Абай мұрасына оқушылардың қызығушылығын арттыру, оқып – білуге



Дата05.11.2016
өлшемі330,81 Kb.
#800
Абай – дана,Абай – дара қазақта.

( авторлық бағдарлама )



Мақсаты:

      • Халқымыздың ұлы ақыны А.Құнанбаев туралы білімдерін кеңейту.

      • Абай мұрасына оқушылардың қызығушылығын арттыру, оқып – білуге,

тани түсуге ынталандыру.

      • Оқушыларды өздігінен шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

      • Ұлылардың сөздерінен ғибрат алып, жақсыдан үйренуге, жаманнан

жиренуге тәрбиелеу.

Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы –

заман тынысы, заман үні. Бүгін ол үн

біздің де үнге қосылып, жаңғырып,

жаңа өріс алып тұр.

/ М.Әуезов /



Абай – бедел ұлтымыздың ұраны,

Мәңгі азап сөнбейтұғын шырағы.

Халқымыздан шыққан ұлы кемеңгер,

Адамзатқа сыйлаған бір кемеңгер,

Бұл қазақты осал бопты демеңдер.

/С.Сейітов/



Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес,

Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.

Қарадан хакім болған сендей жанның,

Әлемнің құлағынан әні кетпес!

Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,

Өлтіріп талай жанды, жүгін артар.

Жүрген жанның артында ізі қалар,

Шешен өлсе артыңда сөзі қалар.

/М.Жұмабаев/



Абай – дана, Абай – дара қазақта.

( авторлық бағдарлама )





мазмұны

Сағат саны




1

Алғы сөз.

1




2

Қазақ халқының ұлы ақыны.

1




3

Абайдың жастық шағы.

1




4

Әке мен бала. Абай жолының әке жолынан бөлінуі.

1




5

Абайдың аналары: Зере, Ұлжан.

1




6

Абай және оның заманы.

1




7

Абайдың шығармашылық өмірбаяны.

1




8

«Ғылым таппай мақтанба»

1




9

Табиғат тамашасы

1




10

Абайдың музыкалық творчествосы.

«Көзімнің қарасы...»



1




11

«Айттым сәлем, Қаламқас»

1




12

Ақындық тіл

1




13

«Рас сөздің кім білер қасиетін?»

1




14

«Ақымақ көп, ақылды аз..»

1




15

«Бір сөз үшін жау болып,

Бір күн үшін дос болып,

Жүз құбылған салт шықты.»


1




16

Абайдың қарасөздері.

1




17

«Жау көп болса басыңда,

Бірі қалмас қасыңда,

Жетектесең табандар.

Далаға шығып өзіңді

Жаудан бетер жамандар»


1




18

«Досыңа достық – қарыз іс,

Дұшпанға әділ бол»



1




19

Орыс әдебиеті. Ақынның аудармалары

«Қараңғы түнде тау қалғып...»



1




20

Мысалдар

1




21

Абай – ұлы реалист, суреткер.

1




22

Е.П.Михаэлис – Ресей мәдениетінің ең алғашқы хабаршысы.

1




23

Ұлы ақынның балалары:

Абдрахман, Мағауйя.



1




24

Абайтану. Абай күндері.

1




25

Абай ескерткіші.

1




26

Абай портретін бейнелеген суретшілер.

1




27

Қазақтелефильм «Абай»

1




28

Деректі фильм «Абай елінде»

1




29

Ақындардың Абайға арнаған өлеңдері.

1




Пайдаланған әдебиеттер:



  1. Р.Нұрғалиев «Абай» энциклопедия

  2. И. Тасмағамбетов «Қазақ әдебиеті» энциклопедиялық анықтамалық

  3. М. Әуезов «Абай жолы»

  4. Абай «Қара сөздер. Поэмалар»

  5. «Абай» журналы

Сөздікпен жұмыс

Орыс сыныптарында қазақ тілі пәнінің көздейтін мақсаты оқушыларды қазақша

сөйлеуге, өз ойын басқаға түсіндіре алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын

түсіне алатын дәрежеге жеткізу. Орыс мектебін бітірген оқушылардың кейін

еңбекке араласқан кезінде мемлекеттік мәртебе алған тілде сөйлей алмауын

болдырмау – пән мұғалімінің абыройлы міндеті. Осы бағытта істелетін күрделі

жұмыстардың бір саласы – ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Тіл дамыту жұмыстарын

ұйымдастыру – оқушылардың ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттырады.

Тілі жақсы дамыған бала ойын дәл жеткізеді, оқуды да ойдағыдай меңгереді.

Тіл дамыту – ой дамыту. Оқушылардың тілін дамытуға сөздік жұмысының

маңызы өте зор. Себебі, сөздік жұмысы – тіл дамыту жұмысының бастапқы негізі

болып саналады. Егер оқушының сөздік қоры кедей болса, ол өзінің айтатын

деген ойын нақты жеткізе алмайды. Сондықтан да сөздік жұмыс оқушылардың

сөздерді, сөйлемдерді дұрыс жазуына, сөйлеу дағдыларын дұрыс қалыптастыру-

ына зор ықпал етеді.

Сөздік жұмысын әр сабақты өткізілетін тапсырмаларға байланысты жүргізіп

отыру керек. Сөздікпен жұмыс істегенде, жаттығу орындағанда кәртішкелерді

немесе суреттерді қолданғанда әрдайым қазақ тіліне тән дыбыстар қатысқан

сөздерге мән берген тиімдірек. Жаңа сабақ сөздік жұмысынан басталады. Тіл

дамыту жұмысының негізгі түрлерінің бірі – осы сөздік жұмысы. Орыс мектебін-

дегі қазақ тілі сабағын өтуде мұғалімнің аса зер салатын өзекті мәселелерінің

бірі де осы.

Тақтаға екі тілді сөздерді жазып, оны дәптерлеріне көшіріп, жаттатқаннан

балалар ол сөзді жадыларында ұстай алмайды,ұғып алса да кейінірек ұмытып

қалады. Сондықтан балаларға жаңа сөз үйретуде оның орысша баламасымен қоса

суретін көрсетіп, жанына қатарласа заттың аты қазақша жазылады, оны бірнеше

рет қайталатып оқытып, мағынасын түсіндірсе, бұл жұмыс әлде қайда ұтымды

болады. Ал енді оны есте сақтау үшін сол сөздер бар сөз тіркесін құрып, күнде-

лікті тұрмыста қолдана алатындай сөйлемдер құратып, оны дәптерлеріне жазды-

рып отырса, тіл дамыту жұмысы тиянақты жүргізілгені.

Әр жаңа сабақта оқушы бірнеше жаңа сөздер үйренеді. Жаңа сөздерді кесте-

ге жазған дұрыс болады, себебі, олар жаңа сөздің аудармасымен ғана танысып

қоймайды, сонымен қатар сол сөздің синонимын, антонимын, омонимдерді тауып

жазады.


Мысалы: ақ – қара, таң – кеш, күн – түн, биік – аласа, сұлу - әдемі, көркем,

сымбатты, түс – полдень, свет, слезь.

Жаңа сөздерді сөздік дәптеріне жазып, хормен және жеке – жеке оқиды.

Одан әрі мұғалім оқушыларға осы тақырыпта диалог құру тапсырмасын береді.

Мысалы: «Қыс» деген тақырып бойынша мынадай сөздік жұмысын жүргізуге

болады.


Қыс айлары – зимние месяцы

желтоқсан –декабрь

ақпан – февраль

суық – холодно

қысқа – короткий

қар – снег

қырау – иней

шаңғы – лыжи

сырғанау – кататься

сырғанайды – катается

жылы киім – теплая одежда

киеміз –одедемся

жаңа жыл – новый год көңілді – интересный

Сұрақ – жауап, әңгімелесу.

--- Қазір жылдың қай мезгілі?

---Қазір қыс.

---Қыс айларын ата!

---Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

---Қар қандай болады?

---Қар ақ болады.

---Қыста күндер қандай болады?

---Қыста күндер суық болады.

---Қысты кім жақсы көреді?

---Қысты мен жақсы көремін.

---Балалар қыста не істейді?

---Балалар қыста шаңғы тебеді.

---Жаңа жыл мейрамы қай айда болады?

---Жаңа жыл мейрамы қаңтардың бірінде болады.

Тіл үйрету үшін оқушылардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін,

Олардың зейінін, ойлау және қабылдау қасиеттерін жақсы білу керек. Оқушы-

лардың қабылдауы мен ойлауында толып жатқан ерекшеліктері бар. Сондық-

тан әр сабақта қай оқушы нені білетінін және соған көмектесу үшін не істеу

керектігін анықтап, есеп жүргізген жөн. Сонда әр оқушыға жекелей қандай

тапсырма беру керек, кіммен нендей жұмыс жүргізу қажет екендігін шатыстыр-

май білесің.

Әсіресе, бұл білімі нашар балаларға көп көмек береді. Оқушының жіберген

қатесін дәптерге жазып және оның себебін анықтағаннан кейін, сол қатесін

оқушы екінші рет қайталамау үшін соған сәйкес қосымша жұмыс ұйымдастыру

қажет. Мысалы, оқуға, жазуға үйрету барысында олар жеке әріптерді, дыбыс-

тарды жаттайды да, олардың әрқайсысының мәніне көңіл бөлмейді, сөздерді

дұрыс байланыстырып оқып, жаза алмайды. Сондықтан әрбір сөздің айтылуы

мен жазылуын салыстырып, сөзді буынға, буынды дыбысқа бөліп, немесе,

керісінше, дыбыстардан буын, буыннан сөз құрастыру арқылы үйретсе, сол

сөзді оқушылар дұрыс жазып оқиды және есіне ұзақ сақтайды.

Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрету әр сабақта жаңа сөздерді құрғақ

жаттау емес, сол сөздердің мағынасын саналы түрде ұғынып, ауызша және

жазбаша қолдана білу керек. Үйреткен жаңа сөздерді оқушылар ұмытып қал-

мау үшін жаттығудың мынадай түрлерін орындатқан пайдалы:

1.Жаңа сөздерді оқыту.

2. Қиын сөздерді хормен оқыту немесе магнит таспасына жазып,

қайталап тыңдату.

3. Жаңа сөзді сөз тіркесі, сөйлем ішінде оқыту.

4. Ауызша сұрақ – жауапты қолдану.

5. Сол сөздерді қолданып, сурет бойынша сөйлем құрату.

6. Заттың өзін немесе суретін көрсетіп, аттарын атату.



  1. Жаттығулар орындау.

  2. Карточкалар бойынша өзіндік жұмыс орындау.

Осындай әдіс – тәсілдерді қолдана отырып келесі сабақтарда да әлденеше

рет қайталау арқылы оқушылардың есінде ұмытылмастай мәңгі қалдыруға

болады. Өйткені, ондай сөздерді дұрыс айта, жаза білу орыс сыныптарда

оқитын оқушыларға қиынға соғады, сондықтан бұл дыбыстарды әр сабақ

сайын қайталап келудің еш артығы жоқ.

Мәтінмен жүргізілетін жұмыс түрлері.

Оқулықтағы мәтінді оқудың негізгі міндеттері – дұрыс түсініп, жылдам әрі

мәнерлеп оқу.

Дұрыс оқу дегеніміз - әрбір әріпті, буынды, сөзді бұрмаламай, сөздің соңғы

буынын «жұтып қоймай» анық оқу, әрбір сөзге екпінді дұрыс түсіру.

Түсініп оқу – тіл үйренуде қажетті әдіс. Оқушы сөзді, сөйлемді, тұтас мәтінді

түсініп оқымаса, ол жай механикалық түрде істеген іс болып, оқушы сөз де, тіл

де үйрене алмайды.

Жылдам оқу – қазақ тілін төртінші жыл оқитын орыс оқушылары үшін

төртінші сыныпта «ежелеп» буынға бөліп тұрмай, орташа екпінмен оқуы қажет.

Мәнерлеп оқу – дауыс екпінін дұрыс түсіріп, анық және түсініп оқу, яғни

оқушы әрбір сөзді анық айтып, тиісті тыныс белгілеріне тоқтап, басқа біреудің

сөзін оқығанда дауысты өзгертіп, сөзді анық, бұрмаламай оқиды.

Мәтінді оқығанда дұрыс, түсініп, жылдам, мәнерлеп оқу жеке – жеке қолда-

нылатын әдістер емес, қайта олар бір – бірімен тығыз байланыста, бірлікте

болады. Мәтінді түсініп оқыған оқушы дұрыс та, жылдам да, мәнерлеп те оқи

алады. Кезекті жұмыс мәтін бойынша сұрақтарды қоя білу және сұрақтарға дұрыс

жауап беруді игеруде де оқушыға меңгертетіндей түрлі әдістері көп. Мысалы: бір

оқушы плакаттағы сұрақты оқып аударса, екіншісі оған жауап сөйлемді осы әдіс-

пен тәржімалайды. Осылайша берілген сұрақ – жауапты әрі оқып, әрі оқып, әрі

аударып түсініп алған соң, келесі оқушылар сұрақ – жауапты аудармай-ақ оқып

шығуына болады. Тақтадағы жаңа сөздерді, сұрақ – жауапты 5 – 6 оқушы оқып

шыққан соң, кейбір сөздерді, сөйлемдерді хормен оқытуға боолады. Сонымен

плакаттарды жинап алып, оқушылардан ауызша сол сөздер, сұрақ – жауаптар

сұралады.

Мәтіннің ішінен өзіне керекті сөзді, сөйлемді тауып айтуының өзі оқушының

бұл сабақты меңгергені болып саналады. Осылайша бірнеше оқушыдан жауап

алған соң, мұғалім 3-4 сөзді, қысқа бірнеше сөйлемді бір оқушыны тақтаға шыға-

рып, қалғандары дәптерлеріне көшіріп жазады. Сөйтіп оқушылар ауызша меңгер-

ген сөз, сөйлемдерін жазып үйренеді, яғни ауызша тіл дамыту жұмысы жазбаша

тіл дамыту жұмысына ұласады.

Мәтінмен байланысты тіл дамыту жұмыстарының бір саласы – жатқа айта

білуге үйрету. Жатқа тек өлең ғана емес, сонымен бірге мәтіннің аты, оның ішін-

дегі жаңа сөздер, сөз тіркестері, кейбір сөйлемдер, жұмбақтар, мақал – мәтелдер,

грамматикалық анықтамалар алынады. Өзге тілді үйренетін оқушылар үшін жатқа

айта білу тіл үйренудің бір шарты. Сондықтан, мұғалім оқушыларға жатқа айтуға

тапсырманы үнемі беріп отырады.

Жатқа айту арқылы оқушының тілі ширайды, сөз қоры көбейеді, сөзді, сөз

тіркестерін, сөйлемді әлденеше рет қайталау арқылы сол тілде дұрыс сөйлеп,

қатесіз жазуды, сөздерге екпінді дұрыс түсіруді үйретеді. Әдетте, жаттауға

берілетін материалды алдын – ала сыныпта бірнеше рет оқытып, айтқызып барып

тапсырған жөн. Мысалы, бес саусақ туралы жұмбақты былайша түсіндіреміз:

мұғалім жұмбақты оқыған кезде, өсіп тұрған бір ағаштың бес бұтағы бар, бұтақта

бір – бір жаңғақ бар деп, мәтіндегі суреттемені олардың көз алдына елестетеді.

Соңынан мұғалім адамның қолын ағашқа, саусақтарын тармаққа, тырнақты

жаңғаққа теңеу арқылы тартымды, әдемі жұмбақтың шыққанын түсіндіреді.

Жатталауға тиісті өлең, жұмбақ, кейбір сөйлем, сөз тіркестерінің

мағынасын осындай әдістермен оқушылардың көз алдына елестете түсіндірсек,

олардың есінде ұзақ сақталады, жай механикалық түрде жаттағандай тартымсыз

болмайды.

Тіл дамыту жұмысын әр сабақта жүргізіп отыру үшін мұғалім керекті

құрал – жабдықты күні бұрын дайындап, сабақты қызықты етіп ұйымдастыра

білуі қажет.

Суретпен жұмыс істеу арқылы қазақ тілінде сөйлем құрастырып үйретуге,

жаңа сөз жаттатқызуға болады. Бұл үшін оқулықтағы немесе қосымша басқа

суреттер пайдаланылады. Өтілген суреттің мазмұны бойынша сөздік – плакат

жасалады. Мысалы, «Қысқы ойын» деген сурет бойынша жұмыста тоқталайық.

Сөздік – плакатқа мына сөздерді жазамыз:

шаңғы – лыжи

шана – сани

аққала – снеговик

сүйреп келеді – тянет

сырғанақ – каток

жасап жатыр – лепят /делают /

теуіп жүр – катаются /на коньках /

сырғанап жүр – катаются /на санках /

қыстың – зимние

Сондай-ақ сұрақ – жауап плакатқа төмендегідей сөйлемдерді жазамыз:


  1. Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?

  2. Кім шанамен түсіп келеді?

  3. Кім шананы тауға қарай сүйреп келеді?

Сыныпта суретпен жұмыс жоғарыда көрсетілген сөздік, сұрақ – жауап плакатта-

рында жазылған сөз, сөйлемдер бойынша жүргізіледі. Мұғалім плакат бойынша

жаңа сөздердің мағынасын, аудармасын түсіндірген соң, сөйлеммен жұмыс

істейді. Ең алдымен плакаттағы сөйлемді оқи тұрып, көрсеткішпен бұл сөйлем

қай суреттегі қайсы затты білдіретінін сұрайды. Мысалы, қыс көріністері бейне-

ленген сурет бойынша балалардың үстінде қандай киімдерінің бар екендігін,

аққала жасап жатқандардың әрқайсысының не істеп жатқандықтарын бөлек –

бөлек сұрау керек, соңынан жеңіл сөйлемдер құрастыруға болады.

Плакаттағы сөйлемдерді оқып, аударып, суреттерді жақсылап қарап алғаннан

кейін осы суреттер бойынша әңгімеге ат қойылады. Сондай-ақ жұмбақ мәтіндері

бойынша да жоғарыдағыдай суретпен жұмыс өткізіледі. Алдынала жүргізілген

суретпен жұмыстан кейін /жұмбақтың мазмұнын ашатындай сурет болған жөн /,

оқушылар жұмбақтың мәтінін түсініп, шешімін тауып, оны екінші тілге

аударады.

Көптік жалғауын пысықтау үшін берілген суретпен жұмыс қалай өткізіледі

екен, соған тоқталайық. Мұнда сабақтың мақсаты – суретпен жұмыс істеу арқы-

лы көптік жалғауын сөйлемде қолдана білу, сөздік қорды молайту, байланысты-

рып сөйлеуге жаттығу. Сөздік плакатқа төмендегі сөздер жазылады:

шомылып жүр – купается

теріп жүр – собирает

тартып отыр – играет

су құйып тұр – поливает

қосылып – вместе

көмекшілер – помощники

Сұрақ – жауап сөйлемдер жазылады:


  1. Кім шомылып жүр?

  2. Кімдер шомылып жүр?

  3. Кім саңырауқұлақ теріп жүр?

  4. Кімдер саңырауқұлақ теріп жүр?

  5. Кім бақшаға су құйып жүр?

Оқушылар сурет бойынша жоғарыдағыдай сөйлемдер ойлау арқылы қазақ тілін-

де сөйлем құрастыру тәртібі / сөздердің орын тәртібі / сұраулы сөздің орнына

жауапты сөздің келетіндігі / кім – Мұрат, кімдер – балалар / сөйлем соңында

келетін баяндауыштың орыс тіліне аударылу ерекшелігі /қазақ тіліндегі етістік-

тің жіктелу ерекшелігі / сияқты мәселелерді қамтиды.

Әрбір сөйлемді оқып, суретті көрсетіп тұрғанда мұндай ерекшеліктерді қоса

айтып, түсіндіріп отырған жөн. Мысалы, қазақ тілінде жекеше, көпше бірдей

тұлғада тұрған етістіктің тұлғасының орыс тіліне аударылғанда екі түрлі мағына

білдіретіндігі.

Плакаттағы сөйлемдерден басқа да, күн райы, жыл мезгілі, бақшадағы өсім-

діктердің түрлері, тоғайда не өсетіндігі туралы жай сөйлемдер құрауға болады.

Мұндай сөйлемдерді плакатқа жазбай-ақ, оқушылардан ауызша әңгімелесу ретін-

де сұраланады. Оқушылар мұндай жағдайда бұрынғы білетін сөздерін пайдалана

отырып, сөйлем құрастырады. Жұмыстың бұл түріне бүкіл сыныпты қатынасты-

рып отырған дұрыс. Мұндай жағдайда сабақ тұтас бір әңгіме өткізу арқылы ауыз-

ша шығарма жазғандай болады.

Тіл дамыту жұмысының ең бір маңызды түрі – сөздікпен жұмыс. Сөздікпен

жұмыс тек қана мәтінді өткенде жүргізілмейді. Сонымен бірге грамматикалық

анықтамаларды, жаттығу жұмыстарын, суретпен жұмыста, өлең, жұмбақ түсін-

діргенде, сұрақтарға жауап бергенде де жүргізіліп отырады. Олай болатын себебі

орыс мектептеріндегі қазақ тілінің әр сабағында жаңа сөз, жаңа ұғым түсіндірі-

леді.


Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілін оқытудың негізі мақса-

ты – оқушылардың сөздік қорын байыту және ауызекі сөйлетіп үйрету, жазуға

дағдыландыру.Оқушылар сөзді неғұрлым көп білсе, солғұрлым ойын еркін

айтып беретін болады. Әрбір жаңа сөзді үйрету, оның мағынасын түсіндіру сол

заттың өзін / қабырға, есік, қалам т.б./, болмаса суретін көрсету арқылы /қой, ешкі

түйе, бота т.б./ сондай-ақ орысша аудармасын беру арқылы іске асырылады. Әр-

бір жаңа сөз оқушының есіне берік сақталуы үшін, оны көбінесе сөйлем ішінде

әр түрлі мағынасын аша, саралап түсіндіру керек. Мысалы: күндіз жылы болды.

Түнде суық болды /антоним сөздер арқылы/, Сара, бері қара! Тақтаның түсі қара.

Анадайдан бір қара көрінді /омоним сөздер арқылы/. Сара - әдепті, сыпайы

оқушы /синоним сөздер арқылы/.

Үйретілген жаңа сөздерді үнемі қайталап отырудың да мәні зор. Бұрын

түсіндірілген сөздер жаңа мәтіннің ішінде ұшырасқанда, оқушының оны қалай

меңгергендігін барлау керек. Сурет бойынша әңгіме жүргізілгенде, әрбір жаңа

сөздермен бірге, алдынғы сабақта өткен сөздерді де қайталап отырған жөн.

Оқушылардың сөздік қорын байытуда сөздік жұмысының алатын орны

ерекше, сабақ процесінде сөздік қорды байытудың мынадай жолдарын пайдала-

нуға болады: мәтін бойынша сөздік қорды байыту. Мұнда белгілі бір мәтінді

өткенде, әрбір жаңа сөз кездескен сөйлемгеарнайы тоқталып, бұрыннан белгісіз

сөзді бірнеше рет қайталап айтамыз да, сонан соң сөздік – плакаттан көрсетіп

немесе тақтаға жазып қоямыз. Мысалы, «өткізу» етістігінің әр түрде қолданыла-

тығын көрсетеміз /немесе сөздік – плакатқа жазып қоямыз/.

Жазды қалай өткіздің?

Жазды қалай өткіздіңдер?

Жазды қалай өткізгеніңді айт.

Сөздік жұмысының енді бір саласы - әңгіме, өлең оқып, мақал – мәтел, жұмбақ

жаттаумен байланысты.

Әрбір сабақта жаңа сөздерді, сөз тіркестерін үнемі сөздік дәптерлеріне

жазуын, жатталып отырылуын қадағалап отыру қажет. Әр сабақта игерілген жаңа

сөздер ауызша, жазбаша сөзде үнемі қолданылып отырғанда ғана сөздік жұмыс-

тары нәтижелі болады.

Орыс мектебінің оқушысы қазақ тіліндегі сөздермен ең алдымен сабақ

үстінде, оқу процесінде танысады.

Мұғалімнің жүргізген сөздік жұмыстары жемісті болуы үшін мәтіндегі

әрбір сөздің мағынасы түсінікті болуы тиіс. Кейбір мағынасы түсініксіздеу

болады деген сөздер сөйлемішінде оқушыларға таныс сөздердің арасында айтыл-

ғаны жөн және жаңа сөздер үнемі қайталанып пысықталып тұрылуы қажет.

Оқушылар жаңа сөзді көру, есту, қайталап айту жолдарымен меңгереді. Жаңа

сөзді тақтадан, кітаптан көріп, мұғалімнің айтқанын естіп, өз бетімен қайталап,

жүйесіз айта бергеннен нәтиже шықпайды. Әрбір жаңа сөзді, ұғымды оқушының

үйреніп, өз сөзіне айналдыруына арналған жаттығулар жүйесі бар. Төменде

солардың кейбір түрлерін атап өтейік.



  1. Жаңа сөзді, сөз тіркесін алфавиттік сөздік дәптеріне жазу.

  2. Белгілі бір тақырып бойынша әңгіме жүргізу /құстар, өсімдіктер,мектеп/

  3. Түбірлес сөздерді таба білу /айтпа, айтшы, айттыөқ/

  4. Сурет немесе схема бойынша сөздерді топтау. Мысалы, үйдің суреті бойынша соған байланысты сөздерді жазу./төбе, есік, қабырға/

  5. Мағынасы ұқсас сөздерді табу /жаман, жақсы, нашар, әдемі, сұлу/

  6. Қарама –қарсы сөздерді топтау /үлкен-кіші, тәртіпті-тәртіпсіз/

Жаңа сөздерді еске сақтаудың, өз сөздік қорына айналдырудың бұдан басқа да

жолдары бар. Мысалы, белгілі бір грамматикалық анықтамаларды өткенде, сөз,

сөйлем талдауда, жаттығу жұмыстарын жүргізгенде үйренген сөздерін сабақтың

тақырыбына байланысты қайталап, оқушылардың есіне салып, сұрап отыру.

Мақал – мәтелдерді тиімді пайдаланудың жолдары

Қай заманда болмасын есті де еңбексүйгіш, қайырымды ұрпақ тәрбиелеу – адам-

заттың асыл парызына саналады. Сөйтіп, әр халық өзінің тарихын жалғастыратын

жас ұрпағын адалдыққа, әділдікке, адамгершілікке, мейірбандылыққа үндеп оты-

рады. Бұл ретте ғасырлар қолданылып, сұрыпталып, тұрмыс, өмір тәжірибесі сы-

нынан өткен салт – дәстүрі мен халықтық тәрбие басшылыққа алынатыны мәлім.

Қазақ халқының бала тәрбиесі жөнінде атам заманнан бері жиіп – терген мол

тәжірибесі бар. Халқымыз оны ең жақсы деген қасиеттермен байытып, ұл – қыз-

дарының бойына дарытып отыруға тырысты.

Халық мақалдары мен мәтелдері – біріншіден, баға жетпес тәрбие құралы

болса, екіншіден, адамның сөз байлығын арттырады, терең, шешен сөйлеуге

жаттықтырады. Сөзді сөйлей бергеннің бәрі шешен еместігін ұқтырып белгілі

талаптар қояды. «Сөз тас жарады, тас жармаса, бас жарады», «Жақсы сөз – жарым

ырыс», «Жақсы сөз жан семіртер» дейді халық даналығы. Мұндай мақал – мәтел-

дер оқушыларды сөз қадырын білуге, мейірбан, кішпейіл, сезімтал болуға,

жақсы мен жаманды, қас пен досты ажырата білуге баулиды.

Өзімізбен іргелес жатқан кей мемлекеттерде жасайтын бір ұлттардың өзде-

рінде диалектілік ерекшеліктер мол болып жатады екен. Тіпті, кавказдардың

бір ауылынан екінші ауылының өзгешерек сөйлейтіні баспасөзде жазылды.

Бір таңғаларлығы, ұланғайыр жері бар кешегі көшпенділердің ұрпағы мұндай

келеңсіздіктен ала. Мәселен, нақыл сөздер мен мақал – мәтелдер, қазақ даласы-

ның батысы мен шығысында, оңтүстігі мен солтүстігінде ешбір өзгеріссіз бір

мағынада айтылады. Атап айтқанда, «үйге жүгіріп кірме»

«малды теппе»

«суға түкірме»

«отпен ойнама»

«үлкенге сәлем бер»

«нанды баспа»

«ата – анаңды сыйла» деген тағлымы мен

тәлімі күшті сөздер ерте заманнан-ақ қағида болып қалыптасқан. Міне, осындай

аталы сөздерді ұрпағының бойына сіңіріп, оларды әдепті де кішіпейіл, ізетті де

мейірімді етіп тәрбиелеуге тырысты.

Халқымыздың асыл мұрасын болашақ ұрпаққа жеткізу, олардың бойына

дарытуда қазақ тілі мұғалімдерінің атқаратын ролі өте жоғары. Мен сабағымда

тәрбиелік мәні терең мақал – мәтелдерді тақырып мағынасына сай пайдаланып

отырамын. Әр сабақта өтілген ережеге немесе тақырыпқа байланысты 2-3

сөйлем мақал – мәтел алып, оның мазмұны мен мәніне тоқталып, сөздік дәптер-

ге немесе жаттығу дәптеріне жаздырып отыру әдетіме айналды.



Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін өткен кезде:

Ағаш бір жерде көгереді,

Өжет адам өлімді жеңеді.

Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді.

Іріген ауыздан шіріген сөз шығады.

Бал ұстаған бармағын жалайды

Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша тақырыбын

өткен кезде:

Адам – гауһар,

Қолы – гүл.

Еңбек – ата,

Жер – ана.

Көңіл – дария,

Көз – найза.



Анықтауышты өткен кезде:

Ақылды қыз білімге жүгірер,

Ақылсыз қыз сөзге ілігер.

Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді.

/ Бұқар жырау /

Жақсының ашуы жібек орамал кепкенше

Толықтауышты өткенде:

Қызға қырық үйден тиым.

Жақсыға сөз ілеседі,

Жаманға шөп ілеседі.

Естіген екі сөз жетіп жатыр.

Пысықтауышты өткенде:

Жылы – жылы сөйлесең,

Жылан да іннен шығады.

Көре – көре көсем боласың,

Сөйлей – сөйлей шешен боласың, - деген мақал – мәтелдерді жаздырып,

оның мазмұнына, мәніне тоқталамын. Оқушылар үйде осы тапсырманы әрі

қарай жалғастырып, терең меңгеру үшін үш – төрт мақал – мәтел жазып келу

тасырылды.



Дауысты дыбыстардың емлесін өткенде дауыстылардан басталатын

сөздерден мақал – мәтел жаздырылады.

Ерді талап ұшырар,

Құсты қанат ұшырар.

Ердің жақсысы, елімен ойласады.

Әйелдің жақсысы, ерімен ойласады.

Ер жігіт айтпайды, айтса, қайтпайды.

Елі жоқ – жер жетім,

Ері жоқ – ел жетім.

Әдептілік, ар – ұят

Адалдылықтың белгісі.

Әке – асқар тау,

Ана – етегіндегі бұлақ,

Бала – жағадағы құрақ.

Өнерлі өрге жүзеді,

Өнерсіз шөлге жүзеді.

Өсек сөз өгізді де өлтіреді.

Өтірік айту – кісілік емес,

Ол ерлердің ісі емес.

Үлкенге жол бер

Өзң де қартаясың.

Үлкен құрметте, кіші ізетте.

Іздеген жетер мұратқа.

Білімі барды жас деме,

Ілімі жоқты бас деме.

Жуан дауыстыларды өткенде:

Адамды еңбек көркейтеді.

Айтылған сөз атылған оқпен тең.

Ойланбаған адам қарап жүріп сүрінер.

Оқи берсең, көзің ашылады,

Отыра берсең, жалқаулық басынады.

Ұқыпты жас елге өрнек.

Ұқыптының тоны тозбайды,

Ұқыпсыздың жұмысы озбайды,- деген сияқты мақал – мәтелдер

алынады.


Дауыссыз дыбыстардың емлесін өткенде де дәл осындай мысалдар алып,

талдау жұмысы жүргізіледі. Мысалы К,Қ,Г,Ғ әріптерінің емлесін өткенде,

осы әріптерден басталатын мақал – мәтелдер айтқызылады.

Қаламның ұшы мен найзаның күші бір.

Қорқақтың көзі үлкен,

Ақымақтың сөзі үлкен.

Киім суықтан сақтайды,

Әдептілік ұяттан сақтайды.

Күшіңе сенбе, ісіңе сен.

Ғылым – еңбектің емлесін жемісі.



Б,Д,Ж әріптерінің өткен кезде, сол әріптерден басталатын мақал –

мәтелдер жазып келу тапсырылады.

Батырға оқ дарымайды.

Батыр туса, ел ырысы,

Жаңбыр жауса, жер ырысы.

Қазақ тілі сабағында әр тақырыпқа байланысты оқушыларға тәлім – тәрбие

беретін сөздерді мүмкіндігінше көбірек пайдаланған дұрыс. Халқымыз

«Тәлім сөз – тәрбие құралы» - деп бекер айтпаған. Сондықтан да әр сабақта

берілген тәрбиелік мәні жоғары сөйлемдердің бала тәрбиесіне әсері мол.

Абай және халық педагогикасы

Абай – қарапайым ұстаз емес, ұлы философ, ұлттық дәрежелі ұстаз.

Абайды оқудың, Абайды түсінудің, Абай педагогикалық мұраларын өмірге

қолданудың амал тәсілдерін бастауыш сыныптардан бастаған – нұр үстіне нұр.

Алғашқы таным алдымен өзіңді білу, тарихты түсінуден басталады.

Осыған ұлы ұстаздың «Бір – екі сөз қазақтың қайдан шыққандығы туралы»

тарихи эссесін еркін, әдемі пайдалануға болады. Бұл шағын тарихи еңбекте

этнос, халық, мемлекет, намаз сырлары ашылып, шаруашылық мінезі, жойқын

басқыншылық соғыстар,ислам, монголшылдық және халық психологиясы

хақында өте мазмұнды дәріс бар. Тарихшы ұстаздың бұл еңбегінде қазақтың

бағзы ел билеу тәртібі, әсіресе, Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі

жолы, Әз-Тәукенің жеті жарғысы және отаршыл Ресейдің қосжарма басқару

тәсілдерінің күрделі проблемалары терең тебіреніспен әңгімеленеді.

Абай – ұлы философ, әулие көріпкел.Суреткердің 37-ғақлиясының 17-бабында:

Дүние – үлкен көл,

Заман – соққан жел,

Алдынғы толқын ағалар,

Артқы толқын – інілер,

Кезекпен өлінер,

Баяғыдай көрінер, - деп айтқандай біз қазір өліара кезеңінің табалды-

рығында тұрмыз. Бүгінгі қазақтың да дәулеті – боз-баяғы төрт түлік мал.

Қазіргі жекеменшіктің сал алуан түрлері қарыштап дамыған шақта, дәулет мо-

лайып, оны жұмсаудың мәселелеріне келгенде Абай ескертпелеріне ден қойған

артық болмайды.

8-ғақлияда:

Байлар, олар өздері де бір күн болса, дәулет қонып, дүниенің жарымы

басында тұр... Оның діні, құдайы, халқы, жұрты, білім-ұяты, ары,

жақыны – бәрі мал, – деп дәріс бастамасында қатты мазасызданады.

Абайша, егер өмір сүру мақсаты мал жинау /дәулет тасу / тұрса, ел әкімдері

мен пысықтарының білім мен ғалымға қолдары тимейді деп опынады.

Білімсіз, тәжірибесіз надандықпен ел басқару – жабайылық пен феодализм

құрдымына құлау деп түсінеді.

Жалпы, Абай дәулетті жек көрмейді. Ол еңбекпен, маңдай термен келген

байлықты мұрат тұтады. Өйткені, білім, ілім, ғылым игеру үшін, әлеуметтік

өмірдің кетігіне қалану үшін – адал еңбек ету керек.

Абайдың кара сөздеріндегі еңбек туралы ой-пікір, ұшқыр ұсынбаларын

педагогикалық ұжымдар тиімді пайдалана алды деп ойлаймыз. Абай адамтану

әлемінде еңбек ролін биікке қояды. Әйгілі «Ғылым таппай баптанба» өлеңін-

дегі 5 асыл іс / талап, еңбек, ой, қанағат, рахым / Абайдың өмір диалектикасын

игерудегі 5 асқар алып бағдарламасына айналады.

Абайдың еңбек туралы асыл сөздері қазіргі жастар құлағына жат естілмейді,

кеудеңде сәуле болса – дүние жарқырай түспек. Әйгілі 3-ғақлияға құлақ түрсе-

ңіз, өзіңізден-өзіңіз қысылысыз:

һәммә ғаламға белгілі данышпандар

әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ,

қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ,

мақтаныш келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ,

ақылсыз, надан келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ,

өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ

жандар шығады».

Қазақта «елу жылда – ел жаңа, жүз жылда – жер жаңа» десе, бұл сөз дүниеге

келгелі ғасыр болса да, оның талабы да, ел де, жер де, адам да жаңарып отыр.

Ұлағатты иеленіп, нақты істің нәтижесіне жетудің уақыты жеткендей.

Мұндай сөзді айту, бір қарағанда тосын көрінгенімен өте заңды. Қазақтың

тоғышар мінезінің психикасын ашу, жамандыққа тосқауыл қою, ұлттық рухты

өсірмейтін кеселді кескілеу – тек шын зорлардың қолынан харекет емес пе?

Абай адал еңбекті сүйеді, ал қазір адал еңбекті арам пайда тапқыштыққа

айырбастап алған жоқпыз ба? Күнінде пария-кеңес қызметінде болған, өмір

базарын армансыз тойлаған ел ағасы дәріс оқыған ағайындарға: «Қазақтар,

заманың туды, енді армансыз байыңдар!» - деп жар салды. Қош. Қазір көше-

базарды қарасаңыз – сыңсыған сомадай ұл-қыздары. Айырбас, қызу саудалас,

алдау-арбау қоқан-лоқы – бәрі сонда. Саудаға мектеп оқушылары өте белсен-

ділік көрсетуі – бізді қатты мазасыздандыруы тиіс. Тағы да Абайға жүгінеміз.

Тағы да сана сарайымызды Авгийдің атқорасындай Абай ұлағаты арқылы

тазалап алу керек. Бәз-баяғы 3-ші қарасөзге ораламыз, «Мұның бәрі төрт аяқ-

ты малды көбейтеміннен / бұны байлық деп түсініңіз / басқа ойының жоқты-

ғынан, өзге егін, сауда, өнер, ғылым секілді нәрселерге салынса, бұлай болмас

еді... Ол мал /байлық тағы да / көбейсе малшыларға бақтырмақ, өздері етке,

қымызға тойып, сұлуды жайлап, жүйрікті байлап отырмақ... Кезегі көп болса,

ақысы кем болар еді, малдан айырылғандар көбейсе, қыстаулы болар еді деп,

әуелде ішімізден қас сағындық. Әрбірден соң сыртымызғ шықты, жауластық,

дауластық...

Байлықта, сірә, алтын секілді. Бойыңа кіріп, қаныңа сіңіп алған соң

ырық бермейді екен. Араны ашыла түссе – арамы мен адалды қатар қылғы-

тады. Енді қайттік, құдай беріп тұрғанда байлық пен дәулеттен неге қашпақ-

пыз?! Жоқ, ағайын, Абай – халық данышпанының бұған да жауабы бар.

Суреткердің 33-ші ғақлиясын әрбір дәрісхана – ғимарат маңдайшасына алтын-

мен зерлеуге лайық: «Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал

жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қол өнерші –

қазақтың әулиесі сол». Бұл қарасөз жоғары сынып жетекшілермен қазіргі

қоғам өміріндегі қосжарма пікірлерді дұрыс ажыратуға, әлеумет өміріндегі

сорақылықтардың бет пердесін жұлуға көп көмектеседі. Сонау тоқырау зама-

нын сынай бастасаң болды: «...Қой, сен, ол қой үстіне бозторғай жұмыртқала-

ған заман болды ғой» деп таласа кетер еді. Шынында солай ма екен, қайдам,

меніңше бүкіл бір мезеттік молшылық шылги алдау арқылы жасалған емес пе?

Байлығың – жойқын қару жасауға, шет жұрттың құлқысын байытуға аяусыз

жұмсалады, өзің тілің дініңнен айырылып қала жаздадың. Сайын далаңда атом

айдаһары күркіреп, теңіз ғайып болып, піл сауырлы құйқалы жерің парша

бола жаздады.

Абай – ұлы философ

Абай.Осынау ұлы есім бүкіл бір халықтың күллі рухани қазынасын өз бойына

сыйғызып тұрған ерекше тұлға.Алғашқы өнер баспалдығын өлеңмен өрген ұлы

жан кемелдене келе ақындықтан кемеңгерлікке бой ұрды.Барша мәдениет тари-

хына көз жүгіртсек, сабақтасып, көркем келісіммен / гармониямен / үзілмей

дамып келе жатқан ғажайып заңдылық бар.Қараңызшы, немістің ұлы ақыны

Гете өмірінің соңғы кезінде философиялық еңбектер жазды.Орыстың Лев

Толстойы «Өсиет» және «Өмір», «Сенім туралы» атты философиялық трактат-

тарын әлемге әйгілі «Соғыс және бейбітшілік», «Анна Каренина» атты роман-

дарынан кейін өмірге келтірді.Рабиндранат Тагор «Садхана» деген филосо-

фиялық шығармасын жасы ұлғайған шақта жазып бітірді.Мұндай жай дүние

жүзінде саусақпен санарлықтай ғана.Осы қатарға қазақ ақыны Абай келіп

қосылады.Ол өзінің қырық бес тараудан тұратын философиялық трактаттарын

өмірінің соңғы жылдарында, әбден толысқан шағында, кемелденген кезінде

жазды.

Дүние жүзінде философтар баршылық қой.Ал ақын,жазушылардан шыққан



философтардың жөні бір бөлек.Жазушының аты жазушы.Ол - өмірдің өзі, өмір-

дің өзегі, тірліктің тамыры.Жазушы халқының қаны, жаны.Сондықтан оның

жазғандарын басқаларға қарағанда халқы қалт жібермей қадағалап оқиды.

Ақын Абай халқына әбден әйгілі болғаннан соң философияға бет бұрады.

Философиялық трактаттарының «Бірінші сөзінде» ақын «Ақыры ойладым:осы

ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек

қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын. керегі жоқ

десе өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір

жұмысым жоқ» - дейді.

Міне, осылай бастаған философиялық парасатты ойларын ақын қалай жазды,

нені мақсат тұтты деген сауал сезімді мазалай береді.Ұлы ойшыл бізге мәңгілік

мұра етіп қалдырған осынау философиялық трактаттарын оқыған сайын жаңа

бір дүниеге кіргендей боласың.Жаның жайлауда жадырап, жүргеніңде жаз

орнап,ойың өріс тауып,көңілің көз жеткісіз кеңдікке тап боладыАқынның теле-

гей теңіз ақылына бас иесің.

Поэзияда жаңашыл ақын философияда да жаңашылық танытады.

Ұлы Абай шығармаларының мән-мағынасына үңілсек, ол өз творчествосының

үш саласында – поэзияда, аудармада жаңашыл болғаны сияқты, философияда

да жаңашыл философ болды.Абай философиясының жаңашылдығы неде?

Бір сөзбен айтсақ, Абай философияда алғашқылардың бірі болып өз халқының

өмірлік проблемаларын алға қойды.Өзіне дейінгі философтардан Абайдың өзге-

шелігі осы.

Қазақ тіршілігіндегі сан түрлі қайшылықтар, адам мінезіндегі оғаштықтар,

жамандық пен жақсылық, жалған мен шындық, тек қазаққа ғана тән керенау да

кертартпа мінез – осының барлығы ақын жанын мазалап, жыр жолына түсті.

Немесе философиялық аспектіде қаралап, ақылмен аршылап, оймен екшеліп,

сыр болып шертілді.Кейде, тіпті, ащы тілмен ашына айтуға мәжбүр болды ұлы

ойшыл.


Қазақ топырағында тұңғыш рет ол өз бойымыздағы кемшілігімізді өзімізге

айтып, ой-санамызға түрткі салды..Ол өзінің «Үшінші сөзінде» қазақтың сарт-

тан, ноғайдан, орыстан төмендігін айта келіп: «Мұның бәрі төрт аяқты малды

көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан, өзге егін егіп, өнер, ғылым – солар

секілді нәрселерге салынса, бұлай болмас еді.Әрбір мал іздеген малым көп

болса екен дейді.Ол мал көбейсе, малшыларға бақтырмақ, өздері етке, қымызға

тойып, сұлуды жайлап, жүйрікті байлап отырмақ».

Күллі тірлікте ұлы ойшылдың көз алдынан, ой елегінен өтпеген бірде-бір

құбылыс жоқ.

Сырмақ қып астына,

Байының тоқымын,

Отының басына,

Төрінің қоқымын,- деп салақ әйелдің үй ұстауын сынаған ақын ел

басқару биігіне дейін көтеріліп: «Бұл билік деген біздің қазақ ішінде әрбір

сайланған кісінің қолынан келмейді.Бұған бұрынғы «Қасым ханның қасқа

жолын, Есім ханның ескі жолын», Тәуке ханның Күлтөбенің басындағы күнде

жиын болғанда «Жеті жарғысын» білмек керек»,- дейді.

Қазақтың рухани тарихында Абай бірінші болып философиялық категория-

ларды ел өміріндегі әр алуан тіршіліктен көре білді, оны тілдік қорымызға енгіз-

ді.Оның алғашқылары «жанқұмары», «жантамағы» деген категориялар еді.

Мысалы, Абайша жас баланың «анау не, мынау не?»,- деп сұрауы, көргеннің,

естігеннің бәрін сұрап білгісі келетіндігі – жанқұмары.Ал мал жинау, қазына

толтыру, дәулетке кенелу – жантамағы. / «Жетінші сөз» /

«Он жетінші сөзде» Абай бөлек стиль қолданып, оқушысына ғибратты аңыз

айтады.Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі әрқайсысы өз қасиеттерін айтып, әрқайсысы

бәріңнен мен артықпын деп күресіп, ақырында ғылымға келіп жүгінеді.Сонда

ғылым тұрып: «Үшеуің басыңды қос, жүрекке билет»,- депті.Осы ойын ұлы ақын

өлеңмен де жазып, былай келтіреді:

Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті,

Ыстық қайрат,нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Демек, осыдан шығатын ой – ұлы Абай поэзиясында да философиялық катего-

рияларды молынан пайдаланып отырған ғой. Мысалы:

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол.

Адам болам десеңіз,

Тілеуің, өмірің алдында,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ,

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой,

Бес асыл іс көнсеңіз.

Абайдың философиялық трактаттарының ішіндегі ең көлемдісі «Отыз сегізінші

сөз».Мұндағы негізгі мәселе – махаббат. «Махаббатсыз дүние бос қайуанға оны

қосыңдар» -деген өлең жолдарын ол неді философиялық аспектіде талдап:

«Махаббат әуелі адамның адамдығы.Талап, ұғым махаббаттан шығады.Қашан

бір бала ғылым-білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты

адам болады»,- дейді.

Осы ойын одан әрі жалғастыра түскен ойшыл Абай:

«Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар.Сонан қашпақ керек.Әуелі –

надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық деп білесің»,- деп жазды.

«Қырқыншы сөз» түгелдей сұрақтан тұрады.Философ ақын мұнда өзінің

көкейтесті ойларын ортаға салып, сырласқысы келеді.Мысалы:

Елді пысық билегісі келетіні несі?

Кеселді кісі өр келетіні несі?

Кедей кісінің кер келетіні несі?

Нәпсісін тиып, бойын тоқтатқан кісінің жаман атанып, мақтанға еріп, пәле

шығарған кісі мықты атанатынынесі?

Адам мінезіндегі осындай мәңгілік мың құбылмалы бұрылыстарды тап басып

айтқан сұрақтары күні бүгін де жаңаша естіледі.Дәл бүгінгі адамға да осындай

сұрақтар қоюға болады.

Бұдан соңғы сөздерінде Абай тән, жан, қуат, сезімталдық, мақтаншақтық,

пайдакүнемдік, жеңілдік, салғырттық сияқты философиялық категорияларды

қазақтың сөздік қорына енгізіп, терең интерпртация жасайды.Әсіресе,

«Қырық үшінші сөзде»:

«Өлшеуін білмек – бір үлкен керек іс.Ойланбақ жақсы, іске тіпті

салынып кеткен кісі ойын билей алмай, қиялы болып та кеткен болады.Ішпек,

жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жинамақ, мәнсап

іздемек, айлалы болмақ, алданбастық – бұл мәселелердің бәрінің де өлшеуі бар

Өлшеуінен асса боғы шығады»- деп түйеді ол.Бұдан кейін де «ашуланшақтық,

өтірікшілдік, маскүнемдік, құмарпаздық сияқты нәрселерді тиятын, пайда,

залалды аыратын ақыл еді ғой, ақыл мен құатты тең ұста»- деп кеңес айтады.

Соңғы «Қырық бесінші сөзінде» Абай:

«Адамшылықтың алды – махаббат. ғаделет, сезім.Бұлардың керек емес жері

жоқ» - деп аса терең ғибратты трактаттарын аяқтайды ұлы ойшыл.

Бір қызығы ақын Абай мен философ Абай үнемі жарыса, жараса сөйлеп

отырады. Ақын Абай өлеңдерін философиялық оймен өрнектесе, философ

Абай ойын поэзия тілімен парасатты пайымдайтын сияқты. Мысалы:

Бір күйгізіп, сүйгізіп,

Ескі өмірді түргізер.

Өмір тонын кигізіп,

Жоқты барғып жүргізер.

Есіткендей болады,

Құлағым ескі сыбырды.

Ескі ойға көңілім толады,

Тірілтіп өткен құрғырды.

Ішіп терең бойлаймын,

Өткен күннің уларын.

Және шын деп ойлаймын,

Жұрттың жалған шуларын.

Абай – адамзаттың мәңгілік мұғалімі, ұлағатты да ұлы ұстазы. Абай творчест-

восының топырағы жылдар зымырап өткен сайын құнарлана түседі.Ал әрбір

жаңа ұрпақ мұрасына құмарлана түседі.Абай ғмол ғұлама.Абайдың өзі бүкіл

бір ғылым.Сондықтан, Абайды жаңашыл ұлы философ ретінде зерделі зейін-

мен тереңдей зерттеу болашаққа да парыз.



тест сауалдары

1.1845 жылы Семей облысында туған қазақтың ұлы ақыны.

а) Мұхтар Әуезов ә)Ыбырай Алтынсарин

б) Абай Құнанбаев в)Мағжан Жұмабаев

2. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы.

а) Жамбыл ә) Абай

б) Мағжан в) Сұлтанмахмұт

3. «Ақ киімді денелі, ақ сақалды

Соқыр мылқау танымас тірі жанды» - деген өлең жолдарының авторы және қай өлеңнен?

а) Абай. «Қыс»

ә) Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»

б) Төлеген Айбергенов. «Аппақ қыс»

в) Абай Құнанбаев. «Қысқы кеш»

4. «Қыс» өлеңінде Абай қысты кімге теңеген?

а) жас жігітке ә) ақ сақалды адамға

б) кішкентай балаға в) бәйбішеге

5. Қыста ғана болады,

Ұстасаң, қолың тоңады –деген жұмбақтың жауабы.

а) жаңбыр ә) шық

б) қар в) бу

6. «Масаты» сөзінің аудармасы.

а) палас ә) ковер

б) дорожка в) вышивка

7. Ата – анадай не елжірейді?

а) күннің көзі ә)судың беті

б) айдың сәулесі в) қыздың жүрегі

8. «Ұшып жүрген гүл көрдім,

Қонғанда ұстап үлгердім» жұмбағының жауабы.

а) құс ә) инелік

б) көбелек в) жұлдыз

9. Абайдың тәрбиесіне ықпал еткен адам.

а) Балғожа ә) Бекен

б) Зере в) Айғаным

10. «Жазғытұры» өлеңіндегі су қалай ағады?

а) бұрқырап ә)сарқырап

б)бұраңдап в) жылт-жылт етіп

тест сауалдары



1.1845 жылы Семей облысы Шыңғыстауда туған ақын.

а) Мұхтар Әуезов ә) Абай Құнанбаев

б) Шәкәрім Құдайбердіұлы в) Мағауия Абайұлы

2. Абайдың әжесі.

а) Ұлжан ә) Айғаным

б)Зере в) Әйгерім

3. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы.

а) Мағжан Жұмабаев ә) Ыбырай Алтынсарин

б)Абай Құнанбаев в) Ахмет Байтұрсынов

4.Абайдың анасы.

а)Зейнеп ә) Барлас

б) Ұлжан в) Нұрғаным

5. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі бес асыл істің бірі.

а) махаббат ә) еңбек

б) менмендік в) тәқаппарлық

6. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде Абай не деген?

а) өнер таппай қуанба

ә) ғылым таппай мақтанба

б) ақша таппай шаттанба

в) мал таппай мақтанба

7. «Талап» сөзінің аудармасы.

а) продвижение ә) стремление

б) развитие в) труд

8. Адам бойындағы ең үлкен қазынаның бірі.

а) байлық ә) білім

б) бақыт в) мақтаншақтық

9. Жақсы адам болу үшін қай қасиет керек емес?

а) білім ә)өнер

б) өсек в) ғылым

10. «Ебек» сөзінің аудармасы.

а) жизнь ә) стремление



б) труд в) здоровье
Каталог: FF5538CCA0084C83
FF5538CCA0084C83 -> Күні: 19. 02. 2016жыл Сыныбы
FF5538CCA0084C83 -> Сынып: 8 «А» Сынып жетекшісі: Шерғозы Фариза Мәлікқызы Мақсаты: "Адам құқығы" деген не екенін түсіну
FF5538CCA0084C83 -> «Бекітемін» мектеп директоры: Н. Меркер тақырып: «Тіл тағдыры – ел тағдыры»
FF5538CCA0084C83 -> Сайыстың мақсаты Сайыстың жоспары
FF5538CCA0084C83 -> Сабақ №: 171 Пәні: Математика Мұғалім: Шерғозы Фариза Мәлікқызы
FF5538CCA0084C83 -> Сабақтың мақсаты : Білімділігі : өткен сабақтардан алған күз мезгілі туралы білімдерін тиянақтау
FF5538CCA0084C83 -> Сабақ жоспары Күні: 09. 02. 2017 жыл Өткізілетін орны
FF5538CCA0084C83 -> «Еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақтың болашағы бүгінгі мұғалімнің қолында»
FF5538CCA0084C83 -> Сабақтың тақырыбы: Көп мағыналы сөздер
FF5538CCA0084C83 -> Сабақтың тақырыбы: Рухани астана


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет