АҒылшын тілін өз бетінше үйренудің тиімді жолдары а. Тулкинова, 5В011100-Информатика мамандығының 3-курс студенті Қазмемқызпу, Алматы қ



Дата25.08.2017
өлшемі61,79 Kb.
#26375
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ӨЗ БЕТІНШЕ ҮЙРЕНУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

А.Тулкинова, 5В011100-Информатика мамандығының 3-курс студенті

Қазмемқызпу, Алматы қ.
Аннотация. Мақалада ағылшын тілін өз бетінше оқып-үйренудің тиімді жолдары қарастырылған.
Әрине, тілді қосымша сабақ арқылы немесе жеке мұғалім жалдап меңгерген неғұрлым тиімді және оның белгілі бір оқыту әдістемесі жүйелі түрде жұмыс атқарып, өз нәтижесін береді. Алайда, егер көңіліңізден шықпай жүрген немесе деңгейіңізге сай тіл курсын таба алмаған жайдайда сөзсіз тілді өзіңіз меңгере бастауыңыз қажет.

Егер сіз бір тілді меңгерген болсаңыз, екінші тілді үйрену сізге әлдеқайда оңайға түспек. Себебі, сіз бұрын тілді үйренуде кездесетін қиындықтармен танысып, оқыту бағдарламасын өзіңізге ыңғайластырып, тілді үйрену барысын көз алдыңызға елестете аласыз. Мұндай жағдайда сіз тілді еш қиындықсыз меңгеріп кете аласыз.

Тілді төмендегідей бағыттар бойынша жетілдіруге болады:

Айтылу немесе дыбыстау (prononciation). Таныс емес сөздерді дұрыс дыбыстау оңай емес. Бірақ кей интерактивті өздігінен үйреткіш бағдарламаларда дыбысталу жолдары бірге беріледі. Мысалы, сіз диктофонға айтқан сөзіңізді жазып, салыстырмалы түрде қайталап, сараптама жасайсыз. Ал егер сізде құлақ есту аппараты жақсы дамыған болса, сол тілдегі әуендер мен киноларды қарап, айтылу жолын есте сақтап, қайталап отырсаңыз жетіп жатыр.
Грамматика. Грамматиканы игеруге екі нәрсе жеткілікті: біріншісі – жақсы оқу құралы, екіншісі – ынта. Бұл санның сапаға айналған уақыты. Грамматика заңдылығы мен ережесін қанша керемет меңгергеніңізбен, оны жаттығу жұмысымен күшейтпесеңіз, жарты жұмысыңыз текке кетті дей беріңіз. Жаттығу барысында жеңіл көрінген тапсырмаларды тастап кетпеуіңіз керек. Ол кейін кез келген тапсырманы автоматты түрде жылдамдатып жазуға септігін тигізеді. Тапсырманы бір ғана оқулықпен шектелмей мүмкін деген ресурстарға жүгінесіз.

Лексика. Сөздік қорын молайту – тілдің ең басты негізі. Тіл-байланыс құралы. Егер сіздің сөздік қорыңыз тым мардымсыз болса, ондай жағдайда адам өз ойын шала жеткізетін болады. Алғашында сөздерді күнделікті өмірмен қатысы бар дүниелермен байланыстыра жаттаңыз. Уақыты келе сөздік қорыңыз молайып, есте сақтауыңыз соған машықтанады. Сөздік қорын молайтудың ең тиімді жолы – адаптерленген кітаптарды ең болмағанда күніне бір беттен аударма жасау. Осылайша көптеген сөздер қайталанып, көз алдыңызға көптеген қарапайым сөздер жатталып қалады.

Оқу. Оқығанда да ең қызығын оқыған дұрыс. Әртүрлі әдебиеттерді қолданған пайдалырақ. Себебі, бір жағынан жаңа сөздер көп кездессе, екінші жағынан лексикасы алуан түрлі келеді. Оқыған кезде білмейтін сөздердің астын сызып отырыңыз. Егер электронды кітапқа ақша жұмсағыңыз келмесе, мәтінді тегін кітапханалардан жүктеп алуға болады.
Пайдалы бейнежазба. Тыңдау ұнамай ма? Онда кино, сериал, телешоу көруге болады. Мәселен, әр апта сайын Entrepreneurial Thought Leaders-те Стэнфорд университетінде өтетін бейнедәрістер жарияланып тұрады. Көңіл-күйді көтеру үшін Saturday Night Live-тің жаңа бағдарламасын тамашалауға болады.

Жанды сөйлесу. Тілді жетілдіруде әлемде ешбір нәрсе жанды сөйлесуге жетпейді. Сіз үйреніп жатқан тіл ана тілі болып саналатын адаммен тілдесуге дайын болмасаңыз, ағылшын тілін үйреніп жүргендермен сөйлесуге болады.

Күн сайын аздап ағылшын тілінде сөйлеңіз. Кез келген жаңа тілді үйренуге абсолютті ең жақсы жол – ол сол тілде сөйлеу. Сіз тек бес ағылшын сөздерін білсеңіз де бұл маңызды емес – ағылшын тілінде басқа адаммен сөйлесу ең жылдам, ең тиімді әдіс болып табылады. Сіз өзіңізді ағылшын тілін «жайлы сезінетін» күйге дейін күтпей, бүгіннен бастап ағылшын тілінде сөйлей бастаңыз. - Сіз, бәлкім, ұзақ уақыт бойы сол деңгейге жете алмайсыз, сондықтан өзіңізді жайлылық аймағыңыздан тыс итеріңіз.



Ағылшын тілінде күнделік немесе блог жазу - күнделікті хат танудан жаттығу алып отырудың үздік жолы. Грамматикадан басқа, ағылшын тілін күнделікті қолданыста пайдаланып отыру қабілетіңізді арттыра түседі. Сіз өзіңіздің сәтсіз, жаңбырлы өткен демалыс күндеріңіз туралы, немесе теледидардан көрген қызықты бейсбол ойыныңыз туралы жазуыңызға болады - өз еркіңіз! Әрине, жазбаларды қашан жазсаңыз өзіңіз білесіз. Тіпті аптасына бір рет жазған жазба көп көмегін тигізбек. Бірақ аптасына бір реттен кем жазбаңыз. Алға "көп жазу керекпін" деген мақсат қойып, сол жолдан таймауға тырысыңыз.
Радио тыңдау. Радио онлайн режимінде қол жетімді болғандықтан сіз өзіңіздің біліміңізді арттыруды кез келген жерде бастауыңызға болады. Егер сіз жуынып жатсаңыз немесе поезда отырсаңыз да, ағылшын тіліне көңіл бөліуіңізге болады.

Ағылшын тілінде фильмдар мен сериалдар қараңыз. Өзіңізге қызық болатын фильмдар мен бағдарламалар таңдауға тырысыңыз - бұл жаттығуды жеңілдетуге көмектеседі. Мүмкін болса, өзіңіз білетін фильмдерды таңдаңыз, мысалы мультфильмдер немесе блокбастерлер.

Ағылшынша кітаптар, газеттер немесе журналдар оқу. Оқу - жаңа тілді үйренудің ажырамас бөлігі, сондықтан жаттығуды ұмытпаңыз. Шынымен қызығарлық ағылшын романын, The New York Times немесе сән журналын тауып, содан бастаңыз. Егер ішіндегісі сізге қызықсыз болса, оқуға да қызығушылығыңыз төмендейді. Бар күшіңізді оқып жатқаныңызға арнаңыз, тек оқып қана қоймай, түсінуге тырысыңыз. Түсінбеген кез-келген сөз немесе сөз тіркесті белгілеп алып, аудармасын сөздіктен қараңыз.

YouTube. Ағылшын тілін үйренудің тағы бір оңай жолы ол – youTube желісі. Мысалы, осы сайттан пайдасы мол, кәсіби мұғалімдер үйрететін бейнежазбалар көріп отыруға болады.

Ағылшын тілін үйренуге көмектесетін you tube-тағы үздік каналдар:

Puzzle English – көптеген тақырыптарға бейнежазбалары бар, мысалы, грамматикаға шолу, тілді үйрену сырлары мен ақыл-кеңестер, сериалдардан алынған қызық танымал айтылулар және тағы басқалар.

English with Jennifer – көңілді және қызығарлық канал. Ағылшын тілін үйрену музыка, ойындар, фильмдер және әзіл арқылы жүзеге асады.

Ағылшын тілін сайттар арқылы үйрену:

Lingualeo.com. Лео жолбарысы бар, баршаға танымал болған желі. Сайтта, әр түрлі тапсырмаларды орындау арқылы, сөздерді жаттауға, сөз тіркестер құруға, мақалалар оқуға, өлеңдер тыңдап, аудармасымен видео қарауға болады.

Duolingo.com

Бұл сайтта да, барлық қабілеттеріңізді жаттықтыра аласыз. Бірақ, оның lingualeo-дан айырмашылығы, lingualеo жай бөлек сөздерді үйренуге көмектесетін болса, осы сайт бірден сөз тіркестерін үйретуге көшеді.



Englishspeak.com

Бұл сайттың басқаларынан айырмашылығы, мұнда ағылшындардың күнделікті қолданатын сөздері мен сөз тіркестері көрсетіледі. "Ағылшын тілінде 100 сабақ" бөлімінде 100 пайдалы тіл иесі дауыстап айтатын ситуациялық диалогтар таба аласыз. Тағы да, 1500 ең керек деген, сөздер жиынтығы орналасқан.



Ағылшын тілінде сөйлейтін адамдармен достық қарым-қатынаста болыңыз

Ағылшын тілін ең тез меңгеру жолы – бірнеше ағылшынша сөйлейтін дос тауып, олармен тығыз қарым-қатынас ұстап отыру. Осылайша, достарыңызбен әңгімелесу үшін, ағылшынша сөйлеуден басқа амалыңыз болмайды.



Ағылшын тілінде сөйлеу барысында қателік жасаудан қорықпаңыз

Ағылшын тілін үйренудегі ең үлкен тосқауыл – ол қателік жасау қорқынышы. Бұл қорқыныш еш мақсатсыз – жай ғана тілді меңгеру алдында тұрған тосқауыл. Ұялмаңыз, қателік жасауға қорықпаңыз. Әрине, жаңа тілде бірден сөйлеп кете алмайсыз. Өзіңіздің ойлап тұрған ойыңызды қиын болса да жеткізе білуге тырысыңыз. Әрбір адамның ана тілінен өзге тілді үйренгенде қателік жасайтынын есте сақтап жүріңіз. Сіз де ыңғайсыз жағдайларға тап болуыңыз әбден мүмкін. Тағы да есте сақтаңыз, сіз ағылшын тілінде сөйлеп үйренгенде үздік болуға ұмтылмаңыз, алға қадам жасауға ұмтылыңыз. Қателіктер - жай ғана оқу процесінің кішкене бөлшегі, керісінше олар сізге қабілеттеріңізді жақсартуға көп көмегін тигізеді.



Өзіңізбен өзіңіз тілдесіңіз

Тілді практика жүзінде меңгеру барысында сіз ойыңызда немесе айнаның алдында жаттығуыңызға болады. Бірақ батылдық танытсаңыз, неге өзіңіздің сөйлеген сөзіңізді жазып алмасқа? Смартфоныңызда немесе компьютеріңізде шығып көрсететін сөздеріңізді шағын бейнеге жазу, өзіңіздің шынында қалай сөйлегеніңізді естіп, көрудің тамаша тәсілі. Теледидардағы дикторлармен өзіңізді салыстыра аласыз. Сонымен, сізде ыңғайлылықта, үйде отырып ағылшын тілін үйренудің бірнеше тамаша жолдары бар. Ағылшын тілін үйренуде жетістікке жетуге тырысу қажет.



Шетел тілін үйренуге әр адам әр түрлі жолдармен келеді. Әр адам әр түрлі материалдарды (кітап, аудио, бейнематериалдар, қосымшалар (Application)) пайдаланып, әр түрлі әдістермен үйренуі мүмкін. Жоғарыда келтірілген ағылшын тілін үйренудің жолдары ең бастылары болып табылады. Бірақ, тек солар ғана тиімді деп ойламаймын. Әрбір адам шет ел тілін үйренуде өзінің таңдаған жолын, әдістерін қолдануы мүмкін. Бірақ алға қойған мақсаттан таймау керек. Бір рет қолымнан келмеді деп, мұңаюдың керегі жоқ. Ізденіп, тек сізге ғана арналған, соңында сізді тілеген жетістігіңізге әкелетін әдіс түрлерін ойлап табуыңызға болады.
Қолданылған әдебиеттер:

1.Т.Аяпова, З.Әбілдаева, Ж.Тұтбаева. Ағылшын тілі, №17, 2014. – 308-483


2. Ирина Верещагина, Тамара Притыкина. Ағылшын, №12, 2012. -24-39
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет