9 орта мектебінің 2017 жылы 27. 11-08. 12 уақыт аралығында өткізілген логопед апталығының есебі Мақсаты



бет1/11
Дата06.07.2018
өлшемі2,19 Mb.
#47829
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
9 орта мектебінің 2017 жылы 27.11-08.12 уақыт аралығында өткізілген логопед апталығының есебі

Мақсаты:

Сөйлеу тіліндегі ауызша және жазбаша сөйлеу кемшіліктерін жою, балалардың танымдық процестерін, өзіне деген сенімділікті арттыру;

Педагогтар мен ата-аналарды тығыз байланысқа тарту;

Балаларға өздерінің тілдік кемшіліктерін түзету үдерісіне белсенді қатысу үшін әрекетті дағдыны қалыптастыру;

Міндеттері:

  • Логопедтік сабақтарға, олардың қажеттігіне қызығушылық туғызу;

  • Балаларда түзетілген сөйлеуді (таза фонетикалық, дамыған лексикалық, дұрыс грамматикалық) қолдану дағдысы мен практикалық қолдана білуді қалыптастыру;

  • Әрбір баланың ауызша сөйлеуін (айту, грамматикалық құрылым, байланыстыра сөйлеу) жан-жақты дамыту және жетілдіру;

  • Педагогтарда өзінің сөйлеу қабілетін жетілдіру мен талпынуға ұмтылсын ояту;

  • Балалармен білім беру және тәрбие жұмыстарының нәтижелеріне ата-аналардың қызығушылығын арттыру.


Логопед апталығының

Жоспары

27.11 - 08.12.17ж.



р/с

Іс - шаралар

Өткізілетін уақыты. Сыныптар

Жауапты



Логопед апталығының ашылуы.

Стенд газет



27.11.2017ж

Мұғалім -логопед



Ата-аналарға арналған – ашық есік. Ата - аналар мен педагогтарға логопед жұмысының маңыздылығы, міндеті туралы презентация

28.11.2017ж

Мұғалім –логопед Хумар А Аитбай А



Мастер – класс. Бастауыш мұғалімдеріне

"Дыбыстарды дұрыс айтуға машықтандыру"



29.11.2017ж1-4 сыныптар

Мұғалім –логопед Хумар А



Тренинг: «Достық еліне саяхат»

30.11.2017ж4 сыныптар

Психолог Аитбай А



Сайыс: Біз жақсы сөйлейміз!


04.12.2017ж1- сынып

Мұғалім –логопед Хумар А



Ойын арқылы балалардың сөйлеу тілін, сөздік қорларын дамыту жолы

Сабақтың тақырыбы:  «Қыс келбеті»

05.12.2017ж1 сынып

Мұғалім –логопед Хумар А



Ашық сабақ: Тақырыбы: Тұтығу диагнозы бойынша   байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.

06.12.2017ж

1 сынып


Мұғалім –логопед Хумар А



Тренинг: Балалардағы тілкемістігін түзетудегі ата-ананың ролі

07.12.2017ж

Мұғалім –логопед Хумар А




Апталықтың жабылуы

08.12.2017ж

Мұғалім –логопед Хумар А


Логопед апталығында үш бағыт бойынша жұмыс жүргізілді:




  • Балалармен жұмыс:

Мерекенің мақсаты логопедтің басшылығымен ауызша және жазбаша сөйлеу кемшіліктерін жою жөнінде балалармен сабақ жүргізіп, балалардың танымдық процестерін, өзіне деген сенімділікті арттыру, тез шешім қабылдай білуге үйрену. Тілдің қимылын жетілдіру, тыныс алуын дамыту, саусақтардың ұсақ моторикасын дамыту.

Логопедтер мерекесіне арнап мектебімізде әр түрлі іс-шаралар өткізілді:




  1. Тренинг: « Достық еліне саяхат»

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың қарым - қатынасын нығайту. Сынып ішінде ауызбіршілікті сақтауға шақыру.



Түрі: Психологиялық тренинг (Қарым - қатынасты коррекциялау)

Қажет құрал - жабдықтар: плакат, маркер, шеңбер.



Барысы:

І. Келісім шарт.

Оқушылармен тренинг ережелерін қабылдау: мұғалімді тыңдау, белсене қатысу, өз ойын жасырмай айту, т. б,

II. Амандасу

«Шаттық шеңбері»

Көтеріліп көкке күн,

Күлімдеді маған да,



Күлімдеді саған да,

Нұрын шашып баршаға.

- Балалар ең алдымен біз «ДОС» деген кім, «ДОСТЫҚ» деген не екенін анықтап алайық. Сендер өз ойларынды айтындаршы



III. «Бірлік»

Балалар шеңбер құрып, екі жақ көршілерінің қолын ұстап тұрады. Сол қалпында, жұдырықтарын ашпай шеңбердің ортасынан өту керек.



IV. «Менің досым?»

Балалар өз достары жайында әңгімелейді.

Оқушылар айтқан ойлары тренермен бірге талқыланады.

V. «Шағын лекция»

Енді, мен сендерге Дастан деген баланың басынан кешкен мына оқиғаны айтып берейін, тыңдаңдар.

Бірде Дастан әжесіне қонаққа келді. Аулаға шықса, сол ауланың балалары ойнап жүр екен. Олармен танысқысы келген Дастан, балаларға жақын келіп:

- Салем! Мен Дастанмын. Мен сендермен ойнаймын – деді.

Қалай ойлайсыңдар, балалар ойнайды ма? Неге?

- Балалар Дастанның өз - өзіне сенімді бұйыра сөйлегенін, менсінбеген түрін ұнатпай онымен достаспады. Ренжіген бала әжесіне келді. Ал, әжесі немересіне өзінің білетін әдеп сақтау құпиясын әңгімелеп берді. «Кеудеңді көтерсең, достарыңнан айырыласың». Бұл оқиға сендердің де естеріңде болсың.



VI. « Мен қолды таңдаймын»

Қатысушылар шеңбер құрып тұрады.

Барлығы қол ұстасып, көздерін жұмып тұрады (тыныш ойналады).



«Тыңдаңыздар. Сіздер ұстап тұрған көршілеріңіздің қолдарына, оң қолыңыздағы қолға назар аударыңыз. Ол қандай? (кішкентай, нәзік, батыл, суық, т. б.) Бұл саусақтар қандай ақпаратты сізге беретінің тыңдаңыздар. Енді назарды сол қолға аударып, оны тыңдаңыздар. Енді көздеріңізді ашып, өздеріңіздің сезімдеріңіз туралы айтыңыздар, қолдарыңыз бір біріне тигенде не сездіңіздер?»

Каталог: 917CCC56B7788DEC
917CCC56B7788DEC -> Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
917CCC56B7788DEC -> Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
917CCC56B7788DEC -> Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
917CCC56B7788DEC -> 9 орта мектебінің 2015 – 2016 оқу жылының 23 қарашада болып өткен
917CCC56B7788DEC -> Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
917CCC56B7788DEC -> Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
917CCC56B7788DEC -> Қос майданның ардагері
917CCC56B7788DEC -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Ескерту Әдіс-тәсілдер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет