Алматы қаласы; Түркісіб ауданы №195 жалпы білім беретін мектеп : Турышова Гульмира Аблкасымовна



Дата26.06.2018
өлшемі49,7 Kb.
#44666
Алматы қаласы ; Түркісіб ауданы №195 жалпы білім беретін мектеп : Турышова Гульмира Аблкасымовна

Сәкен Сейфуллин «Далада» өлеңі

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Далада» өлеңі


Мақсаты: Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру
а) білімділік: ақынның өмірі, шығармашылығынан жалпы мәлімет бере отырып, өлеңнің тақырыбын, идеясын ашу.
ә) дамытушылық: оқушының ізденімпаздық қасиеттерін дамытып, қалыптастыра отырып, ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Білім, білік дағдыларын арттыру.
б) тәрбиелік: отансүйгіштікке, сыйластыққа, ең бастысы адамгершілікке баулу.
Түрі: жаңа сабақты игеру.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, баяндау, суреттеу, топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: тарих, география, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:


1. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Назарларын сабаққа аудару. Тренинг, топқа бөлу
2. Үй жұмысын тексеру. « Кім шапшаң» ойын түрін « Қар кесегі» әдісімен Сәбит Дөнентаевтың қысқаша өмірбаянын сұрау.
«Ой» фельетоны
3. Жаңа сабақ: С. Сейфуллиннің өмір жолына тоқталу / Бейне ролик үзінді
Мағынаны тану. Ой қозғау. « Сөзімді аяқта» тәсілі
С. Сейфуллин кім? Суретін көрсету
С. Сейфуллин өмірін хронологиялық кесте бойынша түсіндіру.
1894ж - Қарашілікте дүниеге келді.
1905ж - Нілді орыс - қазақ мектебіне түсті(Өспен ауылы)
1913ж - Омбы семинариясына түсті.
1916ж - Бұғалы мектебін ашты.
1922ж -«Асау тұлпар» өлеңдер жинағы шықты.
1926ж - Гүлбаһрам Батырбекқызына үйленді.
1938ж - С. Сейфуллин өмірден өтті.
1. Оқушыларға С. Сейфуллин және оның мұражайы туралы қысқаша бейнероликті тыңдату.
2. Ойларын жинақтап шығармашылдық тапсырма: « Далада» / сурет арқылы тақырыпты жинау: « Кір жаю» әдісі бойынша пікір білдіру н/е 4 жол өлең құру / жекелей және жұппен құру.
С. Сейфуллин жұптық Даяна , Мөлдір

Кең құлашты эпик ақын, жазушы, лирик, прозаик, драматург;
Мемлекет және қоғам қайраткері;
Ұлттық мәдениетіміздің тарихындағы ірі тұлғалардың бірі.
Қазақтың көрнекті ақыны.

«Далада» өлеңін мәнерлеп оқу, мағынасын ашу.


1922ж - «Асау тұлпар» өлеңдер жинағының алғашқы бетіне арнау түрінде жазылған «Далада» өлеңі.

3 Өлеңді талдау: «Далада» өлеңі Аяна. Айдана


1. Авторы: С. Сейфуллин 1894 - 1938 жылдары өмір сүрген ақын, қоғам қайраткері
2. Тақырыбы: жастарға мақсат, арман - тілектерге жетер жолында аянбай,
тынбай күресу
3. Жанр түрі: Лирика (арнау - жарлай арнау)
4. Идеясы: Жастар арқылы еркіндікке, теңдікке қол жеткізуі
5. Шумақ саны: 1
6. Тармақ саны:.. 42..
7. Бунақ саны: 2
8. Буын саны: 7 - 8
9. Ұйқас түрі: аралас
10. Әдеби - теориялық ұғымдар
10. 1 Троп - сөзді құбылту
а) теңеу - танаулары шелектей, демі көріктей, оттай көріктей,
ә) эпитет - қиырсыз дала, кең дала, күшті дауыс, қамыс - құрақты көк өзен, аққулы - қазды шалқар көл,
б) синоним - әділдік, теңдік, еркіндік; жүйткіп, зымырап; тулады, орғыды
в) кейіптеу - күңіренді дала

11. Түсіндірме сөздік: жүген - құрық - ноқта - Мұғалім


12. Өлеңнің түйіні: өмірде қалыс қалмай, әрқашан тек биікте самғаңдар!


« Кір жаю» әдісі
4 Шығармашылық тапсырмалар:
Жастар деп отырғанымыз кімдер?
Сәкен неге жастарға сенім артып отыр?
Сәкен өмір сүрген заман мен қазіргі заман қандай?
Қазіргі заман жастары мен бұрынғы кезең жастарын салыстырайық
Ол үшін білім алуымыз керек!

5 Жастарға арналған мақал - мәтелдер айтайық .:Бәрі


6 «Далада» сөзіне фонетикалық талдау жасаңыз.: Даяна

4 Сабақты бекіту: қорытынды тест/


Мен ілінген сұрақты алып оқимын, олар дұрыс немесе бұрыс болуы мүмкін, менің ойыммен келіссеңдер + келіспесеңдер - деген таңба қойылады.
1. С. Сейфуллин Сарыарқаның даласында Қарағанды облысында туған.
2. Оның «Өткен күндер» өлеңдер жинағы 1894 жылы Қазан қаласында басылып шықты.
3. Сәкеннің шын аты — Сырымбет.
4. С. Сейфуллин 1916 жылы Омбыда оқытушылар семинариясын аяқтайды.
5. Оның «Далада» өлеңінің негізгі тақырыбы — бостандық.
6. Өлеңде жас баладай — теңеу болады.
7. С. Сейфуллиннің поэмалары: «Далада», «Аққудың айрылуы», «Қызыл ат»

Оқушыларды бағалау.


Үйге: «Далада»өлеңінен үзінді жаттап келу. 2 Ой толғау:
1 — қатарға — өлеңнің мазмұнын қара сөзбен айтып беру.
2 — қатарға — өлеңнің мазмұнына сәйкес сурет салып, сол өлең жолдарын оқып беру.
3 — қатарға — табиғат туралы төрт жол өлең құрастыру.


Тақырыбы

С.Сейфуллин. «Далада» өлеңі

Мақсаты

Оқушылар тақырыпты түсініп оқу арқылы біліктілігін , сөздік қорын жетілдіреді, жан-жақты ойлауға үйренеді


Жалпы мақсат

Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру

Күтілетін нәтиже

Қажеттілікті жүзеге асырады, алған білімдерін қолдануды үйренеді, сауаттылықтары қалыптасады, көшбасшылықты көрсетеді

7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Кім шапшаң, Сөзімді аяқта,Кім біледі. « Кір жаю» , « Қар кесегі» әдісі

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портрет, тақта, стикерлер, ноутбук

Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг

Оқушыларды кезекшілер дайындап келгені б арқылы топқа бөлу. Алтын ереже құру қажеттігі туралы айту.

Әр топқа бағалау парағын таратып беру.


Психологиялық ахуал тудыру




Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.

Топ ішінде тәртіп ережелері талданып , сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады.

Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады.

,қимылымен бейнелеу.



Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Білім
Қызығушылық

тарын ояту



«Кім шапшаң» ойынын пайдалану « Қар кесегі»әдісі арқылы сұрақ жауап сәтін өткізу « Қар кесегі» ідісін пайдалану

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы әр топты диалогқа түсіру

,Өткен тақырып аррналған үй тасырмасын қайталауға сұрақтар жасалып, интерактивті тақтада көрсетіледі., крассворд, карточкалар



Мұғалім берген тапсырманы орындау Слайдта жазылған барлық қайталау сұрақтары мен тапсырмалар ды « қар» кесегі әдісімен беріліп, әр топ өз білгендерін, білетіндерін сыни тұрғыдан ойлау арқылы нақты дәлелдермен жауап береді, жауап беру

Түсіну

«Сөзімді аяқта» ойыны арқылы өткен тақырыпты қайталау жаңа тақырыпты өздері ашады


Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы өткен тақырыпты еске түсіруге байланысты бірненше тапсырмалар ,ол тапсырма аяқталмаған

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмаларды қатесіз жеке орындау, білімдерін тексеру.

Топпен жұмыс жасау



Қолдану

Жекелей тапсырмалар беру


Осы көрстелген жаңа тақырыпты оқушыларға қысқаша хонологиялық кестемен түсіндіру мақсатында жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату.Кітаппен жұмыс жасату Постер арқылы тақырыптарын қорғату

Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту

Постер арқылы бар білімдерін топпен талқылап отаға топтан оқушы шығып, тапсырманы ппостер арқылы қорғайды және өз пікірлерін ортаға салады., бір-біріне түсіндіреді



Сергіту сәті

«Егісте» жаттығу жасату

Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау

Интербелсеңді тақтадағы бейнероиктегідей жаттығулар жасайды.

Талдау

«Кім білімді»

Топтар жарыс

«Желпуіш» әдісі


Топтарға тапсырма мен сұрақтар беріледі, әр топқа уақыт беріледі, қай топ бітсе, сол топ ортаға шығып жауаптарын көрсетеді

Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру керек.Қай топтың тапсырмасы мен сұрақтары дұрыс болса сол топ жеңімпаз болады

Жинақтау

Бекіту


Шығармашылық тапсырма

«Далада» (Сурет арқылы тақырыпты жинақтау, бағалау) « кір жаю» әдісі
тест

Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты суреттер мен тапсырма қағаздарын таратады, топпен оқушылар өз пікірлерін реттеп жазып көрсеттеді

Оқушылардың мақсаты берілген сұраққа өз ойларын сурет арқылы жеткізу, суретті сипаттау

Бағалау

Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин)

Мұғалім әр топқа балау критерийлерін таратады,бағалау парақшаларын береді

Оқушылар бағалау критерийлерін пайдаланып бағалайды

Рефлексия

Стикерлерді толтыру

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну

Ұсынылған стикерді толтыру

Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет