Абилова Замзагуль Куанышевна Мұғалім портфолиосы В2 есебі 1-топ 3-деңгей



бет2/5
Дата20.05.2020
өлшемі252 Kb.
#69930
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
бір сабақ бойынша рефл. есеп
docx1547487406, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
Ой шақыру сатысында сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға МузАрт триосының орындауындағы «Өз елім» әнін тыңдаттым. Содан соң «Бұл әнде не туралы айтылған?» , «Әннің негізгі идеясы қандай?» деген сияқты сұрақтар қойдым. Сұраққа жауап беру барысында балалар сабақтың тақырыбын анықтады.

Мәтінмен жұмыс.

Оқушыларға «Қазақстан» атты мәтін берілді. Әр қайсысы осы мәтінді оқып шығып, содан кейін топтық талдауға кірісті. Мәтін бойынша таныстырылым дайындады . Бұл жерде сыни тұрғыдан ойлаулары қалыптасқанын көруге болады. Таныстырылым дайын болған соң «ДЖИГСО» әдісі бойынша «Біреуі үйде, екеуі далада» тәсілімен тақырыпты бір – біріне түсіндірді. Үйде қалған екі оқушыны қалған оқушылар «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша бағалайды. Бұл әдіспен жұмыс жасаған оқушыларға өте ұнады.

Негізгі бөлім.

Негізгі бөлімде оқушылар сабақтың граматикалық тақырыбын анықтаулары және де осы тақырыпты бір – біріне түсіндірулері керек еді. Ол үшін екі топқа буынға бөлінген әр түрлі сөздер берілді. Менің тарапымнан «Бұл сөздер неге сызықша арқылы жазылған?», «Бұл сөздердің айырмашылықтары неде?»,т.с.с. сұрақтар қойылды. Осы сұрақтарға жауап беру барысында оқушылар сабақтың граматикалық тақырыбы «Буын» екенін анықтады. Әрі қарай шәкірттерге буынның анықтамасын жасау сұралды. Бұл жұмысты жасау үшін оқушылар біраз уақыт жұмсады. Уақыт – тапшы деген сөз бар. Бірақ мұғалімге арналған нұсқаулықтың 35- бетінде төртінші тезисте былай деген екен: «Оқушыларға гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт беріңіз». Осы тезисте ұстана отырп мен оқушыларды асықтырмай, жақсылап ойланып шешімге келулеріне жағдай жасадым. Уақыттан еш қысылмай, өз ойларын жинақтаудың арқасында оқушылар, яғни екі топ екі түрлі таныстырылым жасап, буын деген не, буынның қандай түрлерін білетіндерін, буын қай дыбысқа байланысты болатынын жазып шығып, бір – біріне сабақтың граматикалық тақырыбын түсіндіріп өтті. Таныстырылымдарын түсіндіріп болған соң, мен граматикалық тақырыпты қорытып түсінік беріп өттім.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет