8-тарау. Бухгалтерлік есеп нысандары



бет1/4
Дата08.02.2022
өлшемі62,56 Kb.
#123881
  1   2   3   4
Байланысты:
8-ТАРАУ. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП НЫСАНДАРЫ
Методика 147 каз, уч.практика инф(интернеттегі), @Назар Гүлжан, 2-топ, Алаш (1), 1516183189, kar-eea-0918, академиялык, 5 тапсырма, Тақ. 4. Мәдениет формалары дін, мораль, өнер-конвертирован, 11-1 Зертханалық жұмыс (1), ТАЕЫСУ ПР ОТЧЕТ, grantss, Эссе, БАӨЖ орындау (мысал ретінде) (1)

8-ТАРАУ. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП НЫСАНДАРЫ
8.1 Бухгалтерлік есеп тіркелімдері мен нысандары туралы жалпы түсінік. Есеп тіркелімдері: түрлері мен нысандары.
8.2 Тіркемелердегі бухгалтерлік жазулардағы қателерді түзету тәсілдері.
8.3 Бухгалтерлік есеп нысандары: мемориал-ордерлі, Журнал-ордерлі, жеңілдетілген, автоматтандырылған.

8.1 Бухгалтерлік есеп тіркелімдері мен нысандары туралы жалпы түсінік. Есеп тіркелімдері: түрлері мен нысандары.
Ұйымдар бухгалтериясында бастапқы құжаттарға түскен операциялардың дұрыстығы тексеріліп, бағаланған соң, әртүрлі бастапқы құжаттардағы мәліметтер жинақталып, арнайы тiркелiмдерге жазылуы керек.
Eсеп тiркелiмдерi дегенiмiз - шаруашылық құралдары мен iс-әрекеттерін тіркеу үшін пайдаланылатын кесте түрiндегi қағаз парақтары.
Тiркелiмдердiн нысандары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоксандағы №562 бұйрығымен бекітілген.
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР-ның Заңына сәйкес бухгалтерлік есепке алу тiркелiмдерi - бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесінде көрсету үшін есепке алуға қабылданған бастапқы құжаттардағы акпаратты қорытуға, жүйелеуге және жинақтауға арналған нысандар болып табылады.
Бухгалтерлік есеп тiркелiмдерi қолданылатын шоттардың нысанын тану бағытымен сай келуi тиiс. Егер бастапқы құжаттар жасауды бухгалтерлік есептің бастапқы кезеңi деп танитын болсақ, тіркелімдеу жүйесін бухгалтерлік есептiң екiншi кезеңiне жатқызуға болады. Біртекті шаруашылық операциялары мәліметтері арнайы жасалған тiркелiмдерге жазылып, жинақталады. Ал бухгалтерлік есеп тiркелiмдерiнiң деректерi топтастырылған түрде қаржылық есептiлiкке көшiрiледi.
Бухгалтерлік есепті жүргізу барысында есеп тiркелiмдерi әр түрлi нысанда болатыны белгiлi, бiрақта олардың барлығы төмендегiдей белгiлерi бойынша топтастырылады:

  • сыртқы түрi;

  • операциялардың мазмұны;

  • операцияларды жазу сипаты;

  • құрылу нысаны.

Есеп тiркелiмдерiнiң жіктелуi 8.1-суретте берiлген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет