«Алгебра» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 7-сынып



бет1/4
Дата25.10.2019
өлшемі90,91 Kb.
#50636
  1   2   3   4
Байланысты:
soch algebra 7cl kaz (1)
soch algebra 7cl kaz (1)


«Алгебра» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы
7-сынып

Мазмұны


  1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 3

  2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3

  3. «Алгебра» пәні бойынша күтілетін нәтижелер 3

  4. «Алгебра» пәні бойынша ойлау дағдыларының деңгейлері 4

  5. Ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды тоқсандар бойынша бөлу... 5 6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 6

7. Модерация және балл қою 6

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 7

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 11

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 18

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 22


  1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

  1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Алгебра» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы



  1. «Алгебра» пәні бойынша күтілетін нәтижелер




Білу:

    • қарапайым математиканың, статистиканың және ықтималдық теориясының негізгі ұғымдарын;

    • нақты сандармен есептеу амалдарын;

    • қарапайым математиканың негізгі формулаларын;

    • функция ұғымын, оның қасиеттері мен графигін;

    • алгебралық теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелерін шешу тәсілдерін;

    • статистикалық деректерді жинау және өңдеу әдістерін білу.



Түсіну:

    • санды стандарт түрде жазу тәсілін;

    • математиканың академиялық тілін;

    • таңдау және бас жиынтықтың сандық сипаттамаларының мағынасын;

    • сандық және сапалық талдау жүргізудегі статистикалық деректерді графикалық түрде берудің рөлін түсіну.



Қолдану:

    • практикалық есептерді шешуде математикалық білімін;

    • мәнмәтінге сәйкес математикалық терминологияны;

    • түрлі қолданбалы есептерді шешуде математикалық модельдерді;

    • ауызша және жазбаша түрде дәл және жуықтап есептеуді;

    • математикалық есептерді шешуде есептеу техникасын қолдану.



Талдау:

    • заңдылықтарды талдау және олардың негізінде математикалық модельдер құрастыру;

    • математикалық модельдер құрастыру үшін мәтіндік есептердің шарттарын;

    • теңдеулерді, теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шешуді;

    • функциялардың қасиеттерін;

    • статистикалық деректердің берілуінің түрлі нысандарын пайдаланып, статистикалық деректерді;

    • график, диаграмма және әртүрлі сызбалар түрінде ұсынылған деректерді және олардың нәтижелерін талдау.
Жинақтау:

      • математикалық есептерді шешудің алгоритмдерін;

      • статистикалық деректерді өңдеу және талдау нәтижелері бойынша қорытындыларды жинақтау.



Бағалау:

      • шамалардың жуық мәндерін және олардың стандарт түрде жазылуын;

      • берілген параметрлердің мәндеріне байланысты функциялардың графиктерінің орналасуын;

      • жүргізілген тәжірибелер санының артуына байланысты оқиға нәтижесінің абсолюттік және салыстырмалы жиілігін бағалау.


  1. «Алгебра» пәні бойынша ойлау дағдыларының деңгейлері





Ойлау

дағдыларының деңгейі

Сипаттама

Тапсырмалар түрлері

Білу және түсіну

Білу:

  • бүтін көрсеткішті дәреженің; бірмүшенің, көпмүшенің және оның элементтерінің; функцияның; басжиынтықтың, кездейсоқ таңдаманың, варияциалық қатардың, нұсқалықтың анықтамаларын;

  • бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін;

  • cанның стандарт түрде жазылуы мен оның элементтерін;

  • функцияның берілу тәсілдері мен қасиеттерін;

  • көпмүшенің стандарт түрде жазылуын;

Түсіну:


  • санды стандарт түрде жазудың қажеттілігін;

  • көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу тәсілдерін;

  • теңдеулер жүйесін графиктік әдіспен шешуді;

  • алгебралық бөлшектің айнымалыларының мүмкін мәндер жиынын;

Деңгейді тексеру үшін Көп таңдауы бар тапсырмалар (КТБ) және/немесе

Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады



Қолдану

Қолдану:

  • сандық және әріпті өрнектерді түрлендіру үшін, бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін;

  • санның стандарт түрде жазылуын;

  • стандартты түрде жазылған сандарға амалдарды;

  • өрнектерді түрлендіру үшін көпмүшелерге амалдарды;

  • көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу

Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды және/немесе толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады




әдістерін;

  • функциялардың қасиеттерін;

  • статистикалық ақпаратты көрсету үшін жиілік полигоны мен жиіліктер кестесін;

  • қысқаша көбейту формулаларын;

  • алгебралық бөлшектерге амалдарды;

  • алгебралық бөлшектің негізгі қасиетін.




Жоғары деңгей

дағдылары



Есеп шарты бойынша құрылған

математикалық модельдерді



интерпретациялау.
Есептерді шешуде тиімді математикалық әдістерді; дәлелдеу тәсілдерін; дәреже көрсеткіші нөлге тең өрнектің негізіндегі айнымалылардың мүмкін мәндерін; сандық заңдылықтарды; кесте немесе жиілік полигоны түрінде берілген статистикалық ақпаратарды талдау.
Әр түрлі тәсілмен берілген статистикалық ақпаратарды өңдеу және талдау нәтижелерін жинақтау;
Есептерді шешуде алынған нәтижелерді бағалау және олардың нақтылығын анықтау.
Сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуын зерттеу.

Деңгейді тексеру

үшін Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды және/немесе Толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады





  1. Ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды тоқсандар бойынша бөлу




Тоқсан

Білу және түсіну

Қолдану

Жоғары деңгей

дағдылары

I

20%

70%

10%

II

0%

85%

15%

III

0%

85%

15%

IV

0%

100%

0%

Барлығы

5%

85%

10%

  1. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез-келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез-келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.

Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.




  1. Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.


1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ


1-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу

Ұзақтығы – 40 минут

Балл саны – 20



Тапсырмалар түрлері

КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар

ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар

ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Берілген нұсқа көп таңдауы бар тапсырмаларды, қысқа және толық жауапты сұрақтарды қамтитын 6 тапсырмадан тұрады.

Көп таңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.

Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі. Оқушының математикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы






Бөлім


Тексерілетін мақсат

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсыр ма саны*

тапсырма*

Тапсыр ма түрі*

Орындау уақыты, мин*


Балл*

Бөлім бойын ша балл

Бүтін көрсеткішті дәреже



7.4.2.3 шаршы мен текшенің сызықтық өлшемдерінің өзгеруіне байланысты олардың ауданы мен көлемі қалай

өзгеретінін бағалау



Жоғары деңгей дағдылары

1

6

ТЖ

12

6


13

7.2.1.1 санды өрнектердің мәндерін

табуда бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдану


Қолдану

1

5

ТЖ

8

4


7.1.1.1 сандарды стандарт түрде жазу

Қолдану

1

4

ҚЖ

6

3


7.1.2.7 стандарт түрде жазылған сандарға

арифметикалық амалдар қолдану



Қолдану

Көпмүшелер



7.2.1.2 бірмүше анықтамасын білу, оның

коэффициенті мен дәрежесін табу



Білу және түсіну

1

1

КТБ

2

1

7

7.2.1.6 көпмүшені стандарт түрге келтіру

Қолдану

1


2


ҚЖ


6


3


7.2.1.7 көпмүшелерді қосу және азайтуды

орындау


Қолдану

7.2.1.5 көпмүше анықтамасын білу және

оның дәрежесін табу



Білу және түсіну

7.2.1.12 алгебралық өрнектерді ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару

және топтау тәсілдері арқылы көбейткіштерге жіктеу


Қолдану

1

3

ТЖ

6

3


7.2.1.13 көпмүшелерге амалдар қолдану, көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең

түрлендірулерді орындау


Қолдану


БАРЛЫҒЫ:







6







40 минут

20

20

Еcкерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер

8

Мысал үлгілері және балл қою кестеcі



«Алгебра» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары


  1. Бірмүшенің коэффициенті мен дәрежесін анықтаңыз: 5х уz
    5



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет