5В011700- Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В012100- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына арналған



бет3/10
Дата05.11.2016
өлшемі1,79 Mb.
#649
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Өзін өзі тексеру сұрақтары:

1. Қазақ әдебиетінің сыны мен әдебиеттану ғылымының өркендеуі қандай дәрежеде болды?

2. Қазақ әдебиетінің сыны мен әдебиеттану ғылымына кімдер еңбек сіңірді?

3. Осы жылдары қандай зерттеу еңбектер жарыққа шықты?



Әдебиеттер:

1 Қазақ әдебиетінің тарихы 8 том,Кеңес дәуірі (1941-1956) Алматы,2004.

2 С.Б.Жұмағұлов ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеттану

ғылымы(1956- 1991).Монаг. Қарағанды,2008. –552бет.

3 Тоқсамбаева А. Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі қазақ әдебиеті(1941-1960).Оқулық; Семей, 2012ж; «Интеллект». –314 бет.

4 Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 2- кітап.А,«Қазақ университеті» 2002.

–455бет.

5 Жанғара Дәдебаев.Қазіргі қазақ әдебиеті. А,«Қазақ университеті»

2002.– 311 бет.

6 Серік Негимов.Әдебиет әлемі. А, «Ана тілі», 2008ж. –256 бет.

7 Серік Қирабаев. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. А, «Білім»,2003ж.

–198бет.


8 Тұрсынбек Кәкішұлы. Жанр жайлауы 1- кітап.А,«Қазақ университеті»

2007ж. –462 бет.

9 С. Қирабаев. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. А.,1995, 173 б.

10 Зинол-Ғабиден Бисенғали,Жамал Манкеева Қазақ филологиясы:

егіз негіз(Ғылыми мақалалар жинағы) –А: «Арыс».,2010.–352бет

11 С.Қирабаев.Ұлт тәуелсіздігі және әдебиеті.А., 2001, 195-196 бб.



7ДӘРІС БАУБЕК БҰЛҚЫШЕВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Дәрістің мақсаты: Баубек Бұлқышевтың ұлттық әскери әдебиеттің дамуына

қосқан үлесін таныту.



Дәрістің жоспары:

1. Өмірі туралы мәлімет .

2. Шығармаларындағы ерлік пен жауынгер арманын суреттейтін мақала-очерктер.

Ұлы Отан соғысы жылдарында ұлттық әскери әдебиеттің дамуына үлес қосқан жауынгер жазушы Баубек Бұлқышев еді.

Ұлы Отан соғысының шындықтары, өмір мұраты мен адам қайраты, Отанды, елді, жерді аялау мен бағалаудың мол мүмкіндіктері, елдік пен ерліктің үлгі өнегелері, жастық пен достық, махаббаттың өлшем өрнектері, қысқасы ұлттық дәстүрге адалдықтың, атамекенге, ата анаға, бауыр туысқа, отбасына шынайы берілгендіктің сыр сипаттары Баубек Бұлқышевтың ақындық қуаты бай, жазушылық қарымы кең, журналистік мүмкіндігі мол дарын даралығы мен талант табиғатынан терең танылады.

Әдебиетте жарқ етіп көрініп, тез сөнген, жастай кеткен Баубек Бұлқышевтың шағын өмірі әрі аянышты, әрі қызықты. Оның өмірі нағыз кеңес жасының өмірін елестетеді. Ол Қарағанды облысының Ұлытау өңірінде, қазіргі «Амангелді» кеңшарында 1916 жылы туған. Балалық дәуірдің балғын бесігінен жаңа аттаған шағында Баубек әуелі шешесінен, артынан әкесінен айырылып, жетім қалады. Алғашқыда ауыл мектебінен оқып сауатын ашады.Бұдан былайғы оқуына жақын туысы Сейтжан Смайлов деген мұғалім көп ықпал жасайды. Баубек жастайынан алғыр, өжет боп өсті. Сейтжан ағасының көмегімен 1932 жылы Қарсақбай заводындағы фабрика завод училищесіне келіп оқуға түседі. ФЗУ–ды бітіргеннен кейін Баубек 1933-1934 жылдары «Ұлытау» совхозында түрлі шағын қызметте болады. Осы уақыттан бастап ол көркем әдебиетті құмарта оқиды.

1935 жылы тамыздың орта кезінде Баубек оқу іздеп Алматыға келеді. Институтқа түсерлік тиісті білімі болмағандықтан техникумдардың бірін қалауға тура келеді. Өзімен бірге келген ересек жолдастарымен есеп экономика техникумының даярлық курсына түседі.

Оның оқуға, өмірге деген құштарлығын мына өзі жазған хатарының біреуінен байқауға да болады «Менің он тоғыз жасымда бар ойым оқуда, қызмет жайында және несін жасырайын, атақ жайында болатын. Мен толып жатқан өнер жайын ойлаушы едім Алдымен ақын болғым келетін. Пушкин мен Лермонтовты, Гете мен Гейнені, Байрон мен Шиллерді оқығанда біржола сүңгіп кетуші едім. Бұл ақындар маған қатты ұнайтын да, күні түні басымды көтермей оқитынмын. Мен күйші де болғым келетін. Чайковский мен Глинканы, Бетховен мен Шопенді ерекше құмартып тыңдаушы ем. Мен өзімшіл екем, әрі ақын, әрі күйші болғым келетін.

Жоқ, шынын айтсам, маған ол аз еді. Менен гөрі ересек жолдастарым мен бірге туған ағаларым институт бітіріп, біреуі инженер, біреуі тарихшы болып шыққанда, осы мамандықтар түгелімен менде де болса деуші едім.

Әдебиетпен шындап айналысқан Баубек техникумның екінші курсында есеп қызметкері болу мамандығынан мүлде суып, оған селсоқ қарайтын болды. Уақытының бәрін әдебиетке арнап, соның қызығына түседі. Қызға арнап өлеңдер шығарады. «Балалық шақ» деген поэма, «Ауылдан Алматыға» деген ұзақ әңгіме жазады. Бірақ бұл екі әңгімесін де «нашар нәрселер» деп жыртып тастаған. Баубек бұл жылдары әлеуметтік тақырыптарға да өлеңдер жазып жүрді. Бұл жазғандарын «Лениншіл жас» газеті, «Қазақ әдебиеті» журналы сияқты баспасөз орындарына ұсынған.

1938 жылы техникумның екінші курсын бітіріп, жазғы каникулда елге бармастан қазақтың мемлекеттік баспасында іс атқарушы болып уақытша қызмет істейді. Осында жүріп «Айсұлу» поэмасын бітіреді. Сол кездегі баспаның директоры Ә.Сәрсенбаевтың ұсынуымен Баубек Қазақстан Жазушылар ұйымының жанынан ашылған жас ақын жазушылардың екі айлық курсына алынады. Бұл курсқа алынған соң, ол техникумнан арыз беріп босанады. Курсты сол жылы аяқтап Жазушылар ұйымының жолдамасымен «Лениншіл жас» газетіне әдеби қызметкер болып орналасады. Мұнда біраз істеген соң «Октябрь балалары» газетінің бөлім меңгерушісі болып жоғарылайды. Газеттің күнделікті тынысына еріп бірде мақала, очерк, рецензия жанрларымен айналысса, бірде әңгіме, новелла, өлең жазды. Алматыға келген күнінен бастап оның өмір жолы - жанталасқан оқу, іздену, үйрену жолы болды. Алматы оған шығармашылық қанат бітірді, «Пай, пай, Алматы ай!..- деп жазды ол, - поэзия қаласысың сен! Жүрегімді мың бұрап, ойлы, әсерлі, әсем қиялға бөлеген ғажап қаласың! Сен туралы, сенің батыр ұлдарың туралы жазбақпын. «Алматылықтар»деп атаймын оны» –деп жазды Баубек.

Ұлы Отан соғысы жылдарында шығарылған газет, журналдардың қай қайсысы болсын дәуір келбетінің толыққанды тынысын, күн тәртібінде тұрған тарихи оқиғаларды мейлінше кең суреттеуді мақсат етті. Қоғамдық пікірдің жаршысы саналатын әрбір қаламгер қоғамдық - әлеуметтік маңызы бар, Отандық мәні, халықтық нәрі бар келелі мәселелерді көтеруге құлшынды. Осы бір асқаралы міндеттерді шешуде жедел дамыған оқиғаларға сарт сұрт қатынасып, найзағай отындай жарқ етіп шыға келетін жауынгер жанры әскери публицистиканың маңызы айтарлықтай болды. Қысталаң кезеңдегі қоғамдық дамудың жеделдігі мен халық энтузиазмының өршіл рухының диалектикалық бірлікте жымдаса өріліп, шынайы шындық бізімен кестеленгендігінде. Баубек өз публицистикалық шығармаларын хат түрінде, елімен, жерімен, дос жарандарымен тілдесу, сырласу түрінде жазған.

«Жауыздық пен махаббат» шығармасында қан майданда өзімен бірге болған құрдасы жайында, оның үйін іздеп, туған селосына барғанын сөз етеді. Бұл құрдасы қан майданда табысқан, мақсаты бір жанашыр досы еді. Егіздің сыңарындай екі құрдастың бірі бұлбұлы сайраған Курск жерінде, орыс отбасында дүниеге келген де, екіншісі Сарыарқа самалы жанын тербеткен қазақ даласында туған. Одан әрі екеуінің өмірі бір арнаға түсіп, бірлесе ағады. Бұрын соңды бірін бірі етене жақын білмеген екі жас окоп үйдің ішінде тұңғыш рет танысады, ойлары орайлас, мақсаты мығым екі досқа айналады.

Бұл қысқа мерзімнің аясында өмірге келген достық болса, бірақ ғұмырға бергісіз шын жүрекпен жалғасқан аяулы адал достық еді. Окопта жатып екеуі де жараланады, жандарына батқан жараларын кезектесіп таңады. Осындай уақытты Баубектің өзі: «...Екеуміз бір бірімізді сүйемелдеп, кейінірек түсіп жатуға орнымыздан қозғалғанымызда көзіміз өзіміздің жаралы денеден төгілген қанымызға түсті. Жас адамның қаны қып қызыл бола ма, әлде бізге солай көрінді ме, өрттей қып– қызыл қан окоптың екі жақ жаны арқылы ағып келіп ұштасып, бір жерге құйылып жатыр екен. Әлі де тоқталып бітпеген жас дененің қаны тыйылмады. Кейде менің, кейде оның денесінен бинтке сыймай кезекпе кезек тамшылаған жас қан жаңағы жерде көз алдымызда қосылып ақты да тұрды».

Баубек публицистиканың нәрі мен дәні өзекті мәселелерді өткірлікпен көтеріп жүрек таразысының өлшемімен өрнектеуі сезім сығындысын, ой асылын ғана тап тұйнақтай шымыр қалпында оқырманға ұсынуы.

« Мен өмір сүргім келеді» туындысы – жанрлық жағынан эпистолярлық сипат – сырлары мол туынды. Майдан даласындағы аз ғана тыныштықта алыс ауыл, жақын – жуық , дос – құрбылар ойға оралады. Балалық жастық кезең көзалдыңнан өтеді. Өмірге құштарлық, өнерге сүйіспеншілік сезімі бойды билейді. Жанна қызбен – сүйген сұлумен сырласады. Өмір мұраты, еңбек өнегесі, еркіндік тынысы өзіндік өзгешеліктерімен қиялды қанаттандырып, көңілге түрлі ой салады.

«Мен өмір сүргім келеді» дейтін мақаласында фашистердің бет пердесін әшкерелей отырып, Баубек өз кейіпкерлерінің оларға қарсы күрес үстінде туған кекті мінезін, қайсарлығын, табандылығын былай суреттейді: «Менің өмір сүргім келеді. Бірақ фашистік неміспен бірге өмір сүре алмаймын. Фашисі бар дүние тар мен үшін. Адам мен аң бір бөлмеде тұра алмайды. Бір жердің үстінде фашистік неміспен жасай алмаймын мен. Біз Шиллерді, Гетені сүйеміз, біз оларды қазір де жақсы көреміз. Біз қанқұмар емеспіз. Бірақ мен Германия жастарының арасында Вертер сияқты біреуін де таба алмадым. Оларда жүрек жоқ. Немістер тіпті солдат та емес. Суворов: «Солдат талаушы емес» депті. Мен мұны азырақ қана ауыстырып, «талаушы солдат емес» дер едім ».

Міне ел басына күн туғанда ер намысын жоғары ұстап, халқының рухын көтеріп, отты сөзін өмір өзегінен алған жалынды публицистің жауыздарға деген идеялық нысанасы, жүрекжарды үкімі осындай еді.

«Өмір мен өлім туралы» атты туындысында автор кейіпкер зердесі мен өмір жайлы толғанысын білдіреді. Қамшының сабындай қысқа ғұмырын мәңгілік нұрға бөлер ақ сәуле, ой мұрасынан өшпес із қалдыруды арман етеді.

«Шығыс ұлына хат» ел басына күн туғанда ер намысын жоғары ұстап ерлікке шақырған, халақ рухын биікке көтерген, қызуы мол публицисттикалық туынды. Жауынгердің Отанға деген зор сүйіспеншілігін, елдің нұрлы келешегін қорғаудағы ерен ерлігін автор тарихи философиялық тұрғыда былай тұжырымдайды: «Біз ерліктің екі бірдей мектебінен тәлім алдық. Біз Шығыстың Қобыланды, Тарғын сияқты батырларынан ерлікті бір үйренсек, орыс халқының батырлары Суворов, Кутузовтардан екінші үйрендік. Біз Исатай мен Махамбеттің, Абай мен Амангелдінің балаларымыз. Біздің қылышымыз фашистік немістің қанымен суарылуы керек. Серт осы болсын!».

«Заман біздікі» - ел – жер жайлы толғаныстарға толы. Перзеттік парыз бен қарыздың, шынайы шындықтарға суарылған сырлы сезімнің қуат – күші жоғары. Азаматтық пен бостандықтың өлшемі, татулық пен туысқандықтың таңбасы айқын. Бейбіт өмірге құштарлық пен балалық шаққа саяхат, жастық пен достық сырлары шындық жайттарды арқау етуімен де мәнді. Ең бастысы, әрине өмір мен өлі өлшемі, соғыс пен бейбітшіліктің бағасы – адам мұраты, арман – аңсары, еңбек тынысы негізінен кең өріс алады.Шығарма мұратынан: ел – жер, тарих пен тағдыр, жастық пен достық жырлары былай беріледі. «Біз жастар, тағдырымыз сенімен байланысты екенін білеміз. Туған жер. Біз сенің топырағыңда ғана бақытқа бөленбекпіз. Өмірдің биік шыңына қол созамыз, адам дүниесінің сан - саласына ой жүгіртеміз. Біз бақытты жастар едік. Сенің үстіңде қуанышқа кенеліп, той тойлаған күндер есте. Бүгін сенің үстіңде өстік, керек болса сенің үстіңде өлеміз де.

Өзін өзі тексеру сұрақтары:

1.Баубек Бұлқышевтың аяқталмай қалған шығармасы қалай аталады ?

2. Баубек Бұлқышевтың қандай очерк, публицистикалары бар?

3. Баубек Бұлқышев «Шығыс ұлына хатын» кімге жазған?



Әдебиеттер:

1 Қазақ әдебиетінің тарихы 8 том,Кеңес дәуірі (1941-1956) Алматы,2004.

2 Б.Бұлқышев.Адамзатқа хат.Шығармалар жинағы, А:Жалын, 1977ж

3 Тоқсамбаева А. Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі қазақ әдебиеті(1941-1960).Оқулық; Семей, 2012ж; «Интеллект». –314 бет.

4 Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 2- кітап.А,«Қазақ университеті» 2002.

–455бет.


5 Жанғара Дәдебаев.Қазіргі қазақ әдебиеті. А,«Қазақ университеті»

2002.– 311 бет.

6 Серік Негимов.Әдебиет әлемі. А, «Ана тілі», 2008ж. –256 бет.

7 Серік Қирабаев. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. А, «Білім»,2003ж.

–198бет.

8 Тұрсынбек Кәкішұлы. Жанр жайлауы 1- кітап.А,«Қазақ университеті»

2007ж. –462 бет.

9 С. Қирабаев. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. А.,1995, 173 б.

10 Зинол-Ғабиден Бисенғали,Жамал Манкеева Қазақ филологиясы:

егіз негіз(Ғылыми мақалалар жинағы) –А: «Арыс».,2010.–352бет

11 С.Қирабаев.Ұлт тәуелсіздігі және әдебиеті.А., 2001, 195-196 бб.


8 ДӘРІС МӘЛІК ҒАБДУЛЛИННІҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Дәрістің мақсаты: Мәлік Ғабдуллиннің жазушылық, ғалымдық қырларын

таныту.


Дәрістің жоспары:

1. Мәлік Ғабдуллиннің өмірі туралы мәлімет.



2. Майдандық жазбалары.

Мәлік Ғабдуллин Кеңес Одағының Батыры, жазушы, профессор, филология ғылымының докторы, қоғам қайраткері, КСРО Ғылым Академиясының ғылыми қызметкері, ержүрек батыр.

Мәлік Ғабдуллин 1915 жылы 2 (15) қарашада Ақмола облысы, Зеренді ауданына қарасты Қойсалған ауылында дүниеге келді. 14 жасынан бастап атақты жазушы Сәбит Мұқановтың тәрбиесін алады. 1924-1931 жылдар аралығында М.Ғабдуллин Көкшетау қаласындағы жетіжылдық қазақ мектебінде оқиды. 1931 жылдың қыркүйегінен 1935 жылдың шілдесіне дейін Алматы қаласындағы Абай атындағы Педагогика институттың  «Қазақ тілі мен әдебиеті» бөлімінің студенті болады.

1935 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын тәмамдаған соң, 1935-1937 жылдар аралығында әскери борышын өтейді (1937 жылдың қарашасына дейін Өзбек ССР-і Ферғана қаласында Отан алдындағы борышын өтеді). Әскерден келгеннен соң 1937 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер болып еңбек етеді. 1938 жылы «Қазақстан пионері» газеті редакторының орынбасары қызметінде, одан КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық филиалындағы Тіл және Әдебиет Институтында ғылыми қызметкер болады. 1938-1946 жылдар аралығында Абай атындағы ҚазПИ-де аспирантуралық дәреже бойынша білім алады. Жас аспирант кандидаттық диссертация тақырыбы ретінде  «Қобыланды батыр» эпосын таңдап алып, халқымыздың ауыз әдебиетіне, оның ішінде ұлттық фольклор тұнығына тереңінен бойлайды. Бірақ сәтті басталған диссертациялық жұмысын аяқтағанымен, қорғауға мүмкіндігі болмайды. Себебі дәл сол кезде сұрапыл соғыстың оты тұтанған болатын.

1941 жылы ел басына күн туып Ұлы Отан соғысы басталғанда алғашқылардың бірі болып өз еркімен майданға аттанады.
1941-1945 жылдар аралығында Мәлік Ғабдуллин Ұлы Отан соғысына қатысады. 1941 жылдың қыркүйегінен бастап соғыстың соңына дейін фашистік күштерден Отанды қорғау борышын абыроймен атқарады. Аға политрук болады. Майданда И. В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияда жауға қарсы шайқасады. 1942 жылы Новгород облысына қарасты Холм қаласының маңында болған ұрыста Мәлік солдаттардың біразына басшылық етеді. Кескілескен ұрыстың нәтижесінде жаудың екі таңкісін гранатамен жарып, жаудың 12 солдатын тұтқынға алады. Ұрыс кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат алады, алайда алған жарақатына қарамастан жауға қарсы оқ боратады. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен (№ 1035) Мәлікке 1943 жылдың 30-қаңтарынан бастап Кеңес Одағының Батыры атағын береді.
Бұл атақпен қоса Ленин ордені және «Золотая Звезда» медаліменде қоса марапатталады.

1946 жылдан бастап М.Ғабдуллин запастағы подполковник болады. Сұрапыл соғыс жылдарынан соң елге аман қайтып, түрлі салаларда белсенді қызмет етеді. Артынан өшпес із қалдырады. 1959 жылы оған «Филология ғылымдарының докторы » ғылыми дәрежесі тағайындалады. 

Соғыстан кейінгі жылдары ғылыми-педагогикалық салада қызмет атқарады. 1946-1951 жылдар аралығында Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тіл және Әдебиет Институтында директорлық қызметте болады, 1951-1963 жылдар аралығында Абай атындағы ҚазПИ-де ректорлық қызмет атқарады, 1963-1973 жылдары Қазақ КСР ҒА Тіл және Әдебиет институтында фольклор бөлімінде меңгеруші болып істейді.

М.Ғабдуллиннің әдеби қызметі 1938 жылдан басталды. Оның қазақ фольклоры  мен әдебиеті туралы жазған 100-ден астам мақалалары республикамыздың газет, журналдарында жарияланды.

Мәлік Ғабдуллиннің зерттеген негізгі еңбектері қазақ халқының батырлық эпостары, мақал-мәтелдері, айтыстары, ертегілері мен халық әндері болды. Қазақ әдебиетінің көп томдық тарихын шығаруға ат салысады. Оның «Қазақтың батырлық эпостары » зерттеу еңбегі 1972 жылы Ш.Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болады. КСРО Жоғарғы Кеңесінің 2-ші және 4-нші шақырылымдарында депутаттық мандатқа ие болады.

Мәлік Ғабдуллиннің «Менің майдандас достарым (Мои фронтовые друзья)» (1947), «Алтын Жұлдыз (Золотая звезда)» (1948), «Майдандық очерктер (Фронтовые очерки)» (1949), «Будни войны» (1968), «Достар, жолдастар жайлы» (1969), «Ызғарлы жылдар (Грозные годы)» (1971) атты еңбектері бар. Мәліктің әдеби туындыларының кейбірі И. П. Щеголихин көмегімен орыс тіліне аударылды.

Соғыстан кейінгі бейбіт өмірде саяси-қоғамдық істерге белсенді түрде араласып, еңбек сіңіргені үшін оған 1961 жылы ҚазКСР-не еңбегі сіңген қоғам қайраткері атағы берілді.

Қазақ хылқының біртуар батыр ұлдарының бірі болған, ұлағатты ұстаз, қоғам қайраткері және жазушы Мәлік Ғабдуллин 1973 жылы 2-қаңтарда Алматыда көз жұмды.

Мәлік Ғабдуллин кезіндегі қазақ әдебиетіне қарсы жүргізілген солақай саясаттан талай мұрамызды сақтап қалған. Артына өшпес мұра қалдырған азаматтарды құрмет тұту өскелең ұрпақтың парызы болғандықтан қазір ол кісінің еңбектері қайта зерттелу үстінде. Батырдың Алматыда тұрған үйі мен қызмет атқарған институтында батырға арнап мемориалды тақта орнатылған. Өзі туып-өскен аудандағы мектеп пен көше аттары Мәлік Ғабдуллиннің есімімен аталады. Көкшетауда батырға арналып арнайы мұражай ашылған. Алматы, Астана және Көкшетау қалаларында көше аттары М.Ғабдуллин есімімен аталады.

Қаһарман-ғалым Мәлік Ғабдуллиннің шығармашылығы қақында профессор Серік Негимов былай дейді: Ұлы Отан соғысы жылдарында жазған шығармалары тарихилық және көркемдік мәнімен де өзгешеленеді. Сөз өнерін ардақтап кие тұтқан, қазақ баласына деген өлшеусіз құштарлықтың, ізгілік-адамгершілік қасиеттің, рух-жігері асқақ қайраттың иесі Ер Мәлік лапылдаған оттың, «көкала түтіні бұрқырап» гүрсілдеген оқтың ішінде жүріп, өнімді, өрнекті еңбектеніп телегей шығармалар туындатқанына қайран қалмасқа болмайды. Мәлік Ғабдуллин 1942 жылдың 12 мамырында Ғабит Мүсіреповке жазған хатында былай дейді: «Менің шатаспаған жерім аз деймін. Соғысқа енісімен күнделік жазуға кіріскем. Оның барлығы былтыр бір соғыста оққа ұшып кетті. Соңынан «Қазақ баласы» деген атпен көп нәрсе жаздым. Көлемі 750 беттен артық, дәптер бетімен санағанда. Мұнда Бауыржан Момышұлы, Мұқан Сламқұлов(сіз оны білесіз ғой), Балтабек Жетпісбаев, Жалмұқанбет Бозжанов, Қазтай Садуақасов, Жұмажан Батталовтардың ісі, ерлігі және көптеген эпизодтар жиналды».

М.Ғабдуллиннің Бауыржанның қолбасшылық өнері, үлгі-өнегесі, шешендік қабілеті, терең дүниетанымы, батырлық болмысы «Бауыржан Момышұлы» дейтін мемуарлық повесі (1941-1942) мен «Қазақ мақалының күші» деген эссесінде (1943) әдемі сипатталады.

«Дивизия командирі генерал-майор Панфиловтың бұйрығы бойынша– деп әңгімелейді гвардия майоры Мәлік Ғабдуллин. Бұрынғы артиллерист, аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Н. полкының бірінші батальонына командир болып тағайындалды». Міне, осыдан бастап командирлік тізгінін қолына алған соң, айбынды міндеттерді абыройлы орындау мақсатында жауынгерлерді небір қиын да күрделі сынақтардан өткізді. 50 шақырымға марш жасау, оның ерекшеліктері, маршта тәртіп сақтау және қорғаныс құрылыстарын салу секілді. Әрі осы ұзақ жорықта жауынгерлердің ептілігі, тұрмысқа икемділігі де (мысалы, тамақ пісіру) сыналатыны да аян. Қиыншылықтар мен қайшылықтарды жеңу үшін шыдам да, көнтерлілік те, төзім де, икемді қабілет те қажет.

Мәлік Ғабдуллин «Қазақ мақалының күші» эссесінде («Социалистік Қазақстан» газеті, 1943 жыл, 27 ақпан) Бауыржан Момышұлының бірсыпыра төлтума ғибратты сөздеріне назар аударып, дәптеріне сақтап, олардың туу тарихын, нақты себептерін шебер баяндайды.

«Жауынгер майданда жеткен табысына қуанады, кейде қолайсыз жағдайға түсіп қалғанына қынжылатын кездері де болады. Осындай қынжылысты сейілту үшін, жауынгерлерді жігерлендіріп, қиыншылықты жеңуге аттандыру үшін берілетін айбынды бұйрықтың әсерімен бірге, халықтың қара тасты қақ жаратын өткір поэзиясының, данышпандық ма-қал-мәтелдерінің әсері, ықпалы өте күшті болды. Мұны қазіргі соғыс жағдайы әбден анықтады» – деп әділ көрсетеді Мәлік батыр.

Қолбасшы командир Бауыржанның теңіздей толқыған, көкірегінде күмістей жарқыраған сөздері жатыр.Бұлардың тек-төркіні–соғыс жағдайын терең бақылағандықтан, оқиғаларды нәзік таразылап,дұрыс қорытындылар шығарғандықтан, ақыл мен ойдың тізгінін тең ұстағандықтан,тәрбие мен тәжірибенің сырларын мінсіз меңгергендіктен.

Мәселен: 1.Намысты нанға сатпа. 2.Қырағының көзі де батыр, өзі де

батыр. 3.Тәртіп тән үшін, ынтымақ жан үшін керек. 4.Тізе бүгіп, тірі

жүргеннен, тіке тұрып, өлген артық. 5.Ана үшін аянба – ант ұрады,бала үшін

аянба – бетің күйеді,Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,жұрт үшін аянба –

жігіттігіңе сын. 6. Ел дегенде – езіліп, жұрт дегенде – жұмылып істе.

8. «Батыр – батыр емес, батырларды бастаған батыр ». Біз қас жауды қарумен де, халықтың қаһарлы сөзімен де қиратудамыз. Халық сөзі, оның данышпандық мақалдары, бізге зеңбірек, танк, винтовка, автомат қандай қызмет етсе, олар да сондай қызмет етуде деп аяқтайды «Қазақ мақалының күші» эссесін Кеңес одағының Батыры, гвардия майоры Мәлік Ғабдуллин.

Баукең сөздерін жедел хатқа түсірген М.Ғабдуллиннің ұқыптылығын, кісілігін, екі ірі тарихи тұлғаның арасындағы шығармашылық байланысты атамауға болмайды.

«Егер жазушы, не ақын болсам, көк күмбезді қағаз етіп, көкала дарияны сия етіп «Батыр Бауыржан» деген хикая да жазған болар ем» – деген Ер Мәліктің лала лебізінде телегей сыр бар-ау! (1942 жылдың 15 қыркүйек күні жазылған хатынан).

Өзін өзі тексеру сұрақтары:

1. Мәлік Ғабдуллиннің қандай зерттеу еңбегі бар?

2. Мәлік Ғабдуллиннің майдандық жазбалары не туралы?

3. Мәлік Ғабдуллин туралы жазылған қандай еңбектер бар?



Әдебиеттер:

1 Қазақ әдебиетінің тарихы 8 том,Кеңес дәуірі (1941-1956) Алматы,2004.

2 М.Ғабдуллин «Алтын жұлдыз» Ана тілі.Алматы.2005.

3 Тоқсамбаева А. Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі қазақ әдебиеті(1941-1960).Оқулық; Семей, 2012ж; «Интеллект». –314 бет.

4 Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 2- кітап.А,«Қазақ университеті» 2002.

–455бет.


5 Жанғара Дәдебаев.Қазіргі қазақ әдебиеті. А,«Қазақ университеті»

2002.– 311 бет.

6 Серік Негимов.Әдебиет әлемі. А, «Ана тілі», 2008ж. –256 бет.

7 Серік Қирабаев. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. А, «Білім»,2003ж.

–198бет.

8 Тұрсынбек Кәкішұлы. Жанр жайлауы 1- кітап.А,«Қазақ университеті»

2007ж. –462 бет.

9 С. Қирабаев. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. А.,1995, 173 б.

10 М. Ғабдуллин. Достық жыры.«Социалистік Қазақстан», 1947, 18қараша.

11 С.Қирабаев.Ұлт тәуелсіздігі және әдебиеті.А., 2001, 195-196 бб.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет