Абай Құнанбаев Орындаған: Сыдыкова Г



Дата26.06.2018
өлшемі0,81 Mb.
#44705
  • Орындаған: Сыдыкова Г.
  • Жетекші: Рахимбаева А. А.
  • Абай    Құнанбаев    1845 жылы   бұрыңғы Семей   уезі, Шынғыс   болысында   (қазіргі       Шығыс   Қазақстан   облысы, Абай   ауданында)   дүниеге         келген. Абайдың әкесі Құнанбай   Қарқаралы   уезіне   аға сұлтан болған. Абай әуелі ауылда Ғабитхан деген татар молдасынан мұсылманша   хат   таниды. Абайды   әкесі   он жасында         Семей   қаласындағы   Ахмет  Ризаның   медресесіне   оқуға береді. Ол   бос   уақытында Шығыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Навои, Физули, Фирдоуси шығармаларын өз бетімен оқып, ертегі, дастан, хисса сияқты әдеби мұралармен танысады.
  • Абай медреседе небәрі үш-ақ жыл оқиды, соңғы жылдары өз бетімен «приходская школаға» түсіп, орысша да оқиды. Бірақ мұндағы оқу ұзаққа бармайды. Жасы 13-ке келіп, ерте есейіп, ақыл-ойы тола бастаған шақта өткір, зейінді Абайды әкесі Құнанбай ел билеу ісіне араластырып тәрбиелемек болып, оны оқудан елге алып кетеді.
  • Жазушы
  • Қоғам
  • қайраткері
  • Ақын

Абай XIX ғасырдың 90-жылдары өзінің ой толғаныстарын қара сөздермен жазған. Өз шығармасын қара сөзбен жазудың публицистикалық түрінің негізін қалаушы Шоқан болса, көркем қара сөз қазақтың көркем жазба әдебиеті тарихында Ы. Алтынсариннен басталады. Одан әрі қарай дамытушы Абай болды. Абайдың қара сөздері — көркем әңгіме емес, ғақлиялық даналық сөздер. Онда ғылыми философиялық толғаныстар кең орын алған. Абай қара сөздерді жазуға зор дайындықпен келген. Ол бұл еңбектерін діни сопылық-теологиялық ғылымды да, жаратылыс заңдарын ашқан Галилей, Коперник, Спенсер, Ньютон, Пифагор, Дарвин еңбектерін де, ертедегі философ ғылымдар Сократ, Аристотель, Платон шығармаларын да, Шығыстың ойшылдары — Фирдоуси, Шамси, Қожа Хафиз, Бабыр, т.б. еңбектерін де оқып, ақыл-парасаты әбден толықсыған шағында жазуға кіріскен. Ол қара сөздердегі келтірілген терминдік атаулар мен сілтемелерден немесе ой-пікір үндестігінен байқалады.

Абайдың поэтикалық шығармалары мен қара сөздері пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық және педагогикалық ой-пікірлерге толы. Абай түсінігінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмір сүреді. Біздің түйсігіміз бен қабылдауымыз, түсінігіміз айналадағы ақиқат шындық өмірдің сәулесі ғана.

Абай

Қазақтың классик жазушысы Әуезовтың бас кітабы-”Абай жолы” ұлы ақынға арналған.1993 жылы ”Абай жолы” эпопеясы дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған.

Абайдың шығармалары

  • Ғылым таппай мақтанба
  • Интернатта оқып жүр
  • Пайда ойлама, ар ойла
  • Жасымда ғылым бар деп ескермедім
  • Әсемпаз болма әрнеге
  • Жазғытұры
  • Жаз
  • Күз
  • Қыс
  • Желсіз түнде жарық ай
  • Қансонарда бүркітші шығады аңға
  • Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы
  • Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
  • Кұлақтан кіріп, бойды алар
  • Өзгеге, көңілім, тоярсың
  • Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай
  • Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол
  • Білімдіден шыққан сөз
  • Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы
  • Сап, сап, көңілім, сап, көңілім

Ақынның өз балалары:

  • Абай
  • Ділдәдән
  • Әйгерімнен
  • Ақылбай, Әкімбай
  • Әбдірахман,Райхан
  • Тұрағұл, Мекайыл
  • Ізкәйіл, Кенже
  • Талантты балалары:
  • Әбдірахман,Мағауия,
  • Тұрағұл,Мекайыл
  • Күлбадан
  • Мағауия

1891 жылдан бастап Абай басына ауыртпалық түсіп, бір-біріне ұласқан қайғы бұлты ашылмай қояды. Осы жылы ақынның сүйікті інісі Оспан жарық дүниеден өтеді. Одан кейін орысша әскери білімі бар, үлкен үміт күткен баласы Әбдірахманнан айырылады.

Бұлардың қазасының ақын жанына қандай батқаны оның осы тақырыпқа арнаған топтама өлеңдерінен айқын көрінеді. Сөйтіп жүргенде соңғы тіренішіндей болған дарынды ақын баласы Мағауия да қайтыс болды.

Осындай қабаттасқан қайғы қасіреттен күрт сынған Абай Мағауияның қазасынан кейін қырық күннен соң, өзі де дүние салады. Шыңғыстаудың ығындағы Жидебай мекенінде, інісі Оспанның жанына жерленеді.

Абайдың шығарған кітаптарының бірі

  • Абай Құнанбаевтын
  • әкесі
  • Абай оқыған Медресе
  • Анасы Ұлжан
  • Жас Абай
  • Абай және оның ұлы Мағауйя

Тыңдағандарыңызға рақмет!!!


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет