6M011000 «Физика» мамандығы бойынша магистратураға түсуге арналған емтихан сұрақтары



Дата27.11.2016
өлшемі59,72 Kb.
#2607
6M011000 - «Физика» мамандығы бойынша магистратураға түсуге арналған емтихан сұрақтары


  1. Айналмалы дене қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі.

  2. Жылжымайтын ось бойымен қатты дененің айналуы. Бұрыштық жылдамдық пен үдеудің векторлары. Дененің инерция моменті. Күш моменті.

  3. Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы.

  4. Салыстырмалы айналмалмалы санақ жүйесіндегі дененің қозғалысы. Кориолис күші мен оның Жерде байқалуы.

  5. Оське қатысты материалдық нүктенің инерция моменті. Штейнер теоремасы. Қатты дененің инерция моменті. Инерция моментінің сақталу заңы.

  6. Кеплер және бүкіләлемдік тартылыс заңдары. Ғарыштық жылдамдықтар.

  7. Лоренц түрлендіруінің салдары (оқиғалардың біруақыттылғы, ұзындықтардың қысқаруы, оқиғалар ұзақтығының өзгеруі).

  8. Ауыспалы масса денесінің қозғалысы. Реактивті қозғалыс.

  9. Мещерский және Циолковский теңдеуі.

  10. Идеал сұйық ұғымы. Сұйықтар мен газдардағы қысым.

  11. Паскаль және Архимед заңдары. Үзіліссіздік теңдеуі.

  12. Изопроцесстер. Бойль-Мариотт, Гей-Люссак, Шарль заңы.

  13. Молекула-кинетикалық теория негіздері. Газдардың молекула-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі.

  14. Термодинамиканың негізгі түсініктері: термодинамикалық жүйе, термодинамикалық параметрлер, термодинамикалық тепе-теңдік.

  15. Нақты газдар. Нақты газдың ішкі энегриясы.

  16. Термодинамиканың бірінші заңы.

  17. Жүйенің жылусыйымдылығы.

  18. Термодинамиканың екінші заңы, оның статикалық сипаты.

  19. Жылулық қозғалтқыштардың жұмыс істеу принципі. Карно циклінің ПӘК-і.

  20. Қайтымды және қайтымсыз процестер.

  21. Электростатика. Элементар электр заряды. Зарядтың сақталу заңы. Кулон заңы.

  22. Әр түрлі диэлектриктердегі электр өрісі. Диэлектриктердің поляризациясы. Екі диэлектрик шекарасындағы өрістің өзгеруі. Диэлектриктер үшін Гаусс теоремасы.

  23. Тұрақты ток. Ток тығыздығы және өткізгіштігі. Тізбек бөлігі және толық тізбек үшін Ом заңы.

  24. Металдардың электр өтімділігінің классикалық теориясы және одан Ом және Джоуль-Ленц заңдарын қорыту.

  25. Магнит индукциясы векторының циркуляциясы. Толық ток заңы және оны магнит соленоидтың есептеуге қолдану.

  26. Магнит өрісіндегі ток контуры. Токтың магнит моменті.

  27. Жарықтың электромагниттік теориясы.

  28. Суперпозиция принципі. Диполь өрісін есептеу. Сыртқы біртекті және біртекті емес ортадағы диполь.

  29. Электр қозғаушы күш. Тұйықталған жүйе үшін Ом заңы.

  30. Тұрақты ток тізбегіндегі жұмыс пен қуат. Интегралдық және дифференциалдық түрдегі Джоуль-Ленц заңы.

  31. Электромагниттік толқынның энергия ағысының тығыздығы (Умов-Пойтинг заңы). Сәуле шығарудың энергетикалық тығыздығы. Электромагниттік толқынның интенсивтілігі.

  32. Максвелл теңдеулерінің интегралдық түрі және оның физикалық мағынасы.

  33. Максвеллдің жарықтың электромагниттік теориясы.

  34. Жарық жылдамдығы және оны өлшеу әдістері. Арнайы салыстырмалы теория негіздері.

  35. Жарық интерференциясы. Интенсивтілік. Монохроматты жарықтың интерференциясы. Көлемдік жарық көзінен интерференцияны бақылаудың мүмкін еместігі. Интерференцияның max және min шарттары. Интерференциялық жолақтардың ені.

  36. Монохроматтық және нақты электромагниттік толқын. Фазалық және топтық жылдамдықтар.

  37. Жарықтың дисперсиясы және поляризациясы.

  38. Жылжымалы орта оптикасы және эфир мәселесі. Майкельсон – Морли тәжірибесі. Жарық жылдамдығы

  39. Жарық жылдамдығын анықтау әдістері (Ремер әдісі, Бредли әдісі, Фуко және Майкельсон айналмалы айна тәжірибесі).

  40. Жарықтың дифракциясы. Гюйгенс-Френель принципі.

  41. Рентген сәулесінің дифракциясы. Вульф-Брег шарты. Рентген спектроскопиясы және рентген құрылымдық талдау туралы ұғым.

  42. Атомдық түсініктердің дамуы. Томсон атомының моделі. Резерфорд тәжірибесі. Резерфорд атомының моделі.

  43. Ядролық күштердің қасиеттері.

  44. Бета-ыдыраудың элементар теориясы.

  45. Радиоактивті ыдырау және оның негізгі сипатамалары.

  46. Альфа-ыдырау. Негізгі эксперименталды мәліметтері мен заңдылықтары.

  47. Электронның механикалық және магнит моменттері. Электронның спині. Электрон импульсінің толық моменті. Спин-орбиталдық әсерлесу.

  48. Лазерлер.

  49. Кванттық теориядағы сутегі атомы. Кванттық сандар. Деңгейлердің пайда болуы.

  50. Ядролық реакцияның сақталу заңдары.

  51. Вайцзеккердің жартылай эмпирикалық формуласы.

  52. Бордың сутегі атомының теориясы. Сутегі атомының спектрлік сериялары.

  53. Атом ядросының статикасы және спині.

  54. Сутегі атомындағы заңдылықтар. Бальмер формуласы.

  55. Ядродағы заттардың үлестірілуі. Ядролардың өлшемі. Ядро радиусы ұғымы.

  56. Ядролық реакциялар мен ядролық реакциялардағы сақталу заңдары. Ядроның спонтанды бөлінуі. Негізгі қасиеттері мен заңдылықтары.

  57. Элементар бөлшектер мен олардың классификациясы және өзара ауысулары.

  58. Потенциалдық барьер. Туннель эффекті.

  59. Еркін түрдегі потенциалдық барьер.

  60. Элементар бөлшектердің классификациясы. Бөлшектердің кванттық сипаттамалары.

  61. Дирак және Клейн-Гордон теңдеуі, олардың байланысы мен қасиеттері.

  62. Гейзенбергтің анықталмағандылық қатынасы.

  63. Спин. Спин операторы. Спинорлар.

  64. Еркін электрон үшін Дирак теңдеуін шешу.

  65. Кванттық механикадағы сызықты гармоникалық осциллятор.

  66. Бақыланатын физикалық шамалар мен сызықты түйіндес операторлар. Меншікті функциялар мен сызықты түйіндес операторлардың меншікті мәндері. Операторлардың коммутациясы және оның физикалық мағынасы.

  67. Шексіз терең потенциалдық шұңқыр. Энергетикалық спектр және стационар күйлер.

  68. Педагогикалық ғылым ретінде физиканы оқыту әдістері. Қазіргі таңда орта мектептегі физиканы оқыту әдістеріндегі мәселелері

  69. Орта мектепте физиканы педагогикалық ғылым ретінде оқыту. Физиканы оқытудағы мақсаттары мен мәселелері.

  70. Физика оқыту әдістеменің әдіснамалық негіздері

  71. Физика оқыту әдістемедегі заңдар және заңдылықтар.

  72. Оқыту әдістері. Физиканы оқытудың түрлері.

  73. Физиканы оқыту құралдары

  74. Дидактикалық және әдістемелік оқыту теориялар, олардың физика оқыту әдістемесіндегі рөлі және орны.

  75. Орта мектепте физиканы проблемалық және эвристикалың оқыту.

  76. Орта мектепте физика оқытудың мазмұны.

  77. Физика оқытудағы зертханалық жұмыстардың рөлі және орны.

  78. Физика оқытудағы демонстрациялық тәжірибенің рөлі және орыны.

  79. Физика оқытудағы есептерді шешуінің рөлі және орыны.

  80. Физика бойынша оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесі.

  81. Физиканы проблемалық оқыту.

  82. Физика оқыту жолдары. "Қозғалыс және күш" тақырыбын зерттеу әдістемесі.

  83. "Заттың атом-молекулалық құрылымы" тақырыбын зерттеу әдістемесі.

  84. "Механика" тақырыбын зерттеу әдістемесі.

  85. "Молекулалық физика" тақырыбын зерттеу әдістемесі.

  86. Электродинамика негіздері" тақырыбын зерттеу әдістемесі.

  87. "Оптика" тақырыбын зерттеу әдістемесі.

  88. "Салыстырмалық теориясының негіздері" тақырыбын зерттеу әдістемесі.

  89. "Атом физикасы" тақырыбын зерттеу әдістемесі.

  90. "Атом ядросының және элементар бөлшектердің физикасы" тақырыбын зерттеу әдістемесі.

  91. Қазіргі таңда орта мектептегі физиканы оқыту әдістеріндегі мәселелері.

Ф ЕНУ 703-13-12. Экзаменационный билет. Издание первое


Каталог: downloads -> magistratura
magistratura -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
magistratura -> БАҒдарламасы астана 2015 Мазмұны Кіріспе 3
magistratura -> БАҒдарламасы астана, 2015 Бағдарлама 6М010300 «Педагогика және психология»
magistratura -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2011 жылғы «17» маусымдағы №261 бұйрығымен бекітілген
magistratura -> Білім беру бағдарламасы Негізгі тақырыптардың қысқаша мазмұны Ботаника
magistratura -> Сәулет құрылыс факультеті 6М042000-«Сәулет»
magistratura -> Сәулет құрылыс факультеті 6М042100-«Дизайн»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет