Адалдық пен әділдік Мақсаты



Дата12.10.2020
өлшемі16,75 Kb.
#64452

Адалдық пен әділдік

Мақсаты:оқушыларға адалдық пен әділдік туралы түсінік беру;олардың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.

Міндеттері:

 

Шаттық шеңбері

Сыныптағы бір оқушы немесе мұғалімнің өзі оқулықта берілген «Білім мен өнерді сүй,сусында»атты өлеңдімәнерлеп оқиды.Әр оқушы әділдік туралы өз түсінігін қысқаша айтып шығады.Мұғалім адалдық пен әділдіктің адам өміріне қажетті құндылықтардың бірі екндігін өлеңдегі ой өзегіне сүйене отырып түсіндіреді.

 

Қ.Нақысбеков



Білім мен өнерді сүй,сусуында,

Деп айтсын ел:!Осындай ер тусында!»

Арың-адал,әділ болсаң әрқашан

Дүниенің бар бақыты усыңда…

 

Түспегені абзал ғой арға дақтың,



Күйін кешпе түнде ұшар жарғанаттың.

Адал адам әрқашан-еңсесі тік,



Әділдікті ту еткін,қолғанатым.

Әңгімелесу

Сабақтың тақырыбын ашу үшін оқулықта»Ойланайық,пікірлесейік» атты айдармен берілген мына сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізіледі:

  • Адал дос дегенді қалай түсініесіңдер?

  • Әділ болға ұмтылуға адамға не үшін қажет?

  • Адал болу кез келген адамның қлынан келе ме?Неліктен?

  • Әділ болу оңай ма?

  • Адал болудың адам өміріндегі маңыздылығын мысал арқылы түсіндіріңдер.

Мұғалім адалдықтың таза ниет,ақ көңіл,имандылық қасиеттен туындаған адам бойындағы асыл құндылықтар екендігін айтады.Әр адамның өзіне тапсырылған іске жауапкершілікпен қарап оны адал ниетпен орындай алуының мәдениетілікті көрсететіндігіне де назар аудартады.Әрқашан әділ сөйлепшынайы пікір білдірген адам ғана адал бола алатынын айтып мұғалім балаларды ар-ұждан тазалығына әділдікке шақрады.Мұғалімнің сөзін оқушылр жалғастырады.Әр оқушы берілген сұрақтарға сәйкес әділдік пен адалдық туралы өз ойын айтады.

Мәтінмен жұмыс

Оқушылардың танымдық белсендлігі мен іскерлік әрекеттерін дамытып олардың адалдық пен әділдік туралы түсніктерін мәтін арқылы дамытуды көздейтін бұл әдістің сабақтағы орны ерекше.Адал бала атты мәтінді интонациялық кідірістерді ескере отырып үлкен ықыласпен оқып береді.Бұл мәтінді оқушылардың өздеріне кезекпен оқытыпмазмұнын мұқият тыңдауды ұйымдаструғада болады.Мәтіннің соңында берілген сұрақтар оқушылардың ойларын тұжырымдауға негіз блады.

Жаңа ақпарат

Оқушылардың жауаптарын түйіндеген соң мұғалім оқулықтағы жаңа ақпаратпен сабақты жалғастрады.Сабақтың тақырыбын айқындай түсу үшін қолдалынатын жаңа ақпарат оқушылардың адалдық пен әділдік туралы өзіндік көзқарастарын қалыптастрға негіз болады.Мұғалім адам қай нәрсеге болмасын адалдықпен қараса оның барлық істерінің стті аяқталатынын түсіндіреді.Мұғалімнің сөзі берілген жаңа ақпаратындағы өзекті ойды нақтылай түсетіндей болуы керек.

Дәптермен жұмыс

Мұғалім дәптерде ұсынылған жомарттық пен қайырымдылықтың өзара ұқсаиығы мен айырмашылығын тауып кестені толтруды тапсырады.

Жүректен жүрекке

Мұғалім балалардың шеңберге тұрыпсыныптас достарымен қол ұстасып өз бойларындағы жаксы қасиеттерін таныту мақсатында және алған білімдерін қортындылау үшін бір-біріне жүрекжарды тілектерін айтуды ұйымдастырады.
Каталог: uploads -> doc -> 120c
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
120c -> Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев Сүйемін, өскен Отаным! Мақсаты
120c -> Сабақ жоспары Тақырыбы: " Ж. Жабаев "Зілді бұйрық", "Ленинградтық өренім" өлеңі
120c -> Тақырыбы: алаш қОЗҒалысы және алашорда үкіметінің тарихи деректері ұраны: Ұлтарақтай болса да Ата қонысы жер қымбат. Ат төбеліндей болса да Туып өскен ел қымбат. Мазмұны Кіріспе


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет