Дуальді кәсіби білім беру – ұлттық жүйенің өзегі 23-Сәуір, 2014 Сайт қосымшасы 1,538 рет оқылды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі451,81 Kb.
#96774
  1   2
Байланысты:
Дуальді оқыту
Педагогика НКТ, Английский язык 6 класс, Айдана баяндама, актив студио, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГІ (1), Авторская программа по технологиии откр уроуи, Бас киім ғылыми жұмыс, Көркем жобалау жүйесіндегі костюмнің пішін құру, метрология бойынша, статьялар, Жаратылыстану ашық сабақ 07.12

Дуальді кәсіби білім беру – ұлттық жүйенің өзегі
23-Сәуір, 2014 Сайт қосымшасы 1,538 рет оқылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында еліміздің болашағының бағытын түзеген, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын ұсынуы жарқын келешекке жасалған жақсы өмiрдiң тұтас жиынтығы деуге әбден болады. Демек, экономиканы дамытуда бұрынғыдай таптауырын жолмен жүре бермей, жаңа инновациялық ізденістерге бару, жаңа жетістіктер мен озық технологияларды енгізу қажеттігіне баса мән берді. Сондықтан еліміз озық индустриялы елдердің қатарынан орнықты орнын алуы үшін соңғы серпін жасалмақ.
Елбасымыз Жолдауында еліміздің келешегі – жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне ерекше назар аударуы біздің көкейіміздегі толғақты сауалдардың бірі. Елбасымыз жастардың, техникалық және кәсіптік білім алуының мемлекетпен кепілдендірілген жүйесіне көшіруді мәлім етті. Яғни алдағы 2-3 жылда дуальді техникалық кәсіби білім берудегі ұлттық жүйенің өзегі қалыптастырылмақ. Осы орайда мемлекет азаматтарының тәрбие, бiлiм және кәсiптiк даму саласын, жастар саясатын дамытуға қойылатын талаптарда жоғары болмақ. Сондықтан әлемдік тәжірибе негізінде және ұлттық дәстүрлер мен құндылықтарды ескеру арқылы білім беру бағдарламаларының ғылыми сипаты мен тереңдігін, ғылыми-зерттеу бағыттарының жан-жақтылығымен дуалдық оқыту жүйесін жаңғыртуды айқындап отыр.
Қазіргі заман сұранысына орай, жоғарғы оқу орындардың ұлттық және жалпы адамзаттық зерделік пен құндылықтарға бағдарлануы күшейді. Бұның барлығы кәсіптік білім беруде оқытудың заманауи бағдарламалары мен оқыту әдістемелерін жаңғырту , игеру және пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі.
Дуалдық оқытудың негізгі артықшылықтары ең алдымен, жас мамандардың жұмысқа орналасуының жоғары пайызын қамтамасыз ететінін жатқызуға болады. Өйткені олар жұмыс берушінің талаптарына толығымен жауап береді.

Біріншіден, дуалды білім беру процесі, ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, студенттің шығармашылық іскерлік сапаларын, коммуникативтілігін, әлеуметтенуге бейімділігін, рухани – адамгершілік, мәдениетін қалыптастырады. Сонымен қатар, болашақ мамандардың функционалдық сауаттылығы немесе құзыреттілігі қалыптасады.
Екіншіден, білім берудің негізгі мәселесін – еңбекке орналасуды шешуге мүмкіндік беретіні және кәсіпорын мен университетте оқу арқылы қажетті біліктілікке қол жеткізуі.
Осы жүйе бойынша Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті де теория мен тәжірибені ұштастыратын дуалды оқыту жүйесін енгізуді алға қойып отыр. Университетіміздің 2013-2020 жылдарға арналған стратегиялық даму бағдарламасында дуалды білім беру элементтері талаптарын қанағаттандыратын білім беру бағдарламаларын жаңартып, әлеуметтік серіктестікті дамытып, одан әрі жандандыру мақсаты қойылды.
Демек, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және инновациялық дамуын қамтамасыз ету мақсатында еңбек нарығы басқа салалармен қатар университетімізге де тікелей әсер ететіндіктен еңбек нарығы мен білім беру жүйесінің қызметтерін байланыстыру қажет.
Өйткені жаңа уақыт талабына сай – рухы биік, болашаққа зор сеніммен қарайтын, оның дамуына өзіндік үлес қосатын, халықаралық стандартқа сай, бəсекеге қабілетті, танымдық деңгейі жоғары, білімді де білікті мамандарды қажет етеді.
Басты мақсат – ұлттық және халықаралық білім беру стандарттарын есепке ала отырып, ұлттық тәрбиенің бірізділігі негізінде өз еліне адал, отансүйгіш азамат, жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыру. Дуальді техникалық кәсіби білім беру Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамы екенін Елбасы кезекті Жолдауында тағы бір айқындап берді.
Байқоңыр қаласындағы «Космос» колледжінің студенттері кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтуге мүмкіндік алды. Президенттің дуальді білім беру жүйесі туралы Жарлығына сәйкес, ғарышты қалашықтағы бизнес өкілдері бұл бастамаға қолдау танытып отыр. Дуальді білім беру жүйесі оқушыға 90 минут құр теориямен азықтанып қоймай, оқып-тоқығанын іс жүзінде игеруге мүмкіндік береді. Бұл жобаны байқоңырлық «Космос» колледжінің мамандары да қолға алды. Білім ордасы жыл сайын мемлекеттік бағдарламалардың іске асуы жолында белсенділік танытып келеді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша оқып, білім алған студенттердің алғашқы легі биыл бітірді.

http://q99.it/JpVQcKp

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңартылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында: «Дуальді кәсіптік білім беруді дамытудың маңызы зор. Бұқаралық маман кадрларының жетіспеушілігін еңсеруге мүмкіндік беретін заманауи қолданбалы біліктілік орталықтары қажет» деп, еліміздегі кәсіптік-техникалық колледждерінде дуальді оқыту әдісін енгізуді талап еткен болатын.

лбасы биылғы Жолдауында: «Қазақстан-2050» Жаңа бағытын ескере отырып, Үкіметке 2013 жылдан бастап халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді және заманауи тех­никалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді тапсырамын. Кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Көп жағынан бұл халықты еңбекпен қамту мәселесін шешіп береді» деді. Бұл бастама арқылы еліміздің кәсіптік-техникалық білім беру саласына жаңа жүйе – дуальді оқыту әдісі қосылды.


Бұл күндері облыс орталы­ғын­дағы «Химиялық-механикалық колледждің» 3-ші курсында оқи­тын 44 студент кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтуде. Студенттерге 20 мың теңге сти­пен­дия төленеді. Жауапты тәжі­ри­белі жетекшілер бекітілген. Өндірістегі оқу-тәжірибелерін бітір­ген соң, колледж түлектері өңірдегі өндірістік кәсіпорындарда жұмысқа орналаса алады. Об­лыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ба­қытжан Ілиясованың айтуын­ша, еліміздің заңнамалық құжат­тарында студенттерді кәсіп­орын­дарға өндірістік тәжіри­беге қа­былдау бойынша келісім­шарт­тың арнайы бекітілген құқықтық нұсқасы жоқ көрінеді. Яғни, елі­мізде дуальді оқыту жүйесінің жал­пы негізін құру қажет. Мем­лекет, жұмыс беруші және оқу орын­дары арасындағы талаптар, қағидаттар керек. Кәсіпорындарға студенттерді оқытқаны үшін салық­тық жеңілдіктер де қарас­ты­рылса, қанеки. Яғни, колледж түлегінен бұрын оқу орындары мен кәсіпорын басшылары жаңа­шылдыққа үйренуді – дуальді оқытудың тиімділігін қолдауды, қолға алынған қанатқақты жоба­ның шынайы жобаға айналып, қажеттілігін дәлелдеп беруді алдымен өздерінен бастаулары керек. Екіжақты жұмыс жүргізудің құқықтық негіздерін қолға алса ғана нақты жұмыс жүретіні белгілі.
– Өйткені, білім беру жүйесі күн өткен сайын алға басуда. Өнді­ріс­­ке жаңа инновациялық тех­но­ло­гиялар енгізілуде. Ал дуальді оқы­ту жүйесінің қатысушылары осы талап үдесінен шыға білуі тиіс. Оқу орындары әлеуметтік әріптестікті дамытуға ұмтылғандары маңызды, – дейді Б.Ілиясова. Яғни, колледж оқушылары тәжірибе сабақтарын өткізуі үшін өздерінде даярланатын мамандықтарға сай келетін кәсіпорындармен келісімшартқа отыруы тиіс. Мысалы, дуальді білім беру жаңа жоба жүйесінде оқып шыққан алғашқы түлектер ENRC құрамына кіретін «Қаз­хром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытында еңбек етуде. Яғни, осы жаңа жоба бойынша 21 жас зауытта ақылы тәжі­рибеден өтіп, оқуларын ары қарай өндірісте жалғастырады. Бұл жүйе студенттерге жаңа технологиялармен жұмыс жасап үйренуге, заманауи құрал-жабдықтарды пайдалануға мүмкіндік берді. Диплом жұмыстарын өндірістің басында қорғаған студенттер зауытқа жұмысқа қабылданды.
Ал, жобаның қалған қатысу­шы­лары оқуларын жоғары оқу орындарында жалғастыруда. Дуальді жүйе бойынша білім алған колледж түлегі жұмыссыз қалмайды. Өйткені, ол – дайын маман.
–Жұмыс берушілердің сұра­ныс­тарына, талаптарына сай кәсіп­тік-техникалық кадрлар даярлайтын боламыз. Екіншіден, мамандарды даярлауға кәсіпорындар да жауапкершілігін арттырады. Тәжірибе сабақтары теориялық сабақтардан көбірек болады. Бұл жүйе жастар үшін тиімді. Өйткені, ол теориялық және тәжірибелік дайындықтан өтеді. Кәсіби білім алуға мүмкіндік береді,– дейді Ақсу колледжінің директоры Федор Кисенков.
Алдағы жылдары да колледж­дегі дуальді білім беру жүйесін енгізу жалғасын табады. Ал өнді­рістері көп шоғырланған қала­ға жас білікті мамандар қажет. Зауыт хром және марга­нец кенін, ферроқорытпа өндіре­ді. Сон­дық­тан, колледжде «Электр­мен газ пісірушілер» мамандығы негіз­дерін дуальді жүйе бойынша оқыту басталды. Өткен жылы колледждің 90 студенті дуальді жүйенің арқа­сында диплом жұмыстарын «4» пен «5»-ке қорғап шықты. Сөйтіп, ферроқорытпа зауытының еңбек ұжымы 38 электрмен газ пісіруші, электр монтер, токарь, бақылау-өлшеу құралдары мен автоматика дәнекерлеушісі мамандарымен толықты.
Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында айтылғандай, кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Көп жағынан бұл халықты еңбекпен қамту мәселесін шешіп береді. Шаруашылықтың қай саласын да өздері таңдаған мамандықтарын кәсіби тұрғыдан жан-жақты игеріп, озық технология мен заманауи техника тілін меңгергендер ғана дамыта алады. Осы бағытта «Қазақтелеком» акционерлік қоғамында біраз игі шаралар іске асырылуда, мамандарды оқытуға және білімін жетілдіруге қаржы бөлініп, тұрақты бақылауда ұсталады. Соның бір көрінісі — дуальді оқыту жүйесі. Сондықтан, еліміздегі өндіріске қажетті мамандар әзірлеу деңгейін көтеру міндетін әлеуметтік серіктестік және теория мен тәжірибенің үйлесімділігі атқарады. Бұл үйлесімділік дуальды білім беру жүйесінде жан-жақты өрістей алады.
Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуальды жүйесі — кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Оның ерекшелігі сол, кәсіптік оқыту үдерісінің басым бөлігі оқу орнында емес, кәсіпорындарда өтеді. Бұл жүйе Германия, Австрия, Дания, Нидерланды, Швеция сияқты дамыған елдерде табысты жұмыс істеуде. Іс жүзінде, дуальды оқыту үлгісі— бизнестің, болашақ маман мен мемлекеттің мүдделерінің бірлестігі. Ақтөбеде осы үлгіні ұстанған




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет