6-дәріс. Тұлға (арқа, құрсақ, көкірек) бұлшықеттері Иық белдеуі мен қолдың және жамбас белдеуі мен аяқтың бұлшықеттері



Дата07.04.2022
өлшемі15,67 Kb.
#138354
Байланысты:
Лекция-1629645667181-1
1588231744, 1-тапсырма. Әлимұса Д.С, 2-тапсырма. Әлимұса Д.С

6-дәріс. Тұлға (арқа, құрсақ, көкірек) бұлшықеттері Иық белдеуі мен қолдың және жамбас белдеуі мен аяқтың бұлшықеттері
Тұлғаның бұлшықеттері – арқа, көкірек және құрсақ бұлшықеттері деп 3 топқа бөлінеді.
Арқаның бұлшықеттеріне – трапеция пішінді, арқаның жалпақ еті, үлкен және кіші ромбы пішінді, жауырынды көтеретін, жоғарғы артқы, төменгі артқы, белдік пішінді және т.б. ұсақ бұлшықеттер жатады.
Көкіректің бұлшықеттеріне - көкіректің үлкен және кіші еттері, алдыңғы тіс тәрізді ет, сыртқы және ішкі қабырғааралық еттер, көкет (диафрагма), көкіректің көлденең т.б. бұлшықеттер жатады.
Құрсақтың бұлшықеттеріне – құрсақтың сыртқы және ішкі қиғаш еттері, көлденең және тік еттер, белдің шаршы т.б. бұлшықеттер жатады.


Иық белдеуі мен қолдың және жамбас белдеуі мен аяқтың бұлшықеттері
Иық белдеуінің бұлшықеттері иық буынын қоршап орналасады. Оған - дельта пішінді, үлкен және кіші жұмыр еттер, жауырынның қыр үсті, қыр асты, жауырын асты бұлшықеттері жатады.
Қол қарының бұлшықеттерінің алдыңғы жағында – екі басты, қар еті, тұмсық-қар еті, ал артқы жағында үш басты, шынтақ бұлшықеттері орналасқан.
Білектің бұлшықеттері де орналасқан орнына сәйкес алдыңғы және артқы тобы деп бөлінеді. Алдыңғы тобына – қар-кәрі жіліктік, дөңгелек пронатор, білезіктерді бүгетін кәрі жілік еттері, алақанның ұзын еті, білезікті бүгетін шынтақ еті, шаршы пронатор т.б. бұлшықеттер жатады.
Білектің артқы жағында орналасқан бұлшықеттерге – кәрі жілектің білезікті жазатын ұзын және қысқа еттері, білезікті жазатын шынтақ еті, супинатор және т.б. бұлшықеттер жатады.
Қол басының бұлшықеттері – басбармақпен, алақанмен, саусақтармен байланысады да, соларды қозғалысқа келтіреді.
Жамбас белдеуінің бұлшықеттері жамбас буынын қоршай орналасады. Оларға – мықын еті, үлкен және кіші бел еттері, алмұрт тәрізді, жамбастың сыртқы және ішкі қол сұғарының еттері, үлкен, ортаңғы, кіші бөксе еттері, саннның шаршы бұлшықеттері жатады.
Санның бұлшықетттері – адамның тік жүруіне байланысты өте жақсы дамыған. Санның бұлшықеттері орналасу ретіне сәйкес 3 топқа бөлінеді. Алдыңғы жағында орналасқан бұлшықеттерге – белдік пішінді, төрт басты, артқы тобына – жартылай сіңірлі, жартылай жарғақты, екі басты, ал ішкі тобына – тарақ пішінді, жұқа, ұзын, қысқа және үлкен санды ішке қарай бұратын бұлшықеттер жатады.
Балтырдың бұлшықеттері – денені тік ұстап тұруды қамтамасыз етеді. Балтырдың бұлшықеттері де орналасуына сәйкес 3 топқа (алдыңғы, артқы және сыртқы) бөлінеді. Балтырдағы бұлшықеттердің ең ірілері оның артқы жағында орналасқан. Оларға - нағыз балтыр және камбала пішінді, тізе асты, табан т.б. бұлшықеттер жатады.
Табанның бұлшықеттері табанның күмбезденіп тұруын қамтамасыз етеді. Мұндағы бұлшықеттердің көпшілігі табанның астыңғы жағында орналасқан – саусақтарды бүгетін қысқа және ұзын еттер, құрт пішінді т.б. бұлшықетттер.
Әдебиеттер тізімі:

  1. Адам анатомиясы [Мәтін]: Оқу құралы / Р. Сәтімбеков, Ә. Қырбасова, Р. Алипова.- Алматы, 2008.- 128 бет.

  2. Адам анатомиясы [Мәтін]: Оқулық / М.М. Дайырбекова.- Алматы: Медицина баспасы, 2002.- 288 бет.

  3. Жандар, К.Е. Тәнтану (Адам анатомиясы) [Мәтін]: Оқулық / Керімбектің Ермаханы Жандар.- 2-басылымы.- Алматы: Білім, 2004.- 464 б.- (ҚР Білім және Ғылым мин-гі).

  4. Рақышев, А. Адам анатомиясының атласы, латын, қазақ және орыс тілдерінде. 1Том: Алматы, 2006жыл.

  5. Рақышев, А. Адам анатомиясының атласы, латын, қазақ және орыс тілдерінде. 2 Том... Алматы, 2006 жыл.

  6. Рақышев, А. Адам анатомиясының атласы, латын, қазақ және орыс тілдерінде. 4 Том... Алматы, 2006 жыл.

7 http://www.d-mir.ru/journal/tio/

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет