А Интернет туралы білімдерін толықтыру барысында, электрондық почта туралы айты. Электрондық поштаның құрылысымен таныстыру. Мүмкіндіктерін айту. Элементтерімен таныстыру



Дата25.08.2017
өлшемі74,99 Kb.
#27080
түріСабақ
Сабақ жоспары:
Сабақтың тақырыбы: e-mail почта дегеніміз не?

Сабақтың мақсаты:
а) Интернет туралы білімдерін толықтыру барысында, электрондық почта туралы айты. Электрондық поштаның құрылысымен таныстыру. Мүмкіндіктерін айту. Элементтерімен таныстыру.
ә) Алған білімдерін практикада, өмірде өз бетімен қолдануға дағдыландыру. Интернеттің барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануды қалыптастыру. Есте сақтау қабілетін дамыту.

б) шапшаңдыққа, достыққа, ұйымдастырушылыққа, басқаның пікірін тыңдап, өз ойын анық жеткізуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа материалды түсіндіру.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының элементтері, түсіндірмелі - баяндау, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, саяхат жасау 
Сабаққа қолданылатын көрнекіліктер: сызбалар, проектор, 

Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, тексеру. Аудитория тазалығын бақылау. Сабаққа дайындығын қадағалау. Сабақ барысымен таныстыру. 3 топқа бөлу.

Үй тапсырмасы
3,4- тапсырма 90 бет

Жаңа материалды түсіндіру
БББ стратегиясы бойынша жұмыс жасау.
Білемін. Білгім келеді. Білгенім 

СТО технологиясы бойынша ЖЕГСО1 стратегиясын қолдану.
Таратылған мәтін.
Электрондық почта
Электрондық пошта Интернеттің аса маңызды ақпаратты ресурсі болып табылады. Электрондық коммуникациялардың жаппай көпшілік құралы болатындығына қоса, ол арқылы халықаралық компьютерлік екі ондығынан хабарлар қабылдауға не жіберуге болады.

Электрондық пошта көп жағынан кәдімгі пошта қызметіне ұқсас. Корреспонденцияны пайдаланушы өз жұмыс орнында пошта дайындау программасымен не кәдімгі мәтіндік редактормен дайындайды. Содан кейін пайдаланушы пошта жөнелту программасын шақырту керек, сол арқылы жөнелткіштік пошталық серверіне хабар жіберіледі. Ол өз кезегінде оны адресаттың пошталық серверіне жіберіледі, онда арнайы программа поштаны сұрыптаумен және ақырғы пайдаланушылардың жәшіктеріне жіберумен айналысады.

Электрондық поштаның ең елеулі ерекшелігі – оның жылдамдығы. Бірақ оны көпшілік біле бермейтін басқа да ерекшеліктері бар. Электрондық поштаның жылдамдығы телефонмен бірдей, бірақ мұнда екі жақтағы абоненттердің бірі сәтті болу қажет емес. Оған қоса мұнда хабарламаның көшірмесі жазбаша түрде жеткізілетіндіктен, оны сақтап қоюға, бірден бірнеше абонентке беруге немесе ары қарай тағы да басқаларға жеткізуге болады. Электрондық поштаның хаттан да басқа сурет, бейнелік мәлімет, дыбыс, программа т.б. ақпарат түрлерін де тасымалдай алатын айту керек.

Осылардың бәрі де жер шарының кез келген нүктесіне бірнеше минут ішінде міндетті түрде жылдам жеткізіледі. 
Электрондық пошта жүйесі үш бөліктен тұрады:
- қолданушы агенті - әрбір тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жаңасын құрастыруға мүмкіндік береді;

- тасымалдау агенті – мәліметтерді бір компьютерден екінші компьютерге жеткізеді;
- жеткізу агенті – мәліметтерді оның алушылардың пошта жәшігіне салып кетеді. 
Компьютерге пошта қызметін орнатып оны пайдалану операциялық жүйені алғаш рет компьютерге жазғанда немесе кейінен қажет болғанда қосымша жүргізуге болады.
Поштаны орнатып оның жұмыс істеуі үшін:

- ақпараттық құралдар – модем керек немесе өз пошта сервері бар жергілікті желіге қосылу қажет.
- Компьютеріңіз электрондық пошта протоколдарын сүйемелдейтін болуы тиіс, ол үшін компьютерде ТСР/ІР протоколы бұрын орнатылғандығы тексерілуі керек.

Электрондық пошта (ЭП) компьютері арқылы қашықта орналасқан абоненттерге хат түрлі басқа мәліметтер жіберумен оларды қабылдау программасы.Мәліметті сервер арқылы тез таратып қабылдауға болады.Осы себепті ЭП-ның кәдімгі поштадан артықшылығы сөзсіз.
Электрондық пошта құру барысында алдымен қай пошталық серверді пайдаланасыз соны анықтап алыңыз. Осы сервердің біреуін ашып, алдымен пошта жәшігін дайындап алуыңыз қажет, ол үшін пошталық серверді өзіңіз құратын пошта атын және жасырын сөзді енгізіп тіркеу батырмасын шертіңіз. 

Серверде пошта жәшігін құрып болған соң, Microsoft Outlook Express программасын баптауыңыз керек. Бұл программа арқылы поштаны қабылдап және жөнелтіп аласыз.

Электрондық поштаның адресі желілік компьютердің адресіне ұқсас болып келеді. 
@
Мысалы: umutker@hotbox.ru, psk_2004@mail.ru
Хаттарды әзірлеу, жөнелту және қабылдау

Электронды пошта хабарламалары бірдей пішімге ие, сондықтан, егер әрбір элементтің не үшін қажет екенін түсінсеңіз, кез келген қосымша көмегімен электронды хабарламалар жөнелтіп, қабылдай алу сіз үшін қиындық туғызбасы анық.

Электронды хабарламалардың негізгі элементтері:
Кімге: қабылдап алушының электрондық мекен жайы.
Көшірме: осы хаттың көшірмесін жөнелткіңіз келсе өзге қабылдап алушының электронды мекен жайы көрсетілетін өріс.

Жасырын көшірме: кәдімгі көшірмеден аумайды, тек бір айырмашылығы – хаттың көшірмесі өзге қабылдап алушыға жіберілгеннен адресат білмейді.
Тақырып: қабылдап алушының компьютердегі жаңа хаттар тізімінде пайда болатын сіздің хатыңызда талқыланатын мәселе

Біріктіру:тіркемелер(Сіз электронды хабарламаға сызбалық кескіндер, дыбыс, бағдарламалар мен құжаттар сияқты файлдарды тіркей аласыз).
Хат өрісі: сіз хабарламаны әзірлейтін кеңістік.

Қабылдап алған хатты оқығаннан кейін Microsoft Outlook Express бағдарламасы терезесінде жауап қайтару батырмасын басуыңызға болады. Сонда Сіздің абонентіңіздің мекен жайы өздігінен Кімге өрісіне орналасады, ал Тақырып өрісінде сіз қабылдап алған хаттың тақырыбы Re деген белгімен көрініс табады. Сіз өзіңізге ұсынылған тақырыпты қалдыруыңызға да,өзгертуіңізге де болады. Хабарламаны жазып болғаныңыздан кейін Жөнелту батырмасын басыңыз.

Өзіңізге келген хабарламаны өзге адамға жөнелту үшін Қайта жөнелту батырмасын басыңыз. Тақырып өрісінде Сізге келген хаттың тақырыбы Fw-деген белгімен қойылады,ал хабарламаларға арналған өрісте жөнелту күні туралы деректер, қабылдап алушының мекен-жайы және т.б., сонымен қатар хабарламаның өзі көрініс табады. Егер хатта біріктірілген файлдар бар болса, олар қайта жөнелтілетін хабарламаға өздігінен тіркеледі. Кімге өрісінде өзіңізге қажетті электронды мекен жайды енгізіңіз. Жөнелту батырмасы басылғаннан кейін хат Сіз көрсеткен мекен жайға қайта жөнелтіледі.


Хат жазу кезіндегі сыпайылық ережелері 
Электронды пошта – жылдам байланыс жасау құралы деген, ол қалай болса жасалсын деген сөз емес. Электронды хаттар алмасудың белгілі бір сыпайылық ережелері бар.

E-mail сыпайылық ережелері жеке хаттардың барлығына бір тәулік ішінде хатты өңдеп үлгермесеңіз:<<Рахмет, хатыңызды алдым, Сізге міндетті түрде кейінірек жауап қайтарамын >> деп жазыңыз.
Хабарламаңызға әрдайым тақырып деген сөзді кіргізіп отырыңыз. Ол электронды хатты іздеу, сұрыптау және басқа да әрекеттер жүргізілетін кілт болып табылады. Хаттың тақырыбы - тұтас хабарламаның өзегі. Сіз біреудің хатына жауап қайтарып отырып, сұхбаттың негізгі ойы өзгеріп кетсе, соған сәйкес тақырыпты да өзгертіңіз;ал ең дұрысы –жаңа мәселені талқылауды жаңа хат жасаудан бастау.

Өз несие карталарыңыздың нөмірлерін электрондық хабарлама мәтінінде жөнелтуге абай болыңыз. Электронды поштаны орта жолдан арам пиғылды адамдар ұстап алып ол мәліметтерді өз қажетіне пайдалануы мүмкін екенін ұмытпаңыз. 
Web-поштамен жұмыс істеу
Outlook Express-тен басқа да көптеген пошталық бағдарламалар бар. 
Mail.kz пошта серверін мысалға ала отырып Web - поштамен жұмыс істеу негіздерін қарастырайық. Логин мен құпия сөзді енгізу кезінде сіз өз пошталық серверіңіздің терезесін көресіз. Егер сіз құпия сөзді ұмытып қалсаңыз жүйе оны сіз тіркеуден өту кезінде көрсеткен сақтық пошта жәшігіне жібереді.

Хаттамаларды орнатып болған соң,сіз жүйеге қосылу үшін жазбаларды тіркеу атын және жасырын сөзді енгізуіңіз қажет.Жазбаларды тіркеу жолына өзіңіздің толық почта жәшігінің адресін көрсетесіз,мысалы, zhumash_83@mail.ru жасырын сөзге почта жәшігіндегі жасырын сөзін енгізу керек. 

Барлығын орындап болған соң, Готово батырмасын шертесіз.

Бұнымен поштаны баптау аяқталған жоқ.
Жазбаларды тіркеуін баптап болған соң, қайтадан сізге сол жазбаларды тіркеу терезесін қайта ашып, одан құрылған пошталық жазбаларды тіркеуін белгілеп, Свойства батырмасын шерткенде құрылған пошталық жазбаларды тіркеуінің қасиеттер терезесі ашылады. 

Оқулықпен жұмыс

1 –тапсырма 93-бет

1. Почта дегеніміз не?
2. Электрондық хаттың структурасын көрсетіңіз.
3. Электрондық почта арқылы файлдарды қалай жіберуге болады?
4. Электрондық поштаны құру барысын айтып беріңіз.
5. Электрондық адрестің схемасын көрсетіңіз.
6. Электрондық поштаға тіркелу жолын көрсетіңіз.
7. Келген хатты оқу үшін қандай әрекеттер орындаймыз.
8. поштадағы файлды қалай көшіріп аламыз?
9. логинның жазылу схемасын атаңыз.
10. пароль (жасырын сөз) не үшін қажет?
Атырау қаласының зәулім ғимараттарын осындай. Келесі сабағымызда басқа да ғимараттарымен танысамыз.

Қорытындылау.
БББ стратегиясы бойынша қорытындылау. Соңғы кестесін толтыру.
Бағалау. 
Топ башысы сабаққа қатынасқан оқушылардың бағаларын қояды.
Үйге тапсырма: 93 беттегіні түсінік айту, 95 бет 5-тапсырманы орындап,жазу
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет