Қабылдау емтиханының бағдарламасы



Дата29.01.2018
өлшемі177,19 Kb.
#35833


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы

ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
6М072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша

Павлодар


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті






Бекітемін

С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры

___________ Өрсариев А.А.

20__ж. «___»_____________



6М072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша


ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАННЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарлама ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 Қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары негізінде әзірленген
Құрастырушы/лар: _______ х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Колпек А. К.

______ х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Масакбаева С. Р.


Химия және химиялық технологиялар кафедрасы

Химия және химиялық технологиялар кафедрасы отырысында ұсынылған, 20___ ж. «___» _________ № ___ хаттама


Кафедра меңгерушісі ________________ Колпек А. К. 20__ж. «____» ________

Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеті оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған 20___ ж. «___» ____________ № ___ хаттама


ОӘК төрағасы ___________ Буркитбаева У. Д. 20___ ж. «___» __________

КЕЛІСІЛДІ:

Факультет деканы ___________ Ахметов К.К. 20___ ж. «___» __________


1 Емтиханды өткізу мақсаты мен міндеттері
Магистратураға түсу үшін емтиханның қабылдау мақсаты – бұл үміткерлердің білім деңгейі мен оқуға деген құштарлықтарын анықтайды.

Емтиханды қабылдау міндеттері:



  • мамандықтың сұрақтары бойынша үміткерлердің құзыреттілігін анықтау;

  • кәсіби қызметтің білімін оқыту және ынталандыру құзыреттіліктерін анықтау;

  • магистратураның оқыту үрдісінде ғылыми, өндірістік және инновациялық өздік әрекетіндегі болашақ магистранттың дайындығын анықтау.


2 Емтиханды ұйымдастыру және өткізу әдісі
Емтиханды тапсыру ҚР БҒМ бекітілген күнімен және грифімен өткізіледі. Мамандық бойынша емтиханды қабылдау кешенді емтихан (КЕ) және аралас түрде (компьютерлік тестілеу – жазбаша (эссе) немесе компьютерлік тестілеу – питч) үш тілдің (қазақша, орысша, ағылшынша) бірінде бірнеше тілдік оқыту концепциясы бойынша қабылданады.

Емтиханды қабылдау кезеңі видеокамераға түсіріледі.

Емтиханды өткізу кезіндегі болжамды уақыты:

- компьютерлік тестілеу – 45 минут (30 сұрақ – 1 сұраққа 1,5 минуттан);

- жазбаша емтихан – эссе (30 мин);

- питч – ауызша 2-3 мин, сұрақ-жауап 2 мин.

Компьютерлік тестілеуге магистратураға түсетін барлық үміткерлер кіреді, емтиханның екінші бөлімі оқыту траекториясы бойынша жоспарланған модульдік оқыту бағдарламасы бойынша жеке өткізіледі.

Оқытудың 2 траекториясы жоспарланған.






Оқыту траекториясының атауы

Емтиханды қабылдау түрі

1

Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы (ғылыми-педагогикалық)

Аралас (компьютерлік тестілеу + жазбаша (эссе))

2

Кәсіпкерлік (Start Up - магистратура)

Аралас (компьютерлік тестілеу + питч)

Емтиханды өткізу барысындағы аралас (компьютерлік тестілеу + жазбаша) түрдегі емтиханды қабылдау:



  • компьютерлік тестілеу – мамандық бойынша 30 сұрақ, кәсіби әрекетпен байланысты сұрақтар бойынша үміткерлердің құзыреттілігін анықтау;

  • жазбаша бөлімі – эссе, оқуға және ғылыми-зерттеу әрекетіндегі ынтасын анықтау.

Емтиханды өткізу барысындағы аралас (компьютерлік тестілеу + питч) түрдегі емтиханды қабылдау:

Питч сұрақтарға жауап беру (презентациямен 3 мин баяндама және 2 мин комиссияның сұрақтарына жауап беру), химиялық өндіріс, қоршаған ортаны қорғау, ғылыми және техникалық стартап-жобалар идеясын анықтау және оның коммерция тұрғысында іске асыру.



Қабылдау комиссиясының қызмет саласы мен құрамы. Мамандық бойынша емтиханды қабылдау комиссиясы (ҚК) қабылдайды, ол университеттің ректорымен бекітіледі, қабылдау комиссиясының құрамына төраға және үш комиссия мүшелері, соның ішінде екеуі химия ғылымдарының докторы болуы қажет. Комиссия жұмысына факультет деканы (ХТжЖ), университеттің арнайы кафедрасы (Химия және химиялық технологиялар), бизнес-қауымдастықтардың өкілдері, әртүрлі ұйымдар өкілдері және комиссия хатшысы болады.

Комиссияның қызметтік саласына кіреді:



  • мамандықтың сұрақтарындағы үміткерлердің құзыреттілігін анықтау;

  • кәсіби қызметтің білімін оқыту және ынталандыру құзыреттіліктерін анықтау;

  • магистратураның оқыту үрдісінде ғылыми, өндірістік және инновациялық өздік әрекетіндегі болашақ магистранттың дайындығын анықтау.

Емтиханды жоғарыда жазылған қабылдау комиссиясы видеокөшірмесі бар арнайы компьютерлік аудиторияда немесе бекітілген аудиторияда өткізеді.

Емтиханды өткізу барысы:



  • үміткер емтиханға аталған күні, аудиторияға белгіленген уақытта келеді;

  • ҚК мүшелерінің рұқсатымен өзінің орнын алады (компьютердің орнын/жауап беттерін алады;

  • үміткер жауап бетінде өзінің атын, тегін, әкесінің атын, әрі қарай оқуға өзі таңдап алған оқыту траекториясын немесе мамандығын жазады;

Эссе үшін:

  • Үміткер 30 мин ішінде эссе жазады (жазған жауабы ұғымды болу керек, соның ішінде кесте, формула, схема және т.б. болуы мүмкін.), ал аралас емтихан түрінде питч түрінде баяндама жасауға дайындалады;

  • барлық жазған жауаптары 3-4 беттен аспау қажет;

  • үміткер жазған жауаптарының әрбір бетіне өзінің қолын қояды және де оны қабылдау комиссиясының хатшысына тапсырады.

  • емтиханның жазбаша бөлімінен кейін питч уақыт кестесі бойынша сол аудиторияда жүргізіледі. Питчті тапсыру түрі: үміткер 3 минут ішінде баяндама жасайды, содан кейінгі 2 минутта комиссияның қойған сұрақтарына жауап береді. Үміткердің питчті қорғауда және бағалауда, бір үміткер және комиссия мүшелері ғана отырады.


3 Білімді бағалау
ҚК мүшелері түсушілердің білімдері мен потенциалын балдық-рейтингтік жүйе бойынша бағалайды.

Түсушілердің ҚЕ тапсырғандағы білімдерінің бағалау шешімін, комиссия мүшелерінің дауыс беру жүйесі арқылы жабық отырыс шешімімен қабылданады. Дауыстардың теңдей қорытындысында ҚК төрағасының дауысы негізгі болады. Комиссияның барлық отырыстары протоколдармен рәсімденеді. Протоколды шығарушы кафедраның оқытушылары арасында тағайындалатын ҚК хатшысы толтырады. Хаттамада білім бағасы, ҚК ерекше ойлары және т.б. жазылады. ҚК нәтижелері университеттің ақпараттық стендінде емтихан тапсырған күні ілінеді.

Түсуші бағаларымен келіспеген жағдайда ережелерге сәйкес апелляцияға бере алады.
4 Білімді бағалау критерийлері
Баға 100 балдық шкала бойынша анықталады. Қабылдау емтиханы бойынша қорытынды баллдар кестеге сәйкес цифрлық эквивалентке, әріптік және қалыпты бағаға аударылып, емтихан ведомостыне жазылады.

Баллдық қорытынды баға (Қ)

Балдың цифрлік эквиваленті

(Ц)


Әріптік жүйедегі баға (Ә)

Қалыпты жүйедегі баға (Қ)

Емтихан, диф. сынақ

Сынақ

95-100

4

А

Өте жақсы

Қабылданды

90-94

3,67

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

Қанағаттанарлық

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

0-49

0

F

Қанағаттанарлықсыз

Қабылданбады


5 Перечень дисциплин, включенных в программу экзамена

Қабылдау емтиханы бағдарламасына енгізілген пәндердің тізімі 1-кестеде көрсетілген.


1-кесте – Емтихан бағдарламасына енгізілген пәндер тізімі




Оқыту траекториясының атауы

емтихан қабылдау түрі

Дисциплины вступительного экзамена

1

Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы (ғылыми-педагогикалық)

тестлеу

- Бейорганикалық химия

- Жалпы химиялық технология

- Физикалық химия


2

Кәсіпкерлік (Start Up - магистратура)

тестлеу

- Бейорганикалық химия

- Жалпы химиялық технология



6 Емтиханға дайындалуға арналған тақырыптар тізімі

6.1 Эссе және оны жазу әдістемесі
Тапсырма (максимальды сөз саны – 300):

Магистратурада оқу барысында өзіңіздің ғылыми-зерттеу жұмысыңыздың бағытын қалай көресіз?

Эссе құрылымы А Қосымшасында келтірілген.



Эссе жазу әдістемесі

Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium – құрау ) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін.

Эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры. Әдебиеттегі Эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білетін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қо-нымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән.

Эссе бірнеше бөлімдерден тұрады:

- кіріспе, тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі көрсетіледі (жалпы текстің 10 %);

- негізгі бөлім, автор мәселе бойынша өзінің ойын білдіреді (жалпы текстің 80 %);

- Қорытынды, жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы (жалпы текстің 10 %).

Эссе автордың өз атынан жазылады. Тексты оқуды жеңілдету үшін мағыналы текстыны абзац арқылы бөліп, жаңа ойды жаңа жолдан бастайды.

Бұл жұмысты орындау үшін арнайы әдебиеттерді қарастырып, эссены жазу әдістемесінің ұсыныстарымен танысу қажет.
6.2 Питч және оны жазу әдістемесі
Тапсырма:

Таңдап алған салада өзіңіздің стартап-жобаңыздың ойын презентация ретінде ұсыныңыз.

Питч құрылымы Б Қосымшасында келтірілген.



Питчты жазу әдістемесі

Питч (Питчинг, pitch, pitching)ойды сатып алушыны қызықтыру немесе қаржының бағытын өзіне қарай алу мақсатында сөзбен (кейде визуальды) немесе презентация арқылы көрсету, немесе сценарийды сату. Жақсы жасалған питч 5-10 сөйлеммен ғана берілуі керек (5 минуттан көп емес).

Питч 3 минутқа жасалған презентациясы бар баяндамадан тұруы керек және комиссия мүшелерінің биология саласынан 2 минуттан тұратын сұрақ-жауабынан тұруы керек.

Бұл жұмысты орындау үшін арнайы әдебиеттерді қарастырып, эссены жазу әдістемесінің ұсыныстарымен танысу қажет.
7. Қабылдау емтиханына кіретін пәндер тізімі

- Бейорганикалық химия

- Жалпы химиялық технология

- Физикалық химия


8. Қабылдау емтиханы пәндері бойынша сұрақтар тізімі
Емтихан бағдарламасына еңгізілген пәндер

Бейорганикалық химия. Атом-молекулалық ілім, атомның электрондық деңгейлерінің құрылысы, периодтық заң және Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесі. Химиялық байланыстың түрлері, ерекшеліктері. Валенттік байланыс әдісі және молекулярлы орбитальдар әдісі. Химиялық термодинамика мен химиялық кинетиканың негіздері (активтендіру энергияны есептеу), химиялық тепе-теңдік, заттардың тепе-теңдік концентрациясын және тепе-теңдік тұрақтыларын есептеу. Электролиттер және бейэлектролиттер ерітінділері, Рауль заңдары, тотығу-тотықсыздану үрдістері мен электродтық потенциалдары, гидролиз, ортаның рН және гидролиз тұрақтыларын есептеу.

Электр тогының химиялық ток көзі: гальваникалық элементтер, катодты және анодты үрдістер, гальваникалық элементтің электр қозғаушы күші; аккумулятор. Нернст теңдеуі. Электролиз: балқыма электролитін электролиздегендегі катодты және анодты үрдістер, ерітінді электролитін электролиздегендегі катодты және анодты үрдістер. Фарадей заңы.

Периодтық жүйенің негізгі топша элементтері (s- және p-элементтер). s-элементтердің жалпы сипаттамасы. Сутегі, сілтілік, жер-сілтілік металдар. Табиғатта кездесуі. Алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері. Гидридтер, гидроксидтер, аллотропиялық түрлері. Элементы VIIА–IIIА групп. Элементтердің жалпы сипаттамасы. Табиғатта кездесуі. Алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері. Валенттілік, атомдардың тотығу дәрежелері. Жай заттардың физика-химиялық қасиеттері, алынуы және қолданылуы. Элементтердің маңызды қосылыстары, олардың құрылысы, физика-химиялық қасиеттері, алынуы және қолданылуы. Бір типті қосылыстардың салыстырмалы сипаттамалары. р-элементтердің химиясы: галогендер, күкірт, азот, мышьяк фосфор, көміртегі, бор және олардың қосылыстары. Кешенді қосылыстар. Вернердің координациялық теориясының негіздері және кешенді қосылыстар құрылысы жөнінде замануі түсініктері. Валенттік байланыс әдісі және и кристалдық өрісі теориясы.

Қосымша топша элементтерінің жалпы сипаттамасы. Ауыспалы металдардың химиясы. d- және f-элементтер құрылысының ерекшеліктері. Маңызды қосылыстары: оксидтері, гидроксидтері, галогенидтері, тұздары, пероксоқосылыстары. d-элементтер қосылыстарының химиялық қасиеттері. f-элементтердің жалпы сипаттамасы. Лантаноидтар мен актиноидтар: алыну жолдары, қасиеттері, қолданылуы. Ядерлік реакциялар. 5f-элементтерінің радиоактивтілігі. Трансуранды элементтердің синтезі. Қазіргі заманғы бейорганикалық химияның даму жолдары.



Физикалық химия. Химиялық термодинамика. Ерітіндідегі тепе–теңдік. Термодинамиканың негізгі түсініктері және анықтамалары.. Термодинамиканың бірінші заңы. Гесс заңы. Термохимия. Жылусыйымдылық. Химиялық реакцияның температурасына жылу мен жылусыйымдылықтың тәуелділігі. Термодинамиканың екінші заңы. Энтропия, оның әр түрлі процестерде есептеу әдістері. Функциялық сипаттамасы, табиғи айнымалалары. Жабық жүйе үшін тепе – теңдік шарттары мен негізгі теңдеулері. Ашық жүйе үшін тепе – теңдік шарттары мен негігі теңдеулері, химиялық потенциялы. Гомогенді және гетерогенді жүйедегі химиялық тепе – теңдік. Химиялық реакция және процесс бағытына изотерма теңдеуі. Масса сақталу заңы. Температураға тепе – теңдік константасының тәуелділігі. Принцип подвижного равновесия Ле-Шателье – Браун жылжымалы тепе – теңдік принципі. Статистикалық термодинамика элементтері. Классикалық және статистикалық термодинамиканың жалпы ерекшеліктері. Химиялық реакциялар мен идеалды газдардың тепе – теңдік константасының термодинамикалық қасиеттерін есептеу. Гетерогенді тепе – теңдік. равновесие. Гиббстің фазалық ережесі. Гиббстің фазалық ережесі. Бір-, екі және үш компонентті жүйелердің фазалық диаграммасы. Екі, үш сұйықтықтың өзара ерігіштігі.. Экстракция. Ерітінділер. Ерітіндінің химиялық және физикалық теориясы. Нақты ерітінділер. Бір-, екі және үш компонентті жүйелер аймағында практикалық фазалық диаграмманы пайдалану. Химиялық кинетика және электрохимия. Химиялық кинетиканың негізгі анықтамалары және түсініктері. Химиялық реакцияның механизмі. Тұйық жүйедегі гомогенді және гетерогенді реакцияның жылдамдығы. Химиялық кинетиканың негізгі заңы. Химиялық реакцияның молекулярлығы және реттілігі. Жабық жүйедегі формалды қарапайым гомогенді біржақты реакция кинетикасы. Химиялық реакцияның реттілігін және константа жылдамдығын анықтау әдістері. Күрделі реакция кинетикасы: қайтымды, параллелді, сатылы. Химиялық реакция жылдамдығына температураның әсері. Активация энергиясы. Аррениус теңдеуі. Химиялық кинетика теориясы. Белсенді қақтығыстар теориясы. Өтпелі күй теориясы (белсендірілген кешен). Фотохимиялық және тізбекті реакциялар. Гетерогенді реакция кинетикасы. Гомогенді және гетерогенді катализ негіздері. Каталитикалық реакцияның механизмі және кинетиксы. Электролитті ерітінділердің қасиеті және құрылымы. Ерітінділер теориясы. Электрохимиялық процестердің негізгі заңдары және заңнамалары. Электрохимиялық элементтің электрқозғаушы күші. Электродты потенциал. Электрохимиялық реакцияның термодинамикасы және кинетикасы.
Жалпы химиялық технология

Химиялық өндіріс. Химиялық өндірістегі процестердің иерархиялы ұйымдастырылуы, өндірістің тиімділігін бағалау критерийлері. Химиялық процестердің жалпы заңдылықтары, өнеркәсіптік катализ, химиялық реакторлар. Химиялық реакторлардағы процестердің негізгі математикалық модельдері, химиялық реакторлардағы изотермиялық және изотермиялық емес процестер, өнеркәсіптік химиялық реакторлар. Химия-технологиялық жүйелер(ХТЖ): ХТЖ құрылымы және сипаттамасы, ХТЖ синтездеу және талдау, ХТЖ шикізаттық және энергетикалық ішкі жүйесі. Химиялық өндірістегі энергия, маңызды өнеркәсіптік химиялық өндірістер.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Бейорганикалық химия

1.Бірімжанов Б.А. Жалпы химия. Дәуір. 2006 ж. 744 б.

2 Аханбаев К.А. Жалпы және анорганикалық химия. Алматы : Санат, 2005 ж. – 487 б.

3 Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. – Москва : Высшая школа, 2006. – 743 б.

4 Піралиев С. Ж. Жалпы химия. Алматы : 2003 ж. –380 б.

5 Шрайвер Д. Неорганическая химия. – М. : Мир, 2007. Т.2– 486 б.


Физикалық химия

1 Зимон А. Д. Физикалық химия. – М. : АГАР, 2006. – 317 б.

2 Линчевский Б. В. Физикалық химия. – М. : МГВМИ, 2009. – 255 б.

3 Тиноко И., Зауэр К. Физикалық химия. Принципы и применение в биологических науках. – М. : Техносфера, 2005. – 743 б.

4 Салем Р. Р. Физикалық химия. Термодинамика. – М. : ФИЗМАТЛИТ, 2004. – 350 б.

5 Рабухин А. И., Савельев В. Г. Отқа төзімді бейметалдар және силикатты қосылыстар физикалық химиясы . – М. : ИНФРА-М, 2009. – 303 б.


Жалпы химиялық технология

1 Ахбердиев Ә., Молдабеков Ш. М. Химиялық технологияның негізгі процестері және аппараттары, 1-ші бөлім. Алматы, 2008, РБК, 302 б.

2 Ахбердиев Ә. С. Химиялық технологияның негізгі процестері және аппараттары, 2-ші бөлім, Алматы, 2008, РБК, 183 б.

3 Павлов К. Ф., Романков П. Г.,Носков А. А. Химиялық технологияның процестері және аппараттары пәнінің мысалдары мен есептері (бірініші, екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы тарауларының қазақ тіліндегі аудармалары). Шымкент, 2010 ж.

4 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы: - Сайта басып шығарылған.- Павлодар: Кереку. Т. 2: Химиялық технологиясы / У. Э. Бишiмбаев, Ш. Молдабеков, С. Т. Жантасов.- 2009.-206 б.

А Қосымшасы

(Эссе құрылымы)


Тапсырма (максималды сөз саны – 300):

Магистратураны оқу барысында болашақта өзіңіздің ғылыми-зерттеу әрекетіңізді қалай көресіз?

  1. Аты-тегі/ Аты-тегінің кодталуы

  2. Базалық білім (мамандық)

  3. Зерттеу бағыт бойынша беретін тақырып атауы

  4. Зерттеу тақырыбының өзектілігі

  5. Мақсаты мен міндеттері

  6. Зерттелудің дәрежесі

  7. Жұмыстың жаңалығы

  8. Теориялық және тәжірибелік маңыздылығы

  9. Б қосымшасы

(Питч құрылымы)
Тапсырма:

Өзіңіздің таңдап алған стартап-жобаңызға презентация жасаыз
Питч құрылымы:

Не туралы айту керек:

- Кімсіз (компанияңыздың атауы және логотипі);

- Сіздің жобаңыз қандай мәселені шешеді;

- Шешу жолы бойынша оның сұранысы қандай;

- Нарық/бәсекелестер;

- Шешу жолы: кілттік технология (қысқаша);

- Сіздің шешу жолыңыз: бәсекелестер алдындағы артықшылықтар;

- Бизнес-модель: қалай ақша табасыз;

- Маркетинг және сату: нарыққа қалай шығасыз;

- Негізгі көрсеткіштер: гипотезалар, болжамдар, табыс көрсеткіші;

- Команда: осы бизнесті неге сіз іске асыра аласыз;

- Қазіргі статус (не істелінді), жоспар-график (не және қашан жоспарланады);

- Капиталды жұмсау қажеттілігі (қанша ақша керек – және неге)/инвесторге ұсыныс (олар үшін не бере аласыз);



- Контакттер.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет