Аға оқытушы Абдихалыкова К. С



Дата29.03.2017
өлшемі12,6 Kb.
#12605

А.БАЙТУРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ҚОСТАНАЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ Экономика факультеті Экономика кафедрасы

  • Сабақты жүргізуші оқытушы
  • аға оқытушы Абдихалыкова К.С.

Мақсаты:

  • Нарықтағы фирмалардың максималды пайда
  • табуы үшін жұмсайтын шығындарының мәнін анықтап, олардың қысқа және ұзақ мерзімдегі түрлерін талқылау, сонымен қатар, шағындарды минималдау арқылы өндірушінің тепе-теңдігі мәселелерін шешу.
  • Ол үшін дәріс жоспарында мына сұрақтар қарастырылу қажет

Дәріс сабағының жоспары:

  • 1. Шығындар түсінгі және олардың жіктелуі
  • 2 Қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдер
  • 3. Қысқа мерзімдегі өндірістің шығындары
  • 4. Масштабтың оң және теріс тиімділігі
  • 1.Шығындар түсінігі және олардың жіктелуі
  • “Микроэкономика” курсының аталып отырған тарауы өндірістегі өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты шығындардың қалай өзгеретінін талдауға арналған. Бұл байланысты зерттеудің маңызы өте зор, себебі фирмалардың өндірістік шешімдері нарық жағдайлары мен шығындар арқылы анықталады. Өндірілетін өнім көлемінің өзгеруі жалпы және орташа шығындарды өзгертеді, ал бұл жағдай баға мен фирмалар үсынатын тауарлардың мөлшері арасындағы қатынасқа едәуір ықпалын тигізеді.
  • Бұл тақырыпты қарастырғанда өндірістің экономикалық және бухгалтерлік шығындарын ажырата білу керек.
  • Бухгалтерлік шығындарға өндірістің есеп беру кезеңіндегі нақты шығындары жатады және олар шығарылатын өнімнің өзіндік құнының құрамына кіреді.
  • Оған мыналар жатады: шикізат пен материалдар құны,жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы, амортизациялық отемдер, жал төлемі, салықтар.
  • Ал экономикалық шығындарға біз жалпы, барлық шығындарды жатқызамыз, оның ішінде фирманың өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланғандағы айқынсыз шығындар да бар.
  • Өндіріс шығындары – бұл өнімді өндіруге кететін шығындар.
  • Айқын емес шығындар шамасы берілген ресурстарды балама нұсқада тиімдірек қолданғанда олардың әкелетін түсімімен анықталады. Бұған жататындар: кәсіпкердің меншігіндегі капиталға түсетін пайыз, жалгерлік төлемдер, кәсіпкердің өзінің менеджерлік жұмысының төлемақысы.
  • Айқын шығындар (бухгалтерлік немесе сыртқы) – бұл сырттан алынған ресурстар үшін төленетін ақшалай төлемдер. Бұған кіретіндер: жалдамалы жұмысшыларға төленетін еңбекақы, шикізаттар мен материалдарды төлеу, көліктік, қаржылық және заң қызметтері үшін төлемдер.
  • Сэк. =Сбухг. + Сайқын емес
  •      Пайда – фирманың тауарлар мен қызметтерді сатудан түсетін жалпы түсімдері мен оның жалпы шығындарының арасындағы айырма:
  • π =ТR – TC.
  •       Бухгалтерлік пайда – жалпы түсім мен фирманың айқын шығындарының арасындағы айырма түрінде анықталады:
  • πбух. =ТR – TCбух.
  • Экономикалық пайда – бұл жалпы түсім мен фирманың барлық шығындарының арасындағы айырма түрінде анықталады:
  • πэк. =ТR – TCэк.
  • Тұрақты шығындар (FC) – өнім шығару көлеміне байланысты емес тәуелсіз шығындар.
  •           Өзгермелі шығындар (VC) – өнім көлемі өзгергенде өзгеріп отыратын шығындар.
  •            Жалпы шығындар (TC) – фирманың өнімді өндіруге және оны сатуға жұмсайтын барлық шығындарының жиынтығы:
  • TC =FC + VC.
  • C
  • TC
  • VC
  • FC
  • Q
  • 1
  • 2
  • 3
  • Тұрақты, айнымалы және жалпы шығындардың жалпы графигі
  • 2.Қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдегі шығындар
  • Q
  • 2.Қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдегі шығындар

Өндірушілер көбінесе орташа шығындар (АС - өнімнің 1 бірлігіне шаққандағы шығындар) шамасына көп көңіл бөледі. Оның үш түрі болады:

  • ОРТАША ТҰРАҚТЫ ШЫҒЫНДАР:
  • Тұрақты шығындардың өнім көлемінің қатынасына тең.
  • AFC = FC / Q;
  • ОРТАША ӨЗГЕРМЕЛІ ШЫҒЫНДАР:
  • Айнымалы шығындардың өнім көлеміне қатынасына тең.
  • AVC = VC / Q;
  • ОРТАША ЖАЛПЫ ШЫҒЫНДАР:
  • Жалпы шығындардың өнім көлемінің қатынасына тең
  • ATC=AFC+AVC
  • АТС = TC / Q
  • ШЕКТІ ШЫҒЫНДАР - бұл өнімнің қосымша бірлігін өндіру үшін қажет қосымша шығындар.
  • MС = ΔTC / ΔQ
  • MC
  • AC
  • AVC
  • Pmin
  • P
  • C
  • Q
  • Qmin
  • Qопт
  • AҒC
  • Орташа шығындардың графигі
  • Q
  • LAC
  • Q
  • LAC
  • Q
  • LAC
  • LAC
  • LAC
  • LAC
  • A)
  • B)
  • C)
  • А) Оң тиімділік В) Тұрақты тиімділік С) теріс тиімділік
  • 3.Масштабтың оң және теріс тиімділігі
  • Қорытынды
  • Өндіріс шығындары-өнім өндіру үшін қолданылған факторлардың жұмсалуының құндық (ақшалай) нысаны.
  • Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, материалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.
  • Сонымен, кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Кәсіпорын табысы өндірістегі шығындарға тәуелді болады. Нарықтағы өнім бағасы сұраным мен ұсыным өзара байланысының нәтижесі болып табылады. Өнім өндірісіне шығындар – ол тұтынылатын еңбектік немесе материалдық ресурстар көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің ұйымдастырылуына және басқа факторларға байланысты өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Сәйкесінше, өндіруші шығындарды азайтудың көптеген көздерін қарастырады, ол оны өзінің тиімді басқару қабілетімен жүзеге асыра алады.

Каталог: images -> news -> slider -> 2016 -> portfolio
portfolio -> А. Байтұрсынов атындағы Қму тілдік даярлау орталығы
portfolio -> Іс қағаздарының түрлері: Іс қағаздарының түрлері
portfolio -> Тақырыбы: Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту
portfolio -> Сабақты тақырыбы: Ұлы, кемеңгер, ақын Абай Құнанбаев. Грамматикалық тақырып
portfolio -> Стиль-сөйлеушінің белгілі бір тақырыпқа қатысты сөз саптауы
portfolio -> А. Байтұрсынов атындағы Қму тілдік даярлау орталығы
portfolio -> Республикалық маңызы бар ескерткіштер Екідің рәсімдік құрылысы. VII-IX ғғ
portfolio -> Мақсаты: Мақсаты: Көркем туындыдағы идеяға көз жүгірту
portfolio -> Оразбаева Айтбибі Сұлтанқызы Тақырыбы: Әдебиетті оқытудың әдіс-тәсілдері


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет