Ақыл-ойы кем балалардың ойлауындағы негізгі кемшілік қорыту, жалпылау қабілеттерінің төмендігі, бұл оқу процесінде ережелер мен жалпы ұғымдарды меңгере алмауынан көрінеді
Ақыл-ойы кем балалардың ойлауындағы негізгі кемшілік қорыту, жалпылау қабілеттерінің төмендігі, бұл оқу процесінде ережелер мен жалпы ұғымдарды меңгере алмауынан көрінеді. Олар ережені жатқа білгенімен, көп жағдайда мағынасына бойламайды, тәжірибеде пайдалана алмайды. Бұндай балалар заттарды салыстыру кезінде олардың ұқсастықтарынан гөрі айырмашылықтарына назар аударады. Ақыл-ойы кем балалардың ойлау қабілетінің тағы бір басты ерекшелігі ойлау түрі нақты екендігінде. Келесі бір кемшілік ойлаудағы реттеушілік рөлдің әлсіздігі. Бала ойлау операцияларын қажетті жағдайда тиісінше қолдана алмайды. Оларда мәселені шешу жолын алдын-ала ойша қарастыру кезеңі болмайды. Ақыл-ойы кем балалар өздерінің іс-әрекеттерін сыни көзбен қарамайды, өз қателіктерік көрмейді.
Психикалық дамуы қалыпты баланікі сияқты ақыл-ойы кем баланың да ойлау қабілеті ортақ заңдылықтарға бағынады. Л.С. Выготскийдің концепциясы бойынша алғашқы кемістіктер қандай да бір биологиялық жүйенің органикалық зақымдануы мен жетілмеуінен болады, осының нәтижесінде баланың қоршаған ортаны танып-білуге дене енжарлығы, білуге ұмтылмауы – ол кемістіктің биологиялық, ядролық белгісі. Екіншілік кемістіктер бірінші кемістіктен туындамайтын, бірақ солардың негізінде қалыптасқан жоғары психикалық функциялардың дұрыс жетілмеуі (ойлау, есте сақтау, т.б.) және әлеуметтік мінез-құлықтың бұзылуы. Л.С.Выготскийдің теориясы бойынша жоғары функциялар анағұрлым тәрбиеге көнгіш болады. Сондықтан ерте жастан және жүйелі жүргізілген түзету жұмыстары ақыл-есі кем баланың психологиялық дамуына ықпал етеді.
Ақыл-ойы кем бала балалардың ойлау қабілетін дамытутүзету жұмысының басты бағыттарының бірі және танымдық қабілеттерін жетілдіруде, оларды әлеуметтендірудегі басты фактор болып есептеледі. Ойлау қабілетін дамытуда түрлі дидактикалық, қозғалмалы, сюжетті-рөлдік ойындар, сюжетті сурет бойынша әңгіме желісін құрау, құрастыру ойындары және тағы басқа жұмыстардың маңызы зор. Ойын үстінде баланың сана-сезімі, психикалық процестері қалыптасып, сөйлеу тілі дамиды. Түзету сабақтарында мынадай ойындарды қолдануға болады: «Кілтті ал», «Пойыз» ойыны, «Ұқсас, ұқсас емес», «Қайсысы немен қоректенеді?», «Қате суреттер». Бұл ойындар арқылы «ерекше» балалардың ынтасы, қызығушылығы артады, ойлау, есте сақтау қабілеттері дами түседі. Диагностикалық зерттеулер оқушылар үшін танымдық қабілеттерін дамыту, қалыптастыру және тиімді жолдарын іздестіру, жаңа нәтижеге келуі болып табылады.
Дерек көзі: https://erketai.kz/logoped-defektolog/psihikalik-damui-kesheuildegen-balalardin-tanimdik-kabletterin-aniktau-joldari/Анықтауышы эксперимент барысында психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін диагностикалау мақсатында мынадай зерттеу әдістері қолданылды. Қабылдауын зерттеу; Есте сақтауын зерттеу; Ойлау қабілетін зерттеу; Зейінін зерттеу.
Дерек көзі: https://erketai.kz/logoped-defektolog/psihikalik-damui-kesheuildegen-balalardin-tanimdik-kabletterin-aniktau-joldari/