6М011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған



Дата05.11.2016
өлшемі364,41 Kb.
#725
    Бұл бет үшін навигация:
  • Курс

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

УМКД 042-16.1.35/01-2013


ПОӘК «Абайдың ақындық кітапханасы» пәнінен оқытушыға арналған

2013жылғы № 1 басылым ____________







6М011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

«Абайдың ақындық кітапханасы» пәнінің

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ


СЕМЕЙ


2014

Кіріспе
1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Құрастырған __________ Р.Қ.Сабырбаева

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының доцент м.а., филология ғылымдарының кандидаты

«___» ______2013жыл



2 КЕЛІСІЛДІ

2.1 Қазақ әдебиеті кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды

Хаттама №___ «___» ___________2013жыл
Кафедра меңгерушісі_______________А.С.Ақтанова

2.2 Филология факультетінің оқу- әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді

Хаттама №___ «___» ___________2013 жыл
Төрайымы_________________Мұқанова Қ.Қ.
3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік бюросында бекітілді

Хаттама №___ «___» ___________2013жыл

ОӘК төрағасы _________________Искакова Г.К.
4  «____» __________ 20___ж. шыққан ПОӘК-нің
1 БАСЫЛЫМ






Мазмұны

1 Қолданыс аясы

2 Нормативтік сілтемелер

3 Жалпы ережелер

4 Оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасының мазмұны

5 СӨЖ-ның тақырыптары

6 Пәннің оқу-әдістемелік картасы

7 Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы

8 Әдебиеттер






1 ҚОЛДАНЫС АЯСЫ
«Абайдың ақындық кітапханасы» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіретін магистранттарға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы 6М011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының магистранттарына арналған.
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Осы ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін төмендегі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырады:

- 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығының 3.08.275-2006 бекітілген ҚР МЖМБС мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

- «5 В 020500» «Филология: қазақ тілі» мамандығының типтік оқу жоспары;

- СТУ 042-РГКП-СГУ-5-2012 Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар университет стандарты;

- ДП 042-1.07-2012 «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен құрылымы» құжаттық іс-жосығы.


3ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

«Абайдың ақындық кітапханасын» жеке пән ретінде оқыту арқылы Абайтану саласының өзекті бір мәселесі ретінде қарастырылатын ақын кітапханасының жайы, бүгінгі күнге дейінгі зерттеулермен таныстыру көзделеді.


1.4 Пәнді оқыту міндеттері:

  • М.Әуезов көрсеткен, Абайдың тағылым алған үш арнасын
    таныту;

  • Абайдың ақындық өнерінің бастауы, шығыс поэзиясына еліктеуі жөнінде, шығыс шайырларымен байланысын оқыту;

  • Абайдың батыс әдебиетімен, оның ішінде орыс әдебиетімен байланысын саралау;

- Абай нәр алған төл әдебиет үлгілерімен, ақын-жыраулар шығармашылығмен байланысын көрсету;

- Қазіргі зерттеулер негізінде Абай кітапханасының бүгінгі күнге дейінгі анықталған санымен таныстыру.


1.5 Оқытудың нәтижесі:

Курстың соңында магистрант мыналарды білуі керек:



  • Абайдың ақындық кітапханасының жай-күйі туралы мәліметтермен танысады;

  • Абай дүниетанымының қалыптасуына, танымдық пікірінің дамуына әсер еткен әлемдік ойшыл-философ, ғалымдардың, классик ақын-жазушылардың шығармалары туралы мағлұмат алады.

  • Шығыс поэзиясындағы дәстүр үлгілері, өлеңсөз түрлері туралы білімі кеңейеді.

  • Салыстырмалы әдебиеттану негізі туралы жан-жақты білім алады.

  • Абайдың аудармалық, назиралық үлгідегі шығармалары, олардың құндылықтары туралы өзіндік пікірқалыптастырады.

  • теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді.

  • зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады.

  • кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді.

1.6 Курстың пререквизиттері:

жоқ

1.7 Курстың постреквизиттері:



жоқ
3.7 Оқу жұмыс жоспарынан көшірме:

1 Кесте

Курс


Семестр

Кредит

ДС (сағ)

СПС (сағ)

Лаб. (сағ)

ОСӨЖ

(сағ)


СӨЖ(сағ)

Бар

(сағ)


Бақылау түрі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

ІІ

3

3

30

15




22,5

67,5

135

емтихан


4 ПӘННІҢ ОҚУ ЖОСПАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

Кесте 2 – Пәннің мазмұны. Сабақтардың түрі бойынша сағаттарды бөлу



Тақырыптардың атауы мен мазмұны




Сағат саны

2


1




Дәріс сабақтары

1. Абайдың ақындық кітапханасы – Абайтанудың өзекті мәселесінің бірі. «Қазақ халқының ұлы ақыны»,Мұхтар Әуезовтіңмақаласы. Абайдың қайтыс болуына 50 жыл толуы қарсаңында (1954) ұлы мұра жөніндегі ез ой-танымының желісін қорыта отырып жазған. Терек талдау мен іргелі ойға, теориялық соны пікірлерге құрылған. Мақала алдымен «Әдебиет жене искусство» журналының 1954 жылғы 9-санында жарияланды, орысша нұсқасы Мәскеудегі «Знание» баспасында жеке кітапша болып шыкты, сол жылы «Новый мир» журналының 7-санында жарық көрді. Соңғы рет жазушының 20 томдық шығармалар жинағының 18-томыңда (42 62-беттер) 1954 жылғы нұсқасы негізінде жарияланды. Мақала жарық көрген кезден бастап абайтану саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының иек артатын іргелі тірегіне айналды. 19 ғасырдың 80-жылдарындағы Абай өлеңдерінің дені қазақ қауымының тағдырына арналғандықтан, дидактикалық поэзияның қалыптасқан канондарын бұзып, жаңа бағыттағы поэзияның мақсаты - халық мүддесіне қызмет ету, адамды жаңа таным, биік гуманистік мақсат-мұратқа тәрбиелеуге жұмылдыру деп білді. Абайдың ақындық кітапханасының тың көздерін нұсқап, Табари, Рабғузи, Рашид-ад-дин, Бабыр, Әбілғазы еңбектерімен таныстығын, логика мен мусылман құқығының негіздерін біліп, татар ағартушылары еңбегімен, Таяу Шығыстың өз кезіндегі ой ағымымен мол хабардар екендігін ескертеді. «Қазақ халқының ұлы ақыны» («Великий поэт казахского народа»), Мұхтар Әуезовтің мақаласы. «Абай Кунанбаев. Избранное» деп аталатын орыс тіліндегі кітапқа жазылған алғы сөз (5-27-беттер). 1958 ж. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасы шығарған. Кітапты Қазақ КСР ҒА-ның Тіл мен әдебиет институты әзірлеген. Орыс тіліне аударылған тандамалы өлеңдері мен кара сөздері кірген. Абайдың қысқаша өмірбаяны берілген. Абайдың орыстың классикалық әдебиетінің әсері, Батыс жазушылары мен ойшылдарын оқып үйренуі ақынға арнапған басқа еңбектерінің үлгісінде жазылған. Абайдың үш ақындық мектебі: тіл әдебиеті, Шығыс үлгісі, орыс, Батыс классикасының әсері тарата талданған. Мақалада зар-заман әдебиетінің өкілдері Шортанбай, Мурат, Әбубәкіржайында да айтыпған. Оларға консервативті ақыңдар деп баға беруі сол кездегі идеологиялық талаптардан туған. Абайдың шығыстық философ, тарихшы, ақындарды білуі, ақындық шеберлігі, аудармалары жайында қысқа, нақты ойлар айтқан.

1

2. Абай нәр алған үш арна. Ақын шығармалары сусындаған негізгі үш қайнар көзді айтатын болсақ, ол ең алдымен Абай қазақ елінің ұлтгық рухы мен менталитетін, оның көкейтесті арманы мен даналық ойларын абыздық көрегеңділікпен, өлеңмен өрнектеуді қазақ эпосынан үйренді. Сондай-ақ Абайдың жүйелі ойларының үлкен бір арнасының калыптасуына Шығыстың рухани қазынасының да ықпал-әсерінің аз болмағандығы сөзсіз. Өйткені ол күллі араб пен парсының батырлық дастаны мен жырларын, Шығыстың атағы жер жүзіне мәшһүр классик ақындарын, Әбу Жафар Мүхаммед ат-Табари, Рабғузи, Рашид әд-Дин, Бабыр Захиреддин Мұхаммед, Әбілғазы Баһадүр ханның тарихи еңбектерін, сондай-ак, логика ғылымының негіздері мен мұсылмандық құқық, Шығыстың шариғат кағидаларын ұғындыратын ғұламалар еңбектерін жетік меңгерген. Сол еңбектерді түпнүсқасында оқитын жан-жақты білімдар, ғұлама болған. Араб, парсы, түркі тілдеріндегі білім көздеріне Абай ерекше көңіл аударады. Айрықша қабілетінің аркасында, араб, парсы тілдерін өз бетімен жүйелі түрде оқып, игереді.

Ақынның шұрайлы филос. ойлары, негізінен, шығыс ойшылдары мен ақындарының кемел пікірлерін айрықша шеберлікпен игергендігін көрсетеді.Орыстың қоғамдық-филос. ақыл-ойы ақынның эстетик. көзқарасының қалыптасуына елеулі әсер етгі. Сондай-ақ басын сонау антикалық ежелгі заман мәдениетінен алатын Батыс Еуропа мәдениеті Абай дүниетанымының даму процесінде тарихи сабақтастық желісін атқарды. Казақ кемеңгері Сократ, Платон, Аристотель еңбектерімен жақсы таныс болды. Сонымен катар ол Спенсердің "Тәжірибелерін",Льюистің "Позитивтік фило-софиясын", Дрепердің "Еуропа ақыл-ойының даму тарихы" атты туындылары мен Милльдің, Бокльдің және тағы басқа көптеген авторлардың да шығармаларын оқыған. Батыстың өркениеті мен философиясы, қоғамдық ойдың даму тарихы, ғылымы мен мәдениеті Абайдың рухани есею жолында елеулі рөл аткарып, Батыс пен Шығыс мәдениеттерін оның өз дүниетанымында тамаша ұштастырды.



1

3. Абай және Шығыс әдебиеті. Ғалым Ғ.Сағди 1922 жылдары Абайдың Ташкентте басылған кітабы негізінде Абайдың Шығыс әдебиетіне қатысын арнайы сөз етпегенімен, оның исламиятқа қатысын айғақтау жолында құнды пікірлер айтқан. «Және әуелде аллаға онша жақын болмаған әлі көбірек дүние үшін, халық үшін қайғырған Абай 1889 жылдан соң аллаға жақындап, алланы жар етеді. Алла туралы көбірек ойлап, сол ретте халыққа алла туралы сөздер сөйлеп, алла туралы діни үгіттер үйретеді», - дейді. Ғ.Сағди Абайдың дүниеге көзқарасы, Абайдағы дін жайы деген мәселеге алғаш назар аударған зерттеушінің бірі.

Абайдың шығыс әлемі мен исламият дүниесіне қатысын зерттеген ғалымдардың бірегейі - М.Мырзахметұлы.

Абайдың Шығысқа қатысты оқыған әдеби мұраларының анық санын айқындау мүмкіндігі болмағанымен , Абай оқыған Шығыстық дерек көздерін М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясында жалпы жиыны 34 кітапты атаса, М.Мырзахметұлы, С.Қасқабасов, Қ.Салғарин т.б. ғалымдар Кеңес заманындағы идеологияның кесірінен М.Әуезов атамай кеткен басқа да көптеген Шығыс мұраларының аттарын абайтануға қатысты өз еңбектерінде кеңейтіп көрсеткен.

Жалпы Абайдың Шығыс әдебиетімен танысуы, оның медреседе оқыған кезінен басталады. Ақынның ең алғашқы «Иузи-раушан» өлеңі, таза еліктеуден туған туынды болса, «Фзули, Шамси» өлеңі Шығыстық мәдени мұраға жас ақынның талғаммен қарай бастағандығының белгісі.



1

4. Абай және сопылық әдебиет. Сопылық әдебиет, /суфизм/ /араб. Суф –жүн, суфи-жүн кеудеше киген адам/ Исламдағы діни-философиялық әдебиет. Сопылықтың басты идеясы – дүниеден безу емес, дүнеде болу. Оның мәнісі: өзімшіл, менмен, рухани жарымжан, көрінгеннің құлы болмай, тәуелсіз болу, Алла тағаланың берген сыйы мен нығметіне шүкіршілік ету, мақтанға малданбау, даттанға шамданбау, ашуланып қорланбау, қанағат, сабырлық ету. Сопылар алдымен Құранға, хадиске сүйенеді. Жүрек – манның тұрағы дейді, Абайша айтқанда бұл толық адамда болады. Осыған қарағанда, сопылықты жүрекпен ғана ұғынуға болады, сондықтан оның басты мақсаты – жүректі ояту. Әрине жүрегі оянған адам басқаның да жзүрегін оятады, бұған даналық пен сұлулық, шынайылықтың баламасы ретінде қарайды. Жалал-ад-дин Руми, Сағди, Жәми сияқты көптеген ақындар сопылық ойдың данышпандары саналады. Қазақ жерінде сопылық ой Ахмет Иассауиден бастау алады. Оның ілімі жаратушы хақ тағаланы тани отырып, оның тұтас бір бөлшегіне айналды. Мұндағы басты нәрсе – рухани пәктікті сақтау, хаққа деген сенімді арттыру, ол сенім шариғат (жабарут), тарихат (малаку), мағрифат (лакут), хақиқат (насұт), яғни хақ жолын тану арқылы жүзеге асады, сонда ғана адам бірлік, түсіністік табады.

Кезінде Әуезов айтқан: «Оның діні сыншыл ақылдың шартты діні» деген тоқтамның төңірегінде сан тақырыпқа тартып жатқан сауал мол болатын.



1

5. Абай және орыс әдебиеті. Абай - қазақ әдебиетінің орыс өдебиетімен байланысын күшейтуге аса зор үлес қосқан қайраткер.


Абай заманы, ақындық енерге, ағартушылық жолындағы күреске барын салып кіріскен көз - қазақ халқының тарихындағы ең күрделі, талас-тартысы, қайшылығы мол дәуір болатын. Бұрынғы хан билейтін заман артта қалып, ел арасынан сайланған аға сұлтандар шыққан болса, ондай тәртіп те жарты ғасырға жетпей өзгертіліп, қазақ даласы үсақ-үсақ болыстарға бөлшектеніп, ел билеу тізгіні уөзд бастықтарының - патша әкімдерінің қолына көшкен еді. Бұл болыстардың билікке таласуын, Ұлықтардың жолсыздығын, бассыздығын, парақорлыққа бейімділігін арттырды.

Қазақ жерінде Ресейден кешіріліп қондырылған кедей шаруалардың саны көбейіп, патшалық әкімшілік талай шүрайлы жерлерді тартып алып, елді ата мекенінен ығыстырды. Патша үкіметінің Қазақстанды отарлау саясатының жемісі, нәтижесі болған осындай ауыртпалықтан, заңсыздықтардан, рухани кіріптарлықтан елді қүтқарудың ендігі жаңа жағдайда бірден бір ұтымды жолы - білім-ғылым үйренуеді.

Шоқан УәлихановЫбырай Аптынсарин,Абай Қүнанбаев секілді алдыңғы қатарлы қоғам қайраткерлері осыны жақсы тұсініп, ұлттықүранға айналдырды. Олар Ресеймен қарым-қатынасты күшейте тұсудің аса пайдалы жағы орыс мәдениетініңүздік үлгілерінел ішіне, жұртшылыққа тарату деп санады. Мал бағумен қатар елдің егіншілікке, сауда-саттық секілді кәсіптерге бейімделуі қажет екенін де олар басқалардан бүрын сөзді. Бұған дейін қазақ ақын, жыршылары шығыс халықтарының аңыз-ертегілерін, дастандарын қызықтап, ел арасына жыр етіп таратып келсе, енді орыс әдебиетін оқып, үйренуге, орыс ақын, жазушыларының шығармаларын насихаттауға көңіл бөле бастады. Әрине, шығыс халықтарының әдеби нұсқаларына құштарлық, ынта-ықылас кебеймесе азайған жоқ.

Үнді елінің ежелден белгілі «Панчатантра» («Бес кітап»), арабтың «Калила мен Димна» секілді кітаптарынан бастап, «Мың бір түн», «Тотынама» әңгімөлер жинағы, «Шахнама«, «Сейфул-Мәлік», «Таһир- Зухра», «Ләйлі-Мәжнүн» сияқты дастандар, Ескендір, Лүхман Хакім туралы аңыз-өңгімөлер ауызша да баяндалып, өлең-жыр түрінде де насихатталып жатты. Алайда шығыстан келген сюжеттер көптен таныс, үйреншікті дүние секілді болса, орыс әдебиетінің шығармалары мүлдежаңа құбылыс еді. Қазақ елі мен көршілес орысхалқының арасында мәдени ауыс-түйіс бұрыннан орын алған еді десек те, орыс өдебиетінің қазақ мөдениетіне үлкен жаңа арна болып қосылуы осы көзде басталды. Орыс әдебиетін білуге, оны еркін игеруге ұмтылған Абай орыс ақын-жазушыларының шығармаларын тек қана өнерпаздықтың, көркемдік шіберліктің үлгісі деп қараған жоқ, айналадағы қоғамдық өмірді терең танып-тұсінудің таптырмас қүралы деп санады. Орыс жазушыларының шығармалары Ресейның тарихынан, орыс халқының өмірінен хабардар болу үшін ғана емес, қазақ даласында әкімшіліқ жүргізіп отырған патша үкіметінің саясатын, ол саясатты жүзеге асырып отырған Ұлық-әкімдердің білу үшін де қажет еді.

Орыс классиктерінің шығармалары қазақ даласында Өзат адамгершілік идеалдардың жаршысы болаалатыны көпоқып, көп тоқыған Абай назарынан тыс қапмағаны анық. Ол ІЗ жасында Семей қаласында медреседе оқып жүрген көзінде «Приходская школаға» тұсіп, орысша оқыды. Бірақ бұл оқу үш айдан аспайды. Жас Абай ел билеу ісіне араласып кетеді. Оның орысша кітаптарды, орыс әдебиетін оқуға шындап кіріскен уақыты - жасы 30- дан асқан көзі. Абайдың Семейге жер аударылып келген Е. П. Михаэлиспен танысуы осы тұста. Михаэлис Петербургте 60 жылдары студенттер қӨзғалысын үйымдастырғандардың бірі болғаны үшін біраз жылдар айдауда Сібірде жүріп, кейінірек, 1869 ж. Семейге келіп орналасқан. Абай 1870 ж. Семей кітапханасында Л.Толстодың «Русский Вестник» журналында басылған романын сұрап тұрғанда Михаэлис онымен сөйлесіп, екеуі сол жерде танысқан. Ал ондай кітапты оқу үшін орыстың әдеби тілін жақсы меңгерген адам болу керек екені анық. Бұл жылдары Абай қыс көзінде үш-төрт ай бойы Семейде жатып, кітапханадан әр түрлі кітаптар алып оқып жүреді. Сонда Михаэлиспен жиі көздесіп, кеңесетін болған. ЖасынанН. Г. Чернышевскийдің революциялық идеяларына кеңіл бұрған, ғылымның әр саласынан хабары мол, әсіресе орыстың қоғамдық ой- пікірлерінен терең мағлүматы бар осы бір айрықша білімдар адаммен жақсы таныс, жақын болуы Абайдыңорыс әдебиеті, сыны, тарихы ғана емес, жалпы қоғамдық ғылымдар бойынша да көптеген қүнды кітаптар оқуына ықпалы аз болмаса керек. Сонымен қатар бұлардың қарым-қатынасы Михаэлиске де пайдалы болғаны сөзсіз.


1

6. Абай және Пушкин. Абай – А.С.Пушкинді, М.Ю.Лермонтов, И.А.Крылов орыс ақындарының шығармаларын шеберлікпен аударып, қазақ әдебиетін жаңа ой орамымен байытты. Қазақ әдебиетінің өркендеуі үшін Абайдың аудармашылық жұмысының зор маңызы болды. 1886 жылдан бастап Абай Пушкин шығармаларын қазақ тіліне аударады. Орыстың классик поэзиясы Абай поэзиясына прогресшіл ықпал жасады. Қазақ мәдениетінің келешекте өркендеуінің кепілі оның тарихи дамуы жолында сенімді жолбасшысы болған орыс мәдениетіне (ол арқылы бүкіл Еуропалық мәдениетке) ең алдымен, оған дейін қазақ халқына мүлде белгісіз орыстың ұлы классиктері қалдырған мұраға Абайдың үміт артуы орасан маңызы бар факт еді. Ерекше дарынды, кемел ойлы Абай жаңа мәдениетті ақыл сарабынан өткізе, өз бойына сіңіре білді. Өзінің идеялық жәнетворчестволық байлығының асылына келгенде, Пушкин сиякты Абай да қалың жұртқа ортақ, анық ұлттық, халықтық ақын.

Абай сол кездегі кертартпа діни-саяси ағымға қарсы, өз халқы мәдени прогреске орыс халқының ұлы мәдениетінен үйрену арқылы жететінін насихаттап, өзі де соны жүзеге асырды. Сол замандағы гуманистік идеяларды кең таратудың қайнар көзі орыс мәдениетінде деп білді. Абай Пушкинді өз бетімен оқып, оның шығармаларын аударды. Сол Пушкин арқылы Батыс Еуропаның басқа да классиктерін танып білді. Орысша аудармалар арқылы ол ежелгі әдебиетпен де танысты.

Қазақ тарихында Пушкиннің мұрасына алғаш айырықша зер салып, өнеге еткен Абай Құнанбаев болды. Ол Пушкинді тек ақын ретінде қызықтаумен тынған жоқ, терең зерттеп ізденуіне тірек етті. Абай Пушкиннің ең таңдаулы туындысы «Евгений Онегинді» аса жоғары бағалады, оның жеке үзінділерін бұдан бір ғасырға таяу уақыт бұрын асқан көркемдік шеберлікпен қазақшалап берді. Абай қазақ тіліне аударып, арнайы ән шығарған «Татья¬на хаты» халық арасында өткен ғасырдың аяқ кезінде өте кең тарап, ең сүйікті өлеңдердің біріне айналуы орыс ақынының ерте кезден-ақ қазақ халқына етене жақын болып кеткенінің айқын дәлелі. Татьянаның тағдырын қыр елі қазақ қызының, әйелінің тағдырына орайлас сезінді. Татьянаның еркіндік сүйгіштігі мен парасаттылығы, сабырлылығы қазақ жастарын да тебірентті. Пушкиннің ұлылығын сол заманда, сол ортада отырып тани, бағалай білгендігі – Абайдың ұлылығының бір жарқын көрінісі.

Абайдың Пушкинмен үндестігі, оны жақын тартуы тегін емес еді. Ол қазақ әдебиетінде өз дәуірінде бір кезде Пушкин орыс әдебиетінде атқарған қызметті атқаруды, сондай жүкті көтеруді мақсат етті. Қазақ қоғамы алдына қойған зор міндетті – жаңа реалистік әдебиетті қалыптастыру ісін Абай тиянақты атқарған болса, оған орыс әдебиетінің асқар алыбы Пушкиннің әдеби мұрасының демеуі тимей қалған жоқ. Тек осының өзі ғана Пушкиннің мұрасы, есімі қазақ әдебиетімен қаншалықты жақын болып кеткендігін айқын көрсетсе керек. Бұған қоса қазақ халқының Пушкинге деген ықыласының көрінісі ретінде «Евгений Онегинді» халық ақындары революциядан бұрын-ақ дастан етіп айтып жүргенін және «Капитан қызының» қазақ тіліне аударылып, 1903 жылы басылып шыққанын атап кеткен жөн. Қазақ әдебиетінің туындысы «Абай жолы» роман-эпопеясында Пушкиннің өнерпаздығы Абай арқылы бүкіл қазақ мәдениетіне тигізген игілікті ықпалы көркем бейнеленген. Мұның өзі Пушкин шығармалары, ұлы ақынның бейнес



1

7. Абай және Лермонтов. ХІХ ғасырдағы Пушкин бастаған орыстың ұлы ақындарының ішінде Абайдың шексіз сүйген және өлеңдерін көп аударған ақынның бірі – М.Ю.Лермонтов болды. Абайдың өз айтуынша, – дейді М.Әуезов, – Лермонтов – «ерекше ызаның ақыны», «махаббаты ашумен уланған ақын». Ашуы қоғам құрылысына наразылықтан, қоғам дертіне күйінгендіктен туған».
Абай Лермонтовты оқып, өлеңдерін аударумен ғана шектелген жоқ. Ол орыс ақынын жанындай жақсы көрді, сырлас, мұңдас болды. Абай ұлы ақынның жырларынан орыс қауымының тілек-талабын, мұңын, жырын ұқты. Абайдың Лермонтовтан дәлме-дәл, өте жақын аударған «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде түнде жалғыз», «Альбомға» т.б. өлеңдерінен орыс ақынының ой-пікірлері оған да бөтен еместігі айқын сезіледі. Сонымен қатар ол Лермонтов шығармаларын қазақ өміріне жанастыра қабылдауды шет көрмеген. Абай Лермонтовтың «Ой» атты өлеңін аударғанда, бұл жұрт көңілде сенім жоқтықтан білген адамды іске жарата алмай отыр деген пікірді өзгертіп, сол кездегі қазақ жағдайына ыңғайлап:

Қарасам, қайғырар жұрт бұл заманғы,


Салқын, қуыс – өмірі я қараңғы.
Білім де жоқ, білімге сенім де жоқ,
Өнерсіз қартаяр деп біл балаңды…»,- дейді.

Мұндайда Абайдың Лермонтов өлеңінің мазмұнын бастан-аяқ бұлжытпай дәл жеткізуді мақсат етпей, кейде толғанып, тебіреніп жарыса отыратыны көзге түседі. Осы өлеңнің соңғы біраз жолдарының орнына тыңнан біраз сөз салып, өз заманының тағы бір өрескел мінін былай суреттейді:

Досың жоқ, дұшпаның жоқ, тыныш жатасың,
Мал үшін аш қатасың, жан сатасың,
Әкесі аштан өлген кісідей-ақ,
Неткен жұрт мал өлтірген жеті атасын?!

Абай қазақтың қанына сіңген малқұмарлықты әшкерелеуді мақсат еткен. Сөйтіп, Абайдың түпнұсқаға өзгеріс енгізіп мағынасын басқаша ашып келтіруі оны қазақ өмірінің шындығына жақындастыру, өз көңіл-күйіне үйлестіру мақсатынан туады. Абай Лермонтов шығармаларының жаңа жағдайда мейлінше әсерлі және түсінікті болуын, оның идеялық, көркемдік сапасының жоғары болуын көздейді. «Теректің сыйы» («Дары Терека») атты өлеңнің айрықша мәнділігі, кезінде Белинский айтқандай Кавказды мадақтау – Терек өзені мен Каспий теңізінің бейнелері арқылы Кавказды елестетеміз. Кавказдан бастау алып, Каспийге құятын Терек оған қажет сыйлықтар әкеледі. Кәрі Каспий басында қалғыған бойымен елең етпей, үн шығармай, тек «казак-орыс қатыны бір сұлуды әкеліп ем» дегенде көзін ашып, сылқ-сылқ күліп, жылы жүзбен амандасады.

Кәрі Каспий қара көк көзін ашты,
Жылы жүзбен Терекке амандасты.
Жыбыр қағып, қозғалып, сылқ-сылқ күліп,
Қатынды алды, қитықсыз араласты, -

деп ақын аударғандай Лермонтов өлеңінде нақтылы, табиғат суреті мен көркемдік қиял осылай әдемі ұштасып келеді десек, Абай соның бәрін өзіндік бояуын сақтай отырып, әсерлі қазақша айтып жеткізген. «Қараңғы түнде тау қалғып…» – Абайдың М.Ю.Лермонтовтың «Из Гете» атты өлеңінен аударған өлеңі. Өлең – Абай аудармаларының ішінде шоқтығы биік озық үлгісі. «Тұншығарсың сен-дағы, сабыр қылсаң азырақ» деп өлеңде Гете де, Лермонтовта да, Абайда да дәлме-дәл, сөзбе-сөз өрілген. Абай аудармасы арқылы берілген «Қараңғы түнде тау қалғыпты» білмейтін, шырқамайтын қазақ жоқ.



1

8. Абай және оның орыс достары. Абай орыстың жер ауып келген жетпісінші-сексенінші жылдардағы революционерлерімен танысады. Олар революцияшыл интеллигенциясының өкілдері, Чернышевскийдің жолын қуушылар еді. Солардың бірі Е.П. Михаэлис — Щелгуновтың жақын досы, белсенді қызметтесі болған.

Михаэлис те, сондай-ақ Семейге кейінірек жер ауып келген оның пікірлестері де жас адамдар болатын. Абайдың олармен таныстығы кешікпей үлкен достыққа айналады. Орыс достары Абайдың өз бетімен білім алуына ерекше назар аударып, зор көмек көрсетеді. Олар Абайдан қазақ халқының тарихы, поэзиясы, әдет-ғұрпы және искусствосы жайында көп мәлімет алады, өздеріне бейтаныс өлкенің табиғи-географиялық, экономикалық жағдайларын, тұрмысын зерттейді. Мешеу қалған қиырдағы өлкеге орыс мәдениетін тұңғыш таратушылар да, халықтың өмірі мен тұрмысын өзгертудің, оны ағартудың жақтаушылары да солар болды. Біз Михаэлистің көптеген еңбектерін және Леонтьевтің "Обычное право у киргизов" деген көлемді зерттеуін білеміз. Орыстың демократиялық интеллигенциясының бұл өкілдері халықты ағартуды царизмге қарсы күрестің маңызды құралы деп санады. Абай сияқты адамдарды орыс әдебиеті классиктерінің және орыс мәдениетінің басқа да алдыңғы қатарлы өкілдерінің мұрасымен таныстыруы — олар үшін, әрине, маңызды міндет болды.



Абайдың бұл достары орыстың ұлы жазушылары мен алдыңғы қатарлы саяси-әлеуметтік қайраткерлерінің еңбектері мен ойларында бейнеленген орыс халқы туралы шындықты қазақ өлкесінің қалың еңбекші бұқарасына жеткізуге тырысты. XIX ғасырдағы азаттық идеяларға толы орыстың классикалық әдебиетінің асқан гуманизмі мен терең революцияшылдығы, оның царизмге қарсы өшпенділігі, оның езілген бұқараны қорғап көтерген өшпес даусы Сибирьде де, Қазақстанда да қоғамдық ойды өмірге оятты, тәрбиеледі.

1

9. Абай және неміс әдебиеті. Қазіргі әдебиет тану ғылымында Абай шығармалары мен неміс әдебиетінің өзара қатынасы аз зерттелген. Неміс әдебиетінің Абай шығармашылығына қандай дәрежеде әсер еткені, олардың өзара уқсастық шамасы айқындалған жоқ. Абайдың жеке өмірі мен ақындықжолының неміс әдебиетінде (шетелжәне отандық) бейнелеуін көрсету де тапшы. Абайдың білімді, көп оқыған адам екені белгілі, оны тарих, социология мәселөлері қызықтырды, экономикалық, философиялық еңбектерді көп оқыды, қоғамдық ойдың дамуына ой жұгіртті. Немере інісі Кәкітайдың естеліктері американ саяхатшысы Дж. Кеннанның «Сібір және сүргін» (1906) атты кітабына енген жазбалары, сондай-ақ Ә. Бөкейхановтың ақынға арнаған азанамасы (1907) Абайдың көп оқып, ерінбей ізденгенін дәлелдейді. Абай орыс сыншыларының еңбектерімен таныс болды, неміс классикалық философиясы мен әдебиеті туралы көптеген мәліметтер жариялаған 19 ғ-дың 2- жартысындағы белгілі орыс журналдарын оқыды. Осы көзде Россияда И. В. Гетенің, [[Шиллер|Г. Ф. Шиллердің, Г. Гейненің, Э. М. Губер, П. И. Бейнберг, А. А. Фет т. б. тәржімелеген нұсқалары жарық көрді. Абай осы аудармалармен танысты. Абайдың жақын достарының ішінде «орыс немістері» Е. П. Михаэлиспен А. Л. Блек те бар еді. Абай 20 жыл бойы Михаэлиспен шынайы дос болды. Блек 1883-1884 ж. Семейде айдауда журіп, Абай да мүшесі болып сайланғанСемей облыстық Статистика комитетінде жұмыс істеді. Абайдың Михаэлиспенжәне Блекпен көздесе жүріп, олармен Гете, Шиллер т. б. туралы әңгімелеспеуі мүмкін емес. Демек, Абайдың неміс әдебиеті женінде едәуір мағлүматы болды деуге толық негіз бар. Гете мен Абайшығармаларының терең салыстырыла оқытылуы екі ақынның рухани үндестігі, дүниені сөзінуі, поэтик. көзқарастары, ғибраттық - этикалық тақырыптағы ой-пікірлерінің ұқсастығы туралы түжырым жасауға мүмкіндік береді. Қазақ ақынының Гетенің «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін шебер аударуы және оған ән жазуы оның немістің классикалық әдебиетінің поэтикалық-философиялық әлеміне терең бойлағанын болжатады. Абай түлғасы қазіргі Неміс әдебиетінде кейінірек көрінді. Ол туралы маман түркологтар, әдебиет зерттеушілер, журналистер мен жазушылар өз еңбектерінде енді-енді жаза бастады. Абай шығармалары туралы ой-пікірлер белгілі жазушы, түрколог Зигрид Клейнмихельдің Орта Азия мен Қазақстанның бүгінгі таңдағы әдебиетіне арналған әдебисын мақалаларында кездеседі. Неміс жазушысы Клаус Шнайдердің «Алматы. Қазақ көктемі» кітабына Абайдыңпатриархалды-феодалық көзеңжағдайында-ақ Батыс Европа елдері халықтары мәдениетіне жол салғаны, қазақтардың ішінде Гете шығармаларына алғашқылардың бірі болып қызығып, суйсінгені туралы айтылады. Абайдың Гетенің «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін аударғаныженіндегі мәліметтерді жазушы Рут Крафтың «Алатау аясындағы достар» деген очеркі мен «Катаринаға арналған раушан» (Берлин, 1971) жинағында айтылады. «Шетел жазу- шыларының лексикасында» Абай туралы өмірбаяндық деректер берілген. Мәдени-саяси «Зонтаг» апталығы оқушыларға Семей облысының Қарауыл қыстағында «Ақындар аллеясы» ашылып, Гете-Лермонтов-Абай мүсіндерінің орнатылғанын насихаттауда қазақ жазушысы Қ. Исабаев көп улес қосты. 1979 ж. оның тікелей қатысуымен Габельбахтағы Гете музейінде «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңінің тексі жазылған ескерткіш тақта орнатылды. В. Веймердағы Гете музейінде өз қолымен жасаған Абай бейнесі бар «Қазақтың Гете аудармашылары» планшетін, Мүрсейіт қолжазбаларының суретке тұсірілген данасын және «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңінің музыкасы мен нотасын тапсырды. Абай шығармалары Германияда онша мәлім емес. Бұл алдымен неміс тілінде сапалы аудармалардың жоқтығына байланысты. Абай мұрасын Түпнұсқадан тікелей неміс тілінде тәржімелеушілер тапшы. Орыс тіліндегі аудармалардың деңгейі Түпнұсқадан гөрі төмен. Басқа шет елдегі сияқты Германияда да Абайды негізінен М. О. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы арқылы біледі. Абай шығармаларын неміс тіліне аударуға неміс ақындары - Герберт Генке, Зени Эстеррейхер, Роза Пфлюг елеулі үлес қосып жүр. Аудармашы Герольд Бельгер Абай шығармалары туралы бірнеше ғылыми мақала және екі кітап жазды. 

1

10. Абай мен Гетенің рухани байланысы. «Абай Иоганн Вольфганг Гетенің «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін қазақ тіліне аударып, оны әнмен шырқады. Бұл неміс данышпанының Отанына белгілі қазақ прозашысы Қалмұхан Исабаевтың арқасында танылды. Ол Германияда әскерде жүрген кезінде Габельбах тауының биігіндегі Гетенің аңшылық үйінде болады. 1780 жылы Гете аталмыш өлеңін осы үйде шығарған. Ақын мұражайына айналған осы үйге Исабаевтың мұрындық болуымен 1979 жылы 22 шілдеде бүкіл қазақ даласын шарлаған әннің Абай аударған мәтіні жазылған мемориалдық тақта орнатылады. Содан бастап Семейде Гете көшесі, ал Берлинде Абай-штрассесі пайда болды. Абай мен Гетенің әрқайсысы бүкіл адамзат баласы тануға, игеруге тырысатын тұтас әлем» деп түйіндеді Л. Шик өз сөзін. 
«Абайға жазылған һашия» тақырыбында баяндама жасаған «Хакім Абай» қоғамдық қорының президенті Жабал Шойынбеттің де айтар жаңалығы мол екен. Абай атындағы ҚазҰПУ-де университет ректоры С.Пірәлиевтің тікелей бастамасымен ашылған «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығы Ұлы Абайдың даналығын жаңа сипатта оқытуды қолға алып, көрнекті абайтанушы, профессор Мекемтас Мырзахметұлының жетекшілігімен жоғары оқу орындарында «Абайтану» пәнін оқытудың бағдарламасын, оқулығын, хрестоматиясын дайындауды жүзеге асырыпты әрі 2009 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Абай атындағы Қаз ҰПУ-дың барлық факультетінде «Абайтану» пәні енгізіліпті. 
Ал Жапонияның астанасы Токио қаласынан абайтану аудио оқу құралының шығарылуы жөніндегі әңгімесі жиылған қауымды тіптен ынтықтыра түсті. Астаналық Нұралы Құдайбергенұлы деген кәсіпкердің демеушілігімен шыққан бұл оқу құралының ғажаптығы сол, жуандығы екі елі «сиқырлы таяқшасын» кітаптың қай жеріне тигізсеңіз, сол жердегі текстің компьютер арқылы дауыстап оқыла жөнелетіндігінде. Ғылымның озық жетістігінің бір дәлеліндей ғажап оқулық 750 данамен шыққан

1

11. Абайдың философиялық көзқарасының қалыптасуына Европа философиясының әсері. (Спенсер, Спиноза, Декарт)

1

12. Абай кітапханасы М.О. Әуезов зерттеулерінде. Абайдың әдеби мұрасын жұртшылыққа танытумен ол мұраны зерттеу ісінде 30- жылдары айрықша көзге түскен жазушы, ғалым, Мұқтар Әуезовтың зерттеулері абайтану тарихында ерекше орында тұрды. 

Абайдың қайтыс болуына отыз жыл толуына орай басылым көрген Абайдың тұнғыш толық шығармалар жинағы мен Абайдың ғылыми өмірбаянының қоса жариялануы М.Әуезовтың абайтану саласының негізін қалаған тарихи еңбегі ретінде қабылданды. Абай мұрасы жайында М. Әуезовтың «Абай» журналы мен «Шолпан» журналында жарияланған зерттеулік мақалалары мен «Әдебиет тарихы» кітабында ендігі жерде Абай мұрасын зерттеумен айналысу қажеттігі жайындағы ескерме пікірмен-ақ сол кезеңде Абай мұрасының бірегей білгірі деген пікір қоғамдық ойда қалыптасып қалған еді. Әсіресе, М. Әуезовтың ғылыми теориялық деңгейі биік жатқан бірегей мақаласы «Абай ақындығының айналасы» деп аталатын зерттеу мақаласы 1934 жылы «Әдебиет майданы» журналында жариялануы абайтану саласының келешек бағыт бағдарын айқындаған, көптеген күрделі проблемалардың өзекті желісін тартқан еңбек болып шықты.



1

13. Абай кітапханасы Қ.Мұхамедханұлы зерттеулерінде.

1

14. Абай және Алаш әдебиеті.

1

15. Абай кітапханасы бүгінгі ғалымдар зерттеулерінде.

1

Семинар сабақтары




15



1. Абайдың ақындық кітапханасы – Абайтанудың өзекті мәселесінің бірі.

1

2. Абай нәр алған үш арна.

1

3. Абай және Шығыс әдебиеті.

1

4. Абай және сопылық әдебиет.

1

5. Абай және орыс әдебиеті.

1

6. Абай және Пушкин.

1

7. Абай және Лермонтов.

1

8. Абай және оның орыс достары.

1

9. Абай және неміс әдебиеті.

1

10. Абай мен Гетенің рухани байланысы.

1

11. Абайдың философиялық көзқарасының қалыптасуына Европа философиясының әсері. (Спенсер, Спиноза, Декарт)

1

12. Абай кітапханасы М.О. Әуезов зерттеулерінде.

1

13. Абай кітапханасы Қ.Мұхамедханұлы зерттеулерінде.

1

14. Абай және Алаш әдебиеті.

1

15. Абай кітапханасы бүгінгі ғалымдар зерттеулерінде.

1




15


5. МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

    1. Абай және ауыз әдебиеті үлгілері. Конспект.

    2. Абай оқыған шығыс шайырлары. Фердоуси, Хожа Хафиз, Науаи, Низами, Сағди т.б. ауызша әңгімелеу.

    3. Абай және назирагөйлік дәстүр.«Назира» ұғымына конспект жасау.

    4. Абай және Дауани Ғұламаһи. Конспект.

    5. Семей кітапханасын зерттеуші орыс ғалымдары. Баяндама.

    6. Абай - аудармашы. Абайдың орыс ақын-жазушыларынан аударған аудармаларын оқып, талдау.

    7. Абай шығармашылығына әсер еткен үш арна. Эссе жазу.

    8. Абай және оның орыс достары. Естеліктер жинау.

    9. Абай және неміс әдебиеті. Зерттеу еңбектерімен жұмыс.

    10. Абай мен Гете. Реферат.

    11. Абай - философ. Абайдың философиялық көзқарасының қалыптасуына Европа философиясының әсері (Спенсер, Спиноза, Декарт). Баяндама.

    12. Абай кітапханасы М.О. Әуезов зерттеулерінде.

    13. Абай кітапханасы Қ.Мұхамедханұлы зерттеулерінде.

    14. Абай және Ә.Бөкейханов. Ауызша.

    15. Абай кітапханасы: өткені мен бүгіні. Эссе жазу.


6 ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ

3-Кесте



Тақырыптар

Көрнекі құралдар, плакаттар, лабораториялық стендтер

Өз бетімен дайындалу сұрақтары

Бақылау түрі

Дәріс сабақ


Семинар сабақ

Лабораториялық сабақ

1

2

4

5

6




Абайдың ақындық кітапханасы – Абайтанудың өзекті мәселесінің бірі.

Абайдың ақындық кітапханасы – Абайтанудың өзекті мәселесінің бірі.




Кітап көрмесі, портрет, интерактивті тақта

Зерттеу еңбектерімен жұмыс

Жазбаша, ауызша

Абай нәр алған үш арна

Абай нәр алған үш арна




Кітап көрмесі, портрет, интерактивті тақта

Монографиялық зерттеулер оқу

Жазбаша, ауызша

Абай және Шығыс әдебиеті

Абай және Шығыс әдебиеті




Интерактивті тақта, кестелер, суреттер

Библиографиялық жұмыс

Жазбаша, ауызша

Абай және сопылық әдебиет

Абай және сопылық әдебиет




Кітаптар, кесте

Дін мәселесіне қатысты өлеңдерін талдау.

Жазбаша, ауызша

Абай және орыс әдебиеті

Абай және орыс әдебиеті




Альбомдар, суреттер, интерактивті тақта

Орыс әдебиетімен тереңінен танысу.

Жазбаша, ауызша

Абай және Пушкин

Абай және Пушкин




Кітап көрмесі, портрет, интерактивті тақта

Туындыларына теориялық талдау

Жазбаша

Абай және Лермонтов

Абай және Лермонтов




Кітаптар, суреттер, кестелер, бейнетаспалар

Еңбектерімен танысу.

Жазбаша, ауызша

Абай және оның орыс достары

Абай және оның орыс достары




Интерактивті тақта, теориялық зерттеулер

Әдеби-теориялық кітаптар мен зерттеулерді оқу

Жазбаша, ауызша

Абай және неміс әдебиеті

Абай және неміс әдебиеті




Кітап көрмесі, портрет, интерактивті тақта

Зерттеулерді саралау

Жазбаша, ауызша

Абай мен Гетенің рухани байланысы

Абай мен Гетенің рухани байланысы




Кітап көрмесі, портрет, интерактивті тақта

Зерттеу еңбектерін оқу.




Абай және Батыс Европа әдебиеті

Абай және Батыс Европа әдебиеті




Зерттеу еңбектері, Интерактивті тақта

Әдеби-зерттеу еңбектерін оқу.

Жазбаша, ауызша

Абайдың философиялық көзқарасының қалыптасуына Европа философиясының әсері (Спенсер, Спиноза, Декарт)

Абайдың философиялық көзқарасының қалыптасуына Европа философиясының әсері (Спенсер, Спиноза, Декарт)




Кітап көрмесі, портрет, интерактивті тақта

Ғалымдардың естеліктерін оқу.

Жазбаша, ауызша

Абай кітапханасы М.О. Әуезов зерттеулерінде.

Абай кітапханасы М.О. Әуезов зерттеулерінде.




Бейне

таспалар, сызба нұсқа,



Әдебиет тарихы оқулықтарын оқу

Жазбаша, ауызша

Абай кітапханасы Қ. Мұхамедханұлы зерттеулерінде.

Абай кітапханасы Қ. Мұхамедханұлы зерттеулерінде.




Кітап көрмесі, портрет, интерактивті тақта

Зерттеу еңбектерін қарастыру.

Жазбаша, ауызша

Абай және Алаш әдебиеті.

Абай және Алаш әдебиеті.




Кітаптар, альбомдар, музей мұрағаттары

Ғалымдардың, жазушылардың естеліктерін, жинақтарын оқу.

Жазбаша

Абай кітапханасы бүгінгі ғалымдар зерттеулерінде.

Абай кітапханасы бүгінгі ғалымдар зерттеулерінде.




Кітап көрмесі, портрет, интерактивті тақта







7ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ

4-Кесте



Оқулықтардың, оқу құралдарының атауы

Саны

Студенттердің саны

Қамтамасыз ету пайызы

1

2

3

4

Ердембеков Б. Абайдың әдеби ортасы. Семей, 2010

1

12

12%

Ербай Т.М. Абай шығармашылығындағы Бұқар, Дулат, Шортанбай

дәстүрі: филолог. ғылымд. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайынд. дис.

автореф. - Алматы, 2009.- 30 б.


1

12

12%

Жұртбай Т. "Күйесің, жүрек...сүйесің...": (Абай: "Жан бостандығы" немесе рухани тәуелсіздік) / Т. Жұртбай.- Алматы: Қайнар, 2009.- 463 б.

3

12

83%

Мырзахметұлы М. Абай және шығыс.- Алматы: Қазақстан, 1994.- 208 б.

1

12

12%

Мырзахметұлы М. Абайтану. 2-кітап. Абайдан туған тұлғалар.- Астана: Деловой мир Астана, 2010.- 525б.

1

12

12%

Мырзахметұлы М. Абайтану. 1-кітап. Абайтану тарихы -Астана: Деловой мир Астана, 2010.- 554б.

1

12

12%

Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы: Көп томдық. Т.1. Зерттеулер, мақалалар.- Алматы: Алаш, 2005.- 351б.

1

12

12%




  1. ӘДЕБИЕТТЕР:

8.1 Негізгі әдебиеттер:

8.1.1Ердембеков Б. Абайдың әдеби ортасы. Семей, 2010

8.1.2 Ербай Т.М. Абай шығармашылығындағы Бұқар, Дулат, Шортанбай дәстүрі: филолог. ғылымд. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайынд. дис.

автореф. - Алматы, 2009.- 30 б.

8.1.3Жұртбай Т. "Күйесің, жүрек...сүйесің...": (Абай: "Жан бостандығы" немесе рухани тәуелсіздік) / Т. Жұртбай.- Алматы: Қайнар, 2009.- 463 б.

8.1.4 Мырзахметұлы М. Абай және шығыс.- Алматы: Қазақстан, 1994.- 208 б.

8.1.5 Мырзахметұлы М. Абайтану. 2-кітап. Абайдан туған тұлғалар.- Астана: Деловой мир Астана, 2010.- 525б.

8.1.6 Мырзахметұлы М. Абайтану. 1-кітап. Абайтану тарихы -Астана: Деловой мир Астана, 2010.- 554б.



8.1.7Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы: Көп томдық. Т.1. Зерттеулер, мақалалар.- Алматы: Алаш, 2005.- 351б.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет