Абуова Рахия И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық



Дата21.04.2017
өлшемі104,57 Kb.
#14224
Қоғамдық пәндерді оқытуда үшөлшемді жүйе технологиясының тиімділігі

Абуова Рахия

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық

колледжінің жоғары санатты оқытушысы

Дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі таңда елімізде білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу - тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Бұл сөзіме Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған “ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелетіні анық” деген пікірі нақты дәлел.

Жалпы білім беретін мектеп - баланы үлкен өмірге жетелеуші бағбан. Елдің ертеңгі иесіне тарихи - танымдық, экономикалық сауатты білім беретін бірден - бір пән - тарих пәні. Кешегісіз бүгіннің жоқ екенін, ал бүгінгісіз ертеңнің жоқ екенін шәкірттеріміз тарих пәні арқылы жақсы біледі. Бұл пәнді оқытудың басты міндеті - жас ұрпақты адамзаттың шынайы тарихымен, дүниежүзілік мәдениеттің негізгі жетістіктерімен таныстыру, тарихқа сын көзімен қарай отырып, келешекті бағдарлайтын шығармашылықпен жұмыс істеп, дұрыс қорытынды жасай алатын оқушыларды тәрбиелеп шығару. Тарихты танымай бүгінгі ұрпақ келешекке батыл қадам жасай алмайды. «Тарих - жүрек айнасы» деп белгілі ғұламаларымыз айтқандай, бұл ұлы сөзге өз басым толық қосыламын.

«Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші бүгінгі бала -ертеңгі жаңа әлем. Демек бұрыннан қалыптасқан бағдарлама мен тәртіп ол үшін ескірген. Ал қазір уақыта бала барлық тұлғасымен жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Әр адам өзінің ұлтының, ата-тегінің, жалпы адамзаттың тарихына ой жүгірте отырып, «Кеше біз кім болдық? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» деген сауал қою керек.

Міне, осы сауалдарға жауап беру үшін менің алдыма қойған мақсатым:


  • Оқушылардың басты назарын қоғам тарихына, халық тарихына аудару арқылы жастардың адамгершілік армандарды өмірлік мұрат ретінде қабылдауына көмектесу, бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени - тарихи тәжірибенің негізінде оқытып меңгерту.

Тарих пәнін оқытудағы басты міндеттерім:

  • тарихи деректермен жұмыс жасай білуге дағдыландыру,

  • ерекше қабілетті оқушылардың өзіндік дамуына ықпал ету, зерттеу белсенділігіне қолайлы жағдай жасау

  • оқушыларға адамзат қоғамының ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихы туралы жүйелі білім негіздерін бере отырып, олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

  • оқушылардың жеке адам құқықтарын құрметтеуіне, өзінің құқықтары мен еркіндіктерін саналы түрде пайдалана білуіне көмектесу, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіне білуге тәрбиелеу.

Белгілі педагог Ш.А.Амонашвили «Оқушының білімін арттыру, пәнге қызықтыру үшін оқытуды жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып, содан соң содан бастау керек» дейді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі - жаңа технология негіздері болып табылады. Алдымдағы шәкірттердің әрбірінің жеке тұлға ретіндегі қасиеттерін зерттей келе, олармен дербес жұмыс жасауға мүмкіндік беретін «Оқытудың үшөлшемді жүйе технологиясын» таңдадым. Бұл технологияның басты ерекшелігі оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық жүйесін қалыптастыруында.

Бұл технология біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен еске сақтауын, ынтасын, белсенділігін, білім сапасының дамуына көмектеседі.

Ж.А.Қараевтың педагогикалық технологиясының өзіндік ерекшелігі мынада:


  • білім стандартына сай толық нәтиже береді;

  • диагностикаға қарай ден қою және оқу нәтижесін шынайы дәл бағалауға қол жеткізеді;

  • дидактикалық үрдістің тұтастығы;

  • оқушының оқу-танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу үрдісі жобасының болуы.

Деңгейлеп оқыту технологиясының жемісі сол оқушының өз бетімен оқуына, ақпаратты өз бетімен өңдеуге, ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып шешім қабылдауға дағдыландырады. Әсіресе, тарих сабағына өз ойын тұжырымды жинақтап, тарихи тілде сөйлеуге дағдыланады.

Деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін

а) жеке тұлға ерекшеліктеріне,

б) психологиялық даму ерекшеліктеріне,

в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.

Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын. Көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлемін:

1) сабақтың мазмұны,

2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау,

3) сабақтың нәтижелігі.

Жалпы, менің оқытудағы өз проблемам оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі - оқушыларға деңгейлік тапсырма беру.
Қараевтың үшөлшемді жүйе технологиясы мынандай 4 кезеңге бөлінген:
1) репродуктивтік деңгей - жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты
2) алгоритмдік деңгей - мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
3) эвристикалық деңгей - оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.
4) шығармашылық деңгей - оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді.

Деңгейлеп оқыту сабағы - оқушылардың жаңа материалды өз бетінше оқып үйренуін қамтамасыз ететін сабақ. Бұл сабақта оқытушы ақпарат беруші ғана емес, ұйымдастырушысы әрі кеңес беруші болып саналады.

«Сабақ - мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің айнасы»,- дейді Сухомлинский. Мен әр сабағымды жоспарлағанда алдыма мынадай мақсаттар қоямын:


  • сабақтың тақырыбына сай мақсатын нақтылау.

  • оқушының сабаққа бар зейінін аударып, ықылас–ынта жігерімен тыңдауын ұйымдастыру;

  • оқушыларға материалды жеткізуде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану;

  • көрнекіліктердің мазмұндылығы мен әсерлілігіне көңіл бөлу;

  • мысалдардың өмірмен байланыстылығы, оқушыларды тарихи тұрғыда ойланту,

  • топпен, жеке оқушымен жұмысты ұймдастыру;

  • оқушының алдына проблема қойып, оны ізденіске баулу, пән аралық байланыстың болуы:

  • оқушының шығармашылық белсенділігін арттыру;

  • бағалау, оның тәрбиелік мәніне ерекше көңіл бөлу;

Бүгінде сабақ берудің түрі мен әдісі өте көп, осыдан әрбір пән мұғалімі өзінің сабағына қажеттісін және өте пайдалысын ғана таңдап алуы тиіс. Жаңа технология элементтерінің ішінен тиімдісін таңдап алуға дағдылансақ ғана жұмысымыз нәтижелі болмақ. Мен өз сабақтарымда оқушының не үйренгенін саралап, оны қандай жағдайда қалай қолдану керектігін ой елегінен өткіземін.

Сонымен қатар, оқушылардың қабілетіне қарай саралай отырып, оқушыны терең зерттеу үшін төмендегі кестені әр тоқсан соңында алып, қорытындысын диагностикалап отырамын.




Нені жақсы меңгердім

Неден қиналамын

Қай тақырып қызық

Өзімді қалай бағалаймын

Алға қойған жоспарым














Оқушы өз жұмысына талдау жасай отырып, алдағы жұмыстың бағытын айқындайды. Бұл әдістер мұғалім үшін оқушыларды: өз бетінше білім алуға, тарихи білім-білік дағдыларын дамытуға, шығармашыл тұлға қалыптастыруға және өзіне және басқаларға сын көзбен қарауға үйретеді.

.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның 1920-1940 ж.ж.

қоғамдық- саяси жағдайы

Сабақтың мақсаты: Ұлы Отан соғысы қарсаңындағы Қазақстанның саяси-экономикалық дамуына талдау жасау, саяси қысым жағдайындағы республиканың сол кезеңдегі даму қорытындыларын шығару;

Сабақтың міндеттері:

а)білімдік: Оқушыларға тоталитарлық режим мен социализмнің сталиндік үлгісінің мәні мен сипатын түсіндіру, коммунистік партия билеген тұста Қазақстанның лагерьлер өлкесіне айналып, жазықсыз адамдардың жазаланып, азап шеккені жайлы баяндау;

ә)тәрбиелік: Оқушыларға халқының өткенін ұмытпауға, әділетсіздікке төзбеуге, өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында халық қамын ойлаған ағалар ісін үлгі ету;

б)дамытушылық: Қоғамдағы құбылыстарды салыстыра отырып, айырмашылықтарды ажыратып білуге, өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландырып, ғылыми шығармашылық жұмыстарға жағдай туғызу;
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі Шығармашылық ізденіс, деңгейлеп саралап

оқыту,


Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, проблемалық мазмұндау әдісі, топтық шағармашылық жұмыстар

Сабақта қолданылатын жаңа технология:

үш өлшемді жүйе технологиясы



Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның саяси картасы, тірек-сызбалар, ұлт зиялыларының суреттері, үлестірмелі топтамалар, слайдтар
Базалық білім: Жеке басқа табынушылықтың шегіне жетуі, зардаптары, сталиндік репрессия құрбандары, Қазақстандағы ГУЛАГ түрмелері
Тірек ұғымдар: Бюрократия, репрессия, «Голощекин геноциді», ГУЛАГ, жеке басқа табыну, тоталитаризм, т.б.
Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, қоғамтану, әдебиет

Сабақтың барысы:

І.Психологиялық дайындық:

-оқушылармен қалыпты психологиялық климат орнату;

-оқушыларды үш ғылыми орталыққа бөлу, орталық жетекшілерін тағайындау,


  • «Өлкетану» ғылыми орталығы;

  • «Тарих» ғылыми орталығы;

  • «Ақиқат» ғылыми орталығы;

І-деңгей: «Ғылыми зерттеулерге жол ашық»

Әр ғылыми орталық алдын ала берілген тапсырмалар бойынша өз зерттеулерін талдап, қорытындылайды.



Шарты: - тақырыптың айқындылығы, нақтылығы ескеріледі;

- сөз байлығы, тіл шеберлігі ескеріледі;

- тірек-сызбалар арқылы қорғау;
ІІ-деңгей: Жаңа сабақты баяндау барысында оқушыларға төмендегідей кестеге тақырыптағы басты ұғымдар, даталар, атаулар мен сандық мәліметтерді түсіріп отыруды тапсырдым. Бұл кесте сабақты бекіту бөлімінде талқыланады.
1. «Ой түйін» кестесі:

Басты ұғымдар

Даталар

Атаулар, есімдер

Сандық мәліметтер













ІІІ-деңгей: Тірек - сызбасымен жұмыс істеу.

ЗҰЛМАТТЫ ЖЫЛДАР СҰМДЫҚТАРЫ



Қызыл терроршылардың қазақтарға қарсы қолданылған жазалау тәсілдері (1939-1950)

1938ж. 631 адам тек Алматыда ғана атқан, оның 70-75% қазақ зиялысы.

Жендеттер күн сайын орта есеппен 43 дамды атып отырған.



-Адамды жалаңаш тастап, денеге ыстық май құю;

-Бас пен дененің терісін сыдырту;

-Тырнақтың астына шеге қағу;

-Қызған көмірдің үстімен жүгірту;

-Бірнеше күн бойына түрегеп тұрған күйде ұйқысыз қалдыру;

-Жалаңаш күйде сым қамшымен сабау;



Елін, жерін қорғаған аға-паларымызға осы тектес 125 түрлі жазаны қолданған.

-1989ж. Академик М.Қозыбаевтың төрағалық етуімен «Әділет қоғамы» қазақтың маңдай алды азаматтарының жерленген жерін тапты. Алматыдан 35 шақырым жердегі Талғар ауданында 2500 адам құрбан болған. Солардың 499-ның есімдері анықталған.

-1938ж. 25 ақпан Алматыдағы НКВД түрмесінде 19 азаматты атып, жасырын түрде Борандайдағы Қандысайға апарып жерлеген.




ІҮ-деңгей: Биопоэма жазу (Ф.И.Голощекинге, Т.Рысқұловқа);
Ү.Рефлексия. «Ой түйін» кестесі бойынша әр топ бүгінгі сабақта қандай білім алғандығы туралы және сабақта алған әсерлері жайлы өз пікірлерін білдіреді.
ҮІ.Қорытындылау. Енді бізге қайта оралды заңғарлар,

Сталиндік тозақтарда жанғандар-

Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер,

Ілиястар, Бейімбеттер, Мағжандар.

1920-1940 ж.ж. халқымыздың бастан кешкен қаралы тарихының бір кезеңі. Ол тарихта мәңгі қалып, ұрпақ есінде ешқашан ұмытылмайды. 1997ж саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталып өтті, ал 31-мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленген.

Біліктілік - бұл білімдегі, тәрбиедегі берілген білімді меңгерудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік. Әрбір мұғалімнің біліктілік деңгейі өткізген сабақтары мен шығармашылықпен жұмыс жасау тәжірибесінен байқалатыны белгілі.

Ия, қазіргі уақыт талабы оқушыдан көп нәрсені білуін қажет етсе, ал мұғалім жан-жақты, кәсіби дайындығы терең, өз бойына жинақтаған білімін жастарға үйрете алатын маман болуы шарт. Ол тек білімді жеткізуші ғана емес, керісінше, оқушының білімін, өмірге көзқарасын жүйелі түрде қалыптастыра алатын, ізденгіштікке баулып, танымдық қабілетін дамыта түсетін болуы керек.



Өз тәжірибемде соңғы уақыттарда тарих пәнінде оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, алған білімдерін іс жүзінде, өмірде пайдалана білуге үйрету тұрғысында жұмыс атқарып келемін.

Өз жұмыс тәжірибемді қорыта келсем, келесі нәтежиелерге қол жеткіздім:

  • ғылыми негізде зерттеу жүргізуге бейімделді;

  • пәнге деген қазығушылықтары артты;

  • шығармашылық қабілеттері дамыды;

«Ұстаз болу - өз уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау» деген екен Жан-Жак Русо. Ия, ұстаз болу бұл қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандық. Оқушылардың бойына жақсылық нұрын сеуіп, адамгершілікке, ұлтжандылық пен отансүйгіштікке баулып, келешекте ой-өрісі кең азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеп жеткізу үшін, талай шығармашылық ізденістер мен тер төгуді қажет етері сөзсіз.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Н.Әліқұлова. Тарих сабақтарында жаңа технологичларды пайдаланып ойлау қабілетін дамыту арқылы шығармашылыққа баулу.// Қазақстан тарихы әдістемелік журнал. 2005 №3.

  2. М.Нұрғалиева. Деңгейлік тапсырманың тиімділігі.//Ұлағат. 2007 № 4

  3. Ж.Қараев, Ж.Кобдикова Педагогикалық жүйені технологиялық тұрғыдан жаңартудың өзекті мәселелері.//Оқыту – тәрбиелеу технологиясы.2008ж №1,2

  4. З.Қарабаева. Жаңа педагогикалық технология негізінде оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру (деңгейлеп оқыту туралы).//Ақиқат 2006 № 5

  5. Б.Мәулетқызы. Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы.//Ұлағат. №6

  6. Ә.Масалов. Деңгейлік тапсырмалар тиімділігі.//Қазақстан мектебі 2006 № 3

  7. Н.Әліқұлова. Тарих сабақтарында жаңа технологичларды пайдаланып ойлау қабілетін дамыту арқылы шығармашылыққа баулу.// Қазақстан тарихы әдістемелік журнал. 2005 №3.






Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет