Актуальные вопросы специального и инклюзивного образования



Pdf көрінісі
бет136/140
Дата19.05.2020
өлшемі1.88 Mb.
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   140
Оқыту  әдістері  – бұл  мұғалім  мен  оқушылардың  білім  беру  міндеттерін  ойдағыдай 
шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері.  
Тәрбие  әдістері  – оқушылардың  қажеттілік-мотивациялық  аумағының  және  сананың 
дамуына,  баланың  мінез-құлық  тәжірибесінің  қалыптасуына,  оны  түзетуге  бағытталған 
тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері. 
Қазіргі  жағдайда  педагогикалық  санада  жасөспірім  адамның  қалыптасуы,  дамуы  және 
әлеуметтенуі туралы, оқыту мен тәрбиені үзбей біріктіретін оның білім алу процесі туралы ретінде 
қарастырылуы  деген,  тұрақты  көз  қарас  қалыптасқан.  Оқыту  мен  тәрбие  тәсілдерін  бөліп 
қарастыру  тек  арнайы  білім  беру  процесінің  әр  жақтарын  зерттеп  және  талдау  мақсатында  ғана 
мүмкін.  
Естімейтін  оқушыларды  арнайы  оқытуда  қолданылатын  әдістерді  әртүрлі  деңгейде 
қарастыруға болады: 
-жалпы дидактикалық –естімейтін оқушыларды оқыту үшін әмбебап сипаттағы әдістер
-жеке  әдістемелік  –  жеке  оқу  пәндеріне  әдістерді  қолдаунымен  ерекшеленеді,  бұл  кезде 
пәннің мазмұны, оның жиынтығы және жүйелігі басшылыққа алынады; 
-түзету-педагогикалық  көмек  деңгейінде  сөйлеу  тілін  қарым-қатынас  құралы  ретінде 
қалыптастыру  және  дамытуды,  сөйлеу  тілін  естіп  қабылдауы,  дыбыс  айтуды,  еріннен  оқуды 
дамытуды қамтамасыз ететін әдістер жатады.  
Есту  қабілеті  зақымдалған  балаларға  арнайы  білім  берудің  мазмұнын  ашатын  бірқатар 
құжаттарды  қарастырайық.Естімейтін  балалардың  бастауыш  және  негізгі  мектепте  білім  алу 
ұзақтығы 10-11 жыл. 
Базисті оқу жоспары естімейтін оқушыларға негізгі жалпы білім беруді 11 жыл ішінде, ал 
егер  мектепке  келерде  дайындық  өтпеген  болса,  онда  12  жылда  алып  шығады.  Мектепте  білім 
беру  төрт  деңгейден  тұрады:  бастапқы  саты  (дайындық  сынып),  бастауыш  саты  (1-3  сынып), 
бастапқы  негізгі  саты  (4-6  сынып),екінші  негізгі  саты  (8-11  сынып).Мектепте  білім  беруді 
сатыларға  бөлу  естімейтін  балалардың  психофизикалық  ерекшеліктерін  ескеріп  жүзеге 
асырылады. 
Нашар  еститін  балаларға  арналған  түзету  мекемесінде  жалпы  білім  берудің  үш  сатылы 
білім беру бағдарламасының деңгейіне сәйкес жүзеге асырылады. 
І саты- бастауыш білім беру (1 бөлімде 4-5 жыл, 2 бөлімде 4-5-6 жыл); 
ІІ саты- негізгі жалпы білім беру (1 және 2 бөлімде 5-6 жыл); 
ІІІ саты – орта (толық) жалпы білім беру (1 және 2 бөлімде 2 жыл). 
Есту  қабілеті  зақымдалған  балаларға  арналған  мектеп-интернатта  пәндік  үйірмелер 
ұйымдастырылады (математика, физика, химия, әдебиет, сөйлеу тілін дамыту, еріннен оқу, ЗТО, 
т.б.). Пәндік оқу-оқу пәндері бойынша білімді кеңейтеді және тереңдетеді. Оқушылардың ой-өрісі 
дамып,  ойлау  қабілеті,  сөлей  тілі  дамиды.  Техникалық  үйірмелер  балалардың  моедльдеу,  құру 
дағдылары  мен  біліктіліктерін  дамытады,  еңбек  операциясын  жоспарлау  дағдыларын 
бекітеді.Мұндай  жұмыстың  түрі  қазіргі  замандағы  техникаға  жету  туралы  білімді  кеңейтіп, 
техникалық кеңістіктік  ойлау қабілетін дамытады.  


114 
 
Үйірмелік  жұмысқа  қатысу  белгілі  білім  сферасындағы  тұрақтылықты,  әрекет  түрлерін 
тұрақтандырып, қоғамдық белсенділіктерді қалыптастырады, сөйлеу дағдыларын жүзеге асыруға 
тәрбиелейді.  
Сурет  үйірмелері  естімейтін  және  нашар  еститтін  балалардың  қабілеттерін  дамытады. 
Сурет  үйірмелері  жұмысында  коррекциялық  бағытты  ұстанады.  Сыныптан  тыс  оқу  әдебиеттер 
бойынша  сыныптан  тыс  жұмыстың  құрамды  бөлігі  болып  табылады.  Ол  баланың  кітапқа  деген 
қызығушылығын  қалыптастыруға  бағытталған.  Сыныптан  тыс  оқу  үшін  арнайы  уақыт  бөлінеді. 
Баланың  жас  ерекшелігіне  қарай  және  оның  оқу  дағдыларына  қарай  сыныптан  тыс  оқу  түрлі 
формада өткізіледі. 
Сонымен  қатар,  балаларды  сыныпта  оқытып  қана  қоймай,  экскурсияға  (саяхат  сабақ) 
шығару  да  қарастырылады.  Экскурсия  жаңа  білімді  тереңдету,  кеңейту,бекіту  мақсатымен 
өткізіледі.  Экскурсия  тақырыбы  оқу  пәнмен  байланысты  болу  керек.Кез  келген  экскурсияны 
ұйымдастыру арнайы дайындықты талап етеді; білімділік, тәрбиелік, түзетушілік міндеттерін қою, 
оның мазмұнын сөздерін анықтау, жеке оқушылар үшін тапсырмалар, көрнекі құралдар дайындау. 
Экскурсия  уақытында  тәрбиеші  балалардың  бақылауларына  жетекшілік  етеді,  жеке 
тапсырмаларды  қалай  орындайтындарына  мән  береді,  қиналған  кездерінде  көмек  береді. 
Экскурсиядан алған білімдерін, әсерлерін мақсатты түрде альбом, қабырға газеті, суреттер арқылы 
бекіту  керек.  Есту  қабілеті  зақымдалған  баларға  арналған  мектеп-интернаттағы  үйірмелік 
жұмыстар  оқушылардың  ой-өрістерін  дамытуға  шығармашылық  қабілеттерін,ойлауын,  ауызша 
сөйлеу тілін, қалдық есту қабілетін дамытуға бағытталған. 
Бастауыш  сыныптан  бастап,  ол  тәрбиеші  әңгімесімен  байланыстырады.  Осы  кезеңде 
ойыншықтар  мен  аппликациялар  т.б.  оқу  мазмұнының  драматизациясы  қолданылады.  Мәтінмен 
жұмыс  жасау  біліктілігін  меңгеру  деңгейі  бойынша  өз  бетімен  оқу  жүргіледі.  Тәрбиеші 
мұғаліммен бірге отырып, ідеби кітаптарды таңдайды. 
Мұғалім мен тәрбиеші тек қана сыныптан тыс оқуды ұйымдастырып қоймайды, сонымен 
қатар  кездескен  түрлі  қиындықтарға  ға  көмектеседі.  Оқуға  қызығушылықты  дамыту  бойынша 
тұрақты  жұмыстың  орындалуына  үлкен  мән  беріледі.  Сондықтан  тәрбиеші  мұғаліммен  бірге 
отырып,  жазушылар  туралы  айтып,  диафильмдер  көрсетіледі,  бір  жазушының  өмірі  туралы 
кинофильм көрсетеді, соны талқыға салады.  
Сыныпта  немесе  топтық  бөлмеде  сыныптан  тыс  оқу  бұрышы  безендіріледі.  Интернатта 
клубтық  жұмыс  жүргізіледі,  мысалы,  кітапқұмарлар  клубы,  жас  математик  және  т.б.  Клуб 
жұмысын  ұйымдастыру  және  жетекшілік  ету  құрамына  жоғары  сыныптар,  мұғалімдер, 
тәрбиешілер  кірген  кеңес  болады.  Клуб  күндері  таңдалады,  сыныптан  тыс  сабақтар,  тақырыпқа 
сай ойындар, кештер т.б. өткізіледі.  
Клуб  жұмысының  жоспарымен  сәйкес  түрлі  курстар,  фестивальдар  өткізіледі.  Клубтық 
форма тек мектеп пәндерінен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік өмір сфераларын  да қамтиды. 
Клубтың  ұзақ  уақыттық  жұмысы  тәрбиешінің  жағымды  әдеттерін  қалыптастырады.Үлкен 
тәрбиелік  мүмкіндіктер  тәрбиеленушілердің  теледидар  бағдарламаларын  көрумен  бекітіледі. 
Тәрбиешінің міндеті – бала жасына сай, апта бойғы телебағдарламаларды талдау. Сонымен қатар 
баланы  сол  телебағдарламаларды  қабылдауға  тәрбиелеу  керек.  Естімейтін  және  нашар  еститің 
оқушыларды  интернатта  еңбекке  баулудың  арнайы  міндеті,  еңбек  әрекеті  процесінде  ауызша 
сөйлеу тілмен қатынас жасай білуді жүзеге асыру және дамыту керек.  
Интернаттағы  тәрбиеленушілердің  еңбек  әрекеті  өз-өзіне  қызмет  ету  бойынша  өз  киімін 
күту, мектеп ауласын тазалау т.б. еңбек формалары арқылы орындалады.  
Тәрбиешінің  алға  қойған  міндеті  -  баланың  ойын  әрекетін  дамыту  болып  табылады. 
Интернаттағы ойынды ұйымдастыра отырып, тәрбиешіні естімейтін балалардың ойын әрекетінің 
ерекшеліктерін есепке алады.  
Естімейтін  бала  сөйлесу  арқылы  өзінің  әлеуметтік  мінез-құлқын  дамытады.  Түрлі 
адамдармен,  ерексетермен,  құрдастарымен,  кішкентай  тәрбиеленушілермен,  естімейтін  әр  түрлі  
жас  кезеңіндегі  балалрмен  сөйлесу,  қарым-қатынас    процесінде  бала  біртіндеп  өзін  қоршаған 
заттар, ойлар туралы мағлұматтар алып білімін кеңейтеді.  
Тәрбиеленушілердің  рөлдік  қарым-қатынастарында,  ойындық  оқу,  танымдық  еңбек 
әрекеттерінің маңызы зор.  
Интернат  жағдайында  балалардың  қарым-қатынас  ұйымдастыра  отырып,  тәрбиеші  оның 
мынадай  ерекшеліктерін  ескеруі  керек:  сөздік  қорының  жетіспеушілігі  және  сөйлеу  тілінің 
дамуының толық сезінбеуі. 


115 
 
Есту қабілеті зақымдалған балаларға білім беруге арналған арнайы мекемелерде тәрбиені 
дамытудың негізгі бағыттары мен жағдайларын іске асырудың жолдары мынадай: 
•  Өзін оқу-тәрбие үрдісіне қосатын тәрбие жүйесін қалыптастыру; 
•  Түрлі  білім  беру  мекемелеріндегі  нақты  мүмкіншіліктерді  есепке  алумен  есту  қабілеті 
зақымдалған  оқушылардың  жас  және  жеке  ұйымшылдық  ерекшеліктері  негізінде  тәрбиенің 
мазмұнын, формасын, әдісін анықтау; 
•  Балалардың  жеке  ерекшеліктерін,  қабілеттерін,  қызығушылықтарын  жан-жақты  зерттеуді 
ұйымдастыру.  Аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін портативті әдістерді құру. 
•  Мектеп  және  сынып  ұжымдарын  қалыптастыруда  жеке  сабақтар  өткізу  үшін,  ұйымшылдық 
қызмет  рөлін  жоғарлату,  балалардың  әлеуметтік  және  мектептік  дезадаптациясын  алдын  алуды 
қамтамасыздандыру; 
•  Тәрбиеленушіге өзін түсінуге көмектесетін оқу пәндерінің  гуманитарлық бағыттарын күшейту; 
•  Оқушылардың  қабілеттері  мен  шығармашылық  қызығушылықтарын  дамытатын  мектептен  тыс 
жұмыстары  мен  оқу  тәсілдері,  формалары,  оқу-әдістемелік  материалдың  түрлілігіндегі  оқу 
әрекетінің формалары мен әдістерін, мазмұнын жекешелендіруге қол жеткізу; 
•  Тұлғалық  даму  және  өмір  әрекетінің  негізгі  аспектілерін  қамтитын  жалпы  адамгершілік 
құндылықтарға оқушыларды бейімдеу және бағыттау; 
•  Еркіндік, демократия рухында оқушыларды тәрбиелеу; 
•  Оқушылардың  өмірінде  білім  беру  мекемелерін  эстетизациялау,  түрлі  өнер  саласында  өзін 
анықтауға жағдай жасау; 
•  Техникалық,  педагогикалық,  медициналық,  әлеуметтік  көмекті  қажет  ететін  балаларға  арналған 
оқу-кеңес берудің жеке бқлімдерінің әрбір регионда құрылуы
•  Жалпы  білім  беретін  арнайы  мекемелердегі  штаттық  кестелерге  келесі  мамандықтар  кіреді; 
педагог-психологтар,әлеуметтік педагогтар, сынып жетекшілері; 
•  Сынып жетекші мен тәрбие әрекетін белсендіру
•  Тәрбие процесінде жанұяға жағдай жасау, ата-ананың қоғамдық бірлесуін дамыту. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   140




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет