XVIII ғасырдың ортасындағы Қазақстан — Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының бір бөлігі Ресейдің қол астына өтуді қабыл алғаннан кейін Ресеймен шекаралас аймақтардагы өзара қарым-қатынас қиындап, барған сайын шиеленісе түсті. Қазақ-Ресей қарама-қайшылығының негізінде жер дауы жатты. Патша укіметі Қазақстандағы жерлерді тікелей тартып алуға және қазақ-башқұрт қатынастарының шиеленісін ұшықтыра тусуге көшті.