Алакузова Кульмира Исахановна «Өзін-өзі тану» пән мұғалімі Өзін-өзі тану сабағына сабақ



Дата19.02.2017
өлшемі50,57 Kb.
#10908
түріСабақ
Оңтүстік Қазақстан Облысы

Шымкент қаласы

87 жалпы орта мектеп



Алакузова Кульмира Исахановна

«Өзін-өзі тану» пән мұғалімі
Өзін-өзі тану сабағына сабақ жоспары

Мектеп №87

Мерзімі 09.02.2016ж.

Тақырып: «Жер – Ана»

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер:Барлығынан жақсылық көру, отаншылдық, қарапайымдылық

Мұғалім: Алакузова К. Сынып:7 «Е»

Сабақтың мақсаты:

– Табиғатқа, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, Жер-Ананың қадір қасиетін бағалай білу арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу



Міндеттері:

Білімділігі:

– Отаншыл болуға,табиғатқа деген махаббаттарын ояту



Дамытушылығы:

–Барлығынан жақсылық көруге, табиғаттағы тіршілік иелеріне қамқорлықтарын кеңейту



Тәрбиелілігі:

– Қарапайым болуға, Жер-Ананы қадірлеуге тәрбиелеу;



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу,түгендеу, 5-құрал-жабдық,оқулық дәптер,күнделік,қалам,бейджик)
Тыныштық сәті. Орманға ойша серуен. Арқаңызды тік ұстап отырамыз. Көзіңізді жұмып , терең тыныс аламыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізден өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып , шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда бай болаңыз , жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғатың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдің біріне жақындап, еңкейін, оның нәзігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз , қараңызшы , ағаштар бйіктей, әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демаламыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны дінінен құшақтаңыз. Оның құаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл боліңіз.(Осында мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауға болады)

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табйғат неткен ғажап , оны қалайша сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің оз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте устаңыз. Ал қазір мектепке қарай дайындаламыз. Орныңыздан турып , айналаға тағы бір көз қырын саламыз. Келген жағыңызбен кері қайтамыз, абайлаңыз жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне мектептің алдынада келдік. Айналаңызға тағы тір қараңыз , таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып күлімсіреңіз.



Ресурстар:(құралдар,

мәліметтер)

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Жер қолқа жүрегің» аңыз әңгімесін оқып келу.

1. Жер қолқа жүрегің деген сөзді қалай түсінесің?

2 . Елін жерін, жерін қорғап қалған ерлер туралы қандай батырларды білеміз?

3. Жер бізге не сыйлады, Жер-анаға деген қандай тілектерің бар?

4. Жер бетіндегі негізгі құндылықтарды атап өтіңдер?

5. «Жер» деген сөзді естігенде көз алдыңа не келеді? Бұл сөздің түрлі мағыналарын атаңдар?

6. Жер бетіндегі құндылықтарды атап өтіңдер?





3.Дәйексөз:

“Жер – ана жомарт ана тер төккенге”

  1. Бұл дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  2. Жер ананың жомарттылығы неде деп ойлайсыңдар?

  3. Адам мен Жер арасында қандай байланыс бар деп ойлайсындар? (мысал келтіріңдер)

Халық даналығы




4.Мұғалімнің сыйы

«Қаңбақ» аңыз әңгімесі

  • Әңгімеден қандай ой түйдіңдер?

  • Ана мен жердің қандай ұқсастықтары бар?

  • Жазық жермен жүріп келе жатқанда қандай сезімде боласың?

  • Жердің мінезін қалай байқауға болады?

  • Жер-ана мен Табиғат-ананың байланысы қандай?







5.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс:
1-топ: «Мозайка» әдісі

2-топ: «Табиғатты аялай біл» тақырыбында сурет салу.

3 топ: «Ана-жер Ана» сахналау.




6.Топпен ән айту.

Жер –Ана
Сөзі Ш. Сариевтікі
Әні Ж. Тұяқбаевтікі
Күн куә, Айым куә,
Талай қырғын майдан өтті.
Сан ұрпақтың қайран отты
Ғұмарларын ойран етті.
Жер –Ана қанды кешті,
Жанарында қайғы кешті,
Жетім қалған балалармен,
Жесір қалған аналармен.
Қ-сы
Туған халқым ел- аман бол!
Ұлы мекен -Жер аман бол!
Жүрекжардытілегіміз-
Жасамәңгі ,Сен Жер- ана!





7.Үй тапсырмасы. «Сан түрлі әлем» оқып келу.






8.Соңғы тыныштық сәті

• Ыңғайланып отырыңыз.көзіңізді жұмыңыз.Денеңізді босатып,тынышталыңыз.Көз алдыңызға енді атып келе жатқан шуақты таңды елестетіңіз.Сіз тауға алып барар жалғыз аяқ жолмен келе жатырсыз.Таза ауа,сылдырлаған мөлдір бұлақ суы,құстардың сайраған даусы естіледі.Сіз жеңіл демалудасыз,сіз күш-қуатқа толысыз.Жер-Анаға,табиғатқа деген махаббат,сүйіспеншілік барлығы өзіңе деген махаббатпен тығыз байланысты.Күн шуағы сіздің денеңізге сәуле шашуда,самал жел сіздің шашыңызды тербетіп,сізге көрік беруде.Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап,сізді таң нұрымен қарсы алады.Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге қуат беріп тұрғанын сезініңіз.Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдармен,достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз.Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты.Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз!


Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде,

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде!






Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет