А Неліктен бұл құжат «нормативті» деп аталады?



Дата13.09.2020
өлшемі15,8 Kb.
#78438
Байланысты:
Шаттык


«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары». Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы.

а) Неліктен бұл құжат «нормативті» деп аталады?

Нормативті құжат- құқықтық нормаларды белгілейтін, мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған жазбаша ресми құжат болып табылады. Қандай да бір нормаларды мазмұндайтын белгілі бір стандартқа сай құжат.

Нормативті құжаттарға:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31  қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (15.08.2017 ж. берілген өзгерістері мен толықтыруларымен).

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30  қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген, Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығымен бекілген, Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидалары (28.01.2016 ж. өзгерістер және толықтырулармен).

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30  қазандағы №595 бұйрығымен бекітілген, Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 науырыздағы № 137 бұйрығымен бекітілген, Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйыммдастыру қағидалары (05.06.2019 ж. өзгерістер және толықтыруларымен).

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31  қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын (14.06.2019 ж. өзгерістер және толықтыруларлармен).

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығымен бекітілген Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары (31.10.2018 ж. өзгерістер және толықтыруларлармен).



b) 2012 жылғы ҚР МЖМББС «Білім мазмұнына қойылатын талаптар» тарауын салыстырыңыз

19,20 және 21 тармақтары: (2018 ҚР МЖМББС)

19. Білім алушыларға үй тапсырмасы олардың орындау мүмкіндіктері ескеріле отырып беріледі. 2-сыныпта 50 минуттан, ал 3-4 сыныптар 1 сағат 50минуттан (астрономиялық сағат) аспайды.

21. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау формативті және жиынтық бағалау нысанында жүзеге асырылады.

39 – тармақ б-ша:

39. «Жаратылыстану» пәнінің мазмұны «Адам-Табиғат» жүйесі шеңберіндегі ғылыми білімнің қарапайым деңгейін түзетуі тиіс. «Жаратылыстану» оқу пәні – білім берудің кейінгі деңгейлерінде дербес пән ретінде оқытылатын «Биология», «Физика», «География», «Химия» оқу пәндерін оқып-меңгеруге жол бастайтын , сондай-ақ білімнің барлық салаларындағы маңызды орын алатын зерттеу дағдыларының іргетасын қалайды.



Жалпы көптеген тарауларға өзгеріс енгізудің себебі, заман ағымына сай қажеттіліктердің туындауы деп ойлаймын. Ол оқушылар үшін де, мұғалімдер үшін де тиімді болуы тиіс.

с)Өзіңіздің байқауыңызға сүйене отырып, мұғалімге неге нормативтік құжаттарды білу қажет екендігі туралы қорытынды жасаңыз?

Себебі, нормативтік құжаттар ресми құжат болып табылады. Бұл құжаттардың ішінде білім беру саласын дамыту үшін өзгерістер енгізіліп отырады. Білім беруде жетекші рөл атқаратын ұстаздарт болып табылады. Ұстаздарт балаларға білім нәрін сіңіреді. Осы білімді бере отырып біз мемлекетіміздің болашағын біздің қазіргі жастарға сеніп бере алатындай білім беруіміз керек. Сондықтан да кез-келген ұстаздарымыз нормаивті құжатты білу керек деп ойлаймын . Болашағымыз жарқын болу үшін ұстаздар жан-жақты болу керек деп санаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет