Ағылшын тілі сабақтарында деңгейлеп оқыту және құзыреттілік тәсілдерді қолдану тәжірибемнен



бет1/3
Дата29.01.2018
өлшемі1,24 Mb.
#35847
  1   2   3
Ағылшын тілі сабақтарында деңгейлеп оқыту және құзыреттілік тәсілдерді қолдану тәжірибемнен.

Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден-бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа – сол сабақты өткізудің әртүрлі әдіс-тәсілдерді, яғни жаңашыл сабақ. Қазіргі кезде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тынымсыз ізденуі нәтижесінде оқу – тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың жаңа технологиялары өмірге келді.

Жаңа технологияны сабақ үстінде қолдану үшін, әр мұғалім оқушыларының жас ерекшеліктерін ескеріп, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыру үшін мұғалім көп іздену керек. Сонымен қатар, сынып оқушыларының қабілеттерін байқап, ары қарай дамытуға көп көмегін тигізу қажет.

Қазақстан мектептерінің тәжірибесінде жаңа технологияларды оқыту әдістерін белгілі бір топтарға топтап, көрсетуге болады:



  • жартылай іздендіре оқыту – оқушылар оқудың мақсат-міндеттерін шешуге зерттеудің жеке сатыларын орындау арқылы үйренеді;

  • проблемалық сипаттағы оқу-мақсаттары мен мәселелерді ұйымдастыру және шешу. Бұл оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға қызмет етеді;

  • іскерлік және білімдік ойындар;

  • зерттеушілік әдістер – дағдыларды, білімді және біліктерді меңгеру барысында оқушы шығармашылық жұмысқа мейілінше үйренеді, толық меңгереді.

Жаңа технологиялық әдістерді сабақта пайдалана отырып өткізу бары-

сында мынадай қорытындыға келуге болады:

- Оқушылардың пәнге қызығушылығы артады

- Білім сапасы көтеріледі;

- Оқыту процесіне барлық оқушыларды қамтылады;

- Дарынды оқушыларды шығармашылыққа баулып ізденушілік қасиеттерін жетілдіреді. Уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндік алады.

- Оқушылар өз жұмыстарының қорытындысын шығарып өз дәрежесінде бағасын алады.

Әртүрлі технологияларда сабақтарды құру жеңіл емес, алайда, ол – уақыт талабы.

Үшінші мыңжылдықтың тұлғасын қалыптастыруға қызмет ететін мұндай түрлі стратегия-лар бүгінгі мектептің жұмыс көрсеткішіне айналуда.

Қазіргі кезде білім беру үрдісінде 50 ден астам жаңа технология қолданады екен.

Мен «деңгейлеп оқыту» технологиясын ағылшын тілі пәніне қолданамын. Мұндағы мақсатым - өз бетімен дами алатын, әртүрлі қиындықтарға төзе білетін, белсенді, білімді оқушы тәрбиелеу. Сонымен қатар, осы технология оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағыттайды.

Дифференция дегеніміз – оқушыларды қандай да ерекшеліктерінің негізінде топтастырып оқыту. Қазіргі кезде мектептегі осыған байланысты өзгерістер – оқытуда дифференциялауды енгізуге тікелей тәуелді. Бұл жағдайда әртүрлі оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша жүргізіледі.

Дифференциялаудың маңызды түрі – деңгейлік дифференция болып отыр. Бұның басты ерекшелігі – оқушыларға берілетін тапсырмалардың деңгейлерге бөлінуі және олардың меңгерген білімі мен іскерліктеріне қойылатын талаптардың дифференциялануы. Яғни, материалды меңгерудің төменгі жеткілікті шегін қамтитын міндетті дайындық. Бұл деңгей – барлық оқушылардың шамасы жететін деңгей. Осы деңгейдің барысында курсты меңгерудің жоғары деңгейлері қалыптасады. Оқушылар бір сыныпта бір бағдарлама бойынша білім ала отырып, қабілеттеріне, қызығушылығына сай деңгейді таңдауға мүмкіндік табады.

Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі-оқушылардың сабақ барысында бірнеше жұмыс жасай алатындығында.Оқушыларды деңгейге бөліп оқытуға бола ма, оның қандай тиімділігі бар, деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшелігі қандай, жеке тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сауалдарға тоқталсақ, деңгейге бөліп оқыту кезінде оқушылардың тәжірибелік-теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін, әлеуметтік психологиялық танымын, сұранымын ескеру талап етіледі.Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады.Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыстар жүргізіледі.Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі.Өз бетімен жұмысты орындауға бейімділігі бақылауға алынады.Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады.Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады.Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді.

Деңгейлеп оқыту оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты әрбір оқушы өзінің даму деңгейіне оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағыттайды.

Алдыңда отырған оқушының білім деңгейі, білімді меңгеру дағдысы барлығында бірдей болуы мүмкін емес жағдай.

Бағалау жүйесінде оқушы білімінің ең төменгі деңгейі негізге алынады және ол деңгей мемлекеттік стандарттың төменгі талабына сәйкес келеді.

Жалпы жаңа педагогикалық технологияда бағалау үрдісі арнайы «қосу» әдісімен жүзеге асырылады.Бағалау деңгей жүйесінде оқушы білімі «есеп-зачетқа» алынып отырады.

Өзін-өзі бағалау «қосу» әдісімен жүргізілетіндіктен оқушы бұрынғыдай «екілік» аламын деп қорықпайды.Сөйтіп оқушыда жоғары ұпай жинауға талпыныс пайда болады,Ол дұрыс орындалған тапсырмалардың санына ғана тікелей тәуелді.
Деңгейлеп тапсырудың ауқымы өте кең – оқулықтағы жаттығулар - өткен ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарына арналған тілдік, грамматикалық жұмыстар жүйесі.

Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқу-шыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен орын-дауға, бейімділігі бақылауға алынады.

Деңгейлеп оқыту оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамамыз ету.

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға болады. Деңгейлік тапсырмалар бойынша бағалау «ұпайлық» жүйемен жүзеге асырылады. Бірінші деңгейдегі орындаған бала 5 ұпай жинаса «3» алады. Екінші деңгейге 10 ұпай жинаса «4» қойылады. Үшінші деңгейден 15 ұпай жинаса «5» бағасы қойылады. Төр-тінші деңгейге 20 ұпай болса, «5» бағамен бағаланады.



І деңгейдегі тапсырмалар жаттап алуға лайықталған, меңгерген білімін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беретін болуы тиіс және тап-сырмалар өмірмен байланысты болуы керек. Мен осы деңгейде алатын әдіс-тәсілдерім: сұрақ-жауап, аудармасын жұмысы, сын жұмысы-диалог. Аудар-ма сын жұмысында өткен тақырып бойынша сөйлемдерді қазақ тілінде оқи-мын, ал оқушылар сол сөйлемдерді ағылшын тілінде жазады. Сын жұмысы – диалог әдісімде сұрақтарды оқимын, оқушылар жауабын жазады.

ІІ деңгейдегі тапсырмалар өтіп кеткен материалдарды реттеуге, жүйе-леуге берілген, өзгертілген, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білім түрлендіріліп пайдаланылуы қажет. Бұл тапсырмаларға логикалық есептер, әр түрлі ребустар, сөзжұмбақтар жатады. Осы деңгейдегі тапсырманы орындауға «Көру сын жұмысы» әдісін аламын, яғни өткен тақырыпқа байланысты сөйлемдер сәл өзгертіліп оқылып, тақтаға ілінеді. Оқу, аудару, жеке және хормен қайталап, есте сақтап, сосын өшірі-леді де, сөйлем дәптерге жазылады. Ең соңнда сөйлем түгел тақтаға ілінеді. Оқушы өз-өзін тексереді. Көру сын жұмыс есте сақтауға жағдай жасап, орфо-графиялық байқағыштықты дамытады.

ІІІ деңгейдегі тапсымаларға танымдық іздену түріндегі тапсырмалар беріледі де, оны орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша мең-герген алғашқы қарапайым білімдерінен заңдылықтар шығарады. Бұл дең-гейде әр түрлі схемалар мен схемантикалық схемаларды, сызба кестелер мен Венн диаграммасын пайдалануға болады.

IV деңгейдегі тапсырмалар – шығармашылық деңгейдегі тапсырмалар. Оқушылардың жинаған өмір тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсінік-терінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шағаруға негізделген. Бұл деңгейге жататын тапсырмалар: олимпи-адалық жұмыстар, берілген тақырыпқа өз бетінше рефераттар жасау, баян-дамалар дайындау, тақырыптық тест тапсырмаларын дайындау, яғни бұл тап-сырмалар оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. Міне, осы деңгейге жеткен оқушыларға ситуациялық жағдайлар мен проблемалық сұрақтар беріп отырамын. Өз тәжірибемнен байқағаным: бұл деңгейде шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушы дараланып шығады.

Мысалы, 7 сыныпта «Health problems» тақырыбын өткен кезде деңгейлік тапсырмаларды беруге болады:



І деңгей – оқушылық. «Health farm» мәтінін оқып, аудару.

ІІ деңгей – алгоритмдік. Ағылшын сөздерді қазақ тіліне аудару:

1. Patient a) кеңес беру

2. Suggest b) сырқат адам

3. Surgery c) көмей

4. Swallow d) хирургия

5. Examine e) тамақ ауру

6. Sore throat f) тексеру

7. Cough g) тіс ауру

8. Toothache h) жөтел

ІІІ деңгей – эвристикалық. Сұрақтарға жауап беру. There are five types of food a person should eat. What do you think are they?

Do you eat them all? Do you know any Kazakh and Russian proverbs about health?

Сабақ барысында дидактикалық ойындар пайдалану, ойын элементтерін енгізу оқушының ойлануына, сөйлеуге, ойын жинақтап айтуына, жеке және топпен жұмыс істеуіне көп көмегін тигізеді.

IV деңгей – шығармашылық. «What should you do to keep fit?» тақыры-бында кеңес беру.

6 сыныпта «Looking for the sun» тақырыбы бойынша оқушылардың білім-дерін шыңдау мақсатында деңгейлік тапсырмалар берілді.



І деңгей – ауа-райы туралы суреттер бойынша сөздерді дұрыс орналас-тыру.



ІІ деңгей – мәтінмен жұмыс. Оқыту, сұрақтар қою арқылы түсінгендерін тексеру.

ІІІ деңгей – сөйлемдерді толықтыру. What is the weather like today? It` s ____________.

What was is yesterday? It was ____________.



IV деңгей – жыл мезгілдерінің суреттері бойынша оқушыларға шағын әңгіме құрату.

Көбінесе оқушылар 1-2 деңгейдің тапсырмаларын толыққа жуық орындайды, ал озат оқушылар алға шығады. Сабақтың соңында барлық оқушы бағаланды, бағалауды мониторинг жүйесі бойынша сызып, үлгерімін шығарып отырамыз. Өзіндік жұмыстар оқушылардың практикалық біліктерін, дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен қатар бұл жұмыстар негізінен оқушылардың білім, білік дағдыларының деңгейін бағалауға негізделген.



Сабақ соңында 2-3 минут қалғанда оқушы өзіндік жұмысты орындауға қанша ұпай жинағанын есептеп, дәптердің соңындағы жеке бетке түсіреді. Жалпы ұпай санына қандай баға сәйкес келетіні де осы бетке көрсетіледі. Беттегі жалпы ұпай көрсеткішін мониторинг кестесіне түсіру арқылы (модуль) тарау немесе тоқсан бойынша оқушының қай тақырыпты қандай дәрежеде меңгергеніне оқушының өзі де, мұғалім де анализ жасай алады. Соның негізінде оқушының білімін көтеруге ізденуге бағыт-бағдар көрсетіледі.

Сабақтың барлық кезеңінде белсенді жұмыс істеп отыратындықтан осы технология бойынша құрылған сабақ оқушылардың ойлауын, есте сақтау қабілетін, ынтасы мен қызығушылығын арттырады, өз бетінше жұмыс істей

білуге , еңбегінің қорытындысын шығарып, бағалай білуге үйретеді.

Қоғамның дамуы білім беру саласынан үнемі алда болды, тіпті бұл ал-шақтық кейбір кездерде ондаған жылдармен өлшенді. Күн сайын адамға көп-теген ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі са-рында қалып қоюда. Сондықтан білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама-қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда. Сол себепті мектеп мұғалімдерінің әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог-мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды олардың кәсіби құзыреттілігі негізінде жүзеге асыру қажеттігі туындайды.

Құзыреттілік тәсіл идеясы – қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өтей алады деген сұраққа жауап береді. Оқушының құзыреттілігін қалыптастыру – бүгінгі білім беру сала-сының өзекті мәселелерінің бірі. Құзыреттілік тәсілді, жоғарыдағы айтқаны-мыздай, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсілмен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарысты жағдайдан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім беру-дің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімінің көптігімен емес, сол білімді қолдана білуімен маңызды. Сонда мұғалімнің кәсіби құзереттілік деңгейі қандай болмақ? Педагогикалық зерттеулерге жасалған шолу бұл мәселенің тарихи тұрғыда кезеңдеп дамығанын көрсетеді. Бұл проблеманың ғылыми-теориялық тұрғыда аз зерттелуі, мұғалімге құзырет-тілігін нығайтуға мүмкіндік берілмеуі біздің біліктілікті жетілдіру жүйесінде мұғалімнің әдістемелік шығармашылығын кәсіби тұрғыдан дамытудың тео-риялық негізін жасау міндетін койды.

Құзыреттілік тәсіл ХХ ғасырдың 70-жылдары АҚШ-та және Батыс Еуропаның бір-қатар елдерінде қалыптаса бастады. Себебі, бұл елдерде де нарықтық экономика жағдайындағы қоғамның талабы мен білім берудің нәтижесі арасында сәйкессіздік белең алған болатын.

Педагог кадрлардың біліктілігін жетілдіру жүйесіне құзыреттілік тәсілді енгізу біздің жағдайымызда қандай қажеттіліктен туындады деген мәселеге келсек, мынаған саяды.


  1. Дүниежүзілік тенденциялардың кірігуіне сәйкес еліміздегі білім беру жүйесінің сол талапқа үйлесе алмауы.

  2. Дүниежүзілік білім жүйесіне қазақстандық білім берудің нәтижелерінң үйлесімсіздігі.

  3. Еліміздің өз ішінде білім нәтижелерінің талапты қанағаттандырмауы.

  4. Мектеп бітірушілер мен жас мамандардың алған білімін өмірде қолдана алу дағдысының төмендігі.

  5. Еліміздегі мектеп бітірушілердің білім деңгейінің басқа елдегі құрбы-ларынан кем соғуы.

  6. Еліміздегі мамандардың, оның ішінде педагог мамандардың белгілі бір мәселелер бойынша талдау жасау қабілетінің төмендігі.

  7. Бәсекелестікте, т.б. дәстүрлі емес жағдаяттарда жас мамандар, тіпті сақа мамандардың өзі мәселе әдеттегіден өзгеше қойылса жауап тап-пай қиналатыны.

  8. Қазақстан Республикасында білім беруді 2015 жылға дейін дамытудың тұжырымдамасы және білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы педагог мамандардың біліктілігін кәсіби құзыреттілік негізінде дамытудың қажеттілігін көрсетіп отыр.

Соңғы кездері педагогикада құзыреттілік және тұлғаның кәсіби шеберлі-

гінің құрамдас бөлігі (Т.Базаров), мамандарды дайындаудың нәтижелілігі мен өлшемдері (А.Бермус, И.Зимняя), білім мазмұның модернизациялаудың тәжірибелік мәні (В.Краевский), педагогикалық мәдениеттің базалық бөлігі (Т.Исаева) ретінде қарастырылуда. ХХІ ғасырдың басында мұғалімнің кәсі-би-тұлғалық құзыреттілігі бұрынғы сипатынан басқаша мазмұнға ие бола бастады. Оның өзіндік себептері бар.



  1. Педагогтің әлеуметтік – педагогикалық рөлі өзгерді.Енді мұғалім бұрынғыдай білім беріп қана қоюмен шектелмейді. Мектеп қабыр-ғасынан шығатын бүгінгі оқушыға қойылатын талап деңгейін қана-ғаттандыру мақсатында мұғалім оған білімді өз бетімен ала алатындай, өзі-өзін өз күшімен дамытып, алған білімін қолдана алатындай, өмірлік тәжірибесін қолдана алатындай, соны саналылықпен сезінетіндей пәндік сауаттылықты игертуге тиіс.

  2. Мұғалімнің өз бойындағы бар білімі мен кәсіби біліктілік құзыреттілігі оның бүкіл педагогикалық қызметінің барлық кезеңдеріне жеткілікті болады деп айта алмаймыз. Демек, мұғалім үнемі біліктілігін жетілді-руге, тұлға ретінде үнемі өзінің білімін көтеріп отыруға тиіс.

Білім беруді 2015 жылға дейін дайындаудың тұжырымдамасын дайын-дау барысында туындаған құзыреттілік тәсіл тақырыбы бүгінде барлық ғы-лыми педагогикалық ортада талқылануда. “Компетенция” және “компетент-тілік” ұғымдарына талдау жасай келе “компетенцияны” жеке тұлғаның та-ным мен тәжірибе арқылы жетік меңгерген мәселелерінің жиыны десек, “компетенттілік” компетенцияға ие болу дегенді білдіреді. Сонда білім беру саласында компетенцияны оқыту мақсаты, құзырлылықты оқыту нәтижесі деп қарастырамыз. Сонымен “компетенттілік” ұғымы педагогикада бұрын-нан қалыптасқан “дайын болу” ұғымымен байланысты.Демек, “компетентті-лік” – қандай да бір әрекетке, мысалы жоғары шығармашылық әрекетті іске асыруға дайын болу деген сөз.

Оқытудағы құзыреттілік тәсіл – оқушыға қойылатын мектептегі талап пен өмірлік талаптарды ұштастыру.

Құзыреттіліктің түрлері: проблеманың шешімін табу немесе өзіндік менеджмент құзыреттілігі, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктер.

Проблеманың шешімін табу немесе өзіндік менеджмент құзыреттілігі:



  • түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға;

  • өз әрекетіне мақсат қоя білуге, оны жүзеге асыруға қажетті жағдайды анықтауға, оқу үрдісін жоспарлауға және ұйымдастыруға;

  • өзіндік тұжырым жасауға, өзіндік бағалауға, өз әрекетін бағалауға;

  • түрлі жағдайда өзінің шамасын білуге;

  • қойылған міндетті орындауға, технология таңдай білуге мүмкіндік береді.

Ақпараттық құзыреттілік:

  • сыни қараған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;

  • өз бетімен мақсат қоюға және негіздеуге, осы мақсатқа жеткізетін та-нымдық әрекеттерін жоспарлауға және жүзеге асыруға;

  • ақпаратты өз бетімен табуға, талдауға, таңдауға, өңдеуге, сақтауға, ин-терпретациялауға және қазіргі ақпараттық-коммуникативтік техноло-гияның көмегімен жүзеге асыруға;

  • логикалық операцияларды (анализ, синтез, жинақтау, құрылымдау, тіке-лей және қосымша дәлелдеу, салыстыру, моделдеу, ойша эксперимент жүргізу, материалдарды жүйелеу) қолдана отырып дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Коммуникативтік құзыреттілік:

  • нақты өмірлік жағдаяттарда ағылшын немесе басқа тілде ауызша және жазбаша түрлі коммуникативтік құралдарды қолдануға;

  • коммуникативтік міндеттерді шешуде стиль мен жанрды таңдай білуге, қолдана білуге;

  • өзінің көзқарасын этикет нормаларына сәйкес жеткізуге;

  • өнімді өзара іс-қимылды, оның ішінде басқа да көзқарас пен бағыттарды ұстанатын өзге ұлт өкілдерімен қарым-қатынас диалогына түсе отырып жанжалдық ахуалды шешуді жүзеге асыруға;

  • жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі позициядағы адамдармен топта қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

12 жылдық жалпы білім беретін мектепке көшу жағдайында оқу-тәрбие үрдісін оқушының жеке қабілетін ұйымдастыруға байланысты мұғалімнің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Кәсіби құзыреттілік – ізденімпаздықпен, жауапкершілікпен әрекет етуге адамның еңбегінің нәтижесінде байқалатын белгілі бір еңбек функциясын қабілет-тілікпен және біліктілікпен меңгеруіне мүмкіндік беретін психологиялық жағдай.

Қазіргі заманғы құзырлылығы қалыптасқан мұғалімнің кәсіби әреке-тінің құрамына енетін бөліктерді меңгеру мектептің әр мұғалімінің міндеті, олар:



  • ақпараттық (біліктер: ақпаратты қабылдау, жинау, таңдау, жүйелеу, жалпылау, бағалау, шолу, кодтау, өзгерту және тарату);

  • зерттеу (біліктер: проблема туғызу, оны көкейкестілендіру, мақсатты, міндетті,

пәнді, объектіні тұжырымдау, зерттеу әдістерін меңгеру және жоспарлау, бақылау, эксперимент жүргізу, қорытынды тұжырымдау);

  • интеллектуалдық (біліктер: жүйелеу, жалпылау, талдау, абстрактілеу, салыстыру, мәнін түсіну, жалпы мен жекені айыра білу, мақсат қою, ой жүгірте алу (рефлексия));

  • креативті (біліктер: елестету, жалғастыра алу (агглютинация), сүлбелеу (схематизация), топтастыру (типизация), негізгісін бөліп көрсете алу (акцентировать), әсірелеу (гиперболизация), алдын ала білу, қайта түзу, жаңаша түрлендіру);

  • диагностикалық (біліктер: диагностиканың тәртібі бойынша жүргізу, оның нәтижелерін өңдеу)

  • болжау (біліктер: мақсат қою, ақырғы нәтижені болжау, үрдісті интуи-тивті болжау, заңдылықтарды, шарттарды айқындау, қор іздестіру, түзетулер жасау);

  • инновациялық (біліктер: мәліметтер жинақтау, педагогикалық тәжірибелерді талдау, эксперимент жүргізу, өзгертулер жасау, жан-жақты ойлана алу, ой жүгіртулер арқылы бағалау, қадағалау, жаңаша түрлендіру, екінші рет эксперимент жүргізу, өңдеу енгізу).

Жеке тұлғаның құзыреттілігін дамыту мен қалыптастыруда нысандар

мен құбылыстарды зерттеумен байланысты өңдеу әрекетінің маңызы зор. Оқушының танымдық өзгертушілік әрекеті зерттеушілік деп аталатын әдістің көмегімен жүзеге асырылады. Интеллектуалдық, шығармашылық қабілеті жоғары оқушыға өз бетімен білім алуына жағдай жасалуы тиіс, яғни оқушының өз іс-әрекетін өзі ұйымдастырып, басқаруына мүмкіндік туғызы-луы қажет.

Зерттеуші – оқушы өзінің табиғатынан зерттеуге бейім, келеді. Білуге құмарлық, бақылау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізу баланың балалығымен бірге жүретін үрдіс. Зерттеу, іздеу белсенділігі – баланың жара-тылысына мән құбылыс. Шығармашылық зерттеушілік ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды: бір жағынан, жаңа өмірге қол жеткізуінде,екінші жағынан ізденіс процесінің мәнділігінде.Адам шығармашылық нәтижесінде ғана қанағаттанып қоймай, шығармашылық пен зерттеу ізденушілігінің өзінен де ләззәт алуға қабілетті.

Зерттеу мен дағдысы ғылыммен ғана айналысатын адамдарға ғана емес, сондай‑ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Шығармашылық ізденушілік кез келген кәсіппен тікелей байланысты. Зерттеу ісі қазіргі кезде аясы тар мамандандырылған қызмет емес, сондай-ақ бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген, кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады. Бұл пікірді Абайдың жетінші қара сөзінде-гі:«Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біріншісі-ішсем,жесем, ұйықтасам» деп туады. Екіншісі - көрсем, білсем деп, ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, ол неге үйтеді ,бұл неге бүйтеді деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін, тыныштық көрмейді ,- деген ой- тұжырымды растайды.

Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Егер әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету қажет болса, онда баланың қабілетін түрлі әрекетте көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет. «Зерттеу» түсінігі энциклопедиясында «жаңа білімді өңдеу процесі және таным қызметінің бір түрі болып есептеледі» деп түсіндіріледі. Бала-ларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығу-шылығының басымдылығымен түсіндіріледі.Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді.Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес өзі ашады.

Мектеп қабырғасында кемеңгерлер жақсы да,жаман да оқиды. Ал адам бойындағы дарындылықты нағыз данышпандыққа айналдырудың бір ғана шарты – табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектену. Демек, табиғи таланттарды ашу, жас талапкердің жарқырап көрінуі үшін ұстазға жүктелер міндет не? Ол міндет – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін жан аямай еңбек ету.

Шығармашылық оқушыға шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс. Жаңа-ны жасау, өзі жасаған тың дүниеден алған жан ләззаты оқушы үшін шабыт баспалдағы болмақ. Сабақ беру үрдісінде шәкірттерді шығармашылық жұ-мысқа баулудың маңызы зор.

Қазіргі талап –оқушыларды ойландыру,іздендіру, сол арқылы өз беттерін-ше еңбектеніп оқуға баулу. Осы міндет тұрғысынан ағылшын тілі сабағында ойларын кемелдендіру тілдерін дамыту,сөз байлығы молайса,ой қабілеті шынықса , білім көлемдері де артады, тереңдейді және сапалы, тиянақты болады. Бұл орайда төмендегідей жұмыстарды жүзеге асырдым.

Мысалы, «Тыныс белгісін қой». Тыныс белгісі қойылмаған 30-50 сөзден құралған мәтін-ді даярлап , оқушыларға үлестіремін. Олар мәтіндегі сөйлем-дердің жігін айырып, тиісті тыныс белгілерін қояды.

Мысалы, «Where did you get it?»

When uncle Peter came to their house, mother said I’m sorry I have no cheese I know you like it very much little Jim turned went out the room and soon came back with some cheese Uncle Peter thanked him put the cheese into his mouth and said You have very good eyes Where did you get it the boy answered from the rat-trap.

«Адасқан сөздер». Орны ауыстырылып қойылған сөздер беріп, сол сөздерді орны‑орнына қойып, сөйлем құратамын, оқушылар сол сөйлемдерден мәтін құрайды.

Мұғалім: «A thirsty man». A man along a road was walking. was thirsty He. saw a swimming pool He. There two boys were swimming. He them asked to show a shop the way to. He the store came to. The shop assistant on the phone was talking. It long talk was very. The man and was angry the store left.



«Қалып қойған сөзді тап». Оқушыларға мәтін беремін, оның ішінен кейбір сөздерді қалдырып кетемін. Сол нүктенің орнына керікті сөздерді тапқызып жаздыртамын.

Мұғалім: «Pete' s story. One day a teacher says to his pupils:

«Write....about the football....on Sunday. » Pete....writes three words in his notebook...puts his…

Down on the desk. «Where… your story,…Show it to me!», says the teacher. Pete…to the teacher his story. ....takes his notebook and reads: «Rain. No game»



«Сұраққа жауап бер». Тақырып белгіленіп, сол бойынша ыдыратылған сөй-лемдер беріледі, астына сұрауларын жазып қоямын. Оқушылар сол сұрауға жауап боларлық сөйлемдерді орнына қойып, әңгіме айтады.

«The environment»

Cambridge is in the east of England. Cambridge is an ancient city. The main industries in Cam-bridge are tourism and agriculture. The population is about a hundred thousand. It is a small city. There are a lot of English language schools.

Where is Cambridge? What kind of city is it? How many people live there? Is it an ancient city? What are the main industries? What kind of schools are there?



« Тақырыбын тап». Бір тақырыпқа байланысты белгілі сұрақтар жазып қоямын. Балалар сол сұрақтарға жауап береді және әңгіменің тақырыбын белгілейді.

Мұғалім: Which class are you in? What is your teacher’s name? What subject do you like?



«Әңгімені құра». Белгілі бір оқиғалы суретті үлестіріп беремін,кейде сынып тақтасына үлкейтілген түрін іліп қоямын.Суреттің астына сұрақтар жазамын. Оқушылар сол сұрақтарға жауап беру арқылы мәнді әңгіме құрап береді.

Мұғалім: When was she ill? What was the matter? Did she have a headache in the morning? How long did she sleep? How does she feel today? Why is she staying in bed?



«Әңгімені аяқта». Тиісті тақырыпқа жазылған әңгіменің бас жағына 2-3 сөйлем өзім жазып қоямын. Оқушы сол әңгімені өзі аяқтау керек.

Teacher: Which is nearer: Africa or the sun?

Pupil: The sun.

Teacher: The sun. Why do you think so?

Pupil…

«Мақалды тап». «I like this place», said the young man. «Tastes differ. As for me, I prefer the seaside», George smiled at his brother.

«Полиглот». Аталған мақалдардың қазақша, орысша баламаларын тап.


  1. There is no smoke without fire. Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды. Нет дыма без огня.

  2. To make a mountain out of a molehill. Түймедейді түйедей ету. Делать из мухи слона.

Жаңа сөздерді есте сақтау жадысын дамыту бағытында сөзжұмбақтардың

ағылшын тілі пәнінде қолданудың орны ерекше. Сөзжұмбақтарды әртүрлі бағыттарда қолдануға болады:



  1. жасырылған сөзді тауып, сөйлем құрау;

  2. сөз топтарын тауып содан әңгіме құрастыру;

  3. жаңа сөздердің ішінде сөзжұмбақ етіп жасыруға болатындарын анықтау.

Сөзжұмбақ құрастыру үлгілері:

  1. екі сөздің қосындысы: arm+chair

  2. үтір қойылған әріптерін алып тастау: chair-hair

  3. іn жалғауы арқылы: fine

  4. on, up, under жалғаулықтары арқылы: second

  5. бір әріпті сызып тастау арқылы: cap-cat

  6. сөздің әріптерінің ретін ауыстыру арқылы: cat-act

  7. of жалғауы арқылы: coffee

  8. by, at жалғауы арқылы, егер бір әріп екінші әріпке тақалып тұрса: late

  9. бір нәрсе керісінше тұрса: dog-god

  10. бір әріп екіншісіне бағытталса to жалғауы жалғанады: today

Төменгі әріптерден сөз құрап, бір әріп бір сөзде екі рет қайталанбауы тиіс.



Bag, yet, age, globe, tie, get, big, cat, rat, goal, etc.


Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Ағылшын тілі пәнін оқыту процесінің негізгі мақсаты – арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты жүйелі түрде пайдаланып оқушылардың интеллектін, шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады.

Әр мұғалім сабақ жоспарын құрмас бұрын сол сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктерін, психологиялық ерекшеліктерін, белсенділігін толық зеттеп алғаны жөн. Сонда ғана оқушы білімінің шыңдалған, сөйлеу дағдылары жетілген, проблемалық сұрақтардышеше алатын, жаңалық аша алатын, топ алдында жасаған жұмыстарын қорғай алатын, зияткерлікті дамыған, шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға тәрбиелеп шығаруға болады.

Дүниежүзілік өркениетке жету үшін ұрпағымыз білімді, парасатты, жан-жақты болып өсуі – бәрімізге ортақ міндет.

Қорытынды


Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Ағылшын тілі пәнін оқыту процесінің негізгі мақсаты – арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты жүйелі түрде пайдаланып оқушылардың интеллектін, шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады.

Оқушылардың өз бетімен жұмысын қалыптастыру оқушының пәнге деген қызығушылығынан және қажеттілігінен туындайды. Өз білімін көтеру жекеленген оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамытып, шығармашылық белсенділігін арттырады. Оқушылар оқыту барысында білім алады, ал содан соң оны қолдану арқылы шығармашылыққа бет бұрады. Ағылшын тілі сабағында оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру үшін сабақта жаңа технология әдістерін пайдаланған тиімді.

Мұғалім оқушыны қарапайым таным әрекеттерімен таныстырады. Оқушы өз жұмысына анализ жасап, кеткен кемшіліктерін талдап, өзінің нені жетік білмейтініне көз жеткізеді. Алдағы істейтін, оқып–үйренетін материалдарын жоспарлайды, ізденеді.Оқушының шығармашылық ізденістерінің нәтижесі көрінеді. Оқушы белгілі бір тақырыптарға ой толғап, суреттеп, еске түсіріп, болжап, жаңалық ашқандай қалыпқа жетіп, ойын айтуға ынталады.

Ағылшын тілі пәнін деңгейлеп оқытудың негізгі мақсаты арнайы педагогикалық әдістер мен тәсілдерді жүйелі түрде пайдаланып оқушылардың шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады.

Деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану нәтижесінде мынандай игі істерге қол жеткізгенімді айта кеткім келеді:


  1. Оқушылардың пәнге қызығушылығы артады.

  2. Білім сапасы көтеріледі. Мысалы өзім сабақ беретін 5а сынып

оқушылары 100% үлгерім, І тоқсанда 75% сапа болса, ІІ тоқсанда 80% -ға, 9 А сыныбы 100% үлгерім І тоқсан 42% сапа болса, ІІ тоқсанда 47% -ға, 9ә сыныбы 100% үлгерім І тоқсан 35% сапа ІІ тоқсан 39% - ға Хб сыныбы 100% үлгерім І тоқсан 50%, ІІ тоқсан 54% сапа көрсеткішіне жетіп отыр.

  1. Дарынды оқушыларды шығармашылыққа баулып, ізденушілік қасиеттерін жетілдіреді.

Бұның дәлелі бір шәкіртім қазіргі таңда өзіммен бірге мектепте еңбек етуде. Ол Таспанова Сәндігүл. 5 оқушым Атырау қаласындағы мектептерде. Бір оқушым шетелдік фирмада аудармашы, Атырау мемлекеттік университетінде 8 оқушым студент атанды, ал 15 оқушым Қ.Дутбаева атындағы педагогикалық колледжде білім алып жүр. Жыл сайын оқушыларым аудандық пәндік олимпиададан жүлделі орын иеленіп жүр.

  1. Уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндік туғызады. Себебі 45 минутта оқушылар біраз тапсырмаларды орындап, бағаланады.

  2. Өзіндік жұмыс тапсырмалары арқылы оқушылардың математика пәніне деген қызығушылықтарын арттырады.

  3. Оқушылардың алған білімдерінің дағдыларының алдағы өмірлеріне қажеттілігі мен оны қолдана алуларына қол жеткізеді.

  4. Оқушылар істейтін жұмысының мақсатын айқындап, жұмысты өз еркімен ерік – жігерімен, қалауымен орындайды.

  5. Оқушылар өз жұмыстарының қорытындысын шығарып, өз дәрежесінде бағасын алады.

Бүгінгі күн талабына сай ағылшын тілі сабағы

 

«To be or not to be»



Шекспир

 

Бүгінгі күнде жалпы орта білім беретін мектеп- жаңа қоғам мектебі. Бүгінгі мектеп мұғалімі- жаңа үлгідегі мұғалім. Жаңа формация мұғалімнің бүгінгі сабағы қандай болуы тиіс?



«Не боларсың, не болмассың. Міне, мәселе қайда жатыр?»,- дейді Гамлет.

 

Шекспирдің To be or not to be? сұрағына  А time for you and me -  деп ұйқас арқылы берген жауабымыздың мағынасы- «Уақыт бар саған да маған да». Уақыт келді. Сабақ парадигмасын түбегейлі өзгерту – ұстаз парызы.



Орта  мектеп түлектерінің, жоғарғы оқу орындарын тәмәмдаған мамандардың шет тілін меңгеру  деңгейлері өте төмен. Қаншама жыл ағылшын тілін оқып үйренгендердің нәтижелік көрсеткіштері жоқтың қасы. Неге олай? Себебі неде?

Бағдарлама, оқулық, оқу әдіс – тәсілдерінің мән- мазмұндары жеткіліксіз болар?

Ақпараттық телекоммуникациялық құрал-жабдықтар мүмкіндіктерінің толық пайдалануы шектеулі шығар?

Мектеп бағдарламасын кім меңгереді?

Есте сақтау қабілеті басым оқушылар. Қосымша сабақтар мен  курстардан ақылы өтушілер.

Гуманитарлық пәндерге бейім, оң жақ ми қабаттары арқылы ойлайтындар.

Сылбырлық, баяулық, тұйықтылық, бұйығылық қасиеттері басым балаларды қалай оқытамыз? Олардың әрекеттерін қалай қарқындатамыз?

Осы проблемаларды шешу оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың негізгі көзі- сабақ барысында жүзеге асады.

Сондықтан сабақ парадигмасы түбегейлі өзгеруі тиіс.

Қазіргі ағылшын тілі мұғалімі өз сабағын өткізу барысында көптеген «Қалай?» деген сұраққа жауап іздейді:

· Шет тілін үйренуге, меңгеруге деген оқушы құлшынысын қ а- л а й туғызуға  болады?

· Әр оқушының дара ерекшеліктерін қ а л а й ескеруге болады?

· Шет тілін әзер меңгеріп жүрген оқушылардың сенімін              қ а л а й арттырып, ағылшын тілін үйренуге жасқанбауды, талпыныс жасауды қ а л а й жүзеге асыру қажет?

· Әр оқушының әрекетін қ а л а й белсендіруге, қарқындатуға болады?

Бұл сұрақтардың жауабы:

Әр сабақ «айтса - ұмытамын, көрсетсе – есте сақтаймын, әрекет жасатса - білемін» деген қытай халқының қағидасы ұстанымға алынып ұйымдастырылуы тиіс.

Осы қағиданың негізін «түсіндіру – ұғуды тежейді» деген парадокс арқылы резюме жасауға болады. Сабақ барысында «оқушы-оқушы», «мұғалім-оқушы», яғни «субъект-субъект» аралық қарым-қатынастағы өзара белсенді – интерактивті әрекеттің тиімді ұйымдастырылуы шарт.

Көрнекіліктің қазіргі көзі- к о м п ь ю т е р.

Сабақ жоспары- мультимедиялық конспект. Сабақ барысындағы іс-әрекеттерді атқару мультимедиялық проекторды пәрменді қолданумен селбеседі.

Оқушылардың компьютер көмегімен атқарылатын әрекет түрлері: қайталау, жаттығу, жинақтау, салыстыру, талдау, сараптау және өз білімдерін тексеру, бағалау.

Интерактивті әрекет ұйымдастырудың тағы да бір әмбебап қайнар көзі - медиабілімді ұстаз. Ағылшын пәні мұғалімі медиабілімді толыққанды меңгеруі тиіс. Атап айтқанда ЖКҚ- жаппай коммуникациялық құралдарды (теледидар, СD, DVD, газет-журналдар, кітаптар, оқу-әдістемелік құралдар т.т.)  пәрменді қолдануды жүзеге асыруы шарт. Газет-журналдардан алынған шағын мәтіндер, кітаптардағы сюжетті түрлі-түсті суреттер, бейнетаспаларда берілген видео, аудиофрагменттер, кроссвордтар, ребустар, жаңылтпаш, жұмбақ, тақпақтар, магнитафон, компьютерлік дыбыстандыруладағы ән-өлеңдер - интерактивті әрекет ұйымдастырудың оңтайлы жабдық- құралдары.

Қазіргі сабақтың негізгі қызметі әр балаға мүмкіншілік жасай отырып, оның белсенді де қарқынды әрекет атқаруына жағдай туғызып, жылдам әрі барынша қабілетін ашу.

Қазіргі сабақ проблемасы- оқушылардың  жекелік айырмашылықтарын ескеру.

Демек т е х н о л о г и я л а н д ы р ы л ғ а н сабақ әр баланың іс-әрекет атқаруын қамтамасыз етеді. Яғни, оқушыларға жағдай туғызып ситуациядан шығу, мәселені шешу арқылы олардың бойына білім, білік, дағды әрекеттері қалыптасады. Ал әрекет ету- қ ұ з ы р е т т і л і к кепілі.Осыған байланысты, біздің мектебіміздің проблемалық тақырыбы: «АКТ-ны қолдану арқылы оқушылардың құзіреттілігін дамыту» болғандықтан, мен өз сабағымда интерактивті тақтаны кеңінен пайдалануға тырысамын. Интерактивті тақтамен көптеген ғажайып іс-әрекеттерді атқаруға болады. Әрине бұл сіздерге таңғажайып емес,өйткені осында отырған мұғалімдердің барлығы дерлік оны қолданады деп ойлаймын.Сонда да, мен сіздерге өз сабақтарымнан осыған байланысты нақты мысалдар келтіріп, сабақ фрагменттерінен бірнеше көріністер беріп кетсем.

Енді, осы айтылған ойларымды қорытындылай келе, мынадай сараптамалық түйіндемені өлең жолдарымен берсем:

Ұстаз үнемі сөйлейді, түсіндіреді, айтады.

Жалығып кеткен оқушы зерігіп үйге қайтады.

Мұғалім сөзін оқушы сабақта ұзақ тыңдайды.

Дәрменсіз жан үйде де білімін бекер «шыңдайды».

Сабақта бар жұмысты ұстаз өзі басқарар.

Бағынушы шәкірті өнімсіз іс атқарар.

Жаттанды сол білімді үлгіменен меңгерер.

Нәтижеде сомдалар, сол білімге кенделер,-деп тұжырымдай келе;

Қазіргі білім субьекті- шәкіртердің өкілі.

Инновациялық әрекет- құзыреттілік кепілі.

 

 



Қолданысқа алынса тиімді құрал, тәсілдер.

Сапалы білім алады кез-келген ұлт, нәсілдер.

Ізеттілік сезіммен шәкіртін ұстаз сүйеді.

Төтеп беріп суыққа, ыстығына күйеді.

Технолгияландыру талабы- нәтиже алу амалы.

Сонда ғана қаланар, білімнің берік қамалы, демекпін.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың Мемлекеттік
бағдарламасының жобасы (2011-2020 жж.)
2. “Қазақстан мектебі” журналы №4, 2010ж.
3. Левитан, К.М. О содержании понятия “коммуникативная компетентность”. Перевод и межкультурная коммуникация. / К.М. Левитан. Екатеринбург.: Издательство АБМ, 2001. №.2.89-91б
4. Пассов, Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению. – М., 1991.

5. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы-2008 
6. Егемен Қазақстан. 26.12.2003ж. №332-333 Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. 
7. Б.А.Тұрғанбекова «Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе» Алматы-2005 
8. К.Құдайбергенова «Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерийі» 
(ғылыми-практикалық конференция материалдары) Алматы-2008 
9.С.Бахишева «12 жылдық білім беру және оқушы тұлғасы» Білім кілті(№1,2006) 
10. «Қазақстан мектебі» журналдары № 3,7 56-58б 2010 жыл 

11. А.К.Маркова «Кәсіби құзыреттіліктің даму деңгейі» 2009



Каталог: uploads -> doc -> 0b33
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b33 -> Сабақ 1 Тақырыбы : Бау -бақшада,бақтарда


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет