А. Мырзахметов атында


ПЕРСОНАЛ МЕН ЕҢБЕК АҚЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ



бет7/13
Дата30.04.2018
өлшемі6,23 Mb.
#40344
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

ПЕРСОНАЛ МЕН ЕҢБЕК АҚЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ

БУХГАЛТЕЛІК ЕСЕБІ ЖӘНЕ АУДИТІ
УЧЕТ И АУДИТ РАСЧЕТОВ ПО ОПЛАТЕ ТРУДА ПЕРСОНАЛА
АCCOUNTING AND AUDIT OF CALCULATIONS ON PAYMENT

OF LABOUR OF PERSONNEL
Муканова А.Б., Кайыркенов Н.Е.

Абай Мырзахметов атындағы Кокшетау университеті


Аңдатпа

Елдің әлеуметті және экономикалық дамуындағы өзгерістеріне сәйкес нарықтық шаруашылықта шаруашылықтану жүйесіне ауысу жағдайында еңбекақы төлеу салалырының саясаты да және жұмыскерлердің әлеуметтік қорғауда жеке қолдауы да өзгереді. Осы саясаттың жүзеге асырылуы бойынша мемлекеттің көптеген функциялары тікелей кәсіпорынға беріледі, яғни өз еріктерімен еңбекақының мөлшері мен жүйесін, оның нәтижесін материалды ынталандыруды бекітеді.
Аннотация

Системы оплаты труда в соответствии с изменениями в экономическом развитии страны в условиях перехода к социально-рыночной и социальной защите работников политика меняется и личная поддержка соответственно. Многие функции государства по реализации этой политики, непосредственно передается предприятию, т.е. добровольно, система и размер заработной платы, стимулирование материала утверждаются ее результаты.


Annotation

In the household system of payment for labour in accordance with changes in the economic development of the country in conditions of transition to social market and social protection of workers sarasiya sallyride policy changes and personal support. Many functions of the state for the implementation of this policy, is directly passed to the enterprise, i.e. voluntarily, systems and salaries, promotion material is approved by its results.
″Қазақстан Республикасының Еңбек туралы″ заңы бойынша жұмыс берушілер мен жұмысшының құқықтары мен міндеттері қарастырылады. Соның ішінде олардың жекелеген және ұжымдық келісім-шарт жағдайында қарастырылған. Соның бірін қарастырсақ, жекелеген келісім-шарт мақсаты - екі жақты келісім. Жұмыскер бұл келісі-шартты ерікті тұлға ретінде толтыруы керек. Заң тұрғысынан міндеттілікке жүктелуі керек. “Қазақстан Республикасының еңбек туралы” заңында негізінде мұндай келісім-шарт 16 жастан жоғары болуы керек. Кез келген кәсіпорын мен ұйымдардағы жұмыстарды орындап, қызметтерді атқарып жүрген адамдарын дұрыс бағалап, олардың еңбегін дұрыс бағалап, әділ еңбекақы төлеу қай кәсіпорынның болмасын, күрделі мәселесі болып табылады [1]. Сондықтан осыған орай әр ғалымдардың пікірі былай болмақ:

Еңбекақы бойынша жасалған есеп екі бағытқа бөлінеді: өндірістік және өндірістік емес.

Біріншісіне, негізгі өндіріспен шұғылданса, екіншісі, білім-ғылым мәдени жұмыстармен айналысады. Бөлім бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерді тізімді және тізімді емес болып бөледі.

Тізімдіге жататындар: тұрақты, мерзімді, уақыттылар, ал 5 күннен кем жұмыс істейтіндерді тізімді еместерге жатқызады.

Тұрақтылар қатарына қызметкерлер, жұмысшылар, келісім-шарт бойынша жұмыс істейтіндер ал қосалқы жұмысшылар өнеркәсіп ұжымына жатпайды. Олардан қосымша көмек алу арқылы еңбекақы алатындар. Өнеркәсіп бөлімшесінің функциясына қарай екіге бөлінеді:


      1. Жұмыскерлер;

      2. Қызметкерлер.

Еңбекақы - жұмыскерлердің өзі істеген еңбегі үшін алынған түрі. Еңбекақының екі түрі болады. Негізгі және қосымша. Негізгісіне істеген уақыты үшін сағатымен, сапасына қарай тарифтік мөлшеріне ақы алады. Бөлек бағам бойынша, қосымша жұмыс бойынша, түнгі уақыт бойынша. Қосымшаға істелінбеген уақыт үшін, демалыс күндерін ерте алғанда, баланы емізгенде. Еңбекақы мөлшерін, тарифтік мөлшерін жұмыс сағатына, күніне, көбейту арқылы анықталады [2].

Еңбекақыны төлем - тапсырма ведомосте ( №Е - 49) ал, жеке тұлға шоты бойынша (№Е - 54) ал, бергенде төлем ведомосі бойынша (№Е - 53).

Сонымен қоса, нақты істеген (12 айдан кем) орта еңбек ақы бойынша төлем екі түрде жасалады.


  1. қабылданбаған демалыс үшін қосымша ақы:жұмыс күндерде = жұмыс куні үшін еңбекақы алты күндік жұмыс күнінің саны, сенбіні қоса алғанда.

  2. демалыс жәрдемақыларының төлемі: орта күндік еңбекақы = төлем кезеңі ішіндегі есептелген еңбекақы соммасы толық жұмыс істеп шыққан күндер саны.

Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы мен өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпарттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады.

Бухгалтерлік есептің ең басты бөлігінің бірі - еңбекақыны есептеу, ұйымдастыру және тарату болып табылады.

Еңбекақы дегеніміз - еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім-шартында және қызмет нұсқауында белгіленген көлеміне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшін алынады. Сыйақыларды жазу үшін басқару аппараттарының басшы қызметтеріне статистикалық есептің деректері, жедел есептің деректері негіз болып табылады. Моральдік факторлар ескеріледі. Бұл кез келген кәсіпорын мен ұйымдардағы жұмыстарды орындап, қызметтерді атқарып жүрген адамдардың еңбегін дұрыс бағалап олардың сіңірген еңбегіне қарай әділ еңбекақы төлеу, қай кәсіпорынның болмасын күрделі мәселесінің бірі. Белгілі уақыттағы ұйымның жұмысшылары мен қызметкерлерінің тізімдегі орташа санын анықтау үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің күнделікті сандық есебін жүргізу, еңбекақы есебін маңызды элементі болып табылады. Еңбектің күрделілігіне, мамандық дәрежесіне қарай еңбекақы төленеді. Маңызды элементінің бірі тиісті еңбекақымен қатар қосымша төлемдер жүргізіледі. Сол қосымша ақылар құрамына жас өспірімдерге еңбекақы төлеу. Әрине, белгіленген заңға сәйкес қысқартылған жұмыс күніне байланысты еңбекақы төленеді. Ең маңыздысы күндізгі ақыға қарағанда тарифтік мөлшері жоғары болады [3].

Еңбек пен еңбекақы есебінің негізгі міндеттері - өндірілетін өнімдер мен істелінетін жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленетін еңбекақы мөлшерін дұрыс бағалау. Еңбек өнімділігін дұрыс бағалау. Жұмсалған еңбектің саны мен сапасын бақылау. Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін еңбекақы қорынан, қоғамдық тұтыну қорынан және тағы басқа қорлардан бөлінетін қаржыларды бақылау.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуді тексерудің негізгі міндеті - еңбекақы төлеуде нормативтік-құқықтық актілердің сақталуын бақылау, жалақыдан ұстап қалу мен еңбекақы төлеуде бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыстығын тексету болып табылады. Жұмысшылар мен қызметкерлермен уақытылы дұрыс есеп айырысу. Өндіріске жедел басшылық жасау тиісті мәліметтер алу. Еңбек және еңбекақы жайлы статистикалық және бухгалтерлік қорытынды есепті беру.

Қазақстандағы экономикалық бақылау нарықтық экономиканың маңызды элементтерінің біріне айналып отыр. Басқарудың барлық жүйесі мен деңгейлерін қажетті ақпараттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа бақылаушы мемлекеттік емес органдар пайда болды және әрекет етіп жүр.

Соңғы жылдары елімізде тәуелсіз аудиторлық бақылау жүйесін құру, аудитор кадрларын дайындау және олардың қызметін лицензиялау, қабылданған жекеленген заң актілеріне сай аудитордың кәсіби міндетін, құқықтары мен жауапкершіліктерін реттеу жөнінде көптеген жұмыстар жүргізіліді.

Аудиттің ақпараттық негізі бухгалтерлік есеп болып табылатындықтан ұйымдарды тексеретін аудиторлар бухгалтерлік есептеме нақтылығымен олардың аудиторлық дәлелдерін және өндірісті жетілдіру мақсатындағы шығындарды, қаржыларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, жобаларды бизнес жоспарлармен жоспарларды жасау үшін дәйекті ақпараттар алу және қызмет процесін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында басқа іс-шараларды іске асыру үшін тексерудің арнаулы әдістерімен тәсілдерін қолдана білуі керек. Қолданылатын әдіс, тәсілдері бойынша жалпы еңбекақының жүйелік тәсілдері көп. Тариф жүйесінің кестесі, мөлшері мамандық анықтамасына бөлінетіннен байқадық. Тарифтік кесте еңбекақы жұмыстарының түріне қарап екіге бөлінеді. Халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы ұйымдарда өндіріс түрлеріне байланысты еңбек және еңбекақы мөлшерінің есебін қолдануға сәкес өнім өндіру есебінің әртүрлі тәсілі бар. Әрбір операция бойынша өндіріс түріне қарай оның өзі түгендеу болып табылады.

Ұйымдағы еңбекақының жағдайы бойынша Қ.К. Кеулімжаевтың көзқарасы мынадай: көптеген халық үшін еңбекақы кірістің қайнар көзі болып табылады. Оның мөлшерінің абсалютті немесе біртектілігіне қарай кез келген мемлекеттің өмір сүру деңгейіне тәуелді болып табылады. Сондықтан еңбекақыға байланысты оның деңгейі, өмір сүру деңгейі, белгіленген уақыт аралығына белгіленген ақы еңбекақы формалары және тағы басқалары жатады. Жұмыс берушілер мен жұмысшылар үшін қарастырылатын сұрақтарының бірі болып табылады. Еңбекақыға байланысты жағдайларды қарастырғанда ең алдымен еңбекақы мөлшерін анықтау, яғни ең алдымен еңбек шығынын қысқарту, сол уақытта жұмыскерлер ұйым кірісін жоғарлатуға қызығушылығын білдіреді [4].

Еңбекақыны ұйымдастыру - еңбек ұйымының ажырамас бір бөлігі. Сондықтан еңбекті ұйымдастыру еңбек ақының негізгі қалаушы элементтерінің бір бөлігі. Басқа сөзбен айтқанда, еңбекақы құрлымы мен оның деңгейі еңбекті ұйымдастырудың құрлымына сәйкес келуі керек. Кәсіпорын ұйымдық құрлымының бірінші бөлшегі еңбек кәсіпорыны. Кәсіпорынның өзінің сатылары мен маңыздылығына нарықтағы жағдайларына қарай бөлімдерге бөлу керек. Себебі өз қажетіне қарай олар өз мақсаты мен көздеген жағдайларды анықтау керек. Ең тиімдісі ұйымдық құрлымға оның мәселесін шешу тәсілі ұзақ мерзімді стратегия. Яғни олар маңыздылығы мен қысқа мерзімді тактикалық жоспарды кәсіпорын стратегиялық мақсатты жүзеге асыруға жәрдемдеседі.


ӘДЕБИЕТ

  1. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі. (21.07.2015 ж. өзгертулер мен толықтырулар).

  2. Сейдахметова Ф.С. «Қазіргі бухгалтерлік есеп». Оқу құралы. - Алматы: «LEM», 2014. - 548 б.

  3. Кабылова Н.К., Доспалинова Ш.А., Оразалинов Е.Н. «Бухгалтерлік есеп негіздері». Оқулық. - Астана: Фолиант, 2006. - 316 б.

  4. Қ.К. Кеулімжаев Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері: оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2006. - 384 б.



ӘӨК 657.471.6
ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЕСЕБІ ЖӘНЕ ӨНІМНІҢ

ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ
УЧЕТ ЗАТРАТ НА ПРОИЗВОДСТВО И АНАЛИЗ СЕБЕСТОИМОСТИ ПРОДУКЦИИ
THE ACCOUNT OF EXPENSES FOR PRODUCTION AND ANALYSIS

OF PRODUCTION COSTS
Муканова А.Б., Аманжол Б.Б.

Абай Мырзахметов атындағы Кокшетау университеті


Аңдатпа

Қазіргі таңда өндіріс шығындары кәсіпорынның жұмыс жасауына тікелей ықпал етеді. Нарықта өнім бағасы сұраным мен ұсынымның өзара байланысының нәтижесі болып табылады және кәсіпорынның табысы өндіріс шығындарына тәуелді. Кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштерінің бірі өнімнің өзіндік құны бола отырып, ол өндірістегі өнім өткізілуінің ақшалай нысандағы шығындар жиынтығын құрайды және барлық өндіріс тиімділігін анықтайды.
Аннотация

В настоящее время функционирование предприятия непосредственно влияет на издержки производства. Цена на рынке является результатом взаимодействия спроса и предложения продукции предприятия, поэтому издержки производства зависят от доходов. Являясь одним из основных показателей деятельности предприятия, себестоимости продукции, производстве продукции и эффективности производства определяет совокупность затрат в денежной форме.
Annotation

Currently, the operation of a business directly affects production costs. The market price is the result of interaction of supply and demand of products of the enterprise, therefore, production costs depend on income. Being one of the main indicators of enterprise activity, production costs, production and efficiency of production determines the total costs in cash.
Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындарын өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.

Кәсіпорынның өндірістік шешімдері нарық жағдайлары мен шығындар арқылы анықталады. Өнім көлемінің өзгеруі фирмалардың ұсынатын тауарлардың мөлшері және оның бағасымен байланысты. Өндірістің шығындары бухгалтерлік және экономикалық шығындар болып бөлінеді [1].

Бухгалтерлік шығындар бұл өнімнің өзіндік құнының құрамына кіретін нақты шығындар. Бұлар шикізат, материалдар, жалақы, амортизация, салықтар және т.б.

Экономикалық шығындарға барлық шығындар жатады. Соның ішінде кәсіпорынның (фирма) өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланбағандағы айқынсыз шығындар. Сонымен экономикалық шығындар - бухгалерлік және балама шығындардан тұрады.

Кәсіпорын табысы 2 түрлі көрсеткішке тәуелді болады: өнім бағасы және оның өндірісіне шығындар. Нарықтағы өнім бағасы сұраным мен ұсыным өзара байланысының нәтижесі болып табылады. Нарықтық баға қалыптастыру заңдарының әсерінен еркін бәсеке жағдайында өндіруші немесе тұтынушы қалауына сәйкес жоғары немесе төмен болмайды, ол автоматтты түрде орнатылады. Өнім өндірісіне шығындар-өндіріс шығындары басқа. Олар тұтынылатын еңбектік немесе материалдық ресурстар көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің ұйымдастырылуына және басқа факторларға байланысты өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Сәйкесінше, өндіруші шығындарды азайтудың көптеген көздерін қарастырады, ол оны өзінің тиімді басқару қабілетімен жүзеге асыра алады [2].

Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық тадау болып табылады.

Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған, өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі. Осылайша, өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді.

Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.Сонымен, кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып өнімнің өзіндік құн болып саналады, ол өндірістегі өнім өткізілуінің ақшалай нысандағы шығындар жиынтығын құрайды және барлық өндіріс тиімділігін анықтайды.

Өзіндік құнның экономикалық міндеті-жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның негізінде өндірістің барлық элементтерін қайта өндіру: өндірістік қорлар және жұмыс күші. Осы жерде кәсіпорынның өзіндік құнның негзгі элементі болып амортизация, яғни шығындалған материалдық ресурстар құны, еңбекақы-ол шығындардың бөлімдері болып табылады. Сонымен қатар кәсіпорын да басқа да шығындарды жүзеге асырады: өз жұмысшыларына сыйақылар төлейді, банк несиелеріне пайыз төлейді, әлеуметтік объектілерді ұстайды, бюджеттік емес қорларға аудрымдар жүргізеді-бұл шығыстар кәсіпорынның қосымша шығыстарын құрайды.

Шығындар жиынтығы пайда көлемін анықтайды, олардың көбейуі 2 түрлі факторға байланысты болады: бағаның өсуі және өнімнің өзіндік құнының төмендеуі. Соңғысы тиімдірек болып табылады. Өнімнің өзіндік құны - синтетикалық, кәсіпорын қызметінің барлық жағын бірлікте және өзарабайланыста сипаттайтын жалпылама көрсеткіш болып табылады. Ол кәсіпорынның өндірістік - шаруашылық қызметінің сапалы көрсеткіші. Оның деңгейі мен динамикасы бойынша өндірістің басқару, жоспарлау, еңбек пен еңбекақының ұйымдастырылуы, техника мен технология деңгейін анықтауға болады. Өзіндік құнның мағынасы сонымен қатар оның атқаратын қызметтерімен де анықталады:


  1. Өзіндік құнда өндірістің қоғамдық шығындарының 5/4 бөлігі шоғырланады. Сондықтан да өнімнің өзіндік құны арқылы өндіріс құралдарының жұмсалуы қамтамасыз етіледі.

  2. Өзіндік құн көтерме бағаны қалыптастыру базасы болып табылады, оның есептемей бағақалыптастыру мүмкін болмайды.

  3. Өзіндік құн негізінде табыс, жеке бұйымдардың рентабельділігі, яғни олардың өндіру мақсаттылығы.

Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар 2 түрлі негізгі белгілер бойынша жіктеледі:

  1. Шығындардың алғашқы элементтері бойынша;

  2. Пайда болу және бағытталу сипаттамасы бойынша.

Калькуляция баптарының тізімін және олардың құрамын, бөлу әдістерін өнім түрлері, жұмыс және қызмет көрсету бойынша салалық әдістемелік нұсқамасының есептік жоспарлау сұрақтары және өнімнің & калькуляциясы өндірістің құрылымы мен есептік сипатына байланысты анықталады [2].

Өнеркәсіптік кәсіпорындарда келесідей өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың негізгі әдістері қолданылады: Тікелей есептік; Нормативтік; Есептік-талдау; Параметрлік. Ең қарапайым және ең дәл - тікелей есеп әдісі болып табылады. Сонымен қатар бұл әдісте өнімнің бірлігінің өзіндік құнын анықтауда жалпы шығын сомасын дайын өнім көлеміне бөледі. Бұл әдісті қолдану біртекті өнімді өндіретін кәсіпорындарда ғана мүмкін болады, осыған байланысты бұл әдіс шектелген түрде қолданады. Сонымен бірге ол калькуляцияның жеке баптарында шығындар туралы мәлімет көрсете алмайды.

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауның нормативтік әдісі кәсіпорындарда қолданылады, белгілі бір өнім бірлігінің өндірісіне нақты ресурс шығындарының өзгеру есебі нақты дәл көрсетілген. Ол материалдық, еңбектік, қаржылық ресурстарды нормалық және нормативтік пайдалануға негізелген. Сонымен қатар осы ресурстарды нормалық және нормативтік пайдалану прогресивті және ғылыми негізделуі керек. Олардың көлемін жүйелі түрде қарастырылуы қажет.

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауның ең дәл және жетілген әдісі есептік-талдау тәсілі. Сонымен бірге әдісте өндіріс адайын жн-жақты талдау және онда мүмкін болатын өзгерістерді талдау және өнімнің өзіндік құнына әсер ететін факторлар қарастырылады. Норма және нормативтер негізінде жобаланатын кезеңдегі техника-экономикалық және ұйымдық шарт қалыптасады.

Бір типті, бірақ сапасы жағынан әртүрлі бұйымдарды калькуляциялау кезінде параметрлік әдісі қолданылады. Ол өнімнің сапалық сипатына байланысты өндіріс шығындарының өзгеру заңдылығын бекітуге негізделген. Осылайша, бұйымның өзіндік құнын матералдар мен құрал-жабдықтардың бір килограммдық, бір тонналық құны негізінде анықталады. Берілген өнімге тән басқада көрсеткіштер қолданылуы мүмкін. Осы әдіс бойынша өнімнің сапасын жақсартатын қосымша шығындарды анықтауға болады [3].

Қазіргі нарықтық экономикаға өту жағдайында көптеген шағын және орта кәсіпорындарда калькуляция баптардың қысқартылған номенклатурасын қолданады, олар өзіне мыналарды қосады:материалды шығындар (шикізат, материалдар, жанармай және технологиялық мақсатта қолданылатын энергия); еңбекақыға шығындар (тікелей шығындар); басқада тікелей шығындар; өндірісті басқару және қызмет ету шығындары.
ӘДЕБИЕТ

  1. Радостовец В.К. Кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп. - Алматы: Экономика, 2006. - 369 б.

  2. Тажибаев Т.М. Халықаралық стандарттарға сәйкес қаржылық есепті жүргізу: Оқулық. - Алматы: Экономика, 2012. - 310 б.

  3. Керимов В.З., Епифанов А.А., Селиванов П.В., Крятов М.С. Өндірістік қызметтегі басқару есебі: оқу құралы. - М.: 2008 №250 б.


ӘӨК 622.
БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНС ЖӘНЕ ОНЫҢ КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДАҒЫ РӨЛІ
БУХГАЛТЕРСКИЙ БАЛАНС И ЕГО РОЛЬ В УПРАВЛЕНИИ ПРЕДПРИЯТИЕМ
BALANCE SHEET AND ITS ROLE IN ENTERPRISE MANAGEMENT
Муканова А.Б., Ергазиева С.Ж.

Абай Мырзахметов атындағы Кокшетау университеті


Аңдатпа

Кәсіпорынды басқару қызметінде сауатты жасалған бухгалтерлік баланс маңызды рөл атқарады. Бүгінгі күні жасалған бухгалтерлік баланс толығымен ХҚЕС талаптарына сай, сондықтан Қазақстан Республикасының кәсіпорындарын әлемдік нарыққа шығаруға мүмкіндік береді.
Аннотация

В управлении деятельности предприятия грамотно составленный бухгалтерский баланс занимает важную роль. На сегодняшний день составления бухгалтерского баланса полностью соответствует требованием МСФО, что позволяет вывести предприятие Казахстана на мировой рынок.
Annotation

In the management activities of the enterprise well-composed balance sheet plays an important role. To date the balance is fully consistent with the requirement of IFRS, which allows us to derive the enterprise of Kazakhstan to the world market.
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің 3.09.1994 ж. №10 – 4 / 1143 хатына сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар меншік нысаны мен қызметінің түрлеріне қарамастан тоқсан сайын есепті кезең аяқталған бойда 30 күннен кешіктірмей бухгалтерлік балансты жасайды.

Баланстық бап бухгалтерлік баланстың негізгі элементі болып табылады. Ол мүліктердің, міндеттемелердің түріне (атауына), мүліктердің қалыптасу көздеріне сәйкес келеді. Кәсіпорын мүлкінің жекелеген түрлерін, оның пайда болу көздерін, міндеттемелерін сипаттайтын баланс активі мен пассивінің көрсеткіші бухгалтерлік баланстың бабы деп аталады. Бухгалтерлік балансты жасаған кездебұл баптар топқа, топтар бөлімдерге бірігеді

Бухгалтерлік баланстың мәні оны белгілеу, тағайындау арқылы білінеді. Бір жағынан ол бухгалтерлік есеп әдісін бір бөлегі болып табылса, екінші жағынан ол кезеңдік және жылдық есеп беру формасы болып табылады [1].

Бухгалтерлік есеп әдісінің екі жақты белгіленгендіктен бухгалтерлік балансы үшін ғана тән сипат. Бухгалтерлік баланстың екі жақты сипатта болуы қарама-қарсылықтар бірлігі заңының мәні ғана емес, сонымен бірге ол кәсіпорынның қаржылық жағдайының бағасын анықтау үшін негіз болады. Объектінің экономикалық мәнін жетерлі дәрежеде түсіну мақсатында болыстың құрамдық-оның жеке статьялары мен топтарға бөлінуі бейнеленген. Потенциалды инвесторлар мен кредиторлар бухгалтер балансының актив және пассивтердегі топтар мен кіші топтар арасындағы қатынастарға және оның мағынасына үйренеді және баға береді. Сонымен, диплом жұмысының бірінші тарауында қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен оның халық шаруашылығының дамуындағы маңызы айтылады. Сонымен бірге бұл тарауда есеп беру мәліметтері кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, шаруашылық қызметті талдау үшін пайдаланатындығы туралы айтылады [2].

Сонымен бухгалтерлік балансты оқи алу төмендегідей мүмкіндіктерге ие болуға жағдай жасайды.

Кәсіпорын туралы жиі көлемде ақпарат алады.

Кәсіпорынның меншікті айналымы қаржыларымен қамтамасыз ету дәрежесін анықтайды.
Айналмалы қаржылардың көлемі есепшоттың қай статьялары есебінен өзгеріске ұшырағанын анықтайды.

Талдау көрсеткіштерін есептемей-ақ кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайы анықталынады.

№2 “Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептің негізгі көрсеткіштерін ашып көрсету” (2 БЕС); “Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру” (3 БЕС) және “Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру” (4 БЕС) арқылы жүзеге асады.

Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы ҚР-ның заңының 16 бабы бойынша №30 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы және меншік нысанына тәуелсіз заңды тұлға болып табылатын барлық кәсіпорындар мен ұйымдар бухгалтерлік балансты жасайды. Бухгалтерлік баланс бес бөлімнен тұрады. Бухгалтерлік баланс екі бөлікке бөлінеді: актив және пассив. Баланстағы әрбір айдындама баланс бабы деп аталады. Баланстың екі түрлі жағы - актив пен пассив болғандықтан баланс баптары активтік және пассивтік болуы мүмкін. Реттеуші баптардан тұратын баланс екі түрде болуы мүмкін: 1 тура реттейтін баптар 2. контрарлық баптар Тура реттелетін баптар -баланстың негізгі бабына қосымша болып табылады. Контрарлық баптар негізгі баптардың шамасын азайтуды көрсетеді және баланста минус (-) таңбасымен көрсетеді. Реттеуші баптардан тұратын бухгалтерлік баланс - баланс-брутто (итальян сөзі brutto-таза емес) реттеуші баптарсыз баланс-нетто (итальян сөзі netto-таза) деп аталады [3].

Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау - кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсалютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мумкіндік береді.

Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және топтарын талдау, олардың тиімді таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.

Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірбиеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі.

Отандық есептік-аналитикалық тәжірбиеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсірінен болатыны күмәнсіз.

Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау - кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсалютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мумкіндік береді [4].

Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және топтарын талдау, олардың тиімді таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.
ӘДЕБИЕТ


    1. Нурсеитов Э.О. «Қазақстандағы ХҚЕС принциптері». Алматы: Lem, 2006. - 240 б.

    2. Сейдахметова Ф.С. «Қазіргі бухгалтерлік есеп». Оқу құралы.- Алматы: «LEM», 2014. - 548 б.

  1. Кабылова Н.К., Доспалинова Ш.А., Оразалинов Е.Н. «Бухгалтерлік есеп негіздері». Оқулық. - Астана: Фолиант, 2006. - 316 б.

  2. Ержанов М.С., Нурумов А.А. Қазақстандық кәсіпорындардың қаржылық есептілігі: оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2007. - 180 б.


УДК 336.741.236.5(574)
СБЕРЕЖЕНИЯ НАСЕЛЕНИЯ КАК ИСТОЧНИК

БАНКОВСКИХ РЕСУРСОВ
ХАЛЫҚ ЖИНАҚТАРЫ БАНК РЕСУРСТАРДЫҢ КӨЗІ РЕТІНДЕ
HOUSEHOLD SAVINGS AS THE SOURCE OF BANK RESOUERCES
Тобылов К.Т. - к.э.н., Шарипов М.К.

Кокшетауский университет им. Абая Мырзахметова
Аннотация

В данной статье рассматриваются основы и состояние сбережений населения в Казахстане.
Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстандағы халық жинағынығының негіздерімен жаңдайы қарастырылады.
Annotation

In this article considering the basics and situation of household savings in Kazakhstan.
Кризисные явления 1998 г., 2008 г. и др., а также происходящие на современном этапе свидетельствует о том, что экономика нашего государства стала остро нуждаться в источниках финансирования. В связи с наличием внешних и внутренних долгов, из-за всеобщего недоверия западных инвесторов власти, банковский и корпоративный сектор вновь обращаются к проверенному источнику - сбережениям населения.

Сбережения - это денежные средства, которые откладываются населением на будущее. Они образуются из-за разницы между доходами и текущими расходами, т.е. совокупность денежных средств которые остались востребованными при подсчете за определенный период [1].

Если рассматривать факторы сбережений, то основным фактором, определяющим величину сбережений в домохозяйствах, является уровень доходов после уплаты налогов. Но, как и при анализе спроса, в теории сбережений существуют факторы не связанные с доходом:



  1. богатство;

  2. уровень цен;

  3. ожидания;

  4. потребительская задолженность;

  5. налогообложение.

Фактор богатства характеризуется тем, что, чем больше величина накоплений в домохозяйствах, тем меньше величина сбережений при любом уровне дохода. Под богатством понимается как недвижимое имущество, так и финансовые активы, которыми обладает домохозяйство Ожидания населения, связанные с будущей ситуацией на рынках товаров и услуг, тоже являются существенным фактором, так как могут оказать воздействие на текущие расходы и сбережения [1].

Изменения в налогообложении также приводят к изменению в уровне сбережений, так как налоги выплачиваются частично за счет потребления и частично за счет сбережения. Поэтому рост налогов приведет к снижению уровня сбережений. И наоборот, доля дохода, полученная от снижения налогов, будет частично идти на сбережения населения, вызывая, таким образом, увеличение общего уровня сбережений.



В финансовой теории под инвестициями понимают приобретение реальных или финансовых активов, т.е. это сегодняшние затраты, целью которых является получение будущих выгод. Более точно, инвестиции - это обмен определенной сегодняшней стоимости на возможно неопределенную, будущую стоимость. В роли инвестиционных ресурсов экономики страны могут и должны выступать сбережения населения. Основная цель - это привлечение населения к вложению своих денег в экономику страны. Население имеет свободные денежные средства, но опасается вкладывать их в экономику страны, предпочитая инвестированию хранение денег под матрасами «на черный день». Источниками инвестирования свободных денежных сбережений населения являются:

  1. банковский депозит;

  2. собственный бизнес;

  3. инвестирование в финансовые рынки;

  4. покупка ЦБ;

  5. покупка инвестиционных паев.

До кризисных явлений банковский депозит был самым распространенным способом инвестирования среди населения, самым простым, надежным и, естественно, одним из самых низкодоходных. Банки вынуждены были поднимать ставки по депозитам, отменять штрафы за досрочное снятие средств и сокращать минимальное время вклада. В 2010 году, номинальные ставки по банковским депозитам были не выше 10% в тенге и 4 - 5% в валюте. Для того чтобы понять, много это или мало, стоит обратиться к официальным показателям инфляции в августе: для еврозоны это 1,6%, для США - 1,1%, для Казахстана - 4,6%, причем, как известно, реальные показатели инфляции часто отличаются от официально заявленных в большую сторону. Банк - маленький стабильный доход (а чаще его отсутствие, если учитывать инфляцию), маленький риск, никаких сложностей, хорош для накопления (но не роста) капитала. Начальный объем депозита невысок.

Работа банков по большей части заключается в привлечении денег населения. Так, основным показателем работы банка является именно депозитный портфель. Т.е. величина свободных средств, находящихся в обороте, связана с возможностью осуществлять активные операции и получать доход. Для привлечения денежных средств банки используют различные условия вкладов [2].

В зависимости от того, на каких условиях банк осуществляет привлечение средств населения, вклады имеют различные сроки и проценты:

- До востребования - деньги вкладчика возвращаются по первому требованию. Так как определенного срока нет, ставка по такому вкладу будет не большая.

- Срочный вклад - существует определенный период (1, 3, 6 месяцев, 1 год). Для получения всех процентов, вклад следует не снимать в течении всего времени. Либо деньги будут возвращены с низким процентом.

- Сберегательный - запрещено пополнение и снятие денег по частям.

- Накопительный - разрешается пополнение вложенной суммы.

- Расчетный (универсальный) - вкладчик может контролировать свои денежные средства (приходные и расходные операции).

- Выигрышный - процент не начисляется, а разыгрывается между клиентами данного вида вклада и т.д.

Динамика срочных и условных вкладов физических лиц в Казахстане представлена на рисунке 1.

За период апрель 2011 г. - апрель 2015 г. величина срочных и условных вкладов физических лиц в Казахстане выросла на 1,8 трлн. тенге, что является положительной динамикой и характеризует работу банков в данной области как достаточно успешную - 1,9 раз за 4 года [3].

Динамика срочных и условных вкладов физических лиц в разрезе регионов Казахстана представлена на рисунке 2.



Рисунок 1. Динамика срочных и условных вкладов физических лиц в Казахстане,

трлн. тенге


Концентрация банковских сбережений населения смещается из финансового центра в регионы. За год (апрель 2015-2014) доля Алматы снизилась на 2%, до 49%. Среди областей лидирует по депозитам Карагандинская - 6,1% от РК, против 5,9% годом ранее.

В Карагандинской области портфель срочных и условных вкладов населения составил 231,4 млрд. тенге. Это более 6% от РК. На втором месте среди областей по объему вкладов Восточно-Казахстанская область (177,7 млрд. тенге), на третьем - Южно-Казахстанская (131 млрд. тенге).

Лидируют по объему депозитов физических лиц по-прежнему мегаполисы, однако южная столица теряет концентрацию. Теперь г. Алматы занимает лишь 49,3% от РК. Только за апрель объем срочных и условных вкладов в г. Алматы снизился на 11,2 млрд. тенге, до 1,88 трлн. г. Астана, наоборот, в приросте - плюс 18,3 млрд. тенге за апрель, плюс 49,3 млрд. - за год (апрель 2015-2014).

За 5 лет с апреля 2011 банковские сбережения населения Казахстана увеличились почти в 2 раза. Мегаполисы нарастили за апрель 2015-2011 объем депозитов в 1,9 раз, области-лидеры апреля текущего года Карагандинская и ВКО - в 1,8 раз, ЮКО - в 2,7 раза.



Рисунок 2. Динамика срочных и условных вкладов физических лиц в разрезе регионов

Казахстана, трлн. тенге

В месячном разрезе (апрель к марту 2015) лидеры прироста - Костанайская (на 2,2 млрд. тенге, до 119,5 млрд.), Атырауская (на 1,6 млрд. тенге, до 92,8 млрд.) и Карагандинская (на 1,4 млрд. тенге) области. В целом по РК апрельский прирост составил 12,2 млрд. тенге, в плюсе - 10 регионов.
Самые дисциплинированные банковские вкладчики среди жителей областей - в Карагандинской области. На одного проживающего в регионе приходится 167,7 тыс. тенге депозитов (в то же время по средней заработной плате регион лишь на 6-м месте по РК) [4].

На втором месте по областям - Атырауская (158,8 тыс. тенге на жителя). В нефтяном регионе высокий уровень депозитов на человека коррелирует с одной из наиболее высоких по стране средних заработных плат. На третьем месте - Павлодарская область (158,7 тыс. тенге).



В целом по РК самый высокий уровень сбережений на человека остается в мегаполисах [5] (Рисунок 3).

Рисунок 3. Объем срочных и условных вкладов на 1 человека в разрезе регионов

Казахстана, тыс. тенге


Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет