Ахметова К., Асанов Қ. А 94 Махаббат



бет1/11
Дата20.06.2018
өлшемі394,75 Kb.
#43731
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ББК 84 Қаз 7-5

А94


Ахметова К., Асанов Қ.

А 94

Махаббат. Өлеңдер.- Алматы: Дәуір, 2006.-224 бет.

ISBN 9965-74963-9
Ерлі-зайыпты ақындардың бұл жинағына Жаратушы Иеге, Табиғатқа, туған елге, ата-анаға, сүйген жарға, балаға деген үлкен ұғымдағы махаббат жырлары топтастырылған.

ББК 84 Қаз 7-5

А 4702250201

00(05) – 06

Толықтырылып екінші басылуы

«Сен жанымда жүрсең»

«Жалын», 1989 жыл.

Дәуір, 2006

К.Ахметова, Қ.Асанов, Алматы, 2006.



ISBN 9965-74963-9

ЖАРАТҚАНҒА ЖАЛБАРЫНУ

Махаббаптен жаратқан

адамзатты

Сен де суй ол Алланы

жаннан тотті.

Абай

Хақ Тәңірлік қалыппен, ұлы үлгіңмен

Құзырында жаратқан құлыңмын мен.

Қалауыңа лайық болмыс біткен,

Әлхамдулилла, әсеммін, сұлумын мсн.
Өмір бердің Көз бердің Көрік бердін,

Есім бердің Ес бердің Ерік бердің

һауа Ана, Адам ғалейксалам нұсқасымен

Ғашық еттің, ғұмырлық серік бердің


Отан бердің От бердің, Қорек бердің

Бесігіңді тербет деп, бөбек бердің

Саясында тынықтым теректердің

Сенің Рахымыңды медет көрдім.


Тыңдасын деп әлемнің сазын бердің

Жырласын деп өлеңнің тәжін бердің

Раббым, сенен бөлек осыншалық

Нығметтерді мен үшін әзірлер кім?!


Шаттықпенен қарсы алам Күн шығуын,

Махаббатыңмен нұрланды тіршілігім!

О, жаратқан! Өзіңе — шүкірлігім

Жарылқауыңа — мәңгілік құлшылығым.


Қуат бердің Тіл бердің Рух бердің,

Тілегімді хусни, тұнық бердің

Күллі адамзат баласын жарылқаған

Рахметіңнен үздіксіз үміткермін.


ЖАРАТЫЛЫС
Алла - бір.

Барлығынан сол ғана асқан.

Қарасам, ғаламатқа толған аспан.

Жұлдыздар керуен түзеп,

Кеңістікке

Тәңірлік шеберлікпен орналасқан.
Құс жолын құндағымда көрсем керек.

Қарасам, биіктейді еңсем бөлек.

Ауқымын алыс көктің парықтауға

Ғарыштық құдіретті өлшем керек.
Шарқ ұрып,

Таппаған соң теңбе-теңін,

Ойымды Жер бетімен тербетемін.

Мәңгі бол,

Жаратқанның хикметтерін

Көтерген көгілдір шар, кең мекенім!
Дәл мендей тауға біреу құштар ма екен?

Сонша асқақ, сонша сұлу сұс бар ма екен?

Ауаға бауырымды төсеп қана

Ақ таулар үстіменен ұшсам ба екен?
Су менің таңдағаным сосын анық

Ілесем киттерге іштей қосыла құп –

Жүзгендей кең мүхитта кедергісіз

Түпсізді түзу жарып, осып ағып.
Мұхиттар дөңбекшиді шабыт қысып,

Бұлттар да жүйелі бір бағытқа ұшып,

Ай мен Күн алмасады

Айнасынан

Айналған Жер жүзіне жарық түсіп;
Табиғат толықтырып бір-бірін бек,

Жел тұрып, жасын ойнап, су гүрілдеп,

құс ұшып, орман шулап, аң жайылып,

Шегіртке секіреді –

Гүл дірілдеп!
МАХАББАТТЫ ҚОРҒАУҒА ШАҚЫРАМЫН
Жасыл бұта жая алмай жапырағын,

Сусыз дала жасырып жатыр әрін.

Суретші емес,

бәріңді орманшы боп,

Сұлулықты сақтауға шақырамын.
Келер-кетер ойыңды сапыра күн,

Айтып, айтпай өтеді ақын әнін.

ТАБИҒАТҚА,

АДАМҒА ДЕГЕН

БАРЛЫҚ

МАХАББАТТЫ

ҚОРҒАУҒА ШАҚЫРАМЫН.
Мен тілеймін толғанын күйге түндер,

Өлеңімнен өлкемнің суретін көр.

Бір-бірізді,

Адамдар, әсемдікке

құштар бола білуге үйретіңдер.
Билік айтам мезгілдің мен де өрінен:

Гүл егіздер,

Беріңдер шөлге де рең

От таусылып қалмасын ошақтарда,

Құстар үркіп кетпесін көлдерінен!
Отты сақта!

заман бұл "от - тегін"дер...

Бір-біріңе қарызсыз от беріңдер!

Әрбір күнді арпалыс, майдан емес,

Ұлы мейрам сияқты өткеріңдер!
Осы ойменен әр таңды атырамын.

Мен бәріңді

Мұратпен пәтуалы

Туған жердің киелі атырабын –

Тобылғылы, топ шилі топырағын,

Торғын гүлін,

Жайқалған ЖАПЫРАҒЫН –

БӘРІН,

БӘРІН

СҮЮГЕ ШАҚЫРАМЫН!

ТАҢ



Төгіл, шуақ!

Даланың көркін құрап,

Желмен ойнап желбіре, желпін, құрақ!

Жұмыр Жердің жүрегін дүрсілдетіп

Жүгіріндер, еркін жел,

еркін бұлақ!
Суы - сылқым даланың

бұлты - сылақ

Бәрі ғажап өлкеде бұлқысын ән!

Құстар әнін тыңдатып үй тұсынан,

Алма бақтар оянсын ұйқысынан!

Таңның нұры!

Ай жүзін жасырасың

Төгіл! Жарық үміттср жасымасын.

Ақ сәуледен тәж киіп басына шын,

Алтын шапақ далаға шашырасын!
Қуансын деп жарыққа қарап бәрі,

Асығады ТАҢ нұрын таратқалы.

Қандай бақыт - далада бидай толқып,

Тыныштықпен Еліңнің таңы атқаны!
Адамдарды таңдантып, мәңгі ойлантып,

Ұшқан құстай зулайды, самғайды уақыт.

Мына шексіз ғаламда

ӨЗ ДАЛАҢ мен

ӨЗ ОТАНЫҢ болғаны қандай бақыт!




ТАҢ келеді.

Бойында қанша нұр бар!

Өз Еліңдей ел болмас Жер шарында.

Отандастар!

ОТАННЫҢ жаңа ТАҢЬІН

Ерте оянып, қуанып қарсы алыңдар!

ҚАЙЫРЛЫ ТАҢ!
Қандай таң! Тамылжыған, жарқыраған,

Гүлдердің жүпар иісі бұрқыраған,

Ақ, маржан атқақтайды әр тұмадан,

Сайрайды тату құстар көк тоғайда,

Тоғайдың бер жағында жарқын алаң

Аланды жарып өтіп еркелікпен,

Тау суы көбік шашып сарқыраған!

Тар арна Күн нұрымен шағылысып,

Жатқандай ағып өтіп алтын одан.

Тойлаған ұлы таңды құстар құрлы

Білмейді-ау тіршіліктің парқын адам!

Алатау таңғажайып тәж кигенде

Жүрек пе шалқымаған, толқымаған?!

Мөлдіреп жаңа туған кәусар дүние

Табиғи салтанатпен сән құраған.

Қарсы алып атқан Таңды, шықкан Күнді

Бақыт қой көру деген әр күні аман!

Осы бір жер жаннатын қимас едім

Берсе де орнына оның жарты ғалам!

Қандай таң! Тамылжыған, жарқыраған!

ҚАЗАҚСТАНЫМ


Өзіңсің, Қазақстан, ән, арманым да,

Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.

Бір нәрсе жетпейді деу қате болар

Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.

Паң далам - Қазақстаным!
Сен барда ғажап шебер, ғажап ұстамын,

Түсінем өзендердің саз - ағыстарын.

Қырандар қанатында даңқы кеткен

Ғазалым - таусылмайтын таза нұсқалы.

Ән далам - Қазақстаным!
Сен менің шұғылаға толған даламсың,

Жасампазым, сан асу жолдарды аларсың

Бабамның кездерінің қарашығы ең,

Баламның бақытына да қорған боларсың

Жан далам - Қазақстаным!
Керемет өріледі гүл өңірде өлең,

Кезің қандай өрік пен шие гүлдеген!

Дарқандығын сезініп, еркін басып,

Өмір сүргім келеді, ұлы Елімде мен!

Кең далам - Қазақстаным!
ӨЗ ЕЛІМ

Сүйіктіңдей жүретін кіл есіңде,

Кір түсірме ел деген ұлы есімге.

Ата мекен - бақыты бабалардың

Жеңіп алған сан ғасыр үлесінде.

Күндерімен, түнімен, гүлдерімен

Өзіңдікі ол сенін, білесің бе?
Өзіңдікі ауасы, таң нұры да,

Өзіндікі жазы да, жаңбыры да.

Өзіңдікі даласы, тау, қыры да,

Өзіңдікі мереке, ән-жыры да.

Өзіңдікі барлығы болғаннан соң

Өзіңдікі болғаны тағдыры да.
Өзіңдікі суы да, орманы да,

Өзіңдікі көлі де, қорғаны да.

Өзіңдікі үйлері, бақтары да,

Өзіңдікі көшесі, жолдары да.

Бар бақыты сенікі болғаннан соң

Қайғысы да сенікі болғаны да.
Бір көресің шат, мұнды кезеңін де

Алтын болып көрінер жез өңі де.

Ол да сені сүйеді кезегінде.

Сен сүюге тиіссің туған жердің

Бұлбұлын да, әнін де, өзенін де

Өз анаңның алдында ұйықтағандай

Өзі бақыт — жүргенің өз Еліңде!
МЕН БІР БАҚЫТ ІЗДЕП ЖҮРМІН, ДОСТАРЫМ
Мен бір бақыт іздеп жүрмін, достарым,

Ұқсамайтын бақытына басқаның
Жұлдыздардай жарық әрі биік тым,

Сол бакытты іздеп жүріп жиі ұқтым:

Ортақ болу керек оған Отаным,

Бауырларым, сәбилерім, сүйіктім.
Ортақ болу керек оған әз далам,

От-жалыны болу керек маздаған.

Қуаньшы болу керек көл-көсір,

Азабы да болу керек аздаған.
Найзағайдан басқа тіліп өтпейтін

Сонау заңғар әлем сынды көк дейтін

Биік, таза болу керек ол деген

Дұшпандардың атқан оғы жетпейтін.
Іздеп едім оны танда, кеш, түнде,

Жазда шаң боп, көктемде су кештім де.

Жұрттың бәрін қуантуы керек ол,

Еш зияны болмау керек ешкімге.
Сол бақытты іздеп жүріп жолда мен

Талай рет құлап тұрып, шөлдеп ем.

Таң сияқты күтіп едім, сондықтан

Нұрдай мөлдір болу керек ол деген.
Асулар да болар жолда көлденең

Қарлығаш боп ұшсам ба екен әлде мен?!

Сол бакытты тиіспін мен табуға,

Тандай ғажап болу керек ол деген.

Мен бір бакыт іздеп жүрмін, достарым

Ұқсамайтын бақытына басқаның.

ХАЛЫҚ

"Жасаған, әуелі халықты аман сақта,

халық ішінде қалқайтып бізді аман сақта

(Әжемнің үйықтар алдындагы дугасыиан)
Өз Отанын келетін танытқысы,

Халықта көп кеудесі жарық кісі.

Халық даусы қашанда айбынды, асқақ,

Қай кезде де қаһарлы халық күші.
Халық күші қашан да десең де ерек,

Лайықты бір перзент өсер бөлек.

Қанша күшті, қанша ұлы болса дағы,

Әр халыққа кемеңгер көсем керек!
Халқын ақын жырлауға хақылы деп,

Білем,

Оның ойы көп, ақылы көп.

Таңдамалы аз топқа алдарқанбай,

Қалсам дедім халқымның ақыны боп.
Қуаныш аз - жолымда кезікпеген,

Кеудемдегі жырымды ең нәзік деген

Арнаған соң –

Біртұтас байтағымнан

Бүкіл елдің құрметін сезіп келем.
Ортасында болуға жалықпап ем,

Жалғыз қалсам - жан орта, шабыт та кем.

Қандай қызмет жасадым, хан көтеріп

Маған сонша дем берген халыққа мсн?
Мейіріміне қалай мен тоя аламын,

Сол емес пе аяулым, сая бағым.

Халқым аман болсын деп көзімді іліп,

Халқым аман болсын деп оянамын!

САМҒАУ
Бақытым - далам деймін,

Қол қоямын.

Жаз гүлдеп, күзде бірге сарғаямын.

Ғажапсың,

Қасиетті де,

Данасың да -

Даласы аруананың, желмаяның!
Алатау, Қаратаудан сыр аңғардым,

Қалдырған қазынаңды,

Мұраңды алдым.

Мәстек пен жабыларды есіртпеген

Даласы қырандар мен құландардың
Ақынға ақыл бердің,

Билік бердің,

Сүйінсең

Сыбағалы сыйлық бердің!

Тұлпарды тұсамаған туған елім,

Даласы таланттардың жүйріктердің!
Мен-дағы сөз тиген соң сөйлеп бердім,

Сөзіммен қарымдымын,

Қайраткермін!

Айбынды биігі мен айдыны бар

Даласы аққулардын, ләйлектердің!
Адамның мәңгі арманын, мәңгі ұранын

Бейнелеп,

Аштың оның нұрлы мәнін.

Махаббат,

қуанышты күйге қосқан

Даласы жүйрік, шешен домбыраның!
Күйіне домбыраның бебеулеген,

Қаламын таба алмай дәл теңеу де мен.

Әлемнің жүйріктерін жарыстырған

Даласы даңқты айдынның Медеу деген.
Зулайды поездармен дала бірге,

Үйренген жылдамдыққа бар өмірде.

Осынау мекенінен жүйріктердің

Ғарышқа жол тартады корабль де.

Құмай да, жез киік те - бәрі осында,

Дәл мұндай кең өлкені табасың ба?

Мен қалай ілби басып күн өткізем

Ылғи бір пырақтардың арасында?!
Ілесіп мезгіл деген мәңгі ағысқа,

Жасымпан кеудем толып толғанысқа,

Өнердің бәйгесінде Тәуекел деп

Бастап ем бір қиын жол мен де алысқа.
Ілес деп қанат қақса құстар маған,

Ұшады ұясынан ішкі арман - ән!

Арнаған маған да бір сорең бар-ау,

Самғауға, самғатуға құштар далам!
ТАЛАСТАҒЫ ЖЕР АТТАРЫ
"Талас" деген - грекше "теңіз" деген,

Бір кезде ел мұнда құрғақ жер іздеген.

"Ұшарал" - сол кездегі табылған ат,

Жер аты - ескерткіш сөз, ең ізгі өлең
"Жалқамыс" жолбарысты есте шығар,

Боз таста "Бозтамиының" кестесі бар.

"Арнасы", "Ақкесене", "Көккесене",

"Суықжал", "Әулиесі", "Еспесі" бар.
Бар тағы бірге жатқан "Төрт ақыны",

Текке ме жұрттың одан қорқатыны.

Ғажабы -

Ғасыр бойы соққан самал

Күмбезде қобыз күйін тартатыны.

Жылдардың

аударылып парақтары,

Жел тұрар дәуір жырын таратқалы.

Бабалар акындығын дәлелдейді

бейнелі "Таластағы" жер аттары.
ҮШАРАЛ
Сайран салам сағынышпен келем де,

Қарлығаштар айналады төбемде.

Қырымнан да, Римнен де артықсың

Сенен ыстық жер жоқ маған әлемде.

Баладай пәк бауырың да, досың да,

Бауырыңа бас, шүрқырасып қосыл да.

Осында ғой адал, жомарт адамдар,

Ең әдемі әйелдер де осында.
Алғаш естіп, алғаш иыққан ән атын,

Той дегенде қызынатын, жанатын.

Қыздарының бәрі биші, бәрі әнші,

Жігіттердің бәрі күйші, бәрі ақын.
Маған қымбат қызыл жыңғыл, ақ қайың

Саған қарай қалай қанат қақпайын.

Барам десем, есігі ашық бар үйдін,

Шабам десем, Шалқұйрықтай ат дайын.
Дейді көңілім "Үшаралға үш, орал",

Ұшсам саған ыстық самал құшар, ал

түндерің ше?

Гауһар жұлдыз мұхиты

Сенен басқа еш жерде жоқ Үшарал!
Гауһар еді, жұлдыздары от еді,

Сыңғыраған даусы жерге жетеді.

Сүттей жарық түндеріңді ойласам,

Жүрегіме жұлдыз толып кетеді.
Ұям сенсін, түсіме егер енсе ұям,

Ұшам саған, қалай мұнда мен сыям!

Күтіп жатқан Қайта өрлеу дәуірін

Сенсің менің сұлу Флоренңиям!
Ақпаныңды араласқан боранмен,

Көктеміңді тоқтата алмас тоғанмен

Сүйікті етіп, биіктетіп бейнелсп,

Мәрмәр сөзден бір ескерткіш соғам мен!
Сен туралы қиялдайтын бала ем мен,

Бау-бақшалы қала болсаң деп ем мен.

Армандаушы ем сені көріп қайтуға,

Келіп жатса деп адамдар әлемнен.
Ғажап менің кеудемдегі суретің!

Мәңгі биік саған деген құрметім.

Күллі әлемге енді сенің атыңды

Таныстыру - менің үлкен міндстім!
АЙША БИБІ

"Күз. Булт. Жер - сулу"

(Күмбездегі жазудан)
Күмбезін көріп анамыз Айша бибінін,

Көзіме жас кеп, кеудеме толды күй бүгін.

Сақтай алмаппыз бастапқы таза қалпында

Хас шебсрдің қалдырған қымбат сыйлығын.
Өрнекке қара өмірмен бүкіл өрілген,

Топырақ мықты екен ғой тіпті темірден.

Қымызға илеп, қыл қосып құйып, қыздырған

Қыштарды қатал уақыт қалай кемірген.
Жер сұлу - күзде.

Күздегі бұлттар тым кезбе.

Күздегі тірлік, күздегі көңіл мүлде өзге.

Бітпейтін мұң мен сағыныш, талант бірлігі

Биіктік берген, сұлулық берген күмбезге.
Жасайды даңққа бөленіп бөлек өрнектер,

Бас иер әлі қаншама ұрпақ, әулеттер.

Әйелдің атын қалдырды мәңгі,

өз атын

қалдырмай кеткен қарапайым бір сәулеткер.
Өткізді ме екен осында ол көктем, жазын да,

Өнер ғой майдай сазды дәл тауып қазу да.

Өнер ғой оны құю да...

Бірақ, шынында,

Өнердің нағыз көкесі анау жазуда!
Шеберлігі үшін таласпаймын да ұстамен,

Тереңдігі үшін бас ием осы тұста мен.

Ақындық қандай мұндағы:

"Күз. Бұлт. Жер - сұлу"

Окыған емеспін осыдан жақсы кысқа өлең
Өміршең өнер!

Не деген мықты ең шынайы ең!

Шынайылыққа табынар әлі құлай ел.

Өмірдің қысқа,

Өнердің ұзақ екенін

Ұрпақтарына ұқтырар мәңгі ұлы әйел.
Әйелдің әнін қорғауға әр кез даярмын,

Мәніне қара қайсыбір жырдын, қай әннің

Айшаға күмбез орнатқан ел ғой,

туғызған -

Бейнесін асыл Қыз Жібек пснен Баянның
Күмбезге қарап тумайды қалай шалқыма,

Ерлік пе, әлде елімнің үлгі салты ма?..

Айтайын алғыс атынан бүкіл әйелдің

Әйелге тозбас ескерткіш қойған халқыма!
САРЫАҒАШ САЗДАРЫ
Құшағыңды, туған ел, маған аштың

Самалыңа сағынып араластым.

Сандуғашы тұс-тұстан сайрағанда

Тоғайында толқыдым Сарыағаштың
Қарағаш пен қайыңы тұнып тұрған,

Сыңғырлаған сырғасын іліп тұрған...

Кеуде көріп сімірдім ауасынан –

Менің қайғы-мұңымды ұмыттырған.
Құшағында қиялдың тербелемін,

Құп алатын жоқ бірақ жеңгелерім.

Айтқанымды істейтін ағам болса,

Осы жерге үй салып бер дер едім.
Бұл назымды түсінер жүрек бар ма?

Өлеңге тар пәтер бар тұрақтарға.

Ясная поляңа, Шахматово...

Қызығамын Толстой, Блоктарға...
Кешір мені, сөйлесем бекер, далам,

Байтақ төсің менікі - жетер маған.

Асанқайғы атамды түсіндім тек

Келес бойын бөктеріп кете алмаған.
Қасиетті-ау туған жер деген қазық,

Еркелесем, қыз қайсы менен нәзік?

Гүл теретін жер екен қырқасынан,

Отыратын жер екен өлең жазып!

II



Дарқан далам!

Тіл берген асыл анам!

Мәңгі іңкәрмін, не болған осы маған?!

Өзен көрсем, қуанып қосыла ағам,

Жаңбыр жауса, қолыма тосып алам. Бесік көрсем, еске алам ертеңімді,

Кір жуғанда, бұлтыңды есіме алам.

Дарқан далам!

Жанымның аңсары ма ең?
Көз алдымда тербелдің ән салып ем.

Төселгендей тосіңе барша кілем,

Талдарың да бұлғақтап бар сәнімен,

Таңсәріден тыңдаймын бұлбұлыңды,

Тауларыңа қараймын таңсәріден.
Дарқан далам!

Келбетің неткен ерек!

Кеудеңде оскен гүл бөлек, шоп те бөлек:

(Көктем сайын оралар көп дегелек,

Құстың өзі бір-бірін тастамаса,

Адамға адам айып қой өкпелемек).

Іңкәрлікпен қараймын ең ар жағы

Тұсымда ұшса - түймедей көк көбелек.
САРЫАРҚА

Туған ел!

Қайдан сендей жай табылсын?

Ақының асылыңды айта білсін.

Сарыарқа!

Басқа алтынға қызықпаймын,

Сен менің шексіз алтын байтағымсың
Көріндің маған ыстық өзің бірден,

Мен бұрын Жезқазғанның жезін білгем.

Мезгілге рақмет жер танытып,

Өзімді еркін, ерке сезіндірген.
Жан дала! Дәстүрің бар ел сақтаған,

Інжу мсн маржаныңды көрсет маған!

Елімнің өнер қонған бесігіне

Өлеңмен тізілдіріп моншақ тағам!
Жүректе жататын ең атың ұнап,

Көрудін бүгін түсті сәті бірақ.

Кеңдігің бакыт дейміз,

Көшпелі елің

тар болсан, тұрар ма еді татуырақ ...

Қайтейін, қозғамайын өткеніңді,

Шештім ғой бүгін түйе шекпенімді.

Тоқтатып жолдастарды тұрдым біраз,

Иіскеп жол бойы өскен шөптеріңді.
Жақсыңды іздеетіріп, сұрастырғам,

Талантқа біздің дәуір гүл аштырған,

Замандар заңғарынан ән дарыған

Өлке бұл Әсет туған, Күләш туған.
Ақтоғай, жер екенсің ақ түсі көп.

Ақша бүлт аспаныңда бақ құсы боп –

Сызылған ракетаның белдеу ізін –

Қалқиды қанатымен жапқысы кеп.
Жоқ менде оңаша арман, оңаша мұн,

Жер- ошақ, аман болсын сол ошағым.

Кең далам, ойлантады кешегің мен

Бүгінің, әсіресе болашағың
Батады, мұның болса, ботаңа тым,

Ботаңмын ардақтаған Отан атын.

Бабамның жаны болған, әні болған,

САРЫАРҚА, МАҚТАНЫШЫМ, МАХАББАТЫМ!
Сарыарқам, жазық арқам, жарқын арқам,

Әлемде бөлек сенің даңқық арқам.

Байтағым, байғазым деп көргеніме,

Өлеңім - тағып кеткен алтын алқам!
КӨГІЛДІР КЕШТЕРІНДЕ КӨКШЕТАУДЫҢ...
Ауаның өзінде де көк шырай қап,

Самал жел көк бояуын тексін ойнап...

Көкшетау!

Көгілдір нұр!

Көкпеңбек көл,

Армысың Көгорай бел,

Көкшіл аймақ!

Армысың!

Айдын көлім,

Бурабайым,

Алдымнан шықты-ау қайың

қарағайың

Аталар ат шалдырған алаңқайда

Менің де ізім қалсын,

Аралайын.
Өзіңнен

кезім келді от алатын.

Сөзім бар келешекке апаратын.

Арқаның алқасындай зүмірет көл –

Жырлаған жүрегімен

Сәкен ақын.
Қарасам, өткен күнді байыпты ойлап,

Орасан жаңалығын жайыпты аймақ.

Ағашқа Кенесары ат байлаған,

Кетіпті мына сары қайық байлап.
Өлеңін Оқжетпестен оқыса ақын,

Саңкылдар

Сандық тастар саты-саты.

Табиғат туындысы Сұлу сурет,

Ғасырлар көрмесіне қатысатын!
Төгеді нұрын кезек көктен Ай, Күн,

Тоғайда күндіз жүрсем, тоқтамаймын.

АЛТЫН КҮН,

АРАЛАСАМ,

АЛТЫН ШІЛТЕР

ТӨСЕЙДІ

АРАСЫНА КӨК ТОҒАЙДЫҢ!
Жұмбақтас

Түнде ойлардың ордасындай,

Аялдар қимаған соң көл қасында Ай.

Қалқиды

су бетінде бір ақ желкен,

Балқиды қожыр тастар қорғасындай.
Сезілмес,

Серуендесен,

Түнгі ызғар да,

Мүлгиді мұнарланып шың-құздар да.

Сүйенсем қарағайға,

қарағайлар

Қалғиды иек сүйеп жұлдыздарға!
Барынша бұл байлығын бағалай ма ел!

Жасыл ну,

Жағалай тау,

Жағалай көл.

Жастықты сағынғанда бір келермін,

Аман бол,

Көкшіл аймақ,

Көгорай бел!

1985 ж.
АҚ ЖАЙЫҚТАН ҚАЙТАРДА
"Қоғалы көлдер, қом сулар"

Қонысы болған бұл елге

Бір тілек айтып кетейік

Ауылға қарай жүрерде.

Жігерге қанат бітірген

Жауынгер жерге Тірерге

Табанның бүрі керегін

Кейбіреу кейде білер ме?
Егеулі найза алған ел

Ерекше бүгін Отан боп,

Ерлердің ісі біткендей,

Қайтқандай ескі қатал кек.

Қатар кеп қалған даму да

Даңқ қосып атын атар деп,

Мақтанар кезі туғанда

Мазасыз әлі Махамбет!..
Ақ Жайық суы!

Ақ көңіл елдің мінезі ең

Еркесі елдің

Екеу де болса,

Бірі - өзі ең

АМАН БОЛ,

АРУ АҚ АЙДЫН!

Жарасар жағаң елменен,

Шөлдеген жақтың көрмеген

Арманы болған ұлы өзен!
Жағанда аз күн

Естілді менің

Наз үнім.

Күйіне қанып

Дина мен Құрманғазының

Азының өзі көптен кем

Бола да қоймас,

Нәзігім.

Қызықтап келіп,

Қия алмай,

Қайтқаным - Жалғыз жазығым.
Қаталға - қатал.

Мейірімге сонша бос ем мен.

"Қарлығаштайын қайта орал

Жыл сайын аман-есенде" –

Десең де,

Сезім

Аңсатқан

Айналып аппақ нөсерге,

Ұзатқан қыздай ұзақтан

Тілеулес болып,

Әрдайым

Жүрермін мен де осы елге!

1983 ж.


ҚАР
Қар жауып тұр қалада баяғыдай,

АДАМДАРДЫ БАҚЫТТЫ ЕТ, АЯ, ҚҰДАЙ.

Туған жерге аспаннан суық гүлдер

Түсіп жатыр қанатын жая құлай.
Қай кезде де қазақтыц даласы кең

Біреу - бақыт, біреулер - жарасына ем

Іздей ме екен,

адамдар бара жатыр

Аппақ-аппақ қарлардың арасымен.
Біреулер жүр тазалап күрекпенен,

Аппақ сезім толтырар жүрекке өлең

Іздегенін адамдар тапса екен деп

Таза қардың үстіндетілеп келем.
Көптен осы қаланы қар басқаны,

Алатаудың айбарлы қарлы асқары.

Аппақ, аппақ, аппақ қар себелейді,

Үлпілдейді түбіттей тал бастары.
Тал бастары... Өнгелі не көрмеген,

Мезгіл жетпей жазғандар көгермеген.

Жас суретші қарайды тұра қалып,

Таласа алмай табиғат шеберменен.
Мекендемей шатырдың үстін, кептер

тығылыпты.

Сұп-суық ұшқын лептер.

Сессияның кезі бұл,

бұрынғыдан

Ширағырақ басады студенттер.
Қысқы ауаның тиеді сызы бетке,

Біреу -тойдан,

Біреулер - қызметтен

Шыққан шығар.

Бәрінің бірдей етіп

Қар жабады жаңағы ізін өткен.

Қар жауған шак,

Мезгіл ғой шапағатты ең

Торғайлардың тоцғаны батады әттең

Сұп-суық қар ішінен Алматыма

Қараймын мен ып-ыстық махаббатпен.
Қар жауып тұр қалада баяғыдай,

Адамдарды бақытты ет, ая, құдай?
НАУРЫЗҒА ШАҚЫРУ
Наурызгүлдер алғандай жаңа тыныс,

Наурызкок құс оралды қанаты ырыс.

Нәзік еді не деген, жарықтық-ай,

Жан мейірімін оятқан жаратылыс!
Еритін күн - көкпеңбек тастар тәні,

еркебұлан көктем ән бастар тағы...

Бірнеше елдің жеріне жетер еді,

қосып жайса, қазақтың дастарқаны!
Аңсаттырған асыл күй, лағыл шақтар,

ата жолын ақылды қауым сақтар...

Балалардың қолында уыс-уыс

үлпілдеген сап-сары бауырсақтар.
Дастарқанға қоямыз барымызды,

көршілерге көршілер баруы - ізгі.

Жент сақтаған жеңешем

ұсынады

тостағанмен

ырым қып сары уызды.
Шайылғандай мұн, кірбің тозаңдар да.

жабықпайсың жанында наз, он барда.

Нағыз әже ойлайды нағыз салтты

наурыз көже қайнайды қазандарда!
Шапағатын аямай бұл шақта аспан,

жадырайды әр адам мұң шақпастан.

Оу, ағайын! Келіңдер! бүгін бізде –

Наурыз кеже құрт қатып, бұршақ қосқан!
АҚПАН АЙЫ
Қалайша іздемейін, жоқтамайын?

Қарасам,

Мұңаяды бақта қайың

Аппақ қарын төсейді жүрегіме

Ақпан айы - Өзіңнің кеткен айың
Сен барда асқақ еді әл-қуатым,

Көңілімнің көгінде Ай туатын.

Мен сияқты іздеумен өтер енді

Сырларым саған ғана айтылатын.
Адамдар, қанаттарым олар менің

Солар барда кем көңіл толар дедім.

Бакытсызбын демейін,

апа,

бірақ

сен болсаң бақыттырақ болар ма едім?.
Өксікті көмейіме көп тығылған –

Жасырам,

Еркелік те кетті ұғымнан.

Сан рет сағым сынды, апа, менің

Өмірде сенің ғана жоқтығыңнан.
Бәрін сенсіз басымнан өткеремін,

Неткен сұмдық!

Көз жасын төкті өлеңім.

Ақ шанамен ақ қарда кеткен едің

Содан бері ақпанды жек көремін!

Мұң


Сен кеттің апа, кешікпей

Сездім мен өмір салмағын.

Бауырым жылап бесікте

Жатты,

мен жұбата алмадым.

Анасыз көңіл дерті - ерек,

Сезіндім өмір дауылын.

Есейтті мені ертерек

Бесікте қалған бауырым.
Игі еді қамқор бола алсам,

Көктем де келер көк шығып...

Есейтті мені сонан соң

Соғыстан соңғы жоқшылық.
Ала көздерге жолығып

Ертерек жіп пен ине алдым.

Үйрендім ерте сөз ұғып,

Көбісін ұқпай қиналдым.
Ұзартайын деп жолымды –

Асығуды да үйрендім.

Аяудан қашып жоғымды

Жасыруды да үйрендім.
Ертерек мұңмен достастым,

Қияға жолым бұрылды-ау.

Қуыршақпен де қоштастым

Құрбыларымнан бұрындау.
Қолдады сонда көп сенім,

Қолпаштай сыйлап ел мені.

Бәріне сендім, тек сенің

Келмейтініңе сенбедім.
Сенбедім - сені жоқ десе ел,

Сарыла күттім жолдардан.

Көктемде төкті көк те сел,

Келмейтіндігің болды арман!
Қамығып ерте үлгердім,

Қарады туыс аяған.

Қалайша сенсіз күндерді

Бақытты еді дей алам?
Ішімнен тынам әлі мен,

Іздетіп қанша отті Ай, Күн.

Керек ең маған бәрінен,

Әлі де сені жоқтаймын.
Өтінен қашып ызғардың

Шешімге келдім неше осы:

ЖАНЬІНАН ЕРТЕ ҚЫЗДАРДЫҢ

КЕТПЕСЕ ЕКЕН ШЕШЕСІ!
***
Қамыққанымда, тарыққанымда,

Думан тойлардан жалыққанымда,

Қараңғы түнім мен жарық таңымда

Сен шықпадың есімнен, АНА.
Гүл алғанымда, қуанғанымда,

Өзенге барып су алғанымда,

Жылағанымда, жұбанғанымда

Сен шықпадың есімнен, АНА.
Қатал тағдырдың дауылдарында,

Ақ бораны мен жауын, қарында,

Алданғанымда, ауырғанымда,

Сен шықпадың есімнен, ана.

Сен шықпадың есімнен, АНА.
ШІЛТЕР
Біздің үйде шеіиемнің қырғыз

қыздарынан үйреніп тоқыған

шілтері жатыр. Шілтер бар,

тоқыған адам жоқ...

Сен кеткен соң басталған-ды басқаша ән,

Жүгіреді жылдар шашып шашқа шаң

Жырларымды көп адамдар тыңдаған,

Ана, сен ғой естімедің ешқашан.
Сен тоқыған шілтер мынау тозбаған,

Ал мен болсам, тозбайтұғын сөз бағам.

Неге адамды сақтау қиын зат құрлы?! –

Дейді менің бота көңлім боздаған.

Ой тоқып ем, шілтер емес, шықты өлең

Тоқи берем, ұқпасам да түк те мен.

Уақыттан сызат түскен сандықта

Шілтер жатыр соңғы гүлі бітпеген.
Шашыраған сәулесі бар жұлдыздың

Шаныратқы гүлдері бар қырғыздың

Ескі торға жиі-жиі қараймыз,

Ең ақырғы құрметіміз бұл біздің
Шілтер жатыр. Ал тоқыған жан ғайып,

Тағдыр - қатал, адамдарда бар ма айып?

Саусағыңның ізі қалған ескі тор

Сағыныштан кеткен сынды сарғайып.
Мазалайды кірпігіме шық келіп,

Жан інімнен жарымаған сүт те еміп

Қысылғандай ыңғайсыздау қалыпта

Шілтер жатыр бір уыс боп бүктеліп.
Шілтеріңмен көз жасымды сүртермін,

Сүрткен сайын жанарымды бүркер мұң

Ол үшін сен қанша көркем гүл тердің!..

Өкінішті! Апа, сенің ғүмырың

Ғұмырына жетпегені шілтердің!
...Шілтер жайлы мұңды өлеңді созбай тым,

Бітірейін. Ойды ой ғой қозғайтын.

Өмір шығар - өзі кетіп адамның

Бір ескерткіш қалдыруы тозбайтын.
Білем, әке, сен мені сағынасың бұл күнде,

Бәлкім, сенің басқадан қуаныиың күлкің кем.

Тұсыңдағы суретке қарап жатып көз ілсең

Түсіңе еніп жүрген де шығармын-ау мүмкін мен.
Іздейсің сен мені, әке, көршілердің сөзінен.

Маған ұқсас сіңлімнің жәудіреген көзінен.

Тұңғыш перзент тұп-тұнық қызығыңды аңсайсың

Аңсайсың да іздейсің айтпасаң да, сезінем.
"Әке үшін бәрі бір, ұл немесе қыз", - дейсің

Алыста да сенесің үмітіңді үзбейсің

Алаң болып, мен үшін бір кесе шай кем ішіп,

Жаңа келген газеттен есімімді іздейсің
Темекіңді тұтатып, түнде де көз ілмеген,

Көзің болса, кеше гөр, кешіксем де бір келем.

"Айналайын" деп маған сенен басқа кім айтсын,

Қадіріңді сездіріп, өтіп жатыр жыл деген.

1977 ж.

***

Қызығын тұңғыш перзенттің

Боларсың әке, тілеген.

Есейіп, бәлкім, ержеттім,

Аттанып барам, міне, мен.
Ақ бата бердің дірілдей,

Жасымнан бауыр басқан үн.

Бұл күні қалмай біріңде

Келдіңдер, ауылдастарым.
Келдіңдер бәрің гүл алып,

Кетерде сыйлап жарқын жыр.

Мендегі наз бсн бұлалық

Ескерткіш болып қалсын бір.
Ұзатып тұрып, қашаннан

Қазақтан қалған салтқа орай,

Жанарларына жас алған

Қадірмен, қайран, қарттар-ай.
Амалым басқа аздықтан

Қарадым тоймай, беріле

Атымның өзін әз тұтқан

Аяулы жеңгелеріме.
Бұл күн мен келер күн қандай,

Ойламау оны және ауыр.

Кетті-ау деп мені тұрғандай

Булыға жылап самауыр.
Тапқанмен бакыт өрісін,

Жанымда бітеу жара бар.

Ойынын қойып мен үшін

Мұңайып тұрды балалар.
Жақындар қимас пішінде,

Қоштасып қолым соза алам,

Қамығам бірақ ішінде

Болмағандықтан өз анам.

Қамықпа деп бір кәрі әже,

Батасын маған жаудырды.

"Тапсаң да атак, дәреже

Ұмытпа, - деді, аулыңды".
Медет қой, әже, үміт те,

Демеймін маған енші бер.

Жанымда тұрған жігітке

Сүйсінсе болды көршілер...
Жылылық таптым көздерден,

Құйылған дерсің тек күннен.

Қимайтындарыңды сезгенде

Бақытты болып кеттім мен.

БАУЫР

Баяғыда

Өлеңі үшін акылды

Кесірленіп, кесім айтып ақырғы,

Ойсыз әкім абақтыға қамапты

Қанжар тілді жау жүрек жас акынды.
Қаталдықтың көрсетпек боп көкесін,

Қабаттасып сөздері де кекесін,

Бір түрмеде бірге ұстапты ақынның

Нағашысын, шешесі мен әкесін.
Бос кезде де жүрген еді байымай,

Өзі кедей төртеуінің ойы бай.

Қайсарлықпен ән салады қосылып,

Қап-қараңғы түрмеде де мойымай.
Абақты әнмен жылылыққа толатын,

Жырын жазып отырыпты ал ақын.

Әкім бұған шыдамайды, айла іздеп,

Ойлап-ойлап былай депті сол әкім.
"Өнерлісің өжетсің де әрқайсың

Сен айт, әйел, алдыңда тұр таудайсын.

Сені және үш еркектің біреуін

Босатамыз, айт, қайсысын таңдайсың?"
"Тұрған заман - құшағында дауылдың

Әділ күші жеңіп шығар дәуірдің

Ауырдым мен бұл үшеуі үшін де,

Бірақ орны бөлек екен бауырдың

Жарым кетсе, жар табармын бірде мен,

Жар табылса, болар тағы ұл деген.

Өлген анам қайтып келіп ұл таппас,

Бауырымды босатыңдар түрмеден!
Өз жақсыңды өзің құртып,

қалай ел

боларсындар?!

Құрбан болды-ау талай ер...

Рухы жоқ - ақыны жоқ халықтың

Ойланыңдар!" - деген екен дана әйел.
Ожар әкім ештеме де деместен,

Шығып кетіп, мырзасымен кеңескен.

"Босат, - депті, - төртеуін де!" - сескеніп,

Шонжар еді айдарынан жел ескен.
Аңыздың біз естімедік қандайын,

Аңыз айтқан ақындарды қорғайын.

Қайран бауыр!

Қайран ұлы сезімдер!

Әр жүректе жасаңдаршы әрдайым!
* * *
Біздің жақты білгің келсе сен егер,

Әрбір үйге есік қақпай кіре бер.

Үлкендерге ізет - бізде бір өнер,

Отырғанда үлкен келсе - түрегел.
Түрегел де алдыменен қол ұсын,

Ол отырсын, отырасың сонысын.

Айтқаныңды істете бер кішіге,

Ал үлкеннің сөзін тыңдау – борышың
Еңбек етіп, көретін ел өз күнін,

Тілеуі адал, тірлігі де тез, мығым.

Көрген, білген әңгімеңді айта отыр,

Қазақ қатты түсінеді сөз құнын.
Асқа қара, ұлы емессің дәмнен сен,

Қайқы табақ ет келеді сәлден соң

Қарпыта же, өкпелейді үй іші

Ішпеймін деп, жемеймін деп бәлденсең
Бұйымтайды айтпассың не айтарсың

Үй иесі жүзіңнен-ақ байқар сыр.

Мәрт көңіліне, модениетіне қалай да

Ішіңнен сен риза болып қайтарсың
ЕКЕУСІҢДЕР, ЕНДІ ЖАЛҒЫЗ ЖҮРМЕҢДЕР

Жалғыз да боп

Жабырқап ем,

Бекіп ем.

Сол күндерді есіме алсам, өкінем.

Екеусіңдер.

Енді жалғыз жүрмеңдер,

Қол ұстасып бірге ойнаңдар,

Өтінем!
Адам жалғыз сөйлемейді оңаша.

Оңашада күле алмайды ол аса.

Екеу болса,

Бірін-бірі күлдірер.

Екеу болса,

Әңгіме айтар қаласа.

Екеу болсаң Қызығырақ доп ойнау.

Ал өмір ше, ерте болмас оны ойлау.

Екеу болып ойын ойнау сияқты

Екеу болып өмір сүру оңайлау.
БОТАҚАНДАРЫМ

Ботақандарым!

Кішкентай сүйкімділерім!

Көкірегімді иіскеп,

Бұзындар ұйқымды менің

Ересектерден көңілім қалған кездерде

Сендерге қарап кеудемде күй тынды керім.
Балапандарым!

Бақытым, алданыштарым!

Сендермен биік мендегі ар, намыс... бәрі

Қуаныңдаршы мені шаршатып жүріп,

Сол болар асқақ самғап ұшқаным.

Керегі не үлкеннің парасатының?

Ұғарсындар тірлік атты жаңа сатыны.

Ойнаңдар әзір,

Еркелеңдер де,

Біліңдер соның сендерге жарасатынын.
Орманның әнін, алтын күн батқан шақтарын,

Аққуларды - айдынның ақ моншақтарын,

Бар табиғатты үйіме кіргізіңдер,

Сурет салыңдар, кішкентай мақтаншақтарым.
Менің балалығымның айта алмағанын

Айтыңдар маған, табылар, бар таңдағаның

Сендер мұңаймаңдар,

Ойнаңдар,

Мәз болыңдар,

Жетер менің кей жерде жаутаңдағаным.
Қиын, кызық, аяулы, асыл шағымда

Сендер барда жақындар жасыл сағымдар.

Құлындарым Құлдырап жарысыңдар,

Кішкентай үйімді котеріп асыр салыңдар.
Менің төсімнен уызбен бірге ән емгенсіндер,

Жүздеріңнен сол күшті әлем көрсін де.

Менің бақыттылығымды дәлелдеу керек болса,

Күндерім, сендер ғана дәлелдерсіңдер.
Мен күйген отқа сендер күймегенсіңдер,

Сондықтаи маған қуат пен күй берерсіндер.

Шектемейін, ұрысып, ақыл айтып,

ӨМІРДІҢ Ө3І - МЕКТЕП,

ҮЙРЕНЕРСІҢДЕР.
ОЙНАЙ ҒОЙ

Ойнай ғой,

Ойна, көкем,

Ойналғанша,

Өмірдің тауқыметін ойланғанша.

Ойыннан жыласаң да ештеңе етпес,

Құптаман ойландырып қойғанды онша.
Топ бала ойнап жүрсе,

Ең ішінде,

Сен болсаң сол - кызығым, жеңісім де. Ойнай ғой,

"Көп ойыншық әкелуге

Апасы базар кеткен" мен үшін де.
Топ бала ойнап жүрсе,

Ең ішінде,

Сен болсаң сол - кызығым, жеңісім де.

Ойнай ғой,

Ойнай алмай жолға қарап

Апасын ұзақ күткен мен үшін де.
Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет