8. 2C «Химиялық реакциядағы энергиямен танысу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Дата15.04.2020
өлшемі0,59 Mb.
#62576
Байланысты:
8сынып бжб



8.2C «Химиялық реакциядағы энергиямен танысу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау







Оқу мақсаты

8.3.1.1 Заттың жану реакциясының өнімі көбінесе оксид екенін және құрамында көміртегі бар отын оттекте жанғанда, көмірқышқыл газы, иіс газы немесе көміртек түзілетінін түсіну

8.3.1.2 Парниктік эффекттің себептерін түсіндіру және шешу жолдарын ұсыну

8.3.1.3 Экзотермиялық реакциялар жылу бөле жүретінін, ал эндотермиялық реакциялар жылу сіңіре жүретінін білу

8.3.1.5 Энергия өзгерісін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру





Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Құрамында көміртегі бар отындар жанғанда түзілетін оксидтерді және олардың қасиеттерін анықтайды

  • Парниктік эффектінің себептерін түсіндіреді және шешу жолдарын ұсынады

  • Экзотермиялық және эндотермиялық реакцияларды ажыратады

  • Энергия өзгерісін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан сипаттайды



Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білу және түсіну

Қолдану


Жоғары деңгей дағдылары



Орындалу уақыты

Тапсырма



20 минут



1(a) Этилен С2Н4 оттекте жанғанда түзілетін көміртек диоксидінің формуласын белгілеңіз.

A) CO


  1. СO2

  2. SO2

  3. SO3

(b) Тұжырымдаманың шындық немесе жалған екенін анықтаңыз

Тұжырымдама

Ш

Ж

1.Органикалық заттар жанғанда немесе шірігенде көмірқышқыл газы түзіледі







2.Отын толық жанғанда СО түзіледі







3.Көміртек қосылыстары шала жанғанда СО2 түзіледі







4.СО2 - түссіз, иіссіз, өте улы газ







5.Металлургияда тотықсыздандырғыш ретінде иіс газы қолданылады






2.


а) Суретті пайдалана отырып, парниктік эффектінің себептерін түсіндіріңдер

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

b) Парниктік эффектінің шешу жолдарын ұсыныңыз.

1._______________________________________________________________________________________________________________________________________2.___________________________________________________________________

3. Бос орындарды толтыра отырып, берілген химиялық реакциялардан экзотермиялық және эндотермиялық реакцияларды көрсетіңіз



4NH4 + 3___ = 2N2 + 6 H2O +153.2 кДж




С + О2 = ___+ 402 кДж




CH4 + 2O2 = CO2 + ____+890 кДж




_____= 2Hg + O2 -176.4кДж




4. Суретте көмірдің жану реакциясы көрсетілген. Көмірдің жану жылуы

+402 кДж –ге тең.



school-collection.edu.ru



(а) Осы реакцияның термохимиялық реакция теңдеуін жазып көрсетіңіз.

________________________________________________________________________________________________________________________________________

(b) Кинетикалық теория тұрғысынан энергияның қалай өзгеретінін түсіндіріңіздер


Бағалау критерийі

Тапсыр ма №

Дескриптор

Балл




Көміртекті отындар жанғанда түзілетін оксидтерді және олардың қасиеттерін анықтайды

1

көміртек (IV) оксидтің формуласын анықтайды;

1

көміртек монооксиді оттек жетіспегенде түзілетінін, түссіз, иіссіз, өте улы газ екенін анықтайды;

1

металлургияда тотықсыздандырғыш ретінде қолданылатынын анықтайды;

1

көміртек диоксиді оттектің артық мөлшерінде, органикалық заттар жанғанда немесе шірігенде түзілетінін анықтайды;

1

Парниктік эффектінің себептерін түсіндіреді және шешу жолдарын ұсынады

2

парниктік эффекті қалай пайда болатынын түсіндіреді;

1

парниктік эффектінің шешу жолдарын ұсынады;

1

1


Экзотермиялық және эндотермиялық реакцияларды ажыратады

3

экзотермиялық реакцияны анықтайды

1

эндотермиялық реакцияны анықтайды

1

Бос орындарға тиісті формулаларды жазады

1

Энергия өзгерісін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан сипаттайды

4

Көмірдің жану реакциясының термохимиялық теңдеуін жазады

1

Кинетикалық энергия тұрғысынан реакция типін анықтайды.

1

Барлығы

12

«Химиялық реакциядағы энергиямен танысу» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата – аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты – жөні___________________________

Бағалау критерийі




Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен




Орта

Жоғары

Көміртекті отындар жанғанда түзілетін оксидтерді және олардың қасиеттерін анықтайды

Оксидтің формуласын табуда, көміртек моно, диоксидінің физикалық қасиеттерін анықтағанда қиналады




Оксидтің формуласын табуда/ көміртек монооксидінің/, диоксидінің физикалық қасиеттерін анықтағанда қателіктер жібереді

Оксидтің формуласын табады, көміртек моно, диоксидінің физикалық қасиеттерін анықтайды

Парниктік эффектінің себептерін түсіндіреді, шешу жолдарын ұсынады

Парниктік эффектінің себебін түсіндіруде, шешу жолдарын ұсынуда қиналады




Парниктік эффектінің себебін түсіндіруде / шешу жолдарын ұсынуда қателіктер жібереді

Парниктік эффектінің себебін түсіндіреді , шешу жолдарын ұсынады.
























Экзотермиялық және эндотермиялық реакцияларды ажыратады

Экзотермиялық, эндотермиялық реакцияларды ажыратуда, бос орындарды толтырғанда қиналады




Экзотермиялық / эндотермиялық реакцияларды ажыратуда

/бос орындарды толтырғанда қателіктер жібереді

Экзотермиялық, эндотермиялық реакцияларды ажыратады, бос орындарды толтырады.

Энергия өзгерісін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан сипаттайды

Көмірдің термохимиялық теңдеуін

жазуда және энергия тұрғысынан реакция типін






Көмірдің термохимиялық теңдеуін жазуда/энергия тұрғысынан реакция типін анықтауда қателіктер жібереді

Көмірдің термохимиялық теңдеуін жазады және энергия тұрғысынан

реакция типін анықтайды



анықтауда қиналады




















Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет