Аграфия (гр т. grapho – жазу) – сөйлеу қабілетінің түрлі кемшіліктеріне байланысты жазу қабілетінің бұзылуы. Алексия



Дата10.10.2019
өлшемі28,05 Kb.
#49633
түріАнализ
Байланысты:
тест
Жоба (1), Қос сөздер, Қос сөздер, Қос сөздер, Қос сөздер, stud.kz-353, Педагог мәртебесі туралы
ГЛОССАРИЙ 

Аграфия (гр.т.grapho – жазу) – сөйлеу қабілетінің түрлі кемшіліктеріне байланысты жазу қабілетінің бұзылуы. 

Алексия (грек тілінен leis-оқу)- бас миының зақымдалу салдарынан оқу қабілетінің жойылуы. Ол жазу қабілетінің жойылуымен (аграфиямен) және сөйлеу тілінің бұзылуымен тығыз байланысты. 

Анамнез (грек т. anamnesis- еске түсіру)- ауру адамның тұрмыс жағдайы және оның сыртқатының басталу себебі мен даму барысын білдіру туралы мағлұмат. 

Анартрия ( гр.т.arthroo-буын) – сөйлей алмау. Анартрия дизартрияның ауыр түрі. Дыбыс жарғақтарын қозғауға қатысатын еттің салына байланысты сөйлеу қабілетінен толық айырылу. 

Анализатор- сыртқы және ішкі дүниенің күрділі тітіркендіргешерін жеке элементтерге ажыратып, яғни талдау ( анализ) жасайтын нервтік механизм. 

Аппарат (гр.т. apparatus) – адамның, жануар мен өсімдіктің организмдеріндегі ерекше бір қызметті атқаратын мүшелердің жиынтығы (мысалы, ас қорыту аппараты, артикуляциялық аппарат). 

Артикуляция (лат.т. articulare - бөлшектеу, айықындап анық айту) – сөйлеу тілі мүшелерінің дыбыстарды айтқан кездегі қажетті орнымен іс-қимылдары, атқаратын қызметтері. 

Афазия (гр.т. phasis - сөйлеу тілі) – жартылай немесе толығынан сөйлеу қабілетінен айырылу. Мидың жарақаттануынан, мидағы абсцесс, энцефалит ауыруларының негізінде пайда болады. 

Белсенді сөз қоры- сөйлегенде жиі пайдаланатын сөздер. 

Билингвизм ( лат.т.-lingua- тіл) – екі тілде бірдей сөйлеу. 

Брадилалия (гр.т.-lalia -сөйлеу) –cөйлеудің баяулауы. 

Брока орталығы – сөйлеу тілінің моторлық жағын ұйымдастыруын қамтамасыз ететін, бас миының сол жақ жартысында орналасқан бөлігі. 

Вернике орталығы – ми қыртысындағы сөзді қабылдау орталығы. 

Дизартрия – сөйлеу барысында көбінесе сал ауруына, түйілуге, гиперкинезге байланысты сөзді анықтап айта алмау, яғни артикуляцияның бұзылуы 

Дисграфия- жазудың қабілетінің жартылай бұзылуы. 

Дислалия (гр.т. dis- бұзылу, lalia - сөйлеу тілі) – тіл мүкістігінің ең көп тараған түрлерінің бірі. Дислалаия адамның есту қабілеті дұрыс дамыған кезіндегі және сөйлеу тілі аппаратының нервтенуі сақталған жағдайындағы дыбыстардың бұзылып айтылуымен айқындалады. 

Дислексия- оқу процесінің жартылай бұзылуы 

Дизорфография - қажетті ережелерді білуіне қарамастан, орфографиялық дағдылары қалыптасып, меңгере алмаудың салдарынан жазуда байқалатын тұрақты, ерекше қателердің түрлері.(А. Н. Корнев бойынша) 

ЖСТД - жалпы сөйлеу тіл дамымауы. Есту қабілеті мен ой-өрісі әдеттегідей дамыған балалардың дыбыстық, мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілі құрамының компоненттерінің бұзылуынан болатын әртүрлі күрделі тіл кемістіктері. 

Иттерация (лат.т. iteratio-қайталау) - сөйлеу тіліндегі сөздерді кідірусіз қайталау. 

Коррекция (лат.т.corregere- түзету) - балалардың психофизикалық дамуындағы кемістіктерді түзетуге бағытталған дефектология саласындағы қолданатын тәсілдердің ең маңызды түрі. 

Компенсация (лат. т.compenso-теңестіру, қалпына келтіру) - организмнің қандай да болмасын бір қызметі жойылғанда немесе бұзылғанда басқа мүшелердің көмегі арқылы қызметтердің қайта құрылуы, қалпына келтіруі, күрделі, көп сатылы процесс. Компенсацияда орталық жүйке жүйесі маңызды роль атқарады. Жеткілікті қалыптаспаған және бұзылған сөз және сөзсіз функциялардың дамуы мен қалпына келтірілуі арнайы логопедиялық ықпал жүйесі негізінде іске асады. Осы ықпал барысында компенсация қалыптастырылады. 

Логопатия (гр.т.pathos –ауру, азап шегу) – тіл мүкістіктерінің жалпы атауы. 

Логопедия ( paideia- тәрбиелеймін, оқытамын) – сөйлеу тілі, оның дамуының бұзылуын зерттейтін және оны арнайы оқыту мен тәрбиелеу тәсілдерін қолдану арқылы түзетуі мен болдырмауын қарастыратын ғылым. 

Логопедиялық ықпал - сөйлеу әрекетінің бұзылыстарын орнын басуға (компенсация) және түзетуге (коррекция) бағытталған педагогикалық процесс. 

Нейролингвистика –сөйлеу тіліне және оның айтылу құрылысына қатысты орталық нерв жүйесінің процестерін зерттейтін ғылымның бір саласы. 

Онтогенез (гр.т.on, ontos – болмыс, тіршілік)- тіршіліктің пайда болукезінен аяқталуына дейінгі өзінің өзгеріске ұшырауын қамтитын организмнің дербес дамуы. 

Палатализация (гр.т.palatalisation - жіңішкірейту) – арикуляциясын қосымша қатыстыру жолымен тілдің ортаңғы үстін таңдайға көтеру арқылы дауыссыз дыбыстарды жіңішкертп айту тәсілі. 

Паралич (гр,т.paralyo- әлсіреу) – нерв жүйелерінің зақымдалуынан бұлшық еттердің немесе бұлшық ет жиынтықтарының қимылдап әрекет ету қызиетінен толық айырылып жансыздануы, садануы. 

Парез (гр.т.paresis- әлсіреу) - нерв жүйелерінің зақымдалуынан бұлшық еттердің немесе бұлшық ет жиынтықтарының қимылдап әрекет ету қызиетінен айырылып жансыздануы, жартылай жансыздануы. 

Полиморфты дислалия – артикуляция аппаратындағы іс-қимылдары ұқсас айтылатын екі немесе бірнеше топтағы дыбыстардың жинақталған мүкістіктері. 

Ринолалия (гр.т. rhinos - мұрын, lalia - сөйлеу тілі) - сөйлеу тілі аппаратының анатомо –физиологиялық ақаулығына байланысты дауыстың әуезділігі мен дыбыстардың айтылуының бұзылуы. Дыбыстар мұрындық реңкімен айтылады. 

Сөйлеу аппараты – тіл дыбыстарын айтуға қатысатын екі бөліктен тұратын (орталық және шеткі) мүшелер жүйесі. 

Сөйлеу тілі бұзылуының симптомы – сөйлеу әрекетінің қандай болса да бұзылыстың белгісі (көрінісі). Сөйлеу тілі бұзылуының симптоматикасы - сөйлеу әрекетінің бұзылыстар белгілерінің жыинтығы. 

Сөйлеу тілі бұзылуының механизмі дегеніміз сөйлеу әрекетінің бұзылыстарының пайда болуы мен дамуын қамтамасыз ететін процестер мен операциялардың жұмысындағы ауытқулар болып табылады. 

Сөйлеу тілі бұзылуының патогенезі - сөйлеу әрекетінің бұзылыстарының пайда болуы мен дамуын қамтамасыз ететін патологиялық механизм. 

Сөйлеу тіл кемістігінің құрылысы деп осы бұзылыстың сөз және сөзсіз симптомдарының жиынтығын (құрамы) білеміз. Сөйлеу тілінің бұзылуында бастапқы, біріншіреттік және екіншіреттік бұзылыстар ажыратылады. Сөйлеу тілінің екінші реттік бұзылған компонентерін педагогикалык түзету жұмыс арқылы қалпына келтіруге болады. Бастапқы бұзылыстарды қалыптастырған жағдайда олар өз бетімен жойылуы да мүмкін.

Сөйлеу тілі кемістігін түзетуде «логопедиялық ықпал», «коррекция», «компенсация», «дамыту», «оқыту», «тәрбиелеу», «қайта тәрбиелеу», т.б. терминдер кездеседі.



Тахилалия (гр.т.tachys – тез, жылдам) – дұрыс сөйлеу ырғағының бұзылуы; өте жылдам сөйлеудің салдарынан сөйлеушінің сөзі түсініксіз болады. 

Тұтықпа – сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің тырысу салдарынан сөйлеудің ырғақтылығы мен жылдамдылығының бұзылуы 

Тремор – аяқ- қолдың, саусақ – бармақтардың, дауыстың, тілдің еріксіз ырғақты тербелісі. 

Уранопластика – таңдайдың жырығын жабатын пластикалық операция. 

ФФЖ - фонетикалық-фонематикалық жетіспеушілік. Фонемді қабылдау және айтуындағы ақаулықтардың салдарынан әр түрлі тіл кемістіктері бар балалардың ана тілінде сөйлеу жүйесінің бұзылуы.Есту қабілеті және ойлау қабілеті сақталған. 

Хейлопластика – еріннің ақаулығын түзететін пластикалық операция. 

Этиология (гр.т. aitio - себеп, logos - ғылым) – аурудың пайда болуының себебі мен шарты туралы ілім; аурудың пайда болу себебі немесі патологиялық жағдайы. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет