазақ тілінің синтаксисін орта мектептерде оқыту жүйесіне аранлады. Оқушыларға қазақ тілі синтаксисінің және тыныс белгілерінің негізгі заңдылықтарын ашып, олардың дұрыс жазу, дұрыс сөйлеу машығын дағдыландыруға басты назар аударады. Автордың ойынша, мұғалім синтаксистің негізгі заңдылықтарын сагалы түрде меңгеріп, біліп, соларға сүйенсе ғана, оқушыларына әрбір синтаксистік тұлға мен тыныс белгісінен сапалы да терең теориялық білім бере алады. Теориялық білім берудегі негізгі 15 түрлі ортақ заңдылықты ұсынады. Бұл ұсынылған заңдылықтар тек синтаксисті оқытуға ғана қатысты емес, ғылымның өзге де салаларын меңгертуде қолданыла алады.

Ғалым ең алдымен,оқушыларға берілетін теориялық білім мұғалімнің түсіндіруімен әңгіме, байқау әдістері, ойлаудың анализ, синтез, салыстыру, жинақтау, қорыту тәсілдері мен ойша қорытудың индукция, дедукция түрлері негізінде іске асырылатынын атап көрсетеді. Яғни мұғалімнің білімділігіне ерекше мән беріледі. Сыныптағы оқушылардың білім өрісі мен алғырлығына, жұмыс істеу қабілетіне байланысты өтілетін тілдік материалды әртүрлі деңгейде түсіндіруге болатындығына көңіл аударады. Бір ғана теориялық мәселені әртүрлі дәрежеде ұғындыруға болар еді. Ұғымтал, алғыр оқушыға көбірек ақпарат беруге, теориялық сипатын баса айта беруге болса, қабылдауы орташа немесенашар балаға өз дәрежесіне лайықтап қана түсіндіру абзал. Қай сабақта қай оқыту әдісі тиімді екенін, әрі сабақ мазмұны қай дәрежеде болуықажеттігін мұғалім өзі таңдайды. Мұның өзінде де мұғалімге үлкен сауаттылық, жауаптылық керек деп тұжырымдайды ғалым. Өткізілетін материал жеңіл де тиімді меңгерілу үшін, бұрын өткен материалдар үнемі қайталанып, өзара байланыстырылып отырылуы қажет. Әсіресе тіл білімінің салалары, айталық, морфология мен синтаксистің байланыстылығы үнемі ескерілгені мақұл.

Х.Арғынов қазақ тілін оқыту барысында орындалатн жаттығуларға, олардың тәрбиелік мәніне ерекше назар аударады. Оқушыны дағдыландыруға берілетін жаттығу мәтіндерінің тәрбиелік маңызының болуы,оқушының ойлау қабілетін, ой-өрісін жетілдіруге , тілін байытуға қызмет ету мүмкіндігіне көңіл бөледі. Жаттығулар жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге көшу ұстанымына негізделу қажеттігін айтады.

Ғалымның «Қазақ тілі методикасы. Синтаксис. Пунктуация» атты еңбегі қазақ тілінің әдістемесінде жеке сала бойынша жүйелі курс жасаудағы іргелі зерттеу болып саналады.Еңбек негізгі үш тараудан тұрады.Бірінші тарауы «Сөз тіркесінің синтаксисі» деп аталады да, мұғалімнің сөз тіркесінің әрбір бөлігін қалай өткізуге болатыны туралы егжей-тегжейлі талданады. Жаңа сабақты өту үшін балаларды дайындау, олардың бұрынғы өткен материалдарын естеріне түсіру үшін жұмыстар жүргізу, жаңа сабақтың маңызды жақтарын ұғындырудың жолдары, көрнекі құралдарды пайдалана білу сияқты мәселелердің ешқайсысы да қалтарыста қалмайды.

Екінші және үшінші тараулар жай сөйлем синтаксисі мен құрмалас сөйлем синтаксисіне арналған. Мектептегі оқулық бойынша барлық тақырыптарға тиісті талдаулар жасалып, нақты әдістемелік нұсқаулар мен кеңестер беріледі.

Көрнекі құралдар жасаудың үлгілері, сызбалар мен кестелер келтіріледі.

Х.Арғынов зерттеулері қазақ тілін оқыту әдістемесін пән ретінде жаңа сатыға көтере алды. Оның зерттеу көкжиегін кеңейтті. Әдістеменің негізгі теориялық тұжырымдары ғана жасалып қойғаны жоқ, сонымен бірге, тек синтаксис пен тыныс белгілілер бойынша сабақты жүргізудің ғылыми негізін жасады. Қазіргі таңда қазақ тілінен мектепте дәріс беретін мұғалімдердің басты сүйенер оқу құралы болуға тиіс бұл еңбектің ғылыми деңгейі де, теориялық біліктілігі де жоғары.

Х.Арғыновтың негізгі ғылыми - әдістемелік еңбектері:

Қазақ тілінің күрделі сөйлем синтаксисін оқыту методикасы. АКД.;Алматы, 1964.

Қазақ тілі.9 класс оқулығы Алматы, 1971-1978.

Қазақ тілінің синтаксисі мен пунктуациясы әдістемесінің негіздері ДДА., 1971.

Дидактикалық материалдар. Алматы, 1980.

Қазақ тілі грамматикасын оқытудың әдістемесі туралы терең ғылыми пікір айтқан, зерттеу ұмыстарын жүргізген ғалымдардың бірі – Қажым Басымов. Мәдениет қайраткері, қажырлы педагог, профессор Қажым Аманғалиұлы Басымов қазақ мектептері мен институттарын өркендетушілердің бірі болды. Қазан төңкерісінен кейін профессор Қажым Аманғалиұлы Басымовтың ғылыми-педагогикалық шығармашылығын дамуына орасан зор мүмкіндік туды

Қажым Аманғалиұлының ғылыми еңбектері 1920жылдардың ішіне жариялана бастайды. Ол өзінің барлық өмірін жастарды тәрбиелеуге арнады. 1917 жылдан бастап оқытушы болды. Ғылыми-педагогикалық қызметімен қатар профессор Қажым Басымов әдебиет майданына да белсене қатынасты.

Автор 1938 жылы « Грамматика оқыту жөнінде » дген мақаласында оқыту әдістеріне тоқталады.

Қажым ағарту жолында көп еңбек сіңірді, жүздеген педагогикалық кадрларды әзірлеуге барлық күш – жігерін, білімін жұмсады. Ол оқытқан оқушылар кейін өмірдің алуан түрлі саласында қызмет атқарды. Кейбіреуі докторлық диссертация қорғап академик те болды. Академик Н.сауранбаев Басымовтан оқып, 1928 жылы ағарту институтын бітірген, оның көп шәкірттерінің бірі.

Смағұл Төребаевтың айтуынша, «Қажекең – нағыз педагог адам еді, тілге өте шебер болатын. Ол әрбір сабаққа бір жаңалық әкелетін жұрнақтарды көп зерттеуші еді, сабақ сайын жаңа тапқан жұрнақтарын айта отыратын» деп өз пікірін білдірді.

Қажым Амнағалиұлының мақалалары республикалық баспасөз беттерінде жарияланды. Солардың ішінде Жетісуда шыққан «Тілші »деген газетте « Социалдық жол » деп аталған Ақтөбе облыстық газетінде де бірсыпыра мақалалары басылып шықты. Сол кезде «Тілші» деген газетінің жауапты редакторы болып қызмет істеген Сара Есованың айтуынша Басымовтың бүркеншек аттары болатын « Сарыалжын, Бөкейше » деген бүркеншек атпен мақала, өлеңдерін бастыра алатын.

Профессор Қ.Басымов қазақ тілімен туыстас тілдермен қатар орыс, араб тілдерін білген. Оның бізге белгілі елуден аса еңбегі жалпы тіл білімі, орфография, грамматика, пунктуация және әдебиет мәселелеріне арналған.

Қажым әсіресе орфография жөнінде көп жазды. Отыз шақты еңбегі орфография туралы жазылған. Ол орфография мәселелері жайында 1932 жылы « Жаңа әріп пен жаңа емле және дыбыстарымыздың жіктері» деген кітапшаны да бастырып шығады.

Профессор Қ.Басымов – қазақ тілі орфографиясын жазуға белсене қатынасқан ғалымдардың бірі. Оның орфография жөнінде жазған « Емле сөздігінде негізгі тиянақ керек», « Қысқарған сөздерді дұрыс жаза білейік », «Түрлі-түсті сөздерді » жазылуы туралы деген мақалаларының қазіргі кезде зор маңызы бар.

Қажым «Емле сөздігіне негізді тиянақ керек » деген 1930 жылы жазған мақаласында «Жазудың тезі – емле сөздігі » екенін айта келіп, қазақ тілінде диалектіні» бар екені нақты мысалдармен дәлелдейді. Мысалы: Мәстемір – шымшуыр, сым – шалбар, дәндеу – үлкен, сырғауыл, пешене – тағдыр тағы басқа осы диелектілерге байланысты профессор Қажым Басымов былай деп жазды:

Бір ұғымды сөздердің бұдан да көп бірнеше түрлерін талай жүзеге толтыруға болады. Әр ауданда әртүрлі айтылатын нәрсе аттары өте жиі ұшырайды. Тергеп, теріп отырсақ аяғыңды басқан сайын кездесе береді. Мұндай кең өріс алған бір ұғымды әртүрлі сөздің өзгелерін сылып тастап, біреуін ғана аламыз десек, тіліміздің жанды тамырына балта шапқанмен тең түсер еді. Бұлар жазу тілін шұбарламайды. Ұғымға өрнекті түр кіргізгеннен басқа зияны жоқ.

Басымов этимология мен стилистика мәселелерімен де шұғылданады. Ол «Түрлі-түсті сздердің жазылуы туралы» деген мақаласында күн аттарының парсы тілінен алғанын айтады. Мысалы: шәнбә - сенбі, иак-шәнбә- жексенбі, ду-шәнбә-дүйсенбі, сей-шәнбә- сейсенбі, шаһар- шәнбә- сәрсенбі. Осы мақаласында «Мана, бағана, » деген сздерді салыстыра келіп, ол былай дейді:

«Мана - бағана» екеуінің қайсысын жазу мәселесіне келгенде, әрине қысқасы «мана» сөзі қолайлы болады. «Бағана» сөзі, бірден ұзын, екіншіден басқа заттың аты.

Қажым грамматика мен пунктуация мәселелеріне де көп көңіл бөлген. Қазақ тілінің педтехникумдар мен институттарға арналған бағдарламаларын жазды. Қажымның «Грамматиканы оқыту жөнінде», «Қазақ тілінің жалғау - жұрнақтары», «Сөйлем мүшелері туралы», «Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері» деген еңбектерінің , бұлардан басқа да мақалаларының грамматикамен пунктуацияны терең түсінуге көп көмегі тиеді.

«Қазақ тілінің жалғау - жұрнақтары»деп аталатын мақаласында Басымов былай дейді : Жалғау – жұрнақтар тіліміздің өрнекші ұстасы. Түбір сөздеріміздің жанды тамыры. Тіліміздің заңына толық бағынып жүретін әуеншісі. Жұрнақтар тілімізде өте көп. Әзірге тексеріп тапқанымыз, өзгеріс түрлерімен қоса санағанда барлығы екі жүз алпыс төрт болып отыр. Жұрнақтарды түбірдің мағынасын өзгертеді, өзгертпейді деп екіге бөлу қате. Жұрнақтың бәрі мағынаны өзгертеді. Ныкы-нікі-дыкы-дікі жұрнақтары басқа сөз таптарын сын есімге аударады делінген. Бұл қате пікір. Әр сөз табын сын есімге айналдырмайды, сол сөз табында қалып, меншіктеуді білдіреді. Мысалы: менікі, үлкендікі, баланікі, тағы басқа.

«Белгісіздік есімдігіне жатқызылған ешқандай,ешқашан сөздері затты кесіп білдіреді. Бұлар белгісіз емес, белгілі. Сондықтан бұларды өзіне бөлек атау керек. Белгісіздік есімдікке кейбір, қайсібір, әлдекім сияқты сөздер жатады. »

Сілтеу есімдігі « ана» сөзі көмектес жалғауда « анамен» түрінде өзгереді деу қате. «Анаумен » түрінде айтылады.

Сілтеу есімдігінің «бұл » сөзі септелгенде ылғи «б» дыбысымен басталатындары көрсетілген. Мысалы: «бұны» - «мұны», бұны-мұны, бұнда-мұнда болуы керек.

Есімдік «Ол » сөзінің табыс жалғауының үстіне тәуелдік жалғау «сы» жалғанады деп айту қате. І,ІІ жақ мен, сен сөздері де осылай. Мысалы: менің,сенің, оның, оным, , онысы, тағы басқа «ң»,»сы» тәуелдіктерінің алдындағы «і,ы» табыс жалғаулы деп тануға болмайды. Ал,мені, сені, оны дегенде табыс жалғау болатыны дұрыс, бұл өзіне басқа.

«Мен колхоздан келдім, - бұл сөйлемдегі « колхоздан» сөзінің аяғына шығыс септік жалғауы жалғанғанмен, «неден»? сұрауына жауап болып тұрған жоқ, «қайдан?» сұрауына жауап болып, баяндауышты пысықтап тұр. Сондықтан «колхоздан » сөзі – толықтауыш емес, « пысықтауыш » болып тұр - деген ойлар айтады ғалым.

Қ.Басымов 1938 жылы «Ауыл мұғалімі» журналында басылған мақаласы «Сөйлем мүшелері туралы» еді.

Бұл мақалада қазақ тіліндегі сөйлем мүшелеріне, оның түрлеріне тоқталады. «Осы күнге шейін қазақ грамматикасындағы аяғы жерег тимей келген мәселенің бірі осы сөйлем мүшелері болып келеді.Мұғалімдеріміздің көбі сөйлем мүшелерінің соңғы кездегі дұрыс топтастырылуын бір-бірінен айырмашылықтарын ұғына алмай жүр. Сондықтан осы мәселе жөнінен біраз тоқталып өтуіміз өте керекті болып отыр » - дей келе төмендегідей талдау береді.

Осы күнге шейін сөйлем мүшелері не? Дегенде, беріліп келген жауаптын түрлері мынандай болып келді:

а) Сөйлемдегі сөзді сөйлем мүшесі дейміз.

б) Сөйлемде қанша сөз болса, соларды бәрін сөйлем мүшесі дейміз.

в) Сөйлемдегі әр түрлі сұрауға жауап болған сөзді сөйлем мүшесі дейміз.

д) сөйлемдегі әр түрлі сұрауға жауап болған сөзді сөйлем мүшесі жейміз.

Міне, сөйлем мүшесін сөзді анықтауда берілген бұл жауаптардың бірден-бір дұрыс деуге болмайды.

Бірінші жауапта: «Сөйлемдегі сөзді сөйлем мүшесі» дейді екенбіз, бұған ұарағанда ұандай сөздер болса да сөйлем мүшесі бола береді. өйткені сөйлемдегі сөздердің барлығы бірдей сөйлем мүшесі бола бермейді. Сөйлем ішінде келгенәмен сөйлем мүшесі болмайтын сөздер де болады.

Енді, сөйлемдегі әртүрлі сұрауға жауап болған сөзді сөйлем мүшесі жейтін төртінші жауаптың қаталдығына келейік.

Бұл жауаптың қаталдығы, біріншіден әр түрлі сұрауға жауап болатын сөздердің барлығы бірдей сөйлем м,шесі бола бермейді.

Екіншіден, әр түрлі сұрауға жауап бермей-ақ, бірыңғай сұрауға жауап беретін сөздер сөйлем мүшесі бола береді.

Енді қандай жеке сөздер сөйлем мүшесі болатындығын, қандай жеке сөздер сөйлем мүшесі болмайтындығын қорытсақ.


  1. Сөйлемдегі айтайын деген ойды білдіруге керекті көмекшісіз жаңа топталмаған негізгі мағына шығаратын сөздер жеке-жеке де сөйлем мүшесі бола алады. Мысалы: Мен кеше мектебімізді бітірдім.мұндағы төрт сөздің төртеуі де жеке сөйлем мүшесі болып тұр.

  2. Сөйлемдегі айтайын деген ойды білдіруге керекті негізгі мағына шығаратын сөздерге басқа көмекші сөздер қосақтасып сөйлем мүшесі бола алады. Мысалы, ол қарай қалды, мылтық тарс етті, найзағай сарт етті.

  3. Міне, сөйлем мүшелері осындай өзгешеліктеріне қарай алдымен екі салаға бөлінеді. Оның бірі – тұрлаулы мүшелер деп аталса, екіншісі – тұрлаусыз мүшелер деп аталады. Тұрлаулы мүшелер сөйлемдегі негізгі мағына шығаратын сөйлемді құрайтын тиянақты ой негізі есебінде саналады. өйткені, тұрлаулы мүшелерді сөйлем ішінен түсіріп тастағанда орны үңірейіп көрініп тұрады. Ол екі мүшесіз сөйлем блмайды. Сондықтан, тұрлаулы мүелер сһйлемнің бас мүшелері саналады.

Мысалы: «Кеше келді» деген сөйлемнің ішінен біреудің келгені, сол келген адамның атының айтылмауы анық көрініп тұр.

Тұрлаусыз мүшелер, тұрлаулы мүшелердей негізгі мағына шығарылмайды, тұрлаулы үшелердей сөйлеуді құрайтын тиянақтымүше де бола алмайды. өйткені, тқрлаусыз мүшелерді сөйлем ішінен түсіріп тасағанда, тұрлаулы мүшелердей орындары үңірейіп көрініп тұрмайды. Сондықтан, мұндай тұрлаусыз мүшелер сөйлемдегі шығатын негізгі мағыалары жаға сөйлемді құрауда алатын орындарына қарай екіге бөлінеді.



  1. Бастауыш

  2. Баяндауыш

Бастауыш болатын сөз, мағынасы жағынан сөйлемдегі ойдың иесі болады. Сондықтан басқа сөздердің барлығы осы бастауыш болатын сөздің ісін, жайын, сипатын білдіреді. Мысалы, «Еркінбек кеше үш кітап алды» деген сөйлемдегісөздерді өзара байланысы жағынан қарамай, таза мағынасы жағынан қарасақ, қалған төрт сөздің «Еркінбек» сөзінің мағынасын кеңейтіп тқрғанын көреміз.Басқа сөздер мағына жағынан «Еркінбек» сөзіне оралып, «Еркінбек» сөзінің діңгек қазық сөз болып тұрғанын сеземіз.

  1. бастауыш болатын сөздің өзіне тән қойылатын сұраулары болады. Сұраулардың негізгісі екеу: кім? Не? Осы екі сқрауға көптік жалғау жалғанса, бастауыштың сұрауы болады. Кімдер, нелер? I-II-III-жақ тәуелдік жалғаулары қосылса да бастауыштың сұрауы болады.

Басьауыштың сөз таптарынан келуіне мысалдар:

А) Олар сабағын білді – бұл сөйлемдегі бастауыш болып тұрған «Олар» сөзі зат есім. Сқрауы – кім?

Б) Қызыл жақсы түс – бқл сөйлемдегі бастауыш болып тұрған «қызыл» сөзі сын есім.

В) Мың көп сан – бқл сөйлемдегі бастауыш болып тқрған «мың» сөзі есімдік.

Г) Мен озат оқимын – бұл сөйлемегі бастауыш болып тұрған «мен» сөзі есімдік.

Д) Оқыған озар – бұл сөйлемдегі бастауыш болып тұрған «оқыған» сөзі есімше.

3) Бастауыш болатын сөздер зат есімдер, болмаса заттанған басқа сөз таптары болады. Зат есімге, болмаса заттанған сөз таптарына көптік жалғау жаңа тәуелдік жалғаулар жалғанса да, сөйлемнің бастауыш мүшесі бола алады. Жекеше, көпше жаңа тәуелдік жалғауы сөздердің бастауыш болғандығын жоғарғы мысалдармен көрдік.

4) бастауыштың сөз таптарынан келгені сияқты, сол сөз таптары қандай тұлғада болса да бастауыш бола алады. Бастауыш сөз таптарына қарай зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, есімшелерден келсе, сөз тұлғаларына қарай негізгі түбір, біріккен түбір, қос түбір, қосарланған түбір, туынды ыөздерден де келе алады. Бастауыш сөз таптарына қарай зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, есімшелерден келсе, сөз тқлғаларына қарай негізгі түбір, біріккен түбір, қос түбір , қысқарған түбір, туынды сөздерден де келе алады. Бастауышың сөз тұлғаларынан келуіне мысалдар.

А) Олар сабағын білді – бұл сөйлемдегі бастауыш болып тұрған «Олар» сөз тұлғасының негізгі түбірі, сөз табының зат есімі.

Б) оқушы мектепке келді –, «оқушы» сөз тұлғасының туындысы, сөз табының есімге айналған етістігі.

В) Ақтөбе облыстық қала - бұл сөйлемдегі бастауыш болып тұрған, «Ақтөбе» сөз тұлғасының біріккен түбірі, сөз табының зат есімі. Сөйлемдегі бастауыштың ұүралуы. Сөйлемдегі бастауыштың құралуы түрлі-түрлі болады. Кейбір бастауыш жалғау сөзден тұрса, кейбір бастауыш екі болмаса бірнеше сөзден құралады.

Міне, бастауыштың сөйлем ішінде осындай құралып кездесуі үш түрлі болады.



  1. дара бастауыш

  2. күрделі бастауыш

  3. бірыңғай бастауыш

ғалым бұдан әрі бастауыш сияқты сөйлемде үш түрлі құрылады

  1. дара баяндауыш

  2. күрделі баяндауыш

  3. бірыңғай баяндауыш

Күрделі баяндауыш болатын сөз таптары:

  1. күрделі баяндауыш көбінесе екі етістіктің қатарласа айтылуымен болады. Мұндай етістіктердің алдыңғылары а, і ,ыр, қалы дәнекерлеріне біткен көсемше сөздер болады да соңғылары жақ-жақпен өзгеріп жүретін көмекші сөздер болады.

  2. күрделі баяндауыш есімше сөздердің аяғына екен, емес сөздерінің шешілген түрлері жаңа «болар, шығар» сияқты сөздердің көмекші болып айтылуымен болады.

  3. күрделі баяндауыш одағай сөздердің аяғына «етпек» сөзінің шешімін қосарлануымен болады.

  4. екі болмаса көп есімдер топталып та күрделі баяндауыш болуы мүмкін.

«Бастауыш пен баяндауышты» қиысуы. Сөйлемде бастауыш пен баяндауыш өзара жақ-жағынан қиысып, жүйеленіп келеді.

  1. бастауыш пен баяндауыш жағына қарай қиысады. Бастауыш 1-жақ болса, баяндауыш та 1-жақ болады.

  2. бастауыш пен баяндауыштың жағына қарай қиысумен қатар анайы-сыпайылығына қарай да қиысады. Бастауыш сыпайы боласа, баяндауыш та сыпайы болады.

  3. бастауыш пен баяндауыш жекеше, көпше түріне қарай да қиысады.

  4. бастауыш пен баяндауыш сөйлем ішінде жалғаусыз болып та, бірі тәуелденбей, екіншісі тәуелденіп те, не екеуі де тәуелденіп те қиысады.

Кейбір бастауыш пен баяндауыштың ортасына сызықша қойылады. Мұндай сызықша қойылатын бастауыш пен баяндауыштың өзгешелігі болады.

А) Мағына жағынан баяндауыш, бастауышты айыра анықтап көрсетеді.

Б) құрылысы жағынан екеуі де атаулы сөздерден, не тәуелденулі сөздерден, не бірі атаулы, бірі тәуелдеулі сөздерден келеді.

В) айтулы жағынан аныұталып бастауыш көтеріңкң дауыспен оқылады. Осындай «бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылып жазылады.

Басыиовтың «Сөйлем мүшелері туралы» азған мақаласы осындай мәселлерді сөз етеді.

Басымов «грамматиканы оқыту жөнінде» деген мақаласында грамматиканы оқытудың маңызына тоқталып, оны өту әдісін баяндайды. Грамматиканы оқыту үстінде оқушының шығармашылық талантына да көмек беріліп, баулып отырылады. Оқушылардың сөйлеу тілі де, жазу тілі де қабаттасып, грамматиканың ір тарауына ілесе өз уақытында жаттықтырылып отырады.

Орта, орталау мектепті бітірген кейбір оқушының осы күнге шейін не өз ойын түсінікті етіп сөйлеп бере алмауы, грамматикадан оқытқан мұғалімнің кеимшілігінен деп білуіміз керек. грамматика көркем әдебиетпен байланыспай тқрмайды. Грамматикамен көркем шығарма бірігіп бір-біріне көмек етеді.

Грамматика сабақ үстінде өткізудің жалпы тәртібі қалай болуы керек? деген сұраққа Басымов он пункте сипаттап көрстеді:



    1. грамматикадан оқылатын күнделікі сабақтың материалдары сатылы, жүйелі жолмен өтіледі. Берілістен сағат мөлшеріне қарай өтілетін білім көлемі дәл пішіледі.

    2. Грамматиканың өтілетін материалдары бір-біріне жалғасып, бірін-бірі толықтырылып дамып отырады.сабақтың мазмұны күрделене, жеңілден, ауырға көшеді.

    3. Жоспар бойынша өтілетін әр сабақтың мақсаты түсіндіріліп айқындалады.

    4. Грамматиканың әр өтілетін материалы тек түсінікпен, болмаса қисындарын білумен шектелмейді. Сол білімі қолма-қол іс-жүзінде практикада жаттықтырылады. өтілген сабаққа қарай оқушыға жұмыс тапсырылады.

    5. Грамматикадан өтілген материалдарынан бірте-бірте тілдің заңды құбылыс екендігі ашыла бастайды.

    6. Грамматиканың қандай бөлімі, оның қандай элементтері оқылса да түрі мазмұны бірдей байланысып жүргізіледі.

    7. Бұрыңғы, қазіргі мағынасы

    8. Осы күнге шейінгі ала-құла болып келген атауларды бір-бірінен бөліп алып кетпей байланыстырып, араларындағы жақын қатынастарын аша отыру.

    9. Бірінен-бірі таралып, бірінен-бірі қралып, белгілі мағыналы түрге келетіндігін әбден мұқияттау.

    10. Грамматика мен шығарманы бірін-бірі пысықтауға көмекші ету. Көркем шығарма арқылы оқуын, сөйлеуін өркендету. Дұрыс, таза жазуға, ойын еркін түрде қағаз бетіне түсіріп бере алатын халге жеткізуде.

Басымов «Қазақ тілі грамматикасы туралы жазған рецензиясында мынандай әдістемелік пікір айтады. Кітаптың көптік жалғау (зат есімнің көпшесін үйретпей тұрып, көпше зат есімге тәуелдік, септік жалғауын жалғатып көрсету қате» деген пікірін білдіреді.

Қажым Басымовтың «Орталау және орта мектептерге арналған қазақ тілінің жаңа бағдарламасындағы кейбір жағаалықтар» туралы мақаласына тоқталып өтейік.

Осы к.нге шейінгі бағдарлама жасаушылардың мықты бір кемшілігі көптің пікірімен есептесіп, кеңесіп жазбайтын еді. Тек бірер адам өзнше өзінің көзқарасынша жазатын еді де, бастырып, таратып жіберетін еді. әрне, бірер адам қанша білемін дегенімен, көптің білгеніндей барлық жағдаймен есептесіп қамти алмайды.

1936 жылғы орталау мектепте арналған қазақ тілі бағдарламасы осындай жекеленәп, көпшілік пікірінен қалың халық оқытушыларының тәжірибесінен алыстап, олармен есептесу жағдайында шыққандығы белгілі. Міне, осы себептен бағдарламаның бір талай кемшіліктері болғандыұтан, осы күнге шейін оқытуда талай қиындықтарын тигізіп келді.

Осы шығып отырған тіл бағдарламасы сол талқыланып, кемшілікпен шешілген сызба негізінде жазылып отыр, осы сызба бойынша жаңа бағдарлама жасалған соң да бірнеше рет қаладағы тіл мамандарының қатысқан мәселесінде сыналып, мінеліп, түзетіледі. Сонда да әлі де болса түк кемшілік жоқ деуден аулақпыз. Көш жүре түзеледі. Қалың оқытушы жұмыс үстінде қшырайтын кейбір міндерін тапса, - білімін хат арқылы білдірулері керек. келесі басылуында мінсіз болып шығуына көпшілік пікірі үлкен көмек болады деп есптейміз.

Енді бұл бағдарламаның көзге түсер қандай жаңалықтары бар. Бұрынғы ескі бағдарламадан қандай өзгешелігі бар? Осыған келейік: бірінші негізгі кемшілігі – берілетін тіл бөлімі тарауларның барлығы белгілі жүйеде өткізіліп жақсы қаралды. Бұрынғы бағдарламада әр бөлімде өтілетін материалдар бөлшектеніп, былығып кетсе, оның ұшын тауып, бір-біріне ұшталып, бірін-бірі кеңейтіп жүйеленіп отырады. 7 бөлімінде нгізінен қазақ тілінің синтаксисі алынды. Бұлар алынғанда үшеуі бір-бірін жымдаспай өзара байланысы айтылмайды. Қай сыныпта болсын үшеуінің басы құралып, араларындағы байланыс ұатыстары ашыла отырылады. Сол себепті бес жылға негізінен фонетика алынғанмен оған жанама жүйелі түрде морфология жаңа синтаксистен де тиісті элемент кіріп отырады. Басқа сыныпта да осындай.

Екінші, бұрынғы бағдарламада тіпті мектепте тілден не өтілетіні айтылмай келген болатын. Бұл бағдарламада не өтілетіні анықталып, көрсетіліп отыр. Орталау мектепте өтілген орфография, грамматика материалдарын пысықтап толтырудың үстіне тіл ғылымынан жаңа жазу белгілері пунктуациядан көп білім беріліп отыр. Осы күнге шейінгі тіл оқытудағы мықты кемшіліктің бірі жазу белгілерін тиянақты қолға түсіре алмай келіп еді. Осы жаңа бағдарламада бұл кемшілік жазылып, пунктуациядан көңілдегідей біліп беріліп отыр.

Үшінші, «құрғақ қасық ауыз жыртар» дегендей бұрынғы бағдарламада жалң тіл – тіл үшін деген қисық жолға түсіп кеткендік бар еді. Қай сипатта болсын оқылатын тілдің элементтері құрғақ айтылып, жалпы қоғам қатынасына байланыстырылмай өте шығатын еді де, таптың сыры бүктемеде қалатын еді. Бұл кемшілік жаңа бағдарламада қойылып отыр. Шынында грамматика тілден білім берудің үстіне дүниені танытатын, қоғамның өсу жағдайын тіл арқылы беретін білім ғой.

Мінеғ осы жағы көмескі қалмау үшін тілдің элементі өтілерде оның шығуы, бұдан еңбектің қоғам қатынастарының әсері, тілдің таптық рөлі көрсетіліп отырылады. әсіресе, бағдарламаның алдыңғы түсінік білімінде көбірек тоқталынды.

Төртінші – бұрынғы ескі бағдарламада оқылатын тіл элементтерінің атауларының көбі түсініксіз еді. Көптен бері қалың оқытушыларда түсінікті атауларға қисынсыз шабуыл жасап, атауларды тыңнан қойып былықтырып еді. Мысалы бұрыннан аты жаттығып кеткен «жұрнақ» сөзін «үстеу» жаңа түбір дегенді «түп негіз» деп атағаны мысал болады. Жаңа бағдарламада оқытушыларды мұндай қиындықтардан құтылдыру жағы қаралды. Кейбір жаңа қосылған атауларға тыңнан алынғаны болмаса, бұрынғы жаттыққан атауларды сол күйінше өзгертпей қалдыру жағы қаралды.

Бесінші – 1936 жылы шыққан бағдарламада бірден орта мектепке өтілетін материал айтылмай қалса, екіншіден әр бөлімше арналған тіл дамыту жөніндегі жұмыстарды түрі де көрсетілмеген еді.

Бұл жаңа бағдарламада 5-сыныптан тартып 10-сыныпқа шейін әр жылда тіл дамыту жөніндегі жұмыстың қандай түрлері болатыны айтылып еді. Оқушылардың тіл қорын байыту үшін сөздік жұмысы қалмай кіріп отыр. Грамматика көркем әдебиетпен байланыспай тұрмайды.

Алтыншы – бұл бағдарламада бұрынғы бағдарламаға кірмеген жаңа орфографиямыздың тиісті ережеллері кіргізілді. Біріккен сөздер, қос сөздер де, үстеу, шылаулардың дұрыс жазылуы айқын көрсетіледі. Жетінші – грамматиканың, фонетика бөліміне көп өзгеріс кіргізілді. Бұрынғы әріптеріміздің үстіне жаңа а х ф в әріптері қосылды. әріптердің тәртібі,жігі өзгеруі.

Сегізінші – грамматиканың морфология бөлімінде көп өзгеріс енізілді. Бқрынғы бағдарламада сөздің тұлға өлінгісі мен мағына мүше бөлінісі жүйелі түрде топтастырлмаса, бұл бағдарламада анық көрсетілді.

Тоғызыншы - грамматиканың синтаксис бөліміне де біраз жаңалық кіргізілді. Әсіресе, салалас сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдерге көп жаңалық кірді. Салалас сөйлем мен қрмалас сөйлемдер тек бір жақты алынбай, мағынасы жағынан бірдей қаралып алынды.

Оныншы – бұл жаңа бағдарлама, бұрынғы бағдарламаға қарағанда анағұрлым кең түрде анықталып жазылды. Әсіресе бағдарламаны түсіну жағы оқытушыларға бағдарлама материалдарын дұрыс өтуге көмекші бола алады деп ойлаймыз. Бұл бағдрламамен барлық педучилищелер, педагогика институттарын даярлау бөлімінде толық пайдануға болады. Осы бағдарлама негізінде қазақ тілінің грамматикасы жазылып жатыр.

Исатай Кенжеғалиев «Қазақ тілінің тұңғыш профессоры» атты мақаласында Қ.Басымов туралы ғылыми толық пікірлер бар.

Қ.Басымовтың балғын шағы шығармашылық, қабілеттілік пайда болу кезеңі туралы, «садақ» журналында нақты жазылған. Белгілі ғалым Тұрсынбек Кәкішұлы жазушылар одағы кітапханасынан ұрланған журналын талай жылдар іздеп, ақыры Калижан Бекхожиннен тауып, сол журналды шыаруға қатысқан кісілер, туралы, Басымов туралы мәліметтер жинап жүріп, оның Қарағандыдағы жұбайы мен балаларын табады.

Сол кездерде баспасөз бетінде қазақ тілінің алфавитімен бірге жазу емлесін жасау керек деген мәселе көтерілгені белгіі жайт. Бұл мәселені шешуге А.Байтұрсынұлы, Қ. Қарашевтар ерекше атсалысып, екеуі екі алфавит жасады. Профессор Кәкішевтың ғылыми зерттеу еңбеінде Қ.Басымов 1916+1918 жылдары «садақ» журналының 15 шақты санының әрқайсысына 3-5 мақала жариялаған деп жазады.

Қажым Басымовтың еңбектерінің 30-шақтысын белгілі тіл маманы профессор Ш.Сарыбаев өзі шығарған библиографиялық көрсеткіштерде атайды. Қажымның өмірі мен шығармашылығын зерттеген ғалым И.Ұйықбаев «Басымов еңбегін мұзтау (айсберг) секілді. Бізге тек үстіңгі жағы ғана белгілі, ол су астында, яғни көрінбей, беймәлім жатұаны ұланғайыр»,-дейді.

Тіл білімі тарихын зерттеуші Т.Қордабаев «Қазақ тіл білімі мамандарының алғашқы тобы 30-жылдардың бас кезінен бастап көрінді» деп жазды. Ол орфография, морфология, синтаксис салаларына сүбелі үлес қосты. Мысалы, «Латын әрпіне негізделген жаңа емлеміздің құрылысы», «қазақ тіліндегі түрлі сөздердің жазылуы» тағы басқа осындай зерттеулері мен педагогикалық жұмысы үшін Қ.Басымов доцент атағын алды. 1930 жылдан ол Ақтөбедегі аылшаруашылық жоғары мектебінде, мұғалімдер институтында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болып істеген. әқазақ грамматикасы қалай құрылуы керек», «тұрлаулы сөздерді» жазылуы туралы көп еңбегі көрінді.

Истай Кенжеғалиев: Қажекенің артында бай ғылыми, әдеби мұра қалды. «Қазақ», «Айқап» газет – журналдардан бастап көп басылымдарда еңбегі жиналмай жатыр. Асыл атамыздың есімі аталып, рухы қайта оянса екен. Есіл ердің бағы жансын, - деп жазады.

Қажым Басымовты біз білеміз бе? атты Рахмет Иманғалиұлының мақаласына келсек, Т.Кәкішев былай дейді: 1938 жылы 5-қаңтарда Ақтөбенің пединститутында жұмыс жасап жүрген профессор Қажым Басымовты Алматыға оқу комиссариатының жоғары мектеп басқармасының қазақ тілі мен әдеби тілінің методист-консультанты етіп тағайындайды. Қажым өндіре еңбек етіп, педагогика училищесінің 1,2,3 сыныптарына арнап қазақ тілінің бағдарламасын мұғалімдер даярлау курстарының қазақ тілі бағдарламасын, қазақ мектептерінің барлық сыныптарында орыс тілін оқытатын мұғалімдерге арналған бағдарламаны жасаған. Мұндай дүниелердің бұрын болмағанын ескерсек, Қажым Басымовтың қосқан үлесі ерекше дейміз. 1938 жылдан Социалистік Қазақстан «Ауыл мұғалімі» газетерінде жиырмадан астам ғылыми мақалалар жарияланған. Бақа авторлармен бірлесіп, «қазақ тілінің емле ережелері», «орта мектептерге арналған қазақ тілі мен әдебиетіә бағдарламасын редакциялау бір жылға жетер-жетпес мезгілде атқарылған жұмыстар екені қайран қалдырады.

Исатай Кенжеғалиевтің «Қажым Басымұлы» атты мақаласында айтылған көп маңызды ойлар бар.

Қажым Басымұлы отызыншы жылдар басындағы бір мақаласында: «Шындығында, барлық сөзіміздің екпіні жалғыз аяқ буында келе ме? Жоқ,ортасында да келеді. Мысалы: төсенсейші, билейін, оқырман, жасаңдар деген сөздерді алсақ, буынның алдыңғы буынына, яғни сөз ортасына түсіп отыр»- деп өзінен бұрын кең тараған қағидаға түзету жасады.

Соңғы жылдары есімі ескерілмей кеткен лингвист-ғалымның ғылыми мұрасын біршама зерттеген Шора Сарыбаев әкесі Шамғалидің архивінен табылған Қажымның өз қолымен жазған жәдігер есепті «Жұрнақтар» атты дәптерді сөз ете келіп, ғалымның айтылған дәптерімен баспа бетін көрген. «Қазақ тілінің жалғау-жұрнақтары» деген көлемді мақаласын жалғау-жұрнақтары арнайы қарастырылған қазақ тіл біліміндегі тұңғыш зерттеулерге жатқызады.

Қажымның «Қос сөздердің классификациясы яғни топтастырылуы» берілген мақаласын алайық. Ғалым мұнда қос сөздерде мағыналық һәм тұлғалық жағынан бірнеше топқа бөледі:


  1. екі жағы бірдей мағыналы әрі тқлғалары бұзылмай қосарланып айтылатын қос сөздер деп атайды. Мысалы: ойлай, ойлай, жүре-жүре.

  2. мағына һәм тұлға жағынан әр түрлі алдыңғысы мағыналы болғанмен, соңғысы, бұзылып айтылатын қос сөздер. Басымов бұларды айнулы қайталама қос сөздер деп атаған. Мысалы: жылқы-мылқы, түйе-мүйе.

  3. екі жағыда толық мағыналы болып, тұлғалары бұзылмай, жалпы затты, атын білдіретін сөздер. Бұл топтағы қос сөздер «жалпылы заттың қос сөздер» болып аталған. Мысалы: құрт-ққұмырсқа, аяқ-табақ. Мәне, осындай тәсілмен қос сөздерді жеті топқа жүйеленген.

Қажым орфография мен терминология мәселелерін мұқият зерттеуін бағалау жөн.

Қажым әсіресе емле мәселесімен көбірек шұғылданады. Шын сауаттылыққа апаратын жолдың басы – орфографияның бар ертұрманына сай ету екндігін ғалым жақсы түсінген. Қажым сияқты «астана қарындастың қамын ойлап, бір таңда ұйқысынан үш шошынған» оқығандарымыз. «Қатесіз жазу үшін күрес, әдеби тілді өркендету үшін күрес екендігін естен шығармады. Оқуды жеңілдету, оңай сауаттандыру, сөйлеу – жазу тілін бір қалыпқа түсіру тіліміздің өркендеуіне, мәдениетіміздің гүлдене беруіне жол белгілейтін ірі мәселе болып саналады», - леп жазды Басымов.

Қ.Басымұлының ғалымдық еңбегінің маңызды бір қыры – оның педагогикалық мәселелерге білек сыбана араласуы. Ғалым мектепте, жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту мәселесіне көп көңіл бөлді, мектеп өміріне тікелей қатысып, сабақ беру тәсілдерін, әсіресе біздің тіліміздің оқыту сапасын үнемі назарда ұстады. Оның бұл саладағы бір шоғыр еңбегі кезінде мұғалімдердің практикалық жұмыстарына зор жәрдем болды.

Қажым Басымұлы 1939 жылы ақпанның он сегізінде Мәскеуде ұзаққа созылған науқастан қайтыс болды.қазақ тіл білімінің тарихнамасы бағытында көзге түсер бірден-бір еңбек профессор Төлеубай Қордабаевтың «Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары» кітабында «Қазақ тіл мамандарының алғашқы тобы 30-жылдардың бас кезінен бастап көрінді»,- деп жазылды. Осы тұстан бастап Қ.Жұмалиев, С.Аманжолов, Ш.Сарыбаев, Қ.Басымовтардың тіліміздің түрлі мәселелеріне арналған мақалалары жариялана бастады.

Шындығында, Шамғали Сарыбаев пен Басымов Қажым тіл біліміне жиырмасыншы жылдардан бастап араласқан. Басымұлы ол кезде Ташкенттегі университетті бітіріп келген жас маман. Көп ұзамай, 1924 жылы «Тілші» газетінде «Қосымшалар» дейтін ғылыми мақаласын бастырды. Осыларды сараптай келіп, белгілі тіл маманы Иманбай Ұйықбаев 1958 жылы «Халық мұғалімі» журналындағы мақаласында «Басымұлы қосымшалар туралы ілімді қалыптастырушы», - деп қадап айтқан.

Қажым Басымұлының ғалымдық дүниесін, мұрасын таныиар арнайы еңбек – болашақ зерттеушілер, әсіресе жастар қолға алар келелі істің бірі. «Ақтаңдақтар» қазақ ғылымы үшін жиырмасыншы жылдармен ғана бітпейді. Біз үшін сұрапыл – зұламат кезеңді отызыншы-қырқыншы жылдары да тарихымыздан жұлынып тасталған бір рет елеулі үзік. Ол үздікте тіліміздің ұстартуда талай еңбек еткен профессор Қажым Басымұлының да есімі бар, - дейді И.Кенжалиев өзінің мақаласында.

Ғалым Қ.Басымовтың сонау алғашқы білім алуға ұмтылған шәкірт кезінен бастап үлкен ұстаз, ғалым, әдіскер болғанға дейінгі өмір жолын біздің әр қырынан алып суреттеуіміздің өзіндік сыры бар. Міндет, ғалымның біртуар тұлғасын көрсету, өмір бойғы ұстаздық тәжірибесінен оның сол ғалымдық тұлғасын айқындаудағы маңыздылығын және ғылыми әдістемелік еңбектерінеен күні бүгінге дейінгі қолданыстағы өміршеңдігін дәлелдеу.

Ғалым еңбектері мектеп немесе жоғарғы оқу орнына тіке барып, тіке келумен жазыла салынған дүниелер емес, төңкерістен кейінгі аумалы-төкпелі заман зардаптары мен ауыртпалықтарын бастан өткере жүре, ғылымдағы сан түрлі кедергілерді кездестіре жүре жазылған дүниелер. Міне, осындай өмір мектебінен сүрінбей өткен Қажым қазақ тілі тәрізді бүтін бір ғылымның теориялық та, әдістемелік те жақтан дамуына орасан зор үлес қосты. Қ.Басымов қай жерде қызиет етпесін, кіммен жұмыс істемесін тәжірибе жинақтаудан әсте жалықпаған. Оның тек қана өсу, кемелдену жолында болғандығын жазба мұрасына қарап отырып анық көруге болады.

өмірінің қырық жыл саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнады, оның оқу өнегелік тәрбие мұраты мектеп қабырғасынан болсын, жоғарғы оқу орындарынан болсын лайықты білім алып шығуына арналған бар саналы өмірі тек ізленістерге толы. Қ.Басымовты біз сөз етіп кеткен ғылыми-әдістемелік тақырыптардың өзетілігін көрсетеді.

Қ.Басымовтың ұстаздық қызметін үнемі шығармашылық ізденістерге толы болғандығы бүгінгі күнгі оқу әдістеме ілімімен өзектес, сабақтас екендігі әрі оның күрделі әрі терең талдауға негіз болғандығымен маңызды деп білеміз.

Қ.Басымов «Грамматиканы оқыту жөнінде» деген мақаласында грамматиканы оқытудың маңызына тоқталып, оның өту әдісін баяндайды. Гаммматиканы оқыту үстінде оқушының сөйлеу тілі де, жазу тілі де қабаттасып, грамматиканың әр тарауына ілесе өз уақытында жаттықтырылып отырады.

Орта, орталау мектепті бітірген кейбір оқушының осы күнге шейін не өз ойын қағаз бетіне түсіре алмауы, грамматикадан оқытқан мұғалімнің кемшілігі деп көрсеткен еді. Грамматика көркем әдебиетпен байланыспай тұрмайды. Грамматика мен көркем шығарма бірігіп бір-біріне көмек етеді.

Қ.Басымов «Қазақ тілі грамматикасы туралы мынандай әдістемелік пікір айтады: Кітаптағы көптік жалғау (зат есімнің көпше түрі) тәуелдік, септік жалғаудан соң үйретілуі әдісі жағынан өте қолайсыз шыққан. Көптік жалғау зат есімнің көпшесін үйретпей тұрып, көпше зат есімге тәуелдік, септік жалғауын жалғатып көрсету қате» деген пікірін білдіреді.

Қажым Басымовтың «Орталау және орта мектептерге прналған қазақ тілінің жаңа бағдарламасындағы кейбір жаңалықтар» туралы мақаласына тоқталып өту оның әдіскерлік қызметінің жаңа қырын танытады.

әЖаңа бағдарлама жасалған соң да бірнеше рет тіл мамандарының қатысқан мәселесінде сыналып, мінеліп, түзетілді. Сонда да әлі де болса түк кемшілік жоқ деуден аулақпыз. Көш бара түзетіледі. Қалың оқытушы жұмыс үстінде ұшырайтын кейбір мәндерін тапса, оның оқу құралы әділ білімін бағасын арқылы білдірулері керек. Келесі басылуында мінсіз болып шығуына көпшілік пікірі үлкен көмек болады» деп есептейді. (Қ.Басымовтың осы еңбегі түпнұсқадан өзгертілмей берілді).

Қорыта айтқанда, Қ.Басымовтың ғылыми әдістемелік еңбектері, зерттеулері болашақ жас ұстаздарға, студенттерге үлгі, мұра, көмекші құрал бола алатындығымен құнды екені анық.

Қ.Басымовтың негізгі ғылыми-әдістемелік еңбектері:

Емлемізді түзеу туралы. «Еңбекші қазақ», 1929, 28 февраль, №48.

Қазақ тілін өрендетудегі индоевропашылдыққа қарсы. әСоциалистік Қазақстан», 1933.

Емле сөздігіне негізді тиянақ керек. «Жаңа мектеп», 1930, №3, 22-27 беттер.

Қазақ әрпін өзгерту туралы. «Лениншіл жас» , 1938, 12 январь, №6.

Қысқарған сөздерді дұрыс жаза білейік. «Халық мұғалімі», 1938,№3-4.

Грамматиканы оқыту жөнінде. «Ауыл мұғалімі», 1938, №14 июль.

Қазақ грамматикасының кейбір мәселелері. «Ауыл мұғалімі», 1938, №11-12.

Қазақ тілінің жалғау-жұрнақтары. «Жаңа мектеп», 1930, №6,26-52бб,

Қазақ тілінің жалғау-жұрнақтары. «Жаңа мектеп», 1930, №7,35-65бб.

Орталау және орта мектептерге арналған қазақ тілінің жаңа прогрммасындағы кейбір жаңалықтар туралы. 1938.№10.

Сөйлемнің тыныс белгілерін дұрыс жаза білейік. «Халық мұғалімі». 1939 №1.

Сөйлемнің тқрлаусыз мүшелері. «Жалық мұғалімі», 1939. №7.

Педучилищеде сырттан оқушы мұғалімдер үшін оқу программасы мен методикалық түсіндірулер. Алматы, 1938


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет