7 сынып. Бунақденелілердің дамуы. 1- нұсқа



Дата04.07.2018
өлшемі24,1 Kb.
#46566


7 сынып. Бунақденелілердің дамуы.

1- нұсқа

1. Бунақденелілердің басым көпшілігі қайда мекендейді ?

А) суда; В) құрлықта; С) топырақта.

2. Бунақденелілер қай сатыда түлейді?

А) дернәсіл сатысында; В) ересек кезде; С) жұмыртқа.

3. Жыныс мүшесі толық жетілмеген дернәсіл қалай аталады?

А) имаго; В) наяда; С) нимфа.

4. Суда дамитын дернәсіл қалай аталады?

А) имаго; В) наяда; С) нимфа.

5. Көбелектің қоректенбейтін сатысы.

А) жұлдызқұрт; В) қуыршақ; С) имаго.

6. Шала түрленіп даму неше сатыдан тұрады?

А) 2; В) 4; С) 3.

7. Инелік немен қоректенеді?

А) қан сорады; В) масаны аулайды; С) қоңызды аулайды.

8. Жәндіктің сыртқы қаңқа қызметін атқарады.

А) химинді қабаты; В) сыртқы жабыны; С) қанаттары.

9. Жабайы түрі кездеспейтін бунақдене.

А) маса; В) көбелек; С) тұткөбелек.

10. Тұра түрленіп даму неше сатыдан тұрады?

А) 2; В) 3; С) 4.

7 сынып. Бунақденелілердің дамуы

2- нұсқа

1. Жәндіктер не үшін түлейді?

А) өсу үшін; В) көбею үшін; С) қозғалу үшін.

2. Бунақденелілердің түлемейтін сатысы.

А) жұмыртқа сатысында; В) дернәсіл сатысында; С) имаго сатысында.

3. Желбезекпен тыныс алады.

А) көбелектің дернәсілі; В) инеліктің дернәсілі; С) шыбынның дернәсілі.

4. Көбелектің дернәсілі қалай аталады?

А) жұлдызқұрт; В) пілде; С) жұмыртқа.

5. Көбелектің қозғалмайтын сатысы.

А) жұлдызқұрт; В) қуыршақ; С) имаго.

6. Бунақденелердің миы неше бөліктен тұрады?

А) 3; В) 4; С) 5.

7. Толық түрленіп даму неше сатыдан тұрады?

А) 2; В) 3; С) 4.

8. Тұра түрленіп дамитын жәндіктер.

А) қанатты жәндіктер; В) туақанатсыз жәндіктер; С) буынаяқтылар.

9. Жәндіктің ішкі мүшесін қорғайды.

А) химинді қабаты; В) сыртқы жабыны; С) қанаттары.

10. Қолға үйретілген бунақденелілер

А) маса; В) көбелек; С) тұткөбелек.

Тест жауаптары

1-нұсқа 2-нұсқа

1) В 1) А

2) А 2) С

3) С 3) В

4) В 4) А

5) В 5) В

6) С 6) А

7) В 7) С

8) А 8) В

9) С 9) А

10) А 10) С

Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілердің дамуы және пайда-зияны.

Сабақтың мақсаты: 1. Бунақденелілер қласына жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктерін

айқындау. Бунақденелілер туралы білімдерін тереңдету.

2. Оқушылардың шығармашылық ,интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.

3. Табиғаттағы маңызына тоқтала отырып, оларды қорғауға тәрбиелеу.



Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Блум,СТО технологиясын пайдалану.

Сабақтың түрі: Сұрақ-жауап,әңгіме.

Сабақтың жүру барысы.

1. Ұйымдастыру

2. Үй жұмысын сұрау. Не білеміз?

- Бунақденелілерге жататын жәндіктерді ата

- Бунақденелілер класы қай типке жатады?

- Бунақденелілер класының неше класс тармағы бар?

- Бунақденелілер класының неше отряды бар?

- Өрмекшітәріздестерден бунақденелілердің ерекшелігі.

- Бунақденелілердің тіршілік ортасы?

- Бунақденелілердің ауыз мүшелерінің құрылысы қандай?

Видиофильм көрсету тақырыбы: « Біліп жүрейік »

3. Жаңа сабақ . Не білуіміз керек?

Жануарлар туралы оқытатын ғылым қалай аталады?

Бунақденелілерді зерттейтін ғылым - энтомология деп аталады.

Үш топқа жаңа сабақ бойынша тапсырма беріледі

1. Бунақденелілердің дамуы

2. Бунақденелілердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

3. Зиянды бунақденелілер

Бірінші топты интерактивті тақтадағы кесте бойынша жауап береді



Бунақденелілердің

Туақанатсыз дамуының 3 түрлі жолы бар Қанатты

1. Тура дамиды 1. Шала түрленіп дамиды

2. Толық түрленіп дамиды

Тура даму: жұмыртқа- имаго

Шала түрленіп даму: жұмыртқа- дернәсіл- имаго

Толық түрленіп даму: жұмыртқа-дернәсіл-қуыршақ-имаго

Тұт қөбелегі туралы видиофильм көрсетіледі.

Екінші,үшінші топтың жауабы тыңдалады

4. Жаңа сабақты бекіту

1.Bilimlant сайтына кіріп сынып түгел тест сұрақтарына жауаб береді

2. Лабиринт сұрақтарына жауаб береді (иә, жоқ) деп

5. Жаңа сабақты қортындылау. Оқушылар өздерін өздері бағалайды.

Екі нұсқада тест беріледі. 10 сұрақтан тұратын



6. Үйге тапсырма.

47. Буынаяқтылар типін қайталау



«Жаңаөзен қаласы № 8 Қашаған құржыманұлы атындағы орта мектеп»

Ашық сабақ: Бунақденелілердің дамуы және пайда-зияны.

Биология пәні мұғалімі: Қуспангалиева А.Ғ.



2015-2016 оқу жылы


Каталог: uploads -> doc -> 0db0
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0db0 -> Сабақтың атауы Білім күні. Бейбітшілік сабағы Мақсаты Мақсаты мен күтілетін нәтижелері
0db0 -> “1822 ж, 1824 ж, 1867-1868 жж реформалардың мазмұны мен салдары” тақырыбын қайталау, жинақтау
0db0 -> Сабақ: Әдебиеттік оқу Мектеп : «Курчатов қаласының №1 жалпы білім беретін орта мектебі»
0db0 -> Сабақ жоспары Мерзімі: 22. 10. 12 Ағылшын тілі сабағы 7-сынып (12 13жас) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет