Қалалар қоғамның барлық аумақтық жүйесінің маңызды бөлігі, елдің



Дата08.02.2022
өлшемі24,44 Kb.
#121580
түріДоклад
Байланысты:
Заман доклад (1)
Заман доклад (1), География современного мира каз, География современного мира каз, Факультатив география (1), Факультатив география (1), Факультатив география (1), Факультатив география (1), Факультатив география (1), 01.10.2021

Слайд доклад.
2 слаид
Диссертациялық жұмыстың маңызылығы. Қазақстан Республикасындағы жоспарлы экономика мұраларының бірі – өндірістік циклдері (өндірістік құрамдауышы) бөлінбестей кәсіпорындардың халық алдындағы әлеуметтік және экологиялық жауапкершіліктерімен тұтас байланысты аумақтық-өнеркәсіптік кешендерді дамыту қағидаттары бойынша құрылған монобейіндегі елді мекендердің еліміздің даму болашағына пайдалы жақтары мен кері байланыстарын географиялық тұрғыдан зерттеу.
3 слаид
Диссертациялық жұмыстың мақсаты. Моноқалалардың даму жағдайы, оның еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына тигізер әсерін географиялық тұрғыдан сипаттап, соңғы жылдардағы моноқалалардағы экономикалық-әлеуметтік мәліметтерді анықтау.
4 слаид
припеввв
Қалалар - қоғамның барлық аумақтық жүйесінің маңызды бөлігі, елдің, халық шаруашылығының негізі болып саналады. Әлемдік тәжірибеде қалалар - ірі, орташа және шағын қалалар деп бөлінеді.
Жалпы әлемдік тәжірибеде шағын қалалардың сәтті даму жетістіктерінен гөрі, шешілмеген мәселелері басымырақ. Шағын қалалар экономикасының бірбейінді болуы, бір немесе бірнеше қала құраушы кәсіпорынның қызметіне тәуелділігі - бұл қалаларды «моноқала» деп атауға негіз болды. Моноқалалардың басқа көпфункционалды экономикасы бар қалалармен салыстырғанда өзгешелігі сыртқы ортаның өзгеруіне, мемлекеттік мақсаттардың өзгеруіне, экономика салаларының жағдайына, сыртқы нарықтағы коньюктураның, тауарға деген сұраныстың құбылмалы болуы, төлем шарттарының қадағалануына, т.б. өзгерістерге көбірек тәуелді. Қазіргі таңда моноқалалар мәселесі жаһандық ауқымдағы мәселелер қатарында. Ал, Қазақстанда бұл қалалардың мәселесі 1990 жылдардың ортасынан басталған нарықтық экономикаға көшу кезеңінен басталады.

5 слаид

Жалпы зерттеу жұмыстары барысында еліміздегі моноқалалардың экономикалық-әдеуметтік жағдайын сылыстырмалы түрде қарастырған болатынмын. Моноқалалардағы өнеркәсіптік өндіріс бір-екі саланың ерекше мамандандырылуымен сипатталады, ал басқа салалар шамалы дамыған немесе өнеркәсіптік кәсіпорындар мүлде жоқ.Еліміздегі моноқалалардың өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлемі 2015 жылы 719 311 млн. теңге болды, бұл өнеркәсіптік өндірістің жалпы республикалық көлемінің 4,26 %-ын құрады. Ал бүгінгі таңда моноқалалардың өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлемі 1 491 284 млн. теңге, республикалық көлемінің 9,09 %-ын құрады. 2020 жылы ең төменгі өндіріс көлемін 22851 млн тг Алматы обл моноқалалары көрсетсе , ең жоғарғы көрсеткіш Атырау облысы моноқаласына тиесілі болып отыр.

6 слаид
Еліміздегі моноқалалардағы халықтың тұрмыстық жағдайы аса мәз емес.


2020 жылы күнкөріс деңгейінің шамасын ең төмен жалақысы26805 мың тг Арқалық қаласында болса, күнкөріс деңгейінің шамасының ең жоғарғы жалақысын 42500 тг Серебрянск, Ақсу, Риддер және Курчатов қалалары көрсетіп отыр. Моноқалалар арасындағы күнкөріс деңгейінің орташа жалақысы 33187 мың тг құрап отыр. Моноқалалар ішінде орташа айлық жалақы көлемі бойынша көш басында 455774 мың тг Ақсай қаласы болса, көш соңында 116010 мың тг Текелі қаласы болып отыр. Моноқалалар арасындағы айлық жалақының орташа көрсеткіші 206 392,4 мың теңгені құрап отыр.

7 слаид
Қазақстанның моноқалаларында тұратын халық саны 1,5 млн адам екенін ескерсек, бұл қалалардың экономикасын әртараптандыру үшін жүздеген мың жұмыс орны ашылуы тиіс. 2018 жылы 7 моноқалада (27 қаланың ішінде) 15 «зәкірлі» жоба жүзеге асып, 2,4 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Бұл жоспарланған 37 жобаның жартысы ғана. Бір жыл бұрын есеп бойынша 64 жоба жүзеге асып, 26 мың жұмыс орны ашылған болатын. 2012 жылы моноқалалар бағдарламасының алға қойған мақсатының бірі 2020 жылға қарай жұмыссыздық деңгейін 5%-ға төмендету болатын. Қазіргі ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің сайтында жарияланған мәліметтерге қарасақ Арқалық, Рудный, Лисаков және Кентау қалаларында жұмыссыздық деңгейі 5%-дан жоғары. Бүгінгі таңда еліміздегі моноқалалар арасындағы жұмыссыздық деңгейіні ең төменгі көрсеткішін 3,2 % Маңғыстау облысы көрсетсе, жұмыссыздық деңгейіні ең жоғарғы көрсеткішін 5,2 % Батыс Қазақстан облысы мен 5 % Қостанай облысы құрап отыр. Ал жалпы жұмыссыздық деңгейінің орташа көрсеткіші 4,43 % құрап отыр.


8 слаид



  1. Елбасы Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев «Әлеметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстанның дамуының басты бағыты» атты жодауында еліміздегі моноқалаларды дамытуға мән беру керектігін атап көрсеткен еді. Сл бағдарламаны жүзеге асыру барысында елімздегі моноқалаларда шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтары құрылған болатын. Орталықтың негізгі мақсаты Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары туралы ақпараттандыру, өзінің шағын кәсібін ашқалы отырған халыққа жол сілтеу, жолдарын көрсету.

Соңғы жылдары осы кәсіпкерлікті қолдау орталықтары өз нәтижелерін беруде. Бүгінгі таңдағы берілген статистикалық мәліметтер бойынша Бір жыл ішінде ең көп кунсултация алған тұтунушылардың саны бойынша көш бастаған Түркістан облысы болса, керсінше аз консултация алған тұтунушылар саны көрсеткіші бойынша Атырау облысы болды. Жыл ішінде барлығы 201 526 консультация берілген.

Қорытынды


Моноқалардың әлеуметтік - экономикалық дамуы мәселесі бойынша жұмыстардың көптеген мөлшеріне қарамастан, аймақтардың әлеуметтік - экономикалық дамуын талдау және кешенді бағалау бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Сол себепті аймақтық басқару және облыстардың әртүрлі дамуымен байланысты сұрақтардың өткірлігі әрі қарай терең және тыңғылықты зерттеуді қажет етеді;
Диссертациялық жұмысты зерттеу барысында келесі нәтижелерді алдық. Жұмыстың жаңашылдығын осы төмендегі нәтижелерден көре аламыз.

  • ғылыми әдебиеттердегі «моноқала» ұғымына теориялық талдау жасалып, ұғымның географиялық мазмұны нақтыланды;

  • Зерттеліп отырған нысандағы моноқалалардың экономикалық көрсеткіштерінің статистикалық мәліметтері алынды.

  • Моноқала экономикасы саласындағы болатын өзгерістердің ықтималдылығы қарастырылды.

Еліміздегі әрбір аймақ, әрбір моноқала өзінің ерекше, ұдайы өндіру, салалық және технологиялық құрылымына, өзінің басымдықтар жүйесіне ие және ең алдымен өз күштері мен ресурстарына, сондай-ақ аймақты технологиялық қайта құруда, инновациялық инфрақұрылымды дамытуда, кадрлар даярлау мен басқару жүйесін жетілдіруде мемлекеттік қолдауға сенім артуға тиіс деп ойлаймын.

6-кесте. Қазақстан Республикасы моноқалаларының тізбесі мен мамандануы.





Р/с №

Атауы

Мәртебесі

2014 жылғы 1 қаңтарға халық саны, мың адам

Мамандандыру (орналасуы)

Экономикалық даму әлеуеті

1

2

3

4

5

6

Ақмола облысы

Степногорск қ.

моноқала

66,7

кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі

орташа

Ақтөбе облысы

Хромтау қ.

моноқала

25,2

кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі

жоғары

Алматы облысы

Текелі қ.

моноқала

30,8

кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі

орташа

Атырау облысы

Құлсары қ.

моноқала

55,5

өңдеу өнеркәсібі

орташа

Шығыс Қазақстан облысы

Зыряновск қ.

моноқала

37,9

кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі

орташа

Курчатов қ.

11,7

орташа

Риддер қ.

58,0

жоғары

Серебрянск қ.

9,1

орташа

Жамбыл облысы

Жаңатас қ.

моноқала

21,6

кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі

төмен

Қаратау қ.

27,6

орташа

Батыс Қазақстан облысы

Ақсай қ.

моноқала

33,6

кен өндіру өнеркәсібі

орташа

Қарағанды облысы

Балқаш қ.

моноқала

78,0

кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі

орташа

Жезқазған қ.

89,0




Қаражал қ.

19,2

Саран қ.

51,4

Сәтпаев қ.

70,2

Теміртау қ.

182,6

жоғары

Шахтинск қ.

57,3

орташа

Абай қ.

27,9

орташа

Қостанай облысы

Арқалық қ.

моноқала

41,7

кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі

төмен

Жітіқара қ.

35,2

орташа

Лисаковск қ.

41,2

орташа

Рудный қ.

128,3

жоғары

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қ.

моноқала

130,6

кен өндіру өнеркәсібі

орташа

Павлодар облысы

Ақсу қ.

моноқала

69,4

кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі

жоғары

Екібастұз қ.

149,1




Түркістан облысы

Кентау қ.

моноқала

90,7

кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі

орташа

Барлығы:







2548




Е с к е р т у: [81] әдебиет негізінде құрастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет