Акоба ауыл округінде 2011 жылыдың ІІ жартыжылдығында жоспар бойынша атқарылған жұмыстар туралы



бет1/7
Дата18.03.2017
өлшемі0,51 Mb.
#11878
  1   2   3   4   5   6   7
Өмірбаян

 

 С.М.Жапақов 8-мамыр 1960 жылы Орал облысы Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылында дүниеге келді. 1977 жылы орта мектепті бітірді. 1977-1978 ж.ж. Жәнібек ауылындағы № 9 кәсіптік училищені бітіріп, механизатор мамандығын алып шықты. 1978-1980 ж.ж. Совет Армиясы қатарында қызмет жасады. 1980-1982 ж.ж. Жәнібек ауданы Қайрат совхозында механизатор болып жұмыс жасаған. 1982-1988 ж.ж. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын оқып, инженер-механик мамандығын алып шықты. 1988-1991 ж.ж. Ақтөбе облысы, Мұғаджар ауданында техника қауіпсіздігі инженері болып жұмыс жасады. 1991-1997 ж.ж. Ұзынкөл совхозында шеберхана меңгерушісі, ферма меңгерушісі болды. 1998-2004 ж.ж. Жәнібек аудандық электр торабында электр-монтер жұмысын атқарды. 2004-2005 ж.ж. Ұзынкөл орта мектебінде еңбек пәнінен сабақ берді. 2005-2007жж Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды. 2009жылдан осы кезге дейін Ақоба ауыл округінің әкімі болып жұмыс жасауда.

 

Акоба ауыл округінде 2011 жылыдың ІІ жартыжылдығында



жоспар бойынша атқарылған жұмыстар туралы

 

Ауыл халқы



 Ақоба ауыл округі Жәнібек ауданының оңтүстік – батыс бөлігінде орналасқан. Территориясы 147780 шаршы шақырым жерді құрайды. Округ құрамында 1 елді мекен және 24 елді мекенде шаруа қожалықтары орналасқан. Ауылдық округ бойынша халықтың саны 865 адам құрап, өткен жылмен салыстырғанда 28 адамға кеміп отыр. 15 сәби дүниеге келіп, 13 адам қайтыс болды, 33 адам басқа жерге қоныс аударып, 14 адам келді.

Экононмикалық белсенді жалпы халықтың 40,2 пайызы немесе 454 адам. Округ бойынша 205 адам жұмыс жасайтын болса, оның 93 – сі бюджет саласында, 98 –і ЖШҚ – да, 25 адам басқа салаларда жұмыс жасайды. Өзін -өзі қамтумен жұмыс жасайтындар 239 адам, ол 21 пайызды құрайды. Халық саны арасынан мектепке дейінгі балалар- 99, оқушылар - 152, балабақшада - 26 бала, зейнеткерлер мен мүгедектер -111, жұмыссыздар -5, кәсіби оқуда -3 адам құрап отыр.



 

Ауыл шаруашылығы

 Ауыл тұрғындары негізінен мал шаруашылығы және мал азығын дайындаумен айналысады. Округ бойынша ірі қара 2756, қой – ешкі 5097, жылқы – 892, түйе -55, құс – 1231 болып отыр. Ауыл халқы өздерінің күнделікті тұрмыс қажетіне мал және оның өнімдерін тұтынып, қажетіне жарататын болғандықтан, мал басын өсіру бағытында жұмыстануда. 2011 жылдың екінші жарты жылдығында округ бойынша 5447ц ет, 10193 ц сүт, 59600 дана жұмыртқа өндірілді. Мал сапасын артыруда ірі қара малын қолдан ұрықтандыру бағытында мал дәрігерлік кешенінде арнайы маман жұмыстануда. Биылғы жылы 140 бас өткізілсе, оның 12 –і екінші қайтара өткізілді. Мал басын асылдандыру бағытында «Әлем» ШҚ-ы асыл тұқымды қазақтың ақ бас сиырын және «Көшім» жылқысын өсіру бағытында жұмыстар жүргізуде. Олар басқа шаруашылықтарға асыл тұқымды бұқашықтар сатуда. Ауыл округінен 3-қожалық сатып алды. «Әлем» ШҚ-ы 20 түйе малын сатып алды.

Ауыл округіндегі жеке тұрғындар мен шаруа қожалықтарының малдарына ветерирнарлық іс – шаралар белгіленген жоспар бойынша атқарылуда. Онда келісім шарт арқылы 3 мал дәрігері жұмыс жасайды. Биылғы жылы 2900 ірі қара, 1000 бас қой малы бірдейлендіруден өтті. Ірі қара малынан қан алу барысында 355 бас бруцеллез малы анықталып, олар тиісті жерлерге тапсырылды. Бір мал сою алаңы салынып, пайдалануға берілді. Ауыл округінде 42 ЖШҚ жұмыс жасауда. Олар 48219 га жайылымдық және шабындық жер иеленіп отыр. Онда 98 адам жұмыс жасайды. Биылғы жылы ауа-райының қолайлы болуына орай,шөп бітік шығып, мал азығын дайындау жоғары қарқынмен өтті Округ бойынша 174211 центнер мал азығын дайындалып, жоспар 194 пайызға орындалды. Кейбір шаруа қожалықтары артылған өнімін халыққа сатып, өз қажеттерін өтеді. Шаруа қожалықтар мен жеке тұрғындарда 38 трактор, 1 автобус, 9 жүк машинасы, 4 шөп буатын ауылшарашылық техникасы және 23 жеңіл машина бар. Округ аумағындағы ауыл шаруашылық техникалары жыл сайынғы техникалық байқаудан өткізіліп тұрады.



 

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет