«5В051100 Маркетинг»



бет1/2
Дата27.05.2018
өлшемі1,91 Mb.
#40852
  1   2


«5В051100 - Маркетинг» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің МЖББС негізінде, ҚР Үкіметінің № 1080 2012 жылғы 23 тамыздағы (өзгертулер мен толықтырулармен 13 мамыр 2016 жылғы № 292) бұйрығымен, ҚР БҒМ «Кредиттік жүйе бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы» № 152 2012 жылғы 20 сәуірдегі бұйрығымен (өзгертулер мен толықтырулармен 28 қаңтар 2017 жылғы № 90), №343 2013 жылғы 16 тамыздағы (өзгертулер мен толықтырулармен № 425 05 маусым 2016 жылғы) ҚР БҒМ бұйрығы негізінде «5В051100 - Маркетинг» мамандығының үлгілік оқу жоспарына, үлгілік оқу бағдарламларына сәйкес құрастырылған

«5В051100 – Маркетинг» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы

теориялық оқытудың кредит саны – 133 кредит


1 Білім беру бағдарламасының паспорты:

1.1 Біліктілік және лауазымдар тізбесі.

1.2 Түлектердің біліктілік сипаттамасы.

1.2.1. Кәсіби қызмет саласы.

1.2.2. Кәсіби қызмет нысандары.

1.2.3. Кәсіби қызмет пәні.

1.2.4. Кәсіби қызмет түрлері.

1.2.5. Кәсіби қызмет функциялары



1.2.6. Кәсіби қызметтің типтік міндеттері.

2. Білім беру бағдарламасының мақсаты.

3. Негізгі құзыреттіліктер.

4. Білім беру бағдарламасының мазмұны.

5. Модульдерді сипаттауға арналған формуляр

1 модуль. Қоғамдық-коммуникативті

2 модуль. Саяси-әлеуметтік және жаратылыстану

3 модуль. Қазіргі заманғы талдамалы экономика және кәсіби тіл

4 модуль. Маркетинг және менеджмент негіздері

5 модуль. Маркетингтің қаржылық және нарықтық құралдары: оңтайландыру әдістері және экономикалық талдау

6 модуль. Маркетингтік қызметтегі компьютерлік және жарнамалық технологиялар

7 модуль. Тауартану және тауарлар мен қызметтердің сараптамасы

8 модуль Нарықтық инфрақұрылым және оның элементтері

9 модуль. Салалардағы маркетинг

10 модуль. Қазіргі заманғы маркетингтік тұжырымдама

11 модуль. Стратегиялық шешімдерді әзірлеу

12 модуль. Маркетингтік коммуникациялар

13 модуль. Логистикалық жүйе, лизингтік операциялар және консалтинг

14 модуль.Жаһандық маркетинг және инновациялық бизнес

15 модуль. Құжаттану және құқық

16 модуль. Тәжірибе

17 модуль. Мемлекеттік аттестация

6. Білім беру бағдарламасындағы модульдер кесіндісінде меңгерілген кредиттер көлемін бейнелейтін жинақ кесте

Білім беру бағдарламасының паспорты:

1.1 Біліктілік және лауазымдар тізбесі

Бакалавриат түлегіне «5В051100 - Маркетинг» бойынша «экономика және бизнес бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.



1.2.Түлектің біліктілік сипаттамасы:

1.2.1. Кәсіби қызметінің саласы

Осы мамандық бойынша бiтiрушiлер басқару, кәсiпкерлiк, коммерциялық және ғылыми-iзденушiлiк жұмыстарын әр түрлi меншiк кәсiпорындарында және қызмет ету саласында атқарады. Белгiленген мақсатты нарықтарда тауарды жайғастырып, тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыруға және тауарлар- ды, қызметтердi, нарықты зерттеу және болжау, кәсiпорынның iшкi және сырт- қы ортасы, баға саясаты, сату шарттары және сатып алушыларға тауарларды жылжыту бағытымен кәсiпорынның өндiрiстiк-сату және ғылыми-техникалық қызметiн басқаратын бакалаврлар.


1.2.2. Кәсіби қызмет нысандары

Бітірушілердің кәсіптік қызмет объектісі тауар нарықтары, өндiрiстiк және тұтыну мақсатындағы тауарлар, қызметтер, жарнама, “паблик рилейшнз” шаралары, маркетингтiк зерттеулер, тұтынушылар, сатушылар, делдалдар, бәсекеге түсетiн кәсiпорындар, мәлiметтер, қонақ үйлер, қоғамдық тамақтану кәсiпорындары, туристiк фирмалар, саяхат бюролары, халықаралық сауда палата- лары, сауда үйлерi, көлiк және коммуникациялар, қойма шаруашылығы, мемлекеттiк ұйымдар, саяси ұйымдар, қоғамдық ұйымдар, жеке тұлғалар және әлеумет тұлғалар бола алады.


1.2.3. Кәсіби қызмет пәні
Осы профиль бойынша бакалаврлар нарықты сегменттеу, мақсатты сегменттерді таңдау, шаруашылық етуші кәсіпорындардың тауарларын қызметтерін жайғастыру, корпоративтік және инструменталдық стратегияларын әзірлеу аумағында стратегиялық шешімдерді қабылдау үшін нарықты зерттеу, тауарлар мен тұтынушыларды, бәсекелестерді, делдалдарды, маркетингтік ортаны және маркетинг кешені элементтерін зерттеу сияқты әртүрлі бағыттар бойынша маркетингтік зерттеулерді жүргізе білуі керек. Айтылып кеткеннiң барлығы бакалаврдың басқарушылықтың принциптерi мен әдiстерiн қолдана бiлуiн, кәсiпкерлiк қабiлеттiлiкке және іскерлік белсенділікке, экономика, менджмент, қаржы, несиелеу, есеп және аудит, эконометрика саласында жоғары деңгейлi кәсіптік негізінде тиімді маркетингтік шешімдерді қабылдай білуді талап етедi.
1.2.4. Кәсіби қызмет түрлері
«5В051100 - Маркетинг» бойынша бакалаврлар мынадай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

- Ұйымдастыру және басқару қызметі маркетинг-менеджменттің ұйымдық-технологиялық және ғылыми-әдістемелік базасы қағидалары мен технологияларын қолдану негізінде кезкелген шаруашылық субъектінің маркетингтік қызметті тиімді басқару жүйесін құру.

- Өндірістік-технологиялық қызмет шаруашылық субъектінің нарықтағы бәсекелестік артықшылықтарын қамтамасыз ету мақсатында және материалдық-техникалық, өндірістік, инновациялық камтамасыз етуді тиімді жүзеге асыру үшін маркетинг бакалаврының адам ресурстарын басқару, жабдықтау, өндіріс және қаржы бөлімінің мамандарымен бірлесіп жұмыс істеу түрінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар бұл іс-әрекет тауарлар мен қызметтер нарығы конъюк-турасының негізгі көрсеткіштерін зерттеуге және болжауға бағытталған (нарық сыйымдылығын және үлесін, сұраныс ұсыныс икемділігін есептеу және т.б.);

- Маркетинг бойынша сервистік-эксплуатациялық қызмет шаруашылық субъектінің негізгі және қосымша қызметтері бойынша сервистік саясатын әзірлеу; айналыс шығындарын және сервистің тиімділігін есептеу; қызметтерді

жылжыту; қызметтердің сапасын қамтамасыз ету (үнемділік, қол жетерлік, қауіпсіз, эргономиялылығы, эстетикалығы). Бакалаврдың сервистік-эксплуатациялық қызметі шаруашылық субъектінің тұтынушылармен ақпараттық және кері байланысты, тауарлар мен қызметтерді сату сервисінің стратегиясы мен тактикасын әзірлеуге бағытталған маркетингтік қызметімен тығыз байланысты;

- Жобалық қызметi шаруашылық субъектінің маркетинг бөлімі департаментінің ұйымдық құрылымын таңдау, кәсiпорынның бизнес-жоспарын және маркетинг бюджетiн дайындау, тауар ассортиментiн оңтайландыру, тарату жүйесі, тауар қозғалысы және оны нарыққа жылжыту бойынша есептеулер, маркетингтiк шаралардың тиiмдiлiгiн бағалау, өндiрiстiк - өткiзу қызметін жүргізудің экономикалық негізделген шешімдерін әзірлеу шараларын жүзеге асырады;

- Аталған мамандық бойынша ғылыми зерттеу қызметi ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылыс жұмыстарын және маркетингтік зерттеулерді жүргізу және ұйымдастыру арқылы инновациялық саясатты жүзеге асыру. Ғылыми зерттеу қызметі өз бетінше немесе сыртқы объектілермен бірігіп әр түрлі ұйымдық нысанда жүргізілуі мүмкін (жоғары оқу орындарының зерттеу бағдарламалары шеңберінде, ғылыми бірлестіктің халықаралық бағдарламаларында, зерттеуші ұйымдармен және басқа шаруашылық субъектілермен).

- Білім беру (педагогикалық) қызметi аталған мамандық бойынша жалпы білім беретін және орта арнайы оқу орындарында маркетинг бойынша курстарды оқыту, сонымен қатар мамандарды қайта дайындау, біліктілігін жоғарылату курстарында дәріс берумен байланысты. Бұл курстар мен семинарлардың тыңдаушылары мектеп оқушылары, басқа сала мамандары, шаруашылық субъектінің төменгі және орта буын менеджерлері, көпшілік қауым бола алады. Бакалаврлар жоғарыда аталған оқыту деңгейiне әдiстемелiк материалдарды дайындау, ассистент ретiнде оқу жұмыстарын орындайды.


1.2.5. Кәсіби қызмет функциялары
- барлық бөлімшелердің, оның ішінде, жоспарлау, жобалау, шығындарды басқару және материалдық-техникалық жабдықтау, логистика, өткізу , қызметін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша іс-шараларды жасау;

- маркетингтік зерттеулер және нарықты сегментациалауды жүзеге асыру;

- кәсіпорынның бизнес- жоспарын және маркетинг бюджетін, сервис статегиясы мен тактикасын әзірлеуде қатысу;

- кәсіпорынды басқару бойынша ұйымдастыру, жоспарлау және қызметтерді үйлестіру және фирманың нарықтық стратегиясын қалыптастыру;

- маркетингтік талдауы мен бақылауын жүзеге асыру;

- кәсіпорынның қызметтерін жалпы бақылау және басқару.


1.2.6. Кәсіби қызметтің типтік міндеттері
- шаруашылық субъектінің маркетингтік қызметін жоспарлау;

- маркетингтiк зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;

- шаруашылық субъектінің корпоративтік стратегиясын (қоржынды, өсу, бәсекелестік) қалыптастыру;

- функционалдық стратегияны (нарықты сегменттеуді жүргізу, мақсатты нарықты таңдау, жайғастыру) әзірлеу;

- тауарлық және баға саясатын әзірлеу және жетілдіру;

- кәсiпорынның өткізу жүйесін және тауар қозғалысын ұйымдастыру;

- нарықтағы жылжыту саясатын жүзеге асыру;

- нарықта бәсеке артықшылығын қамтамасыз етушi маркетингтiк стратегияларды жүзеге асыру;


2. Білім беру бағдарламасының мақсаты:

материалды өндіріс, тауарлық айналым, қызмет саласында ғылыми, педагогикалық, кәсіби-тәжірибелік қызметті жүзеге асыру үшін фундаменталды білімі, инновациялық ойлау, зерттеушілік қабілеті бар, кәсіптік әрекеттің шектес салаларын сәтті меңгеру мен бейімделуге, сонымен бірге біліктілікті жоғарылату, қосымша білім беру бағдарламалары бойынша білім алуға мүмкіндігі бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
3. Негізгі құзіреттіліктер:

- ана тілі, шет тілдері саласында: дамыған және сауатты тілдерді игеру үшін, ана тілін және шетел тілдерін, қарым-қатынас технологиясы саласында білім, коммуникация стратегияларын, диалог құрудың дағдылары мен іскерліктерін, полимәдениетті, полиэтникалық және көпконфессиялы қоғамда қарым-қатынас жасауды иегруге жағдай жасау;

- фундаменталды математикалық, табиғи-ғылыми және техникалық даярлау саласында: дүниетанымы және ойлау мәдениеті кең жоғары білімді тұлға қалыптастыруға сәйкес фундаменталды математикалық, табиғи-ғылыми және техникалық пәндер бойынша базалық білімдерді меңгеру;

- компьютерлік технология саласында: кәсіби қызметінде ақпараттық технологияларды қолдану іскерлігі, қазіргі құрал-жабдықтарды қолдана отырып, бағдарламалау дағдыларын меңгеру;

- әлеуметтік-мәдени қызмет саласында: этикалық, рухани, мәдени құндылық, әлеуметтік мінез құлықты реттеу формалары мен негізгі заңдылықтарды, тұлғаға деген әлеуметтік ұстаным жайында түсініктерді білу, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлерін, қоғам дамуының тенденцияларын білу, әр түрлі әлеуметтік жағдаяттарды бағдарлай білу, креативті ойлау іскерлігі, басқа ұлттың мәдениетіне, салт дәстүрлеріне шыдамдылық таныту, белсенді өмір позициясын ұстану;

- оқу қызметі саласында: шығармашылық әлеуетін, жаңашылдығын, бастамасын дамыту үшін жағдай жасау, маркетинг ғылымының негізін қалайтын пәндер бойынша білім алу, маркетологқа қажетті практикалық дағдылардың болуы, оқу және өндірістік іс-тәжірибеден өту барысында теориялық білімді тиімді бекіту, мамандыққа сәйкес сонымен қатар, жоғары білімнің келесі сатысында оқуды жалғастыруға байланысты пәндерді саналы таңдау, маркетинг саласында мамандық бойынша жұмысқа орналасуға болатын мүмкіндіктерге сәйкес жұмыс күштері нарығында бітіруші түлектердің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру; ЖОО ерекшелігін, тұлғаның қажеттілігін ескере отырып, кәсіби құзыреттілікпен білім беру саласында студенттердің жеке бағдарламаларын таңдау;

- кәсіпкерлік, экономикалық қызмет саласында: экономикалық білімінің негізін меңгеру, микро және макроэкономикалық құбылыстар, қаржы, маркетинг, менеджмент жайында ғылыми білімдерді игеру, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін, экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерін білу және түсіну.
4. Білім беру бағдарламасының мазмұны


Модульдің атауы

Цикл және компонент

Пәннің коды

Пән атауы

Бақылау түрі

семестр

Кредиттер көлемі

Қалыптастырылатын құзыреттіліктер (оқыту нәтижелері)

KZ

EСTS

Жалпы модульдер

Қоғамдық-коммуникативті

ЖББ/МК

KKT1101

Қазақстанның қазіргі заман тарихы (МЕ)


Емтихан

1

3

5

Білікті болуы тиіс: Қазақстан тарихындағы себеп-салдар байланыстарды орнықтыру, салыстырып талдау негізінде тарихи оқиғалар мен құбылыстарды ойлану, заманауи әлемде өтіп жатқан үдерістер мен құбылыстарды зерттеу теориясы мен жолдарын, қолданыстағы тұжырымдарды сын тұрғысынан талдауға, коммуникативтік және кәсіби қызметте тіл құралдарын тіл нормасына сай қолдануға, ақпараттық және телекоммуникативтік технологияларды кәсіби қызметте қолдануға

Білуі тиіс: Қазақстандағы адамдар қоғамының даму тарихы әлемдік тарихи үдерістің құрамдас бөлігі екенін, экономика қызметінің теориялық негіздері мен заңдылықтарын, философияның, негізгі дүниетанымдық ұғымдарын және танымның философиялық әдістерін, оқып-үйренетін тілдің фонологиялық, лексикалық, грамматикалық құбылыстарын, MS WINDOWS операциялық жүйесін, MS WORD мәтіндік редакторын, MS EXSEL кестелік процессорын, MS ACCESS мәліметтер базасын

Дағдылары болуы тиіс: тарихи оқиғаларды талдау, заманауи өмірдің өзекті мәселелерін шешуде философиялық ұстаным, кәсіби қызметте инновациялық ойлануды пайдалану, сөйлеу, дыбыстау (аудирования), оқу және жазу, компьютерді еркін пайдалану, заманауи бағдарламалық құралдарды пайдалануға бағытталған жаңа инновациялық технологияларды қолдану.

Құзыретті болуы тиіс: игерілген теориялық білім мен іскерлікті кәсіби қызметте қолдануға

ЖББ/МК

Fil2102

Философия

Емтихан

4

3

5

ЖББ/МК

ShT1103

Шетел тілі

Емтихан

1,2

6

11

ЖББ/МК

OT1104

Орыс тілі

Емтихан

1,2

6

11

ЖББ/МК

AKT1105

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)

Емтихан

1

3

5

Жалпы модуль бойынша
















21

37




Саяси-әлеуметтік және жаратылыстану

ЖББ/ТК


TKN1106

Тіршілік қауіпсіздік негіздері

Емтихан

2

2

4

Білікті болуы тиіс: заманауи әлемде өтіп жатқан үдерістер мен құбылыстарды зерттеу теориясы мен жолдарын, қолданыстағы тұжырымдарды сын тұрғысынан талдауға, төтенше жағдайларда шешім қабылдауға, экологиялық білім негіздерін пайдалануда, құқықтық институттар мен олардың (мүдделер талабын) қамтамасыз ету нормаларын ажыратуда, жастар ортасындағы қарым-қатынастарды талдау және оның өзгеруін болжау, психологиялық принциптерді игеруге, латын әліппиін игеру, казақ тілінің дыбыстық жүйесінің латын графикасымен фонетикалық сәйкестендіруін оқып үйрену, мамандықтың ерекшелігін ескере отырып, латын тілінің негізгі лексикалық қорымен терминологиялық жүйесін игеру, латын идиоматикасының (қанатты сөздердің) тілдік мәдениеттану мазмұны, қалыптасу аспектінде мемлекет және құқық институттары, құқық, мораль, құқықбұзушылық, жауапкершілік, құқық салалары.

Білуі тиіс: саясаттанудың, әлеуметтанудың негізгі дүниетанымдық ұғымдарын және танымның философиялық әдістерін, экологияның негізгі заңдарын, экожүйе ішінде биотилік және абиотилік өзара тығыз байланыс болатынын, құтқару жұмыстарын жүргізуді, тыныс жолдарын қорғаудың дербес құралдарын және теріні қорғаудың қолда бар құралдарын пайдалануды, дәрігерге дейін алғашқы жәрдем көрсетуде, мемлекеттің пайда болуы мен даму заңдылықтарын, ұстанымдары (принциптері) мен ұғымдарын ашып көрсететін мемлекет теориясының негіздері мен құқықтарын және олардың өзара қарым-қатынас құқықтарын, жастардың әлеуметтік-саяси нығайуына қатысты мемлекеттің саясатын, қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің латын графикасымен фонетикалық сәйкестендіруді, латың тілінің негізгі лексикалық қорын, халықаралық терминологиялық жүйесін

Дағдылары болуы тиіс: заманауи өмірдің өзекті мәселелерін шешуде ұстаным, кәсіби қызметте инновациялық ойлануды пайдалану, жалпы және ғаламдық экология мәселелерінде және қауіпсіздік пен өмір сүру негіздері мәселесінде., құқықтық құбылыстарды дербес талдау, мәтінмен, фото және аудио құжаттармен, архивпен жұмыс жасай алу, рухани-адамгершілік тетіктерін жемқорлықтың алдын-алу негізінде қолдану, моральді тұрғыдағы кикілжіңдермен мүдделерді талдау таңдауы, маманның лингвистикалық және жалпымәдени негізін қалыптастыру, моральді тұрғыдағы кикілжіңдермен мүдделерді талдау таңдауы; әртүрлі құқық салалар нормаларының ерекшелігі

Құзыретті болуы тиіс: игерілген теориялық білім мен іскерлікті кәсіби қызметте қолдануға.

ЖББ/ТК


ETD1106

Экология және тұрақты даму

Емтихан

ЖББ/ТК


LG1106

Латын графикасы

Емтихан

ЖББ/ТК


Psi1107

Психология

Емтихан

2

2

4

ЖББ/ТК


KN1107

Құқық негіздері

Емтихан

ЖББ/ТК

Saya2108



Саясаттану

Емтихан

3


3


5


ЖББ/ТК

Ale2108

Әлеуметтану




Емтихан

ЖББ/ТК

ZhS2108


Жастар саясаты

Емтихан

Жалпы модуль бойынша
















7

13




Мамандық бойынша модульдер

Қазіргі заманғы талдамалы экономика және кәсіби тіл

БП/МК

KOT2201

Кәсіби орыс тілі

емтихан

3

2

4

Білікті болуы тиіс: макроэкономикалық және микроэкономикалық ауыспалылардың арасындағы себеп-салдық байланыстарды дәлелді негіздеуде; статистикалық көрсеткіштерді есептеуде; бухгалтерлік шоттарды меңгеру, жеке шағын стильге тән коммуникациялық құралдарды дамытуда; орыс және шет ел тілін тұлға аралық қатынас пен кәсіби қызметте пайдалануда.

Білуі тиіс: ауызша, математикалық және кесте түріндегі микроэкономикалық үлгілерді; макроэкономикалық саланың құрылымын, макроэкономикалық жүйелерді басқаратын негізгі экономикалық механизмді; статистикалық талдаудың әдістерін, бухгалтерлік есеп тәсілдерін, бизнесті басқару үшін бухгалтерлік есептің қағидаттары туралы білімдер жүйесін қолдануда; ақпаратты есептеу және жинау әдістерін; кәсіби-бағытталған шетел тілінің лексикалық және терминологиялық минимумды.

Дағдылары болуы тиіс: микроэкономикалық және макроэкономикалық жағдайды түсіндіруде және талдауда, өзінің кәсіби қызметінің барысында ұтымды шешімді қабылдауда; қажетті статистикалық ақпаратты өз бетімен жинау және өңдеу, алынған деректерге сәйкес қорытынды жасауда; жалпы ғылымдық және мамандандырылған терминологияларды зерделеу, кәсіби-бағытталған орыс және шетел тілдерін меңгеруін және дағдыларын игеруде.

Құзыретті болуы тиіс: ақша жиыны мен ақша агрегатының өсу қарқынын анықтауда; инфляцияның қарқынының өзгерісін талдауда; микроэкономикалық ресурстардың жағдайын бағалауда; микро-, мезо және макроэкономикалық көрсеткіштердің орынын және ролін анықтауда; әлеуметтік-экономикалық үрдістер және болмыстар жайлы отандық және шетел статистикасының деректерін талдау және түсіндіруде, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өзгеру үрдісін бағалауда; орыс және шетел тілдерінде сөйлеу технологиясы саласында.

БП/МК

KBShT2202

Кәсіби-бағытталған шет тілі

емтихан

3

2

4

БП/МК

Mik1204

Микроэкономика

емтихан

2

2

4

БП/МК

BEA2206

Бухгалтерлік есеп және аудит

емтихан

4

2

4

БП/МК

Mak2205

Макроэкономика

емтихан

3

2

4

БП/МК

Kar2207

Қаржы

емтихан

3

2

4

БП/МК

ET1203

Экономикалық теория

емтихан

1

3

5

Жалпы модуль бойынша
















15

29




Маркетинг және менеджмент негіздері

БП/МК

Mar2208

Маркетинг

емтихан

3

3

5

Білікті болуы тиіс: маркетингтік жоспарды, маркетинг бөлімінің кешенді ұйымдық құрылымын әзірлеуде, маркетингтік қызметтің әр алуан түрлерін жайғастыру үшін басқарудың баламалы сызбаларын бағалауда, кәсіпорында маркетингтік және басқарушылық стратегияларды қолдану қажеттілігін дәлелді негіздеуде.

Білуі тиіс: маркетинг және менеджменттің тұжырымдамасы мен эволюциясын; маркетинг және менеджменттің негізгі терминдерін; кәсіпорынның тауар, баға, коммуникация және өткізу саясатының теориялық негіздерін, маркетинг қызметін басқарудың ұйымдық құрылымының сипаттамалары мен ерекше өзгешеліктерін, маркетингтік ақпараттық жүйесінің және маркетингтік зерттеулердің негіздерін.

Дағдылары болуы тиіс: кәсіпорынның тауар, баға, коммуникация және өткізу саясатын басқару және талдау құралдарын қолдана білуде; маркетингтік жоспарды әзірлеуде.

Құзыретті болуы тиіс: кәсіпорынның маркетингтік қызметін басқару және талдау саласыда.

БП/МК

Men2209

Менеджмент

емтихан

4

2

4

Жалпы модуль бойынша
















5

9




Мамандық бойынша таңдау модульдері

Маркетингтің қаржылық және нарықтық құралдары: оңтайландыру әдістері және экономикалық талдау

БП/ТК

EM 1210

Экономикадағы математика

емтихан

1

4

7

Білікті болуы тиіс: экономика-математикалық үлгілеу әдістерін қолдануда; маркетинг экономикасына талдау жасауға; экономикалық терминдерді, заңдарды және теорияларды қолдануда, кәсіпорын қызметінің экономикалық көрсетіштерін анықтауға; нарық инфрақұрылымындағы коммерциялық қызметті ұйымдастыру саласындағы мәселелерді шешу кезінде математикалық талдау мен үлгілеу әдістерін қолдануда; банктік өнімнің ерекшеліктерін айқындауда, банктік маркетингтің мақсаты мен міндеттерін анықтауда, банктің қаржылық есеп-беруіне талдау жасауда, банктік маркетингтің амалдарын қолдануда; ақпаратты есептік бағалау, тіркеу және жинау бойынша сұрақтарды шешуде, бухгалтерлік есеп-беруді бағалау мен талдауды жүргізуде.

Білуі тиіс: экономикадағы негізгі ережелер мен математикалық әдістерді; маркетинг экономикасын; нарық инфрақұрылымының негізгі элементтерінің пайда болу мәні мен сипаттамасын; банктік маркетингтік мазмұнын; оны ұйымдастырудың қағидаттары мен пайда болу себептерін, банктік нарықты талдау әдістерін, бәсекелік стратегияны әзірлеу ерекшеліктерін, банктің тауар, баға, коммуникация және өткізу саясатының негіздерін; бухгалтерлік есептің негізгі қағидаттарын және бухгалтерлік есепті жүргізудің негізгі ережелерін; қаржылық сипаттағы ақпаратты жинау, өңдеу және дайындау жүйесін; активтерді қаржыландыруды, есепті жылдағы қаржы ағымдарының қозғалысын және ұйымның кірістері мен шығыстарын қалыптастыруды.

Дағдылары болуы тиіс: математикалық әдістердің көмегімен экономикалық үдерістерді үлгілеуде; маркетинг экономикасын бағалауда; тауарлық нарықтарды реттеу және дамыту әдістерін меңгеруде; нарық инфрақұрылымындағы коммерциялық қызметті ұйымдастыру саласындағы мәселелерді шешу кезінде математикалық талдау және үлгілеуде; банктік қызметте маркетингтік технологияларды қодануда; әр түрлі ұйымдық-құқықтық түрдегі ұйымдарда бухглтерлік есепті жүргізуде, басқарушылық шешімдерді құрау, негіздеу және қабылдау үшін әр түрлі қолданушыларға ақпаратты дайындау және ұсынуда.

Құзыретті болуы тиіс: экономика-математикалық үлгілеу, маркетинг экономикасы, фирманың маркетингтік қызметін бағалау салаларында, нарық инфрақұрылымында, тауарлық айналым, банктік маркетинг, бухгалтерлік есеп саласында қызмет ететін мекемелер мен ұйымдарда, әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысанындағы ұйымдарда коммерциялық қызметтің әдістемесін және оны ұйымдастыруды жетілдіруде.

БП/ТК

OA 1210

Оңтайландыру әдістері

емтихан

БП/ТК

ME 4211

Маркетинг экономиасы

емтихан

7

4

7

БП/ТК

MZh4211

Маркетингті жоспарлау

емтихан

БП/ТК

NI 1212

Нарық инфрақұрылымы

емтихан

2

3

5

БП/ТК

TNI 1212

Тауар нарығының инфрақұрылымы

емтихан

БП/ТК

SM 3213

Сақтандыру маркетингі

емтихан

5

3

5

БП/ТК

BM 3213

Банктердегі маркетинг

емтихан

БП/ТК

ESA1214

Экономикадағы статистикалық әдістер

емтихан

2

3

5

БП/ТК

ShKET 1214

Шаруашылық қызметті экономикалық талдау

емтихан

Жалпы модуль бойынша
















17

29




Маркетингтік қызметтегі компьютерлік және жарнамалық технологиялар

БП/ТК

EK 2215

Электрондық коммерция

емтихан

3

3

5

Білікті болуы тиіс: заманауи бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданумен электрондық коммерцияның веб-қосымшаларын жобалау мен әзірлеуде; электрондық коммерция жүйесінде веб-интерфейстерді жүзеге асыруда; веб-қосымшаларлы әзірлеу кезінде тиімді жеке дара жұмыс істеуде; кәсіпорынның маркетингтік қызметін ақпараттық қамтамасыз ету үдерістерін басқаруда; маркетингтік қызметте мультимедиялық технологияларды қолдануда.

Білуі тиіс: электрондық коммерциядағы ақпараттық жүйелердің жіктемесі мен құрамын; электронды коммерция нарығы секторының ерекшелігін; электрондық коммерциядағы веб-қосымшаларды әзірлеу, пайдалану және сүйемелдеу құралдарын; компанияның маркетингтік қызметіндегі ақпараттық технологиялардың даму үрдісін; заманауи компаниялардың маркетингтік қызметінде қолданылатын негізгі бағдарламалық өнімдерді. Дағдылары болуы тиіс: электрондық коммерцияның жүйесі үшін пәндік сала үлгілерін жобалау; электронды коммерцияның веб-қосымшаларын әзірлеу кезінде топтың мүшесң ретінде жұмыс атқару; кәсіпорынның негізгі бағдарламалық өнімдеріне және маркетингтік қызметті ақпараттық қамтамасыз ету бизнес-үдерістерін үлгілеу әдістемесіне иелік ету.

Құзыретті болуы тиіс: виртуалды ақпараттық кеңістіктегі бизнесті жүргізуде; маркетингтік қызметті ақпараттық қамтамасыз ету үдерістерін үлгілеу, басқару және оңтайландыруда.

БП/ТК

MAT2215

Маркетингтегі ақпараттық технологиялар

емтихан

БП/ТК

MKMT 2216

Маркетингтік қызметтегі мультимедялық технологиялар

емтихан

4

3

5

БП/ТК

ZhBG 2216

Жарнама және баспалық графика

емтихан

Жалпы модуль бойынша
















6

10




Тауартану және тауарлар мен қызметтердің сараптамасы

БП/ТК

MSS 4217

Метрология, стандарттау және сертификаттау

емтихан

7

3

5

Білікті болуы тиіс: кәсіпорынның тауарлық сұрыпталымына талдау жасауда, сұрыпталымдық саясатты қалыптастыруда; топтық сұрыпталымға енетін тауарлардың жеке түрлері мен атауларын анықтап тануда; тауар қозғалысының әртүрлі кезеңдерінде тағамдық құндылықты анықтауда, сапасын бағалауда, негізгі ақауларын диагностикалауда, сертификаттау және сараптама ережесін қолдануда, тауарлардың сақталатындығын қамтамасыз етуде.

Білуі тиіс: азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды тауартану саласындаға негізгі түсініктерді, терминдерді және анықтамаларды; азық-түлік тауарлардың жіктелімін, химиялық және физикалық құрамын, тағамдық құндылығын; олардың сапасын бағалау ерекшелігін, сараптама мен сертификаттауды; тұтынушылық тауарларға сараптама жүргізудің әдістері; қораптау мен таңбалауға қойылатын талаптар; сақтау, тасымалдау, сатып алуды ұйымдастыру және қабылдау үдерісіндегі тауарлардың сапасын бақылау әдістерін.

Дағдылары болуы тиіс: тауарлардың өндірісі, тауар қозғалысы және оларды қолдану кезеңдерінде тауарларды бағалау мен сапасын сақтауда.

Құзыретті болуы тиіс: азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерді тауартану және сараптама саласында.

БП/ТК

TKS 4217

Тауарлар мен қызметтердің сараптамасы

емтихан

БП/ТК

Tau 3218

Тауартану

емтихан

6

3

5

БП/ТК

OKT3218

Өндіріс құралдарды тауартану

Емтихан

Жалпы модуль бойынша
















6

10




Нарықтық инфрақұрылым және оның элементтері

БП/ТК

KKN 2219

Кәсіпкерлік қызметтің негіздері

емтихан

4

4

7

Білікті болуы тиіс: бизнес-жобаларды, кәсіпорынның бизнес-жоспарын әзірлеуде; биржалардың тұрпаттары мен түрлерін сипаттауда, биржалық тауар, биржалық сауда-саттықты ұйымдастыруда; бағақалыптастырудың негізгі факторларын бөліп шығаруда, бағақалыптастырудың белгілі әдістерін қолдануда; сұраныстың икемділігін бағалауда; бағақалыптастырудың белгілі стратегиялары мен тактикалық амалдарын қолданудың мақсаттылығын негіздеуде; бағалық шешімдердің зияңсыздығына талдау жүргізуде; іскерлік ортада келіссөздерді жүргізуде; Қазақстан қоғамының модернизация процесін зерттеу барысында пайда болатын мәселелердің тиімді шешімін таба білу; Қазақстан қоғамы модернизациясының өзекті мәселелерін түсіну үшін тиісті кәсіби бағыттылыққа байланысты білімін қолдана білуі; Қазақстан қоғамы модернизациясы процесін талдау және зерттеудің қажетті әдістерін таңдай білуі; көзқарастық сипаттағы білімнің негізінде қазіргі заманғы әлеуметтік практиканың шындықтарын ұғыну және талдай білу.

Білуі тиіс: нарықтық және шығындық бағақалыптастырудың теориялық және тәжірибелік негіздерін; бағақалыптастыру саласындағы негізгі заңнамалық және нормативтік актілерін; бағақалыптастырудың негізгі әдістерінің мазмұнын; әр түрлі нарықтағы бағақалыптастырудың өзіндік тән сипаттамаларын; бағақалыптастырудың стратегиялары мен тактикаларын қалыптастыру заңдылықтарын; кәсіби қызметте этикет және қарым-қатынас мәдениетінің негізгі ережелерін; әлеуметтік модернизация саласында мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін білу, қоғамдық сана модернизациясымен байланысты бағдарламалық құжаттарды, әлеуметтік модернизация процесстерін сипаттаудың жаңа заманғы эпистемологиялық модельдерін.

Дағдылары болуы тиіс: кәсіпкерлік қызметті, бизнесті, коммерциялық операцияларды ұйымдастыру және басқаруда; бағақалыптастырудың, мәдени және ікерлік қарым-қатынастардың әдістері мен құралдарын қолдануда; ойлау мәдениетін игеру мен сапалы кәсіби білімді талап ететін әлеуметтік жобалау саласындағы дербес ғылыми-зерттеу қызметін жүргізу; Қазақстан қоғамы модернизациясы процесіне белсенді түрде араласу үшін қажетті аксиологиялық бағыт бағдарларды дербес түрде таңдай білу.

Құзыретті болуы тиіс: кәсіпкерлік, биржалық, брокерлік қызметтің, бағақалыптастырудың, сонымен қатар, имидж және іскерлік қарым-қатынастардың теориялық-әдістемелік аспектілерінде; алатын білімдеріне тұлғалық қатынасын көрсете білуі, белсенді және дербес талдай білу іскерлігі, тұжырым жасай білу, оңтайлы және объективті шешімдер қабылдай білу, айрықша белгісіне динамикалық әлеуметтік құрылым, жоғарғы мобильділік, инновацияларға қабілеттілік пен сыншылдық жататын ашық, демократиялық, құқықтық қоғамды құруға белсенді түрде қатыса білу қабілеттілігі.

БП/ТК

BZh2219



Бизнес -жоспардау

емтихан

БП/ТК

BBK 3220

Биржалық және брокерлік қызмет

емтихан

5

3

5

БП/ТК

BKS 3220

Бөлшек және көтерме сауда

емтихан

БП/ТК

Bag3221

Бағақалыптастыру

емтихан

6

3

5

БП/ТК

Eko 3221

Эконометрика

емтихан

БП/ТК

KB3223

Қолданбалы бизнес

емтихан

5

2

4

БП/ТК

BEOKKE3223

Бизнестің экономикасы және оны құқықтық қамтамасыз ету

емтихан

БП/ТК

ZhBZhZh3223

Қазақстанның рухани жаңғырылуы

емтихан

6\\5

2

4

БП/ТК

ZhM3223

Жобалық маркетинг

емтихан

Жалпы модуль бойынша
















16

25




Салалардағы маркетинг

БП/ТК

KIA2224

Коммерциялық іс-әрекет




4

3

5

Білікті болуы тиіс: бизнес-жобаларды, кәсіпорынның бизнес-жоспарын әзірлеуде; биржалардың тұрпаттары мен түрлерін сипаттауда, биржалық тауар, биржалық сауда-саттықты ұйымдастыруда; бағақалыптастырудың негізгі факторларын бөліп шығаруда, бағақалыптастырудың белгілі әдістерін қолдануда; сұраныстың икемділігін бағалауда; бағақалыптастырудың белгілі стратегиялары мен тактикалық амалдарын қолданудың мақсаттылығын негіздеуде; бағалық шешімдердің зияңсыздығына талдау жүргізуде; іскерлік ортада келіссөздерді жүргізуде.

Білуі тиіс: нарықтық және шығындық бағақалыптастырудың теориялық және тәжірибелік негіздерін; бағақалыптастыру саласындағы негізгі заңнамалық және нормативтік актілерін; бағақалыптастырудың негізгі әдістерінің мазмұнын; әр түрлі нарықтағы бағақалыптастырудың өзіндік тән сипаттамаларын; бағақалыптастырудың стратегиялары мен тактикаларын қалыптастыру заңдылықтарын; кәсіби қызметте этикет және қарым-қатынас мәдениетінің негізгі ережелерін.

Дағдылары болуы тиіс: кәсіпкерлік қызметті, бизнесті, коммерциялық операцияларды ұйымдастыру және басқаруда; бағақалыптастырудың, мәдени және ікерлік қарым-қатынастардың әдістері мен құралдарын қолдануда.

Құзыретті болуы тиіс: кәсіпкерлік, биржалық, брокерлік қызметтің, бағақалыптастырудың, сонымен қатар, имидж және іскерлік қарым-қатынастардың теориялық-әдістемелік аспектілерінде.

БП/ТК

TMK2224

Тұтынушы мінез-құлқы




БП/ТК

OM3225

Өнеркәсіптік маркетинг




6

3

5

БП/ТК

TM3225

Территориялық маркетині




Жалпы модуль бойынша
















6

10




Мамандық бойынша міндетті модульдер

Қазіргі заманғы маркетингтік тұжырымдама

ПП/МК

MZ3301

Маркетингтік зерттеулер

емтихан

5

3

5

Білікті болуы тиіс: маркетинг саласында негізгі үрдістерді зерделеу мен болжамдарды жасау үшін статистикалық деректерді қолдануда; өндірістік және сол сияқты тұтынушылық тауарлар нарығының әлеуетін сипаттауда, нарық сыйымдылығын бағалауда; бәсекелік жағдайды болжауға; маркетингтік зерттеу жоспары мен бағдарламасын әзірлеуде; маркетингпен басқару саласында кешенді және негізделген шешімдерді қабылдауда.

Білуі тиіс: нарықты зерттеудің қағидаттары мен мақсаттарын; маркетингтік зерттеулерді іске асыратын негізгі амалдар мен әдістерді; нарықты стратегиялық және конъюнктуралық талдауадың негізгі амалдарын; нарықтағы бәсекелестер мен сатып алушылардың мінез құлқының ерекшеліктерін.

Дағдылары болуы тиіс: әр түрлі әдістермен маркетингтік ақпаратты жинауда; сауалнамаларды әзірлеуде; маркетингтік зерттеулердің деректерін тиімді бағалау және талдауда; кәсіпорында маркетинг қызметі бөлімін берліген кәсіпорынның мақсаттарына сәйкес тиімді ұйымдастыруда; нарық конъюнктурасын зерттеу әдістерінде; тұтынушылардың мінез-құлқын зерделеу әдістерінде және оған ықпал ету тәсілдерінде.

Құзыретті болуы тиіс: маркетингпен басқару саласында, әр түрлі сандық және сапалық әдістердің көмегімен маркетингтік зерттеулерді жүргізуде (сұрау, бақылау, эксперимент, фокус-топтар, тереңнен сұхбат алу, және басқа да әдістер).

ПП/МК

MB3302

Маркетингті басқару

емтихан

6

2

4

Жалпы модуль бойынша
















5

9




Мамандық бойынша таңдау модульдері

Стратегиялық шешімдерді әзірлеу

ПП/ТК

MA 4303

Маркетингтік аудит

емтихан

7

3

5

Білікті болуы тиіс: компанияның құрылымдық иерархияның әр түрлі деңгейлерінде қол жеткізілетін маркетингтік ақпаратты жинау, талдау және бағалау тиімділігінің басты әдістерін қолдануда; тұтынушыларға әсер ету және тауарға деген сұранысты қалыптастыру үшін негізгі маркетингтік стратегияны қолдануда.

Білуі тиіс: маркетингтік аудиттың қағидаттарын, жүйелік және атқарымдық сипаттағы компанияның маркетинг жүйесіндегі қателердің жіктемесін; аудиттің түрлері, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері, тиімді аудитті жүргізудің шарты, стратегиялық жоспарлаудың теориялық және әдістемелік негіздері, тауардың өмірлік циклының әр түрлі кезеңдеріндегі маркетингтік стратегиялар, бәсекелік стратегиялар.

Дағдылары болуы тиіс: кәсіпорынның маркетингтік аудитін жүргізудің басты әдістемесінде, кәсіпорынның маркетингтік қызметіндегі өзекті мәселелік зоналарды диагностикалау, маркетингті стратегиялық жоспарлау саласында басқарушылық шешімдерді қабылдауда және оның кәсіби мінез құлқында.

Құзыретті болуы тиіс: тиімділікті жоғарлатуда жасырын және анық қорларды іздестіру бойынша, компанияның маркетинг жүйесінде маркетингтік бизнес-жоспарларды оңтайландыруда.

ПП/ТК

MTSA 4303

Маркетингтегі талдаудың сандық әдістері

емтихан

ПП/ТК

SM4304



Стратегиялық маркетинг



емтихан

7

3

5

ПП/ТК

SZh4304



Стратегиялық жоспарлау



емтихан

Жалпы модуль бойынша
















6

10




Маркетингтік коммуникациялар

ПП/ТК

КKS 4305

Кәсіпорынның коммуникациялық саясаты

емтихан

7

3

5

Білікті болуы тиіс: кәсіпорынның коммуникациялық саясатын талдауда, PR-жолдауларды әзірлеуде, баспасөз хабарламасын жасауда, жарнамалық науқанды жүргізуді ұйымдастыруда.

Білуі тиіс: маркетингтік коммуникацияның теориялық-әдістемелік негіздерін, қоғаммен байланысты және жарнаманы қамтамасыз ету бойынша қызметтің теориялық-тәжірибелік негіздерін, кәсіпорынның жарнамалық және PR–қызметінің заманауи технологияларын, компанияның жарнамалық қызметін жоспарлау және бақылау әдістерін

Дағдылары болуы тиіс: кәсіпорынның коммуникациялық саясатын әзірлеуде, PR-жоспарларды әзірлеуде және PR-науқанның тиімділігін бағалауда.

Құзыретті болуы тиіс: кәсіпорынның коммуникациялық саясаты, PR-науқандарды ұйымдастыру, жарнамалық технологиялар салаларында.

ПП/ТК

MKТ 4305

Маркетингтік коммуникациялардың теориясы

емтихан

ПП/ТК

KBTT 4306

Қоғаммен байланыстың теориясы мен тәжірибесі

емтихан

7

3

5

ПП/ТК

Zh 4306

PR және жарнама

емтихан

Жалпы модуль бойынша
















6

10




Логистикалық жүйе, лизингтік операциялар,және консалтинг

ПП/ТК

Log 3307

Логистика

емтихан

5

3

5

Білікті болуы тиіс: ұйымның қызметінде тиімді логистикалық стратегияны әзірлеу үшін логистиканың тұжырымдамалық негіздері жайлы білімдерді қолдануда; логистикалық жабдықтарды қолдануда; қорларды басқару саласында міндеттерді шешу мен білімдерді қолдануда; ұйымның қоймасындағы логистикалық үдерісті әзірлеуде және оның тиімдлігін бағалауда; әр түрлі әдістерді қолданумен лизингтік төлемдерді есептеуде; лизингтік қызметтің мүмкін тәуекелдеріне талдау жасауда.

Білуі тиіс: логистиканың мақсаттарын, міндеттерін, нысанын және пәнін, кәсіпорынның логистикалық стратегияны әзірлеудегі өзекті сұрақтары мен рәсімдерін; ұйымның ағымдары мен ағымдық үдерістерін басқаруда логистиканың жабдықтарын қолданудың қыр-сырын; лизингтік қызметтің негізгі теориялық ережелерін, лизингтің заңнамалық негіздерін, лизингтік төлемдерді есептеу әдістемелерін.

Дағдылары болуы тиіс: ағымдар және ағымдық үдерістерді басқаруда логистикалық тәсілдемелердің қағидаттарына еилік етуде; логистикалық басқару әдістеріне иелік етуде; қорлар мен қоймаларды басқару саласында логистикалық жабдықтарға иелік етуде; лизингтік төлемдерді есептеу негізінде.

Құзыретті болуы тиіс: кәсіпорынның логистикалық үдерістерін жоспарлау және ұйымдастыру, лизингтік қызметті ұйымдастыру салаларында.

ПП/ТК

LTZ 3307

Логистикалық тізбектерді зерттеу

емтихан

ПП/ТК

KK 3308

Консалтингтік қызметтер

емтихан

5

3

5

ПП/ТК

LR 3308

Лизинг және рентинг

емтихан

Жалпы модуль бойынша
















6

10




Жаһандық маркетинг және инновациялық бизнес

ПП/ТК

IMZ3309

Интернеттегі маркетингтік зерттеулер

емтихан

6

3

5

Білікті болуы тиіс: қызметтердің өзіндік сипаттамаларын айқындауда және олардың азық-түлік қосымшасының бәсекеқабілеттілігіне ықпал етуіне талдау жасауда; қызметтерді тұтынушылық қабыдау ерекшеліктеріне сүйене отырып маркетингтік шешімдерді қалыптастыруда; зияткерлік жекеменшік нысандары нарығында маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізуде; кәсіпорынның инновациялық даму стратегиясын әзірлеуді білуде; шетелдік мемелекеттердің маркетингтік ортасының ерекшеліктеріне талдау жасауда және оларды маркетингтік стратегияларды әзірлеу және жүзеге асыру кезінде ескеруде.

Білуі тиіс: ғылыми пән ретіндегі қызмет маркетингінің қалыптасу кезеңдерін, қызметтердің сапасын жоғарлатудағы маркетингтік құралдарды; маркетинг теориясындағы «инновация», «зияткерлік өнім», «технологияны коммерциялардыру» түсініктерінің мазмұнын; зияткерлік жекеменшік насандарының отандық және шетел нарығын реттеудің құрылымы мен ерекшеліктерін; халықаралық маркетингтің негізгі тұжырымдамалары мен стратегияларын.

Дағдылары болуы тиіс: қызмет саласындағы ұйым үшін маркетингтік кешенді жоспарлаудың құралдарына иелік етуде; басқарудың маркетингтік технологияларына иелік етуде және оларды қызмет маркетингінде, халықаралық маркетингте, инновациялар маркетингінде қолдану ерекшеліктерінде.

Құзыретті болуы тиіс: қызметтің сапасын жақсартуда маркетингтік бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру саласында; кәсіпорынның инновациялық қызметін басқаруда маркетингтік құралдарды қолдануда; тауарлар мен қызметтердің халықаралық және жаһандық нарықтарында кәсіпорынның жұмыс істеуіне байланысты маркетингтік қызметті ұйымдастыруда.

ПП/ТК

KM 3309

Қызмет маркетингі

емтихан

ПП/ТК

IZhM 3310

Инновациялық жобалардың маркетингі

емтихан

5

3

5

ПП/ТК

IM 3310

Инновациялар маркетингі

емтихан

ПП/ТК

SNBS3311

Сыртқы нарықтағы бәсекелік стратегиялар

емтихан

6

3

5

ПП/ТК

HM 3311

Халықаралық маркетинг

емтихан

Жалпы модуль бойынша
















9

15




Қосымша модульдер

Тіл және іс жүргізу

ҚМ/ТК

MTIKZh2301

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

емтихан

4

2

4

Білуі тиіс: мамандығына байланысты терминологияны меңгеріп, кәсіби сөйлеу жағдаяттары бойынша сөйлеу деңгейлерін кеңейтіп, сөздерді еркін пайдалана білу, іс-қағаздарды сауатты толтыра білу, хабарламаларды, жаңалықтарды, нұсқауларды оқып, түсіну, ол туралы айта білу, әр түрлі стильде жазылған мәтіндер, өз мамандықтарына сәйкес еңбектер мен ғылыми зерттеулерді оқып, негізгі ақпараттарды ала білу, моральдық құндылықтарды күнделікті өмірде санаға сіңдіруді жүзеге асыру; адамгершілік мәдениетті жоғарлату бойынша жұмыс жасау; рухани-адамгершілік тетіктерін жемқорлықтың алдын-алу негізінде қолдану.

Қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық қатынастарының жетілуі шарты негізіндегі жемқорлыққа қарсы тұру, жемқорлық құлықтарының психологиялық ерекшеліктері.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру



Игеруі тиіс: кәсіптік қарым-қатынаста тіл жүйесінің дыбыстау, лексикалық-фразеологиялық, грамматикалық ерекшеліктерін игеру; өз мамандығына қатысты құжаттарды қазақ тілінде сауатты толтыруға машықтану және дұрыс аударма жасай білу. Жемқорлықтың пайда болуы, негізін, мазмұнын, сыбайлас жемқорлық әрекеттер үшін құқықтық, моральдық жауапкершілікті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру саласындағы күші бар заңнаманы білу

Дағдысы болуы керек: Сөйлеу әрекетінің 4 түрін толық меңгеріп, оны кәсіби қарым-қатынаста пайдалана білу: монолог; диалог түрлерін (хабар алмасу, пікір алысу, сұрақ-жауап, пікірталасқа араласу) меңгеру; тыңдалған мәтіннен тұлғалық, кәсіби бағалы ақпаратты бөліп ала білу, кәсіби бағыттағы сөздіктерді еркін пайдалана және сауатты түрде аударма жасай білу және мемлекеттік тілде іс-қағаздарымен жұмыс жасай білу, әр түрлі кәсіби қарым-қатынас жағдайында аударма жасай білу. Моральдық құндылықтарды күнделікті өмірде санаға сіңдіруді жүзеге асыру;адамгершілік мәдениетті жоғарлату бойынша жұмыс жасау; рухани-адамгершілік тетіктерін жемқорлықтың алдын-алу негізінде қолдану; моральді тұрғыдағы кикілжіңдермен мүдделерді талдау таңдауы; жемқорлыққа қарсы мәдениетті жетілдіру

Құзыретті болу: коммуникативтік, лингвистикалық, грамматикалық, кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру; кәсіби қызмет саласында коммуникативтік құзыреттілігін тиімді пайдалана білу.

ҚМ/ТК

Kyzh2301

Құжаттану

емтихан

ҚМ/ТК

SZhKMN2302

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

емтихан

3

2

4

ҚМ/ТК

KZAK2302

Қазіргі замандағы адам құқығы

емтихан

Жалпы модуль бойынша
















4

8




Қосымша оқу түрлері

Тәжірибе







Оқу







2

1

Білікті болуы тиіс: ұйымдық-басқарушылық шешімдерді іздеп табуда, находить организационно-управленческие решения, кәсіпорынның маркетингтік стратегиясын әзірлеуде, нарықтық сұраныс пен ұсынысты талдауда, маркетингтік зерттеулерді жүргізуде, кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық, қаржылық және коммерциялық қызметіне талдау жасауда.

Білуі тиіс: маркетингтік зерттеулерді жүргізудің әдістемесі мен техникасын, маркетингтік стратегияларды, бағақалыптастырудың теориясы мен тәжірибесін, кәсіпорынның тауарлық, коммуникациялық және өткізу саясатының негізгі құраушыларын.

Дағдылары болуы тиіс: нарықтық конъюнктураны, бәсекені бағалауда, кәсіпорынның маркетингтік қызметіне талдау жасауда, экономаклық көрсеткіштерді болжауда. Құзыретті болуы тиіс: кәсіпорынның тауарлық, баға, коммуникациялық және өткізу саясаты саласында..







Өндірістік







6

15







Дипломалды







2

4

Жалпы модуль бойынша
















10

20













Дене шынықтыру







8

14




Мемлекеттік қорытынды аттестаттау

Мемлекеттік аттестация







Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау немесе бейінді екі пән бойынша мемлекеттік емтиханды тапсыру







2

4

Білікті болуы тиіс: кәсіпорын және ұйым маркетингінің тәжірибелік міндеттерін жүйелі шешу үшін қол жеткізілген, әрі алған теориялық білімдерді пайдалануда.

Білуі тиіс: маркетингтің теориясы мен тәжірибесін, кәсіби қызметтің құзыреттерін.

Дағдылары болуы тиіс: маркетинг, кәсіпорынның маркетингтік қызметі, маркетингтік зерттеулер, маркетингпен басқару, маркетингтік коммуникация, стратегиялық маркетинг салаларында, ғылыми жұмыстарды жазуда.

Құзыретті болуы тиіс: еңбек нарығындағы кәсіби, тәжірибелік іс әрекеттің сұрақтарында.













1

2

Жалпы модуль бойынша
















3

6






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет