Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны



Дата31.12.2019
өлшемі33 Kb.
#54121
Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны.

Тұтас буынның төлбасы,кешегі Абай,Ыбырай,Шоқан, салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым тілші, әдебиет зерттеуші,тюрколог,дарынды ақын аудармашы

Ахмет Байтұрсынов қалыптасқан дәстүрлі құжаттар бойынша айтқанда, қазіргі Қостанай облысы,Торғай атырабындағы Сартүбек деген жерде,ел арасында беделді,қайратты кісі Шошақ ұлы Байтұрсын шаңырағында 1872жылы қыркүйрек айының 5- інде дүниеге келген.

Әділетсіз өмірдің ұлы зарын бала жүрегін он үшінде жаралайды.Әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтас қорлық, зорлыққа шыдамай,1885 жылы қазан айының 12 сінде ояз начальнигі полковник Яковлевтің басын жарады.Мұның арты дүние мүлікті тартып алу,түрме,абақты, Сібірге 15 жылға жер аударумен тынады.

Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882 - 1884 жылдары әуелі көзі қарақты адамдардан өз үйінде хат танып,артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да,1886 1891 жылдары Торғай қаласындағы 2 кластық орысша қазақша училищеде 1891-1895 жылдары Орынбордағы мүғалімдік мектепті оқып білім алды. Ақтөбе,Қостанай,Қарқаралы атырабында бала оқып,өмір тіршілік күресіне араласады,әділет үшін күреседі жуандарға, байларға қарсылық білдіреді,патшаның отаршылдық саясатын айыптайды,1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп сан алуан кітаптар оқиды,әдебиетпен айналысады,«Оқу құралдарын» жазады,аударма жасап өлең жыр шығарады Оқыған еркін мінезділігімен,батыл да ойшылдығымен ел ішінде бедел атағы өсе бастайды. Полиция тыңшыларының жаласымен күйе жағылып губернатор Тройцкийдің жарлығы бойынша Қарқаралы екі класты училищесінің меңгерушісі Ахмет 1909 жылы шілденің 1 і күні Семей абақтысына алынып,сотсыз,үкімсіз,нақақтан нақақ 8 ай бойы азап қорлық көріп торығады,қйнала жүріп ширайды,ақыры күреске белді бекем буады.

1910 жылы 21 ақпанда түрмеден шығып наурыз айында Орынбор қаласына келеді.1895жылы жаз айларынан Ахметтің ағартушылық қызметі басталады.

1913 жылы 2 ақпанда «Қазақ» газетін ашады.Қазақ оқырмандарына басылымын былай таныстырады «Газет халықтың көзі адамға көз,құлақ, тіл қалай қандай керек болса, халыққа газет сондай керек.Газет жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттың қасында құлағы жоқ керең,тілі жоқ мылқау,көзі жоқ соқыр,сықылды» Қазақ газетінің қазақ елін қажымай,талмай елдікке,бірлікке үндеуі,қазақтардыоқуға өнер,білімге,мәдениетке,өркениетке шақыруы оның ешқашан ұмытылмайтын тамаша тарихи еңбегі.Ол енді Кеңес жұмысына араласады. Қазақ автономиялы республикасы оқу ағарту халық комиссары,Бүкіл Ресей және Қазақстан Орталық Атқару Комиттетерінің мүшесі Қазақ Академялық Орталығының жетекшісі осы міндеттердің қай қайсысын болса да өзінің ең сүйікті мамандығы оқымысты ұстаз ретіндегі орасан зор игілікті істермен қоса қабат атқарып отырады.

Білім бір құрал.Білім көп адам құралы сай ұста,не істесе де келістіріп істейді, деп өзі айтқандай Ахаң бар білімін ілімін,бар қабілет күшін күллі қару құралын тіл түрлеуге келістіре жұмсап ана тілін дүние жүзіндегі ең бай, ең сұлу тілдердің деңгейіне көтереді.Сіресіп, тіркесіп тұрған терминдер Ахаң аузынан шыққанда жібектей есіліп жүре берді. Әдебиетшілер аллегория, антитеза,синекдоха,градация дегендерді түсіндіру үшін шет ел сөздерінің сөздігін ақтарып,тілдері күрмеле тұтығып жүргенде Ахмет Байтұрсынов оларды пернелеу,шендестіру,әсірелеу,дамыту деп сайратта да жіберді.



Ахмет Байтұрсыновтың тіл тарапындағы ұстаздық ұлағаты осындай болса,әдебиет саласындағы тәрбие мектебі осымен сабақтас.Ахмет Байтұрсынов 1929 жылы 2 маусымда жазықсыз қамауға алынады да,лагерьде ұзақ азап көріп 1936 жылы Алматыға оралады.Алайда «халық жауы»деген «қарғыс таңба» мұндағы тіршілігін тамұққа айналдырып,арылмас азап пен бейнетке кезіктіреді.Ақыры 1937 жылы 8 қазанда қайта тұтқындалып,қайталанбас қайран ғұмыры 1938 жылы түрмеде үзіледі.

Жас ұрпақтың болашағын ойлаған оны ертеңгі дүниесіне дайындау мәселесіне ерекше мән берген атамыздың рухына бас иеміз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет