70 мл 0,6 м cuSO4 ерітіндісіне г темір пластинка батырылған. Реакция аяқталған соң пластинканы жуып, құрғатты



Дата07.02.2022
өлшемі15,23 Kb.
#95041
Байланысты:
Документ Microsoft Word


1.70 мл 0,6 М CuSO4 ерітіндісіне 8 г темір пластинка батырылған. Реакция аяқталған соң пластинканы жуып, құрғатты.
Бастапқы ерітіндідегі CuSO4-ның жалпы зат мөлшерін тап.
Реакция аяқталғаннан кейінгі пластинка массасын есепте.
2.28 г мыс пен темірдің қоспасын артық мөлшерде тұз қышқылымен өңдеді. Нәтижесінде, 6,72 л (қ.ж.) газ бөлінді.
Бөлінген газдың зат мөлшерін есепте .
Қоспадағы металдардың массалық үлестерін есепте.
3.Алкен мен тармақталған алканның эквимолярлы қоспасының (екі компоненттің зат мөлшерлері өзара тең) сутек бойынша тығыздығы 25-ке тең.
Қоспаның орташа молекулалық массасын тап. Алкен мен алканның жалпы формулаларын жаз (бұл қосылыстар құрамында көміртек атом сандары әр түрлі болуы мүмкін).Берілген екі көмірсутек құрамындағы көміртек атомдары сандарының қосындысын тап.Екі көмірсутектің молекулалық формулаларын, құрылымдық формулаларын анықта (алкан - тармақталған құрылысты).
4. Белгісіз бейорганикалық қосылыс құрамында 31.86% мырыш, 27.45% азот, 34.80% хлор, 5.88% сутек бар.
Осы қосылыстың эмпирикалық формуласын (брутто-формуласын) анықта. Осы қосылысты қатты қыздырып ыдыратты, нәтижесінде құрамында мырыш пен хлор бар тұз және 448 мл газ бөлінді. Қыздыру нәтижесінде қандай газ бөлінді? Түзілген тұздің мөлшерін есепте. Кейін тұзды суда ерітіп, пайда болған ерітінді арқылы анодта 56 мл хлор бөлінгенше ток өткізді.Нәтижесінде ерітінді массасы қаншалықты өзгерді?
5. Органикалық химия – химияның қызықты да, ғажайып саласының бірі. Оқушылардың көпшілігі органикалық химияның терең меңгермей, тек химиялық реакциялар мен синтетикалық тізбектерді білуге тырысады. Ғылымға бойлай берсеңіз, органикалық химияда фундаменталды сұрақтарды терең меңгеру нәтижесінде алдыңыздан ғылымның ғажайыптары ашыла бастайды (көптеген механизмдер, реакцияның жүру себептері мен салдарлары). Органикалық химиядағы ең кіші қосылыс – метан (CH4). Метан құрылысы жағынан симметриялы, тетрэдр пішінді молекула. Метан молекуласындағы көміртек атомының электронды конфигурациясын жаз. Бұл конфигурацияда көміртек қанша байланыс түзе алады?Көміртектің 4 байланыс түзу мүмкіндігін қалай түсіндіруге болады?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет