9. Интернет ресурстары



бет1/3
Дата22.09.2023
өлшемі24,12 Kb.
#182025
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Педтех 9-10-11-12


9. Интернет ресурстары
Елімізде білім беру саласында жаңа IT технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық, коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына кешегі күнгі Жолдауында 10 міндетті атап айтты. Соның ішіндегі жетінші міндетінде «Адами капитал – жаңғыру негізі. Білім берудің жаңа сапасы.. Жоғары білім беру ісінде жасанды интеллектпен және «үлкен деректермен» жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бойынша білім алған түлектер санын көбейту керек. Оқытудың мазмұндылығы заманауи техникалық тұрғыдан қолдау көрсету арқылы үйлесімді түрде толықтырылуға тиіс. Цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты Интернетке қосу және мектептерімізді видео құрылғылармен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру қажет», делінген. Сонымен қатар цифрлық технология енгізу жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнде елімізде 3D принтер, онлайн - сауда, мобильді банкинг, цирфлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамып келеді.
Бұл мақсатқа жету үшін бүгінгі күндегі ұстаздың алдында тұрған міндет оқушыларды интернет ресурстарын пайдаланып, ақпараттық технологияның көмегімен оқыту.
Қазір «Ғасырдың мектебі мен мұғалімі қандай болу керек?» деген негізгі сұраққа жауап ізделуде. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазір заман да, қоғам да өзгерген. Бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылықтары да, идеялары да бұрынғыдан мүлде басқаша. Өйткені олар – өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар. Олай болса, бұл қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етіп отыр.
«…Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз… Ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздардың қолында»” – деп елбасымыз Н. Назарбаев айтып өтті. Сондықтан ХХІ ғасырда оқытудың Онлайн тәсілін алға қарай дамыта беруіміз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет