5В050504 «Журналистика» мамандығына арналған «Бұқаралық коммуникация тілі мен стилі»



бет5/7
Дата31.12.2019
өлшемі1.1 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Бақылау сұрақтары:

1.Радиотілдің ерекшеліктері.

2.Радионың өзіндік ерекшеліктері.

3.Радиотілдің бүгінгі табысы.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Зарва М. Произведение в радио и телевизионной речи.- М., 2006.

2.Омашов Н. Қазақ радиожурналистикасы. А., 1993.

3.Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиялары. А., 1998.

4.Әбжанов Қ. Телевизиялық фильмдер. А.,2003.

14 Дәріс. Конвергентті журналистика
Конвергентті журналистика (ағылшынша Convergen cejournalism)  - бұл ақпараттық және коммуникациялық технологиялар интеграциясының бірыңғай ақпараттық ресурсқа бірігу процесі. Бүгiнгі таңда қазiргi заманғы медиа - компаниялар ақпараттық және ойын-сауықтық өнiмдерiнiң өз спектрлерiн кеңейтедi және медиа өнiм берудiң «жаңа» формаларын қолданады: ол – онлайн газет, интернеттегі радио, веб-телекөрсетілім. Конвергенция сөзінің өзi латынша «convergo» - «жақындатамын» деген мағынаны білдіреді. «Convergence» ағылшын тiлiнде «бiр нүктеде жинақталу» дегенді бiлдiредi. Павликова М. БАҚ және коммуникацияларды зерттеушi канадалық Дэнис Макуэйлаға сүйене отырып, келесi анықтама бередi: «Бұл бiр маңызды өнiмнiң әртүрлi арналарға әртүрлі құралдармен таратуы». А.Г. Качкаева конвергенцияны төмендегідей жіктеуді ұсынады:

-        Конвергенция – бұлмедиа холдингтің медиа-стратегиясы;

-         Конвергенция – бұл тактика;

-         Конвергенция – қайта қаптау;

-         Конвергенция – бұл ақпаратты жинақтау және өңдеу;

-         Конвергенция – ақпарат берудің жаңа түрі.

     Сонымен, конвергенция – бұл бірыңғай контентті әр түрлі құралдармен (мәтін, дыбыс немесе видео) және коммуникацияның әр түрлі арналары (пресса, телекөрсетілім, радио, Интернет) арқылы тарату.
Конвергентті журналистиканың пайда болуы

Алғашрет Хелемендик В.С. БАҚ қызметінің жаңа тәсілін және «бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі» анықтамасын 1977 жылы енгізді. Нәтижесінде БАҚ-тың дәстүрлі жүйесі өзгерді. Қазіргі газеттер, радио, телекөрсетілім және Интернет жақындасу пайда болатын мультимедиалық ортада қызмет етеді. Хелемендик бұқаралық ақпарат коммуникация координациясының негізгі принциптерін былайша көрсетті: ерекшелігі, мазмұнын жүйелі түрде түзетуі, қызметтің ортақтығы және басылым, радио және телекөрсетілімнің өзара тәуелділігімен, олардың өзара әрекеттесуін мойындау организациялық құрылымы өзгереді және қазіргі таңда дербес газет, радио, телекөрсетілімнің жалпы ақпараттық орталыққа бірігуі олардың бұқараға эффекті әсер етеді.

«Медиа арасындағы шекараны жою – өзара коммуникация құралдарымен, мысалы: телефон, пошта, телеграф және бұқаралық құралдар коммуникация сияқты, мысалы: пресса, радио, телекөрсетілім» - деп Итьельде Соло Пульайтқан.

Соңғы 20 жылда мультимедия туралы нақты айта бастады. Бұл хабар жүргізу әдісі ретіндегі компьютерлік техника мен компьютерлік желілердің дамуы мен өрлеуіне байланысты болды. Осы технологиялар бір сақтаушы компакт-диск ішіне әр түрлі коммуникация құралдарын – визуалды, мәтіндік, дыбыстық және сөйлеу – біріктіруде мүмкіндік берді.



Мультимедиялық өнім

Қазіргі таңда видео монтаж, түстер, фото суреттерді компьютермен өңдеу, анимация, инфографика және дыбыспен жұмыс істеу биік дәрежеге жетті. Көркем-бейнелеу құралдары медиада еркін қолданылады. Бүгінде БАҚ өнімін жасайтын технология деңгейі кез келген творчестволық идеяны жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Мультимедиа тарихына мыналарды жатқызуға болады:

Гипер сілтемесі бар мәтін; Видео; Фото; Слайд-шоу; Аудио; Инфографика; Карикатура; Интерактивтік форма (дауысбері, пікірлер, рейтингтер);

Оларды бірінші және қосалқы компонентті деп бөлу ыңғайлы. Біріншіге басқа ресурстарға сілтемесі бар мәтінді, фото, видео немесе аудионы жатқызуға болады. Осыларды барлық материалдар қолданады. Ал қалған барлығы қосалқы болып табылады. Егер дәстүрлі жанрда мәтін негізгі рөл атқарса, мультимедиялықта ол маңызды емес. Бұл жерде негізгі ақпаратты сурет, фото қатар атқара алады. Ал мәтін пікірлер, толықтыру, тақырыпша және т.б. рөлді атқарады.
Конвергентті редакция

Қазіргі таңда конвергентті редакция медианың перспективті даму модельдердің бірі болыптабылады. Редакция концепциясының идеясы бүгінде мүмкін болатын бүкіл медиа-өнімнің форматтарына біріккен: онлайн, баспалық, мобильді, сонымен қатар хабарлы. Конвергентті редакцияның түрлері:



Мультимедиялық редакция – бұл әр технологиялық басылымға арнайы дайындалған редакторлардың болуы.

Интеграцияланған редакция – бұл негізгі технологиялық басылымда өтетін барлық жаңалық ағындарының бірігуі.

Кросс-медиалық редакция – бұл ақпарат алмасу өзара принциптеріне сәйкес жүретін процесс.

Конвергентті журналистикада жұмыс істейтін «жаңа журналист»:

Жаңалық материалдарды онлайн ресурстары үшін өңдей алуды керек;

Аудио және видео материалдарды Интернетке жүктей алу қажет;

Видео-репортажды түсіре білу керек;

Фотосуреттерді жасай білу, сонымен қатар оларды Интернетке жүктей алуды білу қажет;

Компьютерде жедел жұмыс істей алу керек;

Интернет желісінде бағдарлай білу қажет;

SMS-хабарлама түрінде жаңалықтарды жасай білу керек;

Мүмкін болатын бүкіл компьютерлік бағдарламаларды қолдана алу керек;

Wi-Fi арқылы бірден басылымға, нөмірге және сайтқа ақпарат бере алу қажет;

Мүмкін болатын барлық блогтарды жүргізе білу керек;

Сапалы ақиқаттар мен мәліметтерді тере алуы қажет;

Кез келген уақытта байланыста болуы қажет.


Бақылау сұрақтары:

1. Конвергентті журналистиканың пайда болуы

2. Конвергентті редакция

3. Мультимедиялық өнім


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Зарва М. Произведение в радио и телевизионной речи.- М., 2006.

2.Омашов Н. Қазақ радиожурналистикасы. А., 1993.

3.Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиялары. А., 1998.

4.Әбжанов Қ. Телевизиялық фильмдер. А.,2003.

15 Дәріс. Радиохабарларын тілдік бейнелеу және акустика
Радиохабарларын тілдік бейнелеу оның бұқаралық өзгеше ақпарат құралы екендігімен тығыз байланысты. Әдетте тілмен безендіру, бейнелеу тек баспасөзде ғана емес, элекронды ақпарат құралдары радио мен телевидениеге де қатысты болып келеді. Радиода тілдік безендіру, бейнелеу, ажарлау, мәнерлеу хабарлардың сапасын арттырып, көркемдігін күшейтеді. Бұл орайда лингвистиканың теңеу, эпитет, метафора сияқты бейнелеу құралдарын кеңінен әрі жан-жақты қолдану тиімділікке жеткізеді. Ойдың логикалық әсерін пайдалана отырып, тыңдарманның немесе көрерменнің назарын аудару, қызықтыру, тартымды сөйлеу секілді компоненттерді орнымен әрі қажетіне қарай қолдану табысқа жеткізбек.

Тілдік безендіру-радиохабарларының көркем шығуына қызмет ететін фактор. Сондықтан тіл бояуларының тартымды шығуына күш салып, ізденістер жасау лазым. Хабар көркемдігі сапалы болса, тыңдаушыға да оның берер әсері зор болмақ. Бұл орайда лиризмнің орны ерекше екенін ескерген жөн. Лиризм – адамның көңіл-күйі мен ой-сезіміне қозғау салады. Ал, бұл жағдай радиотыңдаушы үшін аса қажет. өйткені дәл осындай ара қатынас орнату, тыңдаушы мен жүргізушінің немесе автордың, радиожурналистің арасында белгілі бір байланыс орната білу де таптырмайтын қасиет.

Кез келген хабарды құрғақ тілмен жүргізу табысқа жеткізбейді. Сондықтан эфирде сөйлеу мәнерінің мән-маңызын ұмытпау керек. Мәнерлі де, айшықты тіл болмай адамның назарын аудару мүмкін емес. Бұл ретте тек сөздің жылтырақ сыртқы әсерін ғана көздемей, оның маңыздылығына басым зер салған жөн. Аз сөзбен көп мағына беру, ойдың ұтымды болуын ойлау, сөздердің астарлы, мәнді шығуын байыптау қажет. Сөз дәл, анық, айқын рөл атқарып, тыңдаушы ұғымына сай келуін қарастыру абзал. Сонда берілетін әрбір хабар түрлерінің немесе жанр түрлерінің тілдік бояулары өздеріне тән, лайықты жағдайында көрініс береді. Саяси хабар мен көркем хабардың өз орны бар. Бұларда тілдік бояуларды қолдану бірдей емес. Саяси хабарды тым көркемдеп жіберу де жараспайды. Сондықтан әрбір хабар түрлерінің өз табиғатын ескеріп отыру талабы туындайды. Тіл – ойдың көрінісі.

Ал радиохабарларын безендіру үшін тағы да бір жол – акустика болмақ. Акустика радио мен телевидениеде ерекше рөл атқарады. Акустика – тіл әуезі туралы ілім. Ол гректің «естілу» деген сөзінен шыққан термин. Акустика термині физикада да қолданылады. Бірақ радио мен телевидениедегі акустиканың орны мен қызметі бөлек. Ол – хабарлардың дұрыс жасалуына әсер ететін фактор. Акустика арқылы дыбыстардың бөлмеде немесе далада қалай естілетінін байқаймыз. Ал мұның өзі микрофон қолданылатын, дыбыс, сөз жазылатын және эфирден берілетін ақпарат құралдары үшін ескертуді қажет ететін жәйт. Сөз дыбыстары мен табиғатта кездесетін заттар қақтығысынан туатын жаңғырықтар болып жатады.

Радиода хабарларды акустикалық безендіру құралдары – сөз дыбысы, шу, музыка, монтаж болып есептеледі. Яғни, хабар ішінде әртүрлі дыбыстарды дұрыс жазып алудың реті бар. Адам сөзін өзінің әуезімен немесе әуенімен таспаға жазу, керек жерінде хабарға музыканы пайдалану, тағы бірде хабарға егінжайдан естілген комбайнның моторы дыбысын немесе завод цехындағы станоктар мен ұста-пресс балғаларының шуын жазу хабарлар үшін қажетті екені белгілі. Бұл жәйттер сол жерден дайындалған хабарларға нанымдылық, деректілік, табиғилық дарытады. Сонымен бірге, хабарлардың эфирге тән талап-шарттарын орындауға мүмкіндік береді. әрі бұған қоса эфир хабарларын безендіру болып шығады. Онсыз радио, телевидениенің мәні толық дәрежесінде көрінбеген болар еді.

Акустиканың кейбір белгілері мынандай:



  1. Дыбыстың күші – мұнда дыбыс дірілінің қарқыны рөл атқарады.

  2. Дыбыстың ырғағы – мұнда дыбыстың дірілінің санына байланысты айқындалады.

  3. Дыбыстың әуені – мұнда дыбыстың естілу толқынына байланысты болып келеді.

  4. Дыбыстың созылмалылығы – мұнда дыбыс ұзақтығы мен қысқалығы ескеріледі.

Міне, осылайша радиода акустиканың айрықша орын алатынын байқау қиын емес. Өйткені, радио хабарлары дыбыстарға негізделіп жасалатыны белгілі.

Радиода тілдік безендіру фонетика мен орфоэпияның заңдылықтарын ескере отырып жасалады. Және оған акустика заңдылықтары қоса пайдаланады.


Бақылау сұрақтары:

1.Радиохабарлардың тілі мен стилі.

2.Радиохабарлардың тілі мен стилі өзіндік ерекшеліктері.

3.Әрбір аудиторияға терминнің түсінікті түрін ескерту.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Зарва М. Произведение в радио и телевизионной речи.- М., 2006.

2.Омашов Н. Қазақ радиожурналистикасы. А., 1993.

3.Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиялары. А., 1998.

4.Әбжанов Қ. Телевизиялық фильмдер. А.,2003
3 Практикалық (семинар) сабақтар
Тәжірибелік (семинар) сабақтарына арналған әдістемелік нұсқау: Семинарлар, олардың жоспарларында көрсетілген тақырыптың қамтитын мәселелері пәннің оқу бағдарламасындағы теориялық және практикалық материалдарды студенттердің ғылыми тұрғыда өз бетімен іздене отырып, терең де жан-жақты игерулерін мақсат етеді. Ол үшін студент ең алдымен семинар тақырыбы бойынша көрсетілген пайдаланатын әдебиеттерді алып, мұқият оқып шығып, тақырып жоспарындағы әр сұрақтың мәнін ашатындай конспекті жазу қажет. Одан соң сол сұрақтардың айналасындағы айтылған әр түрлі авторлардың пікірлеріне іштей салыстырулар жасап, дәріс материалдарын басшылыққа ала отырып, түйінді ой тұжырымдарды қағаз бетіне түсіріп, осы мәселе төңірегіндегі әдеби-ғылыми материалдар, дәрісте оқылған және баспасөздерде жарияланған тың деректерге сүйеніп, өз тұжырымын дәйектеу керек. Әрбір семинарда алдынғы өткен сабақтарда қарастырылған материалдарды репродуктивтік, зерттеушілік сипатта жаңа тақырыппен байланыстыру талап етіледі.

1-семинар

тақырыбы: Баспасөз тілі-жазба тіл.
Сабақтың мақсаты: Баспасөз тілін жасаудың негізгі әдістері туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.

Семинар мазмұны:

1.Тіл және оның даму тарихы.

2.Жалпыхалықтық тіл мен публицистикалық стиль.

Бақылау сұрақтары:

1.Жазба тілдің баспасөз стилін қалыптастырудағы рөлі.

2.Стиль – өнер ерекшелігі.

Әдістемелік нұсқаулықтар:

1. Телерадиохабарларын жасаудағы негізгі басшылыққа алынатын қағидалар, хабар жасауда халық мүддесінің қорғалуы.

2. Хабар жасаудағы негізгі тұжырымдар мен зерттеулер.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Баялиева Д. Қазіргі қазақ баспасөзіндегі ұлттық, мәдениет, салт-дәстүр және тіл мен стиль мәселелері. Қарағанды, 1999.

2. Былинский.К. Язык газеты. МГУ. М., 1996.

3. Қабдолов З.Сөз өнері. ., 1992.

4. Исаев С. Мерзімді баспасөзде ұшырасатын стильдік қателер туралы.122-б. Тіл мәдениеті және баспасөз. А., 2002.

2-семинар

тақырыбы: Стиль-өнер ерекшелігі
Сабақтың мақсаты: Тікелей эфирді жүзеге асыру тәртібі туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.

Семинар мазмұны:


  1. Тікелей эфир дегеніміз не?

  2. Тікелей эфирге тән ерекшеліктер.

Бақылау сұрақтары:

  1. Тікелей эфирге алдын-ала жасалатын даярлық.

  2. Диктор – сөз шебері немесе жүргізуші журналистке қойылатын талап.

  3. Тікелей репортаждың өзіндік белгілері.

Әдістемелік нұсқаулықтар:

1. Тікелей эфирді жүзеге асыру тәртібінің бүгінгі таным тұрғысынан зерттелуі.

2. Тікелей эфирге тән ерекшеліктер.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Баялиева Д. Қазіргі қазақ баспасөзіндегі ұлттық, мәдениет, салт-дәстүр және тіл мен стиль мәселелері. Қарағанды, 1999.

2. Былинский.К. Язык газеты. МГУ. М., 1996.

3. Қабдолов З.Сөз өнері. ., 1992.

4. Исаев С. Мерзімді баспасөзде ұшырасатын стильдік қателер туралы.122-б. Тіл мәдениеті және баспасөз. А., 2002.
3-семинар

тақырыбы: Сұхбаттың стильдік ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты: Сценарийлік жобаға жан бітіру әдістері туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.

Семинар мазмұны:


  1. Сценарий ұғымы.

  2. Сценарийде әдеби және экрандық белгілер болуы тиіс.

Бақылау сұрақтары:

1. Автор сценарийді жазу кезінде нені басшылыққа алады?

2. Сценарийлік жобаға жан бітіру әдістері.

Әдістемелік нұсқаулықтар:

1. Сценарийлік жобаға жан бітіру әдістерінің журналистика тарихындағы орны.

2. Сценарий ұғымының, жинақталуы, зерттелуі мен ғылыми бағалануы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. – А., 2011

2. Омашев Н.О. Радиожурналистика. – А., 2005

3. Тұрсын Қ. Көгілдір экран құпиясы. – А., 1998



4-семинар

тақырыбы: Репортаж жанрының тілі мен стилі
Сабақтың мақсаты: Микрофон және оны меңгеру тәсілдері туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.

Семинар мазмұны:

  1. Микрофон және оны меңгеру тәсілдері.

  2. Микрофонның аса сезімтал құрал екендігі.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазіргі заманғы микрофондар және оларға арналған тіреулер.

  2. Микрофондарды басқарудың 3 тәртібі.

Әдістемелік нұсқаулықтар:

1. Қазіргі заманғы микрофон және оны меңгеру тәсілдерінің журналистика тарихындағы орны.

2. Микрофондар - акустикалық тербелісті электрлі тербеліске айналдыратын құрал. Ол телефон және радиобайланысында, теледидарлар мен радио хабарларын таратуда, дыбыс жазу орындарында және күшейту жүйелерінде қолданылады. «Микрофон» сөзі - гректің «микро» - аз, шағын, «фоне» - дыбыс деген сөзінен шыққаны этимологияда дәлелденген. Дыбыстық тербелістерді қабылдап, бірден электрлі сигналға айналдыратын бірден-бір құрал. Яғни, микрофон алдында сөйленген сөз төменгі жиіліктегі электр тоғына өзгертіледі. Дыбыс ауа толқындарының әсерінен тербеліске түсетін жұқа диафрагма катушкаға тиеді. Катушкаға диафрагма тиген кезде магнит өрісі пайда болады. Оның әсер етуі арқылы ток индукцияланады. Иидукцияланған ток жіңішке сым арқылы күшейткішке жіберіледі де дыбыс жазғыш тетікке беріледі. Ол өзінше жанасып қозғалатын магниттік үнтаспаға түсіріледі.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Омашев Н.О. Радиожурналистика. – А., 2005

2. Тұрсын Қ. Көгілдір экран құпиясы. – А., 1998

3. Барманкулов М.К. Телевидение: денги или власть - А.,1997


5-семинар

тақырыбы: Очерктің тілдік, стильдік артықшылықтары
Сабақтың мақсаты: Телепублицистиканың зерттелуі туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.

Семинар мазмұны:

  1. Публицистика термині.

  2. Публицистика туралы осындай алуан түрлі түсінік.

Бақылау сұрақтары:

1. Тележурналистиканың басты міндеті.

2. Монологтық жанрдағы қандай бағдарламаларды білесіз?

3. Жалпы теледидар хабарларын неше топқа бөлеміз?



Әдістемелік нұсқаулықтар:

1. Телепублицистиканың зерттелуі туралы журналистика ғылымындағы көзқарастар мен ой-тұжырымдар.

2. Телепублицистиканың зерттелуіндегі бүгінгі күнгі көзқарастар мен тұжырымдар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Баялиева Д. Қазіргі қазақ баспасөзіндегі ұлттық, мәдениет, салт-дәстүр және тіл мен стиль мәселелері. Қарағанды, 1999.

2. Былинский.К. Язык газеты. МГУ. М., 1996.

3. Қабдолов З.Сөз өнері. ., 1992.

4. Исаев С. Мерзімді баспасөзде ұшырасатын стильдік қателер туралы.122-б. Тіл мәдениеті және баспасөз. А., 2002.
6-семинар

тақырыбы: Сатиралық жанрлардың тілі мен стилі
Сабақтың мақсаты: Алғашқы ұлттық хабарлар туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.

Семинар мазмұны:


  1. Алғашқы ұлттық хабарлар.

  2. Журналистика тарихында алғашқы ұлттық хабар «Айтыс».

Бақылау сұрақтары:

  1. Алғашқы ұлттық хабарларлардың мазмұны.

  2. Хабар жасау жолдары.

Әдістемелік нұсқаулықтар:

  1. Телепублицистиканың міндеті – тек болған оқиғаны тіркеу ғана емес, жетістіктің де, кемшіліктің де сырын ашу, соған азаматтық көзбен қарап, қоғамдық пікір ұйымдастыру.

  2. Алғашқы ұлттық хабарлар туралы ғылыми тұжырымдар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Баялиева Д. Қазіргі қазақ баспасөзіндегі ұлттық, мәдениет, салт-дәстүр және тіл мен стиль мәселелері. Қарағанды, 1999.

2. Былинский.К. Язык газеты. МГУ. М., 1996.

3. Қабдолов З.Сөз өнері. ., 1992.

4. Исаев С. Мерзімді баспасөзде ұшырасатын стильдік қателер туралы.122-б. Тіл мәдениеті және баспасөз. А., 2002.

7-семинар

тақырыбы: Талдамалы-публицистикалық жанрларда жазылған материалдардың тілдік, стильдік табиғаты
Сабақтың мақсаты: 70-80 жылдардағы телепублицистика туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.

Семинар мазмұны:


  1. Қазақ теледидарындағы 70-80 жылдардағы хабарлар.

  2. Хабарларлардың мазмұны.

Бақылау сұрақтары:

  1. Алғашқы ұлттық хабарларлардың мазмұны.

  2. Хабар жасау жолдары.

Әдістемелік нұсқаулықтар:

1. Алғашқы ұлттық хабарларлардың мазмұны, оған бүгінгі бәсекелестік тұрғысынан баға беру.

2. Бұл жылдардағы хабарларда өмірдегі көкейтесті сауалдардың келелі топта әңгіме арқауына айналуы, ол хабарлар туралы зерттеулер, оларды тарихи тұрғыдан бағалау.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. – А., 2011

2. Тұрсын Қ. Көгілдір экран құпиясы. – А., 1998
8-семинар

тақырыбы: Радиохабардағы стиль мәселесі
Сабақтың мақсаты: Қайта құру жылдарындағы телепублицистика туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.

Семинар мазмұны:


  1. Қайта құру жылдарындағы телепублицистика.

  2. Авторлық бағдарламалар табтғаты.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақ теледидарындағы тың туындылар.

  2. Ұлттық телехабарларды дамыту перспективалары.

Әдістемелік нұсқаулықтар:

1. Қайта құру жылдарындағы телепублицистиканың зерттелуі мен ғылыми бағалануы.

2. Қайта құру жылдарындағы телепублицистикаға бүгінгі күнгі жаңаша көзқарастар мен тұжырымдар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. – А., 2011

2. Омашев Н.О. Радиожурналистика. – А., 2005

3. Барманкулов М.К. Телевидение: денги или власть - А.,1997


9-семинар

тақырыбы: А.Байтұрсыновтың әсерлеуге берген анықтамасы
Сабақтың мақсаты: Телехабарлардағы ұлттық бояулар туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.

Семинар мазмұны:

  1. Теледидардың ұлттық сананы қалыптастырудағы рөлі.

  2. Қазақ теледидары және өнер мәселелері.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қайта құру жылдары хабарларындағы ұлттық дәстүр.

  2. Ұлттық құндылықтарымызды теледидар арқылы насихаттау.

Әдістемелік нұсқаулықтар:

1. Теледидардың ұлттық сананы қалыптастырудағы рөлі туралы тұжырымдар.

2. Ұлттық құндылықтарымызды теледидар арқылы насихаттауда кездесетін қиындықтар мен олқылықтар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Баялиева Д. Қазіргі қазақ баспасөзіндегі ұлттық, мәдениет, салт-дәстүр және тіл мен стиль мәселелері. Қарағанды, 1999.

2. Былинский.К. Язык газеты. МГУ. М., 1996.

3. Қабдолов З.Сөз өнері. ., 1992.

4. Исаев С. Мерзімді баспасөзде ұшырасатын стильдік қателер туралы.122-б. Тіл мәдениеті және баспасөз. А., 2002.
10-семинар

тақырыбы: Мақал-мәтел, қанатты сөздердің стильдік қызметі
Сабақтың мақсаты: Мәдени жобалар туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.

Семинар мазмұны:


  1. Теледидар және ұлттық таным-түйсік мәселелері.

  2. «Хабар» арнасындағы ұлттық жобалар.

Бақылау сұрақтары:

1. Телеарна редакциясы.

2. Көркем-публицистикалық жанрдағы телехабарлардың практикалық функциясы.

3. Телехабарда музыканы қолданудың қандай тиімділігі бар?



Әдістемелік нұсқаулықтар:

1. Мәдени жобалардың зерттелуі мен ғылыми бағалануы.

2. Теледидар және ұлттық таным-түйсік мәселелері жайлы жаңаша көзқарастар мен тұжырымдар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Баялиева Д. Қазіргі қазақ баспасөзіндегі ұлттық, мәдениет, салт-дәстүр және тіл мен стиль мәселелері. Қарағанды, 1999.

2. Былинский.К. Язык газеты. МГУ. М., 1996.

3. Қабдолов З.Сөз өнері. ., 1992.

4. Исаев С. Мерзімді баспасөзде ұшырасатын стильдік қателер туралы.122-б. Тіл мәдениеті және баспасөз. А., 2002.
11-семинар

тақырыбы: Баспасөз тілінің мәдениеті туралы тұжырымдар
Сабақтың мақсаты: Телерадиодағы тәуелсіздік идеясы туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.

Семинар мазмұны:


  1. Тарихи кезең, қоғамдағы жаңару, сілкініс, бір қоғамдық жүйенің екіншімен ауысуы – БАҚ-қа да ұлы өзгерістер әкеледі.

  2. Тәуелсіздік жылдарындағы дүниеге келген хабарлар.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет