А. С. Иргалиев Педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді


Тақырыбы: Сауат ашу барысында жазуға қойылатын талаптар. Қарастырылатын мәселелер



бет6/11
Дата22.03.2017
өлшемі2,13 Mb.
#12149
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Тақырыбы: Сауат ашу барысында жазуға қойылатын талаптар.

Қарастырылатын мәселелер:

1.Жаттығулар жүйесі.

2.Сауат ашу кезеңінде пайдаланылатын көрнекі құралдар

3. Сауат ашу кезеңінде баланың тілі мен ойын дамыту.

4. Қазіргі әдістемелік әдебиеттерге шолу.

Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады. Жазуға негізінен мынадай талаптар қойылады:

а) әріпті дүрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау;

о) әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды-қысқалы етпей, тегіс, бірдей жазу;

б) әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайтпай, барлық әріпті бірдей, оңға қарай, сәл келбете (45) жазу;

в) әріптердің, сондай-ақ сөздердің арасындағы қашықтыкты бір қалыпты сақтап (сөздер бір-бірінен м әрпінің келеміндей қашықтықта болуға тиіс) отыру;

г) бірте-бірте жазу карқынын тездете түсу.

Бүл талаптар бастауыш мектептің барлык сыныптарында да жазу жұмысының барысында орындалып отыруға тиіс.

Жазуға кірісерде алғашқы күннен бастап орындалуға тиісгі гигиеналык, талаптар:

а) дәптер партаның үстіне, баланың кеудесінің қақ ортасына тура келетіндей болып, сол келбетіле (оңға 65) қойылады;

о) бала басын оңға не солға, иықтарын, кеудесін алға не артқа қисайтпай, аяқтарын қатар қойып, алдына түзу қарап отырады. Бұл олардың омыртқалары, көкірегі дұрыс жетілу үшін кажет.

б) балалар табандарын еденге (партаның табан тақтайына) еркін басып отырады. Тізені қатты бүкпей, бір аяқты екінші аяктың үстіне қоймай, аяктарын я алға, я артқа сілтемей отырғаны дұрыс;

в) партаға көкіректі тіремеу керек. Өйткені бүл тынысты тарылтады жаңа өсіп келе жатқан кеудені бұзады;

г) қаламды ұстағанда саусақ қаламұштан үш сантиметрдей жоғары тұратындай болып және қаламның жоғарғы жақ үшы оң иықтың тұсына дәл келетіндей жағдайда болғаны жөн.

д) жазғанда баланың көзі мен дәптер аралығындағы қашықтык. 25-30 см сақталуға тиіс.

Сауат ашу кезінде жазу сабақтарында балалар әріп элементтерін немесе жекелеген әріптерді жазғанда ұзақ уақыт жазып отырмауын қадағалау керек. Өйткені үзак, уақыт бір-екі элементті немесе бір әріпті жаза берсе, бала шаршайды да, сабаққа зейін қоюдан қалады, сондықтан үш-бес минут жазғаннан кейін қолдарына демалыс беріп, саусакты жаттықтыру сәті өткізіледі. Сонан соң күрамында үйреніп отырған дыбыс бар сөздер ойлап тауып, талдауға немесе ойын, мысалы, "Қай әріпті жоғалттым" ойнауға болады. Сонан соң ғана жазуға көшкені дұрыс. Жұмыс түрі өзгергенде балалар да оған зейін қоя бастайды.

Сауат ашу барысында балалар сөздер мен сөйлемдерді естерінде үстап жазуға үйренулері кажет. Ол үшін айтылуы мен жазылуының арасында ешбір айырмашылық жоқ сөздер алынады және бұл кезде әріптердің таңбасы аркылы (жазба таңбасы) берілген сөздер мен сөйлемдерді көшіріп жазу ұсынылады, ал сауат ашу аяқталғаннан кейін, баспа таңбалы әріптер жазылған мәтіндер көшіртіледі. Осы жұмыстардың бәрінде де оқушылар жазуға кіріспес бұрын сөздер дыбысқа, буынға талданады.

11-дәріс



Тақырыбы: Әдебиеттік оқу және тіл дамыту әдістемесі

Қарастырылатын мәселелер:

1. Әдебиеттік оқудың маңызы мен мақсаты және принциптері;

2. Оқулыққа енген материалдар және оларды оқыту;

11-дәріс



Тақырыбы: Әдебиеттік оқу және тіл дамыту әдістемесі

Қарастырылатын мәселелер:

1. Әдебиеттік оқудың маңызы мен мақсаты және принциптері;

2. Оқулыққа енген материалдар және оларды оқыту;

Әдебиеттік оқудың манызы мен мақсаты және принциптері

Бүгінгі бөбек — ертеңгі азамат — қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші — бастауыш мектеп мұғалімдері. Ақ жүрек, балғын бөбектерге білім мен тербие есігін ашу бастауыш мектеп мұғалімдеріне абыройлы да жауапты жұмыс жүктейді. Өйткені білім мен тәрбие негізі, баланың жеке тұлғасын қалыптастыру негізі — бастауышта қаланады.

Егеменді еліміздің даму кезеңінде бөбектердің жеке түлғасын қалыптастыру ісін тиянақты жолға қоюға баса назар аударылуда.

Балалар мектепке келген алғашқы күннен бастап, еліміздің өмірімен, халыктың тұрмыс-тіршілігімен танысады. Отанымыз күшейе түсу үшін, халықтың тұрмысы жақсара түсу үшін іске асырылып жатқан сан алуан жағдайларды ұғынады. Үлкен адамдардың оларға қандай үміт артып отырғанын аңғарады.

Осы үмітті ойдағыдай ақтау үшін, біздің мектептеріміз жас балдырған алғаш рет мектеп табалдырығын агтағаннан бастап-ақ, оқыту, тәрбиелеу және даму процестерін тығыз ұштастыра жүргізіп, өз өрендеріне дүниенің алуан түрлі сырларын ашып береді, оларды білімнің бай қазынасын терең меңгеруге, қоғамның белсенді азаматы болуға баулиды. Осы түрғыдан қарағанда, бастауыш сыныптардағы әдебиеттік оқу сабағының түбегейлі мақсаты-оқушьглардың жеке түлғасын қалыптастыра отырып, одеби мүраларға деген талғамын тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту, ақыл-ойы мен үлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету.

Осы мақсатты орындау үшін оқу пәнінің алдына мынадай міндеттер жүктеледі:

оқушылардың дұрыс, түсініп, шапшаң жоне мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;

оқушылардын көркем шығармаларды оқуға деген қызығушьшығын ояту;

оқушылардың шығарманың түпкі мазмүн-мәнін түсінуін, эмоциялық қабылдауын (кейіпкерлердің көңіл-күйіне ортақтасу, күйіну-сүйіну т.б.) қамтамасыз ету;

оқушыларға мәтіндердің сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлем мен сөйлеу үлгілерін үйрете отырып, олардың ана тіліміздегі сөз машиналарының түрленуіне көңілін аудару;

оқушыларды шығармадағы көркем бейненің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау;

оқушылардың ауызша жөне жазбаша байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді, түсінікті жаза білу) дамыту;

оқушыларды өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;

балалардың бойында оларды жас өспірім мен үлкендердің үлгілі, ерлік істерімен еңбектерімен таныстыру арқылы қоғам игілігіне адал ниетпен еңбек ету, адамгершілік, бір-бірін сыйлаушылық, адалдық пен шыншылдық, кішіпейідділік, ізгілік пен имандылық қасиеттерін дарыту;

сүйікті Отанымыздың мейлінше бай, көркем де сұлу табиғаты жайлы метариалдармен танысу арқылы табиғатта кездесетін өзгерістер мен құбылыстарды байқай біліп, тендесі жоқ сұлулық пен көркемдікті бағалай білуге, елін, жерін қадір түтып, сүюге тәрбиелеу;

бағдарлама көлемінде ғылым негіздерінен ең қарапайым білім беру;

оқушылардың сынып сайын алған білімдері мен оқу дағдыларын, біліктерін жетілдіру, тілін онан сайын дамыта түсу; сыни түрғыдан пікір айтуға үйрету;

халқымыздың бостандық, бейбітшілік үшін жүргізген қаһармандық күрестерімен таныстыра отырып (әдеби шығармалар, кинофильмдер т.б.), балалардың сана-сезімін Отанды сүю, бейбітшілік пен халықтар достығы рухында қалыптастыру;

саналы тәртіпке, дұрыс мінез-құлық нормаларына үйрету;

еңбекке қызығу, еңбекқорлыққа, еңбек адамдарын жоғары бағалауға тәрбиелеу.

Бастауыш мектептегі оқуды өмірмен байланыстыру, білімді жүйелі саналы да берік меңгерту, балалардың белсенділігін арттыру т.с.с. дидактикалык, принциптерге сүйенеді.

13-дәріс

Тақырыбы: Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар

Қарастырылатын мәселелер:

1.Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау.

2. Мәтінге байланысты сөздік жұмысын жүргізу.

Әдебиеттік оқудың манызы мен мақсаты және принциптері

Бүгінгі бөбек — ертеңгі азамат — қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші — бастауыш мектеп мұғалімдері. Ақ жүрек, балғын бөбектерге білім мен тербие есігін ашу бастауыш мектеп мұғалімдеріне абыройлы да жауапты жұмыс жүктейді. Өйткені білім мен тәрбие негізі, баланың жеке тұлғасын қалыптастыру негізі — бастауышта қаланады.

Егеменді еліміздің даму кезеңінде бөбектердің жеке түлғасын қалыптастыру ісін тиянақты жолға қоюға баса назар аударылуда.

Балалар мектепке келген алғашқы күннен бастап, еліміздің өмірімен, халыктың тұрмыс-тіршілігімен танысады. Отанымыз күшейе түсу үшін, халықтың тұрмысы жақсара түсу үшін іске асырылып жатқан сан алуан жағдайларды ұғынады. Үлкен адамдардың оларға қандай үміт артып отырғанын аңғарады.

Осы үмітті ойдағыдай ақтау үшін, біздің мектептеріміз жас балдырған алғаш рет мектеп табалдырығын агтағаннан бастап-ақ, оқыту, тәрбиелеу және даму процестерін тығыз ұштастыра жүргізіп, өз өрендеріне дүниенің алуан түрлі сырларын ашып береді, оларды білімнің бай қазынасын терең меңгеруге, қоғамның белсенді азаматы болуға баулиды. Осы түрғыдан қарағанда, бастауыш сыныптардағы әдебиеттік оқу сабағының түбегейлі мақсаты-оқушьглардың жеке түлғасын қалыптастыра отырып, одеби мүраларға деген талғамын тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту, ақыл-ойы мен үлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету.

Осы мақсатты орындау үшін оқу пәнінің алдына мынадай міндеттер жүктеледі:

оқушылардың дұрыс, түсініп, шапшаң жоне мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;

оқушылардын көркем шығармаларды оқуға деген қызығушьшығын ояту;

оқушылардың шығарманың түпкі мазмүн-мәнін түсінуін, эмоциялық қабылдауын (кейіпкерлердің көңіл-күйіне ортақтасу, күйіну-сүйіну т.б.) қамтамасыз ету;

оқушыларға мәтіндердің сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлем мен сөйлеу үлгілерін үйрете отырып, олардың ана тіліміздегі сөз машиналарының түрленуіне көңілін аудару;

оқушыларды шығармадағы көркем бейненің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау;

оқушылардың ауызша жөне жазбаша байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді, түсінікті жаза білу) дамыту;

оқушыларды өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;

балалардың бойында оларды жас өспірім мен үлкендердің үлгілі, ерлік істерімен еңбектерімен таныстыру арқылы қоғам игілігіне адал ниетпен еңбек ету, адамгершілік, бір-бірін сыйлаушылық, адалдық пен шыншылдық, кішіпейідділік, ізгілік пен имандылық қасиеттерін дарыту;

сүйікті Отанымыздың мейлінше бай, көркем де сұлу табиғаты жайлы метариалдармен танысу арқылы табиғатта кездесетін өзгерістер мен құбылыстарды байқай біліп, тендесі жоқ сұлулық пен көркемдікті бағалай білуге, елін, жерін қадір түтып, сүюге тәрбиелеу;

бағдарлама көлемінде ғылым негіздерінен ең қарапайым білім беру;

оқушылардың сынып сайын алған білімдері мен оқу дағдыларын, біліктерін жетілдіру, тілін онан сайын дамыта түсу; сыни түрғыдан пікір айтуға үйрету;

халқымыздың бостандық, бейбітшілік үшін жүргізген қаһармандық күрестерімен таныстыра отырып (әдеби шығармалар, кинофильмдер т.б.), балалардың сана-сезімін Отанды сүю, бейбітшілік пен халықтар достығы рухында қалыптастыру;

саналы тәртіпке, дұрыс мінез-құлық нормаларына үйрету;

еңбекке қызығу, еңбекқорлыққа, еңбек адамдарын жоғары бағалауға тәрбиелеу.

Бастауыш мектептегі оқуды өмірмен байланыстыру, білімді жүйелі саналы да берік меңгерту, балалардың белсенділігін арттыру т.с.с. дидактикалык, принциптерге сүйенеді.

14-дәріс

Тақырыбы:Көркем шығармалардың кейбір түрлерін оқыту.

Қарастырылатын мәселелер:

1. Ертегілерді оқыту;

2. Мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды оқыту;

3. Мысалдарды оқыту;

4. Өлеңдерді оқыту;

5. Ғылыми мақалалар мен очерктерді оқыту.

Бастауыш сыныптардағы оқу бағдарламасы біраз көркем әдеби шығармаларды қамтыған. Әдеби шығарма, түрлі бейнелер, олардың іс-әрекеті арқылы өмірді түсінуге көмектеседі. Жазушының идеясы, көңіл-күйі шығарманың мазмұны арқылы оқушыға беріледі, сөйтіп, оларда алуан түрлі сезім, ой туғызады, дүниеге көзқарасын калыптастырады.

Ертегілерді оқыту

Халық әділеттілік пен адамгершілікті, ақылдылық пен батырлыкты ертеден-ақ өте жоғары бағалап, әңгімеге, ән-жырға арқау етіп отырған. Халықтың ауыздан-ауызға тарап, бізге жеткен ертегі, аңыз әңгімелерінің барлығында да ақылдылық пен ақымақтық, арамзалық пен адалдық, жақсылык пен жауыздық қатар көрсетіледі.

Ертегілердің тәрбиелік маңызы орасан зор. Ертегілерді оқу арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, адалдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Ертегінің тілі түсінікті, қанатгы сөздер мен бейнелі тіркестерге бай болып келеді. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда, ертегі оқушыны халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады.

Ертегілерді оқуда мыналар ескерілуі қажет:

1. Ертегіні оқу барысында "бұл ойдан шығарылған, өмірде кездеспейді" деудің қажеті жоқ, балықтың, жан-жануарлардың сөйлемейтінін балалардың өздері де біледі, бірақ ертегідегі оқиғаға сеніп, оның кейіпкерлерінің іс-әрекетіне бірде қайғырып, бірде куанып, киял көгіне көтеріледі, көңілденеді, қиялдау оларды армандауға үйретеді.

2. Оқушыларды кейіпкерлерге қарапайым мінездеме беруге үйретуде де ертегілердің пайдасы мол. Ертегі кейіпкерлеріне берілетін мінездеме әдетге бір-екі айқын белгілерді көрсетсе де анық түсінікті болып келеді.

3. Қара сөзбен жазылған ертегілер мәтінге жақын үлгімен мазмұндалады. Кейде ертегіні оқымай-ақ, мұғалім оның мазмұнын қызықты етіп, қысқаша айтып береді. Егер артистердің орындауындағы фонохрестоматияны пайдаланса, тіпті жақсы.

4. Ертегі оқушыларды жоспар жасауға үйрету үшін де өте қолайлы. Оны бөлімдерге бөлу, ат қою, кандай суреттер салуға болатынын анықтау т.б. осындай жұмыстарды 2-3 сынып оқушылары орындай алады. Ал 4 сыныпта ертегіге өз беттерімен жоспар жасау тапсырылады.

5. Жануарлар туралы ертегілерді оқығанда дайындықтың онша керегі жоқ.

6. Кейбір ертегілерді пъесаға айналдырып, куыршақ жасатып, сыныптан тыс сабақтарда балаларға орындатуға болады.

7. Ертегінің композициялық ерекшеліктерін қарапайым түрде бақылау жүргізіп үйрету жүмыстары да үнемі іске асырылып отырғаны жөн.

8. Ертегілерді балалар қызыға оқиды, олардың мазмұнын бір оқығанда-ақ игереді. Сондықтан бірқатар ертегілерді оқығанда жалпы идеясын ғана әңгілеп, мазмұнын үйден оқуға тапсыруға да болады.



Жұмбақтар мен мақал-мәтелдерді оқу. Оқулықтарда жұмбақ, мақал-мәтелдердің көпшілігі мәтіндердің аяғында беріледі, сонымен қатар, бастауыш мектепке арналған жұмбақ, мақал-мәтелдср жинағы жоқ болғандықтан, авторлар оқушылардың тілін ұштаудағы бұл материалдардың орасан зор маңызын еске алып, оқулықтарға бірсыпыра жұмбақ, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар енгізген. Бүл материалдар бір мезгілде, бір кезеңде ғана оқылмайды. Мұғалім қандай да болмасын бір мәтінмен жұмыс жасау барысында ол жұмбақтар мен мақал-мәтелдердің ішінен өтіп отырған материалының мазмұнына сай келетіндерін іріктеп пайдаланады. Немесе олардың кейбіреулерін үйге оқуға не жаттауға тапсырады. Мысалы, "Елдің ері" әңгімесін оқығанан кейін оқулықтағы мақал-мәтелдердің ішінен "Ерлік білектен емес, жүректен ", "Батыр туса, ел ырысы, жаңбыр жауса, жер ырысы ", "Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады". Немесе И.Крыловтың "Қарға мен түлкі" мысалын оқығанда "Өзі айлакер, озі бір қу, жүрген жері бір айқай шу" жұмбағын жаттатып, оның мәнісін түсіндіре кетудің, яғни оның жүрген жерінің неге айқай-шу болатынын сұрап, анықтай отырудың артықтығы жоқ.

Мақал-мәтелдер мен жұмбақ бір жағынан балалардың өмірге көзқарасын, ой-өрісін кеңейтсе, екінші жағынан тілін дамытып, сөздік қорын байытады.

А.Байтұрсынов бастауыш мектеп балаларына мақал-мәтел үйретудің пайдасын айта келіп, оның қысқа да дөл және халықтың тамаша байырғы тілімен қандай да болмасын табиғат немесе адам тұрмысының шындық құбылысын сипаттайтынын көрсетеді.

Мақал-мәтелдер және жұмбақтар бойынша жұмыстар жүргізу үшін, кейде сиректеу болса да жеке сабақ арнаудың да пайдасы мол. Мұндай сабақ ұйымдастыруда оларды белгілі бір тақырыпқа арнап, іріктеп топтап алады.

Мақал-мәтелдер — тәрбиелік мәні күшті, балаларды жақсылыққа баулып, жамандықтан аулақ болуға үгіттейтін өнегелі сөз. Сондықтан әр мақалдың мағынасы талданып, соған қарай белгілі бір қорытынды жасалады.

«Мақал-мәтелдер — халықтың моральдық кодексі, тәрбие теориясы, атаның артындағы ізбасарына қалдырған өнегелі өсиеті. Адамға өткен дәуір — бәрі сабақ. Заманалар тәжірибесінен сұрыпталған тұжырымдар кейінгі ұрпаққа кітап сөзіндей аса қымбат болғаны да, болатыны да осыдан» — дейді қазақтың халық ақыны, ұзақ жыл «Балдырған» журналының бас редакторы болған М.Әлімбаев.



Жұмбақтар бойынша жүмыс, негізінен, оның шешуін табу бағытында жүргізіледі. Ол үшін нәрселерді, құбылыстарды жұмбақтап айтылған белгілеріне карай, іздестіру жолымен табу әдісі ұсынылады. Мұндай жағдайда жұмбақталған нәрсенің жалпы қай салаға жататыны, қандай бағытта ізделетіні айтылады. Мысалы, "іздесем, ізі жоқ, бауыздасам қаны жоқ" жұмбағын шешу керек делік. Бұл нәрсені өзеннен, көлден іздеу керектігі, оның суда болатыны ескертіледі. Мұндай бағыт берілмеген жағдайда балаларға қиындық түседі.

Ал жұмбақтың құрамындағы метафоралық бейне сол жұмбақталған нәрсені іздестіріп табу барысында өзі-өзінен ашылады. Мысалы, жоғарыда айтылған жұмбақты шешу барысында өзен, көлде болатын нәрселер іздестіріледі. Балалар бірден суда болатын балық, бақа-шаян сияқтыларды айтады. Олардың ізі болмағанымен қаны болатыны, ал біздің жұмбағымыздағы нәрсенің қаны да, ізі де жоқтығы айтылады.

Жұмбақтың шешуі табылғаннан кейін, сұрақ-жауап арқылы метафоралық бейне ашылады. Жұмбақта қандай іс жөнінде айтылады? Мұндағы бауыздау сөзінің мағынасын қалай түсінуге болады? (қайықтың тұмсығымен су толқынын кесуі) т.с.с. немесе "Аяғы біреу, қолы жоқ, шиыр-шиыр жолы көп" жұмбағының кұрамындағы сөздердің де әуелі тура мағынасы талданады: кез келген нәрсенің салған ізінің сөйлей алмайтындығы, салған іздің сейлеуі дегеннің не екені сұралады. Осы арқылы бұл жұмбақталып отырғанды оқу құралдарының төңірегінен іздестіру керектігі айтылып, олардың ішінде қозғалатын, жүретін қандай нәрселердің бар екені ойластырылады. Егер балалар оны таба алмайтындай болса "Оқу құралдарының ішінде қайсыларында жол бар?" деген сияқты сұрақ арқылы дәптер мен кітапта жол болатыны анықталады. Сонан соң дәптердегі сызық жолдың сөйлей алмайтыны, сөйлейтін жол —жазу екені, жазу жолын қалам, қарындаш салатыны айқындалады. Жұмбақталған қарындаштың белгілерін балалар өздері табады. Жұмбақтағы "салған ізі" дегеннің жазған жазу екенін де айтады. Осы сияқты, екі-үш жұмбақтың шешуі талданып көрсетілгеннен кейін, балалар өздері де заттың белгілерін жұмбақтап айтуға тырысады.

Мысалдарды оқыту.

Әдеби шығармалардың басқа түрлерінен мысалдың мынадай өзгешеліктері бар:

а) аллегориямен айтылатыны.

ө) мысалда белгілі бір үгіт, тәлім-тәрбиелік мән болатыны.

б) оның оқылу ерекшелігі. Осыдан келіп, мынадай методикалық сұрақ туады: мысалдағы аллегорияны ашу керек пе, жоқ па? Мұндай сұраққа жауап беру үшін, мысалдың сипатын, мазмұнын, оны балалардың қалай қабылдайтынын байқап қараған дұрыс.

Бастауыш сынып оқушылары мысалды оқығанда суреттелген оқиғаның тартымдылығына қызығады, оны шындық деп қабылдайды. Сондықтан мысалды оқып шығысымен, автордың ондағы суреттеп отырған жан-жануарлары кімдердің бейнесі, оны кім деп түсінесіндер? дегендей, сұрак, қою қателік болар еді. Өйткені жүмысты мұндай әдіспен жүргізу — оқушылардың мысалды оқығанда алған әсерлерін жояды. Сондықтан балалардың одан алған әсерлері әлсіремей, қайта күшейе түсетіндей, мысалдағы кейіпкерлердің іс-әрекетін тереңірек ұғына түсуіне жағдай жасайтын әдіс-тәсілдер қарастырылады. Ол үшін алдымен мысалдағы суреттелген оқиғаны, қатысушы кейіпкерлерді шындық, өмірде болатындай етіп түсіндіру керек. Ал мысалда суреттелгендер балаларға шындық, болмыс жөнінде қате түсінік береді, өйткені қарға, түлкі сөйлемейді ғой деген сияқтылардан кауіптенудің қажеті жоқ. Олардың сойлемейтінін балалардың өздері де жақсы біледі, сонда да оны шындық сияқты қабылдайды. Мысалы, балалар тіпті 4 сыныптың өзінде де қылыштасу, атысу ойындарын шындық сияқты ойнайды. Олар таяқтың қылыш, найза еместігін әрине жақсы біледі, бірақ өздерінше шын найза, қылыш деп есептейді. Немесе қыз балалардың кейбіреулері әлі де қуыршақпен ойнайды, оның сөйлемейтінін біле тұра, шын кісі деп есептеп, онымен сөйлесіп отырады. Сол сияқты мысалдағы оқиғаны да бастауыш сынып оқушылары шындықта болатындай көріп қабылдайды.

Бұл айтылғаннан шығатын қорытынды: мысалдарды оқығанда коңіл қоятын жай — оқушыларға оның мазмүнын қабылдату және ондағы кейіпкелердің іс-әрекетін талдау.

Мысалдағы аллегорияны ашу жұмысын 4 сыныпта мынадай тәсілмен іске асыруға болады. Мұнда мысалда суреттелген оқиғаға ұқсас оқиға іздестіріледі. Айталық, И.А.Крыловтың "Қарға мен түлкі" мысалы оқылғаннан кейін біреудің қолындағы нәрсесін алдап алу өмірде кездесе ме, ондай әрекет жақсы ма, жаман ба... дегендей сұрау қою арқылы, ондағы негізгі ойды түсінуге жеңілдік жасалады. Кейбір жағдайларда мысалда суреттелген оқиғаға өмірде болатын ұқсас оқиға табу жұмысы мысал оқылмас бұрын, алдын ала дайындық әңгіменің барысында жүргізіледі.

Мысалдың екінші ерекшелігі — онда белгілі бір үгіт, тәлім-тәрбиелік мәні бар, қорытынды пікір болатындығы. Ол қысқа түрде мәтіннің басында немесе аяғында беріледі. Мысалы, "Қарға мен түлкі" мысалынан шығатын қорытынды мәтіннің басында берілген:

Жұрт біледі, күледі,

Сұрқия тілдің жаманын,

Қошеметшілердің амалын,

Сонда да солар қайда жоқ,

Ептеп айтса, ересің,

Артынан өкінсең де пайда жоқ...

Мысал оқытуда осыдай қорытынды пікірді пайдаланып, құрғақ сөзбен ұндай жаман мінез-құлықтан, іс-әрекеттен аулақ болу керек" деудің бастауыш сынып оқушыларына әсері шамалы болады. Ондай үгітті тіпті сол оқылып отырған мысалдан үзінді келтіре отырып айтқанда да, кішкене балалардың санасына бірден қона қояды деу қиын. Сондықтан мысал оқытуда онда айтылатын үгітті табуға тырыспай, оның кейіпкерлері мен сол кейіпкерлердің іс-әрекеті, өзара қарым-қатынасы, бір-біріне айтқан сөздеріндегі ой анық ашылуға тиіс. Осыған орай, мысалдан шығатын қорытынды пікірді оның мазмүны талданып болғаннан кейін оқуға болады. Оқығаннан кейін оның мән-мағынасын нақтылаңқырап түсіндірген дүрыс.

Мысал окытудың үшінші ерекшелігі — оны дауыстап, дұрыс, мәнерлеп оқу тәсілінде. Мысалдағы айтылатын сөз автордың атынан айтылмай, кейіпкердің атынан баяндалатын болса, сол кейіпкердің басындағы ерекшелігіне қарай, дауыс сазы да құбылып отырады. Мысалы, "Шал мен малайды" өткенде, ол екеуінің сөзі немесе "Қарға мен түлкіде" түлкі мен қарғаның сөзі бір ырғақпен оқылмайды. Тіпті бір кейіпкердің сөзін оқу мәнері де оның қылығына қарай түрлене береді. Шалдың: "Бауырым, түгеншежан, айыршы!" дегені жалынышты үнмен оқылса, "Әумесер, ақылың жоқ, ит доңыз" — деген сөздерді жекіру, ұрсу мәнерінде, ал малайдың:

Ұрсасың неге, шалым маған, — деді, —

Сөккендей не істедім саған? — деді, —

Жазғаным менің сені аю жаудан

Айырып алғаным ба аман? — деді, —

Сөздері таңырқаған, шарасыздық сезіммен, сұраулық мән беріліп оқылады. "Қарға мен түлкі" мысалында автор сөзі бір әуенмен оқыла келе, түлкінің сөзі басталған кезде дауыс құбылып отырады. Кейіпкерлердің мінез-құлқы мен автордың сөз қолдануына қарай, дауыс ырғағының құбылуы балалардың ынтасын арттырып, мысалдың кейбір жолдарын бір-екі оқығанда-ақ жаттап алуларына жағдай жасайды.

Қорыта айтқанда, мысалды төмендегідей жолдармен оқытуға болады:

І.Оқылатын мысал жөнінде мұғалім алдын ала әңгіме өткізеді; онда балаларға түсінігі ауырлық келтіретін сөздердің (сол мысалдың ішінде кездесетін) кейбіреулерін кірістіре отырып, олардың мағыналарын аша кетеді.

2. Мүғалім мысалды әуелі нақышына келтіре, өзі оқиды, сонан кейін оқушыларға оқытады.

3. Мысалдың мазмұны талданады.

4. Мысалдың кейбір жерлерінен үзінді келтіре отырып, ондағы негізгі ойдың не екені қорытындыда әңгімеленді.

5. Мысалдың мазмұнына ұқсас өмірде кездесетін іс-әрекеттерден мысалдар келтіріледі.

6. Мүмкіндігіне қарай ролге бөліп оқытылады.

Бірақ мұнда мысалдағы бір сөздің өзін (автор сөзі, мысалы, "дейді"-ні біреуі т.с.с.) бөліп-бөліп бытыратып, мысалдың берекесін кетіріп, түсініксіз жасап, ролге бөлудің пайдасы жоқ.

Бұл көрсетілгендер өзгеріссіз осы күйінде үнемі сақталып отырылсын деген ой тумасқа тиіс. Өйткені мысалдың мазмүны мен сипатына карай, бұл айтылғандардың кейде қысқартылуы немесе толықтырылып отырылуы да мүмкін. Дегенмен мысал оқытуда негізінен осы принципті ұстанған жон.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет