Актуальные вопросы специального и инклюзивного образования



Pdf көрінісі
бет93/140
Дата19.05.2020
өлшемі1.88 Mb.
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   140
Keywords:
  children  with  general  speech  underdevelopments,  art  lessons,  graphic  activities,  development  of 
coherent speech. 
 
Бала тілі ересек адамдардың сөйлеуі әсерінен қалыптасады және үлкен дәрежеде бала өмірінің 
алғашқы  күнінен  бастап  сөйлеу  тәжірибесінің  жеткілікті  болуына,  қоршағандардың  қалыпты 
сөйлеуіне және тәрбиелеу мен оқытуға тәуелді. [1]. 
Сөйлеу тілінің дамымауы әртүрлі деңгейде кездеседі. Алғашында Р. Е. Левина жалпы сөйлеу 
тілі дамымауын үш деңгейге бөледі. Кейіннен Т. Б. Филичева 4-деңгейді сипаттап қосады. Түзету 
жұмытары да әр деңгейге сай жүргізіледі.[2]. 
Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі.  
Зерттеушілер  балалардың  сөйлеу  тілі  даму  кезеңдерінің  әр  түрлі  санын  бөледі,  оларды  әр 
қилы  атайды,  олардың  әр  алуан  жас  шекараларын  көрсетеді.  Мысалы:  А.Н.Гвоздев  баланың 
сөйлеу тілінде әр түрлі сөйлем мүшелерінің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің сан алуан түрлерінің 
пайда болу реттілігін бақылайды және осының негізінде бірқатар кезеңдерді бөледі. 
Г.Л.Розегард –  бала тілінің дамуында 2 кезең ғана бөлді: 2 жасқа дейін және сөйлеу тілінің 
өзіндік даму кезеңі. 
А.Н.Леонтьев бала тілінің дамуында 4 кезеңді белгіледі. 
I кезең – дайындық – 1 жасқа дейін; 
II кезең – тілді бастапқы меңгеру мектепке дейінгінің алдыңғы кезеңі – з жасқа дейін; 
III кезең - мектепке дейінгі кезең – 7 жасқа дейін; 
IV кезең мектептік – 17 жасқа дейін.[3]. 
Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы – есту қабілеті мен зияты әдеттегідей дамыған балалардың 
дыбыстық,  мағыналық  жағына  қатысты  сөйлеу  тілі  жүйесінің  барлық  компоненттерінің 
қалыптасуының бұзылуынан  болатын әртүрлі күрделі тіл кемістіктері.[2]. 
Балаларды  байланыстыра  сөйлеуге  үйрету  –  балабақшаның,  мектептің  негізгі  міндеті. 
Байланыстырып  сөйлеудің  түрлері  (диалог  және  монолог).  Сөздің  диалогтік  формасының 
қалыптасуы.  Сәбилік  шақтағы  балалардың  тілін  дамыту  сабақтарының  әдістемесі.  Балабақша  әр 
жас тобындағы балалармен әңгімелесудің мақсаты. 
Монологты сөзге үйрету әдістері. Ойыншыққа, затқа, картинаға қарап әңгіме құрастыру және 
олардың  маңызы.  Әңгімелердің  әдістері.  Көркем  шығарма  мәтінін  қайталап  айтуға  үйретудегі 
тәрбиешінің басшылығы. Шығармаларды іріктеу. Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің 
әдістері. 
Балалардың  сөздік  қорын  молайту  әдістемесі.  Балабақшада  және  мектепте    балалардың  жас 
мөлшеріне қарай сөздік қорын молайту жұмысының мазмұны мен міндеттері. Балалардың актив 
және  пассив  сөздері.  Сөздікті  молайту  сабақтарының  түрлері  сөздік  жұмысының  принциптері. 
Бақылау  мен  топ  –  саяхаттың  ролі  және  оларды  ұйымдастыру  әдістемесі.  Сөздікті  молайту 
процессіндегі дидактикалық ойынның маңызы. Жалпылама сөздерді меңгерту. 
Сөздің  грамматикалық  құрылысын  қалыптастыру  әдістемесі.  Қарым  –  қатынас  процесі 
кезіндегі  тілдің  грамматикалық  құрылысын  меңгерту.  Есту  қабілетінің  мәні.  Балалардың 


76 
 
грамматикалық  дағдыларын  қалыптастырудағы  сабақтың  ролі.  Арнаулы  сабақтарды, 
грамматикалық  жаттығуларды,  дидактикалық  ойындарды  қолдану  және  өткізу  әдістемесі. 
Сабақтан  тыс  уақытта  және  күнделікті  өмірде  грамматикалық  нормада  дұрыс  сөйлеуге  үйрету 
әдістемесі. 
Сөздің  дыбыстық  мәдениетін  тәрбиелеу  әдістемесі.  Балаларды  мектепке  даярлауда  баланың 
жеке  басының  дамуы  және  сөздік  қарым  –  қатынастың  даму  үшін  сөздің  дыбыстық  мәдениетін 
тәрбиелеудің  маңызы.  Дыбыстық  тазалығын  және  мәнерлілігін  қалыптастыру.  Балалардың 
фонематикалық есту қабілетін дамыту. Сөйлеу технмкасымен жаттығу тыныс алу, дауыс, дикция. 
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі туралы жалпы мағлұмат. Сабақтардың маңызы, мазмұны. Балалар 
сөзінің  мәнерлілігін  тәрбиелеу.  Балалар  әдебиетін  пайдалану  арқылы  байланыстырып  сөйлеуін 
дамыту. Балалардың сөздік, дыбыстық мәдениетін қалыптастырудағы қажетті жағдай. 
Көркем  әдебиетпен  жұмыс  істеу  әдістемесі.  Балаларды  жан  –  жақты  тәрбиелеуде  көркем 
әдебиеттің  маңызы.  Балалардың  жас  ерекшелігіне  қарай  көркем  шығармаларды  іріктеу 
принциптері, кітаппен жұмыс істеу.  Тәрбиешінің мәнерлеп  оқуға  даярлығы.  Балаларды кітаптың 
мұқабасымен таныстыру. Мұқабаға педагогикалық және эстетикалық талап. Сабақтан тыс уақытта 
кітаппен жұмыс істеу. Балабақшадағы кітап бұрышының маңызы және оны безендіру.[4]. 
Жалпы  сөйлеу  тілі  дамымаған  балалардың  байланыстырып  сөйлеу  тілін  бейнелеу  түрлері 
арқылы дамытып, жан - жақты жетілдіру. 
В.А.  Сухомлинский  айтқандай:  «Балалардың  мүмкіндігі  мен  дарындылығының  бастамалары 
саусақтарының 
ұшында. 
Бейнелеп 
айтқанда, 
саусақтарынан, 
шығармашылық 
ойын 
қоректендіретін  өте  жіңішке  жылғалар  сынды  жіптер  тарайды.Баланың  қолында  неғұрлым 
шеберлік көп болса, соғұрлым ол ақылды болады».  Педагогтардың пайымдауы бойынша-барлық 
балалар  дарынды.Сондықтан  дарынын  уақытында  байқап,  сезіп,  тәжірибесінде,  нақты  өмірінде 
қолдануға мүмкіндік туғызу қажет. 
Сондықтан  заттық  –  дамытушы  ортаны  ұйымдастырған  кезде  мазмұнының  дамытушылық 
жағын  және  әр  баланың  жеке  ерекшелігін  ескере  отырып,  шығармашылық  қабілетін, 
байланыстырып  сөйлеу  тілін  дамытуға  бағытталғанына  басты  назар  аударамыз.  Үйде  қаншама 
қажетсіз нәрселер бар: тіс щеткалары, поролон тарақтар, қақпақтар, пенопласт, жіптер, майшамдар 
т.б.  Ал  серуенге  шыққан  кезде  айналада  қаншама  қызықты  нәрселер  бар: таяқшалар,  жаңғақтар, 
жапырақтар,  тастар,  тұқым,  баққабақ  гүлінің  мамығы  т.б.  Осының  бәрінен  іс-  әрекетке  қажетті 
өнімді  бұрыш  жасақтап    және  оны  өз  қолымызбен  жасап  алсақ  болады.  Ерекше  материалдар 
балаларды өзінің ерекшелігімен қызықтырады, «Жоқ» деген сөзді айтқызбай- ақ, не қаласа соны 
жасауларына  және  өздерінің  жаңа  шығармашылық  қабілеттерін  көрсетуге  мүмкіндік  береді. 
Балалар ұмытылмас әсер алады, жағымды көңіл күйде болады, ал олардың көңіл- күйлеріне қарай 
отырып  не  нәрсеге  қуанатынын,  не  нәрсеге  көңілі  толмайтынын  аңғаруға  болады. 
Ұйымдастырылған оқу қызметінде бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдістерін қолдану: 
• 
Балалардың қорқынышын сейілтуге мүмкіндік туғызады; 
• 
Өзіне деген сенімін арттырады; 
• 
Ойлау кеңістігін дамытады
• 
Өз ойын еркін білдіруге үйретеді; 
• 
Шығармашылық ізденіске түрткі болады; 
• 
Әр түрлі материалдармен жұмыс жасауға үйретеді; 
• 
Композициялық сезімін, ырғақты, түстерді қабылдауын дамытады; 
• 
Саусақтың ұсақ моторикасын дамытады; 
• 
Жұмыс барысында эстетикалық сезім алады. 
 Балалар келесі белгілер бойынша жақсы нәтижелер көрсетті: 
• 
Штрихтау икемділігі,түрлі түсті қарындаштармен әр түрлі сызықтарды тартуы; 
• 
Жіңішке және жуан қылқаламмен бояуды жаға білуі
• 
Негізгі түстердің,бояудың реңктерін танып,оларды араластыра білуі
• 
Үлгі мен дақты жұмыста қолдана білуі; 
• 
Өз жұмыс орнын жинай білуі; 
Сонымен қатар балалардың төмен қабілеттері де байқалды: 
• 
Бейнелеу құралдарымен тәжірибе жасау
• 
Танымал сурет салу әдісінде педагогтың анық түсіндіруін күту; 
• 
Қиялын,көркем шығармашылығын байқату; 
• 
Суретке жеке көзқарасын жеткізу; [5]. 


77 
 
Жалпы  сөйлеу  тілі  дамымаған  балалармен  жұмыс  істеу  барысында  бейнелеу  әрекетін 
қолдану.Бейнелеу әрекеттерін қолдану сөйлеу тілін дамытуда сирек кездеседі. Сонымен қоса кез 
келген әрекет, менің ойымша, соның ішінде бейнелеуін дамыту сөйлеу тіліне оңтайлы әсер етеді. 
Әсіресе бұл жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларға қажет. Қағазбен, қайшымен, саз балшықпен, 
бояулармен,  түрлі  түсті  қарындаштармен  әрекеттер  -  тек  сенсорлы-  қозғалғыштық  жаттығулар 
ғана болып табылмайды. Олар балалардың қоршаған заттардың көрінісін танып білуін бейнелейді 
және  тереңдетеді,  ақыл-  ойының,  сөйлеу  тілінің  белсенділіктерінің  байқалуына  септігін  тигізеді. 
Менің ойымша түзетушілік оқытудың байланысын  осымен анықтайды. 
Сурет  салу,  жапсырулар,  аппликациялар  және  құрастырулар  (конструирования)    жалпы 
сөйлеу тілі дамымаған  мектепке дейінгі оқушыларды тәрбиелеуде кең әрі көп жақты қолданады 
және баланың жан- жақты дамуына арналады. Бейнелеу әрекеті шындықты тануда спецификалық 
құрал  ретінде  көрініс  табады,  сондықтан  баланың  ақыл-  ойының  дамуына  үлкен  мән  береді.  Өз 
кезегінде балалардың ақыл- ойын дамыту сөйлеу тілінің дамуымен тікелей байланысты. [6]. 
Бейнелеу  әрекеті  сабақтарында,  жаңа  сөздермен  танысуға  болады,  сөздерді  түсінуге 
үйретеді,  сөздерді  ажыратуға  және  ақыр  соңында,  заттардың  сыртқы  белгілерін  және  қимыл- 
қозғалысты білдіретін сөздерді қолдануға үйретеді.  
Заттық сөздер түсінікті сөздер болуы үшін, оған көп әр түрлі шартты байланыстарды әзірлеу 
керек,соның ішінде қимыл- қозғалыстық. Барлық қиял әрекеттер түріне мыналарға әсер етеді. Әр 
түрлі  көрнекі  құралдар,  олар  мерзімді  түрде  өзгереді  және  заттың  атауын  нақтылауды  түсінуіне 
көмектеседі,  қимыл-  қозғалыс  әрекеттеріне,  бала  үлкендердің  кішігірім  сөзіндеріне  мән  беріп 
тыңдауына  дағдыланады,  ақырындап  қиындатылған  сөздерді  айтудағы  мағынаны  түсінуге 
үйренеді,  жаңа  өздерді  біледі,  лексикалық  жағын  анықтайды,  фонетикалық,  грамматикалық 
түрлерін  үйренеді.Сөздер  баланың  таным  әрекеті  кезінде  және    бейнелеу  әрекетінің  барлық 
жақтарын,  кескін  процестерін  түсінуіне  көмектеседі.  Өнімді  жұмыста  (продуктивті)    балада 
қабылдаудың  дамуы  және  сөзді  түсінуі  өте  тез  дамиды,  үйткені  сөз  сөйлемдерді  құру  кезінде 
приактикалық түрде қолданылғандықтан. Бұндай жұмыстарда балаға ситуативті шабуылдар жасау 
барысында,  сөздік  белсенділіктің  пайда  болуына  әсер  етеді.  Ситуативті  шабуыл  сөздің 
коммуникативті бағытында қалыптасады. 
Бейнелеу  әрекеттерінің  дамытушылық  маңызы  зор,  көбіне  бұл  тәрбиелік  және  түзетушілік 
сабақтарындағы  көрнекіліктерінің  арқасында.  Айтарлықтай,  балалар  сөздік  мәліметтерді 
толығымен  қабылдауы  үшін,  көрнекі  заттардың  өмірде,  шынайы  қолданылуы  нәтижелі  болады. 
Сабақтарда  қолданылатын  материалдар  түзетушілік  жұмыстың  әр  түрлі  кезеңдерінде  сөздік 
мақсаттарда  және  де  берілген  топтағы  балалардың  сөйлеу  тілінің  даму  деңгейіне  байланысты 
қолданылады. Ересектердің әр түрлі сөздік комбинацияларды қолдану, белгілі бір фразаны, сөзді, 
мобильді  және  белсенді  етеді.  Сөздер  басында  баланың  енжар  сөздік  қорына  енеді,  кейіннен 
белсенді  сөздік  қорына  енеді.  Бұл  мақсатта  күнделікті  сабақтарда  көрнекі  құралдарды  қолдану 
қажет:  орындаған  әрекеттерін  көрсетуде  сөзбен  айтып  түсіндіру,    жабдықтың  бөлшектерін  және 
оның қимыл- қозғалыстарын, не үшін қолданатындығын түсіндіру. Материалдарды балалар жақсы 
меңгеруі  үшін,  бір  жыл  ішінде  балаға  өзіндік  жұмыстарды  орындауына  тапсырмалар  береміз, 
тапсырмалар сабақ алдында да сонымен қатар сабақтан кейін де берілуі мүмкін, ол тәрбиеші мен 
логопедтің  берілген  нұсқауы  бойынша  орындалады.  Балалар  материалдармен  жұмысты  ойын  іс- 
әрекеті  жүзінде  іске  асырады.  Кұралдарды  үстел  үстіне  қояды  немесе  алып  тастайды,  әр  түрлі 
қимылдар орындайды. 
Жоғарыда  айтып  кеткендей  балаларға  сөздік  заттарды  өмірде  көріп,  ұстап,  қимылдарды 
орындату  оларға  өте  маңызды  болып  келеді,  ал  тек  көзбен  көрген  заттармен  сөздерді 
байланыстыруда  қиналады.  Балаларға  заттарды  беріп,  сонымен  іс-  әрекет  жасауын  бұйырамыз 
және  де  қандай  іс-  әрекеттер  орындап  жатқанын  сөзбен  айтып  беруін  талап  етеміз.  Осылайша 
балада жаңа сөздер тез қабылданады да ұзақ есте қалады.  
Бұл  жұмыстың  сөйлеу  тіліндегі  нәтижелігі,  баланың  өзі  белгілі  бір  заттармен  іс-  әрекетті 
орындауда.    М.  М.  Кольцеваның  айтуы  бойынша  бұл  факторлар  балаға  үлкен  әсер  етеді  деген. 
Оның тәжірибесіндегі ерте жастағы балалар іс- қимылды білдіретін сөздерге екі есе тез әсер ете 
бастаған. Нәтижелі жұмыста мәтінді орындауға байланысты сөздің, қимылды білдіретін сөздермен 
байланысты болу керектігін белгілейтін ережелер қойылады. Сөздердің атын қолданған жеңілірек, 
ал  оны  қимылды  білдіретін  сөздермен  айту  айтарлықтай  қиын:  ол  үшін  ойыншықты  немесе 
муляжды және суретті қолдануға болады. Бірақ та тек суретпен қимялды сөздерді айтып түсіндіру 
қиынырақ. Ал  сол сөздерді шынайы түрде өзі орындап көрсетсе баланың бейнелі әрекеті дамиды. 
Мысалы:  қағаз  кесу,  бұрышты  кесу,  дөңгелек  кесу.  Көбіне  балабақшадағы  балаларға,  соның 


78 
 
ішінде  сөйлеу  тілі  кемістігі  бар  балаларға  бейнелеу  сабақтарында  ойын  мен  қоса  сөздік 
тапсырмалар тығыз байланыста жүргізіледі. Балалар айта алмаған сөздерін салып бейнелейді. Бұл 
факторлар Н. П. Саккулина, В. С. Мухина бойынша сипатталады. Балалар суретте бейнеленген іс- 
әрекетті  сипаттауда,  бейнеленген  затқа  мән  береді  (машина  жүріп  бара  жатр),  заттық  суретке 
қарап  сөздің  көмегімен  сюжет  құрайды,  заттарға  дыбыстық  еліктеу  жасайды,  диалог  құрады. 
Жалпы  сөйлеу  тілі  дамымаған  балаларға  сурет  салу  барысында  әдейі  сөздерді  қабылдауға 
үйретеміз,  кейінен  сөздерін  іс-  әрекетпен  біріктіруін  қалыптастырамыз.  Баларды  сөздерде 
қимылды, затты бөліп ажыратып айтуын үйретеміз (лента қызыл, ұзын, әдемі). Жалпы сөйлеу тілі 
дамымаған  балалардың  бейнелеу  заттарды  жан-  жақты  бағдарлай  алмайды.  Сондықтан  бала 
заттың бөлшектерін ерекшелеуде, түсін және қимылын бейнелегенде (доп үлкен, дөңгелек, қызыл) 
үлкендердің маңызы зор (тәрбиеші мен логопедтің). Сондай-ақ, жетекші баланы тек сурет салуына 
ғана мән бермей, баланың елестетіп қабылдауына да назар аударады. Ол кезде әлі де балалардың 
өзіндік  ойластыруы  қалыптаспаған  болады.  Балаларға  образды  ситуацияларға  кіру  керек,  ол 
логопедпен  бірге  жасаған  сурет  салудағы,  жапсыруда,  аппликацияда  эмоционалды  қабылдауын 
жетілдіреді.  Бейнелеу  әрекеттің  түзетушілік-  тәрбиелік  міндеттері:  оң  қасиеттерді 
қалыптастырады,  байланыстырып  сөйлеуін  дамытады,  мақсатылықты,  тапсырманы  орындауда 
өздігінен  орындауын  қалыптастырады,  талапшылдықты  күшейтеді,  берілген  жұмысты  аяғына 
дейін  орындайтынтығын,  аккустикалық  жағын  жақсартады,  бұл  қасиеттер  жалпы  сөйлеу  тілі 
дамымаған  балаларда  қатты  байқалады.  Сол  үшін,  бала  тапсырманы  қалай  орындаса  да,  балаға 
қажетті  көңіл  бөліну  қажет.  Осылайшы,  болжамдық  қызметтің  барлық  жағымды  аспектілері 
сөйлеудің  қалыпты  дамымауында  сөйлеудің  әр  түрлі  аспектілерін  қалыптастыруға  үлкен  әсер 
етеді. 
Сөйлеу  кемістігінің  құрылымы  түзету  жұмыстарының  көп  өлшемділігін  анықтайды  және 
балаға  кешенді  әсер  етуді  талап  етеді.  Бұл  кешенде  сенсорлық  қабылдауды  қалыптастыру 
маңызды  орын  алады.  Сенсорлы  білім  беру,  ол  бүкіл  әлемді  балалармен  таныстыру  үдерісінің 
негізі  болып  табылады  және  табиғат  пен  қоғамдық  өмірдің  құбылыстары  туралы  олардың 
қарапайым  идеяларын  дамытады.  Сезімтал  таным  –  нақты  және  кейіннен  логикалық  ойлауды 
қалыптастыру үшін негіз болып табылады. Ойлау мен сөйлеуді қалыптастыру үшін қажетті негіз 
болып  табылады.  Сондықтан  мектепке  дейінгі  жастағы  баланың  ойы  өте  нақты,  ол  суреттерді 
көргенде де солай ойлайды. Демек, баланың ой- пікірін және сөйлеуін дамыту мәселесі өкілдіктер 
мәселесімен байланысты, яғни, сенсорлық негізде. Белгілі бір сенсорлық негізде ажаратқан болса, 
сөз  мағынасын  жоғалтады  немесе  сөйлеуші  үшін  жаңашыл  адамға  ие  болады,  яғни  оның 
коммуникативтік  функциясын  жоғалтады.  Тіл  білімінің  логикалық  құрылымымен  тығыз 
байланысты.  Бірақ  ең  дерексіз  ұғымдардың  қалыптасуы  сенсорлық  негізді  сақтайды.  Бұл 
жағдайды бастапқы білім беру процесінде ескеру өте маңызды, үйткені процестің құрылымында 
сенсорлық танымның орны жасына байланысты болады. Кішкентай бала кезінде оның психикалық 
және дене дамуының негізі болып табылады. Проблема ауытқушылық туындағанда, проблемалар 
біршама өзгереді. Жеке анализаторлардың функциясын дамыту қажет (есту, визуалды, тактильді). 
Бірқатар  жағдайларда,  жұмыс  тікелей  түстің  нысанын  кеңістіктік  және  уақыттық  көріністерін 
қалыптастыратын  кезеңді  алдын-  ала  дамытады.  Дыбыстық  есту  және  есту  қабілетін  дамытатын 
жаттығулар,  сенсорлық  білімінің  міндеттері  баланың  сөйлеуін  дамыту  деңгейіне  байланысты. 
Жалпы  сенсорлық  бұзылулар  сөйлеуді  дамытудың  бірінші  және  екінші  деңгейлеріне  тән.  Осы 
кезеңде  түс  туралы  идеяларды  қалыптастыру,  олардың  өндірістік  қатыснастары  туралы 
объектілердің нысаны.[7]. 
Сөйлеуді  дамытудың  екінші  және  үшінші  деңгейлерінде  балалардың  келісілген  сөйлеуі 
қалыптасады  және  фонемалық естуді  дамыту  бойынша  жұмысты  бастауға  болады.  Бұл  деңгейде 
сенсорлық  білім  беру  міндеті  қалыпты  сөйлеу  және  психологиялық  дамуында  бұзылысы  бар 
балаларға  арналған  міндеттермен  байланысады.  Осылайша,  сенсорлық  білім  беру  міндеті- 
балаларды  заттардың  жеке  қасиеттерімен  таныстыру  және  айналадағы  шынайы  заттарды 
зерттеудің жалпыланған әдістерін үйрету. Сыныпта қарым- қатынас дағдыларын табысты дамыта 
аласыз.  Вербальды  қарым-  қатынастың  дамуы    балаларының  өзі  жинақталуына  және  олар 
үйренген  кезде  белсенді  сөйлеу  үлгілерін  біртіндеп  дайындауды  көздейді.  Күрделі  сөйлем 
қарапайым ұсыныс түрінде кеңінен қолданамыз: ұсыныстарды бір сөзбен немесе біріктіру кезінде 
сұраққа  жауап  түрінде,  түрлі  құбылыстарды  салуға  ауыстырылады.  Байланыс  сипатына  сәйкес 
келетін  әртүрлі  конструкцияларды:  мотвациялық,  әңгіме-  түсініктеме,  сауалнамалық  және 
қайталанбас  сөйлемдерді  салу  қарастырылған.  Аудиторияда,  көрнекі  белсенділікпен,  дизайн 
процесінде  балалардың  сөйлеуін  дамытуға  арналған  арнайы  түзету  тапсырмалары  шешіледі, 


79 
 
сөздік  құралы  байытылады,  қарым-  қатынас  жасау  сөзі  жетіледі,  келісілген  сөздің  пайда  болуы 
және  тағы  басқалары.  Дизайн  процесінде  балалар  әр  түрлі  көлемдік  формалар,  объектілердің 
көлемі  туралы  нақты  түсінік  алады,  форманы  білдіретін  сөздерді,  кеңістіктегі  жағдайды: 
жоғарыда, төменде, артында, солға, оң жақта, ауызша нұсқаларды түсінуге және дұрыс ұстануға 
үйренеді, оны бөлек түрде алып сөз тіркесін құруға үйренеді. Аудиторияда көрнекі іс- әрекеті мен 
құрылысы  бар,  жақсы  ниет  пен  өзара  түсіністік  атмосферасын  қалыптастыру  қажет.  Бейнелеу 
өнері  бойынша  сабақ  түрлері. Арнайы  (түзету)жалпы  білім  беретін  мектептегі  бейнелеу  өнері 
бойынша бағдарлама сабақтың төрт түрін қарастырады: сәндік сурет салу, тақырыпқа сурет салу, 
затқа  қарап  сурет  салу,  бейнелеу  өнері  туралы  әңгімелеу.  Бұл  сабақтырдың  әр  түрі  эстетикалық 
тәрбиелеуге,  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуға,  көзқарасын  қалыптастыруға  өз  үлесін 
қосады, басқаша айтқанда тұлғаны жан-жақты дамытады.[8].  
Қорыта  айтқанда,  заттық  –  дамытушы  ортаны  ұйымдастырған  кезде  әр  баланың  жеке 
ерекшелігін  ескере  отырып,  шығармашылық  қабілетін,  байланыстырып  сөйлеу  тілін  дамытуға 
бағытталғанына  басты  назар  аударамыз.  Және  де  балалар  сөздік  мәліметтерді  толығымен 
қабылдауы  үшін,  көрнекі  заттардың  өмірде,  шынайы  қолданылуы  нәтижелі  болады.  Сабақтарда 
қолданылатын материалдар түзетушілік жұмыстың әр түрлі кезеңдерінде сөздік мақсаттарда және 
де  берілген  топтағы  балалардың  сөйлеу  тілінің  даму  деңгейіне  байланысты  қолданылуы  керек.  
Бұл  пәнде  балалар  ұмытылмас  әсер  қалады,  жағымды  көңіл  күйде  болады,  ал  олардың  көңіл- 
күйлеріне қарай отырып не нәрсеге қуанатынын, не нәрсеге көңілі толмайтынын аңғаруға болады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   140




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет