Қабылдаған: Арынова г алматы 2021ж Әліппеге дейінгі кезең



Дата23.09.2022
өлшемі18,27 Kb.
#150563
түріБағдарламасы
Байланысты:
Әліппеге дейінгі кезең
кору жане есту анализаторы, Қазақ фольклорының жанры мен түрлері, Гуманистік тәрбие жүйесі, Адамның өсу және даму заңдылықтары, Пропорция, Матем 1 РГР китап каз нов, Заманауи

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ

Орындаған: Гуншебай М
Қабылдаған: Арынова Г

Алматы 2021ж
Әліппеге дейінгі кезең
"Әліппеге" дейінгі кезең - сауат ашуға даярлық кезеңі. Оқушының жақсы сауаттылығы осы кезеңде жүргізілетін жұмыстардың тиімділігіне тікелей байланысты.
Даярлық кезеңге оқу бағдарламасы бойынша 14 сағат бөлінген. Осы аз уақыт ішінде мұғалімге коптеген жұмыс атқаруға тура келеді. Партада дұрыс отырып, дәптерді, қаламды дұрыс ұстап, дұрыс пайдалануға, мектеп ережелері мен күн төртібін орындап, мұғалімнің айтқанын мұқият тыңдауға, дұрыс сөйлеуге, "сөйлем, сөз, буын, дыбыс" ұғымдарын ұқтыратын, үйрететін кезең. Әліппеге дейінгі кезең жұмысын өткізу - мұғалімнен үлкен кәсіби шеберлік пен ізденісті талап етеді.
"Әліппеге" дейінгі кезеңнің оқу материалдары бала өмірімен байланыстыра ұсынылған. Негізгі тақырыптар: "Мектеп", "Мектеп мүліктері" "Оқу-құрал жабдықтары", "Денсаулықсақтау", "Көшелер дежур төртібі", "Құстар", "Жеміс-жидектер", "Отбасы", т. б. тақырыптар берілген.
Жеке суреттер балалардың тілін дамытады, сөздік қорын байытады, ауызша байланыстырып сөйлеуге үйретеді.
Оқушылардың "сөйлем", "сөз", "дыбыс", "буын" туралы алғашқы ұғымдары нақты мысалдар арқылы меңгертілуі тиіс.
“Әліппеге” дейінгі кезеңде, негізінен, оқушылардың бұрыннан қалыптасқан сөйлеу дағдыларына сүйеніп, оларға мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен сөзді, сөзден дыбысты бөлгізу жұмыстары жүргізіледі. Бұл кезеңде балалардың тілін дамыту сөздерді байланыстырып сөйлету арқылы іске асырылып, оларға сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы түсінік беріледі.
“Әліппеге” дейінгі кезеңде заттарды тегіне, түріне, т.б. белгілері бойынша балалардың сөздік қоры жүйеленеді. Бұл кезеңдегі басты міндет – оқушыларға байланыстырып сөйлеу дағдысы арқылы оларға сөйлемнің, сөздің, дыбыстың ерекшеліктері туралы ұғым беру.Даярлық кезеңі – сөйлеммен танысу: сөйлеуді – сөйлемдерге, сөйлемді – сөздерге, сөздерді – буындарға, буынды – дыбыстарға бөлуді үйрету, яғни, талдау-жинақтау әдісі арқылы жүргізіледі.
Дыбыстар, олардың рөлі, дыбыстық құрылысы әр түрлі сөздерді талдау, дауысты және дауыссыз дыбыста, олардың естілуі мен айтылуындағы ерекшеліктер, жуан және жіңішке, дауыссыз дыбыстардың, айтылуымен естілуіндегі ерекшеліктер.
Қолды жазуға дағдыландыру: сурет салу, сызықтарды сызу, ою-өрнек, имек жиектер жасау, ирек сызықтар сызу, кіші өрнектердің элементтерін жазу, жазу техникасының ережелерімен танысу, әріп элементтерін сызық бойымен жазу, жазу кезеңінде дұрыс отыру, дәптер бетін бағдарлау, т.б.
“Әліппені” оқу кезеңінде оқушылардың нақтылы дыбыстарды оқытып, таңбасын жазуға үйретуде, сөздік жұмыс бірінші кезекке шығады. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты принципі – оқушылардың лексикалық материалды меңгеріп, оны сөйлеу тілінде қолдана білу. Сөздік жұмысын жүргізудің ұтымды жағы оқушыларға жаңа сөзді меңгертуде сөзді зат есім, сын есім, есімдік формасындағы сөйлемдерден беру. Мысалы: Бұл – үй. Бұл – үлкен үй. Бұл – қызық кітап, т.б. Сөздік жұмысы сабақта арнайы сабақ болып жүргізіледі. Әліппені оқытқан кезде оқушылардың жалпы ой-өрісін, тілін дамытуға арнайы көңіл бөлінеді. Бұл кездегі тіл дамыту үш түрлі салада жүргізіледі: сөздік жұмысы, сөйлем құрастыру, байланыстарып сөйлеуге үйрету. Сөздік жұмысын жүргізуде екі түрлі мақсат алға қойылады: бірі – оқылған сөздің мағынасын түсіндіру, сол арқылы оқушыларды саналы оқуға баулып, ойлау қабілетін жетілдіру, екіншісі – жаңа сөздер үйрету арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту. Сөйлем құрастыруға үйрету, оқушыларды өз ойын дұрыс құрылған сөйлемдер мен жүйелі айтып немесе жазып баяндауға даярлайды.
Сабақ барысында сауат ашуға байланысты аса қажетті педагогикалық талаптар мұқият орындалуы тиіс. Ондай талаптардың негізгілері мыналар:
1. Мұғалімнің сөзі, оқу материалдары баланың жас ерекшелігіне сай түсінікті болуы тиіс. Оқу материалдарының бәрі де бала үшін өте жеңіл болу керек. Оқыту барысында – балаға шамасы жетпейтін аса қиын тапсырмаларды ұсынбау.
Сауат ашу кезеңіндегі негізгі оқу материалдары: жеке сөздер, сөз тіркестері, шағын сөйлемдер. Сөз балаға таныс және дыбысталу жағынан жеңіл болса, оны оқуда, жазу да қиын болмайды. Оқушыларға сауат ашу кезеңінде нақты ұғымды білдіретін сөздер ұсынылады.
2.Көрнекілік.Сауат ашу сабақтарында қойылатын негізгі педагогикалық талаптардың бірі – көрнекілік. Бұл – бастауыш мектептің тәжірибесінде бұрыннан қолданылып келе жатқан дәстүрлі әдіс. Бастауыш сыныптарда сабақтардың бірде-біреуі де көрнекіліксіз өткізілмейді. Сауат ашу сабақтарында қолданылатын қима әліппе мен кестелер, схемалар, ойыншықтар, түрлі заттық үлгілер, плакаттар, оқу-техникалық құралдар, түрлі дидактикалық материалдар сабақ сапасын арттырады.
Көрнекі құралдарды тиімді пайдалану – мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылық жұмыс жүргізу дәрежесіне байланысты.
3. Оқу материалдарының білімділік және тәрбиелік мәні. Сауат ашу сабақтарында оқушылардың жалпы білімін, ой-өрісін дамытуға аса қажетті мағлұматтармен тәрбиелейтін оқу материалдары ұсынылады.
Талдауға арналған жеке сөйлемдер мен сөздер білім мен тәрбие беру талаптарына сай болуы керек.
4. Жеке-дара жұмыс. Әрбір оқушымен жеке-дара жұмыс – сауат ашу жұмысына қойылатын басты талаптардың бірі. Мектепке балалар түрлі дхбжмизьайындықпенл келеді. Ойыннан мектептегі ой еңбегіне ауысқан балалардың өзіндік ерекшеліктерін мұқият есепке ала отырып, мұғалім әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізеді. Онсыз мектеп бағдарламасының барша балаға бірдей білім беру талабын ойдағыдай орындау қиын болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет