Қайта өрлеу дәуірінің философиясы



Дата16.11.2016
өлшемі140,53 Kb.
#1892
Қайта өрлеу дәуірінің философиясы

Қаралатын мәселелер:


Қайта өрлеу дәуірі философиясы және мәдениетінің пайда болуының алғы шарттары.
Гуманизм, неоплатонизм, натурфилософия - қайта өрлеу дәуірі философиясының бағыты ретінде.
Қайта өрлеу дәуірінің саяси-әлеуметтік философиясы.
Жаңа заман философиясының негізгі сипаттамасы.
Ф.Бэкон: индуктивтік әдісті дайындау.
Р.Декарт: «Ойлаймын, яғни өмір сүремін». Ғылыми әдіс идеясы.
Лейбниц философиясы. Монадалар туралы ілім.

XV ғасырдың аяғында өндірістің, сауданың, әскери құралдың жедел қарқынмен өсуі техниканың, табиғаттану ғылымдарының, математиканың, механиканың дамуына себепші болды. Ал, қоғамдық өмірде қалыптасқан бұл жайлар схоластикалық ой-пікірлерден тазарып, таза табиғаттану ғылымдары тұрғысынан әлемдік процестерді және адам табиғатын түсініп- білуге жол ашты. Адамдардың өмірі мен іс-әрекеттері тікелей бағынышты табиғат заңдылықтарын танып-білуге барлық ғылымдарға тән универсалдық (әмбебаптық) тәсілдің маңызы зор деп есептелініп, сондай әмбебаптық тәсілретінде көбінесе логикалық ойға және тәжірибеге сүйенген математикалық, кейінірек механикалық тәсіл ұсынылды.


Қайта өрлеу кезеңі философияның гуманистік сарында болуына католиктік шіркеудің рухани қыспағынан құтылуға ұмтылған адамдардың еркіндік, бостандық туралы идеялары ықпал жасады. Жалпы алғанда қайта өрлеу философиясы негізгі үш бағытта дамыды. Біріншісі (Н.Кузанский, Пикоделла, Мирандолла, Леонардо да Винчи т.б.) адамның еркін, бостандығын өздерінің философиялық ілімдерінің негізгі өзегі етіп қабылдап рухани өмірде, мәдениетте гуманизм деген бағытты дүниеге әкелсе, екіншісі - (Н.Макиавелли, Томас Мор, Томазо Кампанелла) адам бостандығын жүзеге асыруға кедергі болып отырған қоғамдық құрылысты сынап, утопиялық-социалистік идеяға бой ұрса, үшіншісі - (Н.Коперник, Д.Бруно, Г.Галилей) табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, христиан дінінің әлемнің пайда болуы және оның құрылысы туралы іліміне сәйкес келмейтін, табиғат құбылыстарын өз заңдылықтарына сүйеніп түсіндіруге болатын көзқарастың дамуына үлкен әсер еткен революциялық жаңалықтар ашты.
Схоластикалық философиядан гуманистік идеяға толы философиялық көзқарасқа жол ашқан неміс ойшылы Николай Кузанский шын аты-жөні Николай Кребс (1401-1464 ж.) болды. Негізгі еңбектері: «Мүмкіндіктің болмысы туралы», «Жер шарының айналуы туралы», «Құдайдың көріпкелдігі туралы» т.б. Кузанский пікірі бойынша, әлем қарама-қарсы заттардан тұрады және олар, математикадағы теңдеудің екі жағындағы мүшелерінің бір- біріне өте алатыны сияқты, бір-біріне ауысып отырады. Ауысқан қарама-қарсылықтардың теңесуі тек құдайға ғана тән. Жалпы алғанда материалдық денелер құдай жаратқаннан кейін өз заңдылықтары бойынша дамып өзгеріп отыратын болғандықтан, оларды танып білуге болады. Бұл ретте адамдарға математикалық тәсіл мен тәжірибе көмектеседі. Кез келген теориялар мен концепцияларды тәжірибеде дәлелдеуге, не болмаса теріске шығаруға болады. Адамдар да заттар сияқты микрокосмосқа жатады және ол құдайдың көрінісі болып табылады. Бірақ өзінің ақыл-ойының, іс-әрекетінің арқасында құдаймен қатар тұрады. Осыдан келіп, «адам дегеніміз оның ақыл-ойы» - деп тұжырымдады. Ақыл-ойды табиғаттың заңдылықтарын білу арқылы үздіксіз толықтырып отыру қажет.
Гуманистік ойды қалыптастырып, оны жалпы адамзаттық мәдени құбылысқа айналдыруда Италияның ұлы суретшісі, табиғат зерттеуші ғалым, көрнекті философ Леонардо да Винчидің (1452-1519 ж.ж.) қосқан үлесі өте зор болды. Да Винчидің философиясы беделдіктің әсерінен бас тартып, тәжірибеге, адамның ақыл-ойының күшіне сену негізінде табиғаттың бірлігін адамзат мәдениетінің өміршеңдігін дәріптеумен ерекшеленеді. Ол осы тұрғыдан ортағасырлық схоластиканы сынға алып, оны софистика сияқты пайдасы жоқ ілім деп есептеді. Жалпы алғанда Да Винчи «философиялық тас» іздестірудің өзі пайда бермейтін іс, себебі табиғат құдайдың заңджылығына емес, өзінің қажеттілік заңына бағынады да, үздіксіз өзгерісте, даму үстінде деп тұжырымдайды. Мысалы, белгілі бір жағдайда су буға, бу мұзға, мұз қайтадан суға айналады.
Да Винчи Әл-Фраби мен Ибн Руштың «екі ұдай ақиқат» теорияларына қарсы болды. Оның ойынша, діни ақиқат деген жоқ, себебі құдайдың өзі де жоқ, шын ақиқат - тек ғылыми ақиқат қана. Ғылымда табысқа жетудің бірден-бір жолы - математика тәсілі мен тәжірибе. Жаллпы ғылыми жетістіктердің құндылығы олардың практикада қолданылуға мүмкіндігінің болуымен айқындалады. Осы тұрғыдан ол механикаға аса зор көңіл бөліп, өзі осы айтылған қағидалар негізінде көптеген инженерлік идеяларды жүзеге асыруға тырысты (парашют, ұшатын қанат, тоқыма станогі т.б.)
Да Винчи алғашқылардың бірі болып сурет өнері саласында сынның мазмұны туралы пікір айтып, эстетикалық талғамның қалыптасуына үлкен әсер етті.
Адам - еркін, бостандығын жүзеге асыруда қоғамның мемлекеттік рөлін көрсететін ағымдардың ішінде ерекше орын алатын италияндық саяси қайраткер және тарихшы Николай Макиавеллидің (1469-1527 ж.ж.) ілімі еді. Негізгі шығармалары: «Билеуші және Тит Ливидің бірінші декадасытуралы пікірлер», «олардың принциптері» (қағидалары)т.б. Макиавелли Тит Ливидің шығармалары негізінде саяси іс-әрекет тәртібін жүйелеп, христиандыққа дейінгі Рим империясының этикасымен күшін дәріптейді. Мемлекеттің қайсысы болса да, римдіктердің күші мен ұлылығы сияқты қасиетке ие болуы үшін, өз іс- әрекеттерінде дұрыс деп тапқан тиісті шараларды қолданулары қажет. Ал бұл жолда әдептілік қағидалары мен азаматтық бостандық ығыстырылып, ескерілмей қалса, онда тұрған ештеңе де жоқ, билеуші оған көңіл бөлмеуі керек. Макиавеллидіңбұл ілімі «макиавелизм»деп аталып кеткен, саясатта өз мақсатыңа қалай жетсең де дұрыс деген қағиданың қалыптасуына әкеп соқты.
СОл кездегі қоғамның халықтың әлеуметтік талап-сұраныстарын шеше алмауы негізінде утопистік (қиялы) социалистік идеялар пайда болды. Томас Мор (1478-1535 ж.ж.) «Утопия», Томаза Компанелле (1568-1639 ж.ж.) «Күн дала» атты шығармаларында «беймәлім жерде», «күн қалада» әділетті қоғам орнаған, оларда байлар да, кедейлер де жоқ, бұл мемлекеттерде меншік иесі - қоғам, ал жеке адамдар сол қоғамның мүшелері ретінде еңбек нәтижелерін тең бөліседі, оларда билеушілер де, қарапайым адамдар да заң алдында тең және олар әр түрлі діндерге дәйектілікпен қарайды. Бірақ, діндерде өндірістік процестерге кесел келтіретіндей әртүрлі тыйым салатын қағидалар аз болуы керек. Жастарды тәрбиелеу ісі қоғамның қолында болады, ал оларды дінбасылар басқарады.
Т.Мор мен Т.Компанелланың идеалды мемлекет пен қоғам туралы пікірлері әлжуаздығына, қиялилығына қарамастан кейінгі социалистік ілімдердің қалыптасуына әсер етті.
Әлемдегі процестерді өз заңдылықтарына сүйеніп, түсіндіруге бағытталған Н.Коперниктің (1473-1543 ж.ж.) негізгі еңбегі - «Аспан денелерінің айналуы туралы» әлемнің күн орталық жаратылысы қағидасының негізінде Джордано Бруноның (1548- 1600ж.ж.) философиялық көзқарастары қалыптасты. Негізгі еңбектері: «Себептілік, бастама және біртұтастық туралы», «Әлемнің және заттардың шексіздігі туралы», т.б.
Бруноның пікірінше, табиғаттан тыс ешқандай күш жоқ. Ол кеңістікте де, уақытта да шексіз, ал қозғалыс оның өмір сүру тәілі. Табиғат өз заңдылығымен өмір сүреді. Әлем мен құдай бір. Әлем - универсум (әмбебап бастама), жалғыз ғана мәнділік. Сондықтан ол мәңгі және өзгермейді. Ал әлемге кіретін денелер сансыз көп, олар үздіксіз қарапайым және өзгерісте болады. Барлық заттар өшпейтін, мәңгі, қозғалыста бөлшектерден тұрады. Оларды Бруно - монада деп атады. Монаданың материалдық денелерге ғана емес, психикаға да қатысы бар. Ал психикалық құбылыс барлық заттарға тән болғандықтан әлемде жансыз денелер жоқ. Осыдан келіп Бруно әлемде шексіз және сансыз көп тіршілік түрлері болуы әбден ықтимал деген тұжырым жасайды. Бруноның көзқарасынан жүйеленген түрде қолданылған Демокрит пен Гераклиттің ілімдерінің ықпалын байқаймыз.
Жалпы алғанда, қайта өрлеу философиясы антика философиясындағы гуманистік дәстүрді, ортағасырлық шығыс мәдениетінің алдыңғы қатарлы ойларын өз заманының талап- тілегінің қажетіне жаратып, жаңа заман ғылыми көзқарасының қалыптасуына зор ықпал етті. Өндірістік тәсіл мен құралдардың жедел қарқынмен дамуына байланысты, қалыптаса бастаған қоғамның жаңа талап, сұраныстарын қамтамасыз етуге ескі схоластикалық ілім мен діни көзқарастар кедергі болды. Жаңа заманға жаңа ғылыми жаңалықтар, жаңаша дүниетанымдық көзқарастар керек еді. Осы себептен ғылымның пайдалы деп табылған жаңа салалары тез дами бастады. Гидростатика, механика, геометрия, т.б. ғылымдар саласында қол жеткен табиғаттану, философия ғылымдарына үлкен әсер етіп, философияда механистік көзқарасты және метафизикалық ойлау тәсілін қалыптастырды. Тіпті қоғамдық өмірді де, адам табиғатын механика тұрғысынан қарастыру әдетке айналды. Философияда механикалық, метафизикалық көзқарастың қалыптасуына зор үлес қосқан ойшыл - ағылшын философиясының негізгі өкілі, ғылыми зерттеудің индуктивтік тәсілінің негізін қалаушы Френсис Бэкон (1561-1626 ж.ж.) еді. Негізгі еңбектері: «Ғылымдар табысы», «Жаңа органон», «Жаңа атлантида» т.б. Бэконның ілімінше, адамның негізгі мақсаты - табиғат күштерін игеру. Табиғаттың сырын, заңдылықтарын білген адам оларды өз қажетіне жарата алады, ал табиғатты материяны қарастыру арқылы түсінуге болады. Материяның қасиеттері көп, солардың ішіндегі негізгісі - қозғалыс. Қозғалыс материяның кеңістіктегі орын ауыстыру ғылымдары тәсілмен қабылдап білуге болатын денелер ғана, ал жан, рух т.б.ғылыми тұрғыдан танып-білуге болмайтын болғандықтан - нақты шындыққа жатпайды. Табиғатты нақты танып-білу негізінде мәдени өмірді мақсаттылықпен өзгерту адамзаттың негізгі мақсаттарының бірі. Бұл жолда адамдар әр нәрсеге сеніп - табынушылық , жалған эксперимент екендерін түсінулері керек. Ал танымның жалғыз ғана дұрыс тәсілі - индукция. Бэконның түсінігінше зерттелетін заттардың қасиеттері ешуақытта өзгермейді және олар бір- бірімен байланыста болмайды.
Дін мен ғылым бір-біріне кедергі жасамай, әрқайсысы өз жолымен ақиқатқа жетулеріне болады.
Томас Гоббс (1588-1679 ж.ж.) Бэконның ілімін жалғастырушы және бір жүйеге түсіруші. Ол механикалық тәсіл арқылы әлемдік құбылыстармен қатар таным процесінде, қоғамдық құбылыстарды да қарастырып, жүйеленген механикалықкөзқарастың негізін қалады. Негізгі еңбектері: «Адамзат туралы философиялық бастапқы негіздеме», «Левиафан - материя, форма, мемлекеттік, діни және азаматтық билік».
Гоббстың пікірінше, объективтік шындық дегеніміз денелер жиынтығы. Материя мен дене синонимдер. Бейзаттық құбылыстар болмайды.
Денелер кеңістікте көсіледі және салыстырмалы қозғалыста болады. Олар түйсіктер арқылы қабылданып, санамызда ұғымдар қалыптастырады. Материя, денелер, өздерінің геометриялық сипаттары арқылы ажыратылады. Сондықтан, геометрия ең басты ғылыми ойлау тәсілі. Ойлау дегеніміздің өзі - есептеу, математикалық амалдардың жиынтығы.
Барлық денелер, әлем себептілікке байланысты болғандықтанжігер де себептілікке бағынышты. Ал жігер мен бостандық адам табиғатының нәтижесі болғандықтан, қажеттілікке байланысты еркін бола алады. Алғашқы қауым кезінде адамның табиғаты өзін- өзі сақтау, ләззатқа ұмтылу сияқты эгоизмге негізделген қажеттіліктен туатын еді де, қалыптасқан әлеуметтікжағдайға қарап өз іс-әрекетін ерікті түрде таңдайтын. Ал әрқайсысының еріктері бір-біріне қарама-қайшы келгендіктен, сол кездегі адамдардың табиғи көрінісі барлығының барлығына күресі болатын.
Джон Локк (1632-1704 ж.ж.) ағылшын философы, психологі, педагогі. Негізгі еңбектері: «Адамның ақыл-ойы туралы тәжірибе»т.б. Таным концепциясын психологиялық теория тұрғысынан негіздеп, психологияның ғылым ретінде қалыптасуына жол ашты. Егер Бэкон білім-тәжірибеден шығады десе, Локк оғанқосымша тәжірибенің өзі сезімдік түйсінулер арқылықалыптасқан деді. Локктың танымтеориясы негізінен үш қағидадан тұрады:
1. адамда «туа біткен идеялардың» болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжірибе арқылы пайда болады;
2. адамның дүниеге келгенкездегі ақыл-ойыештеңе жазылмаған таза тақта немесе «ақ қағаз» сияқты, ло тек тәжірибе арқылы мазмұнға толады.
3. ақыл-ойда тек сезімдік түйсіктер арқылы қабылданған мәліметтерден басқа ештеңе жоқ, себебі дүниеге шығатын терезе - түйсік.
Психиканың қалай қалыптасқанын түсіндіру мақсатында Локк идеялардың екі түрін қарастырады. Олар: бірінші сапалы идеялар және екінші сапалы идеялар. Бірінші сапалы идеяларға дененің түр, сан, орын, қозғалыс, тыныштық т.б. сол сияқты қасиеттері жатады, біз оларды шындығында қандай болса, тура сол күйінде қабылдаймыз. Ал екінші сапалы идеяларға денелердің иіс, бояу, дәм т.б. сол сияқты қасиеттері жатады, оларды біз субъективтік тұрғыдан қабылдаймыз.Осы екі сапалы идеялардың түйсіктерге әсер етуі арқасында біздің санамызда екі түрлі ұғымдар мен пайымдаулар қалыптасады. Біріншісі - күрделі пайымдаулар ұғымдар. Олар тек тәжірибе арқылы қалыптасады да, ой белсенділігін талап етеді. Осы негізде ғылымдар дамиды. Ал екіншісі - сыртқы денелердің түйсіктерге әсер етуінен, не болмаса рефлексия арқылы пайда болған қарапайым ұғымдар, пайымдаулар.
Ақиқат дегеніміз, Локктың пікірінше, идеялардың өзара сәйкес келуі (ұғымдардың, пайымдаулардың «бірінші», «екінші» идеяларға) және көпшіліктің өзара келісімі.
Адамның қуанышын тудыратын және күшінөсіретін істің барлығы - игілік, ал оған қарама-қарсы іс-әрекет бақытсыздық. Ең жоғары заң, адамды қуанышқа бөлейтін болғандықтан ең басты игілік болады. Локк мемлекет туралы ілімінде халықтың егемендігі негізінде қалыптасқан конституциялық монархияны жақтайды. Мемлекет билікті бөлу (заң шығару, атқарушы және сот биліктері) арқылы әлеуметтік топтарға бостандық және құқықтық теңдікті сақтауға кепілдік жасауы тиіс.
Қорыта айтқанда, Бэкон, Гоббс, Локктың ілімдері механикалық метафизикалық философияның іргетасын қалап, ғылыми зерттеудің индуктивтік және геометриялық тәсілдерін әмбебап (универсалдық) тәсілдер дәрежесіне дейін көтеріп өзінен кейінгі ғұлама ойшылдарға үлкен әсер етті.
Англияда философияда «идеалистік сенсуализм» деп аталып кеткен бағыт қалыптасты. Оның ірге тасын Дж.Беркли және Д.Юм деген ойшылдар қалады.
Беркли Джордж (1684-1753 жж) ағылшын философы. Негізгі еңбегі: «Танымның бастамасы туралы трактат».
Берклидің ілімі бойынша «жалпы материя» деген бос сөз. Үшбұрыш деген жалпы ұғымның дүниеде болмайтыны сияқты, «жалпы материя» да болмайды. Ал жеке материялдық денелер құдайдың ойында идея ретінде өмір сүреді. Олай болса, шынайы өмір сүретін заттар емес, рухтың, жанның және «меннің» түпнегіздері. Адамдар үшін нағыз объективтік шындық - біздің санамыздағы құдіреттің белгісі - «еске алу». Демек, жеке денелердің өмір сүруі дегеніміз, олардың түйсіктер арқылы қабылдануы арқасында «меннің» идеяларына айнала алуы. Қозғалыс деп жүргеніміз - құдайдың үздіксіз белсенділігі. Кеңістік пен уақыт та сезімдік «еске алудың» бір түбірлері. Мысалы, уақыт - түйсіктердің бірінің соңынан бірінің ауысып отыру дәйектігі. «Меннің» жойылуымен бірге бұл аталған құбылыстар мен денелердің жойылмайтын себебі, өзіндік «меннен» басқа «бөтен меннің» болуы.
Таным процесінде БЕркли басты рөлді «тікелей сезімге» береді. Ол - сезімдік тәжірибенің нәтижесі, ал сезімдік тәжірибенің өзі санамыздағы құдіреттің белгісі - «еске алудың» жиынтығы. Сөйтіп, «тікелей сезім» арқылы қалыптасқан ұғымдар объективтік шыңдықтың субъективтік кескіні емес, түйсіктердің «еске алудың» жиынтығы. Демек, біздің танып-білі жүргеніміз нақты денелердің өзі емес, түйсіктердің жиынтығы ғана екен.
Берклидің ілімін әрі қарай жалғастырған, тарихшы, дипломат, философ, ағылшын ағартушылық кезеңінің көрнекті өкілі Давид Юм (1711-1776 жж) болды. Негізгі еңбектері: «Адамның ақыл-ойы туралы зерттеулер», «Діннің табиғи тарихы», «Табиғи дін туралы пікірлер», т.б.
Юм ешқандай түпнегізді мойындамайды. Себебі, лол үшін шын мәніндегі түпнегіз емес, идея ғана. Ал идеяны тудыру үшін объективтік шындықта өздеріне сәйкес келетін заттардың болуы міндет емес. Түпнегіз идеясы сезім мүшелерімен тәжірибе арқылы алынған деректерді көбейту, азайту, байланыстыру сияқты ой күшінің қабілеті арқылы қалыптасады. Мысалы, құдай идеясы адамдарға тән ақыл, данышпандық, қайырымдылық, көрегенділік т.б. с.с қабілеттіерді жинап, оларды адамның өзінен тыстатып, табиғатта жоқ құбылысқа телуінен пайда болады. Тәжірибенің өзі Юмның түсінігінше, себептері белгісіз және түсінуге болмайтын «әсерлердің үздіксіз қимылы». Ал фактілердің себептері мен салдарын қайталанып қойылған тәжірибе және өз алдына дербестігін «ойлауға әдеттену» арқылы танып-білуге болады. Бұл жерде «ойлауға әдеттену» - өзіне себептілік инстинктінің көмегінің арқасында, себептілік заңы ретінде өмір сүретін құбылыс. Демек, Юм объективті себептілікті жоққа шығара отырып, сезім «әселерінен» туындаған идеяларды субъективтік себептілік ретінде мойындайды. Себептілік заңы тек қана жүргізіліп жатқан тәжірибе шеңберінде үстемдік ете алады, ал оны тәжірибелік деректерден транценденттік идеяларға таратуға болмайды. Таным процесінің ең басты мақсаты - тәжірибе арқылы айқындалған табиғи құбылыстардың себептерін жиынтықтап, олардан туындайтын көптеген салдарды сан жағынан аз жалпы себептерге бағындыру.
Адамдардың іс-әрекетінің негізінде себептілік жатыр. Бұл себептіліктер біздің табиғи қалыптасуларымыз, сұраныстарымыз және құмарлығымыздың негізінде қалыптасады. Ал ақыл-ой себептіліктің негізі бола алмайды, демек ол ешқандай іс-әрекет туғызбайды. Ол тек қана ақиқат пен жалғандық, табиғилық пен жасандылық туралы ой сараптап, олардың орталарын ажырата білуге үйретеді.
Юм осы уақытқа дейін айтып келгендей «агностик», «скептик» емес, биологиялық антропологиялық тұрғыдан философиялық рационалистік бағытқа қарсы шыққан реалист.
Егер ағылшын философтары білімді тек сезімдік түйсіну арқылы алуға болады деп есептесе, француз ғалымы және философы Рене Декарт (1596-1650жж) ақыл-ойды таным процесінде бірінші орынға қойып, тәжірибенің рөлін сол ақыл-ойдың мәліметтерімен тексеретін қарапайым практикаға дейін түсіреді. Негізгі еңбектері: «Тәсіл туралы ойлар», «Бірінші философия туралы метафизикалық олар», «Философия бастамасы» т.б.
Декарттың философиясы өз бастамасын «күмәндану» қағидасынан алады. Ол дәстүрлі қалыптасқан пікірлерге де, сезімдік танымның ақиқаттығына да күмәнданады. Нағыз шындық - «күмәндануды» ойлаудың қабілеті деп мойындау. Оның «Мен ойлаймын, олай болса, өмір сүремін» деген қағидасы төмендегідей тұжырым жасауға мүмкіндік береді: біріншіден, ол танымның негізін объективтік шындықтан іздемейді, керісінше таным процесінің өзінен табуға ұмтылады; екіншіден, бұл қағида оны мәнділіктің субстанциясы (түпнегізі) бар екенін мойындауға итермелейді.
Декарттың пікірінше бір мезгілде, бір-бірінетәуелсіз, бірақ байланысты рухани түпнегізбен (құдай) қатар, материалдық түпнегіз де (табиғат) өмір сүреді. Рухани түпнегіздің ажырамас ең басты атрибуты - кеңістікте көсілуі.
Декарттың философиясы артында өзіндік із қалдырған, соны идеяларымен кейінгі философиялық ағымдарға ықпал етіп, адамдарды басқаша ойлау арқылы, қазіргі техниканы жасауға мүмкіндік туғызды.
Спиноза Бенедикт (1632-1677 жж) нидерланд философы. Негізгі еңбектері: «Діни- саяси толғау», «Декарт философиясының қағидалары», «этика» т.б.
Спинозаның ілімі бойынша, барлық материалдық денелер мен құбылыстарды біріктіретін ұғым ол - субстанция (түпнегіз). Құдай, табиғат, әлем, түпнегіз біртектес, бірреттегі түсініктер, синонимдер. Түпнегізге сансыз көп атрибуттар (ең басты қасиеттер) тән. Солардың ішіндегі ең маңыздылары кеңістікте көсілу мен ойлау. Түпнегізді ешкім құдай да, табиғат та жаратпайды, ол өзінің өзінен пайда болуына себепкер (саша зиі). Түпнегіздің атрибуттары модустарды дүниеге әкеледі. Олардың өздері екі түрлі болады. Біріншісі, түпнегіздің атрибуттарынан тікелей туындаған модустар. Бұлардың өзі атрибуттарының табиғатына қарай: а) кеңістікте көсілу атрибутынан - қозғалыс және тыныштық модустары; б) ойлау атрибутынан - ақыл-ой және жігер модустары, болып бөлінеді. Екіншісі, әлемдегі жеке денелер - модустар. әлемтүпнегізбен пара-пар болғандықтан, бұл модустар - түпнегіздің (әлемнің) жеке денелер арқылыкөрінуі. әлем универсум (әмбебап жалпы ұғым) ретінде мәңгі және өзгермейді. Ал оған кіретін жеке денелер үздіксіз өзгерісте, қозғалыста болады. өзгермейтін, қозғалмайтын әлеммен үздіксіз өзгерісте, қозғалыста болатын жеке денелердің арасындағы байланыс қозғалыс модустары арқылы жүзеге асады.
Спинозаның ілімі бойынша, тек денелер ғана модустер емес, сонымен бірге идеялар да - модустар. Олай болса адамдар өз мүмкіндіктерін, және табиғаттың заңдылықтарын, сырын неғұрлым көбірек білсе, соғұрлым ол өзі үшін әдептілік қағидаларын белгілеп, пайдасызіс-әрекеттерден аулақ болып, құдайдың мәнін түсінугежақындар еді. Ал құдайды жақсырақ түсінген сайын, оны көбірек сүйеміз. Осындай құдайға дегенсүйіспеншілік те - біздің игілігіміз. Адамдар өзін туғаннан еріктімін деп есептейді, шындығында олар ерікті емес. Өйткені олардың іс-әрекеттері себептілікке бағынады. Бұл заңдылықты білмегеннен кейін, олар өздерін еріктіміз деп ойлайды.
Құдайдың (түпнегіздің, табиғаттың, әлемнің) мәнін, мазмұнын, табиғатын түсіну тек математикалық тәсілді қолданған ғылымдардың ісі, ал дінге келетін болсақ, оның құдай туралы айтқан пікірлері қате. Жалпы алғанда діннің шығуына екі турлі себептер әсер еткен. Олар: 1) адамдардың табиғаттың өзнен табиғаттағы құбылыстардың себептерін түсіндіре алмауы, және 2) олардың табиғаттың дүлей күштерінің алдындағы қорқынышы.
Бірақ, Спинозаның пікірінше, дін халықты уыстан шығармай ұстап тұру және қоғамда тәртіп орнату үшін қажет.
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет