7. Жеке дыбыстарды айту нормасы: қазақ дыбыстарының сыры Жүргізуші: Бұл «Дұрыс сөйлейік!»



Дата08.07.2018
өлшемі20,46 Kb.
#48733
7. Жеке дыбыстарды айту нормасы: қазақ дыбыстарының сыры
Жүргізуші: Бұл «Дұрыс сөйлейік!» аудиобағдарламалар циклі. Анар ханым, қазір біз өте қызықты мәселені талқылайтын сияқтымыз. Қазақ дыбыстарының сырларына тоқталсақ. Дәл осы жерде біздің біраз тыңдармандарымыз ұялып та қалатын шығар, қызарып та қалатын шығар. Бастасақ!

Анар ханым: Иә, енді барлық тыңдармандар ұялып, қызарады деп ойламаймын.

Жүргізуші: Арасында 35 пайызы бар шығар.

Анар ханым: Орыстілді ортада өсіп, қазақ тілін сөйлеп үйреніп жүргендер болса, оларға мен айтар едім, қызармаңыздар ары қарай білім алуларыңызды жалғастыра беріңіздер. Қазақтың дыбыстарын дұрыс айтып үйрене беріңіздер деп, сол кісілердің құлағына алтын сырға, бізде, мысалы, қазір оқулықтарда, әсіресе өзге тілді аудиторияға арналған қазақ оқулықтарында осылайша жазады. Қазақ тілінде 9 спецификалық дыбыс бар деп жазады. Яғни қазақ тілінде 9 ғана төл дыбысы бар деген сөз бұл. Бұл дұрыс емес құрылым. Дұрыс емес ой. Қазақ тілінің барлық дыбыстары спецификалық. Қазақ тілінің барлық дыбыстары басқа тілдің дыбыстарына ұқсамайды. Қазақтың а-сы мен орыстың а-сын салыстыра алмайсыз. Мысалы, орыстың А-сы майсөк деген сөзде ә болып кетпейді. Қазақтың а-сы ғана Ә болып кетеді. Осындай-осындай. Енді барлық дыбыстың өзінің ерекшелігі бар. Қазақ тілінде 17 дауыссыз, 9 дауысты дыбыс бар. Осылардың әрқайсысы басқа тілдегі дыбыстарды қайталамайды. Осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып отыратын болсақ, қазір біздің уақытымыз жетпей қалады. Сондықтан мен қазіргі кездегі жастардың тілінде дұрыс айтылмай жүрген кейбіреулеріне ғана тоқталсам...

Жүргізуші:Иә.

Анар ханым: Әсіресе ауызша сөзде біздің құлағымызға түрпідей тиетін бір дыбысталым, соларға ғана тоқталсам, солардың ішіндегі е. Орыс тілінде е деген графема бар. Ол тура біздің е сияқты жазылады есік, етік, ереже дегендегі е-лер орыс тіліндегі ель, единый дегендегі е сияқты жазылады. Бірақ орыс тілінде е жазылғанымен, олардың барлығында э айтылады. Мысалы эль деп айтасыз. Э сосын ль, единый дегенде, й протезалық, яғни қысқа й сөзалды дыбыс айтылады, й сосын э, қайтадан оборотный э айтылады. Эдиный болып айтылады. Енді осы дыбыстауды әкеледі де, қазақтың сөзіне түсіреді. Бұл көбіне көп тілі орыс тілінде шыққандардың қатесі немесе тілі қазақша шығып, орыс ортасында көп жүріп, орыс тілін көп естіп, соның дыбыстарының айтылуы бойынша, естілуі бойынша қазақтың дыбысын өзгертіп жібергендердің, солардың тілінде көп кездеседі. Олар былай сөйлейді. Мэн, сэн деп сөйлейді. Тасынып отырған сияқты естіледі. Мэн кэлэмін деп осылай сөйлейді. Тура орыс тілің э-сін айтады. Бұл дұрыс емес. Қазақтың е-сі орыс тіліне қарағанда неғұрлым жұмсағырақ айтылады. Неғұрлым алдыға қарай жылжып айтылады. Орыстың е-сі тілдің арт жағына қарай көп жылжиды. Осындай біздің тіліміздің әрбір дыбысының осындай өзінің сыры бар.

Жүргізуші: Бұл олқылықты қалай жоюға болады? Мэн, сэн деп сөйлейтіндерге қазақ тіліндегі кітаптарды көп оқу керек пе? Әлде солай кете ме?

Анар ханым: Бұл олқылықты жоюдың бір-ақ қана жолы бар. Үнемі өзінің дыбыстауына саналы түрде назар аударып отыру керек. Сосын кейін қазақ мәтіндерін тыңдау керек. Енді аудирование дейді, орысша айтқанда, тыңдалым процесі өте күшті әсер етеді. Дыбыстарды дұрыс айтуға тыңдалымнан артық әсер ететін процес жоқ. Енді тағы бір дыбыстың сырын айтайық. Ол ы дыбысы. Қазақтың ы дыбысы тіпті мүлде айтылмайтын өте қысқа дыбыс. Айтылмайды десек те болады оны. Мысалы сіз пышақ деген сөздегі ы-ны айтпасаңыз да, ол сөздің қандай затты айтып тұрғанын біле аласыз. Ал орыс тіліндегі ы ол міндетті түрде айтылатын ұзақтылығы өте зор дыбыс. Мысалы, осыны да кейде сын дегенді сын деп айтып жатады. Орыс тілінде сын дегенді сын дейді. Пышақ дегенді пышақ дейді.

Жүргізуші: Жыным келеді дейді...

Анар ханым: Жыным келеді дейді... иә, осылай айтып жатады. Енді тағы да бір кейінгі кездегі біздің қатты көңіліміз құлазып жүрген мәселе. Бұл қазақтілді, бұл тілі қазақ тілінде шыққан қауымның ішіндегі проблема. Бұл проблема ң дыбысымен байланысты. Осы ң-ды айтатын кезде кейінгі, әсіресе жастардың тілімен айтқанда, сенін, менін деп ң-ның орнына н-ны айтатын көп кездесіп жүр. Осыны тоқтату керек. Осыны тоқтатудың бір жолы – мектепте әліпбиді үйреткен кезде ң-ның дыбысталуын үйрету керек. Мен сізге Нұрсұлтан практикум жүргізем қазір.

Жүргізуші: Жақсы!

Анар ханым: Мысалы сіз сан деген сөзді айтыңыз.

Жүргізуші: Сан.

Анар ханым: Осыны мұрныңызды жауып айтыңыз.

Жүргізуші: Сан.

Анар ханым: Түсінікті, маған сіздің сан деген сөзді айтқаныңыз түсінікті. Енді аң деген сөзді айтыңыз.

Жүргізуші: Аң.

Анар ханым: Аң. Енді мұрныңызды жауып айтыңыз.

Жүргізуші: Аң

Анар ханым: Мен сізді түсінген жоқпын.

Жүргізуші: Аң

Анар ханым: Мұрныңызды жапқан кезде сіздің аң деп айтқаныңызды түсінбей қаламын. Мысалы, тура осылай таң. Тура осылай айтып көріңізші. Таң.

Жүргізуші: Таң.

Анар ханым: Енді «таңды» мұрныңызды жауып айтыңыз.

Жүргізуші: Таң

Анар ханым: Түсініксіз боп қалады. Аяғы желініп қойған секілді боп қалады. Мысалы, әңгіме десе, түсініксіз. Өйткені Ң дыбысын айтқан кезде сіздің тіліңіздің арты көмейіңізге барып тіреледі де, ауаның көп бөлігі, негізгі бөлігі мұрныңыз арқылы шығады. Осы дыбысты айтудың дұрыс жолын егер мұғалімдер үйретсе, балалар оны тез игеріп алар еді.

Жүргізуші: Жақсы. Біраз кеңестер болған секілді. Сонымен майсөк болды ма? Мәйсөк болды ма?

Анар ханым: Мәйсөк деп айтамыз, майсөк деп жазамыз.
Каталог: static -> electronic book -> text80
text80 -> 56. Көркем әдебиет стилінің ауызша формасы Жүргізуші: Сіздер «Дұрыс сөйлейік!»
text80 -> 30. Уәжcіз ауытқулар Жүргізуші: Құрметті тыңдармандар, «Дұрыс сөйлейік»
text80 -> 6. Ауызша сөз нормаларын қайдан білеміз? Жүргізуші: «Дұрыс сөйлейік!»
text80 -> 11. Сөз ағымы бірліктері Жүргізуші: Бұл «Дұрыс сөйлейік!»
text80 -> 29. Уәжді ауытқулар Жүргізуші: Құрметті тыңдармандар, «Дұрыс сөйлейік»
text80 -> 73. Грамматикалық қателер Жүргізуші
text80 -> 23. Бата беру Жүргізуші. Құрметті тыңдармандар, бұл – «Дұрыс сөйлейік»
text80 -> 72. Сөздерді дұрыс айтпау Жүргізуші: Қадірменді тыңдармандар, бұл – «Дұрыс сөйлейік!»
text80 -> 64. Дайындықсыз ауызша сөздегі қателер Жүргізуші: Құрметті тыңдармандар, бұл – «Дұрыс сөйлейік!»
text80 -> 41. Ауызша сөздің үлкен 2 типі: дайындықты және дайындықсыз Жүргізуші: Құрметті тыңдармандар, бұл – «Дұрыс сөйлейік»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет