7ТАҚырып. Отбасы тәрбиесінің негіздері. Дәріс жоспары



Дата14.12.2021
өлшемі28,04 Kb.
#126959
Байланысты:
7 дәріс
1025823663618 Лек.6, Глава 4 новый, Глава 4 новый, Глава 4 новый, 1366194462

7ТАҚЫРЫП. Отбасы тәрбиесінің негіздері.

Дәріс жоспары

1.Отбасы – бала тұлғасын әлеуметтендірудің факторы және белсенді субъектісі.

2.Отбасында педагогикалық үдерісті ұйымдастыру.

3.Отбасы мен педагогикалық ұжым жұмысындағы сынып жетекшісінің рөлі.

Дәріс тезистер

Жеке тұлғаның қалыптасып, жетілуіне отбасының құдіретті күшін басқа еш нәрсемен салыстыруға болмайды, отбасы болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктерді береді, оның мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал етіп, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын береді, отбасынан басталған тәрбие адамдар арасындағы қарым – қатынастың, адамның алдағы еңбек және әлеуметтік өмірінің бағытын айқындаудың негізі болып табылады.

Отбасы тәрбиесінің, ата–ананың әлеуметтік жауапкершілік қызмет әрекеті ретінде басты құқық негізі бар. 1989 жылдың 20 қарашасында БӘ Бас ассамблеясы қабылдаған бала құқығы туралы конвенцияда балаға дене жағынан және ақыл–ойының жетілмегенімен, арнайы қорғау мен қамқорлық, соның ішінде, туылғанға дейінгі және туылғаннан кейінгі тиісті құқықтық қорғау керек², -деп жазған. Баланың өмір сүру, тіршілік ету және салауатты даму құқығын жариялай отырып, конвенция баланың жеке тұлғалық дамуында өзінің дербестігін, даралығын сақтау құқығына ерекше көңіл бөледі. Сондай–ақ баланың ата –анаға деген құқығы да ескеріледі. Ата-ана баланың мақсат мүддесі үшін қажетін орындамаған жағдайда ғана өз құқығынан айырылады.

ҚР Конституциясында бекітілген отбасы тәрбиесінің құқықтық принциптері ²Неке және жанұя түрлері туралы заңда (17.12.1998) нақтыланған.

Қазіргі кезеңде еліміздің нарықтық қатынастарға өту жағдайында отбасының жылдар бойына қалыптасқан құндылық негіздері әлеуметтік–экономикалық тұрғыдан өзгерістерге ұшырауда. Әсіресе жаңа әлеуметтік шындықтың сұраныстарына сәйкес отбасындағы ұрпақ тәрбиесі дағдарысты жағдайға кез болып отыр. Осыған байланысты қазіргі қоғамның әлеуметтік күрделі процесіне талдау жасау қажеттігі педагогика, психология ғылымдарының күн тәртібінде тұрған басты проблемаларының бірі.

Өте ертеде отбасының теориялық мәселелері Морган Л., Ковалевский М., Куков Г., Шнерберг Л., т.б. зерттеулерінде жан –жақты қарастырылған.

Педагогика ғылымында отбасы проблемасын қарастыру бүгінгі күннің жаңалығы деуге болмайды (Ушинский К.Д., Крупская Н.К., Сухомлинский В.А., Толстой Л. Н., Лесгафт П.Ф. және т.б.).

XVIII-XIX ғ. Қазақстанда қазақ отбасы мәселесін зерттегендер: М. Жұмабаев, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, П.С.Паллас, И.Г.Георгий И.П.Фальк, Н.П.Рычков, А.Левшин. С.Б.Броневский, А.Диваев, А.Е.Алекторов, т.б.

Психологиялық–педагогикалық зерттеу еңбектерін талдау авторлардың өздерінің зерттеу объектісіне қарай психология, педагогика ғылымдарына айтарлықтай үлес қосқандарын, олардың зерттеу нәтижелерінің қолданылып жүргенін, сондай–ақ қарастырылып отырылған.

Отбасы – тұлғаға қоғамда қалыптасқан әлеуметтік нормалармен таныстырушы, мінез-құлқын қалыптастырушы, өзін -өзі танытушы, демек әлеуметтендіруші фактор ретінде табылады.

Отбасы – адам өміріндегі тарихи қалыптасқан, оның әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандыратын негізгі фактор. Себебі, бала дүниеге келген соң кездестіретін әлеуметтік ортасы –оның отбасы.

Ендеше, адам бойына тән қасиеттер отбасындағы әлеуметтену үрдісінде қалыптасады

. Отбасы – некеге және туыстық қатынастар негізінде бірлесе өмір сүретін шағын әлеуметтік топ. Отбасының атқаратын негізгі қызметтері:

- репродуктивті (ұрпақ әкелу);

- шаруашылық-экономикалық (ортақ шаруашылық, қаржының болуы, сол негізде еңбекке жарамсыздарды асырау);

- тәрбиелік (әрбір мүшесінің тұлғасын қалыптасуға жағдай жасау);

- қарым-қатынас орнату (отбасы мүшелерімен, басқа адамдармен, отбасылармен, әлеуметтік топтармен байланысу);

- рекративті (бос уақытты ұйымдастыру, отбасы мүшелерінің күш қуат, денсаулығын қалпына келтіруге жағдай жасау)

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген ұлы ғұлама М.Әуезовтың пікірі отбасының тұлға қалыптастырудағы орнын дәлелдейді. Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері туралы төмендегідей қорытындылар жасауға болады:

- отбасының тәрбиелік ықпалы шексіз, жас ұлғаюымен ықпал бәсеңдеуі мүмкін, бірақ өз маңызын жоймайды;

- отбасының тәрбиелік ықпалы үздіксіз, тұрақты, жүйелі болады;

- отбасы тәрбиесі туыстық сезімге, сүйіспеншілікке, сенімге және өзара жауапкершілікке негізделеді;

- отбасы тәрбиесінде әр жастағы, әр түрлі ерекшеліктегі адамдардың бірлесе әрекет етуінен бірін-бірі толықтыру мүмкіндігі кеңейеді;

- отбасы мүшелерінің әрқайсысының жеке қабілеттері, психологиялық жай-күйін есепке алу мүмкіндігі мол;

- отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, қоғамның азаматы отбасында қалыптасады;

- отбасы салт-дәстүр жалғастығын қамтамасыз етеді;

- кәсіп таңдауға да ықпалы зор;

Отбасы қалыптасқан тәрбие, қарым-қатынас стилі бойынша төмендегіше топтастырылады:

- беделдік қарым-қатынас стиліндегі отбасында қаталдық, шектен тыс талаптар орын алады;

- демократиялық қарым-қатынас стиліндегі отбасында өзара сыйластық, құрмет, бір-бірімен санасу, дербестікті шектемеу, бірлесе әрекет ету басым болады;

- либералды қарым-қатынас стиліндегі отбасында бетімен жіберу, отбасы мүшелерінің тағдырына немқұрайлылық орын алады.

Отбасы түрлері:

1.Балалар санына байланысты: баласыз

бір балалы

бала саны аз

көп балалы

2.Отбасының құрамына байланысты:

бір ұрпаққа негізделген (әке, бала)

ұрпаққа негізделген (ата, әке, бала)

көп ұрпаққа негізделген (баба, ата, әке, бала)

3.Отбасы құрылымына байланысты:

толық жанұя

толық емес жанұя

некеден тыс жанұя

4.Отбасындағы қарым – қатынас ерекшелігіне байланысты:

сәтті жанұя

сәтсіз немесе проблемалы жанұя.

Отбасындағы қарым – қатынастың бірнеше стилі бар:

1. Өктемдік стилі, мұнда баланың өз бетінше әрекет етуіне, бастамашылдығына көңіл бөлінбейді, негізінен тиым салу мен жазалауға негізделген қарым – қатынас.

2. Либералдық стилі, мұнда құндылық бағыт, іс - әрекет, мінез – құлықта балаға толық еркіндік беру, оның ісіне араласпау.

3. Демократиялық стилі, баланың өз бетінше әрекет етуі, мақсаттылығы белсенділігін қалыптастыруға бағытталады. Оның болашағы мен мүмкіндігіне деген сенімге негізделеді, баланың құқығы мен міндетін тұтастықта қабылдайды.

Ата-ананың мектеппен бірлескен жұмысының формалары: ата-аналар жиналысы, ата-аналар лекторийлері, ата-аналар комитеті, ашық есік күндерін өткізу, жеке әңгімелесу, ата-ананың оқушымен бірлескен іс-шарасы, т.б..

Осыған байланысты адам әлеуметтік жеке мәдени құндылықтармен сусындайтын әлеуметтенуінің негізгі өзегі ата –анасы болып табылады.

Әр отбасында өзіндік құрылымы, балалардың әлеуметтік және психологиялық дамуын көрсететін заңдары мен механизмдері, тәлім –тәрбиелік әдістері және өзара әрекет ету жүйесі қалыптасады. Ол, сол отбасы мүшесінің үйлесімді дамуының негізі болмақ.

Психология ғылымында жеке адамның әлеуметтенуін қарастырған А.Олпорт, А.Маслоу, К.Роджерстер тұлғаның әлеуметтік ортада өзіндік өзектенуін сөз ете отырып, ондағы отбасының ролінің жоғары болатындығын көрсеткен.

Егер отбасы жеке тұлғаның қалыптасу қалыптасу процесі мен нәтижесінде шешуге ықпал жасайтын әлеуметтік фактор деп есептелсе, онда дұрыс тәрбиелік ықпалды ұйымдастыруда ең алдымен отбасына қоғам және мемлекет басты назар аударуы қажет. Себебі рухани, адамгершілік негізі қалыптасқан ынтымақты, инабатты отбасы ең ауқатты мемлекет тірегі болып есептеледі. Бұл аксиомадан тарихта бірде –бір өркениетті ел шет қалған емес. Осы ретте бүгінгі таңда отбасы бірнеше әлеуметтік саламен тікелей байланыста болуы шарт. Ең алдымен, мектеп, өнер, әдебиет, кино, кітапхана, орта және шағын бизнестер т.б. тәрбиелік, білімдік мақсатта, қарым қатынаста болуы болашақ ұрпақтың қазіргі қоғамның өркениетті бағытта дамуына сай тәрбиеленуіне мүмкіндік жасайды.

Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәлелерін шешудегі ерекшелігі-ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.

Отбасы – бұл адамдардың әлеуметтік –педагогикалық тәрбие тобы әр мүшенің өзін-өзі сақтау, ұрпақты жалғастыру және өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Отбасы белгілі дәстүрлерді, жағымды өнегелерді, мұрларды сақтаушы.

Отбасылық тәрбие – күрделі жүйе, ол әр түрлі факторларға байланысты (тұқымқуалаушылық, табиғи, материалдық, экономикалық, әлеуметтік жағдайлар).

Отбасылық тәрбиенің негізгі принциптері:

- өсіп келе жатқан адамға қайырымдылық және мейірімділік көрсету;

- балаларды отбасы тіршілігіне енгізу, ақылды ретінде қарау;

- балалармен ашық және сенімді қарым –қатынас жүргізу;

- талап қоюда жүйелілікті сақтау;

- өзінің баласына шамасына қарай көмек жасау, сұрақтарға жауап беруге дайын болу.

Отбасының қалыптасу, даму деңгейлері, ондағы мүшелердің құрылымына, мінездеріне қарым–қатынас стильдеріне және отбасылық бірлікті қамтамасыздандыру мен функцияларын орындауға даярлығына тікелей байланысты. Отбасы типтеріне нақты жіктеме жоқ, дегенмен көбінекей төмендегі негізде жүйелеуге болады.

Бала санына байланысты (баласыз, бір балалы, аз балалы (2-3 бала), көп балалы (3 –тен көп бала);

Отбасы құрамына байланысты (бір ұрпақты (тек қана ерлі зайыптылар), екі ұрпақтылар (ата –аналар және балалар), ұрпақ аралық (әжесі, әке –шешесі, баласы));

Отбасы құрамына байланысты (толық, толық емес, некесіз); Отбасындағы қатынасқа байланысты (сәтті, сәтсіз, ажырасқан т.б.).

Отбасының мәнін түсінуде анық қандай функциялар атқаратынын айқындап алған жөн. Отбасының қалыптасу процесінде және әлеуметтенудің бір факторы болып бөлектеніп шығуы барысында бірқатар функциялар қалыптасты.

Олар: отбасының танымдық функциясы: Басқа адамдармен қарым –қатынас процесінде жеке тұлғаның жағымды рухани әлеуетін жасауға және жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өзін жеке тұлға ретінде жетілдіреді;

Дүниетанымдық функция -әлеуметтік қоғамдағы, жалпы қоғамдағы жеке тұлғаның адамгершілік қатынас мазмұнына және сипатына деген көзқарасымен айқындалады. Отбасы әр түрлі құралдарды қолдана отырып қоғамдық өмірдің міндеттерін шешуде, қоғамдық идеалды қалыптастыруда болып жатқан процестердің мәнін түсінуге көмектеседі.

Тәрбиелік функция –адамның жеке тұлғалық қалыптасуында, өзіндік санасының дамуында жүзеге асады. Отбасы адамгершілікке, ізгілікке, биязылыққа, ар –ұят, намыс т.б. тәрбиелейді.

Коммуникативтік функция –адамның қарым қатынасын болжамдап, оның өлшемдерін жасайды; қарым –қатынасты ізгілендіреді; қарым –қатынастың мүмкіндігінше барлық сала үшін ұнамды болуын ескереді.

Отбасының реттеуіш функциясы – адамдар арасындағы мазмұндық қатынасты белгілейді, мінез–құлыққа отбасының ерекше тәсілімен ықпал етуіне түрткі болады, қоғамдағы қатынасты басқаруды қамтамасыздандырады.

Отбасының интегративті функциясы – отбасы адамдардың әлеуметтік жағдайларына, ұлтына, діни және басқа сенімдеріне қарамастан біріктіреді, өйткені ол жалпы адами сипат қалыптастыруда барлық жеке адамға бірдей талап қояды. Ешбір құбылыс осылай әр түрлі адамдардың басын біріктіре де, оларды басқаға деген сыйластықты да қалыптастыра алмайды.

Әрбір ата –ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалағандықтан, әрбір ата–ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасындағы балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының заңдылықтарын білуі шарт.

Осыған орай отбасының мынадай тәрбиелік ролі айқындалады:

- бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болып есептелуі;

- өркениетті, зайырлы, құқықты қоғамның азаматын тәрбиелеуде отбасы мемлекеттің негізгі буыны;

- отбасы –болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырамайтын басты тірек –арқауы;

- отбасы –жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы. Ол болашақ жас азаматтың дене жетілуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы;

- отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамының тарихында ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрді жалғастырушы;

- отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңдарын құрметтеуші елжанды азамат тәрбиелеу;

- отбасы баланың мамандықты еркін және саналы таңдауына ықпал жасаушы;

- отбасы өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы.

Отбасылар әр түрлі болады, әр түрлі балалар кездеседі. Социологтар отбасын әр түрлі типтерге бөледі: үйлесімді, бүлінген, ыдыраған, толық емес отбасы деп. Отбасы толық болуы мүмкін, бірақ тәрбие теріс болуы мүмкін. Кейде келіспеушілік, күнде ұрыс болып тұратын толық отбасылар да кездеседі. Отбасындағы сәтсіздік белгілі деңгейде бала психикасының дұрыс дамуына әкелмейді.

Отбасылық өмір мәнері жеке адамның әлеуметтенуіне үлкен із қалдырады. Психологтар мен педагогтар бірауыздан ²отбасылық өмір атмлосферасы² ұғымына отбасы мүшелерінің қарым –қатынасы, ақпарат алмастыру, қабылдау және меңгеру, ата –анамен балалардың бірлескен еңбек және эстетикалық іс -әрекетінің әр түрлі формалары сияқты факторларды енгізеді. Олардан жеке адамның қалыптасуы туралы жылылық пен мейірімділік, рухани жақындық, ақкөңілділік пен қайырымдылықты көруге болады. Дұрыс қарым – қатынас жасау жақсы көңіл–күйдің, психологиялық денсаулықтың, шығармашылық іс -әрекеттің негізі болып табылады. Деструктивті қарым –қатынас әр сағат сайын болмыстың бір бөлшегін алып кететін² қатынас. Ол қайырымдылық пен өзара түсіністіктің отбасында жоқ болуы. Бұл жатырқаушылыққа, ашуланшақтық пен тұйықтыққа әкеледі. Бұл үшін балаларға деген қатынас стереотиптері болуы қажет. Олардың ішіндегісі, ең маңыздысы –бала тәрбие алып, бәрін тыңдап, орындайтын адамдай қарау.

Ең алдымен балаға талап қоймас бұрын өзіңе талап қой. Тәрбиедегі ең қиын нәрсе –бала мінез –құлқының себептерін түсіну. Жалпы, бүгінгі күнде адамдардың бір –бірін түсінуі –негізгі мәселелердің бір болып табылады. Осыған орай жасөспірімдердің көпшілігі зерттеушінің Бақыт деген не? деген сұрағына: Бұл сені түсіне білу деп жауап береді. Жасөспірім шақта балалардың ересек адамның жүріс –тұрысына, қылықтарына әрекеттеріне сын көзбен қарауы күшейді. Ата–аналар мен жасөспірімдердің арасындағы кикілжіңнің жиі кездесетін себептерінің бірі жасөспірімдер мен ата–ананың қабылдауы мен қатынасының екі түрлі болуына байланысты.

Ата–аналық теріс қатынастың енді бір түрі, керісінше балаға деген шектен тыс жақындықтан, шектен тыс қамқорлықтан пайда болады. Мұндай жағдайда, ата–ана тәрбиесінің айқын көрінетін қателігі, балаға қатына жасаудағы мінез –құлықтың жалған тактикасы байқалады. Мұны жоғары бағалау және асыра қамқорлық жасау деп атайды. Негізінен, жасөспірімдерге ата–ана махаббаты қажет. Ата–аналары арқылы ол өз күшін сынайды; егер ылғи келісіп, тыйымдарды бұзбай жүрсе онда ол өзінің дүниеге көзқарасын көрсете алмайды. Сонмен сәтсіз отбасы қайдан пайда болады? Психологтар мен психиатрлар бұл сұраққа ең алдымен тәрбиенің айқын қателіктері деп көрсетеді. Тәрбиенің қателіктері көп кездеседі. Соның ішінде Қатігездік үрдісінде тәрбиелеу немесе айқын және жабық эмоционалдық күшпен бөліп алу. Мұнда баланы жақсы көрмейді, яғни оған жақсы көрмейтіндігін ылғи көрсетіп отырады. Бала бұл ащы шындыққа әр түрлі жауап береді: тұйықталады, өз мәселелерінің ертегідегідей шешілуі туралы армандар мен қиял әлеміне кетеді, ата –анасына ұнау үшін жағымпазданады, өзіне көңіл аудартуға тырысады, мейірімсіз бола бастайды оны жек көргені үшін ата –аналарынан кек алады...

Теріс тәрбиенің тағы бір түрі– асыра қамқорлық жасау (гиперопека) немесе асыра қолдау (гиперпротекция). Бұл жабық және ашық болады. Асыра қамқорлық жасау кезінде оны жақсы жағдайда ұстайды, ешқашан өз бетінше жүруіне мүмкіндік бермейді. Мұндай балалардан ерке, инфантильді, талғампаз адамдар адамдар өседі. Олар өз өмір ұстанымдарын сақтай алмайды.

Гиперопека (гиперотекционизм) бүгінгі күні бұрынғыға қарағанда сирек кездеседі. Бұл қараусыздыққа, әлеуметтік дағдыладың қалыптасуының баяулауына, бұзақылыққа алып келеді.

Қарама-қайшылықты тәрбие өте кең тараған: Әжесі бірдеңені айтса, екіншісі басқаша, ата–анасы өз жағына тартады. Сонымен қоймай баладан мінез –құлықтың ерекшеленген формасын талап етеді. Осындай тәрбие қайшылығы мен келіспеушіліктердің әсерінен баланы көбінесе неврозға және басқа психикалық бұзылылуларға алып келеді. Кейбір жасөспірімдер ересектердің қырағы қабақтарынан үйден қашып кетеді, кейбіреулері ата –анасынан олардың әділетсіз кінә тағуына, түсінбеуіне байланысты белсенді түрде өш алады.

Тыйым салу мен жазалау тәрбиенің теріс әдісі екені айқын. Жасөспірімдер осындай теріс тәрбиенің әсерінен мейірімсіздене түседі, қатал, өзін төмендеткені үшін өш алуға бейім болады. Сонымен бұл жағдайлардың бәрінде бір нәрсе айқын – балалар мен ата–аналар арасында тығыз байланыс жоғалғандықтан, мүмкін ол ешқашан да болмағандықтан да шығар. Тек қана тыңдауға жасөспірімнің намысын төмендететіні тыйым салуларға негізделген, оның санасы мен өзіндік сана–сезімін дамытпайтын, өз сезімдерін басқаруға, дұрыс шешімдер шығаруға тыйым салатын бедел стилі болғандықтан. Жасөспірімдік шақтағы балалар мен ата–аналар арасындағы қарым-қатынас, кикілжің, тәрбие мәселелері қазіргі заманғы маңызды мәселелердің бірі. Жасөспірімдік шақтағы ақыл –ойдың тез жетілуі, жыныстық даму ерекшеліктері бұл кезеңде әр түрлі жағдайларды туғызады. Бұл кезеңдегі тәрбиенің мәні: баланы іс -әрекет жасауға, ойлауға, ересектер берген әр түрлі тапсырмалар мен міндеттерді талап деңгейіне сәйкес біртіндеп оқытып–үйрету, сонымен қатар айналасындағылармен қарым–қатынас өлшемдері бойынша араласуға үйрету болып табылады.

Олай болса, отбасында баланың әлеуметтенуіне кері әсер ететін жағдайлар:

- отбасындағы экономикалық жағдайдың төменгі деңгейде болуы;

- балалардың дұрыс өсіп–жетілуіне, денсаулығына қажетті тағамдардың жеткіліксіздігі, қоғамдық өмірдегі мәдениеттің құлдырауы;

- отбасының психологиялық тұрғыдан болашаққа сенімсіздігі, бүгінгі таңда, әсіресе, аналарға екі жақты ауыртпалықтың түсуі –бір жағынан, жұмысы болса, екінші жағынан, отбасына қамқорлық жасау;

- отбасында әлеуметтік, тұрмыстық, адамгершілік қарым -қатынастың бұзылуынан ажырасудың барған сайын орын алуы. Ал ажырасқан отбасында бала тәрбиесі қиындай түседі;

- мектеп пен отбасы арасында өзара тығыз байланыстың болмауы;

- жетім балалар мен тастанды балалардың әлеуметтік ортада кең орын алуы.

Отбасындағы басты жағдайлардың бірі бұл ерлі –зайыптының өзара махаббатына, көзқарастарының, мүдделерінің, сенімділіктің және ұжымдық іс-әрекеттерінің бірлігіне негізделген татулық.

Отбасында баланың әлеуметтенуіне табысты ықпал жасауда басқа да жағдайларды сипаттайтын белгілерді атауға болады. Оларға мына мәселелер жатады:

1. Семьяның этникалық құрамы және құрылымы.

2. Тіршілік әрекетінің және ортаның жағдайы.

3. Отбасының мәдени потенциалы.

4. Ішкі отбасылық қатынастар.

5. Қоғамға көзқарасы.

6. Отбасының тәрбиелік потенциалы.

Отбасының осы көрсетіліп отырған ерекше белгілерінің ықпалы өте күшті, оларды үнемі ескеру қажет.

Отбасылық қарым–қатынас нәтижесінде жеке бастың бойындағы адами белгілер қайырымдылық, сезімталдылық, парасаттылық, ұқыптылық, жауаптылық, әдептілік, мейірімділік, еңбексүйгіштік т.б. қасиеттері қалыптасады. Бір–бірін қабағынан түсініп, көңілдеріне қылау түсірмеуге тырысқан отбасындағы бала жастайынан адамды сыйлау, бағалауды үйренеді.

Отбасындағы еркелік те, қамқорлық та, әзілге негізделген пікірталастыру да, кішкене бөбектермен әурелену де, жасы үлкендермен байсалды әңгіме де, болашаққа жоспар құру да, отбасы мейрамы да, үлкен –кішінің өзіне лайықты еңбектенуі де, отбасы өмірін толықтыра түсетін толып жатқан басқа әрекеттердің барлығы да болашақ азаматтың қоғамның толыққанды азамат болып қалыптасуына әсер етеді.Тату–тәтті отбасыларда ата–аналар балаларға қамқоршы болса, олардың да ата –аналарына деген ыстық ықыласы сондай болады. Өнегелі отбасы балаларды адамгершілікке, ұстамдылық пен мінез-құлық ережелеріне үйретеді, тек қана өз басының қамын ойламай, басқа адамдарға ілтипатты қызмет етуге қамқоршы болып көмек көрсетуге баулиды.

Адамдарды қадірлей білу, қайырымды болу қасиеті –ең абзал қасиеттің бірі. Мұнда ата–ананың құр сөзбен айтуы жеткіліксіз. Бала күнделікті өмірден ата–анасының қайырымды адал, әділ істерін көруі керек.

Отбасында тәрбиенің дұрыс ұйымдастырылмауынан балаға теріс әсер ететін жағдайлар:

- Бір отбасында бірнеше баланың әрқайсысына әртүрлі қарау (Ата-ана қамқорлығы мен жүрек жылуы);

- Ата-аналардың бала тәрбиесінен әртүрлі себептерге байланысты аулақтануы: жұмысбасты болуы немесе теріс үлгі көрсетіп, келеңсіз өмір сүретін ата-аналар;

- Ата-аналардың бала тәрбиесінде педагогикаға қарсы әдістерді қолдануы: өктемдік (авторитарлық), қаталдық (деспотизм), ымырашылдық (либералдық);

- Отбасында бала тәрбиесіне әкесі мен шешесінің әртүрлі әдіс қолдануы;

- Ата-аналардың балалар мінезіндегі өзгерістерге назар аудармауы;

- Ата-аналардың жат қылықтарды бала бойына дарытуы: дүниеқорлық, алдау, жалқаулық, өзімшілдік, т.б.

Аталған теріс әсер ететін жағдайлар нәтижесінде бала бойында қалыптасатын жаман қасиеттер:

- Бала ашуланшақ, ызақор, тұйық, сенімсіз, өзіне-өзі көңілі толмайтын болып қалыптасады;

- Бала бойында әдептілікке жатпайтын жат қылықтар қалыптасады: темекі тарту, ішімдік ішу, есірткі қабылдау;

Бала бойында өзімшілдік (эгоизм), дарашылдық (эгоцентризм), жеке басты ойлау, өзгелердің ойымен санаспау, екіжүзділік сияқты қасиеттер қалыптасады. Өз ісін алдау, арбау арқылы атқарады.

Практикалық сабақ жоспары (сағ)

1. Қазіргі отбасының ерекшеліктері.



2. Отбасының оқушы тұлғасының ұлттық санасын қалыптастыруға ықпалы.

3. Отбасы жəне мектептің ынтымақтастығының формалары.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет