«Алынбайтын асу жоқ» атты отбасы сайысы Өткізген: Д. Омарова Мақсаты



Дата20.06.2018
өлшемі323,19 Kb.
#43384
«Сарқан аудандық білім бөлімінің Бірлік орта мектебі» мдшо кмм



«Алынбайтын асу жоқ»

атты отбасы сайысы

Өткізген: Д.Омарова

Мақсаты: 1.Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып,олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту.

2.Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен, басқа ата-аналармен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру.

3. Мектеп-отбасы-бала қарым-қатынастың тиімді модельдерін іздестіру.

Көрнекілігі: Бейнесюжеттер,слайд-шоу отбасы туралы,мақал-мәтелдер.

Барысы:

Қазіргі заманның Қазақстандық қоғамында отбасының мәртебесін және рөлін арттыруда, жауапты ата-аналық насихаттауда,отбасы тәрбиесінің өзекті проблемалық мәселелерін шешуде мектеп,мұғалімдер ата-аналарға жан-жақты көмек көрсетуде.Атамыз қазақ «Бала –адамның бауыр еті» «балалы үй базар» дейді. Өйткені бала-өмірдің жалғасы,отбасының жеміс берер гүлі.Отбасы-бұл қоғамның негізі.Баланың болашақта жақсы адамзат болып өсуі үшін,жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.Бүгінгі біздің мектебімізде өткелі отырған «Өнегелі отбасы»сайысына қош келдіңіздер.Олай болса сайысқа қатысушы отбасыларымызды ортаға шақырайық.

3 сыныптан Тлеулес Елнур - анасы Гульмирамен

4 сыныптан Нұржан Мерей - анасы Дариғамен

5-сыныптан Ибраимова Сабина - анасы Манатпен

6-сыныптан Капалбек Айжан -анасы Әселмен

7-сыныптан Баймұрат Гүлім -анасы Аленамен

8-сыныптан - Жардембек Серикжан – анасы Жанылғанмен сайысқа қатысады.



Жүргізуші:

Өнерпаздар өнерін салыстырып Бәйге үшін терлетіп шабыстырып

Әділдікті қолдайтын баға беріп

Жіберейік қазыларды таныстырып.

Бүгінгі сайыстын әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.Мектеп директоры: Дутбаева Ш.Т

2. Оқу ісінің меңгерушісі : Нұрахметова Г.Д.

3. Тарих пәнінің мұғалімі: Тұрғанбаева Р.Ж

Сайыс бес балдық жүйемен бағаланады және әр бөлімнен кейін бағалап отырасыздар.

Жүргізуші:

Аналар бар өнерін салары анық

Өнегелі тәлімді алған қанып

Ал ендеше таныстырып өтейін мен

Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.

Сайыс бағдарламасы 5 бөлімнен тұрады.

1 бөлім-Таныстыру.Мен және менің отбасым

2 бөлім-Өз өнерлерін көрсету( екеуі бірігіп)

3 бөлім- Ситуациялық сұрақтар.Бала тілі-бал

4- бөлім- Мақал-сөздің мәйегі мақалды жалғастыру.

5 бөлім- Қолөнер.( үйден тағам әзірлеп келу,сол жерде аналар ою ояды, балалары ермексаздан бір затты мүсіндейді)

Жүргізуші: асықта алу арқылы сайысты кім бірінші бастайтынын анықтайық.

Жүргізуші:

Отбасымыз келіп жетті танысуға

Сыпырды томағасын осы дұға

Қызып келген қырандай керілтеді

Әдеппенен ізетпен танысуға- әрбір отбасы өздерін таныстырып өтеді.


  • Әділқазылар таныстырудың бағасын беріңіздер.

Жүргізуші:

Кедеймін деп қысылма

Өнерің болса қолыңда

Өнерлінің ырысы



Жарқырап жатар жолында- демекші ана мен бала өз өнерлерін көрсетеді.

Жүргізуші:

Ана-бала, бала-ана бір ұғым

Бір-бірінсіз жоқ олардың бақыты

Омыртқаның үзбну үшін жұлының

Екеуінің өтсін бірге уақыты-дей келе сайысымыздың келесі кезегін сұрақ –жауапқа береміз.

Аналарға ситуациялық сұрақтар қойылады.

1-Сұрақ. Балаңыз сыныпта үлгілі оқушы. Жыл сайын мақтау қағазын алады. Балаңыздың жақсы білім алуына бар жағдайды жасау мақсатында оған сыйға компьютер алып ғаламтор орнаттыңыз. Балаңыз сабақтан келгеннен кейін бар уақытын компьютер алдында өткізеді. Кейінгі кезде сынып жетекшісі сабағының нашарлағанын, мінезінің қатты өзгергенін, сыныптастарымен мүлде қосылмайтынын ескертті. Сіз қандай шара қолданасыз.

2-СҰРАҚ. Сіздің балаңыз кішкентайынан дәрігер болғанды армандайды. Ал сіз балаңыздың өнер жолын таңдап танымал болғанын қалайсыз,сондықтан оны өнер үйірмесіне бердіңіз. Балаңыз сізді ренжітпеу үшін үйірмеге барады. Ол үйірме жетекшісіне өнерді ұнатпайтынындәрігер болғысы келетінін айтты және мұғалімі сізге баяндады.Сіздің әрі қарайғы іс-әрекетіңіз.

3-СҰРАҚ. Сіздің балаңыз үйдің кенжесі ерке бала.Сабақ оқығаннан гөрі ойынды жақсы көреді.Ол математика пәнінен 1ай бойына үй жұмысын орындамай 2деген баға алды.Пән мұғаліміне өкпелеп қолын әдейі жарақаттап үйге барғансын ол қолын пән мұғалімінің жарақаттағанын айтты. Сіз ашуланып мектеп директорына бардыңыз. Бар жағдайға балаңыз кінәлі екенін білдіңіз. Сіздің іс- әрекетіңіз қандай?

4 сұрақ. Балаңыз телеарнадан мультфилм көріп отыр, осы сәтте келесі арнадан сіздің сүйікті телехикаяңыз басталды. Сіз не істейсіз?Балаңызға жасар әрекетіңіз қандай?

5 сұрақ. Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз. Балаңыз «мен сурет салып отырмын» деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?



Бала тілі – бал- балаларға арналған сұрақтар:

  1. Еліміздің президенті кім?

  2. Жылқының төлі қалай аталады?

  3. «нағашы» деген кім?

  4. Балды жақсы көретін аң?

  5. Өзен сөзінде неше буын, неше әріп бар?

  1. Н.Ә.Назарбаев кім?

  2. Қойдың төлі қалай аталады?

  3. Қорқақ аңды ата.

  4. «көл» сөзінде неше буын, неше әріп бар?

  5. Бақа не істейді?

  1. «капуста» қазақша қалай аталады?

  2. Біздің ана тіліміз қандай тіл?

  3. Баласы үшін түн ұйқысын төрт бөлген кім?

  4. Ірімшік неден жасалады ?

  5. Мұғалімді басқаша қалай атайды?

  1. Бір жылда неше мезгіл бар ?

  2. Үш биді ата

  3. «жиен» деген кім?

  4. «Әсемпаз болма әрнеге» кімнің өлеңі

  5. Қымыз неден жасалады?

1.Қазақтың тұңғыш ғарышкері

2.Бөле деген кім

3.Шұбат неден жасалады

4.Ана сөзі қандай сөз табы

5.1 см-де неше мм бар

Шебер болса тіл байып

Шешендіктер бір ғайып

Мақал- мәтел үйреніп

Тілімізді шындайық-деп кезекті отбасылардың мақал-мәтел айту,яғни оны жалғастыру сайысына кезек берейік.

Жүргізуші: 5 кезең- Қолөнер

Ән: Қошақаным орындайтын 3 сынып оқушысы Сабитай Нұрислам

Қорытынды:

Ата-аналардың тілегі

Адам болып өскенің

Адамдықтың тірегі

Адал болып өскенің



Тек қана ата –аналармен бірге, жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.
Каталог: uploads -> doc -> 0b6b
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b6b -> Сабақтың тақырыбы: "Туған жер" Мақсаты: а білімділік: оқушыларға туған жер туралы мәлімет беру, білімін тереңдету
0b6b -> Сабақ excel программасында диаграмма құру Құрастырған: Ерманова Р. С
0b6b -> Сабақтың аты С. Сейфуллин «Далада» өлеңі Сілтеме
0b6b -> Сабақтың атауы 3-сыныпта өткенді қайталау Жалаң және жайылма сөйлем Сілтеме


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет