8-сынып. Қазақстан тарихы


§ 19. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық қозғалысы



бет3/6
Дата31.12.2019
өлшемі1,12 Mb.
#54321
1   2   3   4   5   6
§ 19. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық қозғалысы

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды Кіші жүздегі көтіріліс тарихымен таныстыру. Көтерілістің алғышарттарын, себептерін анықтап, көтеріліс басшыларының ықпалына баға беғру. Көтерілістің өз құқықтарын қорғаулары үшін қажет болғанын түсіндіру;

  • Оқушыларды салыстырмалы талдау жасау мен іздену жұмыстарын жүргізуге машықтандыру, дұрыс жоспар құруға, пікірін жеткізе білуге йрету;

  • Оқушылардың көтерілісшілерге деген көзқарастары арқылы оларға партиоттық тәрбие беру, халық тарихын сыйлап, оған мақтанышпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

Үй тапсырмасының орындалуын тексеру.



Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:

  1. Көтерілістің себептері және басталуы.

  2. Көтерілістің аумағы мен негізгі оқиғалары.

  3. Жеңілу себептері мен тарихи маңызы.

Сабақ алдында жаңа сабаққа қатысы бар өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады:

  • Кіші жүз қазақтары қатысқан қандай көтерілістерді білесіңдер?

  • Тарихтан, қазақ әдебиетінен сендер ХІХ ғ. басындағы Кіші жүздің саяси жағдайы, экономикалық және рухани өмірі туралы не білесіңдер?

Сонан соң картаға сүйене отырып, көтерілістің негізгі себептерін анықтаймыз. Шығармашылық жаттығу ретінде оқушылардың бұл мәселелер жөнінде қаншалықты білетінін көру үшін дискуссия ұсынамыз.

Көтерілістің себептері:

  • жер мәселесі;

  • салықтар, қазақ ақсүйектерінің өздері ұйымдастырған әр түрлі тонаулапр мен айыппұл салу.

  • халықтың Жәңгір хан саясатына қарсы болуы, феодал ақсүйектердің ұстанымдары.

  • Ресейдің қол астындағы қазақтарға жүргізген саясаты.

Көтеріліс аумағын көрсету, көтеріліс тарихымен таныса отарып, негізгі оқиғалардың хронологиялық тізімін жасау.

Жылдар

Адамдар

Оқиғалар

1836ж., ақпан

Наурыз


Қыркүйек

1837 ж. басы

1837 ж. жаз-күз

1837 ж. қазанның соңы

1837 ж. 15 қараша

1837 ж. 13 желтоқсан

1838 ж. басы

1838 ж. 12 шілде

1842 ж.

1845 ж.








Көтерілісшілердің негізгі қимылдарын сипаттау үшін Махамбет өлеңдерінен үзінділер оқып беру, оқушылардың сол тарихи оқиғаларды жүрегімен ұғынуына, халықтың жағдайын түсінуіне, көтерлісшілердің мақсатын нақты анықтауға көмектеседі. Оқушыларға ақын шығармалары бойынша тапсырма беруге болады.

  • Махамбеттің өлеңдерін оқып, мыналарды анықтаңдар:

  • Махамбеттің жауларымен қарым-қатынасы?

  • Ол халықтың қайыршылануына кімді кінәлі санады?

  • Оның Исатаймен, басқа да серіктерімен қарым-қатынасы?

  • Ол өз құқын қалай қорғау керек деді. Көтерілісшілердің идеологы ретіндегі оның өлеңдері халықтың хал-жағдайын, қайғысы мен үмітін көрсетті.

Сабақты бекіту:

Оқулықтың 132-133-беттеріндегі мәтінді оқып, кестені толтырыңдар: «Көтерілістің жеңілу себептері мен тарихи маңызы».






Әскер саны

Қару жарағы

Әскери стратегияны, тактиканы, соғыс жүргізу әдістерін білу

Әскери мамандар (офицерлер)

Көтерілісшілер













Оыс армиясы













Үйге тапсырма:

  1. 1836-1837 ж. көтерілістің негізгі себептері жөнінде әңгімелеңдер

  2. Көтерлістің тарихи маңызы.

  3. Кестені толтырыңдар.

  4. «Кіші жүздегі 1836-1837 ж. көтерілістің басшылары»




Исатай Тайманұлы

Махамбет Өтемісұлы

Қай жерде туды?







Қай рудан шыққан







Қандай қызмет атқарды?







Мінез-құлық ерекшеліктері








8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: ХІХғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары.

Сабақтың мақсаты:

  • ХІХ ғ. 1-жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының ерекшеліктерін ашу, патша әкімшілігінің қазақ халқын отарлық езгіге салуы, басқару жүйесін өзгертуі, жайылымдарын тартып алуы, т.б. жөнінде әңгімелеп беру;

  • Фактілерд салыстыра отырып, талдау жасауға үйрету, оқиғаларға байланысты өз көзқарастарын білдіруге дағдаландыру;

  • Ұлттық патриотизмге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгендеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Көтерілістің негізгі себептерін атаңдар.

  2. Көтерілістің тарихи маңызы қандай?

  3. Кестемен жұмыстың орындалуын тексеру

Жаңа сабақты оқытудың үлгі жоспары:

  1. Жаңаелек шебінің дұрыс құрылуы (1810-1822 ж.)

  2. Жоламан Тіленшіұлы көтерілісі

  3. Жаңашеп ауданының құрылуы

  4. Қасым Абылайұлы мен Саржан Қасымұлы бастаған көтеріліс.

Үй тапсырмасын сұрағаннан кейін, осы материалға сүйене отырып, Ресейдің Қазақстанға байланысты саясатын түсіндіру. Отарлық езгінің күшеюі, қазақ жерлерін ашық тартып алу, бекіністер салу, т.б. жөнінде әңгімелеу. Картамен жұмысты ұйымдастыру:

  • Картадан Елек, Жайық, Изобильная, Буранная, Жаңаелек, Линевская, Угольная, Ветлянская форпостарын картадан көрсету.

Жаңаелек құрылысы туралы әңгімелегеннен кейін оқушыларға төмендегідей логикалық сұрақтар қоюға болады:

  1. Бұл бекіністер не үшіне тұрғызылды.

  2. Сендердің ойларыңша, неліктен жер таңдап алынды?

  3. Қазақтар арасында бұл жер несімен белгілі?

  4. Неліктен патша үкіметі қазақтардан бұл жерді зорлықпен тартып алып, ол жергет әскерлерді, казактарды және Ішкі Ресейден әкелінген шаруаларды қоныстандырды? Өз жауаптарыңды дәлелдеңдер.

«Ж.Тіленшіұлы көтерілісі» және «Қ.Абылайұлы мен С.Қасымұлы бастаған көтерліс» деген тақырыпшаларды оқыту кезінде жұмыс дәптерлеріңе көтерілістің негізгі оқиғаларын жазып отырыңдар.


Ж.Тіленшіұлы бастаған көтеріліс

Жылдары...........................

Көтеріліс аумағы.........................

Көтерілістің себептері........................

Негізгі оқиғалар.................................

Жеңілу себептері.............................

Маңызы...................................

ол


Қ.Абылайұлы мен С.Қасымұлы бастаған ұлт –азаттық көтеріліс

Жылдары...........................

Көтеріліс аумағы.........................

Көтерілістің себептері........................

Негізгі оқиғалар.................................

Жеңілу себептері.............................

Маңызы...................................

ол




Сабақты бекітіу:

  1. Оқулықтағы мәтінге сүйене отырып, төмендегі кестені толтырыңдар:

Жаңа аудандар

Құрылған жылдары

Тартып алынған қазақ жерлері

Жергілікті қазақтардың тағдыры (қоныс аудару, жерді жалға беру)

Жаңаесіл










Жаңаелек










Жаңашеп












Бағалау:

Үй тапсырмасы:


  1. Тақырыпты оқып, соңындағы сұрақтарға жауап беріңдер.

  2. Құжаттармен жұмыс. 140-беттегі «Сұлтан Қасым Абылайхановтың Орынбор әскери губернаторына Көкшетау округтық приказын жоюды өтініп жазған хаты, 24 маусым, 1825 жыл».

Құжат бойынша сұрақтар:

  • Өз хатында Қасым сұлтан қандай талаптар қойды?

  • Неліктен ол бекініс салуына қарсы болды?

  • Қалай ойлайсыңдар, Қасым сұлтан неліктен Батыс-Сібір генерал-губернаторына емес, Орынбор губернаторына хат жазды?

Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар.


1822 жылы Орта жүзде «Сібір қазақтары туралы»Жарғы енгізу арқылы хандық билікті жойды.

1825 жылдың көктемінде Қарқаралы округінде Саржан Қасымұлы басқарған толқулар басталды.

Толқулардың мақсаты-Абылай ұрпақтары сұлтандар билік жүргізетін Қазақ хандығын қайта орнату,округтік приказдардың көзін құрту еді.

1825-1826 жылдар жазалаушы күштер мен көтерілісшілер арасындағы қақтығыстар

1836жылы жазда Ташкентте Саржан сұлтан және оның інілері Ержан,Есенгелділер опасыздықпен өлтірілді.

Кіші жүздегі Жоламан Тіленшіұлы бастаған қозғалыс.(1822-1825 жж)

Жер үшін, тартып алынған жайылымдар үшін күрес




8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себебі,тарихи маңызы.

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақстан аумағындағы отаршылдыққа қарсы ең ірі көтерілістің мақсатын, барысын, негізгі кезеңдерін, тарихи маңызын аша отырып, оны Ресей халықтарының азаттық үшін күресінің бір бөлігі екенін, ол қазақ қоғамы мен патша үкіметі арасындағы қайшылықтардың салдары екенін көрсету;

  • Қазақстан аумағындағы көтерілістерге және Қазақ хандығы мен Кенесары билігіне салыстырмалы талдау жасау, қорытынды шығару, өз көзқарасын дәлелдеу дағдыларын жетілдіру;

  • Отан тарихына құрметпен, мақтанышпен қарауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгендеу

  3. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

1.К.Қасымұлы –тарихи тұлға

2.1841ж.-К.Қасымұлы қазақтың ең соңғы ханы, Ресей империясының отарлау саясатына қарсы шыққын ең ірі ұлт-азаттық көтерілістің ұйымдастырушысы әрі қолбасшысы.

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

Көтерілістің жеңілу себептері мен таризи маңызы.

Сабаққа байланысты қосымша әдебиеттер өте көп, сондықтан бұл сабақты дөңгелек үстел сипатында, көтеріліс тарихы жөніндегі мәтін мен қазіргі зерттеу еңбектерін пайдалана отырып, дискуссия өткізген жөн. Кенесары көтеріліс жөнінде белгілі тарихшы Е.Бекмахановтың «Кенесары хан көтеріліс» деген еңбегінде толық жазылған.


Алашта талай-талай ерлер өткен,

Ерлерде Кенекеме кім бар жеткен. Мағжан Жұмабаев


1.1847жылдың басында Кенесары қырғыз жеріне басып кірді.

2.1847жылы қазіргі Тоқмаққа жақын Майтөбе (Кекілік сеңгір) деген жерде қырғыз манаптарының әскерімен шайқаста Кенесары қолы жеңіліс тапты.

3.Рүстем сұлтан мен Сыпатай бидің ұрыс қарсаңында жауынгерлерімен Кенесарыдан бөлініп кетуі қазақ жасағының жеңілісіне әсер етті.

4.Көтерілістің жеңілуінің негізгі себебі- бірқатар сұлтандар мен билердің Кенесарыны қолдамауы,Ресей империясын қолдап, Қазақ хандығын қалпына келтіруге мүдделі болмауы.


1837-1847жж. көтерілістің тарихи маңызы:

1.Патша үкіметінің қазақ жерін отар елге айналдыру үдерісін ондаған жылдарға тежеді.

2.Қазақ халқы ресей империясына қарсы ұйымдасқан күрес қажет екенін түсінді.

3.Патша үкіметіне қарулы күреске ұйымдаса алатынын дәлелдеді.

4.Қазақ халқының бостандық сүйгіш рухын көтеріп, тәуелсіздік үшін күрес жолына жұмылдыра білді.

5.Тарихи ерлік дәстүрі болашақ қазақ мемлекеттілігінің тәуелсіздігіне апаратын алғышарттарды саяси, рухани-әлеуметтік тұрғыдан дайындады.

Үйге тапсырма: эссе жазу.Кенесары-қазақ елінің тәуелсіздігі жолында жанын құрбан еткен кемеңгер тұлға.

1 тапсырма:Оқулықтағы мәтін мен Қазақстан тарихы хрестоматиясындағы материалды оқып шығып, Кенесары басқару, шаруашылықты дамыту, сауда салаларында қандай өзгерістер енгізгенін анықтаңдар.

2 тапсырма:- Кенесарының талантты қолбасшы, шебер дипломат болғанын дәлелдейтін деректер келтіріңдер.


сабақты бекіту:И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтеріліс тарихын еске түсіріп, оларды

К.Қасымұлы бастаған азаттық қозғалыспен салыстырыңдар.






И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтеріліс

К.Қасымұлы бастаған көтеріліс

Жылдары







Аумағы







Көтерліс себептері







Негізгі оқиғалары







Жеңілу себептері







Маңызы
















Үйге тапсырма: Көтерілістің жеңілу себептері мен маңызы туралы әңгімелеп беріңдер.

Бағалау:


Сабақтың тақырыбы: § 22. Ұлы жүздің Ресейге қосылуы

Сабақтың мақсаты:

  • Ұлы жүздің Ресей империясына қосылуының себептері жөнінде түсіндіріп, отаршылдық басып алудың салдарын ашып көрсету;

  • Оқушыларды топпен жұмыс істеу, басқалардың ойын тыңдау және толықтыру, сынды қабылдай білу, салыстыру және қорытынды шығару машықтарын жеьілдіру;

  • Өз халқының өткен тарихына қызығушылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсініктер

Қазақстанның Ресей империясына қосылу үрдісі, салдары мен маңызы, империя құрамындағы қазақ халқының саяси және әлеуметтік мәртебесі, орыс-қоқан қайшылығы, Ресей бодандығы.



Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау: үй тапсырмасының орындалуын тексеру және оқушылардың шығармашылық еңбегіне баға беру.

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. Ұлы жүз қазақтарының бір бөлігінің Ресей бодандығын қабылдауының себептері.

  2. Жетісу мен Оңтүстік қазақтарының Ресей бодандығын қабылдай бастауы.

  3. Орыс-қоқан қайшылығының шиеленісуі және Қоқанға қарсы соғыс қимылдарының басталуы.

  4. Сырдария әскери шебінің құрылуы және Ресейдің Орта Азия мемлекеттері аумағындағы әскери қимылдарын жалғастыру.

  5. Ресей империясының Қазақстанды отарлық басып алуының салдары.

  6. ХІХ ғ. 50-60 ж. Ресей империясынының әскері Орынбор және Омбы арқылы Ұлы жүз жеріне кіре бастады. Сырдария әскери шебі, Жетісу әскери шебі қрылды. Орта Азия мемлекеттері-Хиуаны, Қоқанды, Бұхараны бағындыруға арналған плацдарм құрылды. Ресец бодандығын қабылдаудың себептеі туралы әңгімені оқушылардың XVIII ғасырдың аяқ кезіндегі Қазақстанның саяси жағдайының ерекшеліктерімен, қазақстанның Ресей бодандығын қабылдауының себептерімен таныстырудан бастау керек:

  • Кіші және Орта жүз аумақтарының бір бөлігі XVIII ғ. аяғы мен ХІХ ғ. бас кезінде Ресей құрамына кірді немесе соның ықпалында болды;

  • Қазақ жерінің бір бөлігі Орта Азия хандықтарына бағынды.

Сабақты бекіту:

«Ұлы жүздің Ресейге қосылуы».



Жылдары

Оқиғалар

Маңызы мен салдары










Үйге тапсырма:

  1. Ресей бодандығын қабылдаудың себептері мен алғышарттары.

  2. Қазақстанға үлкен қызығушылық танытқан мемлекеттерді атаңдар. Олардың қызығу себептерін түсіндіріңдер.

8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы:

§ 23. Қазақтардың ортаазиялық хандықтар мен патша үкіметіне қарсы көтерілістері

Сабақтың мақсаты.

  • Орта Азия мемлекеттер билігінде жүрген қазақтардың жағдайы туралы әңгімелеп, көтерілістердің тарихына, жеңілуінің себептері мен маңызына тоқталу;

  • Оқуышлардың еске сақтау және шығармашылық қабілетін дамыту;

  • Өмірге жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. ХІХ ғасырдың 1-жартысында Қазақстанға ерекше назар аударған мемлекеттерді атаңдар. Олардың нащар аудару себептеріне тоқталыңдар.

  2. ХІХ ғасырдың 2-жартысында қазақстардың Ресейцге қосылу үрдісі аяқталды. Сендердің ойларыңша қазақтар не себепті өз еркімен Ресейге қосылды? Өз жауаптарыңды деректермен дәлелдеңдер.

Сонан соң оқушылардың жауабына сүйене отырып, төмендегі кестені толтыру керек:

«Қазақстанның Ресейге қосылуының маңызы мен салдары»



Тиімді жақтары

Тиімсіз жақтары







Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. Сырдария бойындағы қазақтардың Орта Азия мемлекеттеріне қарсы шығу себептері. Жанқожа батырдың Қоқан және Хиуаға қарсы іс-қимылдары

  2. Сырдария бойындағы қазақтардың патша үкіметіне қарсы баскөтерулерінің себептері. Жанқожа батырдың 1856-1857 ж. баскөтеруі. Есет батыр бастаған көтеріліс.

  3. Оңтүстік Қазақстандағы халық көтерілісінің жеңілу себептері, салдары және тарихи маңызы.

Алдымен оқушыларға сұрақтар қою арқылы ХІХ ғарысдың 2-жартысындағы Қазақстанның саяси жағдайын олардың есіне түсіру, сонан соң олардың жауаптарына сүйеніп, Ресей тарапынан қазақтар үшін әртүрлі міндеттер мен салықтар көбейе бастағаны; бір жағынан Хиуа билеушілері өзінің ықпалын күшейту үшін түрлі шапқыншылықтарды ұйымдастырып, малдары мен дүние-мүліктерін тонағаны және Ресей тарапынан қазақстардың суармалы егіншілік жақсы дамыған қоныстарын тартып алып, орнына бекіністер салуы қазақтардың патша үкіметі мен Орта Азия мемлекеттеріне бірдей қарсы шығуының негізгі себебі болғанын айту. Ол үшін мынадай пунктер бойынша сұрақтар беріледі: оқушыларға өздігінен оқуы үшін «Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістер»

1-топқа тапсырма:

«Ж.Нұрмұхамедұлының Орта Азия мемлекеттеріне қарсы көтерілісі» жәек «Ж.Нұрмұхамедұлының Ресей үкіметіне қарсы көтерілісі» деген тақырыпшаларды оқып, кестені толтырыңдар



Жылдары

Аумағы

Көтеріліс себептері

Әлеуметтік құрамы

Негізгі шайқастар

Жеңілу себептері

Салдары мен маңызы






















2-топқа тапсырма:

«Е.Көтібарұлы бастаған көтеріліс» деген тақырыпшаны оқып, төмендегі жоспар бойынша хабарлама дайындаңдар:



  • Өмір сүрген жылдары

  • Мінезіндегі қасиеттер

  • Көтерілістегі негізгі оқиғалардың хронологиясы

  • Жеңілу себептері

3-топқа тапсырма:

Деректермен жұмыс істеу. Құжаттарды оқып шыққаннан кейін Л.Мейер мен Ф. А.Г. фон Хелльвальдтың еңбектеріне сүйене отырып, төмендегі сұрақтарға жауап дайындаңдар.



  1. Көтеріліс басшыларының өмірі туралы сендер не білесіңдер?

  2. Олардың мінездерінде қандай қасиеттер бар?

  3. Көтерілістің жеңілу себептерін атаңдар.

  4. Бұл көтерілістің тврихи маңыздылығы неді?

4-топқа тапсырма: «Оқиғалар мен адамдар»

  1. Олар кімдер?...

  • Жанқожа Нұрмұхамедұлы

  • М. Тынышбаев

  • Л.Мейер

  • Есет Көтібарұлы

  1. «не, қайда, қашан?» Тиісті жауаптарын белгілеңдер.

  2. Салынған немесе басып алынған қалалар мен бекіністер:

Қоқан хандығы Хиуа хандығы

Ташкент -1808 ж. Түркістан-1814 ж.

Құртөбе-1835 ж. Ақмешіт-1818 ж.

Қожанияз, Жаңақала -1835 ж. Бабажан

Бесқала Жаңақорған, Қосқорған

Сабақты бекіту:

Параграф соңында берілген сұрақтармен жұмыс істеу.



Үйге тапсырма:

Көтеріліс тарихын оқытуға арналған №1 кестені толтырыңдар.



8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: /3 сағат/


Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет