Адвокаттардың КӘсіптік әдебі кодексі



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата09.11.2022
өлшемі241,87 Kb.
#157381
түріКодекс
  1   2   3   4   5
Байланысты:
CodexProfEtiki-KAZ
russian principles 2014.pdf



2014 жылғы 26 қыркүйектегі
Адвокаттар алқасы делегаттарының
екінші республикалық конференциясында
бекітілген
 
 
 
АДВОКАТТАРДЫҢ КӘСІПТІК ӘДЕБІ КОДЕКСІ 
 
Мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасының 
Конституциясында баянды етілген адамның өз құқықтарын, бостандықтарын 
сот арқылы қорғау және білікті заң көмегін алу құқықтарын іске асыруына 
жәрдемдесуге бағытталған Қазақстан Республикасының адвокаттары жалпыға 
танылған халықаралық құқық нормаларын және адвокаттық кәсіптік 
қағидаларды негізге ала отырып, Адвокаттардың кәсіптік әдебі кодексін 
қабылдайды. 
1-тарау. Адвокаттың кәсіби мінез-құлқының
негізгі принциптері мен нормалары 
 
1.
Осы Кодекс адвокатураны және адвокаттық қызметті ұйымдастыру 
мәселелерін, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүделерін, 
заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және өкілдік ету 
жөніндегі адвокаттың өкілеттіктерін реттейтін Қазақстан Республикасы 
заңнамасының нормаларын толықтыра отырып, тәуелсіздік және заңдылық, 
ізгілік пен ұқыптылық, біліктілік пен адалдық, құпиялылық, сенімділік және 
әділдік принциптеріне негізделген әрі адвокат үшін міндетті мінез-құлық әдеп 
стандарттарын белгілейді. 
Осы Кодекстің ережелері түбегейлі болып табылмайды және Қазақстан 
Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келетін әрекеттердің 
жасалуын белгілейтін немесе оған жол беретін ретінде түсіндірілмеуі тиіс. 
2. Адвокат өзінің кәсіби қызметінде құқық пен заңға қызмет етудегі 
өзінің миссиясын сезінуге, құқық үстемдігі принциптерінің тәжірибеде іске 
асырылуы мен орнығуына және заңдылықтың мүлтіксіз сақталуына ықпал 
етуге тиіс. 
Адвокат кәсібінің беделі, ар-намысы мен қадір-қасиетінің сақталуына
адвокатураның абыройына қамқорлық ету әрбір адвокаттың адамгершілік 
борышы болып табылады.
Адвокаттың мінез-құлқы заң көмегін көрсету кезінде де, тұрмыста және 
жеке өмірінде заңның талаптары мен адамгершілік принциптеріне сай келуге 
тиіс. 
Адвокат атағына нұқсан келтіретін мінез-құлық адвокатура институтына 
деген қоғамның сенімін кетіреді және адвокаттық мәртебемен сыйыспайды.
Білікті заң көмегін көрсету бойынша өзінің кәсіби міндетін лайықты 
атқару мақсатында адвокат өз білімі мен кәсіби шеберлігін толық көлемде 
пайдалануға міндетті.



Адвокат сыпайы, әдепті, кішіпейіл, әділ, адал және турашыл болуға тиіс. 
Кәсіби міндеттерін орындау кезінде адвокат қарым-қатынаста іскерлік әдепті 
және іскерлік киім стилін ұстануы тиіс. 
Адвокаттың кәсіби әдебі мәселелері адвокаттық қызмет туралы 
заңнамамен немесе осы Кодекспен реттелмеген жағдайларда, адвокат мазмұны 
қоғамдағы адамгершіліктің жалпы мұраттары мен принциптеріне сәйкес 
келетін, адвокатурада қалыптасқан салт-дәстүрлерді ұстануы керек.
3. Өзінің кәсіби қызметінде адвокат тәуелсіз және тек заңға бағынады. 
Адвокаттың тәуелсіздігі сот төрелегіне деген қоғамдық сенімді 
қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, адвокат кәсібін 
құрметтеуге ықпал етеді.
Адвокат өзінің кәсіби міндеттерін орындау құралдарына, тәсілдеріне, 
тактикасына, мазмұнына, нысандарына, әдістеріне, реттілігіне және уақытына 
қатысты шешімдерді заң талаптарын басшылыққа алып, тек өз білімі мен 
практикалық дағдыларына сүйеніп, бөгде адамның ықпал етуіне, адвокаттар 
алқасы органдарын қоса алғанда, үшінші тұлғалардың немесе ұйымдардың 
тарапынан қысымның жасалуына жол бермей, кәсіби қызмет принциптеріне 
қарсы келмей дербес қабылдайды. 
Адвокат сенім білдірушінің, қорғауындағы адамның заңға қайшы 
келетін өтініштері мен талаптарын орындауға қабылдамауға тиіс және мұндай 
өтініштер мен талаптар тиісті жағдайларда заң көмегін көрсету туралы шартты 
бұзуға негіз болады.
Адвокаттың сенім білдірушіге, оның өкілдеріне және өзге де тұлғаларға 
оның заңдық, мүліктік немесе моральдық тұрғыдан тәуелді ететін, адвокатты
заңға, осы Кодекстің нормаларына қарсы тұруға әкелетін немесе адвокаттың 
кәсіби міндеттерін еркін және тәуелсіз орындауына өзгедей түрде кедергі 
жасайтын нұсқауларға бағындыратын басқа қызметпен айналысуға құқығы 
жоқ.
Адвокат мүліктік даулар бойынша да, тараптардың материалдық 
мүддесіне байланысты емес өзге де даулар бойынша заң көмегін көрсету 
кезінде өз тәуелсіздігін сақтауға міндетті.
4. Кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде адвокат әрқашан адвокат кәсібі 
тек табыс көзі ғана емес, сонымен бірге білікті заң көмегін көрсету деңгейінің 
басты кепілінің бірі екенін сезінуі тиіс.
Адвокат білікті заң көмегін көрсетуге және қабылдаған тапсырманы 
уақытында және сапалы орындау үшін қажет барлық егжей-тегжейлерді 
ескеріп, істің байыбын түсініп, өзіне жүктелген тапсырманы жетік және адал 
жүзеге асыруға тиіс.
Адвокат өзінің кәсіби міндеттерін орындай отырып, барлық күші мен 
қабілетін салып әрекет етуге, әрбір қабылдаған тапсырманы, оның күрделілігі 
мен ақы төлеу мөлшеріне қарамастан, орындауға жеткілікті уақыт пен көңіл 
бөлуге; сенім білдірушінің құқықтары мен заңды мүделлерін білдіру және 
қорғау үшін өзіне қолжетімді және заңға қайшы келмейтін тиімді құралдар мен 
әдістерді пайдалануға; өте қысқа мерзімде және оның заңды мүдделерін 



барынша ескере отырып, оған білікті заң көмегін көрсету үшін барлық күшін 
салуға тиіс.
Адвокат жоғары кәсіби біліктілік деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға, 
білікті заң көмегін көрсету үшін қажеті заңнамалық жаңалықтар туралы 
ақпаратты игеру мақсатында білімін арттырып отыруға міндетті.
Адвокат тапсырманы орындауға байланысты жекелеген жұмыстарды 
орындауға тартатын өз көмекшілерінің, техникалық персоналдың және басқа да 
адамдардың қажетті біліктілік деңгейін қамтамасыз етуге тиіс.
5. Адвокат пен сенім білдірушінің өзара қарым-қатынасының құпиялығы 
адвокатқа сенім білдіру кепілі және сенім білдірушінің иммунитеті ретінде заң 
көмегіне жүгінген нақты адамның мүддесі үшін қамтамасыз етілуге тиіс. 
Адвокат сенімге нұқсан келтіретін әрекеттерден аулақ болуға тиіс. 
Сенімді теріс пайдалану адвокат атағымен сыйыспайды. 
Адвокатқа деген сенім адвокаттың парасаттылығына, адалдығы мен 
ұқыптылығына сенім білдірушінің көзі жетпейінше, адвокаттық құпияны 
сақтай алатынына сенбейінше орын алмайды. 
Адвокаттық құпияны сақтау мерзімі уақытпен шектелмейді. Адвокат заң 
көмегін көрсету барысында да, оны аяқтағаннан кейін де адвокаттық құпияны 
сақтауға міндетті. 
Адвокаттық құпияны сақтау міндетінен адвокатты сенім білдірушіден 
басқа ешкім де босата алмайды. Сенім білдірушінің адвокаттық құпияның 
сақталуын тоқтатуға келісім беруі адвокаттың және үшінші тұлғалардың 
тарапынан сенім білдірушіге ықпал етуді болдырмайтын жағдайларда 
адвокаттың қатысуымен жазбаша нысанда көрсетілуі тиіс.
Адвокаттық құпия: 
1)
сенім білдірушілердің аты-жөні мен атауын қоса алғанда,
адвокатқа жүгіну фактісіне; 
2)
тапсырманы 
орындау 
барысында 
адвокаттың 
жинаған 
дәлелдемелері мен құжаттарына; 
3)
сенім білдірушіге арналған заң кеңестері мен құжаттардың 
мазмұнына; 
4)
заң көмегін көрсету процесінде адвокатқа белгілі болған сенім 
білдіруші туралы немесе адвокаттың сенім білдірушіден алған ақпаратына; 
5)
сенім білдірушімен жүргізілген әңгіменің мазмұнына; 
6)
іс бойынша адвокаттық іс жүргізуге;
7)
адвокат пен сенім білдірушінің арасында ақшалай есеп айырысуды 
қосқанда, заң көмегін көрсету туралы шарттың талаптарына; 
8)
заң көмегін көрсетуге байланысты өзге де мәліметтерге 
қолданылады. 
Адвокаттың кәсiби мiндеттерiн орындауға байланысты өзіне белгілі 
болған мән-жайлар туралы куәгерлік жауап беруге құқығы жоқ. Адвокаттың 
сенім білдірушінің келісімінсіз өзіне хабарлаған мәліметтерді пайдалануына 
және өзіне сеніп тапсырылған ақпаратты сенім білдірушінің оған қарсы 
қозғаған азаматтық талап бойынша өз ұстанымын негіздеу үшін немесе сенім 
білдірушінің арызының негізінде қозғалған тәртіптік іс жүргізу, әкімшілік 



немесе қылмыстық іс бойынша өзін қорғау үшін ақылға қонымды қажет деп 
есептейтін көлемде ашуына рұқсат етіледі. 
Адвокаттың сенім білдірушіден алынған ақпаратты жеке мақсатта 
пайдалануына құқығы жоқ. 
Адвокаттық құпияны сақтау мақсатында адвокат іс қағаздарын жүргізуді 
сенім білдірушінің материалдары мен құжаттарынан бөлек жүргізуге тиіс. 
Іс бойынша адвокаттық іс жүргізу материалдары, сондай-ақ адвокаттың 
сенім білдірушімен хат жазысуы адвокатқа тиесілі немесе одан шыққан ретінде 
анық және біркелкі белгіленуге тиіс.
Адвокат сенім білдірушімен өзара жасалған заң көмегін көрсету туралы 
шарт бойынша сенім білдірушінің келісімінсіз сенім білдірушіге ақшалай талап 
қою құқығын бере алмайды. 
Адвокаттық құпияны сақтау қажеттілігі туралы талап адвокаттың 
көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілеріне, адвокаттар алқасының, заң 
консультацияларының, адвокаттық кеңселердің қызметкерлеріне қолданылады, 
бұл туралы олар шарт жасасқан кезде немесе жұмысқа қабылдау кезінде 
жазбаша түрде ескертілуі және жарияламау туралы қолхат беруге тиіс.
6. Адвокат өзінің кәсiби қызметінде адалдық пен парасаттылық 
көрсетуге; өзінің кәсіби немесе жеке мақсаттарына қол жеткізу үшін алдауға, 
қорқытуға, бопсалауға, сатып алуға, басқа адамдардың ауыр материалдық 
немесе жеке басының жағдайларын, сондай-ақ өзге де заңсыз құралдарды 
пайдаланбауға тиіс. 
Адвокат сенім білдірушіден істің нақты жағдайын жасырмауға, істің 
мәні мен салдары жөнінде оны жаңылыстырмауға тиіс.
Адвокат қызметінің адалдығы: 
1)
адвокаттың жеке баға, жеке пікір, өзіндік ұстанымын айтуға 
субъективті адал қатынасын; 
2)
адвокаттың қоршаған адамдармен өзара қарым-қатынастағы адал 
мінез-құлқын; 
3)
адвокаттың 
сенім 
білдірушімен, 
сотпен 
өзара 
қарым-
қатынастарында өзінің кәсіби мәртебесіне үйлесімді мінез-құлқы мен құқықтық 
ұстанымын таңдау құқығын болжайды. 
7. Адвокат кәсібінің абыройы оған қоғам тарапынан тиісті қатынасты 
анықтайтын өзіне деген ерекше моральдық қатынаспен қамтамасыз етіледі. 
Адвокаттың абыройын орнықтыру және қолдау оның жоғары атағына 
кір келтіретін және азаматтар мен қоғамның адвокатураға сеніміне нұқсан 
келтіретін әрекеттерді жасаудан өзін-өзі ұстауды көздейді. 
8. Адвокаттың өзіне жарнама жасауы адвокат кәсібінің әдеп 
қағидаларына сәйкес келмейді. 
Адвокат, заң консультациясы, адвокаттық кеңсе, адвокаттар алқасы 
туралы ақпарат, егер онда: 
1)
адвокатты бағалау сипаттамалары; 
2)
басқа адвокаттармен салыстыру және басқа адвокаттарды сынау; 



3)
әлеуетті сенім білдірушілерді жаңылыстыруы немесе оларда негізсіз 
үміт тудыруы мүмкін мәлімдемелер, жорамалдар, екіұшты ойлар қамтылмаса 
рұқсат етіледі.
Адвокаттың қызметі немесе адвокаттар қауымдастығы туралы ақпарат 
объективті, шынайы, айқын және түсінікті болуға, көрсетілетін заң көмегінің 
және адвокаттың кәсібилігінің сапасына қатысты әлеуетті сенім білдірушілерді 
жаңылыстыру үшін негіз бермеуге және ақылға қонымды эстетикалық 
талаптарға жауап беруге тиіс.
Адвокаттар, заң консультацияларын меңгерушілері, адвокаттық 
кеңселердің басшылары өздері тарататын ақпараттың шынайылығы және оның 
қолданыстағы заңнама мен осы Кодекстің талаптарына сәйкестігі үшін жеке 
жауапкершілік көтереді. 
Егер адвокатқа немесе адвокаттар қауымдастығына қолданыстағы 
заңнаманың және осы Кодекстің талаптарына сай келмейтін олардың қызметі 
туралы ақпараттың олардың рұқсатынсыз таратылғаны белгілі болса, олар бұл 
туралы адвокаттар алқасының төралқасына дереу хабарлауға міндетті. 
Адвокат басқа адвокатқа, адвокаттар алқасына, заң консультациясына, 
адвокаттық кеңсеге қатысты қарсы жарнамамен айналыса алмайды немесе 
өзінің қызметін жарнамалау кезінде бұл әдісті пайдалана алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет