7 мектеп –лицейінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Бәдел Марта Санаты: II өзін өзі тану сабағының жоспары Мектеп



Дата26.06.2018
өлшемі26,11 Kb.
#44983
түріСабақ
Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы

7 мектеп –лицейінің



өзін-өзі тану пәні мұғалімі Бәдел Марта

Санаты: II
Өзін - өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №7 мектеп- лицейі Мерзімі: 19.10.17ж Мұғалім: Бәдел Марта.

Сынып: 9 «ә» Оқушылар саны-21 Тақырыбы: Мінез-адам көрсеткіші

Құндылық: Ішкі тыныштық

Қасиеттер: жағымды ойлар , өз-өзіне сенімді болу, ұстамдылык



Сабақ мақсаты: - мінез адамның ең негізгі көрсеткіші екенін дәлелдеу арқылы, ішкі тыныштық құндылықтарының мәнін ашу

Міндеттері:

. - Қарапайымдылыққа ,жақсы ой ойлауга уйрету.

- ұстамдылық қабілеттерін дамыту.

-өз-өзіне сенімді болуға тәрбиелеу.




Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) Үнтаспа, интербелсенді тақта, слайдтар, плакат, үлестірме карточкалар


1.Ұйымдастыру   кезеңi.

Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену. 4 мин

   Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен – Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.



II.Үй тапсырмасын тексеру 5 мин

Абайдың «Ойға түстім, толғандым» өлеңін айту.

- Адамның жақсы мінезіне не жатады?

- Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?

- Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп ойлайсыңдар?

- Абай айтқан адам бойындағы міндердің бүгінгі күндегі көріністер қандай?

- Өз бойыңдағы жаман мінездерден арылу үшін қандай әрекет жасау керек


Сабақ барысын талқылау:

Дәйексөз: 2 мин

«Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден.

Әлихан Бөкейхан


  1. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?

Әліхан Нұрмұхаммедұлы Бөкейхан 1866 жыл 5 наурызда Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала өлкесінде дүниеге келген. Ол – ғұлама ғалым, ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы ұлы тұлға.


Талқылағаннан соң, дәптерге жазу ұсынылады.

Әліхан Бөкейхан туралы қысқаша мәлімет айтып беру.



I.Мұғалім сыйы 12 мин

“Картоп, жұмыртқа және кофе дәнегі»

Ерте ерте ертеде…Ешнәрсені ұнатпайтын, жылауық бір қыз болыпты. Ол үнемі өмірдің қиын, жаман екенін айтып, онымен күресуден шаршағанын айтатын. Бір мәселе шешілгенде, үнемі басқа бір мәселе шығатын болып көрінетін оған. Бір күні аспаз болған әкесі қызын ас үйіне шақырып, оған өсиет айтпақшы болады. Үш ыдысқа су толтырып, отқа қояды. Су қайнай бастаған кезде біреуіне картоп, екіншісіне жұмыртқа, үшіншісіне кофе дәнегін салады.. Қызына ешнәрсе айтпай, күтеді. Қызы да үндемеді, соңы не болады екен деп ол да күтті. Бірақ сабырсыз болғаны үшін тағы қанша күтетінін сұрап мазалана бастады. Әкесі үндемеді.

20 минуттан кейін, әкесі отты өшірді. Картоп, жұмыртқа және кофе дәнегінен шыққан кофені бөлек - бөлек ыдыстарға қойды. Қызға:

– Нені көріп тұрсың?

– Картоп, жұмыртқа, кофе дәнегін - деп түсінбей жауап берді қыз.

Жақынырақ келіп тағы қара, - деді әкесі: - картопқа қолыңды тигіз.”

Қыз айтқанды орындап, картопты қолына алып оның жұмсарғанын айтты.

– “Тура солай жұмыртқаны да зертте”. Қыз жұмыртқа қабығының қатқанын айтты.

Ең соңыңда кофеден ұрттауын ұсынды әкесі. Қыз кофені ұрттап, оның дәмді екенін айтып күлімдеді. Сонда да ешнәрсені түсінбеген қыз: “Мынаның бәрімен нені айтқың келді, әке?”

Әкесі картоп та, жұмыртқа да, кофе дәнегі де бірдей қайнаған судың ішінде тұрып бірдей қиыншылық көргендерін айтты. Бірақ осындай қиыншылыққа қарсы әрқайсысы әртүрлі күйге айналды. Картоп басында қатты, мықты болып тұрса, қайнаған судың ішіне түскен кезде жұмсарып өз күшін жоғалтты. Жұмыртқа өте нәзік, сезімтал болса басында, қайнаған суға түсіп қатты болды. Бірақ кофе дәнегі басқаша болды. Қайнаған судың ішіне түскенде ол өзі де суды да өзгертті де, алдымызға толығымен жап-жаңа нәрсе шықты.

Әкесі: – Сен қайсысына ұқсайсың? Бір қиыншылық басқа түскенде әрекетің қандай болмақ? Картопқа ұқсап мыжылып кетесің ба? Әлде, жұмыртқаға ұқсап, жүрегің қатаяды ма? Әлде, кофе дәнегіне ұқсап, оқиғалардың сені жетілдіріп, өміріңе жаңа бір серпіліс жасауына рұқсат бересің бе?

1. Аңызда қай құндылық туралы айтылып тұр?

2. Әкесі қызына қандай өсиет айтпақшы болды?

3. Қызы әкесінің сөзін қалай ұқты деп ойлайсыңдар?

4. Сендер өз бойларыңнан қай ұқсастықты байқадыңдар?

5. Адам өз мінезін өзгерте алама?





II.Шығармашылық жұмыс,

топтық жұмыс. (10 мин)

1 топ: Сенім әдет болып қалыптасқанда ғана әдетке айналады. Тек ғана әдет арқылы адам өз мінезін қалыптастырып, ойы іске айналады.

К.Д.Ушинский
2 топ: Мінезі бірқалыпты адамдардың өмірі де жайма-шуақ болады.

Демокрит

3. топ: Өзгермейтін, түзелмейтін мінез болмайды. Сондықтан бір жарамсыз қылықты ақтап, аршып алу үшін мінездегі кемістікті сылтау ету бос сөз. Адам өз мінезіне жауапты.

Б.М.Теплов

4 топ: Адамның мінез-құлқы айналасындағылардың пікірлерімен шарттасып жатады. Осы арқылы адам өз-өзін бағалай білуге үйренетін болады.

А.В.Петровский

Сабақты қорытындылау (4 мин)

«Көркем мінез» атты үнтаспа тындату арқылы

Оқушыларға алманың суреттері салынған карточкалар таратылады. Олардың артына әркім өзінің атын жазады да, көршісіне ұсынады. Ол досының мінезінің жағымды жақтарын жазады. Осылайша айналып келіп әркім өзі туралы жазылған пікірді оқиды. Осы алмаларды тақтадағы «Жамандық» ағашына іледі. Ойларын қорытады.






III. Үй тапсырмасы: 2 мин

75-беттегі «Дән және тас» атты мәтінді оқып келу



YI. Топпен ән айту: 4 мин

Әні: Алишер Каримов

сөзі: Қ.Бақтиярқызы

«Шүкір»

Пендесің жаратқан жарық берген,
Шүкірлік етші барыңа.
Қымбат өмірдің қадірін білген,
Жақсылар жүрсін жаныңда.
 
Шаттанып күлген күніме,
Үмітпен жатқан түніме.
Жүрекке жеткен үніме,
Шүкір!
Аман боп жүрген күніме шүкір,шүкір,
Бақытты құшқан екенмін шүкір,шүкір.
Иманды серік етермін шүкір,шүкір,
Бейбіт күн сүйген мекенім шүкір,шүкір.
 
Арың мен намысты қатар қойып,
Құндылық болсын бағаңда.
Бойыңнан жаманның бәрін жойып,
Жақсылық жаса адамға.




Y. Соңғы тыныштық сәтi: 2 мин

Бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлеріңізді жүртеріңізге түйіп алыңыздар! Рахмет!



Баяу музыка ойнап тұрады

Картоп, жұмыртқа және кофе дәнегі»

Ерте ерте ертеде…Ешнәрсені ұнатпайтын, жылауық бір қыз болыпты. Ол үнемі өмірдің қиын, жаман екенін айтып, онымен күресуден шаршағанын айтатын. Бір мәселе шешілгенде, үнемі басқа бір мәселе шығатын болып көрінетін оған. Бір күні аспаз болған әкесі қызын ас үйіне шақырып, оған өсиет айтпақшы болады. Үш ыдысқа су толтырып, отқа қояды. Су қайнай бастаған кезде біреуіне картоп, екіншісіне жұмыртқа, үшіншісіне кофе дәнегін салады.. Қызына ешнәрсе айтпай, күтеді. Қызы да үндемеді, соңы не болады екен деп ол да күтті. Бірақ сабырсыз болғаны үшін тағы қанша күтетінін сұрап мазалана бастады. Әкесі үндемеді.

20 минуттан кейін, әкесі отты өшірді. Картоп, жұмыртқа және кофе дәнегінен шыққан кофені бөлек - бөлек ыдыстарға қойды. Қызға:

– Нені көріп тұрсың?

– Картоп, жұмыртқа, кофе дәнегін - деп түсінбей жауап берді қыз.

– Жақынырақ келіп тағы қара, - деді әкесі: - картопқа қолыңды тигіз.”

Қыз айтқанды орындап, картопты қолына алып оның жұмсарғанын айтты.

– “Тура солай жұмыртқаны да зертте”. Қыз жұмыртқа қабығының қатқанын айтты.

Ең соңыңда кофеден ұрттауын ұсынды әкесі. Қыз кофені ұрттап, оның дәмді екенін айтып күлімдеді. Сонда да ешнәрсені түсінбеген қыз: “Мынаның бәрімен нені айтқың келді, әке?”

Әкесі картоп та, жұмыртқа да, кофе дәнегі де бірдей қайнаған судың ішінде тұрып бірдей қиыншылық көргендерін айтты. Бірақ осындай қиыншылыққа қарсы әрқайсысы әртүрлі күйге айналды. Картоп басында қатты, мықты болып тұрса, қайнаған судың ішіне түскен кезде жұмсарып өз күшін жоғалтты. Жұмыртқа өте нәзік, сезімтал болса басында, қайнаған суға түсіп қатты болды. Бірақ кофе дәнегі басқаша болды. Қайнаған судың ішіне түскенде ол өзі де суды да өзгертті де, алдымызға толығымен жап-жаңа нәрсе шықты.

Әкесі: – Сен қайсысына ұқсайсың? Бір қиыншылық басқа түскенде әрекетің қандай болмақ? Картопқа ұқсап мыжылып кетесің ба? Әлде, жұмыртқаға ұқсап, жүрегің қатаяды ма? Әлде, кофе дәнегіне ұқсап, оқиғалардың сені жетілдіріп, өміріңе жаңа бір серпіліс жасауына рұқсат бересің бе?

1. Аңызда қай құндылық туралы айтылып тұр?

2. Әкесі қызына қандай өсиет айтпақшы болды?

3. Қызы әкесінің сөзін қалай ұқты деп ойлайсыңдар?

4. Сендер өз бойларыңнан қай ұқсастықты байқадыңдар?

5. Адам өз мінезін өзгертіре алама?



Әні: Алишер Каримов

сөзі: Қ.Бақтиярқызы

«Шүкір»

Пендесің жаратқан жарық берген
Шүкірлік етші барыңа
Қымбат өмірдің қадірін білген
Жақсылар жүрсін жаныңда
 
Шаттанып күлген күніме
Үмітпен жатқан түніме
Жүрекке жеткен үніме  
Шүкір!
Аман боп жүрген күніме шүкір,шүкір
Бақытты құшқан екенмін шүкір,шүкір
Иманды серік етермін шүкір,шүкір
Бейбіт күн сүйген мекенім шүкір,шүкір
 
Арың мен намысты қатар қойып
Құндылық болсын бағаңда
Бойыңнан жаманның бәрін жойып
Жақсылық жаса адамға
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет